Мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау ерекшелігін зерттеу жұмысы


Мектепке дейінгі баланың есте сақтау қабілетінің ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 Қабылдау процесінің ғылыми - теориялық негіздері . . .
1. 1 Шетел, отандық ғалымдардың еңбектеріндегі қабылдау мәселесі туралы түсінік . . .
2 Мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау ерекшелігін зерттеу жұмысы . . .
2. 1 Балабақша бағдарламасының мазмұны. Балаларды құрастыруға (конструкциялауға) үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдері . . .
2. 2 Зерттеу жұмыстары және олардың нәтижелерін талдау . . .
34
41
48
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
64
67
69
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - негізгі мәселенің бірі болып отыр. Осы орайда еркіндік елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми құжаттар тәжірибиеде қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Ата заңының қағидалары, «Білім туралы» Заңы (11. 06. 1999. ), осының негізінде тәрбие мен білім беруге арналған төл туынды «Балбөбек» бағдарламасында да (1991-1995ж. ж. ) мектеп дейінгі балалардың оқу процесіндегі, құрастыру кезіндегі қабылдауларына байланысты жаңаша әдістемелік нұсқаулар берілген[1] .
Президент Н. Ә. Назарбаев 2001 жылы ақпанда білім және ғылым қызметкерлері арасында өткен съезде білім беру жүйесінің қалыптасуында негізгі орынды оқу сапасын жоғарылату және мамандарды даярлау мәселесі алатынын атап көрсетті. Бүгінгі ұрпақ жаңа ғасырдың белсенді жаңа тұрмыс- салты бойынша өмір сүруі қажет. Бала бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік ақыл-ой, танымдық сана сезімді қалыптастыру салауатты тәрбие беру, жаңаша құруды керек етеді. Дүниенің терең де нәзік сырын сезіне алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әр адамның ғана емес бүкіл қоғамның борышы.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттік тұрғыдағы іс-шараларды жүйелі түрде асыруға тура келеді. Ол үшін: мектепке дейінгі ұйымдарды ашу, жабылып қалған бала бақшаларды қалпына келтіру, мемлекеттік емес бала-бақшаларды ашу, сияқты т. б. [2] .
Бала бақша жұмысын қайта жаңғырту сияқты мақсаттар жүзеге асырылуы тиіс делінген болатын.
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру іс-әрекетіндегі қабылдауын қалыптастыру және дамыту, оны жүзеге асырудың негізгі механизмі (тетігі) білім мен тәрбиелеу жүйесі. Баланың қабылдауын дамыту, яғни ықпал жасау ол төңіректегі адамдардың қатынасынан ғана мүмкін болады.
Қабылдау - айналадағы ортаның заттары мен құбылыстары адамның сезім органдарына тікелей әсер еткенде, адамның сол заттар мен құбылыстарды бейнелеу процесі [5] . Бала өмірінің алғашқы жылында өзіне бұрыннан таныс заттарды, адамдардын бейнесін жақсы қабылдайды.
Кеңістіктегі объектілерді қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр - тұрпаты бар: ұзын - қысқа, енді - енсіз, биік - аласа, үлкен - кіші т. б. Олар бізден түрлі қашықтықтаорналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни бинокульярлық көрудің маңызы зор. Бір көзбен көру монокульярлық нәрселердің терендігі жөнінде дәл мағұлмат бере алмайды. Бинокульярлық көруде екі көзге түсетін кескінқосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр - түсі, рельеф - бедері әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіндік туады.
Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет ету қажет. Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация (көз үйрену) деп атайды. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірбиесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.
Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қызыметкерлер, дәлдік аппараттар жасайтын мамандар үшін маңызы зор.
Уақыт та - материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақыт қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді. Уақыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын - құбылыстардың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші. Психология ғылымының негізгі зерттеу аспектісі және әр жас кезеңінде баланың қабылдау ерекшелігін айқындау болып табылады.
Құрастыру - белгілі мақсатқа бағытталған процесс. Оның нәтижесінде белгілі бір шынайы зат алынады. Оның нәтижесінде балалар жеке бөліктерден тұтас зат құрау, бір заттан заттардың жүйесін жасау әдіс - тәсілдерін меңгереді. Құрастыру жемісті іс - әрекеттердің басқа түрлеріне де ұқсас. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері де бар.
Құрастыру барысында қандай да бір құрастырмалы затты немесе құрылысты жасау үшін кез - келген бөлшектерді өз қалауынша біріктіре салуға болмайтындығын бала түсіне бастайды.
Құрастыру іс - әрекеті құрастыру тәсілдерін немесе құрылыс жасауды үнемі тексеріп отыруды талап етеді. Себебі, құрастырудың кейбір бөлшектері орнықты болмаса құрастыру нәтижесі дұрыс болмайтынын бала түсінеді.
Құрастыру затты көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуін дамытады және құрастыратын заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуына мүмкіндік береді. Бала өз тәжірибесі арқылы кейбір бөлшектер кез - келген күйде, ал басқалары тек белгілі бір қалыпта ғана орнықты болатынына, бөлшектерді түрліше ұштастырғанда орнықтылықтың да түрліше болатындығына көзі жетеді
Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды тұрғызумен тексеруде өз тәсілдерін талап етеді. Құрастыру нәрсені көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуді дамытады, құрастыратын заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуға мүмкіндік береді. Құрастыру (конструкциялау) іс-әрекет сабақтарда мектепке дейінгі бала бойында тәрбиешіні тындай алушылық ой міндеттерін қабылдап оны шешудің жолын таба білушілік сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады.
Сонымен, „Қарлығыш“ атты баламалы бағдарламасында құрастыруға үлкен мән берген. Демек, көркемдік-құрастыруға оқыту барысында балалар еркін материалдарды эксперименттеп, түрлі құрастыру және шығармашылық міндеттерді шешудің маңызы зор.
«Құрастыру» деген атау түрлі бөліктердің, элементтердің өзара жағдайын анықтап, заттардың біртұтастығын білдіреді. Құрастыру екі түрге бөлінеді: техникалық және көркемдік.
Техникалық құрастыруға құрылыс материалдан:
- геометриялық пішіндегі ағаш бөліктері;
- түрлі құрастыру бөліктерді бекіту тәсілі;
- ірі габариттік блок модулі;
• қағаздан, картоннан, қораптан және басқа материалдардан құрастыру тәсілі жатады.
Техникалық құрастыруда балалар шынайы объектіні құрастырады мекеменің төбесі мен терезесі; кеме, қайық, зымыран, т. с. с.
Балалар көркемдік құрастыруда бейнені жасауда қағазды, табиғи, қалдық материалдарды қолданады.
Осылайша, құрастыру әр түрлі материалдан тұруы мүмкін:
- дәстүрлі қағаз, түрлі картон және картон қорапша;
- тіс пастасы, шырын қораптары;
- табиғи материалдар (жаңғақ, бүршік, ұлу қабыршағы) ;
- графикалық, кескіндемелік, пластикалың материал және т. с. с.
Барлық материалдарды жекелей, сонымен бірге, мүмкіндігінше өзара біріктіріп, үйлестіре қолдануға болады.
Макет құрастыру да шығармашылық құрастыру әрекетіне жатады және топта өте тартымды ойын кеңістігіне ретінде қолданылуы мүмкін.
Макеттер әр түрлі болуы мүмкін: еден, үстел үсті, қабырғада, нысананың алдыңғы қатарда орналасуы, ал бейнесі - артқы қатарда. Макет натураның нақты ерекшеліктерін, нысананың белгілерін және мағыналық жағын суреттейді.
Ұрпақтың өсіп-өркендеуі, жан-жақты дамуы болашағымыздың гүлденуіне жол ашады. Сондықтан мектеп дейінгі балалардың қабылдау ерекшелігін зерттеу бүгінгі өмірге қажет. Осыған орай, мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау қабілетін айқындау үшін біз, «Мектепке дейінгі балалардың қабылдау ерекшелігі / құрастыру сабағы/» - атты дипломдық жұмысымыздың негізі етіп алдық.
Зерттеу мақсаты: құрастыру сабағында балалардың қабылдау ерекшелігінің мәнін ашып көрсету.
Зерттеу нысаны: құрастыру сабағы.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдауы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер құрастыру процесінде қабылдау ерекшелігі ескерілсе, онда мектепке дейінгі балалардың құрастыру сабағы оңтайлы өтеді.
Зерттеу міндеттері:
- «қабылдау», «көріп қабылдау», «естіп қабылдау», «қимыл -
қозғалыс арқылы қабылдау», «кеңістікті бағдарлау», «құрастыру»,
«сенсорлық» ұғымдарының мәнін ашу;
- балалардың конструкциялық процесіндегі форманы, көлемді,
кеңістікті қабылдау ерекшелігін анықтау,
- конструкция сабағының мазмұнын ғылыми-теориялық тұрғыдан
негіздеу;
- құрастыру сабағында балалардың қабылдау ерекшелігін ескерудің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау процесін қарастырған ғалым- психологтар: Л. С. Венгер, А. А. Люблинская, Л. И. Божович т. б. зерттеулері алынды.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі: Қарағанды қаласының «Балдырған» балабақшасында жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Қабылдау процесінің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Шетел, отандық ғалымдардың еңбектеріндегі қабылдау мәселесі туралы түсінік
Қабылдау - айналадағы ортаның заттары мен құбылыстары адамның сезім органдарына тікелей әсер еткенде, адамның сол заттар мен құбылыстарды бейнелеу процесі[5] . Бала өмірінің алғашқы жылында өзіне бұрыннан таныс заттарды, адамдардын бейнесін жақсы қабылдайды.
Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы, «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған суық бір нәрсе жармасты» деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көрсетеді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау - затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.
Қабылдауда заттардың құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау құрамына адамдардың өмір тәжірбиесі білімнің де маңызы бар. Бірақ қабылдау түйсік сияқты бір ғана анализаторлың қызметі емес бірнеше анализаторлың қызметі.
Гештальтпсихологтар қабылдау тұтастығын заттармен құбылыстардың объективті тұтастық қасиеттерінен емес, »рухтың» ішкі қасиетерінен, оның ең бастапқы тұтастық құрылымынан деп түсіндірді. Олар қабылдау актінде өзіндік түр құрау атқарылады бейнеленетін заттарға тұтастық және құрылымдық сипат беріледі дейді[6] . Олар тұтастықты бейнелену әрекетінде пайда болады. Субъективті сапа деп қана қарайды. Олардың көзқарасы бойынша, қабылдау процесінде дүниедегі қым-қуыт ретсіздік белгілі бір құрылымға ауысып, белгілі түрде енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып көрінеді дейді. Яғни, қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру. Бұл идеалистік теория қабылдауды іштен пайда болатын процесс деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективтік дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерінің тікелей бейнесі болып саналатын түйсіктердің болуын іс-жүзінде жоққа шығарады.
Сонымен, қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс - әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді.
Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидың қабығында қосылып, біртұтас болып бірігеді. Сөйтіп, біз бұл заттың раушан гүл екенін білеміз. Бұл жерде ес процесі орын алады. Гүлдің исі бізді шаттаңдырып, жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортқа жататыны туралы ойланып, өзімізше қарапайым қорытынды жасаймыз.
Қабылдаудың түрлері. Қайта талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және қимыл - қозғалыс, кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады[6] .
- көріп қабылдау (суретті, көрмені көріп) .
-естіп қабылдау (әңгіме, ән т. б. )
- сипап қабылдау (заттың оның бөлшектерінің сапау арқылы бейнеленуі) .
Кез келген қабыдау прцептивтік жүйенің яғни біреу емес бірнеше талдағыштың қызметімен анықталады. Олардың мәні біркелкі бола бермейді, кейбіреу жетекші болып табылады. Енді біреулері зат немесе құбылысты қабылдайды., толықтырады. Мысалы: мұғалімді тыңдау кезінде есту талдағышы жетекші болып есептеледі. Осы кезде көру, қимыл -қозғалыс т. б. талдағыштардың қызметі жандалады да психикалық әрекет негізінен есту қабылдауы түрінде болады. Қабылдаудың күрделі түрлерінде ең маңызды роль қимыл-қозғалыс үлесіне тиеді.
Мысалы: заттарды шалып қарағанда көз көп қимыл жасайды, сипап қабылдауда қол қимылдар жетекшілік етеді.
Түстерді қабылдау. Түстерді қабылдау үшін, сезім органдары икемделіп, өздігінен бейімделеді немесе өзгертілген жағдайларға адаптациаланады. Бұл адаптация әлде қайда маңызды. Сондықтанда сезім табалдырығы бір қалыпты
болмайды, ол үнемі қабылдаудың бір түрінен екіншісіне ауысқанда өзгерісте болады.
Мысалы: жарықтан қараңғыға немесе керісінше қараңғыдан жарыққа ауысқанда көздің сезімталдығы өзгеріске түседі. Бұл құбылыс көру адаптациясы деп аталады. Яғни қарама қарсы бағыттқа бейімделу адам көзінің толық көруге бейімделуі үшін оның ең әлсіз, сезімталдығы абсолюттік бастамаға жақындауы жуық шамамен 40 минутты талап етеді. Осы уақыта көру қабілетінің физиологиялық механизмі өзгеріске ұшырайды. Көздің бейімделуі қараанғыдан жарыққа ауысуына байланысты барлығы да кері бағытта болады. Көздің қараңғыға бейімделуі электромагнит толқындарының әсер ету нәтижесінде пайда болады.
Егер бір уақыттың ішінде көзге ұзындығы 300 нен 780 милимикромға дейін электромагнит толқындары әсер етсе біз жарықты сеземіз. Ұзындығы әр түрлі толқындар әсер етсе ғана, көз заттың түсін, бояуын ажыратады. Ересек адам 180 түстен 10. 000 мыңнан астам түстерді ажырата алады. Диапазонның ішіндегі толқын ұзындығына байланысты өз кезегінде әр түрлі түстерді айыра алады.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:
Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:
а) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрінде қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір - бірінен бөлек тұрғанымен ∆, оларды ұшбұрыш деп білеміз. Немесе Мәриям Жагорқызының «Дударай» әнінен үзінді еститін болсақ та, сол әннің мазмұнын толық қабылдаймыз.
ә) Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мән - жәйы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралық тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай - жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды білу анық, толық түрде болады. Мысалы, адам көп киімнің ішінен өз киімін таниды, немесе көп адам ішінен өзіне таныс кісіні ажырата алады. Сондай - ақ, сәби де бірнеше адамның ішінен өзінің ата - анасын, жақын туыстарын тани алады.
б) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді. Мұның мәнісі әрбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады. Қабылдаудың таңдамалы болуындағы тағы бір ерекшелік - заттың сыртқы түрін қабылдауда хабарлаушы мәнің болуы. Мұны контур деп
атайды. Бұл заттың кескіні (фигурасы) мен фоның қабылдау. Мысалы: мұғалімге жауап ь\берген оқушы оның фигурасы болса, қалғандары оның фоны болып табылады.
в) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы) . Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттар сол күйінде өз қалпында қабылданады. Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық адамның өмір тәжірбиесіне байланысты.
г) «Апперцепция» - латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Латынша «ап» - үстеме жұрнақ, «перцепцио» - қабылдау . Адамның психологиялық жәй-күйі мен оның өткендегі өмір тәжірбесінің
мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Бұрынғы тәжірбелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызыметін атқарады. Апперцепцияның тұрақты және уақытша дейтін екі түрі бар. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен дүниетанымына, мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады. Мысалы, «түбір» деген сөзді филолог пен биологтың, математик пен химиктің қабылдауы түрліше. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы (иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады.
ғ) «Иллюзия» - латын сөзі, мағынасы - алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мензаттар біріне - бірі сәйкес келмей, бұрмаланады. Стақан ішіндегі суға қасықты салғанда кескінің кесінді болып көрінуі де - алданудың бір
мысалы. Әдетте, қабылдау заты мен оның сезілген бейнесі өзара тепе - тең адекватты болып келеді. Алайда, көру арқылы қабылдауда алданулар болып тұрады.
Жүйке жүйесінің ауыруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туады. Осы орайда галлюцинация деп аталатын жағдай бар. Бұл термин қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Мұндай жайттар улы дәрілерді қолданған адамдарда, маскүнемдікке салынған кісілер мен нашақорларда жиі кездеседі. Ондай адамдар жүйке жүйесінің ауыруына ұшырау салдарынан әрбір нәрсені бұрмалап қарайды да, өзінен - өзі отырса да айқай - шу естиді, үстінде не кеудесінде бір нәрсе жорғалап бара жатқандай болады.
Бақылау және бақылампаздық
Бақылау не байқау дегеніміз - белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп қана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау - әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет. Ой жүгірту, зейін қою - бақылаудағы негізгі әрекеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға ерекше мән беріп, лабараториясының мандайшасына «бақылау» деген сөзді үш қайтара жазып қойған.
Бақылампаздық - адамға ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz