Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ;

Қылмыстық ізге түсудің жалпы шарттары

Мазмұны

Кіріспе . . . 4-5

І. Қылмыстық із кесу жөніндегі жалпы ұғым . . . 6-16

1. 1. Алдын-ала тексеру: із кесу және алдын-ала тергеу . . . 6-8

1. 2. Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы . . . 9-12

1. 3. Қылмыстық iзге түсу: жеке, жеке-жариялы және

жариялы iзге түсу мен айыптау істері . . . 13-16

ІІ. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өзекті мәселелері . . . 17-31

2. 1. Прокурор - қылмыстық ізге түсудің субъектісі ретінде . . . 17-21

2. 2. Тергеушінің ізге түсуге байланысты құзіреттері . . . 22-25

2. 3 Анықтау органы және анықтаушының ізге түсудегі орны . . . 26-31

ІІІ. Анықтау органының ізге түсу функциясына қатысты өзекті мәселелері . . . 32-53

3. 1. Анықтау органының құқықтық мәртебесі . . . 32-43

3. 2. Анықтау - ішкі істер органдарының маңызды

функцияларының бірі . . . 44-46

3. 3. Жедел-іздестіру қызметі . . . 47-53

Қорытынды . . . 54-56

Глоссарий . . . 57-59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60-62

Кіріспе

Қылмысты тергеуге және қылмыстық істі жүргізуге байланысты мемлекет органдарымен басқада қылмыстық процесс субъектілерінің қызметі, қылмыстық процестің жүйесін құрайтын, нақты белгіленген тәртіпте атқарылатын іс әрекеттерден тұрады. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу түрлі бағытта жүзеге асырылады. Сол бағыттардың біреуі - қылмыстық ізіне түсу.

Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу (дознание) - «қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мынадай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» деп түсіну қажет (ҚIЖК 7 - бабының 14 тармағы) .

Айыптау тарабына немесе қылмыстық ізге түсу субъектілеріне прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы және жәбірленуші, азаматтық талапкер, олардың өкілдері жатады (ҚIЖК 7 - бабының 12, 14 тармақшалары) . Осы аталған тұлғалардың ішінде мемлекет тарабынан айыптауды қолдайтын тұлғаларға прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы жатқызылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі және басқа да процесті реттейтін нормалардың қабылдануына байланысты, ізге түсуді жүзеге асыратын органдардың жүйесі, мазмұны мен маңызы да өзгерді. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алуына, даму бағыттарының өзгеруіне байланысты, соңғы он жыл ішінде жүзеге асырылған реформалар, қайта құрылған органдардың өзекті мәселелерін алға шығарып отыр. Қылмыстық іс жүргізу саласында реформалар аяқталған емес; күнделікті өмірдің өзгеруі, соның ішінде қылмыспен күресу жүйесінің өзгеруі, қылмысты тоқтату мен ескерудің жаңа жолдарын талап етіп отыр. Қылмыстық іс жүргізудің негізгі мақсатына жету үшін, қылмыстық ізге түсу, алдын ала тергеу органдарының қызметін әр уақытта жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан қылмыстық ізге түсу органдарының құқықтық мәртебесі, күнделікті өзгерістерге сәйкес реттеліп отыру қажет. Әрбір органның мәселелеріне қысқаша тоқталатын болсақ, мысалы, прокуратура органдары, соңғы уақытта көптеген өзгерістерге ұшырады. Көп жылдар прокуратура органдарының өкілеттігіне берілген тергеу функциясы алынып, көңіл, заңдылықты қадағалау функциясына аударылды. Соңғы кезде талқыланып отырған мәселенің бірі - қамауға алу санкциясын прокуратура органдарынан алып, сот органдарына беру. Бұл мәселені заң тұлғасынан ҚР Парламентінде шешілуде.

Тергеушінің құқықтық мәртебесі сұрақтарын қарастырсақ, өзекті мәселе ретінде сот тергеушілер институтын енгізу, тергеуші функцияларын анықтау, тергеуші тәуелсіздігінің көлемін бекіту болып отыр. Тергеуші мәртебесі қылмыстық іс жүргізу тұрғысынан толық қаралғандықтан, оның көптеген мәселелері ғылыми тұрғыдан шешілген. Ал анықтау институты толық жаңартылғаннан кейін, оның өзекті мәселелері өте көп.

Кеңес одағы қылмыстық іс жүргізу заңында, анықтау институты, алдын ала тергеу жүргізу субъектісі ретінде қарастырылған, оның атқарған қызметі алдын ала тергеуге қатысты көмекші қызмет ретінде қаралған. Бүгінгі күнде, анықтау, алдын ала тергеудің нысаны ретінде бекітіліп отыр. Анықтау органы, анықтаушы деген жаңа субъектілер пайда болды. Осының барлығы, олардың құқықтық мәртебесін анықтауға байланысты, көптеген мәселелерді көтеріп отыр.

Жоғары аталған жағдайда, қаралып отырған тақырыптың өзектілігін анықтайды. Тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы аталған өзекті мәселелерді шешумен байланысты әрбір органға қатысты мәселелердең шешілуі, олардың қызметін арттыруға, бүкіл құқық қорғау органдар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Диплом жұмысының мақсаты - ізге түсу органдарының қылмыстық іс жүргізу қызметін зерттеу, өзекті мәселелерін анықтау, теориялық тұрғыдан шешу жолдарын ұсыну, қылмыстық іс жүргізу заңның бөлек нормаларын арттыруға байланысты ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсат келесі сұрақтарды шешуді талап етеді:

ізге түсу органдарының құқықтық мәртебесін, өзара қатынастарын, басқа да органдармен арақатынастарын зерттеу;

ізге түсу органдарының қызметін реттейтің құқықтық нормаға баға беру;

ізге түсу органдарының өкілеттіктері арқылы олардың іс жүргізу жүйесіндегі орнын анықтау;

өзекті мәселелерді құқықтық, тәжірибелік, теориялық тұрғыдан қарастыру.

І. Қылмыстық із кесу жөніндегі жалпы ұғым

1. 1. Алдын-ала тексеру: із кесу және алдын-ала тергеу

Қылмыстық істі сотта қарау, әдетте қылмыс факті мен оны жасаған тұлғаларды бұлтартпай анықтауға мүмкіндік беретін барлық айғақтарды жинау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен дайындық жұмыстарын талап етеді. Қылмыстарды ашу және оларды жасаған тұлғаларды анықтау жөніндегі осынау күрделі және жауапты жұмыс, заңменен арнайы мемлекеттік органдарға - алдын-ала тексеру органдарына жүктеледі.

Алдын-ала тексеру дегеніміз - қылмыстық фактіні және оны жасаған тұлғаларды анықтау, айғақтарды жинау, тексеру, жан-жақты, толық және объективті зерттеу және бағалау, қылмыстың себебі мен мен жасалу шарттарын анықтау жөніндегі арнаулы уәкілетті органның қызметі.

Алдын-ала тексеру органдарының міндеті - қылмыстың бетін жедел және толық ашу, кінәлілерді әшкерлеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту, қылмыстық әрекеттерді алдын-ала ескерту және олардың жолын кесу.

Алдын-ала тексеру органдары қылмыскердің жасаған қылмысы үшін бәрібір жазалану қағидасының негізділігін қамтамасыз етуі керек.

Алдын-ала тексеру органдарының міндеттеріне қылмысты ашу, кінәліні анықтау және жауапқа тарту ғана емес, сонымен бірге кінәлі еместерді ақтау, қылмыстың жасалуына себеп болатын жағдайлар мен шарттарды зерттеу және оларды болдырмаудың шараларын қабылдау. Осы мақсатта аталған органдар қылмыстық әрекеттерді ескертуге және алдын алуға бағытталған үлкен профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Органға жүктелген міндеттер табысты орындалуы үшін, орган қызметкерлері заңдылықты сақтаулары, жұртшылықпен тығыз байланыста жұмс істеулері, еңбекті ғылыми-техникалық негіздеулері және ұйымдастырулары керек.

Осы мақсатта прокуратура, ішкі істер және қауіпсіздік қызметі органдарында тергеуші және оперативті қызметкерлердің біліктіліктерін жетілдіру жүйесі ұйымдастырылған және нәтижелі жұмыс істейді. Заңгерлік оқудың сырттай жүйесі жұмыс істейді.

Сонымен, кеңестік кеңістіктің бірқатар елдерінде алдын-ала тексеру амалы екі түрге бөлінеді: қылмыстық із кесу және алдын-ала тергеу. Біз, алдымен, алдын-ала тергеу қызметіне тоқталып өтейік.

Қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу ол күрделi немесе оның көлемi үлкен болған жағдайда тергеушiлер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қылмыстық iс қозғау туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлiмiнiң бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс. Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және оларға тергеу тобының жетекшiсiнен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден бас тарту құқығы түсiндiрiледi.

Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргiзетiн бiрнеше органның тергеушiлерi енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлiмдерi бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Шешiм тергеу бөлiмдерi бастықтарының бiрлескен қаулысымен ресiмделедi, ол осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылады.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ерекше жағдайларда тергеудiң толық және объективтi еместiгi фактiлерi анықталған, iс күрделi және маңызды болған кезде, алдын ала тергеудi жүзеге асырушы бiрнеше органның тергеушiлерi арасынан тергеу тобын құра алады, бұл орайда прокурорды осы топтың жетекшiсi етiп тағайындап, бұл шешiмдi өз қаулысымен ресiмдейдi. Мұндай тергеу тобы жүзеге асыратын тергеудiң заңдылығын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүктеледi.
Тергеу тобы жетекшiсiнiң өкiлеттiктерiне тоқталар болсақ, Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлердiң iс-әрекеттерiне басшылық жасайды.

Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн тоқтату, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы, сондай-ақ тергеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiмдердi қозғау, бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды, үйде қамап ұстауды қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi тергеу тобының жетекшiсi ғана қабылдайды.

Айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулыны тергеу тобының жетекшiсi жасайды және оған қол қояды.

Тергеу тобының жетекшiсi басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға, тергеу iс-әрекеттерiн жеке өзi жүргiзуге құқылы.

Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде анықтау органы қылмыстық iс қозғауға және қылмыстың iзiн анықтау мен бекiту жөнiндегi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн: қарауды, тiнтудi, алуды, куәландыруды, сезiктiлердi ұстау мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды жүргiзуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық iс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.

Кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.

Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс-әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын жүргiзуге, тергеушiге нәтижелер туралы хабарлауға мiндеттi.

Енді, тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiне тоқталайық:

1. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн түсiндiредi.

2. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.

3. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.

4. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.
5. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға құқылы.

1. 2. Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы

Отандық құқықта қылмыстық ізге түсу функциясы Конституция деңгейінде тұңғыш рет орнықтырылып, оның 83 - бабында прокуратура, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады деп белгіленген. Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу (айыптау) - «қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай -ақ мынадай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» деп түсіну қажет (ҚIЖК 7 - бабының 14 тармағы) .

Айыптау тарабына немесе қылмыстық ізге түсу субъектілеріне прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы және жәбірленуші, азаматтық талапкер, олардың өкілдері жатады (ҚIЖК 7 - бабының 12, 14 тармақшалары) . Осы нормада белгіленген жағдайға сәйкес, заң шығарушы, айыптау мен ізге түсуді бір ұғым ретінде қарастырған. Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде де бұл түсініктемелер синоним ретінде қолданылған, бірақ, көбінесе, қорғау мен айыптауды дұрыс ажырату үшін «айыптау» ұғымы қолданылады. Айыптау - қылмыс жасыған тұлғаны анықтау, оған әділ жаза қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған процесуалдық іс - әрекеттердің жиынтығы.

Бір қатар авторлардың пікірі бойынша, қылмыстық ізге түсу - жасалған қылмыс бойынша сезікті және айыпталушы тұлғаларды анықтауға бағытталған процессуалдық қызмет. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстық ізге түсу, сезікті және айыпталушының ізіне түсумен байланысты. Ізге түсудің алдында атқарылатын қызмет, соның ішінде қылмыс фактісі бойынша қылмыстық істі қозғау, қылмыс жасаған тұлға белгісіз болғанда оны анықтау, ізге түсу құрамына кірмейді. өз кезғарасын жалғастыра, А. П. Гуляев, ізге түсудің осындай анықтамасы оның мазмұнын ашпайды дейді. Егер, сезікті және айыпталушы орнында кінәсіз адам болса, оның ізіне түсу емес, оны қорғау қажет. Сондықтан, қылмыстық ізге түсу басталу уақыты деп:

1. қылмыс жасаған тұлға белгілі болғанда оған қатысты қылмыстық істі қозғау уақытын;

2. тұлғаны, жасалған қылмыс бойынша сезікті ретінде тарту уақытын;

3. айып тағудан бұрын бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда, шараны қолдану уақытын;

4. тұлғаны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулысы шығарылған жағдайда қаулыны шығару уақытын. / 13; 16/

Б. Х. Төлеубековтың пікірі бойынша қылмыстық ізге түсу функция субъектілерінен, императивті маңызды арнаулы өкілеттігі бар қылмыстық ізге түсу органдарын ажырату білу қажет. /32; 161/

Қылмыстық ізге түсу органдарына прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы жатады. Жоғарыда аталғандай сот ізге түсу органдарына жатпайды. Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай - ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы Прокуратура туралы» Заң күші бар Жарғының 46 - бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді сотқа дейінгі кезеңдерде жүзеге асырушы прокурор:

оқиға болған жерде қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай - ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс - әрекеттер жасауға хақылы;

қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;

анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді береді;

заңда көзделген жағдайда тергеу, анықтама сондай - ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне санкция береді;

жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысады;

қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізеді;

істі сотқа жібереді.

Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.

Қылмыстық ізге түсуді тергеушінің, анықтау органының, анықтаушының жүзеге асыруының прокурор қызметінен айырмашылығы - прокурор қылмыстық ізге түсуді заңдылықты қадағалау міндеттерін шешумен ұштастырады. Сонымен бірге, аталған органдардың қызметі негізінен қылмыстық ізге түсуге бағытталған. Басқа барлық функциялар олар үшін екінші дәрежелі сипатта болады. Қылмыстық ізге түсу істі тергеу функциясына жақын жанаса отырып, онымен үйлеспейтінін ескеру қажет. Осы екі функцияны жүзеге асыру үшін анықтаушы, тергеуші, прокурор уәкілеттіктерінің іс жүзінде бірдей екені қылмыстық іс қозғау қылмыстық ізге түсу басталғанының дәлелі болып табылатынын тіпті де білдірмейді. Басты айырмашылық мынада: қылмыстық ізге түсу қылмысқа қатысты емес, ал қылмыс жасаған адамға қатысты жүзеге асырылады. Демек, қылмыс жасаған адамды анықтамастан қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсу немесе қылмыстық ізге түсуді қозғау басталғанының дәлелі болып табылмайды. Адам тек қылмыс жасағанының белгілері бар жағдайда ғана қудаланады. Қылмыстық ізге түсу адамның кінәлі екені жөніндегі ұғыммен өзара байланысты.

Осы ғасырдың 50- жылдарының аяғы мен 60- жылдарының бас кезінде ғылымда буржуазиялық құқық, батыс құқығы жария еткен нәрселердің бәріне барынша бас тартуға ұмтылушылық тән болды. Бұл тенденция қылмыстық сот ісін жүргізу функцияларының проблемаларын да орағытып өткен жоқ. Мәселен, кеңестік қылмыстық процеске қылмыстық ізге түсу функциясының тән екенін көрсеткен М. С. Строговичтің көзқарасы қатты саналады. Ол қылмыстық ізге түсу - тергеушінің (немесе анықтау органының) және прокурордың айыптаушы ретінде қылмыстық жауапқа тартылған белгілі бір адам жөніндегі, ол адамның қылмыс жасағанын әшкерлеуге, оның кінәлі екенін көрсетуге, оған лайықты жаза қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі екенінжазған болатын. Белгілі бір адамды айыптаушы ретінде іске тарту актісі қылмыстық ізге түсуде қозғау актісі болып табылады. Одан әрі қылмыстық ізге түсудің қозғалуын ешбір жағдайда қылмыстық іс қозғалуымен шатастыруға болмайтының атап көрсеткен еді. /25; 65/

Дәлелдің бірі ретінде сыншылар алдын ала тергеу мен анықтама жүргізу барысында айыптаушыны әшкерлейтін ғана емес, сондай-ақ оны ақтайтын жағдайлар анықталуға тиіс екені туралы ережені келтірді. Заңдағы бұл талап сонымен бірге буржуазиялық құқық категориясы болып табылатын қылмыстық ізге түсу функциясының мәніне қайшы келеді. Бұған қоса, қылмыстық ізге түсу функциясы идеяларының қарсыластары сотта іс жүргізуге қатысушылардың процестегі құқықтық жағдайына қарамастан заңдардың сақталуын қадағалауға тиісті прокурордың «бейтараптылығын» дәлелдеуге тырысты.

Пікірталас тұйыққа тіреліп, 60-жылдардың бас кезінде ғылымда соцалистік үлгіде қылмыстық процесте ешқандай функциялардың жоқ екені туралы көзқарас орын алды. Пайымдау буржуазиялық құқық институттары социалистік құқыққа жат, сондықтан оларды зерттеу мен дамытуға болмайды деген бұрынғы схемаға негізделді. Атап айтқанда, С. А. Голунский былай деп жазды: « . . . іс жүргізу функцияларының тұжырымдамасы, яғни істің жағдайларын зерттеудің жан - жақтылығы деген терминмен әлдеқайда жеңілірек және дәлірек білдіретін ұғымды тек күрделендіре білдіруді көздейді, яғни, егер әлдебір басқа нәрсені білдіретін болса, ол зеріттеудің жан - жақтылығы мен әділділігінің негіздердегі 14 - бапта жазылған принципіне сәйкес келмейді» /7; 130-131/ (КСР Одағы мен одақтас республикалардың сотта қылмыстық іс жүргізу негіздері жайында айтылып отыр) .

Бұл көзқарасты М. А. Чельцов пен Д. С. Карев сынап, қылмыстық іс жүргізу құығы жүйесінде үш функция бар екенін жазды: 1) айыптау; 2) қорғау; 3) істі шешу. Бұл ретте «айыптау» мен «қылмыстық ізге түсу» тең мағналы терминдер деп түсініледі. «Айыптау» термині КІЖК терминолгиясымен сәйкес келгендіктен теоретиктер мен практиктер арасында кеңінен танылды.

Қазақстан Республикасы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясы қаралып отырған проблема шеңберінде терең ғылыми іздестірулер жүргізу үшін жаңа серпін алды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституцияның 83- бабында былай делінген: « . . . Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай - ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады». Сол арқылы қылмыстық қуғындау функциясы, басқаша айтқанда - айыптау функциясы қылмыстық сот ісін жүргізуде заңды түрде орнықтылған.

Сонымен, қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері мынадай:

іс-әрекеттің қылмыстық заңда қылмысты деп, қылмыстық жаза қолдануға лайықты деп танылуы;

қылмыстық істі тоқтату, қылмыстық ізге түсуді тоқтату негіздерінің жоқтығы;

адамның кінәлі екенін қуаттайтын қажетті дәлелді базаның болуы.

Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық ізге түсудің үш нысаны көзделген:

қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру (КІЖК 33-бап) ;

қылмыстық ізге түсуді жеке - жариялы түрде жүзеге асыру (КІЖК 34-бап) ;

қылмыстық ізге түсуді жариялы түрде асыру (КІЖК 32-бабының 4 -бөлігі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі айыптаудың түрлері
Қылмыстық процестегі айыптау
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
Қылмыстық ізге түсудің негіздері
Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі
Қылмыстық ізге түсу түрлері
Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz