Құтты білік дастанының зерттелуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е .3.
І Т А Р А У
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚҰТТЫ БІЛІК ДАСТАНЫ .6.
ІІ ТАРАУ
ДАСТАНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН НАҚЫЛ
СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 18.
ҚОРЫТЫНДЫ .43.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..46.
К і р і с п е
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық
әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс
елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының
шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат
етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол
тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім
алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер
мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім
саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын.
Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074)
сөздігі мен Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б.
шығармаларды айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде
шыңдалады. Өсе келе әке жолымен Құсайынның дерті дейтін күй де шығарады.
Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-
ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы Құдағту білікті (1)
1069-1070 жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық, моральдық-
этикалық қағидаларды қамтитын бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен
тұрады. Құдатғу, құт, бақыт, құтты, ал екіншісі сөз - білім
деген мағынаны білдіреді. Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы
түркі халықтарының 500-ге тарта мақал-мәтелін пайдаланады. Солардың
ішіндеқазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын,
сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды,нақылға бергісіз қанатты
сөздерді қалыптастырған. Ж.Баласағұнидың Құтты білі дастанының осындай
ерекшелік сипатын ескере келіп, Ж.Баласағұнидың Құтты білік дастанындағы
қанатты сөз үлгілері деген тақырыпты диплом жұмысымызға арқау етіп алдық.
Соңғы жылдары Құтты білік дастаны жөнінде Х.Сүйіншәлиевтің (2),
Н.Келімбетовтың (3), Ә.Дербісәлиевтің (4), А.Егеубайдың (5), тілші ғалым
Ә.Құрышжанұлының (6) жекелеген мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері
жарыққа шықты. соған қарамастан, дастандағы қанатты сөз үлгілері әдебиетші,
фольклортанушы ғалымдардың арнайы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ.
Тіптен, дастандағы мақал-мәтелдерді тұтастай қамтыған жеке жинақ та жарыққа
шығарылған жоқ. Егер бұл мәселе оң шешімін тауып жатса, қазақ халық ауыз
әдебиетінің ежелгі үлгілерін оқыту бұрынғыдан да нәтижелі болатындығы анық.
Сөзсіз, қазақ мақал-мәтелдерінің де туу, қалыптасу, даму кезеңдері жайлы
маңызды мағұлмат ала аламыз. Осы тараптан келгенде біз қарастырып отырған
тақырыптың бүгінгі күн талабымен үндескен өзектілік сипаты айқындала
түседі.
Мақал-мәтелдер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған көркем ойлау
жүйесі мен өмірлік тәжірибесінің, философиялық таным-түсінігінің жемісі.
Олай болса Құтты білік дастанында көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қазақ
халқының ауыз әдебиетінде қалай жалғасын тапқандығы, өзгеріске түскендігі,
мағаналық үндестігін айқындау біздің диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты
болып табылады. Ж.Баласағұнидың даналыққа толы ғибратты ойлары қазақтың
жазба әдебиетінде де дәстүрлі жалғасын тапқан. Әдебиеттегі дәстүр ұғымы-
бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан
қалыптасқан нормалар мен іс-әрекеттердің рухани негізі десек, Құтты білік
арқылы жалғасын тапқан көркемдік дәстүрдің кейінгі қазақ поэзиясында ықпал
етпеуі мүмкін емес. Олай болса, бұл мәселелердің де басын ашу дипломдық
жұмысымыздың міндетіне кіреді.

I Т А Р А У
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰТТЫ БІЛІК ДАСТАНЫ
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. Құтты
білік дастанның авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі
қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ,бұл алғы
сөздерді Жүсіптің өзі емес, кейінрек дастанды көшіреушілердің бірі жазған
болса керек.
Жүсіп Баласағұн өз өмірі мен ақындық қызметі жайындағы кейбір
деректерді Құтты білік дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде,
үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы өзі жазған мәліметтерге
қарағанда, Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген
мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туылған. Ол қала
Жетісу өңірінде, Шу өзеннің бойында болған.
Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да
зор роль атқарғаны мәлім. Ақынның Құтты білік дастанын Баласағұнда
бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жайт емес. Бұл дастанға қарасөзбен
жазылған кіріспе ақын: Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туылған, осы
кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға
тарту еттім дейді.
Жүсіп Баласағұнның толық аты Жусуф Хас-хожиб. ХІ ғасырдың алғашқы
ширегінен бастап, сол ғасырдың 70 жылдарына дейін өмір сүрген адам.
Жүсіп, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Тоқмаққа жақын Шу бойына
орналасқан ескі қалалардың бірі- Баласағұнда туған. Осыдан Жүсіп
Баласағұни деп аталып кеткен. Жүсіптің әкесі де өнер иесі, күйші-музыкант
екен. Ол да Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға (толық аты Табғаш Бұғра
Қарахан Әбу-Әлі Хасан) қызмет еткен. Ел аузының айтуынша, Дәрди Хұсайын
деген күй шығаратын белгілі қобызшы болыпты. Жүсіп осы талантты өнерпаз
әкесінің тәлімін алып өскен. Жасынан зерделігімен көзге түсіп, сарай
қожаларының көңілін аударған.
Боғрахан Жүсіптен зор үмітті боп, оны баулыған. Жүсіп кезіндегі
атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген.
Әділет жолын іздеп, аласұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете
меңгерген. Жүсіп өз кезінің білімді адамы саналған. Ол жасынан оқып, түркі
тілдеріне қоса парсы, араб, қытай, тілдерін жақсы білген. Сол кез
әдебиетінен, тарихынан, астраномиясынан, геометриясынан, тағы басқа
ғылымдарынан мағұлмат алған.
Білім мен өнер жолын қуған Жүсіптің дүние, дәулетпен ісі болмай,
парасатты өмір сүрген. Жүсіп өзінің саналы өмірін ізденумен өткізіп, тез
қартайғанына налиды. Елу жасқа келгесін-ақ шашы ағарып, буыны босайды.
Жүсіп өзі Елу жас маған қаһарын тигізді, қара шашым аппақ болды,
отыз жыл жиғанды елу не қылар екен?. Осы келтірілген сөздерге қарағанда,
Жүсіп өз дастанын елу жасқа келген шақта жазған. Ал жазу, іздену жұмысымен
отыз жыл бойы айналысқан. Бірақ ол дастанын 18 айда жазып шықтым деп
ескерткен. Осы дерекке сүйенген Түркия ғылымы Р.Р.Арат ақын атақты дастанын
аяқтағанда шамамен 54 жаста болған, демек 1015-1016 жылдары туған деген
болжам айтады. Бұл пікірді тағы да түрік ғалымы А.Ділашар жалғастырып,
Жүсіп Хас Қажыб дастаны жазуды елу жасында бастаған, сонда 1018 жылы туған
болып шығады деп жазды. А.Ділашар ойшыл ақын 1068 жылы Қашқарға аттанды,
шығармасын сонда жазды деген де болжам айтады. Дастанның кіріспесінде:
Қашқарда жазып бітірдім,- деген дерек бар (24,25,59-бәйіттер). Дегенмен
ғалымдардың көпшілігі Жүсіп шығармасының Баласағұнда басталып жазылып,
Қашқарда аяқталғанын қолдайды. Хижраның 462 жылы немесе 1069 жылы
аяқталған. Жүсіп Хас Хажиб бұл еңбегін жасы егде тартып қалған шағында
жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: Елуге де кеп қалдық... Бір
кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық,- дейді.
Құтты білік дастанының зерттелуі.
Жүсіптің бізге тек осы Құтты білік дастаны ғана жеткен. Өзге
жазғандарынан мәлімет жоқ. Асылы, Жүсіптің өзі жазған туындылары тек бір
осы дастан жазғанға дейін Жүсіптің басқа әдеби туындыларының болуы ғажап
емес, керсінше, талай тамаша әдеби шығармалар дүниеге келсе де бізге жетпей
тарихтың қалың қыртысында көміліп, жойылып кеткен сияқты.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың Құтты білік дастанының бүгінгі күнге
дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл
қолжазба қазір Венаның корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны
Вена нұсқасы дейді. Ал, дәл осы қолжазбаны Герат нұсқауы деуінің себебі,
бұл қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әріпімен
көшірген адамның есімі- Хасан Қара Сейіл.
Дастанның осы Вена (Герат) нұсқансы қолдан-қолға өту арқылы бізге
жеткен. Бұл қолжазба әлдекімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізілген. Мұны
1447 жылы біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді. Арадан үш жүз жылдай уақыт
өткен соң, 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пургшталь
Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген кезінде біреуден осы қолжазбаны
сатып алып, оны Венадағы корольдік кітапханаға сыйға тартқан.
Осы нұсқа негізінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның
нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы Азия журналында бастырып шығарған ғалым,
француз- Жауберт Амадес болды.
Бұл істі кейінрек Венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол
дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударады, оған
түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы Құтты
білікті жеке кітап етіп шығарды.
Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны
Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы
неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В. Радлов Петербург
Ғылым Академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп
алдырған. Қазір бұл қолжазба бұрынғы ССРО, қазіргі Ресей Ғылым Академиясы
Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.
Үшіншісі, Наманған нұсқасы. Оны 1913 жылы А.З.Валитова Өзбекстанның
Наманган шаһарынан тапқан еді. Құтты білік дастанының араб әріпімен
көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Ғылым Академиясының
Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.
Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды қазіргі өзбек әріпі
негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен бірге жеке кітап
етіп басып шығарды. Ал, А.Валитова болса, О некоторых поэтических
особенностях Кудатгу билиг атты зерттеуін жазды. Ғылым аталмыш еңбегінде
Ж.Баласағұнидың жан-жақты білімдарлығын жоғары бағалай келіп былай дейді:
Құдатғу білік авторының медициналық әдебиеттерден мол хабары барлығы
байқалады. Ол, әсіресе ибн Сина мен Орта Азияның басқа да көптеген
ғалымдарының, дәргерлерінің ғылыми қағидаларымен жете таныс болған.
Мәселен, дастанда дүниені құрайтын төрт түрлі элемент жайлы, адам
темпераменттері туралы, денсаулық сақтау жөнінде, ауру, сырқаттану және
оның себептері, бұлардың адамның жас ерекшелігіне, ауа райына тәуелділігі,
тамақтанудың гигиенасы,ауру адамды емдеудің тәсілдері т.б. мәселелер әр
қырынан сөз болған (7,7)- деп, ақынның медицина саласындағы
білімін ерекше ілтипатпен атап өтеді.
Ғылымда бізге белгілі болған үш қолжазбаның әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен
кеміліктері бар. Сондықтан ғалымдар үш нұсқаны да өзара салыстыра зерттеп,
Құтты білікті кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аудару саласында
келелі істер тындырған адам академик В.В.Радлов болды. В.В.Радлов бұл
шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы (1890-
1910) айналысты (8).
Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен
жарйялай бастады. Алайда осы кезде Құтты біліктің бұрын белгісіз болып
келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты В.В.Радлов шығарманы неміс
тіліне аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды.
Өйткеніалдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажеттілігі
туған еді.
Құтты білік дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы
тұрғысынан зерттеуге С.Е.Малов, Е.Бертельс, А.Валитова, К.Каримов,
С.Муталлибов сияқты кеңестік ғалымдары зор үлес қосты.
Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев Құтты
білік дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері
(дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек
жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде Құтты білік дастанын түпнұсқаға
мейілінше жақындатылған поэтикалық аудармасын жасап шықты.
Дастанның кіріспе түсінік сөздерін автордың өзі жазды ма, әлде
кейінгі көшірушілердің ескертпесі ме? Бұл мәселе зерттеушілер тарапынан әлі
тиянақталған жоқ. Сүйте тұрса да, кіріспе мақсаты айқын. Ол дастанға дұрыс
түсінік беріп, шығарма мазмұнының тура түсінігін нұсқайды.
1971 жылы Мәскеу баспасы Құтты біліктің орыс тіліндегі поэтикалық
мәтінін Н.Гренбневтің аудармасы бойынша бөлек кітап етіп жариялады. Бір
ескере кететін жай, аудармашы Н.Гребнев өзінің кіріспе сөзінде дастанға
жоғары баға берген. Ол Құтты білікті даңқты Игорь полкі турыл жырмен
қатар қояды. Маңызы мен көркемдігі жағынан бұл екі ескерткіш кеңес
халықтарының мақтанышы боларлық көне дәуір мәдениетінің тамаша көріністері
екенін атап көрсетеді (9,18).
Е.Э.Бертальс өз еңбектерінде Жүсіп дастанының ерекшеліктірі туралы
сөз қозғап, оның жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті негізінде жазылған шығарма
екенін атап өтеді, онда ескі түркі эпосының әсері де айқын деп таниды. Ол
Баласағұн өз поэмасын көшпенділер талабына сай жазған... Поэманы түгелдей
қарахандықтар тілегін көрсететін шығарма деуге болмайды. Дастанда дәстүрге
көп орын берілген. Автордың өзі үстемдер билігін қолдаса да, адамгершілік
идеясын жоғары көтеріп, әділдік, ұстамдылықты әр уақыт ханнан талап етеді
(10,83) дейді. Бірақ, Бартольд та, Бертельс те Құтты білік негізгі
мазмұнын терең тексермей, оны не Иран әдебиетінің үлгісі деп танып, не бір
ғана көшпелі елдің тұрмысымен байланыстырмақшы болған. Дұрысында Құтты
білікте қала тұрмысы мен бақташылық тұрмыс қатар айтылып отрады. Тіпті
қала тұрмысы мен мемлекеттік идея басымырақ деуге де болады. Мұнда көбірек
ұшырайтын адамдар-қалада тұратын әкімдер, саудагерлер, шеберлер,
оқымыстылар, олармен бірге мал өсіретін бақташылар, егіншілер. Сондықтан,
бұл шығарманы егіншілік-отырықшылық пен мал өсірушілік тұрмысын бірдкй
қамтыған шығарма деу орынды.
Ескерткіштің тілі туралы да Бертельс өз пікірін айтқан: Құтты
білікті зерттеушілер оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп атап жүр.
Дұрысы, оның тілі түркі тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі өзбек,
қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түркімен мен азербайжан
тілдеріне жақын емес (10,88),-дейді зерттеуші.
Құтты білік дастанын зерттеп, келелі пікірлер қозғап жүрген
А.А.Валитова Бұл дастан тек Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ХІ ғасырдағы
қоғамдық санасы мен тілін зерттеу үшін керек ескерткіш қана емес, бұған
қоса ол көп жерлерде әлі эстетикалық маңызын жоймаған еңбек, қазірдің
өзіндеде ол түркі тілді оқушылардың назарын аудара алады (7,58),-дейді.
Жүсіптің тілінде арыстандай айбатты, сауысқандай сақ, түлкідей
айлакер, данышпандай ақылды сияқты теңеулер қолданады. Басқа да қанатты
тіркестер, ойлы тұжырымдар көп.
А.Н.Смайлович 1918 жылы жазған еңбегінде Құтты білікті қарлұқ
тайпасы тілінде жазылды деп болжайды. Өзбек ғалымы Қ.Каримов-Чығыл тайпасы
тілінде жазылады деп болжайды. Ал Әмір Наджиб Жетісу ескерткіштері тілінде
жазылған туынды деп қорытады.
Құтты білік орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемділігі
жағынан зерттеушілерін таңдандырған әдеби көркем туынды.
Дастанның құрылысы мен сюжеті.
Құтты білік - барлық түркі халықтарына ортақ ғасырлық зор
туынды.Оның жалпы көлемі 13 мың жол (тармақ) шамасы. Дастанның алдында қара
сөзбен жазылған және өлеңмен жазылған түсінік, кіріспе сөзі бар.
Құтты білік- әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет,
ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстықкөл, Жетісу және Қашқар өлкесінде
болған шындыққа байланысты өрістейді.
Құтты білік дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп,
жазылған:
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай
әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны
көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет
мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уәзірдің
баласы Ұғділмыш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің
туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Жүсіптің негізгі пікірі-әділеттік пен ақыл, ақылды қарапайым адам
басқарғаны жайлы, берекелі елді аңсау. Бұл әрине халықтың ертеден бергі
ізгі армандарына ұштасады және Әл-Фараби сияқты Жүсіп Баласағұн да қатал
қара күшке қарсы ақыл мен парасаттықты қойған. Әділдік пен ақыл билеген
бақытты өмір, молшылыққа кенелген тұрмысты аңсаған.
Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат-өсиет ақыл айту түріндегі трактат,
адамгершілікке үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық туынды. Онда
жеке адамның өзін қоғамға, үй ішінде қалай ұстай білуі керектігінен бастап,
хандар мен бектедің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға
тиіс екендігі жөніндегі көптеген мәселелер қамтылған. Өзінің идеясы жағынан
бұл дастан – жалпы адамгершілік , гуманизм рухында жазылған дидактикалық
шығарма. Бірақ автордың негізгі мақсаты қарахандықтар мемлекетін нығайту,
оның даңқын зорайту еді.Өзінің этикалық принциптері жағынан ол Орта Азиялық
әдет нормаларын негізге алды. Дастанның мазмұны – түсінікті, құрылысы
қарапайым. Дастан оқиғасына аз ғана топ адам қатысады. Шығарма сюжеті осы
адамдардың өзара әңгімелесуі,сөйлесуі, кеңесуі арқылы дамиды. Данышпан
Одгурмыштың Елік бекке айтатын ақылдары, әділет, ырыс иелері араларындағы
кеңес сөздер ретінде келеді.
Поэманың құрылысындағы бір ерекшелік деп оның диологқа құрылуы.
Бұл әдебиеттегі муназар формасы екенін бір дәлелдесе , екіншіден, ауыз
әдебиетіндегі айтыс жанрының да мол әсерін танытады. Сонымен өзінің стилі
жағынан Құтты білік кітабы жазбаша дәстүр мен ауыз әдебиеті ұштастырылған
шығарма. Онан Орта Азия тұрғындары мәдениеті мен көшпелі тайпалардың мінез
– құлқы, көркемдік талғамы байқалады.
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық
өлең) тұрады. Бұл 13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп
берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық мәснауи түрінде
жазылған.
Құтты білік дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық
міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ, дәулетті, қанағатты
бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған.
Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.
Поэманың негізгі тарауларында ақыл, өсиет, тәлім, тәртіп
уағыздалады. Ханның өз қарамағындағыларға қамқор болуы тіленеді. Оған өз
семьясында, қонақта, елшілерімен қызметкерлері арасында қандай істері
істеуі керек, өзін қалай ұстаса жақсы болады деген сұрақтарға жауап береді.
Сол сияқты, шығармадағы ақындарға сипаттама беретін тарау өте маңызды.
Автор ақындық өнерді жоғары бағалайды, ақын тілін өткір қылышқа теңейді.
Ақындарды ел үшін еңбек еткен адамның атын мәңгі сақтаушылар, даңқын
иасырушылар деп, ханға олардың өткір сөзін ренжімей, қошеметтеп,
көтермелеп, бағалай біл деп ақыл береді. Ақындар сөзін кең таратып,
сұрағанын тартынбай беріп, өз сөзіңді сөйлетуге күш сал дейді.
Құтты білік дүние, әлем жайларын да сөз етіп, кезіндегі озық
ойлы адамдардың дүние туралы түсініктерінен хабардар еді. Әлемдегі жеті
тұлғаны,он екі бұрыш (жарық жұлдыздар) дүниенің төрт бұрышы, аспан,ай, күн,
түн, қыс, жаз, күз айлары жырланады.Бұлардың біріне – бірінің
жарасымдылығы, өзара байланыста болатыны сөз болады. Қараңғы түнде жарық ай
мен жұлдыз жарқыратса, күн нұры барлық планетаға жан беріп, өз әсерінде
ұстайды, осының бәрі табиғи заңдылықта қозғалып, өзгеріп тұратын құбылыс
ретінде суреттеледі. Ай мен күн, Шолпан, Жетіқарақшы, Темірқазық т.б.
жұлдыздар аталып, олардың бәрі әлемді сәндендіріп, жан беріп тұр, олардың
әрқайсысы атқарар әрекеттері бар, дүниеде артық жаралған нәрсе жоқ дейді.
Қорыта айтқанда, Құтты білік композициялық құрылысы тұрғысынан
қарасақ, шығарманың әрбір тарауы белгілі бір моральдық, этикалық,
философиялық мәселелерге арналған. Соның өзінде автор шығарма желісін үзіп
алмай, дастанның бір тарауын екіншісімен сюжет арқылы шеберлікпен
жалғастырып отырады.

ІІ ТАРАУ
ДАСТАНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН НАҚЫЛ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Құтты білік дастаны түркі тектес халықтардың жазба поэзиясының биік
шыңы ғана болып қоймай, ауыз әдебиетінің де белгілі бір үлгілерінің жинағы
болып табылады. Дастанның өз заманындағы халық халық ауыз әдебиетінің
үлгілерін молынан қамтығандығығн талай зерттеушілер мойындағаған. Кезінде
Ж.Баласағұнидың Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңындағы баласағұн
шаһарында туғандығын ескерген әйгілі жазушы Ш. Айтматов: Атақты, байырғы
түркі ақыны және ойшылы Жүсіп баласағұнның 975 жылдығын өткеру идеясы да
міне, осындай тағдырға тұс болды, бұл ұлы гуманист Тоқмақтың жанында
Баласағұнда туылғандығы және сол жерде жасағандығы талассыз ғой. Қолжазба
лары сирек қазына қатарында вена менен Каирда сақталып тұрған Жүсіп
Баласағұнның поэзиясы Манас пенен бірге біздің ата-бабаларымыздың рухани
тұрмысында ықылымдардан келе жатқан бір текті лингвистикалық негіздегі
өзара байланысты екі мәдениеттің- отырықшылық жазба және ауыз-екі көшпенді
түріндегі мәдениетіміздің түпкі бастауын нақты растаған біздің ұлттық
қазынамыз (11) – деп бағалаған болатын. Алайда, Қараханидтер мемлекетітің
құрамында түркі тайпаларының көпшілігінің болуы, бұл құнды мұраны бір ғана
халықтық меншіктеуіне жол жоқ екендігін айқын аңғартады. Бірақ, біздің
айтпағымыз – ұлы жозушы Ш.Айтматов айтқандай, түркі топрағында алғаш пайда
болған түркі тілінде жазылған классикалық туындының бірінші кезекте сол
топрақтағы- халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен сусындағаны. Халықтың бай
мұрасын қажетіне қарай игеріп, қалауына қарай жұмсай білгендігі. Осы тұста
ғалым Қ.Өмірәлиевтің Абай афоризмі жөніндегі мына бір пікірін де еске алу
артық болмас.
Жұртқа белгілі, халықтың ауыз әдебиеті көркем жазба әдебиетінің
қалыптасу, даму жолында елеулі қызмет етті. Ол әлемге аты белгілі ақын-
жазушылар үшін таусылмас мол қазына болды. Тілдік көркемдікті әрбір ақынға,
жазушыға өз халқының ауыз әдебиеті берді. Бұл тұрғыда көркем жазба әдебиет
ауыз әдебиетіне әр уақытта да борыштар (12,44).
Ж.Баласағұни де өз тұсындағы кәусәр бұлақтан қанып ішті. Сондықтан да
біз автор пайдаланған мақал-мәтелдер мағыналас және сөзбе-сөз қайталанып,
кейде автордың төл туындысына айналған.
Құрамындағы сөздер саны, айтылуы өзгеше болып келгенімен түпкі
мағыналары, айтайын деген негізгі ой қазіргі қазақ тіліндегі қолданыстағы
мақал-мәтелдерге ортақ болып келетіндері бар. Бір ескерерлігі- Ж.Баласағұни
қолданған немесе қазақ ауыз әдебиетінде кездесетін ортақ мағыналас мақалдар
мен мәтелдердің қайсысы ерте пайда болғандығын ажыратудың қиындығы. Оның
үстіне араға ғасырлар түсіп, уақыт өткен сайын мақалдардың ықшамдалып,
түйінделе түсетін ерекшелігі тағы бар. Ақынның көркем шығарма табиғатына
сәйкес, халық мақалын жалаң, сол қалпында қолданбай, көркем сөзбен
көмкеріп, теңдес, төл сөздер түзуі де заңды. Енді осы сөзімізге нақты
мысалдар арқылы жауап беріп көрейік. Ж.Баласағұни:
Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз,
Кісі көркі – жүз, жүздің көркі –көз,-
дейді. Қазақ халқы бұл нақылды Өнер алды- қызыл тіл деп тұжырымдай
түскен.
199. Білімді-аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз- көп, ақылдыны таптаған
179. Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен, надан көзің ашылсын!

Білімнің мағынасын терең түсінген қазақ халқы да Білімді мыңды
жығар, білекті бірді жығар деп түйіндейді. Дана халық, көкірегі сара халық
надандыққа, тасырлыққа ежелден ақыл, білім, тілді қарсы қойған. Демек,
ақылды артқа тұтқан Құтты білік дәстүрі одан да арғы дәуірлерден келе
жатқан көнелікті аңғартқандай.
ІХ-Х ғасырлардың өзінде-ақ, халықтық пәлсапа, халықтық эстетика
танымы жақсы мен жаман, ақ пен қараны ажыратып, шендестіріп отырған. Сол
эстетика рухымен ойды, сезімді тәрбиелеп, ұрпақты баулыған.
2660. Тіл, жүрегің шырын болсын қайда да,
Сөз бен есті тектен-текке лайлама.
2645. Кім білікті, аты даңққа бөленер,
Кім өнерсіз, ат-атақсыз көнерер.
Көне мұра өнегесі: білімді, кісілікті кісі бол! Халықтық парасат-пайым,
дәстүр, халықтық құлық деген ұғымға осы жерде баса назар аударған абзал.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді күнделікті тұрмыс әдебінен бастап елдік
деңгейдегі, мемлекеттік дәрежедегі моральдіқ қарым-қатнас әдебіне дейін
Құтты білікте түзілген. Қанағат, сабыр, сезім-ақыл, кішіпейілділік
тәрізді небір ізгі қасиеттердің әлеуметтік бітімін тани түсеміз.
1315. Қастық қылма, арамдықты сайлама,
Тый құлқыңды, жақсылық қыл қайда да!.
1317. Сабыр түбі- салқын сая жаныңа.
1318. Сабыр етсең- бұзылған іс түзелер.
Сабырлық, ұстамдылық, халықтық мінез-құлық ерекшелігі ретінде де
мәлім. Сабыр түбі сары алтын, Сабырсыз қалар ұятқа... деген әдеп
қағидалар ұрпақ құлағына ата-баба аузымен құйылып келгені анық.
1321. Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,
Кісі үйінде көз қадірін кетірме...
1327. Дос, туғаннан лебізіңді аяма,
Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла,-
дегендер де халықтық түсініктегі Аз сөйлесең де, саз сөйле, Кішіге
ізет,үлкенге құрмет сияқты мақал-мәтелдермен үндесіп жатыр.
Дастанда көтерілген екінші бір мәселе- адамның мінез-құлқы, оның
қоғамдағы орны туралы жайттар. Адам-бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші,
сондықтан ол артына жақсы сөзі мен нәтижелі ісін қалдырып отыруы қажет.
Бұл үшін ол әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі
жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек. (Егер қолыңнан келсе,
қайда да болса халқың үшін жақсылық ет, сөзің де, қылығың да жақсы
болсын).
Баласағұндық Жүсіп адамды моральдық жағынан тәрбиелеуде ақыл-ойға
ерекше мән береді. Ол ақылдықты, адамның адам болуының адамгершілік жағынан
жетілуінің бірден-бір негізгі ақыл, ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір
нәрсе шешілмейді деп түйіндейді. (Адамға оның ақылы ғана дос, Парасат-
қараңғы шырақ, Ақыл парасатқа еш нәрсе теңелмейді, одан асқан
мәртебелілік жоқ, Ақылсыз адамның жануардан айырмасы аз, Біліктілік пен
ақылдылық төбеңді көкке жеткізеді). Адам әр кез орағыта ойлап,
ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жетеді. Ақылды адамдардың
сөзі әрі көрікті, әрі сүйкімді. Ойлауы мен сөйлеуі қатар жетілген, терең
ойлап, көрікті сөйлейтін адам ғана жан-жақты жетілген адам. Мұндай адам
айналасындағылардың алдында құрметке бөленеді. Жүсіп дұрыстап сөйлей алуды
адамның негізгі қасиеттерінің бірі деп сипаттайды. Оның ойынша, шешендік
қабілет екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Ол сөйлеу өнерін көзі
мәңгі бітелмейтін бұлақпен теңейді. Автордың ұғымынша, тіл адамды көкке
көтереді, сол арқылы кісі бақытқа жетеді, сондай-ақ адам өз тілінен жаза да
тартады. Екінші бір сөзбен айтқанда, Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің,
Аз сөйлесеңде аңдап сөйле, дейді автор. Адам екі нәрседен қартаймайды:
бірі оның-ізгі ісі, екіншісі- ізгі сөзі. Олай болса, әр кез жақсы қылықпен
қатар жақсы сөзің болсын, бұл екі қасиеттің бір-бірімен байланысып жатсын.
(Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа, Он мың сөздің түйінін он сөзбен
шеш, Өлмей өмір сүре бергің келсе, артыңа жақсы іс пен дана сөз қалдыр).
Құтты біліктің білім туралы түсініктері-тамаша. Білім- адам
баласының сарқылмас қазына-мүлкі. Білімді адам-білгір, ақылды; жазу, оқу,
білімділік белгісі; надандық деген сырқатты ешбір емші жаза алмас, оны тек
білімділік қана айықтырар. Ақыл- түпсіз құзға бара жатқан адамды аман
сақтап қалатын қыл арқан.
Өз заманындағы сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама- ақын Жүсіп
Баласағұн бұл өмірдегі барлық нәрседен де ғылымды жоғары қояды, адам
бойындағы жақсы жаман қасиеттердің бәрін біліммен тығыз байланыстырып
қарайды. Қоғамда орын алған теріс құбылыстардың өзін ол адамдардың
білімсіздігінен, надандығынан деп біледі.
Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан-ақ аңғару
қиын емес. Жүсіп Баласағұн өз шығармасын Құтты білік (немесе Бақытқа
бастаушы білім, Берекелі білім деп аударуға да болар еді) деп тегін
қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы
тауарлар бар. Білім мен ақыл адамның ең қымбат, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанындағы көнерген сөздердің мағынасын айқындау
Құтты білік дастанының нұсқалары
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Ұйғыр жазуы
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау
Жүсіп Хас Хабыж Баласағун
Әдиб Ахмет Махмудұлы Йугнәки. Дастанның қолжазба нұсқалары. Зерттелуі
Құтты білік дастаныны
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Пәндер