Салауатты өмір сүру сапасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ 3

І-тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР

САЛТЫ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Салауатты өмір салтының мәні, мазмұны және бағыттары 6

1. 2 Оқушылардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын

дамытудың педагогикалық мәні 22

ІІ-тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының бойында салауатты

өмір салты дағдыларын дамытудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері 35

2. 2 Оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының бойында

салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдері

мен формалары 48

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі: Келешекте жас өскіннің өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауатты дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормалары мен рухани адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру қажет екені, Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Ал, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнын ізгілендіру тұжырымдамасында: «Жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау» -міндетінің ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығы, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.

Қазіргі кезеңде қоғамды ізгілікке, руханилыққа бетбұрыс оқу-тәрбие жұмысында оқушыларда салауатты өмір салтын дамытудың қажеттілігін айқындап отыр.

Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір зерттеулерде қарастырылған. Ол зерттеулердің мынадай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады:

Салауаттылықтың мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтардың ой-пікірлері мен көзқарастары (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы, Қ. А. Ясауи, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова және т. б. )

Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.

Салауатты сөзінің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты біркелкі болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа "Қазақстан-2030" жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта іздәу арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының басталуы.

"Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты - денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру.

- Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылар мен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері (Ж. Ембергенова, Б. Қ. Мұхаммеджанов, Қ. М. Рахымғали, Ю. В. Салов, Г. Ж. Нұрышиева, Б. Қ. Игенбаева, Ж. З. Торыбаева, Е. Ю. Шуберт және т. б. )

- Валеология ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелері (А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж. Ж. Нұржанова және т. б. )

- Білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу. (Х. К. Сатпаева, А. С. Әділханов, Л. З. Тель, Е. Д. Дәленов, А. А. Ақанов, К. Ә. Жанабердиева, З. Г. Брусенко, С. Р. Рахметова және т. б. ) .

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушылардың салауаттылыққа тәрбиелеудің жолдары мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дей тұрғанымен, мектеп қабырғасында төменгі сынып оқушыларын салауаттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.

Бұл мәселе біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап, тақырыбын «Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларының бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамыту» деп таңдауға мүмкіндік берді .

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі;

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамыту үрдісі.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу міндеттері:

1. «Салауатты өмір салты», «Салауаттану», «Өмір салты» ұғымдарының мәнін нақтылау;

2. Оқушылардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін айқындау;

3. Бастауыш сынып оқушыларының бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;

4. Бастауыш сынып оқушыларының бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру.

Зерттеу базасы : Шымкент қаласындағы №47 Т. Тәжібаев атындағы гимназия мектебі.

Диплом жұмысы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

І-тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Салауатты өмір салтының мәні, мазмұны және бағыттары

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын ұнамды мінез-құлық нормалар мен адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру қажеттілік екені, Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » жолдауында жан жақты негізделген.

Соның айқын дәлелі ретінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты бағдарламасы жұмыс жүргізілуде. Осы іс-шараларды нақты іс-тәжірибеге жүзеге асыру барысында мектеп оқушылары арасында денсаулықты күте білудің негізгі мықтап қалатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл, мұғалімдер ғалымдар мен ата-аналардың да бір-бірімен үйлесімді жұмыс жүргізуін қажет етеді.

Адам болмысының өзегі - тек қана материалдық игіліктермен, сұраныстармен, мұқтаждықтармен және қажеттіліктермен шектелмейді, әрі қарай адамның күрделі табиғатына, өмір сүрудің түпкі себептерін қозғайтын күш пен өмірдің өзіндік мәнін қарайтын рухани адамгершілік қасиеттерден тұратын негізгі болады. Адам өзінің бойында нағыз адам қасиеттерді дамытып, өзімен өзі қоршаған дүние туралы ақыл-ой көмегімен жиналған білімдерін адамгершілікпен ұйымдастырғанда ғана руханилыққа жетеді, өйткені адамгершілік - адамның рухани арқауы.

Сондықтан, білім мен тәрбие барысында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру қажет.

Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова, Ш. Құдайбердиев т. б. ) еңбектеріндегі салауатты өмір сүрудің дана жолын адам тәрбиесінде пайдалану туралы айтқан ақыл -өнеге, өсиет сөздерінен басты идеаларынан көруге болады.

Мәселен, Әл-Фараби «адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдасқан ортадан табады. Осы қоғам арқасында жетіліп өз қабілетін шыңдап, өзіндік өмір сүру мәні қалыптасады» - десе, Қ. А. Ясауи «Адамның жетілуінің нәтижесі - оның ақылдылығы, ал анықтаушысы - адамгершілік кемелінде» - дейді.

Өтеубойдақ Тілеуқабылұлының «Қырық бірге жұғыспау», «Жетіге тиіспеу», «Он екіден айрылмау», «Тазалықты сақтау» деген еңбектерінде салауатты өмір салтының мағыналы ережелерін ұсынады.

Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов салауатты өмір салты адаммен табиғат құндылығының үйлесімділігінен деп айқындады.

Ы. Алтынсарин еңбектерінде салауаттылыққа тәрбиелеуде, иман, әділдік, адалдық -ақ көңілділік, сыпайылық - шын берілгендік, адал -ниет, өсиет, жомарттық- кеңпейілділік, үнемді - орынды жұмсау мәселелерімен байланыстырды.

Абайдың тәлім - тәрбиесінің маңыздылығы оның қара сөздері арқылы салауаттылыққа, парасаттылыққа, рухани тазалыққа, адамның санасын салауатты өмір сүруге қажетті екеніне уағыздаған қағидаларынан білуге болады. Ұлы ойшылдардың және ағартушылардың шығармаларындағы салауаттылыққа бастаған қағидалары қазіргі таңда мәнін жойған жоқ. Одан кейінгі ұлттық тәлім тәрбиенің көрнекті өкілдері ғалым -педагогтар еңбектерінде адамгершілік, парасаттылық идеаларын кеңінен уағыздап, денсаулық, салауаттық туралы көптеген мәдени деректер қалдырды. Мәселен, Ш. Құдайбердиевтың «Үш анық» шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, мейрімділікке, парасаттылыққа шақырады. Х. Досмұхамедовтың Салауатты өмірге тәрбиелеудегі «Оқушылардың саулығын сақтау », «Адамның тән тіршілігі» еңбектері салауатты өмір сүрудің алғашқы әліппесі болып саналады. Салауаттылыққа тәрбиелеу саласы мол, мазмұны өте бай. Салауаттылық бір жағынан, халықтың тұрмыс тіршілігі болса, екінші жағынан, тәрбие өзегі мен өмір сүру жолын қалыптастыратын жиынтық. Салауаттылық проблемасына ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап назар аударылып, бұл мәселелермен көптеген ғылым салалары: философия, әлеуметтану, медицина, педагогика, психология, валеология айналысқандығын олардың осы мәселе ішінара зерттеу нысанасы болғандығын көптеген ғылыми еңбектер айқындайды. Мәселен, психология ғылымы салауаттылыққа жан дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы - денсаулық сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір салтын қалыптастыруды зерттейді.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз - био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты - интегративті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты - шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұғымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.

Салауатты сөзінің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты біркелкі болады.

Салауаттылық ұғымын педагогикалық тұрғыда, өзінің өмір сүрудегі орны, негізгі өзегі мен мән мағынасында түсінуі (К. Оразбекова), салауаттылық - адам өмірінің құндылықтары (өмір, денсаулық, тұрмыс, төзімділік, күш қуат т. б. ) негізінде жүзеге асатын болмыс (Қ. М. Рақымғали) және т. б. өмір сүруге ұмтылған мақсатты айқындайтын рухани күш деп қабылдауға мүмкіндік береді.

Салауаттану - денсаулық сақтау тұжырымдамасының өзекті мәселесі бірегей тұтастық ұғымы болып табылады, яғни денсаулықты өзара байланысты бөліктерден құралатын бүтін дүние ретінде түсінуге тура келеді. Адам денсаулығы негізінен үш қасиеттерден (құрылымдық -функционалдық, физикалық-химиялық және психикалық-эмоциялық рухтық) құралып қалыптасады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына салауаттану білімі жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негізін жасау болып табылады. Бұл мақсат мына төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:

- білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған білім бағдарламасын ендірудегі дүниежүзілік тәрбиені зерттеу;

- салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қазіргі бағдарламаларды таңдау;

Салауаттану - жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық -адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құрамының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез -келген өзара әсер, әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама -қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты - салауаттанудың пайда болуы заңдылық.

Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың ролі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кекілжіңнің көзін жою болып табылады.

Салауаттанудың зерттеу пәні - адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері бейімделу тетіктері, қолдану тосқауылдары организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді.

Салауаттану - адамның термодинамикалық, денелік химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі.

Этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Адам денсаулығы ең алдымен өмірін сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлттық дәстүрлер мен тұлғаның бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша « Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толыққан күй».

Академик Н. М. Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардың барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды.

И. И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш түрде бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды.

Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы - бұл «денсаулық дегеніміз - физиологиялық қызметтерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық-әлеуметтік әлеуметтер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда, денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды.

Денсаулықтың мынадай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық секілді негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі оларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.

Денсаулықтың физиологиялық түрі - организмдегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі - жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші кемшілік - қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу - аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік - қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдардың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар
Салауатты өмір сүру салты
Салауатты өмір сүру деңгейі
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
ХХ ғасырдағы салауатты өмір сүру салты
Салауатты өмір салты туралы
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz