Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР, МАҒЫНАЛАР, ҚЫСҚАРТПАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ...3

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

I БӨЛІМ. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ
САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...11
1. Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы екі
жақты саяси қарым-қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..11
2. Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым-
қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. Ресей Федерациясының орталықазиялық стратегиясы ... ... ... ... ... ... 34

II БӨЛІМ. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...46
1. Орталық Азия аймағындағы көмірсутек факторының
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
2. Орталық Азия аймағындағы көлік және байланыс саласын
пайдаланудың өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
3. Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық балансы ... ... ... ... ... .65
4. Орталық Азия аймағындағы ұлттық қаржылық жүйелерінің
интеграциясының мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...84

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 90

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...95

АНЫҚТАМАЛАР, МАҒЫНАЛАР, ҚЫСҚАРТПАЛАР

КСРО Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағы
-
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
-
РФ Ресей Федерациясы
-
ҚР Қазақстан Республикасы
-
ОА Орталық Азия
-
ҚХР Қытай Халық Республикасы
-
АҚШ Америка Құрама Штаттары
-
ЕО Еуропалық Одақ
-
БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы
-
ЕурАзЭҚ Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық
-
ШЫҰ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
-
ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы
-
ҰҚШ Ұжымдық Қауіпсіздік күші
-
ЕҚЫҰ Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі
- ұйым
ГУАМ Грузия, Украина, Азербайджан, Молдова
-
ОАЫҰ Орталықазиялық ынтымақтастық ұйымы
-
ГЭС гидроэлектростанция
-
ФПС Федеральная Пограничная Служба
-
ПВО Противоракетная Оборона
-
Центразбат Центральноазиатский Батальон
-
НАТО Northern Atlantic Treaty Organization
-
ИДУ Исламское движение Узбекистана
-
АӨСШК Азиядағы Өзараәрекеттесу мен сенім шаралары бойынша
- кеңес
КСБР Коллективные силы быстрого реагирования
-
ТЖҰК Тез жауап беру ұжымдық күштері
-
ОПЕК Organization of petroleum exporting countries
-
КТК Каспииский трубопроводный консорциум
-
ОАО Орта Азия-Орталық газжүргізу жүйесі
-
Газпром Газовая промышленность России
-
ДСҰ Дүниежүзілік сауда ұйымы
АТР Азиатско-Тихоокеанский регион
АТМА Азия-Тынық Мұхиты аймағы
СКВ Свободноконвертируемая валюта

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Орталық Азия тарихи тұрақтылығы
жағынан барлық Еуразия континентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
әлемнің маңызды геосаяси аймақтарының бірі болып табылады. ХХІ ғасырдың
басында Ресей оның жаңа және қатаң ғылыми негіздерде геосаясатын
қалыптастыруды талап ететін әлем құрылысының бұрынғы биполярлы моделінің
құлауымен байланысты жағымсыз салдарларды жоюға ұмтылуда. Сыртқы саясатты
жүзеге асыру барысында осы қадам шеңберінде әлемнің түрлі аймақтарының
қазіргі геосаяси жағдайының дамуының тарихи ерекшеліктері мен Ресей
мемлекетінің мақсаттарын ескеру қажет. Аз емес деңгейде бұл Ресейдің
дәстүрлі ықпал ету саласы және көпжақты мүдделері бар Орталық Азия аймағына
да қатысты [2.70; 7 б.].
Белгілі бір кезеңде маңыздылықтың басымдылығы мен иерархиясы әр түрлі
жағдайлармен анықталған жағдай Орталық Азияны дәстүрлі түрде РФ-ның
мүдделер зонасына кіргізеді. Геосаяси, экономикалық және әскери
мүдделерінің жалпы жиынтығында ресейлік саясатының аймақтағы маңызды
бағыттары ұзақ мерзімді сипаттағы келесі факторларға негізделеді:
- Орталық Азияның Еуразиялық континентінің ортасында орналасуы
материктің айтарлықтай көп бөлігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне оның
әсер ету көзқарасы жағынан стратегиялық мағынаға ие.
- Бүкіл Еуразияның инфрақұрылымын бақылауға мүмкіндік береді.
- Еуразиялық көліктік коридор тоғысында орналасуы мен кең көліктік
коммуникациялық жүйесінің бар болуы. Орталық Азия мемлекеттерінің Иран
арқылы - Парсы шығанағына, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы - Үнді мұхитына,
Қытай арқылы - Азия-Тынық мұхитына аймағына шығу жолы бар.
- Аймақта және Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуіндегі жағдайдың
даму бағыттылығы жалпы көбіне еуразиялық кеңістігінің ұлан-ғайыр
кеңістігіндегі күштер балансының перспективасын анықтауы мүмкін.
- Орталық Азия Ресей үшін оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету контекстінде дәстүрлі буфер немесе қауіпсіздік белдеуі
ретінде болып табылады.
- Ресей үшін аймақтың ерекше маңыздылығын мұнай факторы мен Ресейдің
Каспийде ықпалын сақтау ниеттілігі анықтайды.
- Ресей үшін ядролық конфликтерді қоса алғанда таяу орналасқан
аймақтарда толық ауқымды конфликтер пайда болған жағдайда сәйкесінше
шараларды қабылдау үшін күш ресурстарын базалау зонасы ретінде аймақтың
территориясы аса маңызды болып табылады.
- РФ үшін аймақтың негізгі көліктік-коммуникациялық жолдар мен
құбырөткізгіштеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін сыртқы саяси және
экономикалық мағынаға ие болып табылады.
- Аймақ Ресей үшін орыс және орысша сөйлейтін тұрғылықты халқы үшін
жауапкершілік зонасы, орыс тілі мен мәдениетінің маңызды саяси ролін
сақтау болып табылады. [2.21; 2 б.].
Орталық Азия Ресейдің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында оның
ұлттық мүдделерін, саяси тұрақтылығын, зерттелмелі аймақтың мемлекеттерімен
тиімді саяси, экономикалық, әскери, социомәдени және этноконфессионалды
қатынаста өте біркелкі емес аймақ болып табылады. Осыған байланысты сонымен
қатар зерттеу жұмысының өзектілігі келесілермен шартталған: Біріншіден, осы
аймақтағы АҚШ, ҚХР, Түркия, Иран, Пәкістан сияқты аймақтық державалардың
экономикалық, саяси, идеологиялық және әскери мүдделердің қақтығысымен,
екіншіден, аймақтық қауіпсіздіктің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін
анықтау мен бөлісу, Ауғанстандаығы жағдайдың реттелмеушілік, Иран
айналасында әскери-саяси жағдайының шиеленіс мәселесімен өзара
байланыстылығымен, үшіншіден, осы аймақта радикалды діни-экстремистік
ұйымдар мен түрлі әскерилендірілген топтардың белсенді қызметкерлігімен,
төртіншіден, әлі күнге шейін латенттік жағдайдағы, бірақ түрлі факторлардың
ықпалымен қозып кетуі мүмкін ішкі сипаттағы мәселелердің бар болуымен. Бұл
ең алдымен, аймақтағы жүріп жатқан саяси үрдістердің қарама-қайшылықтармен,
этникалық және кланаралық аймақтық қарсытұрушылықта қақтығыстық
потенциалдардың бар болуымен байланысты.
Осының бәрі Ресейдің осы аймақтағы геосаяси позицияларына айтарлықтай
әжептәуір ықпал жасап жатыр. Осыған байланысты қазіргі жағдайда Ресейдің
Орталық Азиядағы геосаясатының ерекшеліктерін зерттеу тек теориялық ғана
емес, практикалық мәнге де ие [2.78; 4 б.].
Зеттеудің дерек көздері. Осы зерттеу үшін маңызды дерек көздері
ретінде осы аймақтағы халықаралық ұйымдар қызметкерлігі шеңберінде Ресей
Федерациясының Орталық Азия аймағы мемлекеттерімен саяси-экономикалық,
әскери-саяси қатынастарды зерттеуге арналған еңбектер болып табылады.
Оларға ұлтүсті сипаттағы құжаттарды жатқызуға болады. Осы құжаттарды жалпы
сипаты бойынша екі топқа бөлуге болады.
Дерек көздерінің І тобына Ресей Федерациясының Орталық Азия
мемлекеттерімен екі жақты келісім-шарттарды жатқызуға болады:
-1992 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен РФ арасында достық,
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1992 жылы 20 наурызда Өзбекстан Республикасы мен РФ арасында достық,
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1993 жылы 25 мамырда Тәжікстан Республикасы мен РФ арасында Достық,
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1992 жылы 10 маусымда Қырғызстан Республикасы мен РФ арасында достық,
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
-1992 жылы 31 шілдеде Түркменстан Республикасы мен РФ арасында достық,
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шарты
Бұл келісім-шарттарда Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің екі жақты
қарым-қатынастарының саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау,
мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несиелік-
қаржылық, денсаулық сақтау, туризм, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздікті
қамтамасыз ету сияқты облыстарда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сыртқы
агрессия жағдайындағы өзара көмек қарастырылған. Бұл келісім-шарттар
егеменділікті өзара құрметтеу, территориялық тұтастық, мемлекеттік
шекараның бөлінбестігі, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, дау-
жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, күш не күш қаупін қолданбау сияқты
халықаралық құқықтың қағидаларына негізделеді.
Дерек көздерінің ІІ тобына Ресей Федерациясының Орталық Азия
мемлекеттерімен көп жақты келісім-шарттарды жатқызуға болады:
-2000 жылы 10 қазанда Беларусь Республикасы, Қазақстан
Республикасы,Қырғызстан Республикасы, РФ, Тәжікстан Республикасы арасында
Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы келісім
-2002 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы,
Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы арасында Орталықазиялық
ынтымақтастық ұйымын құру туралы Шарт
-2002 жылы 7 қазанда Армения Республикасы, Беларусь Республикасы,
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, РФ, Тәжікстан Республикасы
және Өзбекстан Республикасы арасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын құру
туралы келісім-шарт
-2001 жылы 14-15 маусымда РФ, ҚХР, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан
Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында
Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы шарт.
Бұл келісім-шарттарда Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің арасында
көп жақты негізде құрылған ұйымның мақсаттары, міндеттері, саяси, сауда-
экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау, табиғат қорғау, мәдени, ғылыми-
техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несиелік-қаржылық
салаларда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, органдардың және хатшылықтың
функциялары, қаражаттандыру, мүшелік мәселелері, осы ұйымның басқа
халықаралық ұйымдармен өзарақатынастары, құқық субьектілігі, шешім қабылдау
тәртібі, шешімдердің орындалуы, тұрақты өкілдіктері, иммунитеттер мен
артықшылықтар, ресми және жұмыс тілдері, әрекет ету мерзімі, дауларды шешу
тәртібі, толықтырулар мен өзгерістер мүмкіндіктері, депозитарийсы
қарастырылады. Бұл келісім-шарттар да егеменділікті өзара құрметтеу,
территориялық тұтастық, мемлекеттік шекараның бөлінбестігі, мемлекеттің
ішкі істеріне араласпау, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, күш не күш
қаупін қолданбау сияқты халықаралық құқықтың қағидаларына негізделеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың
басында Еуразия кеңістігіндегі кең ауқымды геосаяси өзгерістерге қатысты
мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы, себеп-салдарлы байланыстарды
сараптау қажеттілігі, әлеуметтік-саяси жағдайлардың дамуын дәл бағалау және
болжамалауда мұқтаждық осы мәселе бойынша бірқатар монографиялық және
диссертациялық зеттеулер, ғылыми мақалалардың пайда болуын шарттады.
Бұларды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады.
Зерттеулердің І тобына ОА-ның әскери-саяси және экономикалық жағдайын
және аймақтағы Ресейдің ролін зерттеуге бағытталған жұмыстар мен арнайы
еңбектерді жатқызуға болады. Қарастырылып жатқан топта бөлінген еңбектердің
сараптамасы аймақтың әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін, аймақтың тұрақтылығы пен қауіпсіздігіне және Ресейдің
мүдделеріне төнген қауіп-қатерлерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеулердің ІІ тобына ОА-ғы әлеуметтік-саяси жағдайын қарастыратын
және жалпы оның дамуының тенденцияларына және Ресейге де қатысты баға мен
болжам беретін шетел ғалымдары мен зерттеушілердің, әсіресе Батыс
мемлекеттері мен АҚШ-тың ғалымдары мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері
жатады.
І топ еңбектерін зерттеу Орталық Азия және Ресейдің әскери-саяси және
экономикалық, ал соңғы кезде энергоресурстық жағдайын саралауға қадам
жасалынатын түрлі зерттеу позициялары туралы түсінік жасауға мүмкіндік
береді. Осы қадамдармен танысу авторлардың тұрақты және ауыспалы геосаяси
факторлардың түрлі конфигурациясына сүйенетіндігі есебінен маңызды болып
келеді. Осымен көбінесе аймақтағы әскери-саяси жағдай туралы
қорытындылардағы айырмашылықтар түсіндіріледі. Сараланып отырған еңбектерде
Орталық Азияның қауіпсіздігінің негізгі мәселелерін, әлемнің жетекші
мемлекеттердің геостратегиялық жоспарларындағы орны және ролін, қазіргі
әлемдегі бәсекелестікті анықтауға қатысты түрлі қадамдар бар.
Воропаева В., Диканбаева Т., Дубровин С., Бирюков С., Малышева Д.,
Олимова С., Жуков Ю., Таксанов А., Абдуллаев Е. сияқты ғалымдардың
еңбектерінде Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің КСРО кезінде
қалыптасқан екі жақты қарым-қатынастарының қазіргі деңгейі, даму
ерекшіліктері, тенденциялары, саяси, экономикалық және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету сияқты облыстарда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары,
перспективалары, Орталық Азия аймағының мемлекеттері мен Ресейдің саяси
қарым-қатынастарындағы өзекті саяси және экономикалық мәселелері
көрсетіледі.
Ауелбаев Б., Кожихов А., Лузянин С., Ларина Е., Кузьмина О.,
Мирсайитов И., Волков А., Тер-Погосян А., Рудов Г. сияқты ғалымдардың
еңбектерінде Ресейдің Орталық Азия мемлекеттермен аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету облысында екі жақты және көп жақты қарым-қатынастарының
қазіргі деңгейі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы
ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, әсерлесу деңгейінің негізгі жағымды
және жағымсыз факторлары, аймақтағы негізгі потенциалды тұрақсыздандырғыш
және қақтығыстық көздері мен сыртқы және ішкі факторлары, Ресей мен Орталық
Азия мемлекеттерінің Қытай, АҚШ, Түркия, Иран, ЕО, Жапония, Оңтүстік Корея
сияқты аймақтан тыс держава-ойыншылармен өзара әрекеттесуі, Ресейдің осы
аймақ мемлекеттерімен ТМД, ҰҚШҰ, ОАЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық
ұйымдар шеңберінде өзара әрекеттесуі көрсетіледі.
Асадуллаев И., Бешимов Б., Махкамов М., Никуйко В., Эсенов М. сияқты
ғалымдардың еңбектерінде Ресейдің Орталық Азия аймағындағы өзінің көздеген
стратегиялық мақсаттарына жету жолы ретінде қолданып жатқан геосаясатының
негізгі мәні, бастапқы және қазіргі деңгейі, оның ерекшіліктері, оған
ықпал еткен және етіп жатқан әр түрлі жағымды және жағымсыз факторлары,
Ресейдің АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, ЕО, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты
аймақтан тыс держава-ойыншылармен геосаяси және геоэкономикалық
мүдделерінің қарама-қайшылықтары, ХХІ ғасырдың басында аймақтағы күш
орталықтарының орын ауыстыруы нәтижесінде қалыптасқан жағдайларға
байланысты Ресейдің сыртқы саясатының бағыттарының трансформациясы
көрсетіледі.
Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық мүдделерін
гармонизациялау және интеграциялық үрдістерді белсендендіру мақсатында
әлемнің кез-келген аймағындағы геосаяси жағдайды зерттеуге жүйелік қадам
пайдалану маңызды болып келеді. Осылайша жүйелік анализ шеңберінде Грозин
А., Боронин О., Сидоров О., Чернявский С.И. еңбектерінде әлемнің белгілі
бір аймағындағы мемлекеттің сыртқы саяси қызметкерлерлігінің белгілі бір
стратегиясын жасауға мүмкіндік беретін әлемдік саясатының субъектілер
арасындағы қатынастарға түрлі қадамдар қарастырылады.
Жалпы алғанда, Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей арасындағы
орнатылып жатқан экономикалық қатынастарды зерттеуге бағытталған Диканбаева
Т., Рахматулина Г., Парамонов В., Бушков В., Олимов М., Апасов Р., Прокудин
Ф., Притчин С., Богатырев В. сияқты отандық, ресей, ТМД мемлекеттерінің
мамандарының зерттеулері еңбектердің айтарлықтай көп бөлігін құрайды. Осы
зерттеулердің назар ортасында Ресей мен Орталық Азия аймағының
экономикалық, көліктік, қаржылық, су-энергетикалық, энергоресурстық
ынтымақтастықты координациялау үшін құрылған ЕурАзЭқ және ОАЫҰ (Орталық
Азия ынтымақтастық ұйымы) сияқты ұйымдардың қызметкерлігі болып табылады.
Осы еңбектерде Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің көмірсутегі, су-
энергетикалық, көлік және байланыс, қаржы саласындағы екі жақты және көп
жақты қарым-қатынастарының қазіргі деңгейі, осы облысындағы
ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, перспективалары, экспорттау саласындағы
ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, осы саладағы аймақтық экономикалық
интеграциясына кедергі болып жатқан негізгі факторлары, Ресейдің АҚШ,
Қытай, Түркия, Иран, ЕО сияқты аймақтан тыс держава-ойыншылармен осы
саладағы геосаяси және геоэкономикалық мүдделерінің қарама-қайшылықтары
көрсетіледі.
Ал ІІ топқа келетін болсақ, Бжезинский З., Аллисон Р., Йонсон Л.сияқты
бірқатар шетел ғалымдарының еңбектерінде Батыс пен АҚШ мемлекеттерінің
мүдделері тарапынан аймақтағы әскери-саяси, экономикалық және
энергоресурстық жағдайы қарастырылады, оған баға беріледі және сонымен
қатар оның әрі қарай даму тенденцияларына салыстырмалы жобалау жасалынады.
Осы мәселе бойынша түрлі деректерді сараптау Қазақстан, Ресей және
шетелде ұлттық күші және мүдделерін зерттеуге негізделген мемлекеттің
біртұтас теориялық геосаяси концепциясының жоқтығы туралы қорытынды
жасауға болады. Ресейдің ғылыми және қоғамдық-саяси топтарында Орталық
Азия мемлекеттерімен қатынаста түрлі, кейде тіпті қарама-қарсы көзқарастар
бар. Қоғамның барлық салаларының, соның ішінде ғылыми зерттеулер облысын да
қамтыған жүйелік дағдарыстың көрінісі болып табылатын ұлттық күші, оның
геосаяси ықпалы және потенциалымен байланыстары категорияларын саралау
мәселесі де аяғына дейін зерттелген жоқ. Сөйтіп, осы ғылыми тақырып
қалыптасу кезеңінде қадамдар мен әдістердің кешенді пайдаланылуын талап
етеді.
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің геосаяси өзара әрекеттесудің
мәселелерін қарастыруға арналған зерттеу еңбектердің әжептәуір санына
қарамастан қолда бар дерек көздерінің сараптамасы саяси жағдайдың үнемі
өзгеруі және әлемдік бәсекелестіктің қиындатылған жағдайында Ресейдің
Орталық Азиядағы қазіргі геосаясаты мәселесін кешенді сараптау қажеттілігін
көрсетеді.
Тақырыптың өзектілігі мен ғылыми зерттелу деңгейі осы жұмыстың
мақсаттары мен міндеттерін анықтады. Осы жұмыстың мақсаты КСРО ыдырағаннан
кейін өз саяси ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсаты мен Ресей
Федерациясының Орталық Азия аймағындағы қызметкерлігін, Орталық Азия
мемлекеттері және Ресейдің өзара қарым-қатынастарындағы өзекті мәселелері
мен болашағын сараптау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттерін шешу қажет:
- Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы екі
жақты саяси қарым-қатынастарын қарастыру.
- Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым-
қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесін сараптау.
- Ресей Федерациясының орталықазиялық стратегиясын талдау.
- Орталық Азия аймағындағы көмірсутек факторының маңыздылығын
айқындау.
- Орталық Азия аймағындағы көлік және байланыс саласын пайдаланудың
өзекті мәселелерін анықтау.
- Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық балансын қарастыру.
-Орталық Азия аймағындағы ұлттық қаржылық жүйелерінің интеграциясының
мәселесін сараптау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі өзінің геосаяси мүдделері жүзеге
асыру бойынша оның әлемдік саясаттың субъектілері ретінде Орталық Азия
мемлекеттерінің қатынастары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеудің әдістемелік негізі. Берілген тақырыппен
жұмыс істеу барысында келесі әдістер пайдаланылды: құжаттарды зерттеу әдісі
(Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының арасындағы екі жақты
және ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ОАЫҰ сияқты посткеңестік кеңістіктегі халықаралық
ұйымдар шеңберіндегі көп жақты қатынастарын сипаттайтын халықаралық
келісім-шарттарды сараптағанда), сұрыптау әдісі (жұмысқа қажетті
әдебиеттермен танысып, олармен жұмыс істеу барысында), салыстыру әдісі
(Орталық Азиядағы әскери-саяси, экономикалық жағдайы, ішкі және сыртқы
факторлардың аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер етуі, осы
аймақтың әлемдік деңгейдегі энергетикалық потенциалының шиеленісуі мен
аймақтағы Ресейдің ролі мен оның осы аймақтағы стратегиялық мүдделердің
аймақтан тыс АҚШ сияқты ұлы держава мен аймақтық деңгейдегі Түркия, Иран,
Пәкістан сияқты Таяу, Орта және Оңтүстік Шығыстың мемлекеттерінің
мүдделерімен қайшылыққа келу мәселелеріне түрлі отандық, ТМД шеңберіндегі
және Батыс авторлардың позицияларын салыстырғанда), тарихи-хронологиялық
әдіс (Ресейдің посткеңестік кеңістіктің Орталық Азия мемлекеттерімен КСРО
ыдырағаннан бастап қазіргі кезеңге дейінгі екі жақты және ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ
сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты қатынастарын, Ресейдің осы
аймақтағы стратегиялық мүдделеріне сай жүргізген геосаясатының
хронологиялық шеңберін анықтағанда), жүйелік қадам (2001 жылы 11 қыркүйек
оқиғасынан кейін қалыптасқан жаңа геосаяси өзгерістерге Орталық Азия
мемлекеттері мен Ресейдің бейімделуін және осыған байланысты бір-бірімен
өзара қатынастарын сараптау барысында).
Хронологиялық шеңберлер. Дипломдық жұмыстың тақырыбын қарастыру
барысында мәселенің қазіргі жағдайының баяндауына ерекше көңіл бөлінді.
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының екі жақты және ТМД,
ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сияқты посткеңестік кеңістіктегі халықаралық ұйымдар
шеңберіндегі көп жақты қатынастар тек КСРО ыдырап, оның орнына жаңа
тәуелсіз мемлекеттер (соның ішінде Орталық Азия аймағында) пайда болғаннан
кейін ғана жүзеге асырыла бастаған соң, дипломдық жұмыстың тақырыбының
хронологиялық шеңбері 1991 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі уақытты
қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы анықтамалар, мағыналар,
қысқартпалардан, кіріспеден, 7 параграфтан тұратын 2 бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

БӨЛІМ 1. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ
САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

1.1. Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы екі
жақты саяси қарым-қатынастар

Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің КСРО кезінде қалыптасқан екі
жақты қарым-қатынастарының қазіргі деңгейін, даму ерекшіліктерін,
тенденцияларын, саяси, экономикалық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
сияқты облыстарда ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, перспективаларын,
Орталық Азия аймағының мемлекеттері мен Ресейдің саяси қарым-
қатынастарындағы өзекті саяси және экономикалық мәселелерін, Ауғанстан
сияқты шекаралас тыныш емес буферлік мемлекеттердің және Батыс елдерінің
аймақтың мемлекеттерінің, энергетикалық фактордың өзара екі жақты қарым-
қатынастарына әсер ету деңгейін, олардың шешу жолдарын, Ресейдің екі жақты
қарым-қатынастарының жалпы оның геосаясатын қалыптастыруына және аймақтық
интеграциясының қалыптасуына ықпал ету факторларын, әсерлесу деңгейінің
негізгі жағымды және жағымсыз факторларын анықтау осы бөлімшенің
мақсаттарын айқындады.
Посткеңестік кеңістіктегі РФ-ң сыртқы саясатының аймақтық бағыттарының
қатарында орталықазиялық вектор ерекше орынды алады. Аймақтың
мемлекеттерінде 10 млн. астам орысша сөйлейтін тұрғын халықтың (соның
ішінде 6,5 млн. адам), Ресейдің оңтүстік шекарасындағы саяси шиеленіс, ОА
кеңістікті көліктік коридор ретінде пайдалану перспективалары, трансұлттық
криминал тарапынан қауіпсіздікке қауіп-қатердің бар болуы роль ойнайды.
Ресейдің өзі орталықазиялық мемлекет болып табылады: Азия географиялық
орталығы Ресей территориясында, Тыва республикасында орналасқан, ал
ресейлік Оңтүстік Сібір - ОА-ң бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар
Ресейде ОА мемлекеттеріне қатысты саясатының біртұтас концепциясы жоқ
екенін байқауға болады. Бастысы - Ресей саясатының ең маңызды
приоритеттерін бөліп шығару [2.79; 1-2 б.].
Ресей үшін Қазақстанның маңыздылығы ОА кез-келген мемлекетінің
маңыздылығынан салыстыруға келмейтін әлдеқайда жоғары және осы көзқарас
жағынан орыс-қазақ одағы перспективасы тіпті императив болып табылады.
Ресей мен Қазақстанның мүдделерінің едәуір көп бөлігі бір жерден шығады
және қауіпсіздіктің көптеген мәселелерін тек бірлескен күштермен ғана шеше
алады. Ресей мен Қазақстанның стратегиялық мүдделірінің бір жерден шығуы
бірқатар жағдайлармен шартталған.
Біріншіден, ұзақ мерзімді перспективада Ресей мен Қазақстан ХХІ ғасырда
ІІ супердержава болуға әбден мүмкіндігі бар Қытай мәселесімен өте
шиеленіскен формада тап болуының ытималдығы өте зор. Эксперттер мен
зерттеушілерінің батыс топтарында ХХІ ғасырда қытайлық демографиялық
қысымының тұрғын халқы аз Сібір мен Қиыр шығыс ресейлік территорияларына
канализация мүмкіндігі талқылануда. Сонымен бірге олар Қытайдың
перспективада сыртқы экспансиясы есебінен ішкі мәселелерді шешуге
ұмтылатындығын айтады. Қазақстан осы мағынада қоныстандыру үшін ұлан-ғайыр
кеңістіктері бар әлсіз мемлекет болып табылады. Қытайда ресейлік сібір мен
қиыршығыс территорияларын сияқты, Қазақстан жерлерінің үлкен бөлігін де
тұрмыстық және академиялық деңгейде тарихи қытайлық уақытша жоғалтылған
территориялар ретінде санайды. ҚХР-ң стратегиялық шекаралар мен өмірлік
кеңістігі қабылдайтын доктринасына сәйкес Қытай тек айналасында бейбітшіл
ортаны ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен тіршілік әрекетін
қамтамасыз ететін кеңістікті де қажет етеді. Осылайша, ресейлік әскери
маман В.В.Стефашин пікірі бойынша, Қытайдың әскери доктринасының негізгі
қағидалары көршілес мемлекеттер үшін, соның ішінде сонымен шектесетін ТМД
мемлекеттері үшін белгілі қауіп-қатер төндіруде. Әрине бірқатар шарттар мен
декларациялар, әсіресе 1996 жылы 26 сәуірде қабылданған Шанхай келісімі
белгілі бір деңгейде Қытай мен ТМД мемлекеттері арасында шекаралас
аудандарда әскери облысында сенімділікті нығайтады [2.15; 1-3 б.].Бірақ бұл
Ресей мен Қазақстан арасында қауіпсіздік шарты не бірлескен қорғаныс туралы
Шарт жасауға тосқауыл болмау керек. Ресей мен Қазақстан қол қойған Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шарт (ТМД шеңберінде жасалған) бірлескен қорғаныс
мақсатымен нақты іс-әрекеттер үшін негіз ретінде бола алмайды, өйткені онда
осы келісімнің қатысушы-мемлекеттерге қарсы сыртқы агрессия жағдайында
тиімді шаралар қарастырылмаған. Қазақстан Қытай тарапынан ықтимал
агрессияны жалғыз өзі тойтарыс жасай алмайды. Қазақстанның қарулы
күштерінің саны шамамен 70 000 әскери қызметшіні құрайды, ал перспективада
– бұлардың саны 150 000 адам құрау керек. Қазіргі уақытта Қазақстан
әскерінде кадр мәселелері бар, жеткіліксіз түрде материалды-техникалық
қамтамасыздық байқалады, толыққанды әскери маневрлер мен ағымдағы қарулы
жаттығулар сирек өткізіледі. Қытай тарапынан Қазақстанмен шекараласып
жатқан тек бір Ланчжоу округінде қазіргі уақытта жалпы саны 200 мың әскери
қызметшіден тұратын 2 жалпықарулы әскерге бөлінетін 12 мотоатқыш дивизиялар
орналасқан. Қазақстанға шабуыл жасаған жағдайда аннексияланған болып
Қытайда тарихи қытайлық территориялар ретінде санайтын Қазақстанның
территорияларының көп бөлігі болуы мүмкін.
Екіншіден, Ресей мен Қазақстанның стратегиялық мүдделерінің жанасу
нүктесі ислам экстремизмінің қаупі болып табылады. Қазақстан Орталық
Азиядағы исламдану жағынан ең төмен деңгейдегі мемлекет болып табылады, ал
қазақстандық элиталарының көп бөлігі зайырлы мемлекеттілікке бағыт-бағдар
жасайды. Сол бір мезгілде ресейлік мұсылмандардың жинақы тұратын
аудандарында жүріп жатқан үрдістерге қатысты ресейлік басшылары сияқты
қазақстандық басшылығы да мемлекеттің оңтүстік аудандарындағы исламның
жылдам радикализациясына қатты қобалжуда. Республиканың оңтүстігінде діни
жағдайларды баяндай отырып, қазақстандық журналист Э.Нуршин былай деп
жазады: Соңғы кезде мешіттердің өздерінде және олардың айналасында
ваххабизм негіздерінің күшті, барлық жағынан қамтитын белсенді насихаты
жүруде. Әрбір мешітте өздерінің бастарында Пәкістан, Сауд Аравиясы,
Біріккен Араб Әмірлігі, Ауғанстаннан келген абыздар тұрған насихаттау
бригадасы қалыптасып жұмыс істеп жатыр. Оңтүстік Қазақстанның тез
исламдануының тек 2000 жылдың өзінде пайда болған діни бағыттағы жоғары
оқу орындарының саны куәландырады: Қазақ-Кувейт университеті (Шымкент), Абу
Ар-Рахмад Сауд Аль Бабтина Аль-Кувейти атындағы Шығыстану институты
(Шымкент), Ислам жүргізу қазақ институты (Алматы), Ислам университеті
(Алматы).
Үшіншіден, Қазақстан Ресей сияқты халықаралық есірткі бизнесінің
экспансия объектісі болып табылды. Осы мемлекеттер арқылы Еуропаға өлімнің
жібек жолы ғана өтпей, сонымен қатар олардың территориясында ауған
героинінің едәуір бөлігі пайдаланылады. 2000 жылы Қазақстанда 10
т.есірткі, соның ішінде жоғары деңгейде тазаланған 260,7 кг героин
тәркіленді. Қазақстандық мамандардың есептеуі бойынша, транзитпен Қазақстан
арқылы Ресей мен Батысқа жыл сайын 2,6 тоннадай героин өтеді. БҰҰ
эксперттерінің мәліметтері бойынша, жыл сайын мұндай есірткі транзиті 100
тоннаға дейін жетуі мүмкін
Төртіншіден, Ресей үшін басқа приоритетті міндет ретінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету облысында Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту, РФ
шекарасынан барынша алыста болуы ықтимал локальді (жергілікті) конфликттер
мен потенциалды конфликтті зоналарды ұстап тұру болып табылады, яғни осыдан
Ресейдің геостратегиялық орналасуына байланысты Қазақстанға ерекше
қызығушылықты тудыруда. Сөз тек ШЫҰ мен ҰҚШҰ шеңберінде аймақты
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халықаралық терроризммен күрес туралы ғана
емес, сонымен қатар екі жақты негізде әскери және әскери техникалық
ынтымақтастықты нығайту жөнінде де жүріп жатыр. Соңғысы, яғни 2 жақты
негізде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту ұжымдық
шарттар шеңберінде өзараәрекеттесуден гөрі тіпті өте маңыздырақ болды. Бұл
Ресей үшін альтернативасы жоқ Байқоңыр космодромының болуымен түсіндіреді.
Баршамызға белгілі, Байқоңыр үлесіне қазір барлық ресейлік ғарыштық
ұшыруларының 70%-нан астамы келеді. Сондықтан Ресей үшін осы космодромның
дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі міндет болып
саналады. Бұдан басқа Қазақстан территориясында Ресейдің әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңыздылығы бар бірқатар
объектілердің орналасқанын ұмытпаған жөн. Сөз Сары-Шаған ракетаға қарсы
полигон мен Балқаш жағалауында орналасқан ресейлік радиолокация станциялар
жөнінде қозғалып жүр
Бесіншіден, Қазақстанның өзінің сыртқы экономикалық саясатын
диверсификациясына қарамастан, оның экономикасы сыртқы тауар айналымының
13 бөлігі бағыт-бағдар жасаған Ресейге өте тәуелді. Ресейлік және
Қазақстан экономикаларының салаларының өзаратолықтырушылығы мен
өзарабайланысының деңгейі өте жоғары. Әсіресе 2 мемлекеттің шекаралас
аймақтарының экономикалық байланысының деңгейі тым жоғары. Мысалы,
Қазақстанның Алтай аудандарының сыртқы тауар айналымындағы үлесі 54%
құраса, соның ішінде Қазақстанға барлық край экспортының 64% келеді. Шығыс
Қазақстан облысының барлық экспортының 61% Ресейге жіберіледі, соның ішінде
25% - шекаралас Алтай крайына.
Бұрындағыдай, екі мемлекеттің бір-біріне қатысты мүдделері баяғы сол
облыстарды қамтиды: аймақтық қауіпсіздік облыстардағы ынтымақтастық; екі
жақты әскери-саяси ынтымақтастық, әскери-техникалық ынтымақтастық; сауда-
экономикалық ынтымақтастық; бірлескен қаржылық-өнеркәсіптік топтарды құру
арқылы өндірістік-кооперациялық байланыстарды дамыту; отын-энергетикалық
саладағы ынтымақтастық; шекаралық ынтымақтастық; Байқоңыр космодромын
игерудегі ынтымақтастық; Каспий теңізі табиғи байлықтарын игерудегі
ынтымақтастық; атом саласында ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы [3.6; 1-4 б.].
Бүгінгі күнде, дипломатиялық тілмен айтқанда, ҚР-ң РФ-мен екі жақты
ынтымақтастығы тең құқылы негізде, мемлекеттік егеменділікті, территориялық
тұтастықты және шекаралық бұзылмастықты өзара құрметтеу; дау-жанжалдарды
бейбіт жолмен реттеу және күш не күш қаупін қолданбау негізінде жүзеге
асуда. Осы қағидалар 1992 жылы 25 мамырда ҚР мен РФ арасында достық,
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Шартында бекітілді. Осы құжат саяси,
сауда-экономикалық, әскери, ғылыми-техникалық облыстардағы екі жақты
ынтымақтастықтың құқық базасына айналды. ҚР басшылығы үнемі қазақстандық-
ресейлік байланыстарын дамытудың басымдылығы туралы мәлімдейді [1.1].
Жанама дәлел ретінде Қазақстанның ТМД шеңберінде қол қойған 600 құжат, 1992
жылы достық пен ынтымақтастық туралы шарт, Мәңгі достық пен ынтымақтастық
туралы шарт (1998) бола алады. Ресей Қазақстанның импорт және эскпорты
бойынша негізгі экономикалық серіктесі болап табылады. ЕурАзЭқ-қа қол
қойғаннан кейін ресейлік-қазақстандық экономикалық байлықтар одан сайын
қарқынды дами түсті.
Өзбекстан векторы, сөзсіз, ресейлік сыртқы саясаттың аймақтағы ең басым
бағыттарының бірі болып есептеледі. Осы жағдайда Ресейдің мүдделері осы
уақытқа дейін дәстүрлі болып келген 2 жақты қатынастардың жақындастыру мен
салқындату кезеңдерін тоқтату үшін Ташкентпен өзара әрекеттесудің одан да
тұрақты және болжанбалы жүйесін орнатудан тұрады. Бұл қызығушылық
Өзбекстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтың маңызды
мемлекеттерінің бірі болып табылатындығы мен жалпы ОА аймағындағы ықпал күш
ретінде болуымен шартталған. Бұдан басқа Өзбекстанда Ресейдің саяси және
экономикалық қажет ететін айтарлықтай үлкен экономикалық ресурстар мен
мүмкіндіктері бар (мақта, металл, геосаяси орналасуы, күшті әскері...)
[2.71; 1-3 б.]. Осылайша, одақтасты тәрбиелеу саясатын жүргізу арқылы
Ресей өз мүдделерін тек аймақтық шеңберінде білдіріп қана қоймай, сонымен
қатар аймақ периметрі бойында орналасқан Ауғанстан мен ҚХР мемлекеттеріне
сыртқы әсер ету факторы ретінде ынтымақтастықтың нәтижелерін пайдалануға да
сенім арттырды [2.1; 1-9 б.].
Мемлекеттер арасында өзарақатынастардың маңызды кезеңі Ресейдің үкімет
басына В.В.Путиннің келуімен байланысты, ал кейін оның президент болып
сайлануы Ресейдің ОА-ға, соның ішінде Өзбекстанға қатынасын түбегейлі түрде
өзгертті. Осы кезден бастап өзбек-ресейлік өзарақатынастары стратегиясы
сипатқа ие бола бастады. Бұл ең алдымен кең саяси диалог,экономикалық
ынтымақтастық қызығушылығымен, Ресей мен ОА-ғы қауіпсіздікке халықаралық
терроризмнің қаупіне өзара қам істеушілікпен шартталған. Қазіргі кезде
Өзбекстан республикасы мен РФ арасында екі жақты қатынастарының кең
құқықтық негізі қалыптасқандығын баса айту керек. Әскери-саяси,
экономикалық, гуманитарлық сияқты түрлі облыстарында ынтымақтастықты
реттейтін 200-ден астам құжаттарға қол қойылды [1.2]. Халықаралық терроризм
мен діни экстремизмнің күштері ОА-дағы жағдайды қиындатып жіберуіне
ұмтылған жағдайда Ресей мен Өзбекстан мезгіл-мезгіл екіжақты және көпжақты
негізде өзараәрекеттесудің белгілі нығаюына ат салысты. Сол уақытқа дейін
аймақтың әскери-саяси ынтымақтастықтың механизмі ретінде болған Шанхай
бестігіне Өзбекстанның қосылатындығы шешілді. Осылайша, 2001 жылы маусымда
Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері
Шанхай бестігіне бұған бір мезгілде Өзбекстанның қосылуымен Шанхай
ынтымақтастық ұйымына айналуы туралы құжаттарға қол қойды. Ташкент
көбінесе дербес позициясын ұстанса да, дегенмен Өзбекстанның ШЫҰ-на ҮІ
мүшесі ретінде қосылуы аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесі үшін аса
маңызды оқиға болды [2.68; 1-5 б.].
Өзбекстан мен Ресей БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде де
белсенді консультациялар өткізеді. Екі ел Батыстың кейбір мемлекеттерінің
жаңа тәуелсіз мемлекеттеріне қатысты Regime changes стратегиясы мен қос
стандарттар сияқты құбылыстарға қатты алаңдатушылық туғызуда. Грузия,
Украина мен Қырғызстандағы "түсті революциялардың үрдісі, олардың Батыс
мемлекеттер тарапынан ашық қолдауы, сонымен қатар 2005 жылғы Андижандағы
мамыр оқиғаларын айқын біржақты бағалауы Ресей мен Өзбекстанның екі жақты
формат пен ТМД, ШЫҰ аймақтық ұйымдар шеңберінде әрі қарай бірізді
координациялау үшін маңызды фактор ретінде болып табылатындығын баса айту
керек. Сонымен қатар соңғы жылдары бірқатар батыс мемлекеттері кезекті
ретте ішкі істеріне кейде айқын араласуы, тіпті экстремистік қозғалыстар
мен күштерді қолдауы, осымен аймақта қауіпсіздік тұрақтылығына қауіп
төндіру арқылы сонымен Еуразия мемлекеттеріне қатысты өздерінің қос
стандарттарын көрсетті. Сөзсіз, осының барлығы көптеген тәуелсіз
мемлекеттердің, соның ішінде Ресей мен Өзбекстанның қатты алаңдатушылық
туғызуда [2.12; 1-3 б.].
Сонымен қатар осы кезеңде қатынастар дамуының негізгі тақырыбы әскери
тұрғыда болса да, Ресей соның ішінде 2 жақты қатынастарының экономикалық
құрамдас бөлігін де іске қосуға тырысты. Осы контекстте Ресей мен
Өзбекстанның жалпы өзара геоэкономикалық мүдделері бар екенін айту керек.
Екі мемлекеттің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының саласы әлі
де өте тар аяда болып сақтала берсе де, Ресей баяғыша Өзбекстанның негізгі
сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Ресеймен өзара сауда көлемі
бойынша Өзбекстан Ресейдің ТМД мемлекеттері арасында ІҮ-і серіктесі болып
табылады. Өзбекстанның Ресейдің Достастық мемлекеттерімен тауарайналымының
жалпы көлеміндегі үлесі 4% құрайды. Ресейдің үлесіне Өзбекстанның
тауарайналымының 26,2% келеді. Сөзсіз, екі мемлекеттің экономикалық
серіктестіктің маңызды аспектісі энергетикалық ынтымақтастық болып
табылады. Екі мемлекеттің арасындағы саудада басым бағыттар ретінде
Өзбекстан дәстүрлі түрде Ресейден сатып алатын өнеркәсіп және медициналық
жабдықтар, автомобильдер, ағаш және т.б. құрылыс материалдары болып
табылады. Өз кезегінде ресейлік жақ Өзбекстанның мақта және тігін саласының
өнімдерінің көлемін арттырды. Өзбекстанда ресейлік инвесторлардың
қатысуымен 400 кәсіпкерлік құрылды, соның ішінде 40-ы 100% орыс капиталымен
жұмыс істейді [2.35; 1-2 б.].
Аймақтағы ресей саясатының ең маңызды бағыттарының бірі - басқа
республикалардан гөрі солтүстік көршілесінің көмегін қажет ететін
Тәжікстанмен қатынастарды әрі қарай жалғастыру болып табылады. Геосаяси
және әскери факторлардың жалпы жиынтығында Ресейдің Тәжікстандағы
саясатының маңызды бағыттары келесі ресейлік мүдделерде негізделді [2.45; 3-
11 б.].
Біріншіден, Ресейдің 201 мотоатқыш дивизиясы мен ФПС шекаралас тобы
құрамындағы ресейлік әскери контингентінің Тәжікстанда болуы Мәскеуге
аймақта өз ықпалын күшейтуге нағыз мүмкіндік берді. Ауған-тәжік шекарасында
ауған талибтарына қарсы тұру үрдісіне белсенді қатысуына байланысты Ресей
Тәжікстан, сонымен қатар ОА басқа мемлекеттерінің алдында да күшті қорғаушы
ретінде рольге иеленді. РФ-ғы Тәжікстан Республикасының Төтенше және
өкілетті уәкілі Р.Мирзоев өзінің бір сұхбатында былай деп мәлімдейді:
...Тәжікстанның Ауғанстанмен өте үлкен сыртқы шекарасы бар. Біз бұны тек
тәжік-ауған шекарасы ғана емес, сонымен қатар ең алдымен Ресей мен
Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасы ретінде санаймыз.
Екіншіден, Ресей үшін Тәжікстанда бүкіл ОА аймағында негативті ұласпалы
реакцияны болдыртпас үшін азды-көпті тұрақты ішкі саяси жағдайды қамтамасыз
ету маңызды болып табылады.
Үшіншіден, Мәскеу тәжік-ауған шекарасындағы өзінің базасын талибтермен
күресте Солтүстік альянсқа жасырын әскер мен экономикалық қолдау көрсету
үшін қолданды.
Төртіншіден, Ресей арасында таза ислам идеясын насихаттаушы болған
жеке азаматтар мен топтардың Ауғанстаннан Тәжікстанға, әрі қарай Ресейге
заңсыз талпыныстарын болдыртпауға ұмтылды [2.43; 1-5 б.].
Бесіншіден, Ресей Тәжікстанмен бірге Ресейге, әрі қарай Еуропаға
есірткілердің өтуінің өсіп жатқан қаупімен байланысты мәселелерді шешеді.
Мемлекетаралық қатынастар Мәскеуде 1993 жылы 25 мамырда қол қойылған
Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы шартқа негізделді. Бұл құжат
ресейлік-тәжік қатынастарының маңызды және мықты құқықтық база құру үшін
негізіне айналды [1.3]. Шарт жасасқаннан кейін екі мемлекет
президенттерінің қабылдаған Тәжікстан Республикасы мен РФ арасында жан-
жақты ынтымақтастықтың әрі қарай нығайту мен кеңейту туралы Декларацияны
бекіткен 90-нан астам құжаттарға қол қойылды. 1999 жылы сәуірде президент
Э.Рахмановтың Ресейде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылған ресми сапары
болды. Мәскеу мен Душанбенің қатынастарында ең бірінші қатарға
қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелердің барлық кешені
шығарылды. Осыған байланысты қол қойылған құжаттардың ішінде ерекше орынды
ХХІ ғасырға бағыт-бағдар жасаған Тәжікстан Республикасы мен РФ арасында
одақтастық өзараәрекеттесу туралы Шарт пен Тәжікстан территориясында
ресейлік әскери базаның болу мәртебесі мен жағдайы туралы Шарт алады.
Осы жылдары Ресей сонымен қатар Тәжікстанмен экономикалық
ынтымақтастықтың мәселелеріне белгілі көңіл аударды. Тәжікстан Республикасы
мен РФ арасындағы сауда-экономикалық байланыстар сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер мен тараптардың шаруашылық
субъектілері арасындағы тікелей шарттар негізінде іс әрекет етеді. Сонымен
бірге үкіметаралық байланыстар бағытында тауарайналым үлесі үнемі төмендеп
жатыр. Экспортты-импорттық операцияларының негізгі тақырыптары ретінде
стратегиялық тауарлар болып табылады. Тәжікстан Республикасы үшін экспортта
мақта мен алюминий, ал импортта – бидай, газ, мұнай мен мұнай өнімдері
басым. 2001 жылы 2 мемлекет арасында сыртқы тауар айналымының көлемі 234
млн.доллар не Тәжікстанның сыртқы тауар айналымының жалпы көлемінің 17,5%-н
құрайды. Осы кезеңге қарай Тәжікстанда ресей капиталының қатысуымен 100
кәсіпкерлік құрылды. Ресейлік ұйымдардың көмегімен Рогун ГЭС кезең-кезеңмен
салуының, Адрасман таулы-байыту комбинатының негізінде бірлескен
кәсіпкерлік құру және Үлкен Канимансур кен орнын содан кейінгі игеру
Шығыс және Батыс Канимансур кен орындарының техникалық-экономикалық
негізін дайындалды [2.46; 1-3 б.].
Ресей үшін Қырғызстанмен өзарақатынастарды дамыту аймақтағы оның ықпалы
мен ішінде болуының кеңейтуі, өзінің қауіпсіздігінің элементтері ретінде
аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзқарас жағынан әжептәуір
қызығушылықты тудырды және жалпы Мәскеу Бішкекпен азды-көпті тұрақты
қатынастарды қолдауға ұмтылды[1.4]. Бұдан басқа Өзбекстанмен қатынастарының
жылыну және салқындату кезеңдерінің жиі ауысу жағдайында Қырғызстан Ресей
үшін, соның ішінде Тәжікстанға ресейлік әскери базасына транзитті
қамтамасыз ететін стратегиялық пункт ретінде болып табылады. Бірақ
Қырғызстанның, жалпы Ресейдің ОА саясатының жалпы құрылымында көбінесе
Қырғызстанның орнын анықтаған аймақтық позицияларының салмақсыз болуын баса
айту керек. Жалпы Ресей мен Қырғызстанның қатынастары әрқашан бір жақты
болған емес. Стратегиялық позиция ретінде Мәскеуге бағыт-бағдар жасауға
Бішкек бастапқыда көптеген саяси-экономикалық модельдерге жүгіне отырып
(Азиялық жолбарыстар, Жапония, Швейцария, Қытай, американдық жүйе) кейін
келді. 90 жылдардың аяғында ресейлік-қырғыз өзарақатынастарының
жақындасуына көбіне Қырғызстандағы жағдайлының қатты нашарлауы ықпал етті.
Батыс қаржылық белсенділіктің төмендеуі, әлеуметтік-экономикалық және ішкі
және сыртқы саяси тұрғысында қиын жағдайында Ресеймен ынтымақтастық
Қырғызстан үшін ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы кезеңде
Ресей мен Қырғызстан саясаты жақындасуының ықтимал жолдарын іздеумен
сипатталды. Осы контексте Ресей мен Қырғызстан мүдделі болған
ынтымақтастықта негізгі бағыттарын көрсетуге болады [2.19; 2-8 б.].
Біріншіден, Қырғызстанның әскери әлсіздігін және қоғамдық саяси
тұрақтылықтың тұрақсыздығын көрсеткен 1999-2000 жылы Баткен оқиғалары
Мәскеу мен Бішкектің әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге
ұмтылыстарын шарттады. Осыған байланысты Ресей Тәжікстан территориясынан
Қырғызстанның оңтүстігіне 1999 жылы тамызда кірген ислам экстремистерінің
бандыларға қарсы әрекет ету мен Қырғызстан мемлекеті шекараларын қорғау
құралдарын модернизациялау мен техникалық жабдықтау облыстарында көмек
көрсету үшін әскери-техникалық жәрдем берді. Жалпы өзінің осалдығын
мойындай отырып, Қырғызстан халықаралық терроризм мен діни экстремизммен
қарсы күресте ұжымдық күш салысуға қасарыса және бірізді жақ болды.
Сақталып қалған қаупімен байланысты мемлекет басшылары өз үмітін ішінде
Ресеймен стратегиялық серіктестік ерекше бөлінетін қауіпсіздік саласында
екі жақты өзараәрекеттесу мен ТМД шеңберінде ҰҚШҰ- мен байланыстырады. Осы
мақсатпен Бішкекте ҰҚШ жылдам жауап беру күштерін базалау туралы бастама
тасталды.
Екіншіден, Қырғызстан үшін Ресейдің қарамағын іздеуге мәжбүрлейтін
мәселелердің бірі ретінде Қырғызтан өнеркәсібінің барлық дерлік жаңа
технологияларды тартуды қатты қажет етеді. Қырғызстан үшін ең нақты және
перспективті тек ресейлік технологияларын тарту ғана болып табылады.
Ресеймен экономикалық ынтымақтастығы белгілі бір деңгейде жалпы мемлекетте
әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға айтарлықтай жақсы мүмкіндік
ретінде болады. Өз кезегінде Ресей Бішкекпен сыртқы қарыздарының бір
бөлігін өтеу ретінде ұсынылған Қырғызстанның бірқатар стратегиялық
кәсіпкерліктердің акцияларын алып алып, бақылау орнатуда мүдделі болды. Осы
кезде Одақ ыдырағаннан кейін үзілген уран өндірісінің, түсті және игілікті
және басқа да стратегиялық материалдардың өндірісі облысындағы
ынтымақтастық қайта қалпына келтірілді. 1991 жылдан бастап Қырғызстан
Республикасы мен РФ арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша 100
келісімге қол қойылды. Бірақ олардың көп бөлігі жұмыс істемейді.
Қырғызстан мен Ресейдің потенциалы мен тұтынысы экспорт-импорт операциялары
әлдеқайда кеңейтілуін талап етеді. Қырғызстан Республикасына металл, мұнай
өнімдері, минералды тыңайтқыштар әрқашан да қажет.
Үшіншіден, Қырғызстан аймақтық державалар тарапынан қысымды тежеуші
ретінде Ресейден қолдау табуға белсенді түрде ұмтылды, Бішкекте жақын
көршілермен, әсіресе Өзбекстанмен өте қиын қатынастар болатын және осы
контексте Ресеймен тығыз қатынастар Қырғызстанға оның мүдделерін сақтаудағы
кепілдік ретінде Мәскеуге сенім тастауға негіздер берді. Өз кезегінде
Қырғызстанның көршілес мемлекеттермен, әсіресе Өзбекстанмен қатынасында
шиеленіс сақталуы Ресейге арбитр ретінде болуына мүмкіндік жасайды және
сонымен оның аймақтағы ықпалының таралуына ықпал жасады [2.23; 5-9 б.].
Ресейдің Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен қатынасында негізгі
көңіл әскери-техникалық ынтымақтастық саласында шоғырланса, онда
Түркменстанға қатысты бұл ынтымақтастық саласы жүзеге асырылмаған болып
қалды. Мәскеу мен Ашхабадтың аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
облысындағы өзараәрекеттесудің төмен деңгейі көбінесе Түркменстанның
бейтарап мемлекет мәртебесін ұстануымен шартталған [1.5]. Бейтарап дербес
саясатты жүргізуге көндіре отырып, Ашхабад қандай болсын ұжымдық
қауіпсіздік мемлекетаралық жүйеге қатысудан бас тартып жүрді [2.27; 3-12
б.]. Осы жағдайларда Мәскеудің мүдделері көбінесе экономикалық салада,
әсіресе Түркменстан энергоресурстарының Ресей үшін қолайлы бағытта
тасымалдауын қамтамасыз ету міндетінде шоғырланды. Бұл Ресей үшін тек
экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мәселе екендігін де баса айту
қажет. Энергоресурстарды тасымалдауға қатысу Ресейге аймақтағы жағдайды
белгілі бір бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы қатынаста
Ресей Ашхабадтың экспорттық маршруттарды дамытудағы қызығушылығын аймақта
өзінің болуын кеңейту үшін әсер етуінің белгілі бір тетіктер ретінде
пайдаланды. Ресей белсенді түрде Ашхабад талаптанған нарықтарын жаулап
алып, Түркменстанның сыртқы белсенділігінің кеңістігін азайтты. 2000 жылдың
күзінде Түркменстанның жыл сайын 30 млрд.м3 газды Әзірбайжан арқылы
Түркияға жіберуге мүмкіндік беретін Транскаспийлік газ өткізгішін салу
жобасы, яғни түркмен жобаларының ішіндегі ең жетілдірілген жобасы уақытша
тоқтатылды. 2000 жылы қазанда Ресей Түркиямен ресейлік газының Көгілдір
ағым бойынша жеткізілімдер туралы уағдаластық жасасты. Бұл Газпромның
2010 жылы 30 млрд.м3 газды жеткізуші ретінде болып жергілікті нарықта
негізгі орынды иеленуі Түркіменстанның осы нарықты игеру мүмкіндігін
азайтатындығын білдіреді. Түркменстанның Ресей маршруты бойынша газ
экпортының альтернативасы ретінде дайындалып жатқан Қытайға (құны 6 млрд $
30 млрд. м3) және Пәкістанға (құны 2 млрд $ 20 млрд.м3) құбыржүргізуінің
басқа жобалары әлі тиісті дамуын алған жоқ. Осылайша, түркмен газының
тасымалдауының маршруттарының альтернативасының болмауы жағдайында Ресей
осы жоғарыдағы өзінің ықпалының күшейту механизмі, сонымен қатар АҚШ-тың
Каспий аймағында өз позициясын күшеюіне қарама-қарсы ретінде пайдалануға
тырысты [2.25; 2-6 б.].
Жалпы, тарихи перспективада ОА мемлекеттерінің ауқаттылығы шекаралас
державаларының тұрақтануына тәуелді болатындығын жорамалдауға болады. Тек
осы фактор ғана құрлықтық коммуникация бойынша сауда ағымдарының
үздіксіздігін қамтамасыз ету мүмкін және ол бұрын ОА кеңестік
мемлекеттерінің РФ-мен тығыз ынтымақтастық пайдасына ең маңызды аргумент
ретінде болып табылады. Болжамды перспективада ресейлік тұтынушылармен
жүргізілген құбырөткізгіш жүйелермен ОА мемлекеттерінде табиғи байлықтардың
кешенді шикізат базасының бар болуы, өзара жеткізіп берілетін тауарлар мен
қызмет көрсетуге сұраныс пен ұсынысқа ОА мемлекеттері мен Ресейде нарықтық
жағдайлардың бейімділігі; бұрынырақ құрылған және объектілердің бірлескен
жұмысына бағыт-бағдар жасаған өмірқабілеттелігін сақтау мақсатымен
кооперациялық және технологиялық байланыстар, әсіресе энергетика мен көлік
саласында байланыстарының сақталуында қызығушылықтың болуы факторлары әсер
ететіндігі айқын.
Қорытындылай келе, жалпы Ресей Федерациясының Орталық Азия
мемлекеттерімен екі жақты қатынастарының қазіргі деңгейін бағалай отырып,
бұл деңгейдің әр түрлі өзара ауытқулар мен қарама-қайшылықтардың болуына
қарамастан, бір қалыпты екендігін айтуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – Ресей қатынастары
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелері (ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы)
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Азия баспасөзінде көбінесе
Мемлекет функциясының түрлері
Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Пәндер