Оқыту техникалық құралдар негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1. Оқыту техникалық құралдар
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ
классификациясы ... ... ... ... ... ..25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері ... .48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия
компанеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
3.1.
Мультимедиа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 59
3.2. Интерактивті тақта
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында ... білім берудің тиімді жұмыс
істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Казақстанның
лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың
сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады деп атап керсетілген. Яғни,
"жаңа" қоғамға "жаңа" сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі
заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке
тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің
нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық
бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы
- басты шарт.
Мұғалім қызметінің негізгі мәні - оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту
ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу.
Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның
ертеңі, болашағы сондай болмақ.Қазіргі кезде оқушылардың санасында, ой-
өрісінде жалпы азаматтық, адам-заттық рухани құндылықтар мен жоғары
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму
барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық
ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және
моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін
ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық
өнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестшігі күннен
күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең
біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа
сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие
бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен катар әрбір
оқушының ерекшеліктерін ескеріп, кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар
ұстау керек.Жеке тұлғаның дамуы әрекетшілдік және оқыту процесі кезінде
ғана жүзеге асырылады. Баланың жеке басының дамуы әлеуметтік
әрекетшілдіктің яғни ойнау, танымдық, еңбектік, қарым-қатынастық сияқты
барлық негізгі түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға
мәлім.Осыған қоса психологтар былай дейді, қандай болмасын әрекетшілдікпен
дәлелді және әсерлі түтынушылық бағалары, және субьекті үшін осы
әрекетшілдіктің пайдалылығы мен мүмкіндіктері бірге жүреді.
Кәсіпке баулу барысында оқушыларды адамгершілікке, іскерлікке, шеберлікке
білімділікке тәрбиелеу, олардың дүниетанымын, дағдысын арттыру қазіргі
күннің басты талаптары.Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды еңбекке
үйрету мен тәрбиелеуді жүзеге асыру барысында жастарды еңбек негізінен
мектеп жасынан бастап қалыптастыру іскер маманның негізгі міндеттерінің
бірі болып есептеледі.Бүгінгі таңда осы бағытта жасалынған бірқатар
ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады. Мысалы, П.М.Эрдниевтің
дидакталық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин
мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті
тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба
үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық
модульды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту
технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген
ғалымдардың технологиялары кеңнен танымал. Қазақстанда Ш.М.Қаланова,
Ж.А.Қараевтың, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова,
М.М.Жанпейсованың, Ә.Жүнісбектің, Қ.М.Нағымжанова және т.б. ғалымдардың
зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты
қарастырылады.Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан
екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау
мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горьунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов,
М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн,
Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың
зерттеулерінде қарастырылған.Қазіргі кезде заман талабына оқушыларды жаңа
инновациялық технологияларды пайдаланып білім беру арқылы оқытудың тиімді
әдістерін қарастыру, әрі жастардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім
деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
1. Оқыту техникалық құралдарының классификациясы
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған
кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне
мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп
әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты
болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл
тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу
(ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың
баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-
ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп
берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп,
оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-
әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім
өзі оқып, көрсету лайық", - дейді. Сөздік әдісі мектептің барлық
сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме
арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың,
фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс
істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады,
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды
оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және
салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Түсіндіру әдісіне
қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең
қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп,
оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы
оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай
дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар:
кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру
(сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер
арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық
деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене
қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен
жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім
оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін,
қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері
еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны
қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және
ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе
барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен
әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады,
әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім
ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда
сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
қушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады.
Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін
оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-
қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден
ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық
және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра
білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой
жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-
пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің
ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың
естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары
сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені
терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға
үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш
сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан
әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен
өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін
мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет.
Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық,
географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке
келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары.
Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан
оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге,
кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу
әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның
тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш
мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады.
Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту,
оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі
– мәтінді талдау.
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік
жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу.
Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді
қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып
шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия
арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді
конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды
мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-
бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу
қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан
оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың
еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның
мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу
материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі
құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара
байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды
таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін
немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен
экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін
шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ:
плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден
көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар,
видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын
компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш
техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді
енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен
меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік
береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес
келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді
табуға оқушыларды ңатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен
айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық
пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның
сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына,
оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша,
графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше
түрге бөлінеді:
• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу
деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-
әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері:
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға
көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін
жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл
мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі
- ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен
жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма,
баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық
материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде
орындалады.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді
қолданып, көптеген жаттығулар жазады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба,
технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған
суреттер. Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен,
картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану,
станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:
• оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
• жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу
материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға,
оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа
материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға
мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
1.1 Оқыту техникалық құралдар негіздері
Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, демократиялық өзгерістерге сәйкес
оқу орындарында оқытуды жан-жақты талдап, зерттеулер жүргізу нәтижесінде
білікті, әрі жаңа ақпараттық қоғамға тез бейімделе алатын бәсекеге
қабілетті, белсенді мамандар даярлауға басты назар аудару қажеттілігі
туындап отыр.
Жалпы оқу пәндерін меңгеруге қажетті материалдық құрылғылар, оқу
пәнінен туындайтын жүйені құрайды.
Оқу құралдарының жүйесі келесі принциптерге сай құрылады (4-сурет):
1. Құбылыстарды көрнекі түрде бейнелеуге, оларды оңай меңгеруге жағдай
жасау үшін оқыту құралдары педагогикалық талаптарға сай болуы қажет.
2. Ортақ қызмет атқаратын барлық приборлар ( күш трансформаторлары,
түзеткіштер, кабельдер, электр өткізгіштері т.б.) бір-біріне сай болуы
керек және көрнекі түрде орнатылуы тиіс.
3. Жүйедегі оқу құралдарының түрі мен саны оқу жоспарының
материалдық талабын қанағаттандыруы қажет.
4. Оқыту құралдары жұмыстың нақты жағдайларына сай болуы қажет.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдарының жүйесін
ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі – кабиненттік жүйе, себебі кабинетте пәнді
меңгеруге арналған барлық құралдар орнатылады, сондықтан оны пайдалану өте
ыңғайлы. Қажет болса зертханалық және жөндеу шеберханалары да қосылады. Оқу
кабинеттері оқу теориясын меңгеруге және жаттығулар өткізуге арналады.
Оқытудың техникалық құралдарын жиі қолданылуы оқу процесінің тиімді
болуына мүмкіндік жасайды. Оқытудың техникалық құралдары оқу процесінде
оқушылардың жасына оқылатын пәнге және оқушылардың танымдық белсенділігін
артырудағы қолдану деңгейіне байланысты, өйткені оқытудың техникалық
құралдары оқушының бағалау мотивациялық ортасына әсерін тигізеді.
ОТҚ-ның қолдану принципі
↨
↨
Көрнекі Көрнекі құралдың
құралдардың негізгі дидактикалық
кәсіптік мәні препараттандыру
↨
↨
Көрнекі құралдардың Қолдану жағдайының ОТҚ-
мағынасына, ОТҚ-ның ның мүмкіндігіне
мүмкіндігінің сәйкес келуі
сәйкес келуі
↨
↨
Айтылу мен көрсетілудің Көрнекі құралдардың
бірлігі көрсетілуінің тиімді
ұзақтылығы
4-сурет. ОТҚ-ның қолдану принципі.
Оқытудың техникалық құралдарын қолданудың тиімділігі сабақтың сатысына
да байланысты. Оқытудың техникалық құралдарын сабақта он минуттан артық
қолдануға болмайды. Оны сабақ басында қолдану (мысалы 5 минут) дайындық
периодын 3 минуттан 0,5 минутқа дейін қысқартады, ал шаршау мен ойдың
бөлінуі әдеттегіден 5-і0 минут кейін басталады. Оқытудың техникалық
құралдары 15-20 минут және 30-35 минут аралықтарында қолдану оқушылардың
назарын толығымен сабақ барысында тұрақтандыруға мүмкіндік жасайды. Сабақ
барысында оқушылардың көру және есту қабілеттері, сонымен қатар қабылдауы
мен сабаққа деген зейіні де өзгереді, сондықтан бұл өте ыңғайлы. Бір оқыту
құралын қайта-қайта (монотонды) қолдану 30 минут ішінде оқушылардың
толығымен дерлік мәліметті қабылдау мүмкіндігін төмендетеді. Оқыту
құралдары мен оқу әдістерін дұрыс пайдалану бұл жағдайларды болдырмайды.
Техниканың өзі жаңа бір нәрсе жасамайды, бірақ ол қажетті нәтижеге қол
жеткізетін жаңа жетістіктерге жетелейді.
Техниканы қолдану оны түсінуден басталады, техника дегеніміз бұл-
адамдар өмір сүретін табиғатты бақылайтын басқару құрылғысы, шешуге жиі ат
салысады; мысалы, энергия мәселесі атомдық энергияны қолдану жолымен
шешіледі; тасымалдауды жеңілдету үшін автомашиналар қолданылады; ал техника
немесе технологиялық оқу оқыту қиындықтарын азайтады.
Мұндай көзқарас оқу технологияларын жасауда кеңінен таралған, себебі
бұл технологиялар оқытушылардың саны мен білім алудағы кететін шығынды
азайтуға мүмкіндік береді.
Механикалық тұрғыдан адам мен техника, оқу мен білім қатынасы адамның
дуалистикалық көзқарасымен және айналаны екі жүйе ретінде қарауы келесі
ұғымға негізделеді:
- білім кез келген материалды объект секілді құрыла алады.
- оқу бұл оқушы санасында жүзеге асатын жекелеген процесс.
- оқудың тиімділігі жеке тесттер және емтихандар көмегімен өлшене
алады.
Техникалық құралдар адамзат мәселелерін шешпейді, бірақ белсенділіктің
жоғарғы нәтижесіне жетелейтін адам және орта жүйесін құруға көмектесе
алады, бірақ техникалық жабдықтарды адамсыз елестетуге болмайды. Кез келген
техникалық құрал тек адаммен байланыста ғаға белгілі бір мәнге ие болады.
Мысалы, компьютер адам көмегінсіз ешқандай функцияны орындай алмайды. Ол-
адамзат әлемінің бір бөлігі. Егер дам ойланса, компьютер де ойланады, ол-
адамның ойлау қабілеттілігін кеңейтетін зат, техникалық құралдар мен
технологиялық мүмкіндіктерді дұрыс қолдану үшін біз оны қай салада және
қандай нәтиже алу үшін қолданып отырғанымызды түсіну қажет.
Яғни, жаңа технологиялар немесе жаңа техникалық құралдар оқу
процесіндегі проблемаларды шешпейді, бірақ егер оны дұрыс қолдана білсек,
бұл процестегі мүмкіндіктерді арттыра алады. Жаңа технологияларды енгізу,
ескі негізде жүзеге аса алмайды. Жаңа технологияны тиімді түрде қолдану,
оқу процесіне қазіргі заманғы көзқарасты толық қайта бағалау мен оқытудың
жаңа мүмкіндіктерін пайдалану арқылы іске асырылады.
Оқытудың техникалық құралдарын кеңінен қолдану оқу ортасын өзгертті:
оқу процесінің деңгейі бірден жоғарыланды – дәстүрлі ауызша-жазбаша әдістен
оқу-таным жұыстары тиянақты жүргізілетін белсенді білім алу сатысына өтті.
Жақсы білім алу үшін тек оның мазмұны мен құрылымын ғана емес, сонымен
бірге оның жүзеге асуының терең заңдылықтарын білу қажет екені белгілі.
Оқытудың өзінің ерекше заңдылықтары бар. Сондай заңдылықтардың бірі
оқытудың көрнекілігі болып табылады. Бұл заңдылықта оқыту – қоршаған
әлемді, заттарды, құбылыстарды танытатын құрал ретінде және осы заттар мен
құбылыстарды қатаң бақылау мен меңгеруге негізделген жағдайда ғана сәтті
жүзеге асады. Бұл ескі дидактикалық шындықты Я.А.Коменский де айтқан: Егер
біз оқушыларға нағыз қажетті білім бергіміз келсе, онда біз оларды жеке
бақылау мен сезіну арқылы беруге тырысуымыз керек.
К.Д.Ушинскийдің өзі көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың зейінін
арттырып, терең меңгерілуіне жағдай жасайтынына сенімді болған.
Көрнекілік оқулықтар мен оқытудың техникалық құралдары жаңа білім
алудың көзі болып табылады, әрі практикалық әдістерді үйрену құралы бола
алады, сонымен бірге бақылау функцияларын орындайды. Сондықтан оларды оқу
процесінің барлық сатыларында жаңа материалдарды меңгеруде, оны
толықтыруда, тұжырымдауда, алынған білімді қолдануға арналған тапсырмаларды
ұйымдастыруда және меңгерілген білімді бағалау кезінде қолдануы тиіс.
Оқыту құралдары - бұл материалдары идеалды түрдегі объект, басқа
сөзбен айтқанда ол білімді меңгеру және танымдық белсенділікті арттыру үшін
қолданылатын мұғалім мен оқушы арасындағы құрал болып табылады. Оқыту
құралдары оқушылардың білім сапасының жоғарылауына, олардың танымдылығының
артуына және маман болып жетілулеріне маңызды түрде әсер етеді.
Қазіргі заманғы мектептерде практикалық жұмыстарды орындауда келесі
оқытудың техникалық құралдары кеңінен таралған:
- ақпаратты;
- білімді бақылау;
- бағдарламалық оқу;
- тренажер;
- комбинацияланған.
Ақпаратты тасымалдайтын техникалық құралдарға графопроекторлар,
бейнемагнитафондар, телевизиялық комплекстер жатады. Қалған техникалық
оқыту құралдары жиі жаңартылып отырады, олар мектептерге жалпы жүйелі түрде
білім алуға, шетел тілдерін, физико-математикалық ілімдерді меңгеруге
арналған.
Мектептерге кез келген пән бойынша қолдануға болатын дербес
компьютерлер кеңінен таралған. Олар оқушылар танымдық белсенділігін
арттыратын арифметикалық теңдеулермен, физико-химиялық есептермен,
графиктер мен сызбаларды реттеуге және сурет салуға арналған
бағдарламалармен жабдықталған.
Бұл бағдарламалар оқушылардың жас және индивидуалды ерекшеліктеріне
сай жасалған. Дербес компьютерлер сағатпен жабдықталған және үйретушілер
мен сынаушылар ретінде жұмыс атқара алады, қателерді өзі талдап, алынған
білімді жақсы меңгеру үшін дайындық жаттығуларын ұсынады.
Оқыту құралдары пәнді меңгеру функциясы ретінде қарастырылады.
Оқушыларды оқытудың техникалық құралдарын қолдана білуге және жаңа
құрылғылармен жұмыс жасауға үйрету қажет, мәліметтерді жақсы қабылдау және
есте сақтауға дайындау қажет, инструктаж өткізіп, танымдық тапсырмаларды
беріп, олардың жұмысқа дайындығын, тиянақты жұмыс мақсатын анықтап, оны
бағалап тұру қажет.
Оқу процесінің әртүрлі мәліметтер алу негізінде функционалданатын
күрделі жүйе екенін ескере отырып, оған түрлі оқытудың техникалық
құралдарын енгізу қажет. Бұл осы техникалық құралдар арқылы шешілетін
жағдайларды дәл анықтаудан басталады.
Білім беру ағымында әртүрлі техникалық шаралар қолданылады және оқу
проблемасын шешуде одан да жаңа мүмкіндіктер туады. Оқытудың техникалық
құралдарының құрылуына оның техникалық негізі қаншалықты керекті және
қажетті болса, ол оның қолданылуына соншалықты қажет. Олардың
негізгілеріне:
1. Оқу процесін – күрделі процесс ретінде, толық білімге апаратын жол
ретінде, әлемдегі объективтік құбылыстарды танып білуге, ішкі заңдылықтары
мен байланыстарын, мақсаттарымен таным критерийлерін қарастыратын оқу
әдістемесі ретінде қарастырылуы.
2. Оқу процесін ой белсенділігін жетілдіруіне, күрделі танымдық
жүйелердің арттыруына және динамикалық мінездемесіне қарай бағалайтын психо-
физиологиялық оқу негіздері ретінде бағалануы.
3. Ортақ білім және тәрбие негізінде оқитын оқушылардың білім мен
біліктілік бағытын, тұлғаның дамуын сонымен бірге жеке шығармашылық ойлау
деңгейін анықтайтын дидактикалық заңдылықтармен оқу принциптері.
4. Оқуды күрделі басқару жүйесі ретінде, бірыңғай және арнайы
мақсаттардағы жеке құраушылар ретінде қарастыратын кейбір ғылыми
ұйымдастырушылық оқу процестері жатады.
Осындай жағдайда техникалық құралдардың теориялық негізде басқа
күрделі оқу құрылғылар мен формалары және де функционалды қасиеттері арқылы
күрделі байланыста болады. Басқаша айтқанда, кез келген оқу жүйесіне енетін
құрылғылар, оның жүйе құраушыларына әсерін анықтауды талап етеді. Демек,
техникалық құралдарды қолдануда тек оның дидактикалық негізі ғана емес,
сонымен бірге оны оқу процесінде тез арада, қандай жағдайда болмасын
қолдануға болатынын талап ету керек.
Жүйелі оқудың негізгі тәртібі – жалпы дидактикалық нәтижені ғана
көрсетіп қоймай, оны байланыстарға сүйене отырып түзеді. Ал, бұл тиімді
нәтижелер алдын ал негізбен, берілген оқу процесінің жүйесіне енетін барлық
құраушылардың әдістемелік үлгілеу функциясы арқылы анықталатынын көрсетеді.
Оқытудың техникалық құралдарының оқу процесінің әртүрлі мақсатта
қолдануын негізгі бес шарт анықтайды:
- оқу процесінде пәнді үйрету пәрменді ету, яғни меңгеру процесінің
сапасын жоғарылатып, оқу уақытының босқа кетпеуін қадағалайтын мүмкіндік
орнатуы;
- тапсырманың рөлін, орнын және қолдану уақытын анықтауы;
- оқу процесінде басқа құралдар мен формалар арасында қатынас пен
байланыс орнату;
-техникалық құралдардың тыңғылықты қолданылуы мен мұқият
ұйымдастырылуы;
- оқушылардың пәнге, оқытылатын материалға деген қызығушылығы мен
белсенділігін арттыру ережесін негізге ала отырып жоғары оқу орындарында
дидактикалық жағдайда алынған білімді тек пәнді тікелей өзінің еңбегі
арқылы үйренуі мен белгілі қиындықты атқара отырып жеке ой белсенділігін
арттыру барысында ғана игерілді.
Оқу орнының зертханалық базасын үлкен комплекстік техникалық жабдықтар
құрайды, ал оқу орындарының техникалық зертханалармен жабдықталғандығы
дайындалған мамандардың практикалық дайындық деңгейін көрсетеді.
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы
ОТҚ төмендегіше бөлінеді:
- Оқу ақпараттарын беру техникалық құралдары
- Білімді бақылау техникалық құралдары
- Тренажерлар
- Оқытудың және өзін-өзі оқытудың техникалық құралдары
- Көмекші
- Кіріктірілген - әр түрлі бағыттағы функцияларды біріктіретін
техникалық құралдар
Ақпаратты берудің техникалық құралдары: диапроекторлар,
графопроекторлар, эпипроекторлар, магнитофондар, радиоқондырғылар,
музыкалық орталықтар (аудиожүйелер), ойнатқыштар, радиотораптар,
кинопроекторлар және киноқондырғылар, теледидарлар, бейнемагнитофондар,
ДЭЕМ-дер және т.б. Бұл техникалық құралдардың ерекше айырмашылығы -
қабылдауға тиімді тасымалдау құралдарына жазылған ақпаратты түрлендіру
болып табылады.
Бақылаудың техникалық құралдары белгілі бір анықталған бағдарлама мен
қандай да бір дәлдік деңгейіндегі берілген критерийлер бойынша оқу
материалын меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін жүйелерді және
барлық мүмкін техникалық құралдарды біріктіреді. Осы мақсатта АМК-2 типті
ескі құрылығылар модификациясымен қатар жаңа компьютерлік технологиялар да
пайдаланылады. Бақылаушы ОТҚ-дары жеке және топтық болады. Олар оқыту
бағдарламаларының типімен және оқушылардың жауабын енгізу әдісімен
ерекшеленеді. Бақылаушы ОТҚ күрделілік деңгейіне қарай ең қарапайым
картадан, таспалардан және автоматтандырылған бақылау билеттерінен бастап
арнайы компьютерлік бағдарламаларға дейін түрленеді. Дегенмен, бұл
құралдарды қолдану, тәжірибенің көрсетуіне қарай, тек шағын аймақта ғана
мақсатты және оқушылардың жұмысын бақылау мен бағалауда оқушы мен мұғалім
арасындағы тікелей қарым-қатынасты бере алмайды.
Оқыту және өзін-өзі оқыту техникалық құралдары техникалық құралдарға
енгізілген белгілі бір бағдарламалар бойынша оқушыны оқу ақпаратымен және
білімді игеруде өзін-өзі бақылауын қамтамасыз етеді
Мұндай бағдарламалар оқу материалын аз мөлшерде, соңынан бақылау
сұрақтары арқылы беріледі. Материалды игеру жылдамдығы оқушының қабілеті
мен қажеттілігіне, жеке мүмкіндігіне қарай орнатылады. Оқыту бағдарламалары
сызықтық, тармақталған және кіріктірілген болады. Сызықтық бағдарламалар
материалдың әрбір бөлігінің жауабының дұрыстығына байланысты болмайды.
Тармақталған бағдарламалар тек дұрыс жауаптың көмегімен ғана жылжуға
мүмкіндік береді. Егер жауап қате болса, оқушы алдыңғы материалға қайта
келіп, туындаған қиындықты шешпейінше және әрбір тексеруші сұрақтарға дұрыс
жауап бермейінше жылжи алмайды. Кіріктірілген бағдарламалар, аты айтып
тұрғандай, екі нұсқаны да үйлестіреді.
Тренажерлық техникалық құралдар – алғашқы білім мен білікті
қалыптастыруға арналған арнайы оқыту-жаттығу құралдары. Тренажерларды
оқытуда пайдалану, меңгеру қызметін модельдеу процесіне негізделіп құрылған
арнайы оңделген амалдар бағдарламаларын қолдануға негізделген. Әсіресе
техникалық мамандықтарға оқыту үрдісінде кең қолданылады.
Көмекші техникалық құралдар кіші автоматизация құралдары (механизация)
мен қосымша мақсаттарда пайдаланылатын (қозғалмалы ленталы сынып тақтасы,
карталарды, плакаттарды жылжыту құрылғылары, пәндік кабинеттерді қараңғылау
мен ОТҚ комплекстерін дистанциялық басқару құрылғылары, радиомикрофондар,
микрофон сымдық техникасы, күшейткіштер, полиэкрандар, электронды тақталар
т.б) аппараттарды біріктіреді.
Бірнеше функцияларды орындайтын кіріктірілген техникалық құралдарға
(әмбебап) лингафон құралдары, жабық оқу теледидар жүйесі, компьютерлік
жүйелер жатады.
ОТҚ-ның құрылғылар және жұмыс істеу принципі бойынша классификациясы
механикалық, электромеханикалық, оптикалық, дыбыстық техникалық, электронды
және кіріктірілген болып табылады.
Оқытудың түріне қарай классификациясы жеке, топтық және бірнеше
топтық (үлкен топтар үшін, мысалы жоғары оқу орындарында бірнеше топтық)
болып бөлінеді.
ОТҚ-ның логикалық жұмысына қарай классификациясы сызықтық
бағдарламалық жұмыс та бола алады, яғни кері байланысқа тәуелді емес және
кері байланыстың көлемі мен сапасына қарай әр түрлі жұмыс режимімен
қамтамасыз ететін тармақталған бағдарлама да бола алады.
Сезім мүшелеріне әсер ету сипаттамасына қарай классификациясы
визуалды, аудиоқұралдар және аудиовизуалды ОТҚ болып бөлінеді.
Ақпаратты ұсынау сипаттамасына қарай ОТҚ классификациясын экранды,
дыбысты және дыбысты-экранды құралдарға бөлуге болады.
ОТҚ-НА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқыту құралдарына жан-жақты талаптар қойылады: функционалды, педагогикалық,
эргономикалық, эстетикалық, экономикалық.
Функционалды - аппаратураны қажетті режимдермен қамтамасыз ету қабілеті
(дыбыстың шығуы және сапалы шығуы, аудиовизуалды құралдардың кассеталараның
сыйымдылығы, сабақты өтуге жеткілікті тоқ қорын ұстау, құралдың
әмбебаптығы).
Педагогикалық – техникалық құралдың мүмкіндіктерінің қазіргі заманғы
талаптарға сай оқу-тәрбие үдерісінің әдістері мен формаларына сәйкестігі.
Эргономикалық – іске қосу тиімділігі мен қауіпсіздігі; аппаратты дайындауда
және жұмыс істеуде ең аз операция орындау; шу деңгейі; тексеру, жөндеу,
қозғалту тиімділігі.
Эстетикалық – форманың үйлесімдігі (көрнекі қолданылуы, көлемі, өлшем
сәйкестігі); композиция бүтіндігі, тауарлық түрі.
Экономикалық – техникалық құралдардың ұзақтығы мен жоғары сапасына сәйкес
бағасының оншалықты жоғары еместігі
ОТҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ОТҚ функциялары оқу-тәрбие үдерісінде көпмәнді болып табылады. Олар бір-
бірін толықтырушы, өзара шартты және оларды ерекшелеу жеткілікті шартты
болады. Бірақ кез келген функция қандай да бір ОТҚ-ға толығымен тиесілі
бола бермейди.
ОТҚ-ның ең бірінші функциясы – коммуникативті функция, ақпаратты беру
функциясы.
Екіншісі – басқару функциясы, оқушыларды тапсырмаларды орындауға және
оларды орындауды ұйымдастыруға дайындығын жобалайды (таңдау, жүйелеу,
ақпаратты реттеу),ақпаратты меңгеру мен қабылдау процесінде және сол
процестерді өңдеуде кері байланысты алу.
Үшіншісі – кумулятивті, яғни оқу және оқу-әдістемелік ақпаратты сақтау,
құжаттандыру және жүйелеу. Бұл фоно және бейнетека жинақтарын құру мен
комплектілеу арқылы, ақпаратты сақтау және жаңа ақпараттық технологиялар
арқылы берілу жолдары арқылы іске асады.
Төртіншісі – ғылыми-зерттеу функциясы. Ол оқушылардың зерттеу
мақсатында ОТҚ арқылы алған ақпараттарын түрлендірумен, педагогтың оқыту
және тәрбиелеу техникалық құралдарын пайдалану нұсқаларын іздеумен,
мазмұнды моделдеу және ақпаратты беру формасымен байланысты.
2. Бөлім Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық
білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін
бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру
саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан
интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді
дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді
информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану
қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа
педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып,
шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады,-
деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің
нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың
даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап
отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды,
қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере
отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды
пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді,
жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге
асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- этнопедагогикалық тәрбие береді;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен
тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық
технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл
жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет
етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие
үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген
қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол салу.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен
тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
IV. Жаңалықтарды бекіту
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім
мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай
пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды
пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды.
Білім туралы Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы
ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-
бабында білім беру жүйесі басым міндеті ретінде оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,
коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік,
рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты
дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі
керек:
• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу
ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін
арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және
шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану
- біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға
көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы
ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім
берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан
өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын
қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар
негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи
объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау
ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша
ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау,
теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене
отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар
мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа,
саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай
оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ұлттық тарихымыздың, ұлттық
менталитетіміздің, ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру
жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні даусыз.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде
лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі
шынайы да нақтылы қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор
болады.
Инновациялық технологиялар:
1) өңірлік деңгейде инновациялық технологиялар саласында дарынды балалармен
жұмыс жасайтын күрделі сипаттағы ғылыми мәселелер бойынша зерттеу өткізуді
жүзеге асыратын ғылыми басшылық;
2) өңірлік деңгейде инновациялық мәселелер саласында дарынды балалармен
жұмыс жасайтын әдістерді, моделдерді, бағдарламаларды, жобаларды,
әлеуметтік-маңызды концепцияларды, жаңа педагогикалық технологиялармен
дайындау және үйрету бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын өткізу;
3) аймақтық деңгейде жаңа педагогикалық технологиялар бойынша оңды
тәжірибелерді тарату және жинақтап қорыту, үйрету;
4) облысымыздың дарынды балаларымен жұмыс жүргізетін білім мекемелеріне
инновациялық мәселелер бойынша жинақтар, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар
дайындау;
5) өңірлік деңгейде дарынды балаларды оқыту әдістерін жетілдіру бойынша
фестивалдер, семинарлар және кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
Инновациялық технологиялардың құрамына мына төмендегілер жатады:
• Жобалау технологиясы;
• Саралап даралап оқыту;
• Дамыта оқыту технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
• Сатылай комплексті талдау;
• VTS бағдарламасы;
• Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Деңгейлеп оқыту технологиясы:
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-
деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту
технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын
меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін
күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл
бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс
жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша
деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол
оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім
саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік
тапсырма беру. Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың
оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше
жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа
технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап
оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы
зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.
Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы
өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп,
саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма
беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған
білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа
тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген
кәсіби сенімін қалыптастырады.
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік
деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп
жағдайына бейімдеу;
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда,
өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе
алуға баулуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру
маңызды мәселелердің бірі.Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын
былай көрсетуге болады:
- жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
- педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық
жаңалықтарды меңгеру;
- оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет ретінде.
Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі.
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет –
инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару.Жаңалық ғылыми –
зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама
– қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.Жаңа деген
түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға
қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық
іс–тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz