Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кiрiспе 3

1 Менеджменттегі жоспарлаудың теориялық аспектілері 5

1.1 Басқару үрдісіндегі жоспарлаудың функциясының мәні мен қажеттілігі 5

1.2 Жоспарлау түрлері мен әдістері 11

2 Транспорт Логистика Таможня Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің
қызметі және жоспарлау үрдісінің ерекшеліктері 22

2.1 Транспорт Логистика Таможня Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің
қызметінің сипаттамасы 22

2.2 Транспорт Логистика Таможня компаниясының техникалық – 27

экономикалық көрсеткішін бағалау 27

2.3 Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнында жоспарлаудың 34

бөліміне талдау жасау 34

3 Логистикалық қызмет менеджментінде жоспарлауға қажетті әдістерді
жетілдіру бағыттары 40

3.1 Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерін 40

қызметті жоспарлау процесінде қолдану тәжірибесі 40

3.2 Транспорт Логистика Таможня ЖШС-ның даму жоспарларын жетілдірудің
ұйымдастырушылық тетіктері 52

Қорытынды 63

Пайдаланылған әдебиет тізімі 66

Кiрiспе

Жұмыстың нәтижелі болуы көбінесе фирмаішілік жоспарлаудың жағдайына
байланысты болып келеді. Бұны экономикалық реформалардың тәжірибесін талдау
нәтижесінде байқалады.
Жоспарлаудың түпкi мақсаты - ұйымның алдында тұрған мәселелердi
шешудің ұтымды нұсқасын табу.
Жоспарлау қағидалармен қатар жүзеге асырылады, демек бірнеше
ережелерге сәйкес iске асады. Олардың iшiндегілердің бірі ретінде бүгiнгі
кезде негiзінен оны құрастыру кезеңдерінiң ең басында жоспардың үстiнде
жұмыстағы ұйым қызметкерлерiнiң көпшілік санының қатысуы болып есептеледi.
Себебі адамдар өздеріне жақынырақ және түсiнiктi деп орнатқан мәселелерді
тезiрек орындауға шын көңiл бөліп тұрады.
Жоспарлау өткен мәлiметтерге әрдайым сүйенеді, бiрақ болашақтағы
кәсiпорынның дамуын анықтап тексеруге ұмтылады. Сондықтан жоспарлаудың
сенiмдiлiгі өткен нақты көрсеткiштерiнiң дәлдiгiне тәуелдi болады.
Осы дипломдық жұмысты жазу өзектілігі әртүрлі аспектідегі
проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жалпы Транспорт Логистика ТаможняЖШС-
тің басқару құрылымымен танысу болды.
Дипломдық жұмыстың мәні - Транспорт Логистика Таможня ЖШС-тің
субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын зерттеу, сондай-ақ осы
сектордың дамуындағы проблемалар.
Дипломдық жұмысты тұжырымдау кәсіпорындағы мәселелерді талдап,
экономикалық құбылыстардың арасындағы заңдылықтарды табуға бағытталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Транспорт Логистика Таможня ЖШС-тің
дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, менеджменттегi
жоспарлауды, оның түрлері мен әдістерін зерттеу және де фирмаішілік
жоспарлауды ұйымдастыруды талдау мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері
анықталып, шешіледі:
1. Менеджменттегі жоспарлаудың мәнімен танысу;
2. Жоспарлаудың түрлерiн және қағидаларын талқылау;
3. Транспорт Логистика Таможня ЖШС-тің экономикалық жүйедегі
дамытудың нұсқасын зерттеу арқылы рөлін қарастыру;
4. Транспорт Логистика Таможня ЖШС-тің қызметіне талдау жасау;
5. Транспорт Логистика Таможня ЖШС-тің қызметін жетілдіру
жолдары бойынша ұсыныстар жасау, дамыту жолдарын әзірлеу.
6. Жоспарлауды жетілдіру жолдарымен танысу.
7.Кәсіпорындағы фирмаішілік жоспарлаудың теориялық аспектілерін
айқындау;
Дипломдық жұмыстың пәні оның тақырыбымен анықталады және зерттеу
объектісінің даму болашағын сипаттайтын шаруашылық-экономикалық
қатынастардың жиынтығын көрсетеді.
Зерттеу объектісі ретінде отандық нарықта өндірістік қызметті жүзеге
асыратын Транспорт Логистика ТаможняЖШС-і алынды.
Зерттеу пәні кәсіпорындағы фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастырудың
теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы қазіргі жағдайда өте
жоғары. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы Транспорт
Логистика Таможня ЖШС-тің қамтуындағы проблемалар мен қиындықтарды
шешу жолдарының шынайы өмірге жүзеге асырулары бойынша кеңестерді
ұсынумен анықталады.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған
әдебиеттердiң тiзiмiнен тұрады.

1 Менеджменттегі жоспарлаудың теориялық аспектілері

1.1 Басқару үрдісіндегі жоспарлаудың функциясының мәні мен қажеттілігі

Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық
өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені нығайтуға және тұрақтандыруға
ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең тиімді тетіктерін пайдалануды
көздейді. Бұл үшін оларды іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі - қажетті кезеңде бір
немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолданылуы экономикалық қалыпты
жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған
тетіктердің бірі - жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік
пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде XX ғасыр-дан
бастап кеңінен қолданыла бастады.
Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін екі тұрғыдан
бағалауға болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізі ерік деп
санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті)
сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген
көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеліп
соқтырады. Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы
кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүркеленбеген
құлдырауды өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында
жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект
(мемлекет, үкімет) шешуші рөл атқаратын.
Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап
көрсеткен И. Кант: Жоспар құру жеңіл және даңғой іс, сол арқылы өзің
атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытасың, өзің
жөндей алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыңды білместен, бірдеңе
ұсынасың... деп жазды. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономика дамуының
барлық салалары мен аймақтарының ерекшеліктерін және әлеуетті
мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шектеулі параматрлерді зорлап
міндеттейтін (тотальды) барлығын жаппай қамтитын жүйеге тән. Жоспарлау
объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп,
тежелуге тиісті емес, өйткені ол бұлардың органикалық бірлігі, мұнда
өзгеріс мәніне субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның
құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында.
Жоспарланатын процестердің жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін
көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нақты әлеуметтік-
экономикалық процестері жатады [1].
Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным
басқару жүйесінен өзіне-өзі бас тартпаудан емес, оның жаңа, көбінесе
нарықтық жағдайларға бейімделуі мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық
өзгеруінен тұрады. Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын күшті
тездететін және тиімділікті арттырудың тетігі меншіктілік формасының емес,
экономикалық немесе шаруашылық тетігі болып табылады. Еркіндікті дәл сол
дамытады, пысықтықты көтермелейді, тәуекелділікті тудырады (Л. Абалкин).
Осындай күшті тетіктердің бірі жоспарлау болып табылады. Ол меншік түріне,
басқару объектісінің орналасу кеңістігіне қарамастан қолданылады.
Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі.
Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол
байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер,
банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті;
сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге
жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері
жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен
бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі
байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын
ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау
өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса,
алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық
жағынан дамыған елдерде жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады
[1,15б].
Жоспарлау негізінен: экстенсивтілігімен (әлеуметтік, саяси және
экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды); қарқындылығымен (техника
мен әдістерді қолдануды түсінеді); тиімділігімен (қорытындысында қойылған
міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту
нысанын алуы тиіс. Жоспар жасаудың алғашқы қадамы ақпарат жинау болып
саналады, өйткені мұның өзі нарық туралы толық мағлұмат береді.
Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып
табылады, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап
алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі
функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда
(ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылау)
көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс
істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес
көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.
Жоспарлау ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары
енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс
және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңінен тұрады:
- жалпы мақсатты ойластыру;
- белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған
нақтылы мақсатты айқындау;
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
- жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы
қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Ірі бағдарламаны шешкен кезде, кезеңдері мен жоспарлануы біршама
ауқымды болады. Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:
- бар мүмкіндікті бағалау;
- басты міндет немесе мақсат;
- жоспарлы ұсыныстар;
- баламалар;
- баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
- баламаларды таңдау;
- қосалқы жоспарлауды тұжырымдау;
- жоспарды сандар түрінде көрсету.
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда
кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады.
Сондықтан да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің
дәлдігіне тәуелді.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтағы шағын бөлігі ғана болып
саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты
мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен
қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды
жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі
болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі
кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір
факторлар едәуір айқынырақ болады.
Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономиканың кейбір
жағдайларында мәселен экономикалық дағдарыстарда, ереуілдерде, т.б.
жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжаудың
мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай нарық туралы, бірінші кезекте,
бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу
мүмкін емес.
Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге
сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық
болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір
деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбінесе қызметкерлердің
өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты. Осыған орай, жоспар
жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдалануы, сонымен қоса
жоспар жасағанда өзгеріс енгізетіндігі туралы ойластырылуы, ал
жоспардың өзі өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да,
жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің көп болуы жоспардың
көптігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі
өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткіштері басшының билігінде, оның
орындалуын үйлестіру мен бақылау да соның игілігінде. Демек,
кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан түрлі саласының
қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспардан тұрады.
Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын
қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағы да атап
көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады.[1,28б].
Менеджменттiң функциясы ретінде жоспарлаудың қажеттілігі бұл қалыпты
жұмыс жасау және кәсiпорындардың дамуын қамтамасыз ететiн қолайлы жағдайлар
туғызу, барлық iшкi және сыртқы факторларды алдын ала ескеру болып
табылады. Ол әрбiр өндiрiстiк бөлiмшемен және кәсiпорынның барлық
қорларының өте тиiмдi қолдануының мүмкiндiктерiнiң есепке алуымен қатар
нақты мақсаттарының табысының тiзбек анықтайтын шаралардың кешенiнiң
өңдеуiн ескередi.
Сондықтан жоспарлау ұйымның барлық технологиялық тiркес қосатын жеке
құрылымдық бөлiмшелердiң арасындағы өзара байланыстыруды қамтамасыз етуге
шақырады : ғылыми зерттеулер және өңдеу, өндiру және өткiзу. Бұл қызметтер
тұтынушы сұранысын анықтау және болжау, талдау және шаруашылық
конъюнктурасының дамуының қолда бар қорлар және перспективаларының бағасына
арқа сүйейдi. Сұраныстың өзгерiсiмен iзiнше маркетингпен және өндiру
мен өткiзудiң көрсеткiштерiнiң тұрақты түзетуiн мақсат еткен бақылаумен
жоспарлауды байланыстырудың қажеттiлiгі бұдан шығады. Нарықтың
монополизациясының дәрежесi жоғары болған сайын соғұрлым серiктестiк оның
өлшемдерiн айқын анықтауға және оның дамуына әсер ете алады.
Бүгiнгi күнге бәсекелестiк жоғарылауы, жаңа нарықтардың пайда болуы,
соның ішінде қаржы нарықтары, бiздің елімізде өткiзiлетiн қаржы
тұрақтанулары, кәсiпорынның бәсекелестiк стратегияларды және жоспарларды
жасауға мәжбүр.
Жоспарлау - басқарудың экономикалық әдiстерiнің бірі, шаруашылық
процесiндегi экономикалық заңдардың қолдануының негiзгi құралы ретінде
қолданылады. Жоспарлау шешiм қабылдауды әзiрлеуге қызмет көрсетедi.
Жоспарлау - бұл күтiлетiн шарттардағы әр түрлi талғаулы іс-
әрекеттердiң жолымен нысананы көздейтiн салыстырмалы бағасы бар мақсаттар,
құралдар және іс-әрекеттері туралы шешiм қабылдауды жүйелi түрде әзiрлеу.
Жоспарлаудың басқа қағидасы – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
сипатына тән шартты үздіксіздук. Нәтижесінде, жоспарлау жеке әрекет емес,
жоспра құру, мақсат қою, стратегиялар құрастыру, ресурстарды үлестіру және
жағдай өзгеруіне байланысты ұйымның қайта құру жобаларын жасаудың үнемі
жаңарып отыратын процесі болып еспетелінеді.
Жоспарлау процесінің негізінде үйлестіру мен бірігу қағмдалары жатуы
керек. Жоспралау қызметінің үйлестірілуі көлденең жүзеге асады, яғни бір
деңгейдегі бөлімшілір арасында. Бірігу болса, тігінен келеді, яғни жоғарғы
және төменгі бөлімшелер арасында. Нәтижесінде жоспралау процесі қажетті
бүтіндік пен бірлікке ие болады.
Жоспарлаудың маңызды қағидасы – үнемділік. Оның мәні келесіде:
жоспарлар максимумды нәтиже беретін, бірақ жоспар құру шығындары оны
аспайтындай болатын мақсатқа жетудің жолдарын қамтуы қажет.
Жоспарлар жүйесі стратегиясының іске асу құралы қызметін атқарады.
Оның мақсаты – мекенің ағындағы қызметін стратегиялық мақсаттарға жетуге
бағыттау және осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық бөлімшелердің
үйлесімді жұмысын ұйымдастыру.
Жоспарлау процесі бірқатар қағмдалар мен ережелерге негізделеді, оның
жүзеге асуында оларды есепке алу керек. Өндірістік демократия шарттарында
нарықтық жоспралаудың басты қағидасы – жоспар үстіндегі жұмыстың ең
бастапқы кезеңдерінде қызметкерлердің максималды санының қатысуы
Жоспарлау әрдайым бұрынғы көрсеткіштерге сүйенеді, бірақ келешекте
кәсіпорынның дамуын анықтап және оны қадағалауға тырысады. Сондықтан
жоспарлаудың мәні бұрынғы көрсеткіштердің дәлдігіне байланысты. Дәл
жоспарлау үшiн нарық және кәсiпорынның қызметi туралы барынша сенiмдi
мәлiмет алуға керек. Ол бухгалтерлiк есеппен және көлемдi статистикалық
базасымен қамтамасыз етiледi. Кәсiпорындар дегенмен - нарықтың және ел
экономикасының тек кішкентай ғана бөлiгi. Толығымен нарық туралы абсолюттi
барлық маңызды мәлiметтердi алу мүмкiн емес, әсiресе, бәсекелестер
қызметiмен байланысты ақпараттарды, осыны түсiнуiміз керек [2].
Жоспарлаудың ең ғаламдық міндеттеріне зерттеушілер мыналарды
жатқызады: қоғамдық қажеттіліктерді анықтау; оларды қанағаттандыру үшін
салынатын ресурстар (материалдық, еңбек, қаржылық) жиынтығын айқындау;
өндіріс өрістері, салалары, түрлері арасындағы үйлесімді дамуды қамтамасыз
ету; ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру. Бұл міндеттер іс жүзінде
дамуда едәуір жетістіктерге жеткен барлық елдердің жоспарлау жүйесінде
шешіледі.
Осылайша, жоспар мен нарық бірін-бірі жоққа шығармайды, ғылыми және іс
жүзінде қызық болып көрінеді, экономикалық тетіктегі жоспарлы және нарықтық
институттарды ұтымды үйлестіру мәселелері халық шаруашылығының тиімді жұмыс
істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейін қамтиды және
кәсіпорынның, корпорацияның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін
алғышарттар жасайды.
Жоспарлаудың процесі төрт кезеңді қамтиды:
-кәсiпорынның ортақ мақсаттарын құру;
-мақсаттардың детализациясы мен конкретизациясы;
-осы мақсаттарды орындау үшін экономикалық және басқа құралдарының
жолдарын анықтау;
-мақсатқа жету барысындағы бақылау.
Жоcпарлау процесінің нәтижелері кәсіпорын жоспарының жүйесі түрінде
жасалынады, яғни мекеме және оның мақсаты, мерзімі мен қорлары бойынша
келіскен бөлімшелерінің қызметі және даму жоспарларының жиынтығы [2].
Қорыта келгенде, жоспарлау кәсіпорынның алға қойған мақсатына жетудің
ажырамас бір бөлігі болып табылады. Өйткені жоспарлау дәл қазіргі кездегі
ұйымның жағдайын, оның қаражатын, өндірісін және тағы басқа салалардың
жағдайын, ұйымның қандай мақсаттары болуы керек екендігін, қоршаған
ортадағы мүмкіндіктер және қауіп қатерлерді бағалай отырып, ұйымның
мақсаттарын анықтауға көмектеседі.

1.2 Жоспарлау түрлері мен әдістері

Әлемде дамыған мемлекеттерде стратегиялық жоспарлау өз нәтижесін
көрсетіп жатыр. Стратегиялық жоспарлау нарық жүйесіндегі шаруашылықты
тұрақтандыратын мемлекеттің басты құралы болып табылады. Оның көмегімен
экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандырып тұруға болады.
Стратегиялық жоспарлаудың басты элементтері:
1.Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуді жоспарлау;
2.Қоғам мен табиғат ара- қатынасын жоспарлау;
3.Жаңа технологиялар мен ҒТР жетістіктерін пайдалануды
жоспарлау.
Теорияда және тәжірибеде жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу
уақытына, көрсеткіштеріне байланысты өте көп түрлерге бөлінеді.Бұны біз
келесі суреттен көруімізге болады.
Мемлекеттік жоспарлау саласында көбінесе индикативтік жоспарлау түрі
қолданылады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік
саясатын, экономиканың өсуін, қоғамға қажетті нәтижелерге жету үшін
мемлекеттің мүдделерін қарастырады. Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл
болып саналмайды. Егер индикативті жоспарлаудың рөлі әкімшілік ету деп
түсінілсе, бұл - жаңылысу. Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты,
макро, мезо және микро деңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы
ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарға қарағанда индикативті
жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар
болмауы керек және басқарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады.
Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне
кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып
табылады.
Индикативті жоспарлау мынадай түрлерді үйлестіру рәсімдерінің
жиынтығы ретінде шығады [3].

1 - сурет – Кәсіпорындағы жоспарлаудың құрылымдық схемасы

Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа
уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми
категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, бөліс, айырбас, тұтыну) біртұтас деп
алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті
көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды,
бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік- жоспарлық
реттеу мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік болжау
макрожоспарлаудың дамуын мемлекеттік болжау макрожоспарлаудың құрамдастары
болып табылады [3].
Жоспарлаудың осы деңгейіндегі субъект болып макроэкономикалық меншік
иесі шығады, оның стратегиялық мақсаты - дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге
қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсуі.
Аумақтық жоспарлау индикативті жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет
деңгейіндегі (макрожоспарлау), бірақ аймақтық және жергілікті билік
деңгейінде жүзеге асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айырмашылығы
- аумақ пен халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті
жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына негізделеді.
Мезожоспарлау - салаларда, сала тармақтарында, аумақтық-өндірістік
кешендерде, ірі корпорацияларда және т.б. болып ететін процестерді қамтитын
индикативті жоспарлаудың бір түрі.
Микрожоспарлау - менеджменттің ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде
қолданылады және кәсіпорынның жоспарларында жүзеге асады. Бұл деңгейде
жоспарлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіпорында
пайда болатын процестер, тауардың тағдырын, оның бәсекеге қабілеттілігін,
ақыр соңында, экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Индикативті
жоспарлаудың әр қилы түрлерінің мәні жайлы айтқанда, олар экономиканың
мемлекеттік бағдарлануының маңызды элементі екендігін түйіндеуге болады.
Мемлекет - экономикалық өмірдің басты дирижері [4].
Индикативті жоспарлаудың түсінігін анықтауға арналған бірнеше амал-
тәсілдердің бар екендігін еске сала кеткен жөн.
Біріншіден, ол кәсіпорынның дербестігі кезіндегі макрожоспарлау
ретінде түсіндіріледі. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі экономикалық
дербестік жағдайында, бірақ жоспар белгілеген белгілі бір бағдармен
атқарылады.
Екіншіден, индикативті жоспарлау жеке кәсіпорындардың мемлекет
қалыптастыратын міндеттерді орындауға бейімделуі болып табылады. Бұл -
мемлекеттің жеке кәсіпорындарға жалпы мемлекеттік мүдделердегі осындай
бағдарламаларды орындауға бейімделген мемлекеттік бағдарламаларға айналған
өзіндік мемлекеттік тапсырысы. Индикативті жоспардың бұл негізгі міндеті -
ақпараттың бағдарлаушылық және ол мәнісі жағынан себептемелік болып
табылады.
Үшіншіден, индикативті жоспарлауда мемлекет үшін міндетті тапсырмалар
бар.
Төртіншіден, ол мемлекет пен экономиканың басқа субъектілердің іс-
әрекеті мен мүдделерін үйлестірудің тетігі болып саналады. Индикативті
жоспарлаудың дәл сол үйлестіретін міндетті ісі негіз болып табылады.
Жоспарлы қызмет барысында даму стратегиясы, ұзақ мерзімді болжаулар,
орташа мерзімдік және ағымдағы жоспарлар жасалады. Жоспарлаусыз дамудың
үйлесімділігі қамтамасыз етілмейді.
Шет елдердегі индикативті жоспарлау түрлерінің эволюциясы назар
аудартады. Оларда бұл процесс ондаған жылдарға созылады. Индикативті
жоспарлау түрлерінің эволюциясы тұрғысынан алғаңда мемлекеттік кірістердің
ҰЖӨ-ге ұлғаю шамасына қарай экономикалық өсу қарқыны мен үйлесіміне бюджет
ықпалының күшеюіне байланысты конъюнктуралық түрі бірінші болады.
Экономикалық тетіктер элементтерінің бірі ретінде жоспарлауды қолдану
посткеңестік кеңістіктегі Қазақстанның артықшылықтарының бірі болып
табылады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
басты назарында.
Елде мемлекеттік бағдарламалар мен ұзақ мерзімді жоспарлар жасау
мәселелерімен шұғылданатын органдар құрылды. 1999 жылдың 13 қазанында ҚР
Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі (тікелей Президентке бағынатын мемлекеттік орган) және
экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттік құрылды, кейіннен ол экономика
мен сауда министрлігі болып қайта құрылды. Қазірде экономика мен бюджеттік
жоспарлау министрлігі жұмыс істеуде [5].
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік кезінде дамудың әрбір
негізгі бағыттарын нақтылайтын басым бағыттар тобын анықтаумен шұғылданды.
Ол Президент бекіткен жеті басым бағыттар тобы бойынша үш жылдық
стратегиялық жоспарларды әзірлеуді жүргізді. Бұрынғы Мемлекеттік
жоспарлардан айырмашылығы агенттік жоспарларды тек министрліктер,
ведомстволар мен әкімшіліктерге, яғни тек мемлекеттік органдар үшін ғана
әзірлейтін еді.
Қазақстанның индикативті жоспарлауды жасауда белгілі бір тәжірибесі
бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
1996-2000 ж.ж. арналған индикативті жоспары жасалды. Ол макроэкономикалық
аспекті, сыртқы саясат, институциональды өзгерістерді (жекешелендіру,
нарықтық инфрақұрылым, кәсіпкерлік сектордың дамуы) қамтиды. Екінші кезеңде
мыналар көзделді: экономиканың құрылымдық саясатын мемлекеттік қолдауды
жандандыру, елдің жағымды төлемдік балансын қамтамасыз ету, нарықтың кең
жүйесін жан-жақты дамыту, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу. Қазақстан
Республикасының экономикасы мен әлеуметгік салаларын дамытудың маңызды
мақсатты индикаторлары анықталды. Жоспардың көптеген бағдарлары орындалды,
соның ішінде, ішкі жалпы өнімнің өсуі, мұнай-газ секторының алға озып
шығып, дамуы, инвестиция үйірудің жоғары қарқыны және т.б.
Қазақстан Республикасының 2001-2005 ж.ж. арналған әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативті жоспарының жобасы жасалды. Онда
әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсаттары мен маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштерді халық шаруашылығының негізгі салаларын дамытуды, шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік және салалық бағдарламаларды дамытуды болжау бар.
Индикативті жоспарларда бар экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
басқарудың белгілі бір тетіктерін әзірлеу жолымен іске асырылады. ҚР
Президентінің Елдегі жағдай және сыртқы, ішкі саясаттың 2002 жылға
арналған негізгі бағыттары туралы халыққа Жолдауында біз іс жүзінде шешуге
тиісті барлық басты міндеттер Қазақстанның 2030 жылдарға дейін
стратегиялық дамуында баяндалғаны атап көрсетілген. Оның ой-жемісі шаралар
мен бағдарламаларда, сонымен қатар орта мерзімді және қысқа мерзімді
келешекке арналған жоспарларда үнемі айкындалады. 2030-стратегиясын
орындау үшін еліміздің онжылдық стратегиялық жоспары жасалды. Жоспарлаудың
сипатын, мазмұнын, көкжиегін, оның әдіснамалық және әдістемелік негізін
шындап жақсарту қажет. Белгілеу басқарудың жоспарлық тәсілін кеңінен
қолдануға мүмкіндік беретіндей өте анық және негізді.
2001 жылы 4 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен 2010 жылға
дейінгі Қазақстан Республикасы Дамуының стратегиялық жоспары бекітілді және
үкіметке, барлық мемлекеттік органдарға, облыс әкімдеріне өз кызметтерінде
осы жоспарды басшылыққа алу ұйғарылып тапсырма берілді. Қабылданатын
мемлекеттік және аймақтық жоспарлардың стратегиялық жоспарлармен үйлесуін
қамтамасыз етуге бағдарлану өте тамаша, бұл индикативті жоспардың ең басты
міндетті ісі болып табылады [6].
Стратегиялық жоспарда дамудың нақты бағыттары айқындалған. Сонымен
бірге ұлттық экономиканың бәсекеге мүмкіншілікті негіздерін жасау; жалпы
ішкі өнімнің (ЖІӨ) кемінде екі еселеніп ұлғаюына жету; тұрақты экономикалық
өсуді қамтамасыз ету; ұлттық капиталдың экономиканың шешуші салаларына
әсерін күшейту және т.б.
XXI ғ, жағдайында стратегиялық даму тек ұзақ мерзімді цикл -
стратегиялық жоспарлау негізінде ғана жүзеге асады. Қазіргі заманғы
демократиялық мемлекеттер бұл мәселелерді бюджеттік жоспарлау жолымен
шешеді. Оны дұрыс түсіну атқарушы билікке стратегиялық даму мәселелерін
тактикалық іс-әрекет тіліне көшіруге жәрдемдеседі.
Республикада жаңа орган - ҚР Экономика мен бюджеттік жоспарлау
министрлігі жұмыс істеуде. Оның негізгі мақсаты - мемлекеттік бюджетті
қалыптастыру, бұған мемлекеттік кірістер мен шығыстарды жоспарлау ғана
емес, оларды сайма-сай, үйлесімді бөлу де кіреді. Бюджеттік жоспарлау орта
мерзімді үш жылдық кезенде іске асырылады.
Стратегиялық жоспарлау ерекшелікті стратегия әзірлеуге жетелейтін,
басшылық ұйғарған іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығы болып табылады. Ал
олар ұйымның өз мақсаттарына (М. Мескон және т.б.) жетуіне жәрдемдесуге
арналған.
Стратегиялық жоспар келешек пен жеке тұлға тұрғысынан жасалады;
көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі нақты мәліметтерге негізделуі тиіс. Ол
фирмаға анықтық, даралық дарытады, бұл қызметкерлердің белгілі бір типтерін
тартуға мүмкіндік береді, ұйым үшін келешекке жол ашады. Стратегиялық
жоспарлар ұзақ, уақытқа созылған кезең бойы тұтастығын сақтап қана қоймай,
қажетті жағдайларда жаңғыртып, жетілдіру мен қайта бағдарлануды жүзеге
асыра алатындай жеткілікті икемді болуы керек [7].
Стратегиялық жоспарды қалыптастыру дегеніміз - болашаққа мұқият,
жүйелі дайындалу. Схемалы түрде былайша: миссияны таңдау (ұйымның негізгі
жалпы мақсаты); мақсатты қалыптастыру (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа
мерзімді); қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу (саясат, стратегия, рәсім,
(процедура), ережелер, бюджеттер). Стратегиялық жоспарлау теңірегінде
басқару қызметін төрт негізгі түрге бөлуге болады: ресурстарды бөлу, сыртқы
ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру мен ұйымдастырушы стратегиялық алдын ала
болжау. Ресурстарды бөлуге тапшы басқарушы таланттар мен технологиялық
тәжірибе қорлары сияқты шектеулі ұйымдастырушылық ресурстарды бөлу кіреді.
Сыртқы ортаға бейімделуді кең мағынасында түсіндірген жөн. Ол
компанияның айналасындағы қатынастарын жақсартатын, стратегиялық сипаттағы
барлық іс-әрекеттерді қамтиды. Сыртқы ортаны талдау деп фирманың
мүмкіндіктері мен төнетін қатерін анықтау үшін, ұйымға қатысты сыртқы
факторларды бақылайтын стратегиялық жоспарды жасайтын процесті айтамыз.
Өркендеп келе жатқан компаниялардағы стратегиялық жоспарлау неғұрлым
жетілген өндірістік жүйелерді әзірлеу жолымен жаңа қолайлы мүмкіндіктерді
жасайды.
Ішкі үйлестіруге ішкі операцияларды тиімді біріктіру-кіріктіруге (әр
түрлі кәсіпорындардың қызметін біріктіру) жету мақсатымен фирманың күшті
және осал жақтарын көрсету үшін стратегиялық іс-әрекетті үйлестіру кіреді.
Ұйымдарда тиімді ішкі операцияларды қамтамасыз ету басқару іс-әрекетінің
ажырағасыз бөлігі болып табылады.
Ұйымдастырушы стратегиялық алдын ала болжау өткендегі стратегиялық
шешімдерден сабақ алып, үйренетін, ұйымдастыруды қалыптастыру жолымен
менеджерлердің ой-санасын жүйелі дамытуды жүзеге асыруды көздейді.
Қателіктерден сабақ алып, үйренуге қабілеттілік ұйымға стратегиялық басқару
саласында кәсібилігін арттыруға және өзінің стратегиялық бағытын дұрыс
түзеуге мүмкіндік береді.
Тактикалық жоспарлардың кейбір сипаттамалары: тактиканы стратегия
дайындайды; тактика орта буын басшылығы деңгейінде жасалады; тактика
стратегияға қарағанда уақыттың ең қысқа бөлігіне есептелген; стратегияның
нәтижелері бірнеше жыл бойы толығымен анықтала алмаса, тактикалық
нәтижелер, әдетте, өте тез байқалады және нақтылы іс-әрекеттерге оңай
үйлеседі [8].
Менеджментке қатысты жоспарлау тез өзгерген конъюнктураға қарай
кәсіпорынның қызметін ең тиімді ыңғайлануын, белгісіздік жағдайында әр
түрлі болжанбаған жайттың пайда болу әзірлігінің жоғары деңгейін қамтамасыз
етуді көздейді.
Тактикалық жоспарлаудың әр түрлі формалары болады. Формалардың бір
түрі – ұзақ мерзімді жоспарлардың егжей-тегжейлі мәселелерді қозғаған қысқа
мерзімді жоспарларға бөліну процесі. Әдетте бір жылға: өндірістік, қаржылық
жоспар, Маркетинг жөніндегі жоспар жасалады.
Ағымдағы жоспарлаудың басқа формасы болашақтағы болуы ықтимал ахуал
пайда болған жағдайда реттеудің саясаты мен тетіктерін әзірлеу болып
табылады. Тәжірибе жүзінде басқарушылар көптеген жоспарларды жүйелі түрде
қайта қарайды, қойылған мақсатқа ұтымды жету үшін оларды орындау барысында
қажетті өзгертулер енгізеді. Басқарушылар жоспарды басқарады, ол жоспарлар
оларды басқармайды.
Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде микродеңгейде ең үлкен мәнге
ие болады. Нарықтық экономика жағдайында микроэкономикалық деңгейде
жоспарлауды нығайту, өндірісішілік және фирмаішілік жоспарлау туралы ұлттық
бағдарлама мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі тетігі ретінде сөз қозғалуы
тиіс. Қай қоғамның да әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына жетуі
экономиканы басқарудың бастапқы буыны қалыпты жұмыс істейтін өндіріс
саласында басталады.
Фирмаішілік жоспарлаудың мақсаттары: фирманың жұмыс істеуіндегі
белгісіздік пен құбылмалылықтың теріс әсерін жою; назарды басты міндеттерге
баса аудару; үнемді жұмыс істеуге жету мен бақылауды жеңілдету.
Фирмаішілік жоспарлауға мыналар кіреді:
- фирманың сыртқы төңірегінің даму келешегін айқындау;
- мақсаттар мен ықтимал стратегияларды тұжырымдау;
- бірінші кезектегі міндеттер мен оларға жету жолындағы іс - әрекетін
айқындау.
Фирмаішілік жоспарлау басқарудың құрамдас бөлігі ретінде
ұйымдастыру формаларының әр түрлілігімен айрықшаланады. Фирманың жоғары
әкімшілігінде тікелей президентке немесе вице-президентке бағынатын және
корпорация құралына кіретін кәсіпорындарға арналған келешектегі және
ағымдағы жоспарларды жасаумен айналысатын орталық жоспарлау қызметі бар.
Кәсіпорындарда мұндай жағдайда жоспарлау қызметі болмайды. Мұндай үлгі,
әдетте, бірдей және жуық өндірістік бейіндегі кә-сіпорындардың біразында
қолданылады.
Ірі корпорацияларда (концерндерде) келешектік жоспарлау бойынша
жұмыс өндірістік топтарда шоғырланған. Бөлімшелердің жоспарлы қызметінің
жұмысын үйлестіру мен бақылауды жоспарлаудың орталық қызметі іске асырады.
Әрбір кәсіпорында өндірістік жоспарлау мен бақылау бөлімі болады, ол іскер
шұғыл жоспарлардың жағдайымен шұғылданып, оларды орындауға бақылау
жүргізеді.
Фирма деңгейінде жоспарлау - қажетті мәліметтер алғаннан
кейінгі болашақтағы қызметтің нобайын жасау:
- айналадағы жағдай жайында. Бұл мәліметтер фирманың қызметіне ықпал
ететін (заңнама, тұрмыс деңгейі, баға деңгейі, халық саны және т.б.) саяси,
мәдени, әлеуметтік факторлардың жиынтығын қамтиды;
- бәсеке туралы. Бұл орайда экономикалық және іскер жағдай, сондай-ақ
дайындаушы мен тұтынушы арасындағы қатынастар назарға алынады;
- ішкі ұйымдастыру туралы. Бұған басқару құрылымы, стратегия, мақсат,
кадрлар, қаржылық жағдай, өндірістің даму деңгейі және т.б. жайлы
мәліметтер кіреді.
Фирманың іс-әрекетін жоспарлау процесіне мына кезеңдер кіреді:
- мүмкіндіктерді (ресурстарды, өндірісті, қуаттылықты) анықтау;
- нақты жоспарлардың мақсатын - түпкі нәтижені белгілеу;
жоспардың негізгі параметрлерін белгілеу (шектеулер - ішкі және сыртқы);
- іс-әрекеттің баламалы (неғұрлым жақсырақ) бағыттарын анықтау;
- іс-әрекеттің баламалы бағыттарын бағалау;
- баламалы бағыттардың бірін таңдау;
- жоспардың орындалуын ұйымдастыру.
Жоспарлау перспективалы, стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
болып бөлінедi.
Қысқа мерзiмдi жоспарлау бұрын фирмалармен белсене қолданылды.
Экономиканың қарқынды өсуi, бәсекелестiктiң өсуi, сыртқы ортаның
динамизациясы дегенмен ұзақ мерзiмдi жоспарлауға өтуге себепшi болды. Ол 50-
шi жылдардағы iрi және орташа фирмаларда тұңғыш рет қолданыла бастады.
Жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық
есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың
мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады
[9].
Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек.
Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған
сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.
Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл – мемлекеттің,
қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың
көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру. Жоспар жасауда ең бірінші
айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл
болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына
мүмкіндік жасайды. Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен
толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша жоспарлау жасаудың
150-ден астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-
20әдісі қолданылып келеді.
Жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл
әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек. Кең
қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз.
Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері
және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады.

2-сурет – Жоспарлаудың түрлі әдістері

Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық
әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды
дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық
ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т.б, баланстық өлшемдер есепке
толығымен алынады.Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын
есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника
кеңінен қолданылуда [7].

3-сурет – Жоспарлау жүйесі

Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей
топтарға бөлеміз:
- Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы;
- Отын-энегргия және еңбек ресурстарының нормасы;
- Өнімділік қарқынының нормасы;
- Инвестиция және капитал салымдарының нормасы;
- Қаржылық нормалар.
Мұндай шешiмдердiң қабылдануында кең мағынада жоспарлаудың процесі
жатыр. Тар мағынада - жоспарлау арнайы құжаттардың салыстыруы болып
табылады. Жоспар қабылданған шешiмдердi жүзеге асыруында iстегi ұйымның
нақты қадамдарын анықтайды.
Кәсіпорын өзінің даму жоспарын жасамас бұрын өндірілетін өнім немесе
көрсетілетін қызмет түрлеріне сұранысты, кәсіпорынның экономикалық-
әлеуметтік қамтамасыз етілуін, жұмыспен қамтылуын, еңбек өнімділігі мен
күшін толық есепке алуы керек. Жоспарлау өндiрiстiк жүйенiң дамуы нақты
шешiмдердiң қабылдануын көздейді. Болашақта оның тиiмдi жұмыс жасауын және
дамуын қамтамасыз етiп, олардың анықталмағандығын кiшiрейтуге мүмкіндік
береді.
Жоспарларда көбiнесе мыналар байланысады : ұйым дамуының болжамдары;
аралық және негiзгi мақсаттар; оның алдына және жеке бөлiмшелеріне қойылған
мәселелер; ағымдағы қызметтiң үйлестiруi және ресурстарды бөлудiң
тетiктерi; күтпейтін кездейсоқ жағдайлар пайда болғандағы стратегиялар
[10].
Қорыта келгенде, жоспарлау өндiрiстiк жүйенiң дамуы нақты шешiмдердiң
қабылдануын көздейді. Болашақта оның тиiмдi жұмыс жасауын және дамуын
қамтамасыз етiп, олардың анықталмағандығын кiшiрейтуге мүмкіндік береді.

2 Транспорт Логистика Таможня Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің
қызметі және жоспарлау үрдісінің ерекшеліктері

2.1 Транспорт Логистика Таможня Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің
қызметінің сипаттамасы

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну
нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық
бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың
өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.
Тұтынушылардың тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын
кәсіпорындардың нарықта болмауы өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне
отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту
бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл
сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу логистикалық жүйенің негізгі
элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету
механизімін құрастыру болып табылады.
Осы заманғы экономикалық үрдістердің даму шарттарына байланысты
өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір
интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорны 2006 жылдың сәуір айынан
бастап қызмет ете бастады.Осы көліктік – экспедиторлық қызметте жұмыс істеп
жатқан кәсіпорындарға қарағанда, жас және жаңадан тез дамып келе жатқан
кәсіпорын болып есептеледі.Кәсіпорын тек жоғарғы сапалы қызмет түрлерін
ұсынады.
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорны кез – келген көлік түрімен
жүктердің жеткізілуін қамтамасыз етеді. Тұтынушының қоймасына вагондардың
қабылдауын жүзеге асырады. Кәсіпорынның логистика ауданында үлкен
тәжірибесі бар бола тұра, кәсіпорын тұтынушыларға жүктердің әр түрлерін
жеткізуін барлық спектр арқылы қызметін ұсыныс жасайды.
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорны барлық логистикалық тізбекпен
көліктің жүктелуге берілуінен бастап , қабылдаушыға жүктің жеткізілуіне
дейін қызмет түрін көрсетеді. Кәсіпорын жұмысшылардың білімі мен
тәжірибесі жүктің жеткізілуін жоғарғы деңгейде тиімді және уақытылы болуына
үлес қосады, сонымен қатар әрдайым ұтымды қорытындыны қаматамасыз етіп
тұрады. Бұл ынтымақтастықтың белгісі болып саналады [11].
Әлемдік сапаға сай бағытқа байланысты қызмет көрсету сапасының
жақсаруына көп көңіл бөледі.Кәсіпорынның серіктестері жекелеген тор
арқасында тауарларды жүктелуі мен жіберілуіне байланысты барлық мәселелерді
шапшаң шешеді.Бұл кәсіпорын тұтынушылардың жұмысын едәуір жеңілдетеді және
де жүктің жеткізілуіне қажетсіз шығындардан құтылуға көмектеседі.
Транспорт Логистика Таможня ЖШС - бұл жүктеріңіздің тасымалдауын
қарапайым және жағымды жасалуда орындалатын дамып келе жатқан көліктік -
экспедиторлық кәсіпорын. Осы кәсіпорын көліктің әр түрлі түрлерімен және
олардың комбинацияларымен ішкі және халықаралық жүкті тасымалдауды
орындайды.
Жоғарғы маман әр тұтынушыға жеке жағдай жасалады, тапсырыстың көлемі
мен шамасына қарамастан тасымалдау үрдісіне тұрақты бақылау жүргізу ол –
Транспорт Логистика Таможня компаниясының қызметін мінездейтін
ерекшеліктер.
Кәсіпорын мамандары әрбір тапсырысқа жеке жағдай жасайды және жүгітің
басқа үрдістерді тасымалдауды табысты орындайды. Бұл технология әрдайым
жаңарып, өңеріп отырады, өйткені жаңа қажеттіліктер , жаңа міндеттер, жаңа
құқық пайда болып тұрады. Кәсіпорын ыңғайлы және пайдалы болатындай етіп,
құнын есептеп береді.
Транспорт Логистика Таможня ЖШС - ның бас офисі Алматы қаласында
орналасқан, аймақтың агенттері және серіктестердің жүйесі, ортақ
өнеркәсіптері, барлық облыстық қалаларында өкілдері және бөлімдері
орналасқан [12].
Қазіргі уақытта ЖШС Транспорт Логистика Таможня кәсіпорны өзінің
әлеуетін өсіріп және ұсынылған қызмет спектірінің ұлғаюымен жұмыс істеуде.
Сонымен қатар өзінің тұтынушыларына қызмет көрсетудің саласының тұрақты
жақсартуымен жұмыс істелінеді.
Қазіргі уақытта осы кәсіпорын Еуропа, АҚШ, Канада, Қытай және СНГ
елдерінің порттарынан үлкен авиатасымалдауды іске асыруда.
Көлік тасымалдаулар. Қазіргі уақытта жүктің локальды жеткізуімен ҚР
және СНГ елдерінде контейнерлермен агенттік қызметін атқарады.
Теміржолды тасымалдау. Қазақстан Республиканың Еуразиялық материкте
тиімді географиялық орналасуы бастапқыдан көпір сияқты мемлекет болып
табылады. Көліктік жолдардың үлкен созылымын ескере отырып, Қазақстанның
орналасқан аумағы теңізге тікелей шыға алмағандықтан көліктің ең тиімді
түрі темір жол болып табылады.
Қазіргі уақытта Транспорт Логистика Таможня кәсіпорны орындап
отырған темір жол тасымалдауы жалпы тасымалдау көлемінің 80 пайызын
құрайды.
Кәсіпорын құрылымында теміржол көлігіндегі экспедициялау бөлімі өз
қызметін табысты іске асыруда. Онда жоғарғы деңгейдегі мамандар және де
ФИАТА дипломын алғандар, әртүрлі жүктермен жұмыс істеуде тәжірибелері бар
мамандар қызмет атқарады.
Қазір Транспорт Логистика Таможня ЖШС - бұл Қазақстан Темір жолының
ресми түрдегі экспедиторы. Біздің компаниямыздың Ресей теміржолдарымен
еншілес кәсіпорын болып ынтымақтасады. Бұл бізге Қазақстан тұтынушыларына
Ресей аумағындағы тасымалдауларды сапалы және арзан жасауға мүмкіндік
береді.
Кәсіпорынның басты мамандануы - бұл барлық бекітілген шарттар
негізінде XXI ғасыр технологиялар талаптарына сай, халықаралық
стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде
құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис
ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын
қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық
толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында
инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі,
Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық
объектілер болған емес.
Кәсіпорын жүкті сақтау, тасымалдау және кедендік тіркеу бойынша
мәселелерді тиімді тасымалдау, жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді.
Қоймалар логистикалық жүйенің негізгі элементтердің бірі. Қорларды
сақтауға әдейі құрастырылған орындардың болуы, материалдық ағымдардың
жүрудің барлық кезеңінде керек, біріншіден шикізат көзінен бастап, соңғы
тұтынушыға дейін.
Қазіргі заманғы қойма логистикалық операциялар қызмет көрсету үлкен
көлемде орындайды. Тұтынушыға кең көлемде қоймалау, жүкті қайта өңдеу,
орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с логистикалық келісімдері.
Кәсіпорын кедендік - брокерлік қызметтердің келесі түрлерін
көрсетеді:
1. толық кедендік рәсімдеу
2. тауарға сәйкес сертификаттар алу
3. рұқсат беру қағаздарын рәсімдеу (ветеринарлық, фитосанитарлық
тексеру);
4. дәрі-дәрімектерді кедендік қоймада сақтау.
Жоғарыда көрсеткендей, кәсіпорын қоймалары кең ауқымды логистикалық
операциялар бойынша қызмет көрсетеді. Тұтынушыға қоймалау, жүкті өңдеу,
орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с. логистикалық шешім бойынша
кең ауқымды таңдау береді.
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорны – бұл қызметі мен міндеті
анық бөліну принципімен ұсынған мамандардың ұжымы.
Әрбір қызметкер нақты салада маманданады. Бұл жұмыстың кез – келген
деңгейіндегі біріккен іс – әрекетті қаматамасыз етеді. Және бізбен
қызметтестікті жеңілдетеді, тұтынушыларға ыңғайлы жасайды.Әркім жауап
беретінін біледі және оған сеніп тапсырған барлық мәселелерге білікті
қарайды [13].
Транспорт Логистика Таможня - күрделі механизм болып табылады, оның
сенімді жұмысы барлық салалардың бір – бірімен жұмыс жасайды.
- халықаралық тасымалдаудың сату бөлімі;
- халықаралық тасымалдаудың өндіріс бөлімі;
- халықаралық операциялар бөлімі;
- кедендік құжаттарды ұйымдастыру бөлімі;
- ішкі экономикалық қызмет бөлімі;
- ресейлік тасымалдаудың сату бөлімі;
- қаржы бөлімі;
- әкімшілік - шаруашылық бөлімі.

4 - сурет – Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің
байланысы

Халықаралық тасымалдаудың сату бөлімі. Бөлім құрамы тұтынушылармен
жұмыс істейтін менеджерлер, ақпараттық қызмет қызметкерлері.
Менеджердің міндеті – оның тасымалдауын орындау процессі кезінде
тұтынушының кәсіпорынмен қатысып, барынша ыңғайлы жұмыс жасайды.Әрбір
тұтынушымен жеке менеджер жұмыс жасайды, ол оның тасымалдауын басынан
аяғына дейін жүргізеді.Сіздің жеке менеджеріңіз сіздің тасымал жөніндегі
тапсырысыңыз негізінде мамандар үшін мақсатты анық құрады.Сізге жүкті
жеткізудің ең оптималды нұсқасын ұсынады, қызметтің толық бағасын есептеп
береді және жүгіңіздің экспорт - импортты құжаттауды көлікпен тасымалдаудың
бүкіл процесін, қоймаға қоюды бақылайды. Ол сіз үшін тасымалдауға
байланысты барлық қалыпсыз жағдайларды жедел де сауатты шешімдер жасауға
дайын. Тұтынушылармен жұмыс жасайтын бөлімнің құрамындағы ақпараттық қызмет
ерекше қызмет атқарады.
Оның қызметкерлері жүкті жеткізу процесінің кез – келген тұсында
жүктің тұрған жерін қадағалап, тұтынушыларды хабардар етеді. Сіздің
талабыңыз бойынша, Транспорт Логистика Таможнякәсіпорны сіздің
жүгіңіздің дәл қазір қайда екеніндігін және тапсыру уақыты жоспарларын
электрондық пошта немес факс арқылы күнделікті хабардар етіп отырады.
Жүкті халықаралық тасымалдаудың өндірістік бөлімі. Өндіріс бөлімінің
мамандары жүкті жеткізу процесін тікелей ұйымдастырумен айналысады. Олардың
міндеті – оның барлық деңгейіндегі мерзімі мен шығынын жоспарлы және ретті
жасау [14].
Бөлімде контейнерді теңізбен және темір жолмен, көлікпен және әуемен
тасымалдау бойынша мамандар жұмыс жасайды. Олар сіздің жүгіңізді
тасымалдаудың неғұрлым сәтті жіне тиімді маршрутты өңдейді, қажет болған
жағдайда көліктерді араластырады.
Кедендік құжаттарды ұйымдастыру бөлімі. Мұнда жүктерді экспортты және
импортты құжаттандыру бойынша, сертификаттау жіне сақтандыру бойынша
мамандар жұмыс істейді. Кәсіпорын жүкті тасымалдау бойынша барлық заңдық
талаптарыңыздың орындалуын, сондай – ақ жүкті кедендік құжаттау мәселесі
бойынша маманданған кеңес берілуін, экспортты – импортты режимде кедендік
операциялардың енгізілуін қамтамасыз етеді және жүкті жіберілушілермен оны
алушылар үшін кедендік құжаттауды ұйымдастырады.
Жүкті ресейлік тасымалдаудың сату бөлімі. Бөлім құрамы– тұтынушылармен
жұмыс істейтін менеджерлер. Олар тұтынушылармен қарым- қатынасты іске
асырады, жүктерді жіберуге арналған тапсырыстарды құжаттауға көмектеседі
және жүкке арналған контейнерлердің уақытысында берілуін бақылайды. Сондай
– ақ бөлім қызметкерлері жүктің ресей бойынша Якутияға, Қиыр Шығысқа,
Сібірге алдын ала келісім бойынша темір жолмен, өзендермен, порттармен
жіберілуінің тарифін жедел есептеуді іске асырады.
Транспорт Логистика Таможня ЖШС кәсiпорнында жұмысшылардың еңбекақы
жағдайына келер болсақ, мұнда жұмыскерлер мен жұмысшылардың еңбегiне ақы
төлеу үшiн еңбекақының кесiмдi және мерзiмдi нысаны қолданылады. Еңбекақы
төлеудiң кесiмдi жүйесiнде жұмысшының еңбегiне бағалама бойынша оның
өнiмiне байланысты ақы төленедi. Еңбекке ақы төлеудiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы логистика
Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы
Логистиканың теориялық негіздері
Өткізудегі қорларды басқару
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Қала аралық тасымал жұмыстары
Кәсіпорындарда көтерме сауда коммерциялық қызметті ұйымдастырудың ерекшелігі ретінде
Материалдық ресурстарды басқару
Өндірісті басқару мәні
Востокцветмет ЖШС қоймасының жүк көтергіші
Пәндер