Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-7
І бөлім. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлінің теориялық негіздері . . . 8-28
1. 1. Мұғалімнің социумдағы орны мен қызметі және оған қойылатын талаптар . . . 8-19
1. 2. Мұғалім - оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырушы ретінде . . . 19-28
ІІ бөлім. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі . . . 29-50
2. 1. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру әдістері, формалары . . . 29-40
2. 2. Тәжірибелі-эксперименттік жұмыс нәтижелері . . . 41-50
Қорытынды . . . 51-52
Әдебиеттер тізімі . . . 53-55
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, мектептің жаңа жүйеге көшуі, әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың оқуға белсенділігі мен оқу мәденитені қалыптастыруға бағытталған.
«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасында» білім беру саласын реформалаудың стратегиялық бағыты болып ойлауда инновациялық шығармашылық типі бар адамдардың жаңа генерациясын, дамыған дүниетанымдық мәдениеті бар, дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын мұғалімдерді қалыптастырудың қажеттлігі айқын көрінген [1; 2] .
«Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді», - делінген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасында,
«Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектеп мынандай міндеттерді шешуі керек: - жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеп дамуына, білімін арттырып жетілуіне көмектесу, сондай-ақ оқытудың сан алуан тиімді формалары мен әдістерін барынша кең қолдану арқылы әрбір оқушының бойына үнемі оқып-үйренсем деген ізденімпаздың қасиет дарыту, оларға білімін өздігінше толықтырып, тереңдету тәсілдерін үйрету» - делінген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерінде, концепция мақсаты - оқушының жеке тұлғасын дамыту, қалыптастыру мәселесін, шығармашылықпен шешетін жаңа формацияның кәсіби компетентті педагогын даярлау делінсе, міндеттеріне - «педагог-оқушы» жүйесінде іс-әрекетті басқаруға бағытталған кәсіби-педагогикалық әрекетті ұйымдастыра алуды қамтамасыздандыру.
Жаңа формацияның мұғалімі - рухани дамыған, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдысы мен педагогикалық нышаны бар жаңалыққа ұмтылған шығармашыл жеке тұлға. Олай болса, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу білім беру жүйесіндегі жаңа формацияның мұғалімінің қолында болмақ.
Оқытудың жалпы теорияларының негізінде мұғалімнің рөлін қарастырған ғалым-зерттеушілер аз емес, мәселен Я. А. Коменский, И. Г. Песталоццин, А. Дистервеч, И. Гербарт, К. Д. Ушинский, П. Ф. Каптерев, С. Т. Шацкий, П. П. Нечаев, М. Я. Басов, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, сондай-ақ ХХ ғ. ортасында өмір сүрген кеңестік және шетел ғалымдары Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, И. Лингарт, И. Ломшер болған. Сондай-ақ осы аталған ғалымдардың зерттеулері негізінде оқыту әрекетінің психологиялық теориясы пайда болды.
Әр түрлі мамандықтар ішінде ерекше рөл, барлық іс-әрекет нәтижесі адам -азаматты дамып келе жатқан нарықтық қатынастың барлық жағдайына төтеп беруге дайын тұратын, ол үшін өз қызығушылығын, бейімділігін, мінез-қлық ерекшелігін оқу мен кәсіби даярлық барысында өзінің таңдаған кәсібіне және өзінің ұмтылысына толығымен сай келетін, кәсіпке жету мақсаты мен өз мүмкіндіктерін өзі бағалай білу іскерлігін сезіне білетін мұғалім мамандығына беріледі. Бұл тұрғыдан мұғалімнің педагогикалық еңбегі терең шығармашылыққа толы болуы керек. Қазіргі мектептің басты мақсаты - өз бетінше дами алатын, өз бетінше бағдарлама және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра білетін шығармашыл тұлғаны қалыпастыру.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІ-ші съезінде сөйлеген сөзінде Президентіміз Н. Ә. Назарбаевта осы мәселеге айрықша мән берген. Баланың бойында қалыптастырылуға тииіс қасиеттер алдымен мұғалімнің өз бойынан табылуы тиіс.
Ғалым-педагогтар В. Сластенин, И. Исаев, А. Мищенко, Е. Шяновтар «Мұғалімнің педагогикалық процесті басқарудағы теориялық және тәжірибелік даярлығының бірлігін, олардың мазмұнын жан-жақты талдайды». Қазіргі педагогикалық ғылымда озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері көптеп айтылуда. Мұғалімнің оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім берудегі көзқарасын қалыптастыруы, дүниетанымын дамытудағы еңбекке және қоғамға деген қатынасын тәрбиелеудегі рөлінің маңыздылығы белгілі педагогтар Н. К. Крупская, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко және т. б. еңбектерінде көрініс берген, сондай-ақ шетел педагогтары Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцин, А. Дистервеч өз еңбектерінде мұғалім мамандығының қоғамдағы орнына мән береді [3; 4; 5; 6; 7] .
Педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімнің педагогтық қабілеттілігі де бірқатар зерттеушілер еңбектерінде орын алды (Гоноболин Ф. Н., Данилов М. А., Якобсон П. М., Гальперин П. Я., Лемберг Р. Г., Занков Л. В. ) [8; 9; 10; 11; 12] .
Зерттеу барысында қарастырылған педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау мұғалім мамандығының қоғамдағы орнын, олардың зерттеу нәтижелерінің қоғамда кеңінен қолданылып жүргенін, дегенмен қарастырылып отырылған оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі мәселесінің бұл еңбектерде кең түрде қарастырылмағандығын дәлелдейді. Демек, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігі мен бұл мәселенің мектептегі қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі мектеп мұғалімінің педагогикалық процесс барысында оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері мен оларды педагогикалық процесте оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүйелі пайдаланбау арасында; оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қайшылықтардың бар екендігі бпайқалады. Осы қайшылықтардың шешімін қарастыру бізге тақырыпты « Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: О қушылардың сабақта оқу мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1) мұғалімнің социумдағы орны мен қызметін және оған қойылатын талаптарды теориялық тұрғыдан қарастыру;
2) мұғалімнің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ашып көрсету;
3) мұғалімнің сабақ үстінде оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу;
4) оқу мәдениетін қалыптастыруда әр оқушының жеке дамуын зерттеу тәсілдерін нақтылау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңды-нормативті құжаттары: Білім туралы заң, «Білім мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы 2015-ші жылға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық әдебиеттерге талдау, мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып үйрену, оқу процесін бақылау, әңгімелесу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін педагогтар мен психологтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттеудегі көзқарастарын ашып көрсететін тұжырымдамалар құрайды.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағиадалармен зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу нәтижелерін қорытындылаумен, жалпы білім беретін мектепте олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыздандырылады.
Зерттеудің базасы: тәжірибелі-эксперимент жұмысы өткізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері мен әдістері, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі баяндалады.
« Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлінің теориялық негіздері » атты бірінші бөлімде мұғалімнің социумдағы орны мен қызметі және оған қойылатын талаптар, сондай-ақ мұғалімнің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлі теориялық тұрғыдан қарастырылады. Мұғалімнің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалады.
«О қушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі » атты екінші бөлімде сабақ үстінде оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мазмұны, әдістері мен формалары негізделеді, тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижесі баяндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері, қорытынды және нұсқаулар беріледі.
І бөлім. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы
мұғалімнің рөлінің теориялық негіздері
1. 1. Мұғалімнің социумдағы орны мен қызметі және
оған қойылатын талаптар
Мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құятындықтан, өмірді, өзін қоршаған ортаны түсініп білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге зердесін оятып білуге деген құштарлығын (оятады) ұштайтындықтан, алдына келген жас сәбиге қаламды қалай ұстаудан бастап, таяқша сызуды, әріптен сөз құрап жазуды, оқып, санауды үйрететіндіктен, оның алдынан кітаптың құпия сырын ашып, білімнің есігін ашып, енгізіп, оның зердесіне білімнің шам-шырағын жағып, жарыққа жетелейтіндіктен, мұғалім мамандығы ең ардақты, әрі қарй мамандық. Сондықтан оны есінде ұзақ сақтайды. Әрине одан әрі оқушы жасында талай мұғалім кезедеседі. Олардың ішінде бала санасында із қалдыратындары да болады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтады.
Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбекпен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын тәрюиелейді.
Мұғалім оқушылардың жылдан жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ салып, өмірмен бірге алып жүретін адам болуға тиіс.
Сондықтан мұғалім институттан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды. Халық арасында мұғалім оқығанда ғана мұғалім, ал оқуын тоқтатқан күні мұғалім болудан қалады деген қанатты сөз тараған. Ғылыми ой дамыған сайын, болжамдар дәлелденіп теорияға айналып және жаңа фактылар мен заңдылықтар ашылып кеңейген сайын мұғалімге қойылатын талапта арта түседі.
Мұғалім - мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білденетерлік түрлі қасиеттерін айтады. Солардың бірі - оның балаға деген сүйіспеншілігі. Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн.
Мұғалім болу үшін балаға сүйіспеншілік жеткіліксіз. Мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері оның дербес іс-әрекетіне байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы. Алтынсарин: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қандыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс деп» - жазды [13] .
Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік деген кең мағынадағы ұғым. Ол ең алдымен мұғалімнің өз ісіне деген сүйіспеншілігі арқылы балаға өзі оқытатын пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы, талабы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіруге тырысуы. Сол арқылы баланың ғылым мен білімді игеруге деген ішкі қажеттігін туғызу қызметі балаға әсер ету қабілеттілігі.
Сонымен, педагогикалық іс-әрекетте мұғалімнің атқаратын басты педгогикалық қызметі не?
Педагогикалық қызмет - педаггтың кәсіби білім мен іскерлікті қолдану бағыты. Әрине, педагогтың мұндағы басты бағыты оқушыны оқыту, білім беру, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру болып табылады. Осының әрқайсысында мұғалім көптеген нақты әрекеттерді орындайтындықтан, олардың атқаратын қызметі кейде жасырын, кейде анық байқалады. Педагогикалық іс-әрекеттердің тамырына үңіле отырып, кәсіби пеадгогикалық іс-әрекет негізіне не жататындығын белгілейміз: ол әрине мұғалімнің басты қызметі - оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару.
Басқару функциясын нақытлау үшін «педагогикалық проект» ұғымын қолданамыз. Педагогикалық проект деп ойластырылған және аяғына дейін жеткізілген шараны істі айтамыз: сабақ, тәрбие сағаты, бөлімді немесе тақырыпты меңгеру, викторина, олимпиадаларды ұйымдастыру, мектептегі мереке экологиялық экспедиция және т. б. Осы аталған істің бәрін педагог, саналы сезім білімділікпен, тиімді болатындай етіп басқаруға міндетті.
Сонымен, педагогтың проектіні ойластыру кезеңіндегі бірінші қыметі - мақсат қою (Сурет-1) . Мақсат - педагогикалық әрекеттің басты факторы ол мұғалімнің жалпы еңбегінің қозғалысы мен оқушылардың нәтижеге жетуге ұмтылысын бағытайды. Басқару процесінің мұндағы мәні - мақсат пен нәтиженің өзара сәйкестігін бақылау әрекетінде.
Оқыту процесін басқару ең алдымен оқушылар біліміне негізделеді: олардың дайындық деңгейлері, мүмкіндіктері, тәрбиелілігі, дамуы. Диагностикалау арқылы осы аталғандарды анықтаймыз. Оқушылардың дене және психикалық даму ерекшеліктері туралы, олардың ақыл-ой мен адамгершілік тәрбиелілігі, сыныптағы және отбасындағы тәрбие жағдайлары туралы білімсіз дұрыс мақсат та және осы мақсатқа жеткізетін құралдарды да таңдап алу мүмкін емес.
Диагностикалаумен болжау тығыз байланысты. Ол мұғалімнің өз әрекетінің нәтижесін нақты жағдайда көре біліп, өз әрекетінің стратегиясын анықтауда, педагогикалық нәтижені алу мүмкіндіктерін бағалацда көрінеді.
Диагнозды оқытып, қолайлы болжауға негіздеме отырып кәсіби педагог оқу-тәрбие әрекетін жобалауға келеді. Мұғалімнің болжаулық функциясы алдындағы әрекеттің моделін жасаудан, тәсіл мен құралдарды таңдаудан тұрады.
Диагноз, болжау, жоба (проект) оқу-тәрбие әрекетінің жоспарын құруға әкеледі. Осы функциялар - педагогикалық процестің даярлық кезеңінде жүзеге асырылады. Шебер - мұғалім сыныпқа мақсатсыз, нақты жоспарсыз енбейді. Бұл жерде жоспардың көлемі, оны жүзеге асыру, педагогтың оны жатқа білуі басты мәселе емес - мұндағы басты мәселе - нақты жоспардың бар екендігі.
Келесі педагогикалық процестің іске асыру кезеңінде мұғалім мәліметтік, ұйымдастыруылық, бағалау, бақылау, түзету функциялар жүзеге асырады мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеті оқушыларды белгіленген жұмысқа жұмылдыруға, олармен мақсатқа жету барысындағы бірлестікке негізделген. Мәліметтік функцияның мәні, математиктердің айтуынша, анықтамады. Мұғалім - білім алушылар үшін басты мәлімет көзі. Бақылау, бағалау және түзету функциялары педагогқа оқушыларды ынталандыру үшін қажет.
Соңында, педагогикалық проектінің қорытынды кезеңінде мұғалім аналитикалық (сароалау) функциясын жүзеге асырады, оның асты мазмұны аяқталған істі саралаудан тұрады.
Сурет-1. Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері
Мұғалім өзінің кәсіби функцияларды атқарумен бірге қоғамдық, азаматтық, отбасылық функцияларды орындайды [14] .
Оқукшылар ұжымын педагогикалық басқару - ұжымды оқушыларды тәрбиелеу құралы ретінде қолданып ұжым әрекетін басқару.
Ұжымның ерекшелігін, танысын, қажеттілігін, қызығушылығын меңгеру, олардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін меңгеру басқаруды тиімді етпек, демек педагог ұжымның әр мүшесінің танымдық процестерін, оның зейінін, есін, ойлауын меңгеру баланың «жан дүниесін» оқи алатындай, оның тілегін, сенімін мотивтерін, темпераментін, ерік-жігерін, қабілеттерін жеткіліксіз. Ең бастымы мұғалімнің өзін баланың орнына қоя білуі (децентация) . «Педагогикалық көріпкелдікті» балалар ұжымына енгізу жағымды эмоционалдық климат туғызады. Мұғалімнің осындай аталған қабілеттерін әлеуметтік психологиялық байқағыштық деп анықтауға болады. осы феномен бойынша жұмыс атқарғандар (А. А. Бодалев, Скаткин М. Н., Ильин В. С. ) [15; 16] . Егер оқушыларға қоғамдық тапсырманы қай мұғаліммен бірлесе отырып атқарар едің? «Туған күніңе мұғалімдерден шақырар едің?» - деген сұрақ қойылса олар: 1. Оқушылармен қарым-қатынасы жақсы; 2. Қабілетті, өнерлі мұғалімдерді атайтындықтарын эксперименттен көруге болады.
Ұстаздың педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі негізінен оның оқушылармен қарым-қатынас жасауына байланысты. Ұстаз бен оқушы қарым-қатынасның екі түрімен айқындалады:;
1. Ұстаз оқушылардың алдында әлеуметтік рөлдің айғағы ретінде;
2. Ұстаз барлық психологиялық ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрініс береді.
Оқушы - ұстаз арасындағы қарым-қатынасты түсіну үшін ұстаздың ұстаған бағытын атауға болады. бұл жерде психолог К. Роджерстің көзқарасы ұтымды. Ол ұстазға тән алты бағытты ұсынды.
1. Гуманистік бағыт - ұстаз оқушылардың мұқтаждығымен қажеттілігіне көңіл аударады.
2. Эгоцентрлік (өзімшілдік) бағыт ұстаз тек өзіне, өзінің қызығуына, қажеттілігіне назар аударады.
3. Бюрократтық бағыт (төрешілдік) ұстаз әкімшіліктің нұсқауларын, жоғарыдан келген құжаттарды өзіне бағыт етеді.
4. Конформистік - ұстаз әрекет коллектив өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделеді.
5. Авторитеттік (беделді) бағыт ұстаз оқушының ата-аналарына олардың қоғамдағы орнына сүйенеді.
6. Когнитивтік - бағыт - ұстаз өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенеді.
Оқушылардың сабаққа оқу пәндеріне қатынасы, тәрбиесі, олардың белсенділігі көп жағдайда сыныптағы психологиялық климатқа байланысты. Психологиялық климатқа уақыт және топтың тарихы керек.
Биосфера кез-келген өмірлік агентке өзіндік сенім күйінде берілетін топтың психологиялық реакциясы. Топтың әлеуметтік психологиялық климаты (семья, жолдастық, мектеп, творчестволық топ, аймақ, қоғам) - жеке бастың сезіміне әсер ететін, сезімі арқылы әрекеттің бағытын және сипатын анықтайтын яғни баланың дамуына әсер ететін қарым-қатынас жүйесі.
Әлеуметтік психологиялық климаттың қалыптасуына байланысты:
1) Тілектестік әрбірінің мұғалімнің бағалаудағы;
2) Агрессиядан қорғану, бір-біріне көмекке келу;
3) Жұмыс істеу қабілеттілігі;
4) Инициативашылдық - жеке бастық «мен» қасиетін көрсетуші, ұжым мүшелерінің белсенділігін арттырады.
5) Мажор және оптимизм - ұжым мүшелерінің қуанышты перспективға талпынысы.
Ұстаздың оқушылармен жұмыс түрлері:
- тұрақты - жағымды түрі. Бұл бірқалыпты, тұрақты, шын жүректі қатынаспен сипатталады. Балаларды дұрыс бағалау басымырақ болады. Мұғалім балаларға өктемдік жасамай, оларды сендіру арқылы әрекет жасайды.
- пассивті - жағымды түрі. Мұндай түрдегі қатынаста жағымды эмоционалдық бағыт ашық көрініс бермейді. Мұғалім балалармен салқын, ресми қатынас жасайды.
- Тұрақсыз түрі - бұл түрдегі қатынаста мұғалім жалпы эмоционалдық жағымды бағыт сақтай отырып жағдайға байланысты мінез-құлқын өзгертеді. Оқушылармен жиі конфликтілі жағдайға түседі.
- Активті жағымсыз түрі. Бұл түрдегі мұғалім балаларды жақтырмайтындығымен ерекшеленеді. Мұғалім өзінің мұғалімдік қатынасын ерекшелей көрсетіп, балалардан өзінің жоғары екендігін көрсетеді.
- Пассивті - жағымсыз түрі. Бұл түрдегі қатынас, жағымсыз бағытпен сипатталады.
Енді мұғалімнің социумдағы алатын орнына сәйкес оған қойылатын талап - тілекке тоқталайық:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдың қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады. Азаматтың ар-ожданын үнемі қорғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандытан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі т. т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өзбетінше оқып-үйренуге оқушыны баулау міндеті тұр.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімдердің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек.
Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz