Үші ішекті домбыра


Н. 5-34
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1. ОҚУШЫЛАРДЫ АҒАШ ӨҢДЕУ ӨНЕРІНЕ БАҒЫТТАУ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан Республикасының этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы
1. 2 Домбыра түрлері, ұлттық ішекті музыка аспаптарының шығу және даму тарихы
1. 3 Технология сабағында оқушылардың еңбекке баулу әдістері
2. ДОМБЫРАНЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2. 1 Домбыра жасауда қолданылатын ағаш түрлері
2. 2 Домбыраны жасауда қолданылатын негізгі құралдар
2. 3 Бұйым жасауға арналған материалдарды дайындау және техникалық қауіпсіздік ережесінің негіздері
2. 4 Домбыраның мойын бөлшектері мен шанағын дайындау
2. 5 Аспап бөлшектерін құрастыру
2. 6 Бұйымды көркемдеп ою
2. 7 Аспапты көркемдеп әрлеу
3 9 СЫНЫПТАҒЫ «СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ КӨРКЕМДЕП
ӨҢДЕУ» БӨЛІМІНІҢ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3. 1 «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды
көркемдеп өңдеу» бөлімінің тақырыптық жоспары
3. 2 Теориялық мәліметтер мазмұны
3. 3 Сарамандық жұмыстар мазмұны
3. 4 «Домбыра бөлшектерін құрастыру» сабағының жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А. Домбыра жасаудың технологиялық картасы
ҚОСЫМША Ә. Ішекті музыка аспаптарының көне түрлері
ҚОСЫМША Б. «Балақай» домбыра жөне «Балдырған» домбыра
ҚОСЫМША В. Пеш
ҚОСЫМША Г. Кескіш пышақтар
ҚОСЫМША Д. Шабу кезінде қодцанылатын құралдар
ҚОСЫМША Е. Тұтас шабылған домбыра және шертер
ҚОСЫМША Ж. Домбыра және мандалин
5
6
7
8
10
10
12
19
22
22
34
35
41
41
43
43
44
49
51
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Ұсынылып отырған диплом жұмысында төмендегідей стандарттар сілтемелер ретінде пайдаланылады.
Технология. 9-сыныпқа арналған бағдарлама.
ҚР БМЖМС 2. 003-2002 «Жалпы орта білім. Негізгі ережелер», - ҚР ЕР. 40. 01. -2000 ҚР МЖС - «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына» сілтемелер жасалынған.
АНЫҚТАМАЛАР
Ұсынылып отырған диплом жұмысында төмендегідей терминдер мына анықтамаларға сәйкес пайдаланылған.
Шіңкілдек. 4-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерге, 7-10 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған домбыра.
Бүктемелі домбыра. Ел кезіп, серілік құрып, тындаушысын ән-жырға, өлең, күйге бөлеп жүрген өнерпаз қапшыққа салып, қанжығаға байлап алуға немесе қолына ұстауға ыңғайлы да ықшамды домбыра.
Қалып (үлгі, шаблон) - музыка аспаптарын жасауда қолданылатын негізгі құралдың бірі.
Шаппа шоттар. Ағаш бұйымдарының формасын шығарып, тегістеу үшін қолданылады. Мықты шеберлер сүргінің орнына пайдаланған.
Ыңғырулар. Шабылған бұйымдардың ішкі бөлігін тазарту үшін қолданылатын құрал.
Құлақ . Ішекті тартып, босату және аспапты күйге келтіру қызметін атқарады, қатты ағаштан жасалады.
Жапсырма . Перне тағу арқылы дыбыстардың орнын анықтап, дөп басып ойнауға арналған негізгі бөлшектің бірі болып саналады.
Табалдырық тиек . Бас пен мойын түйіскен жерде орналасқан. Ішектерді мойыннан белгілі бір қашықтықта көтеріп тұру және бір-бірінен алшақ аралықта ұстап тұру қызметін атқарады.
Тұғыл. Шанақшалар мен беттактайдың төменгі ұшы түйісіп желімделетін және түймені ұстап тұратын түйін ағаш.
Шанақшалар. Бір ұшы тұғылға, екінші ұшы тұғырға желімденетін, арнайы қалыптың көмегімен құрастырылатын бөлшек.
Жиектеме. Шанақтың кенересін толқу немесе шытынаудан сақтау және оның қақпақпен түйіскен жиегін ұстап тұру қызметін атқарады.
Беттақтай. Ішектің тербелісін тиек арқылы қабылдап, барлық жиіліктегі дыбысты күшейту және оған белгілі бір бояу (тембр) беру қызметін аткарады.
Серіппе. Беттақтайды біртегіс ұстап түру және олардың мықтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дыбыс жаңғырығын бүкіл қақпақ көлеміне тарату қызметін атқарады.
Түйме. Ішектердің бір ұшын түюге арналған.
Түпкітиек. Ішек беттақтайдың жиегін жарып кетпес үшін түйменің үстіңгі жағына беттақтайдың шетіне орнатылады.
Сағақ . Жапсырма мен беттақтайдың қиысқан жеріне жапсырылатын қатты зат. Бұл соңғы перненің де қызметін атқарады.
Ішек. Дыбыс шығару қызметін аткарады.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Ұсынылып отырған диплом жұмысында төмендегідей белгілеулер мен қысқартулар енгізілген.
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТҚЕ - техника қауіпсіздік ережесі
СҚӨ - сәндік қолданбалы өнер
т. б. - тағы басқа
т. с. с - тағы сол сияқты
Н. 5-36
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев атап көрсеткендей орта кәсіптік оқу орнын бітірушілерді кәсіби даярлауда:
«ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары текнологиялық және ғылыми қамтымды, өндірістер үшін кадрлар жасақтауымыз қажет”. Осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолданыуымыз шарт.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті әлемдік стандарттар денгейінде білім беру Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесінде жалпы білім беру саласында тәлім-тәрбиелік мәні зор халықтық қолданбалы өнер туындыларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді.
Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасы.
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ халқы - кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік, Сібір, орта Азия халқының да мәдениеті әсер етті. 20 ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Революцияға дейінгі қол өнері дамуына қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі өмір біртіндеп отаршылыққа көшу процессі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылық ыдырай бастады, көрші елдермен, әсіресе сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланысының арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі-сырттқы факторларының әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ халқының көпшілігінің қала мен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігі қалалардың сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ көбінесе кедейлер әулетінен шықты.
Қазақ қол өнер шеберлерінің күнделікті еңбектің ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Сондықтан олар жазда елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал енді киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен
арба-шана, жер-ағаш сияқты көлемді құрылымдармен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары, тас өндеулер, көбінесе қысқы мекендерінен кете алмай жатақта қалады. Сондықтан, бұлардың кейбіреуінде, әсіресе ұсталарда арнайы қарапайым дүкендер болды. Ал тастан там салып, құлпы тас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында, шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасты. Мұндай шеберлердің жазда жайлауда көшуіне, бір жағынан, көліксіздік, кедейлік мүмкіндік бермесе, екіншіден олардың негізгі кәсібінің өзі көші - қонға тым қолайсыздық туғызады. Айталық, ауыр тастарды былай қойғанда, киіз үй сүйегімен, арба-шана тағы да басқа шаруашылық саймандарын жасайтын шикізаттарды, оларды өңдейтін құрал сайманды көші- қонның кезінде өзімен бірге ала жүруге мүмкіндік болмады. Бүгінгі өмірімізде халық шаруашылығының да бір саласына көз салсақ, онда көптеген мамандықтарды кездестіреміз. Білім беру саласында халықтың этникалық- мәдени мүдделерін іске асыру тұжырымдамасы оның бір бөлігі болуға тиіс.
Халық педагогикасы қазақ халқының сан ғасырдан бергі ата - бабадан қалған, ұрпақтан - ұрпаққа өлмес мирас өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып - қағып өсіріп, азамат етіп шығару мәселесі туралы жинақталған іс тәжірибесі. Терең мағанасында, ол адамды зерттеу, жан - жақты білу, адамдық болмысын анықтау. Халықтық педагогиканың қағидалары бір ұрпақтан екіншісіне жалғаса отырып, бірте - бірте сұрыпталып, өңделіп, қорланып, бай тәжірибемен кемелденіп, халық айтса қалт айтпайды, дегендейін дәрежеге жетіп үнемі дамып отырады. Халқымыз дәрежеге емес дәстүрге бағынған. Бұл жағдайда білім кеңістігі мазмұнынына байланысты құрылады. Ұлттық менталитеті, мыңдаған жылдық тарихында қалыптасқан аңыздарды, бейнелерді, ұғымдарды, тек тарихын білу арқылы ғана білуге болады. Мұғалімдер мен оқушылардың арақатынасының құрылуы және қажеттілікті талдау жасау. Жас ұрпақты еңбекке баулу мен тәрбиелеу идеясын ағылшын гуманисі Т. Мор ұсынған барлық мектептерде міндетті түрде кем дегенде бір кәсіпті меңгеру міндетті деп санаған.
Француз ағартушысы, философ Ж. Ж. Руссо жеке тұлғаны дамытуда еңбектің тәрбиелік рөліне үлкен мән бере отырып, оқушыларды белгілі бір кәсіпке үйрету ісін ұйымдастыруға бірқатар талаптар қойылады.
Халық қолөнері көркем шығармашылықпен, эстетиқалық талғаммен орындалатын шығармалардан тұрады.
Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан, алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, оқушыларды ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу.
Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауымен орта білім беру мектептерінде бүгінгі шәкірттерді еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне ұлттық өнерге сүйіспеншілігін қалыптастырамыз.
Еліміз тәуелсіздігің алғаннан бері қазақ-халқының сәндік қолданбалы өнері қайта жаңғырып салт-сананы ұрпақтың бойына сіңіру, халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ата кәсібін дамытып қалыптастыру мақсатында орта білім беру мектептеріне, үйірме жұмыстарында жас жеткіншектерді осы ұмыт бола бастаған қолөнерінің технологиясымен таныстыру.
Жаңа технологиялық үйрету жолдарымен күнделікті тұрмысқа қажетті, сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай, оқушылардың сұраныстарымен жаңа бұйым жасап шығару.
Қазір республикамызда халқымыздың ұлттық мәдениетін, өнерін, тілін салт-дәстүрін, дамыту мәселесі алдыңғы орынға қойылып отыр.
Осыған орай ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі сәндік-қолданбалы өнерді мектепте оқып үйретуді алдыма мақсат етіп қойып отырмын.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде эстетикалық тәрбие беруде өнер үлкен роль атқарады. Бұл жерде ұлтымыздың қасиетті салт-дәстүрімен, өнерімен мәдениетімен яғни қолөнері және музыкалық өнерді сабақтастыратын ұлттық музыкалық аспаптарды дайындаудың маңыздылығы да орасан зор.
Ұлттық музыка аспаптары өр халықтың даму тарихымен бірге өзгереді, бірге сөйлейді. Музыка аспаптарының пернелері-ғасырлар үнін сақгап, үрпактан-үрпакка жеткізіп келеді. Оған дәлел - халық арасына кеңінен тараған, ғасырдан-ғасырға жеткен, бүгінгі күнде өзіміз естіп, тыңдап жүрген, бірде кайғыны, бірде куанышты көз алдымызға елестететін күйлер мен өн-жырлар.
Казіргі күнде үлттық музыка аспаптарын тек өнер кұралы ғана емес негізгі тіл кұралының бірі деп айтуға болады. Ұлттық музыка аспаптарының негізінде кұрылған оркестрлерде ұлттық өн-күйлермен қатар әлемнің өйгілі композиторларының шығармаларын орындауға болады. Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірінің тілін түсінбесе де музыка аспаптары сөйлей бастағанда, орындалып жаткан шығарманың әуеніне, сарынына терең батып, әртүрлі сезім дүниесіне беріліп кететіні шындық. Музыка аспаптарының барлық түрлері зерттеліп, жоғалып кеткендері калпына келтіріліп өнер саласында кеңінен қолданылып жүр. Ұлттық музыка аспаптарын зерттеу, қалпына келтіру және оны дамытып, өндіру үшін. белгілі музыка зерттеуші, профессор Б. Сарыбаевтың жасаған еңбектерін атамай кетуге болмайды.
Өнер біздің байлығымыз ғана емес ол оқушыларды сұлулық әлеміне жетелейді. Жарқын да мәнді өмір сүруге баулыйды. Халық қолөнерінің небір қырымен сырын үйретеді.
Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес қазақ халқының, өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге, баулу, бүгінгі шәкірттерді жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп, оқушыпардың жүрегіне жол тауып олардың бойында елі .
Ата - бабаларымыздың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей бала тәрбиесіне халқымыз ежелден басты көңіл бөлген жаман әдеттен аулақтатып өміріне қажетті нәрселерді үйрете білген, оны келешек отбасының иесі ретінде тәрбиелеген.
Зерттеудің мақсаты. Оқушыларға технология сабағында технология сабағында сәндік-қолданбалы өнері арқылы ұлттық тәрбиеге бағыттау мәселесін ғылыми-теориялық және тәжірибелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны . Оқушыларға технология сабағында сәндік-қолданбалы өнері арқылы ұлттық тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу пәні. Технология сабағында щқушыларға сәндік-қолданбалы өнері арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, мектептерде этнопедагогика принципіне негізделген халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мәні ашылып, оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса; технология пәнін оқыту ерекшеліктеріне сәйкес сабақта оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытуда халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің “оқу-білім-тәрбие” жүйесіндегі үлгісі ұсынылса; оқушылардың технологиялық іс-әрекеттері халықтық қолданбалы өнерді - меңгеруге бағытталса, онда оқушыларға технология сабақтарында ұлттық тәрбие беру тиімді болады және ой-өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері.
- ұлттық өнер арқылы мектеп оқушыларына яғни, 8-сынып оқушыларына технология сабағында ағашты көркемдік өңдеу бөлімі арқылы этнопедагогикалық тәрбие беру негіздеріне сүйене отырып, тақырыптың маңыздылығын ашу;
- тақырыптың негізгі технологиялық принциптеріне сүйеніп дәстүрлі өнердің бұйымның дайындалуының ерекшеліктерін талдау;
- ұлттық өнерді қолдану арқылы оқушыларға этнопедагогикалық тұрғыдағы ұлттық тәрбие беруде олардың отанға сүйіспеншілігін, салт-дәстүрге, жалпы ұлттық рухани құндылықтарға деген көзқарастарының дұрыстығына әсер ету
Диплом жұмысы мынандай құрылымдардан тұрады:
Кіріспе бөлімде зерттеудің мақсаты, міндеттері, көкейкестілігінысаны, пәні, болжамы, келтірілген
Бірінші бөлімде тақырыптың психологтық-педагогикалық негіздері және этнопедагогикалық тұжырымдама негіздері көрсетілген. Сонымен қатар ағашты көркемдік өңдеу негіздері, тарихы т. б. көрсетілген.
Екінші бөлімде ұлттық аспапты шабу арқылы дайындау технологиясының негіздері мен жұмыстың мазмұны айқындалады.
Үшінші бөлімде «Технология» сабағындағы сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу бөлімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары және дәрістік, тәжірибелік сабақтар, технологиялық карта көрсетілген.
Қорытынды бөлімде жалпы тақырыпты қорытындылаудағы шешімдер мен ұсыныстарға т. б. негізделген.
Қосымшада суреттер мен технологиялық карта плакаты мен қол өнер туындысы ағаштан шауып дайындалған домбыра ұсынылады.
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Бұл XXI-ғасыр білім саласындағы қызметкерлер үшін, яғни мұғалімдер қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Технология саласының басты мақсаты-оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, бұқаралық кәсіпті меңгеруге көмек ету. Бұл тұрғыда төменгі талаптар туындайды:
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас - адамның арқауы», «Жаман ауруға жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп халық тегін айтпаған.
Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сары-май, құрт, ірімшік, т. б. мал өнімінен дайындалған. Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде оларға қоса нан, сондай-ақ жеміс, көкөніс дәмдерін пайдаланып келді. Олардың ішінде ең көп өндірілгені-тары, арпа, бидай, күріш.
Қазақ жерінде таралған жеміс түрлері-қарақат, бүлдірген, алма, алмұрт, жүзім, анар. Оңтүстік аймақтарда қауын, қарбыз, сәбіз, қызылша мен өсімдік майлары мол пайдаланылған. Картоп пен қызанақ қазақ дастарқанына бәрінен кейін келген.
Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтың негізгі асы - сүт пен ет болды.
Қазақ халқының ең жақсы көретін негізгі ас дәмдерінің бірі-ет. Одан түрлі тағамдар жасай біледі. Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап та әзірлеген.
Көкейкестілігі: Қай халықтың да болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, тipшілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары бізге жұрттан өзгеше. Оның дені: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ipiмшік секілді өңкей малдан алынатын өнімдер.
Сырттан келген ағайындарға қазақта ет пен шайдан басқа тамақ жоқ тәрізді көрінеді. Қазіргі таңда сол етті тартудың да жөн-жоралғылары ұмытылып бара жатқан тәрізді. Сол себепті де ет тартудың қазақы дәстүрін қазіргі ұрпақ, мектептен бастасақ жөн болар еді.
Зерттеу мақсаты: оқушыларды қонақтарға ұлттық тағамдарды ұсынудың әдет-ғұрыптарына үйрету
Зерттеу нысаны:
Оқушылардың технология сабағында әдет-ғұрыптарды үйрену процесі
Зерттеу пәні:
Технология сабағында оқушыларды қонақтарға ұлттық тағамдарды ұсынудың мазмұны
Зерттеу міндеттері :
- оқушыларға технология сабағында ұлттық дәстүр үлгісінде білім берудің негізі қарастыру;
- Қазақстан Республикасының этно-мәдени білім беру тұжырымдамасын талқылау;
- технология сабағында ұлттық әдет-ғұрыптарына үйретудің ерекшеліктерін айқындау;
- ұлттық тағамдарды ұсынудың тәсілдерін игерудің жолдарын ашу;
- тағамдар ұсынудың технологиясын нақтылау;
- еттің тағамдарының түрлерін қарастыру;
- тамақ ұсыну жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- қонақтарға дайын етті ұсынудың технологиясын меңгеру;
- 8 сыныпта технология пәнінің «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспарын әзірлеу;
- теориялық мәліметтер және сарамандық жұмыстар мазмұнын ашу;
- «қонақтарға дайын етті ұсыну» сабағының жоспарын дайындау.
Зерттеу болжамы: Егер технология пәнінде ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыптарға баса назар аударылса, терең де жүйелі оқытылса, сонда оқушыларды қонақ күтудің қазақы дәстүріне үйретуге болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде ҚР этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы, оқушыларды ұлттық әдет-ғұрыптарға үйретудің ерекшеліктері, ұлттық тағамдарды игеру жолдары қарастырылады.
Екінші бөлімде еттің тағамдарының түрлері, тамақ ұсыну жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, қонақтарға дайын ет тағамдарын ұсынудың технологиясы айқындалды.
Үшінші бөлімде 8 сыныпта технология пәнінің «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары, теориялық мәліметтер мазмұны, сарамандық жұмыстар мазмұны, «Қонақтарға дайын етті ұсыну» сабағының жоспары әзірленді.
.
1. ОҚУШЫЛАРДЫ АҒАШ ӨҢДЕУ ӨНЕРІНЕ БАҒЫТТАУ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан Республикасының этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы
Қазақстанның ерекшелігі халқының көп этникалық және көп дінді құрамымен айқындалады. Республикада көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдер тұрады. Олардың кейбірі тығыз шоғырланған, мұның өзі Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени көп қырлылығы мен ерекшелігін күшейте түседі. Елдің халқы мәдени тілдік өзгешелігі бойынша тұтас алғанда қатынастың мән мен таралуы жағынан өзара тең емес екі тілдің-мемлекеттік және орыс тілдерінің біреуіне басым бағыт алуына қарай бөлінеді. Мұның сыртында бірнеше ұлттық топ өкілдерін өзіндік этникалық мемлекеттілігі жоқ, ал бұл елдің оларға тән төл мәдениеті сақтауға деген жауапкершілігін арттыра түседі. Осындай жағдайда этникалық мәдениеттерді қалпына келтіру мен дамытуға және олардың арасында жалпыұлттық бірлік мүддесіндегі өзара қарекеттерге мүмкіндік туғызудың маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz