Болмашыдан әсерлену нағыз талант табиғатына тән қасиет


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . ……3

МУЗЫКАЛЫҚ ТАЛАНТ . . . …5

  1. Адамның кейбiр жұмбағы. …… . . . …. …5

1. 2 Қабілет және оны тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстар . . . … . . . 13

1. 3 Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен . . . 18

1. 4 Шығармашылық түйсік немесе интуиция . . . …… . . . . . 22

ФАРАБИ ЖӘНЕ МУЗЫКА МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 27

2. 1 Фарабидің музыкалық ілімі . . . …27

2. 2 «Музыканың ұлы кітабы». ……… . . . …32

ҚОРЫТЫНДЫ. … . . . 57

ҚОЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . …… . . . 59

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі.

Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Осыған байланысты болашақ ұрпаққа оқу және тәрбие беру мекемелерінің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі - өркениетті, адамгершілік сезімі дамыған, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, рухани жан дүниесі бай, жан-жақты, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Оның ішінде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, музыка сабағында және сыныптан тыс түрлі шаралар негізінде, музыкалық жұмыстар арқылы ұлттық мәдениеттің қыр-сырын келешек ұрпаққа меңгерту, міндетті түрде тәрбиенің маңызды проблемаларының бірі болып саналады.

Музыка өнері көркемөнердің көне түрлерінің бірі және ол болашақ ұрпаққа мәдени-эстетикалық тәрбие беруде шешуші роль атқарады. Музыканың тарихы мен эволюциясы қоғамның даму процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан да әр заман өзінің тіл өрнектері мен жаңалықтарын әкеліп отырған.

Музыка - адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.

Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.

Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады.

Музыкалық білім беру педагогикасы - педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орай, оның дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті терминологиясы жөнінде әлі де бірыңғай пікір-пайымдаулар қалыптасқан жоқ.

Кейінгі жылдары музыкалық білім берудің тарихи, әдіснамалық-теориялық мәселелері, әдістемесі ресей ғалымдарының бірен-саран еңбектерімен танымал болғанымен, қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар жоқтың қасы. Бұл сөз жоқ, болашақ музыка мұғалім пәні мұғалімнің кәсіби даярлау ісіне нұсқан келтіруде.

МУЗЫКАЛЫҚ ТАЛАНТ

  1. Адамның кейбiр жұмбағы.

- Талант - адамның табиғаттан берілетін белгілі бір қабілеті. Ол қабілет табанды еңбекпен ұшталады. Талантты адам - тынымсыз еңбек иесі, өзін-өзі жүзеге асыра алған және сонысымен өзін өмірден, өмірден өзін тапқан адам. Болат Атабаевтың талмай айтатын бір пікірі бар: «бізде таланттылар көп, кәсібилер жоқ, маған таланттар емес, кәсібилер керек»» дейді ол. Бұл тұста ол ептеп ұғымдарды ауыстырыңқырайды. Ал, меніңше, талантты адам - өз өнері мен білімін кәсіби түрде өзінің және қоғамның қажетіне жұмсап, игілігіне жарата алатын адам. Яғни шын мәніндегі кәсіби адам. Бүгінгі сәнмен қисындасақ, бәсекеге қабілетті адам. Біздің қоғамда талантты адамдар өзіне лайық орнын ала алады деп білемін.

- Талант дегеніміз 99 пайыз - еңбек, ал 1 пайыз - бақ.

Зерделi, түйсiгi мықты, құймақұлақ адам түптiң түбiнде өзi көксеген көкжиектен көрiне бiледi. Зерделiнiң бағы, зердесiздiң соры бар. Дұрыс мақсатқа жұмсай бiлгенге зерде - қазына, мидың жемiсi. Зерделi жан шығар биiгiне көзi тұнғандай сескене, жүрексiне қарамауы керек. Туа бiткен қабiлет тоқмейiлсудi қаламайды. Еңбекқорлық керек. Төрт дөңгелегi түгел емес арбаны елестетiңiз, сақырлап, межелi жерiне мезгiлiнде жетпейдi. Сол секiлдi, көп бiлуге құмарлықсыз зерде дамымайды, таным кеңеймейдi. Ал дарындылық, талант -өз алдына бiр дастан.

Музыкалық талант туралы пiкiр о бастан-ақ екiге жарылған. Бiрi тума, екiншiсi жүре келе жетiлетiн болып. Асқар Сүлейменов: «Өлеңге әркiмнiң-ақ бар таласы. Айтарың болса айт. Ол үшiн ең алдымен бiр-ақ нәрсе керек. Оның аты - дарын, талант, сүйекке сүтпен сiңген, жоқ болса, кандидаттық, докторлық дипломдар тауып бере алмайтын табиғи қасиет», - деген. Тоқетерiн айтқанда, өнерге таласы бардың таланты жоқ болса, оның барынан жоғы. Таланттың қай-қайсысы да, мейлi, ол тума болсын, не жаттыққан болсын, екеуi де керек, екеуi де, ұлттың байлығы, қоғамның қозғаушы күшi. Десек те, әр нәрсе өз атымен аталғаны дұрыс. Пәленше, түгеншелердi мақтағанда «Ойбай, не дейсiң. Теңеу жоқ, теңдессiз талант!» - деп атын аспандағы айға iлiп қоямыз. Ол екi топтың қайсысына жатады, табиғи ма, әлде жаттыққан ба, осыны тiлге тиек ете жүрейiк те. Ара жiгiн ажырата бiлмеуiмiз де мүмкiн. Түк те қиыны жоқ. Тексерiп көрiңiз. Қалай дейсiз ғой. Мiне, былай. Шығармашыл тұлға шабыттанған шақта сананы әлдебiр тосын күш жаулап алады да, көркемдiк бейненiң немесе идеяның ұрығы миына себiледi. Моцарт өзiнiң шығармашылық құдiретi қалай пайда болатынын түсiндiре алмай, «қайдан және қалай шығатынын өзiм де бiлмеймiн» деп жауап берген екен. Фет былай дейдi: «Қандай ән салатынымды бiлмей тұрғанымда бiр әуен көмекейдi бүлкiлдетiп келе қалады». Тургенев «өзiмнен тысқары бiрдеңе әбден билеп алады да, бiрден iлгерi сүйрей жөнеледi» деп түсiндiредi. Жаттыққан таланттар осындай күй кешерiнен күмәнiм бар.

Ендi шабытқа тоқталайық. Шабыт құшағында отырғанда үйiн бiреу астаң-кестеңiн шығара төңкерiп, тонап, көшiрiп әкетсе де, байқамай, жайбарақат отыра беруi мүмкiн. Бұл олардың кiнәсi емес. Шабыт үстiнде үй түгiлi өздерiнiң бар-жоғын ұмытып, өзге әлемге шарқ ұрады. Бетховен шабыт үстiнде отырғанда ешкiм оған кедергi келтiрмейдi екен. Дастархан басына шақырса «мен тоқпын» деп жауап бередi. Ньютон жұмысқа құштарлана кiрiсiп кеткенде таңғы, түскi, кешкi асты iшудi ұмыт қалдырады. Джойс бiрде шабыты тасыған шағында қағаз таппай абдырап, шығармасының тұтастай бiр тарауын жазу столының бетiне қырнап жазып тастаған деседi. Марини «Адоненi» жазып жүргенде аяғын ыстыққа оңдырмай күйдiрiп алғаны шыбын шаққан құрлы әсер етпеген. Грек ойшылы Архимедтiң мынадай қызық хикаясы бар. Ол бiрде моншада шомылып отырып, су бетiнде жүзген тасты көрген. Қуанғанынан жүрегi жарыла жаздап, далаға жүгiрiп шығып «Эврика! Эврика!» деп айқай салыпты. Архимед судың көтеру күшiн осылай ашты. Пушкин «Борис Годунов» трагедиясын бiтiргесiн дауыстап оқып шығады да, шапалақтап «Жарайсың, Пушкин! Жарайсың!» деп айқай салған. Мұндай адамдардың миы тiптi түсiнде де тынбай жұмыс iстей бередi. Сөзiмiз дәлелдi болуы үшiн мынадай қызықты деректер келтiрелiк. Вольтер өлеңдерiн түсiнде шығаратынын бiреу бiлер, бiреу бiлмес. Ал Ньютон математикалық есептерiнiң жауабын түсiнде ойлап тапқан. Ұйықтар алдында кереуетiнiң жанына қалам мен қағаз қояды екен. Түсiндегiсiн дереу түсiрiп қалу үшiн. Альберт Эйнштейн өзiнiң салыстырым теориясының «сюжетiн» түсiнде ашқан. Менделеев үш күн, үш түн кесте жасау машақатымен отырады. Бiрақ түк шығара алмаған. Сосын ұйықтап кеткен. Түсiнде элементтерi орын-орнына қойылған кесте көрген. Түрегелiп бiр жапырақ қағазға түсiрiп алған. «Тексерiп көрдiм, бiр де бiр қатесi жоқ, дұп-дұрыс» дейдi. Периодтық жүйенiң кестесi осылай дүниеге келдi.

Мықты талант иелерi туындыларын 30 жасқа жетпей тудырып тастайды. Әрине, «қолын мезгiлiнен кеш сермейтiндер» де бар. Негiзi тума таланттар үстел үстiнде бiрнеше сағаттар бойы омалып, терiн сорғалатып, сарғайып-сазарып, қағазды бiрнеше ауыстыра шимайлап жазбайтын болуы керек. Шабыты шалқығанда бұрқ еткiзiп төгiлтедi, болды, бiттi. Кiмнiң қанша жасында қалай кемелiне келгенi жайлы мынадай-мынадай деректер келтiрейiк. Жалықпай оқып шығыңыз.

Ұлы Абай 15 жасында ел iсiне араласты. 20 жасында дiлмар шешен атанды. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстiм», «Қазақта қара өлеңге дес бермедiм» деп өткен ғұлама Абайдың болмысын, философиясын бiрнеше ғасырды артқа тастасақ та, түбегейлi аша алмай келемiз. Ақындарымыз Абайды қайталап оқыған сайын таң қалдырарлық жаңа ой-ұғымдарға кезiгетiнiн айтады. Сол секiлдi Пушкиннiң де тума дарындығына әдебиетшiлер әлi күнге шейiн таң қалумен келедi. Зерттеушiлер Пушкиннiң композиция құрудағы шеберлiгiн анықтау үшiн поэмаларын талдаған. Белгiлi бiр оқиғалы сюжет бiтiмi мен өлең жолдарының санын шығарып, арифметикалық есеп-қисап жүргiзген. Сөйтсе, қай жағынан алса да, алгебраның заңдылығына сай, тұп-тура бiрдей болып келедi екен. Мұны Пушкиннiң керемет сезiмталдығы дейдi.

«Шiрiген мақта мата болмайды . . . »

Тума дарын Блез Паскаль тұңғыш еңбегiн он жетi жасында тудырған. Вальс королi, атақты композитор Штраус әлемге әйгiлi кейбiр шығармаларын отызға жетпей жарыққа шығарған. 600 әннiң авторы, белгiлi композитор Франц Шуберт өзiнiң ең озық операларының бiрi «Альфранцо мен Эстрелласын» 25 жасында жазып үлгерген. Италияның ұлы композиторы Россини «Севиль шаштаразшысы» операсын шығарғанда жасы 26-да едi. Опера тудыру өлең шумақтарын бұрқыратып төгуден он есе қиын болса керек. Кейiнiрек Россинидiң 39 жылдық өмiрi шығарма тудыра алмаумен өткен деседi. Философ Мартин Хайдеггер 25 жасында «Психологизмдегi пiкiр туралы iлiм» атты диссертациялық еңбек жазған. Өз заманында немiс философы Артур Шопенгауэр «Дүние дегенiмiз ерiк пен түсiнiк» атты еңбегiн небәрi 29 жасында жазып тастаған. Жалпы, философияға сiздiң құрғақ сөзбен қуырдақ пiсiрiп, көбiктен қаймақ шығармақ шала «трактатыңыз» бiр тиын. Мұндай еңбек тудыруға тума дарындығы мен iзденiмпаздығын үйлестiре бiлген мықтының мықтысының ғана батылы жетедi. Философия нақтылыққа сүйенедi және өзiндiк көзқарасы жоқтарға онда орын жоқ. Немiс драматургi Иоганн Шиллер алғашқы драмасы «Қарақшыларды» 22 жасында баспадан шығарып, оқырманына оқытып үлгерген. Атын бүкiл әлемге паш еткен «Зұлымдық пен махаббат» драмасын 25 жасында дүниеге әкелген. Анатомия реформаторы Везалий өз жаңалығын 28 жасында ашқан. Ньютон 25 жасында тартылыс күшiн тапқан. Майер, Джоуль, Гельмгольцтер 28 жасқа келгенше энергияның сақталу заңын ашып бiткен. Жиырма бес жасында атом проблемасы саласында ұлы жаңалық ашқан аса iрi ғалым, профессор, көрнектi физик Энрико Ферми өте ерте кемелденген. Фредерик Кюри 28 жасында радиоактивтiлiк туралы жаңалығының негiзiн қалаған. Кибернетиканың «атасы» Норберг Винер бала күнiнен-ақ ғылыммен айналысқан. Өте ерте оянған ғалымның бiрi Ландау болған деседi. Ол 24 жасында теориялық физика кафедрасын басқарған. Авиоконструктор Яковлев те отызға толмай көзге түскен.

Жүре келе жетiлетiн талант баяу дамиды деседi. Кейде көштен қалып қояды. Қабiлеттен, сезiмнен жұрдай, көлденең кезiккен әлдебiреулерден талант жасап шығара алмайсыз. Шiрiген мақтадан мата жасап шығара алмайсыз, сол сияқты қабiлетсiзден ештеңе өнбеуi мүмкiн. Ғалымдар мұндай адамдардың сырын ашуға әрқашан құмар. Бiрақ ақыл-ой, интуициялық коэффициенттерiн мың жерден олай-бұлай тексерсе де, адам қабiлетiнiң жұмбағын ашып бiткен емес. Негiзi оларды сол деңгейге жеткiзген жанкештi еңбек, қажымай-талмай iздену, жалықпай оқи беру, жаңалық ашуға талпыну. Бiрақ жаңалық та екiнiң бiрiнiң басына «ұя» салмаса керек. Ол да иесiн таңдайды. Темiрхан Медетбектiң «Аянышты тағдыр» деген өлеңiнен бiр-екi шумақ келтiрейк:

Табамын деп жаңалық

Iздедi адам, iздедi.

Iздедi адам - қамалып!

Үмiтiн бiр үзбедi.

Өмiр сүрдi үн қатпай,

Сөз айтпады, жақ ашып,

Iздеп-iздеп түк таппай

Кеттi ақыры адасып!.

Мұндай бақытсыз тағдыр шынында да аянышты. Алайда бейнетқорлық жемiссiз қалдырмақ емес. Мысалы, Демосфендi ұлы шешен еткен оның еңбекқорлығы, намысқойлығы, күрескерлiгi деседi. Ломоносов өзiнiң сауатсыздығын жасы асқаннан кейiн жеңiп шыққан. Сол сияқты күнi-түнi кiтаптан бас алмай оқи берген, жанкештiлiгiмен әлемге танылған атақты жазушы Джек Лондонды жатқызамыз. Күнiне 200 сөзден кем жазбайтын оның еңбекқорлығына талас жоқ. Нота жазуды тек жиырма жастан асқанда әрең игерген ызақор Вагнер де осылардың сапында.

Атақтылардың бiразы бала кезiнде және жастық шағында «сауатсыз» деген жағымсыз атты иеленген. Мәселен, Д. Уатт, Свифт, Гаусс дарынсыз, ақпақұлақтар деп саналған. Ньютонға мектеп физикасы мен математикасын игеру қиынға соққан. Карл Линнейдiң қолынан етiкшiлiк келедi делiнген. Гельмгольц оқушы кезiнде екiден көз ашпаған. Чехов мектептегi шығармаларын «үшке» жазған. Вольтер Скотт туралы университет профессорлары «ол ақылсыз, сол ақылсыз күйiнде қалады» дегендi кесiп айтыпты. Ол ол ма, Чарльз Дарвинге әкесi «сенiң тек мылтық атып, ит жетектеп, егеуқұйрық ұстаумен әуреленуге ғана ынтаң бар. Сен өзiңнiң және отбасыңның сорысың» деген. Алайда әкесi қателеседi. Дарвиннiң егеуқұйрық аулап, ит жетектеуге құмарлығы эволюция теориясын ашуға септiгiн тигiзбеуi мүмкiн емес қой.

Ұлылар үйiрiмен жүре ме?

Жүре келе жетiлген дарындардың ең зор қасиетi - құмарлық, темiрдей тегеурiн, таудай талап, табанды талпыныс. Олар iстегенде барын салады. Олар өздерiнiң тән сырқаты мен жан азабын үнемi жаттықтыру арқылы жеңiп отырады, алданыш қылады. Жүре келе жетiлетiн дарындарда туа бiткен дарындарға тән дарқандық, аңғалдық, олпы-солпылық болмайды. Өзiне-өзi бұлжымас қатаң талап қоюы мен iшкi күш-қуат пен құштарлық оларды биiк дәрежеге көтередi» дейдi ғұлама психологтар.

Ендi қабiлетiмен дүниенi дүр сiлкiндiргендер туралы айтсақ. Қабiлет - негiзi бойға туа бiтетiн қасиет. Үлкен iстер тындыруда мықты қабiлет маңызды рөл атқарады. Қабiлетiмен адамдарды таң қалдырған патшалар аз емес. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Юлий Цезарь, Александр Македонский, парсы патшасы Кир 25000- 3 солдатының атын атап, түсiн таныған. Шампольон он алты жасында полиглот (көп тiл бiлетiн маман) атағына ие болған деседi. Ол жиырма жылдан соң Египет иероглифтерiн судыратып оқи алатын деңгейге жеткен. Паскаль, Лейбниц, Гаусс бала кезiнен математикалық қабiлеттiлiгiмен жұртты таң қалдырған. Атышулы Фемистокл грек астанасының 20 000 тұрғынын түгел таныған. Ал Сенека бiр-бiрiне байланысы жоқ, бiр рет қана естiген 2000 сөздi қайталап айтып бере алған екен. Дарынды математик Леонард Эйлер есептi сақтауда жұрттың бәрiн таң қалдырған. Президент Линкольндi Нью-Джерси штатында тұратын белгiсiздеу бiр суретшi сырттай құрметтейдi екен. Ынтық жан президенттi бiр-ақ рет көрген. Ол Линкольндi бiреулер өлтiргенiн естiгенде қасiрет шегiп, оның суретiн оймен салып, өзiн-өзi жұбатқан екен. Қабiлетiнiң мықтылығы соншалық, музыкант Моцарт бiр естiген үлкен де күрделi пьесасын қаз-қалпында айнытпай нотаға түсiре алған. Композитор А. Глазунов музыкалық туындылардың ұмыт болған әуендерiн оп-оңай тауып алатын-ды.

Дарындылық тұқым қуалайды деседi. Мысалы, И. С. Бахтың үрiм-бұтағынан елу алты музыкант шыққан, соның он алтысы асқан өнерпаз. Швейцар математигi Берниллидiң тұқымынан екi ғасыр бойы 14 iрi ғалым шығыпты. Тициандар, Дарвиндер, Штраустар, Кюрилер әулетiнен дарындар көп шыққан деседi. Бұл фактi жеткiлiксiз дейдi психолог ғалымдар. Мысалы, қарапайымдардан да даналар шығады. Даналық пайда болу үшiн, әсiресе психиканың өзгерiске түсуi қажеттi деп санайды. Мұны кезiнде Аристотель де растап кеткен. «Даңқты ақындар, ғұламалар, суретшiлер Беллерефонт секiлдi ептеп ақылынан адасқан меланхоликтер, мизантроптар болып келетiнi мәлiм. Сократ, Платон, Эмподокл тағы басқалар туралы да соны айтуға болады» дейдi ойшыл. Мұны Демокрит те қостай отырып: «Ақыл-есi дұрыс адамнан не ақын, не данышпан шықпайды», - дегендi ашық айтқан. Ал Платон: «Бiрде-бiр ақын ақылынан адаспай отыра алмайды. Және өткiншi нәрседен мәңгiлiк идея iздегендердiң қай-қайсысының да денi сау емес», - дептi. Мүмкiн күлерсiз, мүмкiн кiжiнерсiз. Қалай десек те әңгiмемiздiң барысы осы.

Дарындылық тәнiнде кемiстiгi барлардан көбiрек шығады. Себебi, Құдай бiр кемiстiкке бiр артықшылықты қосып бередi. Галлер, Свифт, Ж. Ж. Руссо, Ленау мизантропиямен ауырған. Философ, экзистенциялисттер А. Камю мен Кьеркегор туберкулез, Ницше жүйке ауруының азабын тартқан. А. Камю шығармаларының тұлабойынан автордың өз сырқатының «иiсi» шығады. Ал Ницше өзiнiң невротик екенiн еңбектерiнде «менмұндалатып» көрсетiп қояды. Әсiресе психологиялық мәселелерде эмоциясы, жанайқайы басым. Луис Борхес өмiрiнiң екiншi кезеңiнде көрсоқыр болып қалған. Акутагава Рюноскэнiң ұстамалы ауруы болған. Микеланджело Сикстин капелласының дуалдарына суреттер салып, ұзақ уақыт сарғая еңбек еткен екен. Соның салдарынан суретшiнiң мойны қисайып, жарымжан боп қалады. Бiрақ осыған бола ол ұнжырғасын түсiрген жоқ. Тұла бойындағы кемiстiктi тiптi елемеген. Ұлы мұрат жолында аянбай тер төге бердi. Жанталасып жұмыс iстей бердi. Ақырында асқан үлгiдегi туынды қалдырды. Қайсар, ержүрек тұлға Бауыржан Момышұлына ақ қар, көк мұзда операция жасалғанынан хабардарсыздар. Дәрiгер денесiн пышақпен кесiп жатқанда қыңқ етiп, дыбыс шығармаған ғой. Неткен батырлық! Кейбiр атақтылар жеке басының қайғысын елемейдi, ал шығармашылығына бiреулердiң таққан сынын естiсе шоқ болып күйедi. Мысалы, Лучио де Ланжевальдiң аяғын дәрiгерлер «жарамсыз» деп тауып, кесiп жатқанда кәдiмгiдей түк болмағандай күлiп-ыржиып, салтанат сарайында отырғандай жайбарақат сыңай танытыпты. Ал бiр сыншының қатты сынын естiгенде көтере алмай қалып, тұла бойы тiтiркенiп, қатты қайғырған екен. Сол секiлдi Даламбер болмашы сынды естiгенде көз жасқа ерiк берген.

Дарындылық топырағына тартып туады. Египетте ғылым мен өнердiң қалай пайда болғаны жайлы пiкiрлер тасқыны толассыз. Египеттiктер өз-өзiмен тұйықталып күн кешкен, былайша айтқанда, қараңғы халық болған. Соған қарамастан, ешбiр елдiң мәдениетiнде жоқ, қайталанбас үлгiмен храм, үңгiр, пирамидаларымен жасап келедi. Бiр ғажабы, гректердiң отанында емес, Еуропа мен АҚШ-тың құнарлы топырағында емес, мұхиттың жағасында емес, құм-шөлейт пен жартастардың қақ ортасында дамыды. Өзгелер жер өңдейдi, егiн-егiп, бау-бақшасын күтiп-баптайды, мал бағып өмiр өткiзедi, ал египеттiктер бүкiл өмiрiн өнер мен ғылым ашуға жұмсады. Бар қызығушылығы - ескерткiштер тұрғызу. Ой мен қол еңбегiн әдемi ұштастыра бiлдi. Әрине, қолы бостықтың да пайдасы тидi. Ақырында жер-жаһанды дүрiлдеттi. Олардың өнертапқыштығы сол, топырағына бермеген қазына-байлықты Құдай олардың миына сыйлаған. Бүгiнде алып пирамидаларының арқасында өз күндерiн өздерi көрiп отыр. Оңтүстiктiң Созақ өңiрi «кiшкентай Египет», өнертапқыштар ордасы деуге лайық. Сары даланың табиғатына тартып туғандықтан ба, әлде даланың жалаңаш топырағының сиқыры бар ма, әйтеуiр, Созақтан шыққан екiнiң бiрi - талант, дарын. Екiнiң бiрi - бойына бiрнеше өнердi сыйдырған бесаспап. Әттең, дұрыс тәрбиелей алмай жүрмiз. Әйтпесе, әрқайсысының басында бiр-бiр «пирамида» пiсiп жатыр десем артық айтқаным емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілет жөнінде түсінік туралы
Талантты шыңдау жолдары
Қабілеттер концепциялары
Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
К.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz