Еңбекақыны есептеу және еңбекақы төлеу есебі


Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорындағы ақша қаражаттардың есебі, аудиті және талдауы қай кезеңде немесе қай жерде болмасын ақша қаражат өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Әр объект не болмаса субъект өзінін шаруашылық операцияларымен байланысты, қандай да болмасын басқа бір кәсіпорынмен алыс-берісте болады. Мысалы: Материалдарды жеткізушілермен, тауар, өнім алушылармен немесе пайдаланушылармен шаруашылық байланыста болып және олармен алыс-беріс қатынастарда болып тұрады.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және тағы басқа органдарымен пайда болады.
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұл мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.
Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражатының ағыны басым түрде субъектінің пайда әкелетін қызметінен алынады. Осылайша, әдетте, олар пайданы немесе залалды айқындау кезінде ескерілетін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаты ағынының мысалдары мыналар болып табылады:
1) тауарларды сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін ақшалай түсімдер;
2) роялтиден, алымдардан, комиссиялық сыйақылардан түсетін ақшалай түсімдер және өзге де түсім;
3) берушілерге тауарлар мен қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
4) қызметшілерге және олардың атынан ақшалай төлемдер;
5) ақшалай төлемдер немесе олар инвестициялық немесе қаржылық қызметке жатқызылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, пайдаға салынатын салықты өтеу;
6) ақша қаражатының түсімдері және мәмілелер жасау үшін немесе қайта сату үшін арнайы сатып алынған қорлар ретінде қаралатын сауда мақсаттарында ұсталатын инвестициялық шарттар, қарыз шарттары мен өзге де шарттар шеңберіндегі төлемдер.
Жабдықтың бір бірлігін сату сияқты кейбір операциялар қызметтің нәтижесіне енгізілетін пайданың немесе залалдың туындауына әкелуі мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражатының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесін зерттеу негізінде одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында келесі міндеттерді шешу көзделді:
- касса операцияларының есебіне сипаттама беру;
- есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебінің мәнін ашу;
- басқа да ақша қаражаттар есебіне талдау жүргізу;
- ақша қаражаттарының аудитін талдау;
- «Кюм ойл» ЖШС жалпы сипаттама беру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жүргізу;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау жүргізу;
- «Кюм ойл» ЖШС есептік саясатын жетілдіру жолдарын ұсыну;
- ақша қаражаттарының есебі және аудитін жетілдіру шараларын ұсыну;
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп өзіне ақша құралдарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен өзгерістерге бөліп, субъектінің кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды.
Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін ұсталады. Осылайша, әдетте, инвестиция алынған күннен бастап үш ай немесе одан аз болатын өтеу мерзімі болған кезде ғана ақша қаражатының баламасы анықтамасында болады. Банктік овердрафттар, әдетте, қарыз алумен ұқсас, яғни қаржылық қызмет ретінде қаралады. Солай бола тұрса да, егер банктік овердрафт талап ету бойынша өтеуге жатса және субъектінің ақша қаражатын басқарудың инструментарийінің ажырамас бөлігі болап табылатын болса, банктік овердрафттар ақша қаражатының құрамдас бөлігі және ақша қаражатының баламасы болып табылады.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық суьъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халыаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша атап өтуге болады. Сонымен қатар: шағын және орташа касіпкерліеті дамытуға мемілекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күнен күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді, және де ақша қаражаттарының аудит саласында алатын орны ерекше.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Зерттеу пәні ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастыру және жетілдіру болып табылады.
Зерттеу объектісі «Кюм ойл» ЖШС болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Ғылыми жұмысты зерттеу барысында бухгалтерлік есеп, аудит, басқару, қаржылық-экономикалық талдау саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері,
Зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есептесу есебіне жалпы
сипаттама
- Еңбекті, оған ақы төлеудің және қызметкерлермен есеп айырысуды
есепке алуды ұйымдастырудың негізгі, маңызы және міндетті
Мекемеде еңбекті, еңбекақыны және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алу есеп жұмысының маңызды, жауапты және қиын учаскесі болып саналады. Мұнда еңбек және еңбекақы бойынша еңбеккерлердің саны, еңбек өнімділігі және еңбекке ақы төлеу қоры сияқты маңызды керсеткіштерге ерекше бақылау қажет. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебінде мынадай қатал көрсеткіштер көрсетіледі: еңбеккерлердің саны, олардың құрамыңдағы кәсіптері, мамандықтары және т. б. бойынша өзгерістер; еңбек уақытының шығындары (пайдалану) - еңбек жасалған жұмыс күндерінің саны (адам-күндер және сағаттар) ; еңбек тәртібін сақтау; орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі; төлемдер түрлері және еңбеккерлердің сана-ты бойынша еңбекақы төлеу қоры; еңбекке ақы төлеу қорынан тыс төленген сыйлықтар мен басқа да төлемдер; мекемеде қолданылатын еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне сәйкес уақытында есептеу және әрбір еңбеккермен есеп айырысу; еңбекақыдан ұстап қалулардың заңдылығы және т. б. Бухгалтерлік есептің деректерінің негізінде экономикалық қорыту және талдау жүргізіледі, жұмыс күшін тиімді пайдалану және еңбекке ақы төлеу қорын ұтымды пайдалану жөнінде қорытынды жасалады. Бұл еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жақсартуға бақылау жасауда бухгалтерлік есептің негізі ақпараттық көз ретінде маңыздылығын көрсетеді.
Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккермен есеп айырысудың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттерінің бірі белгіленген штат кестесін және еңбеккерлер санын, лауазымды кесімді жалақылар мен ставкаларды, еңбекке ақы төлеу мен сыйлық беру жөнінде бекітілген ережелерді, еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалануға, белгіленген жұмыс ережесі мен еңбек тәртібін сақтауға есептің бақылау қызметін (функциясын) жүргізу болып танылады. Бұл бағытта бухгалтерлік есептің көрсетілген бақылау қызметін (функциясын) жүргізу мекеменің бас бухгалтерінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ол басқа бөлімшелермен (кадр бөлімі, жоспарлау бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімімен) бірлесіп орындалады. Штат кестесін, лауазымды, кесімді жалақылар мен ставкалар үлгілерін (схемаларын) бұзғаны үшін мекеменің жетекшісі мен бас бухгалтері жеке жауапкершілікпен жауап береді.
Еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалану көп жағдайда жеке құрамды, жұмыс істеген уақытты, орындалған жұмысты есепке алу бойынша жасалған бастапқы құжаттаманың сапасына байланысты. Сондықтан бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі еңбеккерлерге жұмыс істеген уақыты немесе орындаған жұмысы үшін еңбекақы есептеуге негіз болған құжаттаманы дұрыс жасап және бухгалтерияға уақытында түсуіне қатал бақылауды қамтамасыз ету болып есептеледі. Бұдан бухгалтерлік есептің келесі негізгі міндеті шығады - еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандары мен жүйелерінде жұмсалған жұмыстың саны мен сапасына сәйкес әрбір еңбеккерге тиісті еңбекақыны, қосымша сыйлықтарды тиянақты есептеу және олардан қолданыстағы заңдарға сәйкес салықтар және басқа сомаларды дұрыс ұстап қалу. Бұнда бухгалтерлік есепте тізімдік кұрам бойынша, сондай-ақ мекеменің штатында тұрмайтын тұлғалар бойынша негізгі және қосымша еңбекақыны жеке көрсетуді қамтамасыз ету қажет. Бұл есептік жұмыстың ең жауапты учаскесі, өйткені еңбекақы мен сыйлық қосымшаларды есептеу барысында еңбеккерлер өзінің еңбегінің нәтижесіне материалдық ынталану қағидатының (принципінің) тәжірибелік көрінісін табады. Сондықтан мұңда еңбекке ақы төлеу жөніңдегі барлық қолданыстағы заң мен ережелер қатал сақталуы, ал еңбекақы бойынша бухгалтердің жұмысы ерекше ашық болуы керек.
Жоғарыда қарастырылған бухгалтерлік есептің міндеттерімен тікелей байланысты келесі маңызды міндет еңбек заңдарын қатал сақтағанда әрбір еңбеккермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды дұрыс және уақытында жүргізу болып танылады. Мекеменің бухгалтериясы бұл міндеттерін орындаумен қатар, әділ және уақытында мынандай есеп айырысуларды қамтамасыз етуге міндетті: бюджетпен еңбеккерлердің еңбекақысынан ұсталатын тиісті салықтар сомалары (әлеуметтік, жеке табыс салығы және басқалар) ; сауда мекемелерімен - олардың еңбеккерлерінің несиеге сатып алған тауарлары үшін кезекті төлемдері бойынша; басқа мекемелермен және тұлғалармен -. сот мекемелерінің атқарушы құжаттары бойынша және т. б. Бұл сомалар пайдасына ұсталған тиісті мекемелер мен тұлғаларға уақытында аударылуға тиіс.
Мекемелердің жетекшілерімен қатар бас бухгалтерлер штат кестесіне лауазымды кесімді жалақыларының (ставка-ларының) дұрыс белгіленуіне және штаттағы және тізімдік құрамда жоқ еңбеккерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын ұтымды пайдалануға дербес жауапкершілікті алып жүреді.
Жұмысшылармен және қызметкерлермен әділ және уақытында есеп айырысу еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын және өнім, өндіру немесе орындалған жұмыстарды ескеріп қамтамасыз етіледі.
Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу.
Еңбеккерлердің саны және кұрамы жөнінде мәліметтерді жүйелі алу мақсатында мекеменің кадр бөлімі немесе бухгалтериясы жеке құрамының есебін жүргізеді. Жеке құрамды, есептелген және төленген еңбекақысын есепке алу үшін бастапқы есеп құжаттамасының бір ізге түскен (унификацияланған) нысаны пайданылады.
Еңбеккерлердің санын есепке алу бойынша бастапқы құжаттары болып танылады: «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-1 нысаны) ; «Басқа жұмысқа ауысуы туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-5 нысаны) ; «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-б нысаны) ; «Еңбек келісім-шартын тоқтату туралы бұйрық (өкім) » (№ Т-8 нысаны) . Олар жеке карточкаларына, еңбек кітапшаларына, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табельдеріне және қолданылып жүрген еңбек заңдарына сәйкес басқа құжаттарға жазулар жүргізу үшін негіз болады.
Еңбеккерді материалдық жауапкершілікпен байланысты жұмысқа қабылдағанда бұйрықтың (өкімнің) жобасы міндетті түрде мекеменің бас бухгалтерімен келісілуге тиіс. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) жобасы, сондай-ақ тиісті қызмет бөлімдерімен (еңбек және еңбекақы бөлімімен, жоспарлау бөлшімен) келісіледі, олар ваканттық лауазымдардың бар екенін және штаттық кесте бойынша белгіленген кесімді жалақыларды және т. б. растайды.
Жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыруды, демалыс беру туралы бұйрықтардың (өкімдердің) көшірмелері еңбекақы бойынша жұмыскерлермен және қызметкерлермен есеп айырысулар үшін кадрлар бөлімінен бухгалтерияға өткізіледі.
Әрбір жұмысқа қабылданған еңбеккерге жеке карточка (№ Т-2 нысаны), кадрларды есепке алу парағы (қағазы) толтырылады және табельдік номер бекітіледі де, ол жеке кұрамды, еңбек пен еңбекақыны есепке алу жөніндегі барлық құжаттарда көрсетіледі.
Жеке карточка еңбеккерді сұрау және жеке куәлігі (төл-құжаты), еңбек кітапшасы, әскери билеті, оқу орнын бітіргені туралы дипломы (куәлігі), жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру туралы бұйрықтар (өкімдер) және басқа құжаттар негізінде кадрлар бөлімінің қызметкері немесе басқа уәкілетті тұлға бір данада толтырады. Жеке карточкалардағы жазулар еңбек кітапшасында жасалған жазуларға сәйкес болуы керек.
Бұйрық (өкім) негізінде жеке карточкаға жазылатын жұмысқа қабылдау, ауыстыру және босату туралы әрбір жазумен әкімшілік карточканың тиісті бағанына қол қою арқылы еңбеккерді таныстыруға міндетті.
Жеке карточкалар, әдеттегідей, мекеменің құрылым бөлімшелері бойынша жиынтықталады да, жұмыскерлер мен қызметкерлердің әкесінің аты бойынша алфавиттік тәртіпте жеке құрам картотекасында сақталады.
Бухгалтерияға түскен жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың (өкімдердің) көшірмесі және жеке карточкалар негізінде бухгалтер әрбір еңбеккерлерге жеке шот немесе барлық анықтамалық деректер енгізілген карточка анықтама ашады.
Еңбек пен еңбекақыны есепке алудың маңызды участкесі нақты жұмыс жасалған уақытты есепке алу болып танылады. Ол еңбеккердің жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін және әрбір еңбеккердің нақты жұмыс жасалған уақытын анықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Жұмыс (еңбек) уақыты деп еңбек келісім-шартымен (контрактпен) және ішкі тәртіп ережелерімен келісілген өздерінің міндеттерін орындауға жұмсаған уақытты айтады.
Жұмыс уақытын және демалыс уақытын (күнделікті жұмыстың (ауысу) ұзақтығы, демалыс күндерін беру) пайдалану тәртібі әкімшіліктің кәсіподақ комитетімен келісімі бойынша бекіткен жұмыс кестелерімен қарастырылады. Еңбек тәртібін сақтауға, мекемеде жұмыс істейтін барлық тұлғалардың жұмыс уақытын пайдалану есебін, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытының тәртібін сақтауға, жұмыс істелген уақыты туралы деректерді алуға және еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларға бақылау жасау және барлық санаттағы (категориядағы) еңбеккерлердің жұмыс уақытын пайдалануының есебі «Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінде» (№ Т-13 нысаны) жүргізіледі. Мұнда жұмыс істелген уақытты есепке алу жұмысқа келуге бақылаумен бірге жүргізіледі. Табельді оны жүргізуге тапсырған тұлға бір данада жасайды.
Жұмыскерлер мен қызметкерлерді табельге кіргізу және одан шығару жеке құрамды есепке алу бойынша тиісті дәрежеде рәсімделген құжаттар негізіңде ғана жүргізіледі. Табельге мекеменің тізімдік құрамда тұратын барлық тұрақты және уақытша еңбеккерлер кіреді. Онда еңбеккерлер кәсіптері (мамандыктары) бойынша, ал кәсіптері (мамандықтар) шегінде табельдік нөмірлері немесе алфавит тәртібі бойынша топтау қажет.
Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелін мекеменің құрамдық бөлімшелерінің жетекшілері жүргізеді. Жеке бір жағдайларда табельдік есеп табельшіге немесе есепшіге жүктеледі, егер тиісті лауазым мекеменің штаттық кестесінде қарастырылса, жұмысқа келу және жұмыс уақытын пайдалану табельде барлық келгендерді, кеш қалғандарды және т. б. жаппай тіркеу әдісімен немесе тек ауытқуларды (келмеу, кешігіп қалу және т. б. ) тіркеу арқылы есепке алынады. Табельдерде тиісті құжаттар (уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы, іссапар куәлігі, бұйрықтар, өкімдер және т. б. ) негізінде, сондай-ақ заңмен қарастырылған демалыс, үзілістердің барлық түрлері және жұмыс уақытына есепке алынатын мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау есепке алынады.
Демалыс және мейрам күндерін есепке алу табельдерде мекеменің жұмыс кестесі мен тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Табельге оны жүргізуге жауапты тұлға қол қояды да, кадрлар бөлімінде бұрыштама қояды, мұнда мекеменің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы тексеріледі.
Жұмыс уақытының табельдік есебінің деректері негізіңде мекеме жетекшісі еңбек тәртібінің жағдайына бақылау жасайды да, қыдыру, кешігу, жұмыстан жұмыс күні біткенше кету және басқа да бұзушылық жіберген тұлғаларға қажетті шаралар қолданады.
Белгіленген тәртіпте рәсімделген табельдер мекеменің бухгалтериясына айына екі рет айдың бірінші жартысына (аванс) төленетін соманы есептеу және айлық еңбекақыны түпкілікті есептеу үшін өткізіледі. Егер мекеме еңбекке ақы төлеу айына бір рет жүргізсе, онда табель де бухгалтерияға айына бір рет түпкілікті есептеу үшін өткізіледі.
Бухгалтерлік есепті компьютеризациялаған жағдайда ішінара деректемелері толтырылған табель бланктері негізінде компьютерлік техника құралдарының көмегімен жұмыс уақытын есепке алу табельдері автоматты түрде жасалады. Мұндай деректемелерге жатқызылады: мекеменің құрылымдық бөлімшелері, цех, еңбеккерлердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, табельдік номері жэне т. б. Табельдің үлгісі деректерді (көрсеткіштері) автоматты түрде есептің қойылуын жобалау кезінде қарастырылған нысандары бойынша қалыптасады.
Ескеру керек, жұмыс уақытының табельдік есептің деректері тек сол еңбеккерлерге еңбекақы есептеуге жалғыз ғана негіз бола алады, егер олардың еңбегі жай мерзімді жүйе, яғни нақты кесімді немесе тарифтік ставка бойынша төленсе. Бірақ қазіргі уақытта мекемелерде, негізінде, мерзімді-сыйлык және кесімді-сыйлық жүйелері қолданылады. Сондықтан еңбекақыны есептеу үшін табельдік есептің деректерінен басқа, орындалған жұмыстың көлемі, белгіленген жоспардың және еңбекке ақы телеу жөніндегі қолданыстағы ережелермен қарастырылған басқа да көрсеткіштердің орындалуы туралы деректер қажет.
Өнімдер туралы деректер өндіріс технологиясы мен түрлеріне (жаппай - үздіксіз, сериялық өндірісте), еңбекті ұйымдастыру әдістеріне (бригадалық, жекелеген жұмыс) және басқа да жағдайларға байланысты бригаданың шығарылған өнімдері туралы мәлімдемелерімен (рапорттармен), өнімді есепке алу тізімдемесімен, бригаданың өнімін есепке алу тізімдемесімен, маршруттық парақтармен, кесімді жұмысқа жасалған нарядтармен рәсімделеді.
Сонымен, жұмыс уақытын есепке алу табельдері мен орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі туралы жоғарыда аталған тиісті бастапқы құжаттар негізінде еңбеккерлерге еңбекақы есептеледі.
Енді еңбекақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған жағдайда еңбекақыны есептеу тәртібін «Қарағанды маргарин заводы» акционерлік қоғамның (АҚ) нақты өндірістік көрсеткіштері негізінде қарастырып көрейік.
Мысал. Еңбекақыны есептеудің ең карапайым тәсілі мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады. Есептеу жұмыс істеген күндер мен сағаттардың саны керсетілген табельдердің негізінде жүргізіледі. Төленуге тиісті еңбекақы белгіленген айлық ставкасы немесе тарифтік мөлшерлемені (кесімді жалақыны) жұмыс күндерінің күнтізбелік санына бөліп, алынған көрсеткішті табель бойынша жұмыс істелген күндердің санына көбейтеді немесе мерзімді жұмыскердің сағаттық тарифтік ставкасын жұмыс істелген сағаттардың санына көбейтеді.
Мысал. Қызметкердің еңбекақысының айлық ставкасы 22667 теңгені құрайды. Тамыз айында күнтізбе бойынша 26 жұмыс күні, 5 демалыс және мейрам күңдері. Қызметкер 4 күн уақытша еңбекке жарамсыз парағы бойынша жұмыста болған жоқ.
Тамыз айына тиісті еңбекақы есептеу:
(22667*22) /26=19180 тенге
Бұдан басқа, қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыз 4 күндері үшін жәрдемақы төленеді.
Мерзімді-сыйлықақы төлеу жүйесін пайдаланған кезде еңбеккерлер мен қызметкерлерге, еңбекақыдан басқа, сыйақылар төлеу туралы шарттарды орындалған жағдайда сыйақы есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz