Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... .3
1 ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қыпшақ тайпаларының шығу тегі және қыпшақ этнонимінің мәні мен
мағынасы ... ... 11
1.2 Қыпшақ хандығының құрылуы, мемлекеттік құрылысы және олардың ру-
тайпалық құрамы ... .20
2 ҚЫПШАҚТАР МЕН ХОРЕЗМ МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
2.1 Хорезм мемлекеті және олардың қыпшақтармен байланысы (ХІ-ХІІ
ғасырлар) ... ...31
2.2 Моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақ және Хорезм арасындағы саяси
қарым-қатынастары тарихы ... ... ..43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ...55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ..58
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тарих дегеніміз халықтың зердесі.
Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей,
бүгінгі немесе қазіргі орын алып отырған қандай да бір билікке
жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны
бүкіл қайшылықтарымен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай
болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.
Қазақ халқының тарихы, оның мемлекеттілігінің тарихы ерте
кезеңнен басталып, үйсін, қаңлы мемлекеттік үрдісінен кейін Батыс
Түрік, Түркеш қағанаттары, Оғыз, Қыпшақ және тағы басқа да
хандықтар жалғастырған болатын. Бұлардың барлығының мемлекеттік құрылымы,
мемлекет басқару жүйесі, этномәдениеті мен салт- дәстүрі,
шаруашылығы бір-біріне аса ұқсас болды. Ежелгі түркілердің мемлекеттік
біртұтас, бір-бірімен сабақтас үрдісі қазірге дейін үзілмей келеді.
Таяу және Қиыр Шығыстың ежелгі өркениеттерінің тұрғындарын солтүстік
далалардан келетін хабарлар ерекше толғандырып үрейлендіретін. Бізге дейін
жеткен ежелгі заман жазбаларындағы аңыздарда олар туралы
өздеріне Ұлы далада өмір сүрген кентаврлар, қаһарлы салт аттылар туралы
әңгімеледі. Библияда олар гогтар және магогтар, қасиетті Құран-кәрімде –
йаджуд және маджуд, ал Қытай аңыздарында – жұндар, дилер, сюннулар немесе
динлиндер деп аталды. Бұлардың барлығы үнемі оңтүстіктегі жер өңдеушілерге
жолындағыны жайпап өтетін апат, үлкен жұт ретінде елестеді.
Далалықтар немесе көшпенділердің алдындағы қорқыныштың күштілігі
соншалық, олардан солтүстік пен батыс бағыттарынан қорғану
мақсатында еңбекқор қытайлықтар б.з.б. ІІІ ғасырда Ұлы Қытай
қорғанын тұрғызды. Алайда тарихтың өзі куә болғанындай ешқандай
да дуалдың көшпенділерді тоқтата алмағандығын көрсетті. Бірақ,
тарих тағы да мына нәрсені анық көрсетті, ол дала тұрғындары өздері
құрамдас бөлігі болып табылатын адамзаттың барлығын қырып- жоюға
ешқашан ұмтылмағандығы. Бұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында
атты еңбегінде: Түркі халықтарының әлемдік өркениетке қосқан үлестерін
дәлелдеу арқылы жалпы түріктік рухани негіздегі қасиетті
қазыналар жасалған, – деп анық та айқын атап көрсете келе, –
қазақ халқы осы жерге әлдеқалай отаршылдық немесе басқыншылық
жолмен келмеген. Қазақтардың тарихи тек- тамыры мейлінше
тереңде. Ондай тек-тамыр алғашқы Қазақ хандығы құрылған кезеңмен әсте
шектелмейді. Қазақтардың тарихи тұрақтылығы, төл этногенетикалық
аумағына бауыр басуы әртүрлі тарихи кезеңдерде айрықша рөл атқарған [1],
– деген пікір айтып, қазақ халқы көнеден келе жатқан, бірнеше
мыңдаған жылдық тарихы, мәдениеті, тілі бар ұлт ретінде қарастырады. Әрине,
оның бір шеті біздің диплом жұмысымызға арқау болып отырған қыпшақтарға
барып тіреледі. Бұдан шығатын қорытынды, түркі халықтары, соның ішінде
қыпшақтар адамзат өркениетінің бір бөлігі болып табылады және оған белгілі
дәрежеде өз үлестерін қосты, оны байытты.
Ерте ортағасырларда, ХІ ғасырдан бастап тарихшыларға парсы
тіліндегі Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) деген атпен мәлім Ұлы
Даланың орталық бөлігі айрықша танымал болды. Олар Ежелгі
Русьпен, Жетісудағы Қарахан мемлекетімен және біздің зерттеу жұмысымыздың
негізгі зерттеу объектісі болып отырған Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен
саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар орнатты. Екі елдің
арасындағы байланыстар бірде бейбіт, бірде шиеліністі жағдайда болғанымен,
ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтардың белгілі бір бөлігі Хорезм шахының
билігін мойындауға мәжбүр болды. Ал екі мемлекеттің арасындағы ұзаққа
созылған талас-тартыс 1219 жылы Шыңғысханның жасаған шапқыншылығынан
тоқтады, яғни бір- бірімен соғысып жүргенде Шығыстан келген
моңғолдардың оңай олжасына айналды.
Алайда, қыпшақтар Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс және Орталық
Еуропаға жаппай баса көктеп енген моңғолдардың түркілену процесінде ерекше
рөл атқарды. Олар қазіргі көптеген түркі тілдес халықтардың қалыптасуына
негіз болды, атап айтсақ – татарлар, башқұрттар, өзбектер,
қырғыздар, қарақалпақтар, оңтүстік алтайлықтар және т.б. Әрине, қазақ
халқының этногенезінде, оның халық болып қалыптасуында қыпшақтардың алар
орны айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, біздің тіліміздің,
мәдениетіміздің қалыптасуына да қыпшақтар маңызды рөл атқарды. Осының өзі,
біз қарастырып отырған тақырыптың, яғни орта ғасырлардағы
қыпшақтар мәселесінің, нақтылап айтқанда ХІ- ХІІІ
ғасырлардағы Қыпшақ-Хорезм қарым-қатынастыры отандық тарихнамада аса
маңызды, аса күрделі, әрі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Себебі, осы проблеманы қарастыра отырып, біз моңғол
шапқыншылығы алдындағы Қазақстан мен Орта Азияда болып
жатқан саяси процестерді, моңғолдардың аталған аймақтарды неге
оңай жаулап алғандығын терең әрі жан-жақты түсінуге септігі мол.
Ал бұның өзі, жоғарыда айтып өткеніміздей халқымыздың төл тарихын
білу деген сөз
Тақырыптың зерттелу деңгейі (тарихнамасы). Қыпшақтар және
олардың Хорезм мемлекетімен қарым-қатынастары мәселесі турасында алғашқы
зерттеулер ХҮІІІ ғасырда орын алды. Әлбетте, бұл проблемада орыс
зерттеушілері алғашқылардың бірі болып көңіл аударды. Олардың
қатарында В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, С.М. Соловеьев, В.Г. Василевский,
П.В. Голубовский сынды тарихшылар мен ориенталистер (шығыстанушылар деген
мағына береді, яғни шығыс халықтарының тарихын зерттеушілерді осылай
атаған) болды. Аталған зерттеушілер қыпшақтардың (половецтердің) тарихын
Киев Русінің тарихымен тікелей саяси, экономикалық, этникалық,
мәдени байланысы тұрғысынан қарастырып, сонымен қатар олардың басқа да
халықтармен байланысын зерттеді. Әлбетте, соның ішінде Қыпшақ-Хорезм
қатынастары да олардың назарынан тыс қалмады. Н.М. Карамзин қыпшақтардың
қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды [2].
1884 жылы П.В. Голубовскийдің Печенеги, тюрки и половцы
до нашествие татар деген еңбегінің маңызы орасан [3]. Оның бұл
зерттеуі қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ және осы
мәселеге қалам тартқан тарихшыларға бағыт-бағдар ретінде танылды.
Еңбекте мынадай мәселелер қарастырылған: бірінші, орыстар мен
половецтер арасындағы әскери қақтығыстар. Бұнда автор көптеген
зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан жабайы көшпенділер
тек тонаушылық мақсатта соғыстар жүргізген деген көзқарастан бойын
аулақ ұстап, мәселеге кәсіби және өркениеттілік тұрғысынан келген.
Сонымен қатар, екі елдің арасында да бейбіт қатынастар болып,
нәтижесінде сауда және мәдени, елшілік, неке байланыстары жүзеге асқандығын
алғашқылардың бірі болып дәлелдейді. Екінші, моңғол шапқыншылығы
қарсаңындағы қыпшақтар мен Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен арадағы саяси,
экономикалық, мәдени қатынастарына бірашама көңіл бөледі.
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде көрнекті шығыстанушы И. Маркварт өзінің
танымдық деңгейінің жан-жақты болуымен ерекшеленді. Оның Шығыс Еуропа
елдерінде мұсылман мәліметтерін және олардың орта ғасырлық байланыстарын
талдауға әрекет жасалуына байланысты түрік тайпалары
тарихына алғашқылардың бірі болып жүгінеді. Проблеманы жол-жөнекей
зерттеумен шектелмей, зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған
қыпшақтар мәселесіне және олардың көрші елдермен байланыстары мәселесіне О
народах команов атты арнаулы монография арнап [4], онда сюжеті жөнінен әр
алуан сипатты және тілі жөнінен алуан түрлі жазбаша
деректемелер негізінде Еуразияның далалық өңірінің халықтары мен
тайпаларының тарихы жөніндегі проблемаларды кең көлемде қозғады.
Бірақ, қыпшақтардың бір тармағы болған еуропадағы командар туралы
зерттеуінде фактологиялық қателер мен күмән келтіретін мәліметтер көп орын
алды. Сондықтан кейіннен ғылыми айналымға қосылған жазба деректердің
ашылуымен оның еңбегі өз маңызын біршама жоғалтып алды, нәтижесінде
бүгінгі таңда ол толықтыруды қажет етеді.
Академик, атақты шығыстанушы В.В. Бартольдтың еңбектерінде, әсіресе
Түркістан моңғолдар шапқыншылығы дәуірінде зерттеуінде Хорезм
мемлекеті мен қыпшақтар арасындағы саяси қарым- қатынастар
кеңінен әрі толыққанды, жан-жақты көрініс тапты [5]. Осы іргелі
еңбегінің бірінші бөлігі (деректемелерден үзінділер) болып шығарылды, ал
1900 жылы зерттеудің өзі басылып шықты. Шыңғыс- хан және
моңғолдар деген соңғы тарау Түркістан (Қазақстан мен Орта Азия)
тарихының орта және соңғы ортағасырлардағы кезеңіне арналған. Көптеген
еңбектері Таяу және Орта Шығыс елдерінің тарихына қатысты болса да, орыстың
шығыстану мектебінің аса көрнекті өкілі, академик (1913 жылдан)
В.В. Бартольд өзін-өзі көбінесе Орта Азия тарихшысы деп атаған
[6].
В.В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихын
бір жүйеге келтіріп белгілеген кезеңдері тарих ғылымына қосқан сөзсіз үлесі
болып табылады және ол негізгі белгілері жағынан Шығыстың тарихнамасынан
берік орын алды. В.В. Бартольдтің еңбектері ортағасырлық Қазақстан тарихын,
сонымен бірге қыпшақтар мәселесін зерттеуде көп жағынан негізге алынады.
Д.Г. Савиновтың зерттеуінде Оңтүстік пен Батыс Сібірді
мекендеген түркі халықтарының этногенезіне қыпшақтардың тигізген
әсері қандай дәрежеде болғандығы және қыпшақ-моңғол, қыпшақ-
хорезм қатынастары анықталған [7]. Ал, өзбек ғалымы К.Ш. Шаниязов
К этнической истории узбекского народа деген зерттеуі тарихи-
этнографиялық мәліметтерге негізделген және біздің зерттеу
тақырыбымызға тікелей қатысты [8]. Ол Ежелгі Мауереннахр
жеріндегі отырықшы аймақты мекендеген халықтар Шағатай
ұлысының құрамына кіріп, өзбек халқын қалыптастыруда қыпшақтардың бірден-
бір маңызды орын алатынын тұжырымдайды. Сонымен қатар, моңғол
шапқыншылығынан кейін Дешті Қыпшақ даласын мекендеген қыпшақтарының бір
бөлігі Орта Азияға кетіп, онда жергілікті отырықшы халықпен
сіңісіп кетті деп пайымдайды. Әрине, аталған зерттеу еңбегінде
моңғол шапқыншылығына дейінгі Шығыс Дешті Қыпшақ (Қыпшақ хандығы)
пен Мауереннахр (Хорезм мемлекеті) арасындағы саяси қатынастарға да терең
тоқталып өтеді.
Соңғы 20-30 жылда қыпшақтар тарихын зерттеуде біршама
алдыға жылжушылық болды. Себебі қарастырып отырған кезеңге
қатысты көптеген араб, парсы деректері ғылыми айналымға қосылды.
Осы салада өте көп еңбек сіңірген қыпшақтанушы Б.Е. Көмековтың
есімін ерекше атауға болады. Оның Арабские и персидские
источники по истории кыпчаков ҮІІІ-ХІҮ вв. деген зерттеу монографиясы
қыпшақтану мәселесінде саяси, этникалық, экономикалық және
мәдени тарихының шешілмеген тұстарын ашуға, сонымен бірге
көрші халықтармен байланысын айқындауға үлкен ықпал жасады [9]. Аталған
еңбегінде Б.Е. Көмеков Хорезм шахтарының қыпшақтарға қарсы
үздіксіз жүргізген шапқыншылықтарының себебін ашып көрсетеді.
Яғни, Хорезм билеушілерінің негізгі мақсаты Ұлы Даланы мекендеген
қыпшақтарды мұсылман дініне кіргізу болатын. Бұл тұжырымды зерттеуші
араб және парсы деректерін зерттеу барысында жасаған болатын.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарда тарихшылардың күш-жігері
бірқатар бағыттарға: Қазақстанның тарихи географиясына (көне
заманнан ХҮІІІ ғасырға дейінгі), қазақ халқының этногенезі мен
этникалық тарихына, көшпелі мал шаруашылығының генезисіне, отырықшы
егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығының арақатынасы мен өзара
тығыз байланысына қатысты ең маңызды көкейкесті проблемаларға
шоғырыландырды. Әрине, осы айтылғандардың ішінде соңғы мәселе
қыпшақ-хорезм қатынастарын да қоса қамтиды. Осыған байланысты З.М.
Буниятовтың кітабында хорезмшахтар Ануштегіндердің (Хорезм шахтарының
шыққан әулеті. Мысалы тарихтан белгілі Ахеменидтер, Сасанидтер,
Шайбанилер, орыстардың Романовтар әулеті сияқты)
қыпшақтармен саяси және мәдени араласуы Шығыс
деректемелерінің көптеген нақты материалдары арқылы көрініс тапты [10].
Сонымен қатар, нақ осы ХІ ғасырдың аяғы – ХІІІ ғасырдың
басындағы хорезм-қыпшақ қатынастары тақырыбын, С.М.
Ақынжанов Қазақстанның ортағасырлық қыпшақтарына арналған монографиялық
зерттеулерінде едәуір толық, жан-жақты талдап шешті [11-
12]. Ол қыпшақтардың этносаяси тарихының ішіндегі ең күрделі
сұрақтардың бірі олардың шығу тегі, шаруашылығы және этнографиясы
мәселелерін де қарастырды. Сонымен бірге, еңбекте қыпшақ және
қимақ этнонимдерінің арақатынасы туралы мәселеге назар аударылды.
Қазақстан тарихындағы орта ғасырлардағы қыпшақтар мәселесі,
соның ішін Қыпшақ-Хорезм қарым-қатынастары өз зерттелу тарихында күрделі
дамуды бастан кешкендігін байқаймыз. Дегенмен барлық мәселе шешімін тапты
деген пікір тумауы керек, өйткені әлі зерттеуді қажет ететін
тұстары баршылық. Ол қыпшақтардың қазақтардан басқа түркі тілдес
халықтардың қалыптасуына қаншалықты дәрежеде ықпалын тигізді,
қыпшақтардың Еуропадағы тарихи тағдыры қалай дамыды және т.б.
мәселелер.
Тақырыптың деректік қорын біздің заманымыздың ҮІІ-ҮІІІ ғасырларында
ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден
табылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері құрайды және олардың құны баға
жеткісіз [13]. Бұларда түрік қоғамындағы, соның ішінде біздің зерттеу
тақырыбымызға негіз болып отырған қыпшақтардың шығу тегі, этникалық,
әлеуметтік және мәдени үрдістері туралы жат жерлік байқаушылар жазған
(мысалы қытай деректері) мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл түсінік
береді.
Жалпы қыпшақ тайпаларының тарихы және олардың көрші елдермен
этносаяси байланыстары туралы араб-парсы жазба деректерінің маңызы зор.
Оларда келтірілген мәліметтер мазмұны жағынан өте құнды.
Сонымен оларға ІХ-ХІІІ ғасырлар кезеңінде жазылған араб саяхатшысы Тамим
ибн Бахр ал-Мутавваидың Жазбалары, Ибн Хордадбектің Китаб ал-масалик уә-
л-мамалик (Жолдар мен мемлекеттер кітабы) атты еңбектері жатады [11, 17-
19 бб.]. Себебі, бұл кездері Араб халифаты дүниежүзін жауласа, сонымен
қатар ислам дінінің пайда болуымен Аравия ғылымның, білімнің,
мәдениеттің ошағы болғандығымен түсіндіріледі.
ХІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихи шығармалардың да қыпшақтар мәселесінде,
олардың Хорезм мемлекетімен күрделі қарым- қатынастары
мәселесінде маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Бұлардың қатарында
ең негізгілері болып, Ибн ал-Асирдің (1160 жылы туған) көп томдық
Ал-Камил фиттарих (Тарихтың толық суреттемесі) [4, 43-44 бб.], Ала
ад-дин Атамәлік Жувейнидің (ХІІІ ғ.) Тарих-и Джахангушай (Әлем
жаулаушысының тарихы) [11, 36 б.], Фазлаллах Рашид-ад-диннің (ХІҮ ғасырдың
басы) Джами-ат-тауарих (Жылнамалар жинағы) деген шығармаларын айтуға
болады [14].
Бұлардан басқа Шығыс Еуропалық және Алдыңғы Азия мемлекеттерінің
оқымыстыларының деректері жатады. Атап айтсақ, грузин тарихшылары Леонти
Мровелидің (ХІ ғ.) История грузинских царей – первых отцов и
родственников және Жуаншердің Жизнь царя Вахтанга Горгасала атты
еңбектері жатады [11, 41-42 бб.].
Итальян монахы Плано Карпини мен француз монахы Вильем Рубруктың ХІІІ
ғасырдың ортасында Моңғол империясының орталығы Қарақорымға сапары кезінде
Дешті Қыпшақты басып өткені белгілі. Сондықтан олардың жазбаларында қыпшақ
тайпалары туралы және қыпшақ-моңғол, қыпшақ-хорезм арасындағы байланыстары
жөніндегі құнды мәліметтер өте көп [15].
ХІХ ғасырдың орта шенінде Н.Я. Бичуриннің (Якинф) қытай
жазба ескерткіштерінің ертедегі Орталық Азия халықтары туралы
мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс
болды [16]. Онда түркі тайпалары, соның ішінде қыпшақтар тарихы
жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Сонымен қатар, қазақ халқының
шежіресін жазған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбегінің де
қыпшақ тайпаларының Хорезмшахтарымен жүргізген соғыстары, экономикалқ
байланыстары туралы мәліметтерінің деректік маңызы зор [17].
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақ халқының негізгі ұйытқысы болған
қыпшақ тайпаларының шығу тегі, мемлекеттілік мәселелері, әсіресе
зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған Хорезм мемлекеті арасындағы саяси
қатынастар тарихын зерттей отырып, аталған мәселелерді терең
меңгеру және қыпшақтардың орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында алатын
орнын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін, ізденуші диплом жұмысын жазу
барысында алдына төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
1) Тақырыптың деректік қорын анықтау, жүйелеу және оларды терең
меңгеру;
2) Қыпшақтар мәселесі бойынша және олардың көрші мемлекеттермен арада
жүргізілген этносаяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастары туралы
зерттеу жұмыстарын жүргізген тарихшы-ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау,
яғни мәселенің тарихнамасына көңіл аудару;
3) Дерек және зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, қыпшақ тайпаларының
шығу тегін айқындау;
4) Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру;
5) Қыпшақ конфедерациясының құрамына кірген ру-тайпалардың
тізімін анықтап, олардың мемлекеттің иерархиялық реттік орны бойынша
орналасуын анықтау;
6) Хорезм мемлекетінің қалыптасуы мен күшеюі кезеңіндегі саяси
тарихын қарастыру;
6) ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында Орта Азияда ең күшті мемлекет болған
Хорезмшахтары мен қыпшақтар арасындағы қарым-қатынастар тарихына, оның
себептері мен нәтижелеріне талдау жасау.
Диплом жұмысының мерзімдік шегі Қыпшақтардың сир (Орхон-Енисей
ескерткіштерінде)) немесе сеяньто (қытай деректерінде) атауымен тарих
сахнасына шыққан ҮІ ғасырлардан басталады. Бұл кездегі олардың
тарихы Орталық Азияда болып жатқан этносаяи оқиғаларға белсене
араласа бастауымен сипатталады. Атап айтар болсақ, түріктермен,
ұйғырлармен, қытайлармен терезесі тең саяси қатынастар жасау
тұрғысынан айқындалды. ҮІІІ ғасырда Қазақстан территориясына
түпкілікті қоныстанған қыпшақтар Қимақ конфедерациясының құрамына кіріп, ХІ
ғасырда өз мемлекетін құрды. Шығыста Ұлы Қытай қорғанынан батыста Дунайға
дейінгі Ұлы Далада өмір сүрген көптеген түркі тілдес тайпалармен
ассимилияцияға түскен қыпшақтар, Еуразия континентіндегі халықтар тарихына
айшықты ізін қалдырды. Жұмыс барысында жоғарыда айтқан ҮІ
ғасырдан бастап, зерттеу жұмысымыздың негізгі өзегіне айналып отырған ХІІ-
ХІІІ ғасырлардағы Қыпшақ-Хорезм мемлекеттері арасындағы этносаяи,
шаруашылық-экономикалық және мәдени байланыстарды қарастырып, Шыңғыс хан
шапқыншылығы нәтижесінде Қыпшақ хандығы және Хорезм мемлекеті құлаған ХІІІ
ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.
Дилпом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден (онда тақырыптың
өзектілігі, тарихнамасы, деректік негіздері, зерттеу барысында ізденушінің
алдына қойған мақсаттары мен міндеттері анықталды), екі тараудан, қорытынды
бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорытынды бөлімде жұмысты жазу барысында қол жеткізген нәтижелер мен
ой-тұжырымдардың жиынтығы қысқаша баяндалып өтілді, яғни жұмыс
қорытындыланды

1.1 Қыпшақ тайпаларының шығу тегі және қыпшақ этнонимінің мәні
мен мағынасы
Қыпшақ тайпаларының этносаяси тарихындағы көптеген проблемалардың бірі
әрі бірегейі, әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе олардың шығу тегі
немесе этногенезі. Бұл мәселе ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда пайда болған ерте
кезінің өзінде-ақ орыс және европалық ғалым-тарихшылардың назарын өзіне
аударған болатын.
Көптеген зерттеушілер, солардың ішінде орыс тарихшылары
В.В. Татищев, Н.М. Карамзин және т.б. қыпшақтарды түркі тілдес
халықтар деп санады. Нақ осы ұстаным, бұл көзқарас ХІХ ғасырдың аяғы
мен ХХ ғасырдың басында Н.А. Аристовтың, В.В. Бартольдтың,
В.Ф. Минорскийдің, сонымен қатар қыпшақтар тарихын терең зерттеген
қазақ тарихшысы С.М. Ақынжановтың еңбектерінің нәтижесінде одан әрі беки
түсті.
Сонымен, қыпшақ тайпаларының шығу тегіне тоқталмас бұрын олардың, яғни
қыпшақ этнониміне байланысты мәселеге көңіл аударуды жөн деп
санаймыз. Сонда қыпшақтардың этногенезі туралы проблема өзінен-өзі туындап,
мәселе объективті түрде қарастырылады және өз шешімін табады.
Қыпшақ этнонимінің ерте кезеңде пайда болғандығы ғылымда басы ашық нәрсе.
Орыс ғалымы, синолог А.Н. Бернштам қытай
жылнамаларына алғаш рет назар аударды. Атап айтар болсақ,
ол қытай тарихшысы Сыма Цянның (б.з.б. ІІ ғасырында өмір сүрген)
Тарихи жазбаларындағы (Ши-цзи) ғұн шаньюі Моденің
солтүстіктегі Енисей қырғыздары, динлиндер және цюйше халықтарына
жаулаушылық соғыстар жасады [18] деген мәліметті басшылыққа
алады. А.Н. Бернштамның пікірінше, бұндағы цюйше (кюйше) этнонимі
ескі қытай иероглифінде беріліп, ол қыйшақ деп оқылуы және
нақ осылай естілуі керек дей келе, бұл қыпшақ атауының ең
алғашқы пайда болған кезі деген тұжырым жасайды [18, 55-58
бб.]. Бұндай пікірді көптеген зерттеушілер қолдады [19; 20; 21]. Алайда,
орыс түріктанушысы С.Г. Кляшторныйдың бұл пікірге күмәнмен
қараған: Қытай тарихшысы Сыма Цянның (б.з.б. ІІ ғасыры) айтқан
жоғарыдағы цюйше тайпасын қыпшақ деп реконструкция жасағанмен, ол
түркі тілдерінің фонетикалық заңдылығына сай келмейді, - деген
пікірін С.М. Ақынжановтың еңбегінен анық көреміз [10, 46 б.].
Осы айтылған соңғы тұжырымға қосылуға болады, өйткені цюйшелердің өмір
сүрген кезі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) мен қыпшақ тайпаларының тарих сахнасына
шығуы (ҮІ-ҮІІ ғғ.) арасында біршама уақыт алшақтығын байқаймыз.
Тарихи деректерге, соның ішінде түркілердің төл туындысы
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі мәліметтерге сүйенсек, қыпшақ
атауы нақты түрде ҮІІІ ғасырдың ортасында пайда болғандығына
көз жеткіземіз. С.Г. Кляшторныйдың мәліметі бойынша қыпшақ
этнонимі Селенгі тасындағы жазуларда көрініс тапқан [22].
Тас ескерткіштердегі келтірілген жазуларда түріктер елінде және
оларға бағынышты аумақтарда билік басындағы тайпалардың қатарында
түріктер мен қыпшақтар айтылады. Әлбетте, екі тайпаның контексте
қатар айтылуы олардың саяси одақ құрғандығын және әскери
бірлікте болғандығын көрсетеді. Себебі 744 жылы Елетміш Білге-
қағанның басшылығымен ұйғырлар Екінші Шығыс Түрік қағанатын құлатып,
Орталық Азияда (Моңғолия) Ұйғыр қағанатын құрды. Нәтижесінде түріктер мен
қыпшақтар елу жылдай уақыт бойы ұйғырлардың қол астында болды.
Құдіретті екі халықтың одағы, яғни түріктер мен қыпшақтардың,
шындығында да 726 жылдары шамасында жазылған Тоныкөк ескерткішінде
айтылады. Алайда, бұл жерде қыпшақ атауы сир деп
беріледі. Ал 735 жылы Білге-қағанның (716-733 жж.) құрметіне орнатылған
құлпытаста қыпшақтар (бұнда да сир деп айтылады) түріктерден кейінгі
ретке орын теуіп, оғыз тайпаларының алдына орналасқан. Бұдан
байқайтынымыз қыпшақ тайпаларының барлық түркі тайпаларының
иерархиясында жоғарғы орында тұрғандығын анық көрсетеді.
Түркі қағанатындағы билікте болған тайпалық одақтарды руникалық
ескерткіштердегі мәліметтер арқылы салыстыра келіп, ежелгі түркі
жазуларының ең беделді маманы және білгірі С.Г.
Кляшторный мынадай тұжырым жасаған болатын: Билік басындағы
тайпалардың топтарына түркі ескерткіштері тікелей түріктер
мен сирлерді атап айтса, ұйғырлардың (оғыздар) Шина Усу
ескерткіштері (Селенгі тасы) түріктер мен қыпшақтарды
атайды [22, 153 б.]. Бұл айтылған пікірден мынадай қорытынды
жасауға болады, ол аталған екі жазба ескерткіштердегі түркілермен
билікті бөліскен нақ сол қыпшақ және сир тайпаларын әртүрлі
атаумен аталып тұрған бір тайпа деп нық сеніммен айта аламыз.
Яғни, түрік ескерткіштері – сир этнонимін пайдаланса, ал ұйғыр
ескерткіші – қыпшақ этнонимін қолданған. Сол кезеңдердегі қытай
жазба деректері қыпшақ атауын сеяньто деп жазған болатын.
Сондықтан айтылған екі этноним бір тайпаның атауы ретінде қолданылып
тұрғандығы ешқандай да күмән тудырмайды.
Мәселен, бір халықтың бірнеше атаумен атала беретініне
көптеген мысал келтіруге болады. Ұзаққа бармай-ақ өз халқымызды
мысалға алып көрейік. Қазақ деген атауды бізге көрші халықтар
қойса, ал төл атауымыз Алаш болғандығы белгілі. Көрші жатқан
Күн асты империясының тұрғындары өздерін ханьсу десе,
европалықтар оларды чайна, біздің ата-бабаларымыз шүршіт деп атаған
тұғын.
Қытай хроникалары Орталық Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген
көшпелі тайпалардың тарихы туралы негізгі және жан-
жақты деректер беретіні шындық. Сол себепті қыпшақ тайпаларының
шығу тегі (этногенезі) мәселесін қарастырғанда қытай жазба
деректеріне сүйенеміз. Сонымен Ордос өзенінің шығысындағы далаларды
мекендеген ғұн тайпалық одағының бірі ретінде сеяньто тайпасы туралы
алғашқы мәлімет б.з. ІҮ ғасырынан бастап қытай хроникаларында кездесе
бастайды. Оларды Халатоу шаньюй басқарып, оның қарамағындағы халық
35 мың түтіннен (шаңырақ) тұрды. Бұл мәліметтерді
түркітанушы Н. Кюнер [23], Н.Я. Бичурин [16, 339 б.], С.Г.
Кляшторный [22, 163 б.] сынды зерттеушілер өз еңбектерінде нақты түрде
дәлелдейді.
ҮІ ғасырдың аяғында сеяньто тайпасы Орталық Азияның
шығыс бөлігінің екі жерінде өмір сүрді. Нақтырақ атап көрсететін
болсақ, аз санды бірінші тобы Хангай тауын мекендеп, көрші жатқан
телес тайпалары тарапынан қысымға ұшырайды. Ал өте күшті, қуатты
болып саналатын екінші тобы Тянь-Шань тауының шығыс бөлігі
мен Алтайдың оңтүстік-батыс сілемдері аралығындағы территорияларды
қоныстанып, көшіп-қонып жүрді. Олар алғашында Бірінші Түрік қағанатының
билеушілерінің билігінде болса, кейіннен, яғни аталған мемлекеттің
күйреуіне байланысты Батыс Түрік қағанатының қағандарына
бағынышты болды. Бұл жерде сеяньтолықтардың (қыпшақтар) Алтай
тауының батысына қарай жайылымдық жерлері деп санасақ,
олардың Қазақстан жеріне, далаларына ертеден бауыр басқанын анық
байқатады. Таншу еңбегіне сүйене отырып, аталған
аймақтың Шығыс Қазақстан аумағындағы жерлер, соның ішінде
Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы болғандығын нақты түрде айта аламыз.
Түрік-телес арасындағы қарым-қатынас орнаған алғашқы
уақыттан бастап, телестердің құрамында болған сеяньто тайпасы түркі
қағандарының ерекше назарында болды. Түрік билеушілері олардан
бекер қауіптенген жоқ және қайткен күнде де, кез-келген уақытта
сеяньтолықтарды әлсіретуге тырысты. Мысалы 605 жылы түріктердің қағаны
Шуло телестердің түгелге жуық ұрпақтарын талқандап,
оларға салықтар мен алымдарды көбейтті. Сонымен қоса сеяньтолықтар
мен басқа да тайпаларға сенімсіздік білдіріп, өздеріне көрсетіп
отырған жағымсыз іс-әрекеттерінен қауіптеніп, олардың бірнеше
жүз көсемдері мен басшыларын жинап, барлығын өлтіреді. Бұндай
қатігездікке шыдамаған телелер Шулоға қарсы шықты және көтеріліс жасады
[23, 39 б.]. Екеуінің арасында бірнеше жылдарға созылған күрес алма-кезек
жеңістермен аяқталып отырды. Тіпті кейбір уақытта, қысқа
мерзімдер барысында телестер сеяньто тайпасының маңына топтасып, көрші
елдерге өте күшті қауіп төндіре алатындай өздерінің қуатты бірлестіктерін
құра алды.
Алайда, Батыс түріктердің қағандары ақыр соңында бірқатар
сәтті жасалған жорықтардан кейін басым түсіп, теле тайпаларының
құрамындағы ең ірі тайпа – сеяньтолықтарды бөліп жіберді және
оларды өз жайылымдық жерлерін тастап кетуге мәжбүр етті.
Соның нәтижесінде Инанның басшылығымен 70 мың түтіннен тұратын
сеяньтолықтар Хелли (Ел қаған – 621-629 жж. Бірінші Шығыс
Түрік қағанатында билік құрған) қағанның қол астына көшіп кетті.
Бұл жерде мынадай заңдылық бар, ол көшпелі халықтарда өздерінің
қатігез билеушісіне бағынғысы келмеген болса, онда көрші
жатқан мемлекеттің немесе тайпаның қайырымды әміршісінің қол
астына көшіп кету оқиғасы [24]. Бұл сол кезеңдердегі және кейінгі орта
ғасырлардағы көрсеткен қарсылықтың ең көп тараған түрлерінің бірі.
Мысалы Керей мен Жәнібектің Шығыс Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан
бөліне көшіп кетуі, Моғолстанға баруы немесе Ресейдің отарлауы
кезінде Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Сырдария өңірі қазақтарының Хиуа және
Қоқан хандықтарының территориясына кетіп, солардың боданы
болғандығы т.с.
Сөйтіп, сеяьнто тайпасы Толы өзенінің оңтүстігіндегі байырғы қоныстары
болған жерлерге көшіп, шығыс түрік қағандарының билігіне келіп,
қоластына түседі. Бұнда да олар тыныш өмір таба алмай,
алым-салықтың азабын тартады және оған шыдамай қарулы
көтеріліске шықты. Оларға өз кезегінде қандас, туыстас, түбі бір
түркілерден тараған ұйғыр тайпалары (бұлар да телестердің
құрамында болған белді тайпаның бірі) қолдау көрсетті. Нәтижесінде
үлкен күшке ие болған сеяньтолықтар 627 жылы шығыс түріктерге
күйрете соққы береді. Жығылған үстіне жұдырық дегендей, көп
ұзамай, яғни 630 жылы шығыс түріктерді Тан империясы талқандап,
Бірінші Түрік қағанты өмір сүруін тоқтатады. Бұл саяси мәні зор
оқиға туыстас түрік және сеяньтолықтардың бірігіп, қытайларға қарсы
одақ құруына алып келді. Өйткені қытай өркениеті түркілерге һәм
көшпелі өркениетке мүлдем жат болды және қытайдың ықпалына
түсу деген түркілердің рухани, саяси, экономикалық жағынан, тіпті
халық ретінде құрып кетуіне алып келері сөзсіз еді. Міне, олар осыны
түсінді. Сондықтан бір-бірімен жауласып, соғысып жататын түркі
тайпалары шетелдік жат жұрттықтарға қарсы соғыста тез бірігіп кетіп отырды.
Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан Хангай
таулы қыратындағы түріктердің жайылымдық жерлері үшін сеяньто мен ұйғырлар
арасында бәсекелестік, қарсыластық туындайды. Қытай императорының тікелей
көмегі арқасында Иеншу Білге- қағанның
басшылығымен сеяньто тайпасы жеңіске жетіп, Орталық Азияда жаңа
бір қағанаттың іргесі қаланды. Иеншу Білге-қағанның ордасы Гоби
шөлінің солтүстік жағында орналасты. Қағанат өзінің ең гүлденген кезінде
шығысында – Шивей (Маньчжурия – Н.Ж.), батысында – Алтай тауы, оңтүстікте
– түріктермен, солтүстікте – ғұндардың байырғы қонысы болған
Байкалға дейін созылып жатты [16, 340 б.]. Бұл кезеңде олар
200 мың іріктелген әскер шығара алатын жағдайға жетті [25] және
бұның өзі сеяньтолықтардың қытайға үлкен қауіп-қатер туғызатын мүмкіндік
тудырды.
Тан әулеті, оның дипломатиялық қызметі және барлық әскери шендегі
басшылардың түгелі өздерінің күш-жігерін енді сеяньтолықтарды талқандауға,
жоюға жұмсады. Оның жарқын көрінісі қытайлардың жүргізген жымысқы, алдап-
арбау саясатын жүргізуі болды. Яғни, Иншу Білге- қаған өлгеннен
кейін оның екі баласын – Сехун мен Бачжоны бір-біріне айдап салып,
қағанатты барынша әлсіретті. Тіпті, билік үшін таласта Бачжо өзінің ағасы
Сехунды өлтіреді.
Көріп отырғандай қытайлар сеяньтолықтардың мемлекетін
құлату, құрту үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолданғанын анық көреміз
және жоғарыда айтқан пікірімізге көз жеткізе түсеміз. Сонымен, 646
жылы Бачжоның билігіне наразы болған, оның қол астындағы
телестердің – ұйғыр, пугу, доланге, адйе, си және т.б. тайпалар
Тан императорынан көмек сұрайды. Әсіресе, ұйғырлардың
белсенділігі өте күшті болып, соның барысында сеяньтолықтардың
басым бөлігін қырып-жойып, жерлерін басып алды [25, 56-57 бб.]. Осы
оқиғадан кейін сеяньто тайпалары бірнеше топтарға бөлініп,
жан-жаққа бытырап кетті. Ал 70 мың адамнан тұратын негізгі әрі ең көп
білігі батысқа қарай қашып, қайта күш біріктіруге әрекет
жасайды. Алайда, бұндай хабарды естіген теле тайпаларының
(тоғызоғыздар, ұйғырлар) барлық ақсақалдарын қорқыныш
билейді. Сонымен қатар, қытайлардың билеуші топтары да сеяньтолықтардың
қайта гүлденуінен, күшеюінен қауіптеніп, сеяньто тайпасының қалдықтарын
толығымен жою мақсатында оларға қарсы батыл қимылдарға көшеді. Тан
империясының әскери генералы Ли Цзы Өтікен қойнауының солтүстік
аумағында сеяньто халқының бір бөлігін қуып жетеді және 5 000 адамын
бірден жойып, 30 000 қариялар мен балаларды тұтқынға алып, артынша олардың
барлығын өлтіреді [25, 57 б.]. Бұл оқиға 648 жылы тамыз-қыркүйек айларында
орын алған болатын.
Бірақ та бұл оқиғалардан бүкіл сеяньто халқы қырылып қалды
деген түсінік тумауы керек, тек олардың билігіндегі мемлекеттік
құрылым жойылды. Сонымен, олардың басым бөлігі батыс өлкелерге, яғни
Қазақстан далаларына кетіп, енді бір бөлігі өздерінің бұрыннан қоныстанған
Хангайдағы жерлеріде қалса, тағы бір бөлігі басқа жерлерге бытырап
тарап кетті.
680 жылы шығыс түріктер Құтылықтың (ежелгі түркі
жазбалары бойынша Елтеріс-қаған деген атпен белгілі) басшылығымен
қытайларға қарсы азаттық үшін, тәуелсіздік үшін қарулы күреске
шығып, жеңіске жетеді. Нәтижесінде 50 жылдық үзілістен кейін (630-
680 жж. түріктер қытайлардың қол астында болады) Орталық Азияда
Екінші Шығыс Түрік қағанаты құрылады. Аталған аймақта көшпелі
тайпалар түріктер мен сеяньто арасында жаңа этносаяси бірлестік қалыптасып,
ол ежелгі түркі тілінде түрік сир будун деген терминологиямен белгілі
болды. Тарихшы-ғалым С.Г. Кляшторный екі тайпаның бірге өмір кешкен елу
жылдық тарихын былайша суреттейді: Сирлермен тізе қосып көтеріліске шыққан
олар (түріктер) Тан империясының қаһарлы әрі
күшті қарсыласына айналды. Елтеріс- қаған мен Тоныкөк әскерінің
құрамында болған сирлер 648 жылы Өтікен қойнауында қырғынға
ұшыраған өз руластары мен жолдастарының өлімі үшін ұйғырлардан
кек алады [26]. Түріктермен бірлескен сирлер Өтікен қойнауын қайтарып
алады және екі тайпаның тағдыры бір-біріне ұқсағанымен,
олардың бұдан кейінгі тарихы әр түрлі болды. Өйткені осы
оқиғадан кейін билікке келген ашина әулеті ҮІІІ ғасырдың
ортасына дейін ғана өз мемлекеттерін ұстап тұра алды. Яғни,
Екінші Шығыс Түрік қағанатын 744 жылы ұйғырлар талқандап, орнына
Ұйғыр қағанаты құрылады. Ұйғырлармен ежелден қас сеяньто
(сир) тайпасында дұшпандарына қарсы тұратын күш болмай, еріксіз
Шығыс Қазақстан территориясына түпкілікті қоныс аударып,
Қимақ конфедерациясының құрамына кіреді.
Ал, сеяньто – сир – қыпшақ этнонимдеріне келетін болсақ, сир
немесе сеяньто этнонимі 735 жылы бірде-бір ғылымға белгілі түпдеректерде
ұшыраспайды. Оның орнына ҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап руникалық
текстерде және араб саяхатшылары мен тарихшыларының
жазбаларында түрік тайпаларының арасында қыпшақ-хыфшақ этнонимдері
ұшыраса бастады. Бұдан шығатын қорытынды, ҮІІІ ғасырдың ортасында Шығыс
Қазақстан аумағына түпкілікті қоныс аударған кезде олар қыпшақ
атымен келген болатын және бұл этноним аталған тайпалардың төл атауы
болып қалды.
Сир атауын тастап, оның орнына қыпшақ атауын қалай
ауыстырып алғандығы туралы орыс зерттеушісі С.Г. Кляшторный
мынадай құнды пікір айтады: Сир тайпасының жаңа этнонимге ие
болуы немесе жаңа этнонимнің пайда болуына әсер еткен жағдай
сыртқы жаулардан өте қатты жеңіліске ұшырауы. Жауларынан, бақытсыздықтан
құтылудың жолы жаңа атауға ие болып, соның нәтижесінде жаңа этноним
ол бүкіл бір халықты сақтайды [26, 160 б.]. Өйткені ежелгі түрік
ескерткіштерінде қыпшақ атауының өзі жолы болмайтын,
бақытсыз деген мағына берген [27]. Сонда қандай да бір
қара, жаман күштерді (Злые духи) адастыру мақсатында сирдің
орнына қыпшақ атауын алған. Бұдан шығатын қорытынды сир
(сеяньто) тайпасының басына түскен көптеген қиыншылықтар,
тіпті бүкіл бір тайпаның құрып кету қаупі төнгені белгілі. Міне,
осы ауыр да қиын тарихи тағдыры өткен уақыт безбенінде, тарихтың қойнауында
қалсын, ал қыпшақ аты жаңа әрі бақытты өмір әкелсін деген наным-
сеніммен нақ сол қыпшақ атауына енші етіп алған.
Бұл пікірімізді зерттеуші Н.Л. Жуковскаяның мына бір
келтірген тұжырымы нақтылай түседі: Осы күнге дейін түркі халықтарында
сирек кездесетін, бірақ өте кең тараған дәстүр бар. Ол алғашқы
қойылған есімін жаңа есімге алмастыру. Бірінші есімді тастап, орнына
екінші есімді алу ол естен шығару, ұмыту үшін жасалған қадам. Бұл
қандай да бір баланың қатты науқастан, өлім аузынан қайтып,
жазылғаннан кейін бала өмірге қайта келді деп санап, оған жаңа есім
қойған. Сонымен қатар, жаңа есім жаман ауруларды шақыратын қара,
залым күштерді жын-шайтандарды (злые духи) адастырады деп
сенген [28].
Өте күшті сеяньто мемлекетінің күтпеген жерден тез арада күйреуі,
ол тайпаның аман қалған мүшелері арасында өздеріне қарша бораған
қайғы-қасірет пен зұлымдықтан хабар берген, сақтап қалған қандай
да бір тылсым күш туралы аңызды пайда болдырды. Ал ұйғырларға
өздерінің қас жауы қыпшақтардың сир атын ұмыт қалдырып, оларды
төмен түсіріп, масқаралайтын атауды таңу қажет және пайдалы болды.
Яғни, қыпшақ атауы бақытсыз, жолы болмайтын, қарғыс арқалаған
тағы басқа мағыналарды берген болатын. Сондықтан Елетміш Білге-
қаған ескерткішіндегі түріктермен билікті бөліскен тайпа – қыпшақтар деп
аталды [25, 60 б.].
Қыпшақ этнонимінің пайда болуы мен оның мән-мағынасы жайында
мәселеге тоқталып өтсек, орта ғасырлық тарихшы Рашид ад-
диннің еңбегіндегі Оғыз-қаған туралы аңызда қыпшақтар оғыздардың
24 тайпасының бірі ретінде айтылады. Онда мынадай мәліметтер
келтіріледі: Оғыз-қаған Қыпшақ есімін беріп және оның тайпасы
да осы атауды енші етіп алған аңыз бала, оғыздардың ит-барақ атты
тайпаға жасалған сәтсіз жорығы кезінде дүниеге келген. Баланы
ағаштың діңінің қуысынан тауып алып, сондықтан оған берілген
есім – қабық, яғни түрік тіліндегі мағынасы ағаш діңінің
шірігі [29], - дегенді білдіреді. ХҮІІ ғасырда Хиуа билеушісі
болған, тарихшы Әбілғазы Баһадүр де: Ежелгі түркі
тілінде шіріген ағашты қыпшақ деп атайды [30], - деген мәлімет
береді. Көріп отырғанымыздай gubcag – guvcag нақты түрде бір затты білдіріп
тұр, ол – іші бос, қуыс шіріген ағаш.
Әбілғазы Баһадүрдің Түрік шежіресі еңбегінде келтірілген
бұл мәліметті оқырманға түсінікті болуы үшін түпнұсқадағы
мәтінін толығырақ беруді дұрыс деп санадық. Онда былай деп
келтіріледі: Ұлы патшалардың алыс сапарға шыққанда әйелдерін
алып жүретін әдеттері болатын. Осы әдетпен нөкерлерінің кейбіреуі
де әйлдерін ала жүруші еді. Оғыз ханның бір бегі де әйелін алып
барып еді. Өзі ұрыста өліп, қатыны қашып құтылып, екі
судың арасында тұрған ханның артынан жетті. Әйел жүкті еді.
Толғағы келді. Күн суық еді, кірейін десе үй жоқ, бір іші
шіріген үлкен ағаштың қуысына босанды, ұл тапты. Мұны
естіген хан: Әкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы
жоқ деп атын Қыпшақ қойып, өз қамқорлығына алды. Түркі
тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл бала ағаш ішінде
туғандықтан, атын қыпшақ қоюы содан еді. Бұл кезде іші қуыс
ағашты шыпшақ дейді. Қара халық тілі
келмегендіктен к-нің орнына ш-айтып кеткен. Бұл баланы
хан өз тәрбиесінде ұстады, жігіт болғаннан соң көп ел және нөкер
беріп, Оғыз ханға жау болған орыс, олақ, мажар, башқыр елдеріне
жіберді. Қыпшақ үш жүз жыл Дон мен Еділ атты екі үлкен өзеннің
жағасында патшалық етті. Барша қыпшақ елі соның нәсібінен шықты.
Оғыз ханның заманынан Шыңғыс-ханың заманына шейін Дон, Еділ, Жайық
аталатын бұл үш судың жағасында қыпшақтан өзге ел жоқ еді. Ол
жерде қыпшақтар төрт мың жылдай отырды, сондықтан ол жер Дешті Қыпшақ
(Қыпшақ даласы) деп аталды [31].
Қазақ тарихның негізгі дерек көздерінің бірі болып табылатын
шежірені жинақтап, таратып жазуда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
Қазақ түбі деген атпен шыққан нұсқасында қыпшақ тарихын
Әбілғазы Баһадүрдің шежіресімен салыстырып баяндайды. Оның
қысқаша түрде баяндап өтсек: Уыз ханның бір нөкері қарақытайдың
ханы Итбарақ хандығымен соғысында өліп, буаз қалған қатыны
іші қуыс шірік ағаштың ішінде босанып, ұл тауып Уыз (Оғыз)
хан ол баланыың атын Қыпшақ қойып, өскен соң өзін батыр басы
қылып, көп қосынмен Орыс, Аулақ, Башқырд жағына жіберіпті. Бұл
көп жұртты бағынырып, 300 жыл патшалық дәурен сүріп, сонан
Еділ, Жайық, Ертіс, Сырдария аралығындағы дала Дешті Қыпшақ
атанды. Қытай көп пе, Қыпшақ көп пе? – делінген сөз осы қыпшақ
заманында айтылған сөз екен [32]. Бұнда да қыпшақ деген сөздің іші
қуыс, шіріген ағаш деген мағына беретінін анық байқасақ, екіншіден
қыпшақ тайпаларының санының көптігін дәлелдеп тұр.
Бұл этнонимнің екінші бір мағынасын атақты шығыстанушы
В.В. Радловтың еңбегінен кездестіреміз. Ол аңыздың нұсқасы Оғыз-
қаған туралы эпоста айтылады. Оқиға былай болған, қыпшақ деген
баланың өмірге келуі ағашы қалың өскен жерде болады. Әскерін өзеннен өткізу
үшін Оғыз-қаған ағаштарды кесіп, сал жасауға бұйырады. Өзеннен өту
кезінде, ол (Оғыз-қаған – Н.Ж.) ағаштан жасалған салдың үстінде
тұрып, жаңа туған балаға: О, сен де мен сияқты даңқың шыққан әмірші бол,
сенің атың Қыпшақ болсын [25, 61 б.], - деп айтқан екен.
Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстан территориясына келіп, уақыт
өте келе ХІ ғасырдың бірінші жартысынан ХІІІ ғасырдың басына дейін
қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа
кезеңіне аяқ басады. Мұның өзі ең алдымен олардың жерінде – Шығыс Дешті
Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың
билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы заңдастырды.
Өз кезінде түркі тілдес ру-тайпалардың қыпшақ бірлестігіне
қосылғандардың саны өте көп болған. Сол себепті шежірешілер, халық
ауыз әдебиеті үлгілерінде оларды тоқсан екі баулы қыпшақ деп
атаған. Бірақ олардың бірде-бірі қыпшақтардың осы айтылған тоқсан
екі руын түгел таратып бере алған емес, ол кезде қыпшақтар өте кең
аумаққа жайылып, қыруар тайпаларды өзіне қосып алғандықтан,
қыпшақ аты кең жайылған, тіпті кей кездерде түркі этнонимінің
баламасына айналған. Махмұд Қашқаридың айтуынша, қыпшақтардың рулық-
тайпалық одағына имек, увар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсоба, тете,
бөрілі, тағы басқа рулар енген. Ал араб тарихшылары түркі
тілдес тайпалардың бәрін қыпшақ деп есептеген. Оны Алтайдан Еділ
өзеніне дейінгі жерді қамтып жатқан Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы)
ұғымы арқылы аңғартқан [33]. Дешті Қыпшақта, шынына келгенде, қыпшақтардың
этникалық жер аумағы сақталып қалған болатын.
Сонымен қорыта келе, Қазақстан аумағында қыпшақ халқының қалыптасуын
этникалық аумақ, шаруашылықты жүргізу түрлерінің біртектестігі, қоғамдық
қатынастар жүйесі мен тіл бірлігі жәрдемдескен этникалық-мәдени белгілердің
жымдасу үрдісі жеделдете түсті. Қыпшақтардың әр түрлі этникалық топтармен
өзара тығыз іс- қимылы этникалық қауымдастыққа әсер етті.
Қыпшақтардың саяси салмағының барған сайын өсе түсуіне байланысты көптеген
түркі тілдес тайпалар мен этникалық топтар өздерінің біртұтас
этносқа жататындығын ұғынып, қыпшақ этнонимін қабылдады және өзін-өзі
қыпшақтар деп атай бастады.
1 Қыпшақ хандығының құрылуы, мемлекеттік құрылысы
және олардың ру-тайпалық құрамы
Қыпшақ атауы ең бірінші рет жоғарыдағы тараушада атап өткеніміздей
ҮІІІ ғасырдың ортасында ежелгі түріктердің руникалық ескерткішінде
аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб
географы Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ
ғасырға жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. ҮІІ ғасырдың
ортасында Батыс Түрік қағанаты әлсіреп, Жетісуға қытай әскері
басып кірген кезде олардан бөлініп шыққан қимақ тайпаларына кейіннен Алтай
тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар келіп қосылып,
Қимақ конфедерациясын құрайды. Алайда қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге
ұмтылған талабы ҮІІІ ғасырдың соңында оларды кимақ
конфедерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне
апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбегейлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х
ғасырларда қыпшақтар тарихы қимақтар тарихымен қоса өрледі.
Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды, конфедерацияға,
яғни Қимақ қағанатының құрамына кіреді. ХІ ғасырдың басында Қимақ
мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі түрлі себебі болды. Соның
негізі өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға
ұмтылған қыпшақ хандарының қимақ тайпалары мемлекетінің
орталық билігіне бағынбауына байланысты тұғын [34].
Сонымен, ХІ ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және
куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының
қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші
әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай
бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік- Шығыс Еуропа
мемлекеттерімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-
тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен
Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси
себептері болған еді. Саяси фактор ең алдымен ХІ ғасырдың
бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында
қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге
қыпшақтардың өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған
әулеттік топтарының орталықтан аулақтау болғанының да
маңызы аз болған жоқ. Сонымен қатар, ХІ ғасырдың бірінші жартысында
күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері жайылымдық жерлердің
тапшылығына ұшырап, Еділ бойы, Үстірт (Маңғыстау түбегі) және
Сырдария өзенінің төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда
жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияның
Европамен жалғастырып жатқан жолдың бұл бөлігі маңызды баю жолдарының
бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы
аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың
өзгеруіне қарай ХІ ғасырдың екінші ширегінің басында Оғыздар
даласы (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына Қыпшақтар
даласы (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды [35]. Оны қалыптастырған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz