Газбен қаныққан мұнай



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР

1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет

2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ

2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері

2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.

2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.

2.4 Өзен мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.

2.5 ӨзенМұнайГаз өндірістік филиалы

3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ

3.1 Мұнай өндіру процесі.

3.1.1 Тасымалдау

3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар

3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар

3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары

3.3 Коррозия, болдырмау әдістері

3.4 Пластикалық труба (Новизна)

4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

4.1 Біріккен менеджмент жүйесі

5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ

6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері

6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау

6.3 Өлшеу құралдарын сынау

6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру

6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру

6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ

8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ

8.1 Еңбек қорғау

8.2 Өндірістік экология

9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны
ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым
бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып
табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік Қазақстан-2030 даму
стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде
энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай
өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз
кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен
қамтамасыз ететіні анық.

Әлемнің ірі кен орындарында бүгінгі таңда мың және бес мың метр тереңдікке
дейін мыңдаған, он мыңдаған мұнайдың скважиналары бұрғыланған. Миллиондаған
бұрғылаушы және компрессорлық станциялар жер қыртысындағы мұнай мен газды
жер астынан тартып, сорып, мұнай өнімдерінің құбырлары мен газ құбырлары
дамыған елдер территориясына еніп тірі организмдегі қан тамырлары сияқты әр
түрлі мемлекеттер мен континенттерді біріктіре байланыстыруда.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіру бойынша Ресейден кейін екінші
орында, дүниежүзілік қауымдастықтағы 90 елдің алғашқы отыздығына кіреді.
Қазақстан территориясында 202 мұнай және газ кен орындары бар. Қазір мұнай
55 кен орындарында өндіріліп отыр. Ең ірі кен орындарына – Теңіз (мұнай),
Өзен (мұнай-газ), Қарашығанақ (мұнай-газ конденсат), Жаңа жол (мұнай-газ
конденсат), Қаламқас (мұнай-газ) кен орындары жатады.

Қазақстанның бәсекелік басымдылықты иемденуі, саладағы рыноктық
потенциалдың жоғарылығымен, табиғат ресурстарының молдығымен, тєжірбиелі
еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, елдің стратегиялық орналасуымен
т.б. факторлаға тікелей байланысты.

Еліміздің мұнайгаз кешені инвестицияны өзіне тартатын сала ретінде
экономикадан дербес, бөлек дамуы мүмкін емес. Мұнайгаз кешені тек қана бір
секторды ғана емес, сонымен бірге аралас салаларды, нәтижесінде
экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін арттыруы қажет, яғни бүкіл
республика экономикасының локомотиві болуы тиіс.

Сондықтан, мұнай өндіру, тасымалдау жүйесі мұнайгаз саласындағы
бәсекелестікті жоғарылатудағы мақсатты стратегиясы болып табылады және
Қазақстан экономикасындағы өндірісті дамытуда үлкен рөл атқарады. Қазіргі
таңда мұнай өндіру, тасымалдау жүйесіндегі инфрақұрылым мен технологиялық
дәрежесін дамыту және мұнайды өткізу каналдарын кеңейту мәселелері өзекті
мәселелердің қатарында. Ол үшін бұл салаға бәсекелестік баға қою мен
уақытында сапалы мұнайды жеткізу, мұнай тасымалдау жүйесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етіп, сенімділігін жоғарылату т.б. стратегиялық мақсаттар күн
тәртібіне қойылған. Барлық жоғарыда аталған мәселелер тақырыптың өзектілігі
мен маңыздылығын анықтайды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Өзен Мұнай Газ өндірістік филиалында
шығарылып таратылатын мұнайдың сапасын жақсарту шараларын жасау болып
табылады.

Аталып өткен мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеті:

- Қазіргі таңдағы мұнай шығару, тарату мәселелерін талдау;

– мұнай және оның сипаттамасы;

- мұнай өнімдері сапасын реттейтін мемелекеттік стандарттарды зерттеу;

- мұнай өндіру, тасымалдау процесстерін талқылау;

- коррозияның мұнай сапасына кері әсерін негіздеу арқылы, сапаны жақсарту
шарасын ұсыну;

- шыныпластикалық насосты-компрессорлық құбырлардың экономикалық
тиімділігін есептеу;

- кәсіпорындағы біріккен менеджмент жүйесін талдау жасау;

- мұнай өнімдерін сынау әдістемелерімен танысу;

- еңбекті қорғау және өндірістік экология сұрақтарын талқылау;

- Өзен Мұнай Газ өндірістік филиалында шығарылып таратылатын мұнайдың
сапасын жақсарту шараларына қорытынды жасау.

Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі он бөлім, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттен, қосымшалардан тұрады. Сонымен қоса, жұмыстың жанына А1
форматындағы 8 графикалық сызбалар ұсынылады. Жазу барысында 20-дан аса
әдебиет көздері, 30-дан аса халықаралық, мемлекеттік стандарттар
қолданылды.

Дипломдық жобада мұнай өнімдері сапасы анықталған, сапаны басқарудың
негізгі кезеңдері қарастырылған. Жаңа шығынөлшегішті ұсыну арқылы, біріккен
менеджмент жүйесін енгізу арқылы мұнай өнімдерінің сапасын бақылау деңгейін
жоғарлату шаралары ұсынылған, өнімді сертификаттау, сынау, процесстерді
метрологиялық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және өндірістік экология
сұрақтары қарастырылған.

1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР

1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет

Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары. Ұжымға
басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-
психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр
түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-
қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау,
ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай
білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы
жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы
жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет
міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару
қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд стиль-ой
дүниесі десе, Бьюфурон стиль-адамның өзі деп тұжырымдайды.
Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалды жиі-жиі қайталамауымен
ерекшелінеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген
мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың
тұжырымдауынша ең дұрыс басшылық-бұл ырғақтылық, және де басшылық ете білу-
бұл басшылық стилін өзгерте білу.
Басшы жұмысшының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын
тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі бұл шешім
қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басқару тәсілі-басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері,
амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау
процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі
бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл
ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны
түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан
түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Іс-әрекет сипаты;
2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;
3. Психологиялық қасиет;
4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Стильдің қалыптасуы-бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс.
Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген
тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Стиль түрлері және олардың сипаттамалары. Басшының дербестігі істеген
ісіне қарай емес, қалай істегендігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын
бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан
түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.
Стиль дегеніміз-әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының
көзқарасы мен снімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің
қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі
оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап,
өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені,
жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан
үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық
және шет елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.
Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:
1. Бір жақты автократтық стиль;
2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса
отырып басқару стилі;
4. Парламенттік сипаттағы басқару стилі;
5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-
ақ әрекет ететін басқару стилі.
Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады,
өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал
екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет
етеді.
Ең қолайлысы коопаеративтік стиль-жақсы ынтымақтастық, ұйымдасып
әрекет ету, қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш
біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тындайды, олардың ұсыныс пікірлерін
ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабылдайды.
Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені осындай
жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.
АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
1. Қызметті беру стилі;
2. Міндетті бөлісіп басқару;
3. Ерекшелеу тәсілімен басқару;
4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.
1. Қызметті беру стилі әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі
тапыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап
береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.
2. Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде басшы мен бағыныштылар алдағы
міндетті бірлесір қарастырады да, әрбір адамның міндет аясы
белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.
3. Ерекшелеу тәсілімен басқару басшының міндеті өз қызметкерлерінің
мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады.
Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және
жұмыс нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін
хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін
мәлімдейді.
4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару белгіленген тәртіпті қатаң
басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-
экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.
Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты арасындағы
қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның
саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары
жатады. Практикада көбінесе басқарудың классикалық үш стилі кездеседі:
либералдық, авторитарлық және демократтық.
Либеральдық стиль: мұндай жұмыс стиліндебасшы ерекше белсенділік
танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай
типтегі басшылар принцинпсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғарғы
қызметкерлерге қарайлайды.
Мұндай стильдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап
қоймайды,қарамағындағылардың білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және
еңбек тәртібіне онша мән бермейді.
Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-
ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті
жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды.Ұжымда мұндай басшының беделі онша
болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан
жауапсыздық,берекесіздік,тәртіптің
бетімен кетушілігі орын алады.
Авторитарлық стильдің негізі макевиаллизм деп аталады.Бұл стиль Николо
Макиавеллидің құрметіне қойылған.1532 жылы ол "принц" кітабында билеушіге
ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ,өйткені "мақсат тәсілді
өтейді" деген идея ұсынады.
Авторитарлық стильге (батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де
мүлде дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды,ол жарлық,бұйрық
түрінде келеді.Бұйрық талқыланбайды,күдіктенуге хақың жоқ.
Автократ бағыныштыларының іс-әрекетіні өз жауакершілігіне алады.
Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікір алысып,өз жоспары туралы әңгіме
қозғамайды.
Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің
қарамағындағыларды қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейреси топтарды
қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчествалық белсенділік
туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке
басшының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты.
Егер басшы өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып
отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға
мәжбүр болады.
Авторитарлық стильдің алуан түрлі нышаны болады:
- Патриархалдық: барлық жанұя мүшелері басшыға бағынуы тиіс, ал басшы
бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;
- Харизматикалық (харизм-Құдай шапағаты): лидерді ең көрнекті дана деп
есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрі оларға
қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
- Автократтық: жеке адамдардан горі институтқа тән. Басшылықты
аппараттағы бағынышты инстациялар арқылы жүзеге асырып жанама түрде
автократтық шешімді жүзеге асырады;
Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің
көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан
кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін
бекітіледі.
Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы
қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атына айтылған сын-
ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштыларменқарым-қатынас жасауға
тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемділігін
көрсетпейді, ол ұжымңың басшысы емес, соның бір мүшесі ретінде әрекет
етеді.
Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы,ұсақ-түйекті елемейді, басты назарын
түйінді міндеттерді шешуге щоғырладырады.Өзінің қарамағындағыларды
туындаған мәселелерді дербес шешуге баулиды, олардың пікірімен санасады.
Кейбір міндеттерді дербес шешеді. Шаруашылық қызметіндегі
жауапкершіліктерді қарамағындағыларға сеніп тапсырады.
Қарамағындағыларға нақты міндет те,нұсқаулар береді. Тиісті жерінде
мадақтай да, жазалай да біледі. Жұмыс тәсілін әділ бағалайды. Өзіне-өзі
қатал,жұмысты құлшына істейді,құрмет пен қошеметті күтпейді. Мұндай жағдай
ұжымда белсенділік, творчествалық ахаул, ауыз біршілік туғызады.
Әрине,өмірде аталған стильдердің арасында айқын шекара
жоқ.Барлығыда өте күрделі. Басшы үнемі адамдар арасында болады,ал олар оның
жұмыс стилі мен тәсілін мақтап, кейде кінәлап отыруы мүмкін.
Біз басшылардың 3 түрлі стильдеріне сипаттама бердік,бірақ
практикада
мұнымен шектелмейді.Туа біткен кемістік қашан да болсын байқалады.Дұрыс
бағытты,ойластырған мінез-құлықты таңдау,жұмыс бабындағы,нақты әңгімедегі
жағдайда тез шешім қабылдап,лезде жауап қайтару әркімнің қолынан келе
бермейді.Басқаша айтқанда,мұның өзі әр адамның шама-шарқына,білім
дәрежесіне байланысты қасиет.

2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ

2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері

Ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды сала ауыр өнеркәсіп
екені белгілі. Оның өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралатынын
ескерсек, Қазақстанда ең алдымен мұнай, газ өндіретін құрылымдарды атауға
болады. Елімізде ауыр өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең
мүмкіндік береді. Биыл ел Тәуелсіздігіне жиырма жыл толып отыр. Осы уақыт
аралығында ауыр индустрия саласы айтарлықтай жетістікке жетті. Жүзеге
асырыла бастаған 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы келешек бағытымызды айқындайтын басты
экономикалық құжат.
Геологиялық барлау саласында инвестиция мен инновацияның қайнар көзі
ретінде жұмыс істеп келе жатқан ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-қа қарасты
Инженерлік орталықты айтуға негіз бар. Орталық өндірістік активтер
қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бүгінде ерекше бағдарламаларды
басшылыққа алған.
Қазіргі кезде Инженерлік орталық ұжымы ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-қа
қарасты кен орындарын игеру тиімділігін арттыратын өндірістік міндеттердің
сапалы шешімін табу мақсатында ғылыми-зерттеу, талдау және тәжірибе жүзінде
тексеру жұмыстарын жүргізуде. Филиал бірнеше бағытта жұмыс істейді.
Мәселен, кен орындарының геологиялық және гидродинамикалық үлгілерін түзіп,
тиянақтайды. Ұңғыларды геофизикалық-гидродинамикалық тұрғыдан зерттеудің
ауқымын белгілеп, сапасын бақылайды. Кен орындарын әзірлеу жайына талдау
жасап, олардың қорын есепке алады. Бұған қоса, жер қабаттарының өнімділік
қарымын арттырып, мұнай шығару қарқынын еселеу жөніндегі геологиялық-
техникалық шаралар мен жаңа технологияларды енгізуге қатысты ұсынбалар
беріледі. Сондай-ақ, инженерлік орталық қызметкерлері геологиялық-
кәсіпшілік және геофизикалық ақпараттарды жинап, аумақтық деректер банкінің
бірегей жүйесіне реттеп енгізумен, оларды ұдайы толықтырып отырумен
айналысады. Ұңғыларды салу және күрделі жөндеу сапасына жедел геологиялық-
технологиялық бақылау (супервайзерлік) жасап, қызметкерлердің қажетті санын
негізді түрде анықтап, жұмыс өнімділігін арттыру үшін еңбек жағдайының
ғылыми сараланған нормативтерін әзірлейді.
Инженерлік орталық филиалы өндірістік бөлімдерінің қатысуымен
Ембімұнайгаз ӨФ-на қарасты Забурын, Досмұхамбетов, Кенбай, Ботақан мен
Уаз кеніштерінің, Қазгермұнай БК ЖШС-ге қарасты Ақшабұлақ пен Нұралы
кеніштерінің геологиялық-гидродинамикалық үлгілемелері жасалып, тиісті
кәсіпшілік шаралар есебінен жалпы жұмыстың тиімділігін арттыратын арнаулы
ұсыныстар түзілді. Осындағы үлгілік үдерістердің өзі Шлюмберже
компаниясының заманауи Petrel және Eclipse бағдарламалары негізінде
жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2010 жылы Инженерлік орталық филиалының жобасымен Өзен
және Қарамандыбас кеніштерінде 3 бағалау ұңғымасы бұрғыланып, кен үлгілері
зерттелді. Соның нәтижесінде жер қабаттарының геологиялық-геофизикалық
сипаттары туралы ақпараттар қоры толықтырылып, олар кен орындарын игеру
барысында кәдеге жаратылды. Ембімұнайгаз ӨФ-ке қарасты кеніштерді де
зерттеп, геологиялық-геофизикалық жай-күйіне орай жаңа технологияларды
енгізу жұмыстары қолға алынды. Мәселен, Крылов атындағы Мұнай ғылыми-
зерттеу институтымен бірлесе отырып, юралық дәуірі көлбеулеріне дүркін-
дүркін су айдап, Шығыс Молдабек кенішіндегі М1 және М2 нысандарының жер
қабатынан мұнай шығару қарқынын арттырудың әралуан тәсілдерін қолдану
мүмкіндігін қарастыруда.
Филиал қызметінің инновациялық бағыттарының бірі – аумақтық-бөліністік
деректер банкінің жобасын қолдап, тиянақтап отыру. Ол, негізінен,
геологиялық-геофизикалық ақпараттардың бірегей өрісін қалыптастырып, оларды
ұзақ мерзімге, ұқыпты сақтауды, жинақталған деректерді уақтылы беру арқылы
шешімдер қабылдау барысын шапшаңдатуды, сол арқылы кен орындарын басқару
ісін оңтайландыруды мақсат етеді.
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-тың құрамынан бұрғылау компанияларының
активтері шығарып тасталуына байланысты мердігер ұйымдардың жұмысына
акционерлік қоғам тарапынан геологиялық-технологиялық бақылау орнату
қажеттігі пісіп-жетілді. Сол себеппен филиал ұңғы құрылысы мен күрделі
жөндеу жұмыстарын көз жазбай қадағалауға көшті. Соның арқасында жаңа
ұңғылар құрылысының мерзімі қысқарып, оларды бекіту сапасы жақсарды,
ұңғыларды бұрғылау мен күрделі жөндеудің сапасы жақсарды. Енді бұрғылау
станоктары мен арнаулы техниканы жаңарту көзделіп отыр. Кенішті бұрғылау
мен игеру барысында Smith bit, Hughes Christensen компанияларының
жонышты және алмасты қайласы (PDC), Baker Hughes, БурИНТЕХ
компанияларының ұңғып қазу қозғалтқыштары пайдаланылуда. Әсіресе, бұрғылау
ерітінділері саласына полимерлі заттарды қолдану, тампонажды материалдарға
әр алуан қоспаларды үстеу арқылы заманауи технологиялар өндіріске кеңінен
енгізіле бастады.
Инженерлік орталық филиалы өз жұмысын жан-жақты жетілдіре отырып,
акционерлік қоғамның стратегиялық мақсаттарына сай даму жолын көздейді. Бұл
компанияның сатып алған жаңа активтеріне байыпты бақылау орнатып, орнықты
басқару талабынан туындап отыр. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-тың барлық
кеніштерінде геологиялық-гидродинамикалық үлгілер жасап, толық көлемде
пайдалануға біртіндеп көшу арқылы жүзеге аспақ. Іргелі ғылыми-зерттеу
ұйымдарымен, озық технологияларды иеленуші компаниялармен байланысты
өрістете отырып, өз кадрларын оқытып, даярлау, акционерлік қоғамның ғылыми-
талдамалық базасын нығайту ісі жалғаса береді. Алдағы уақытта өндіріс қаупі
мен дүдәмалдығын азайту мақсатында кен орындарының жағдайын лабораториялық
зерттеу ауқымын кеңейту, іздеу және барлау геологиясының, мұнай өндіру
техникасы мен технологиясы, мұнай тасымалдау, экологиялық қауіпсіздік
мәселелерін қамтитын бағыттарды дамыту жоспарланып отыр.

2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.

Туынды мұнай. Өздері алғаш қалыптасқан түпнегіз ұжыныстар құрамынан өзге
өңірлерге жылыстауы нәтижесінде жаңадан аяқталған мұнай атауы.

Парафинсіз мұнай. Құрамындағы парафин мөлшері 1 %-дан аспайтын мұнай.

Молкүкіртті мұнай. Құрамындағы күкірт мөлшері 2 %-дан кем емес мұнай.

"Жеңіл мұнай". Химиялық сипатына (негізінен метанды көмірсутектерді
кіріктіруі) және фракциялық құрамына (бензиннің үлес салмағының мол болуы)
орай тығыздығының біршама төмен болуымен ерекшеленетін мұнай.

Азпарафинді мұнай. Құрамындағы парафин мөлшері 1-2 %-дан аспайтын мұнай.

Азкүкіртті мұнай. Құрамындағы күкірт мөлшері 0,5 %-дан аспайтын мұнай.

Азшайырлы мұнай. Құрамындағы шайыр мөлшері 8 %-дан азырақ болып келетін
мұнай.

"Өлі" мұнай. Құрамына еріген газдарды ісіріктірмейтін, арынды жерасты
сулары әсерінен аулақ орналасқан жинауыш қойнауқат бойына жинақталған мұнай
массалары; жер бетіне өте жақын деңгейлерде ұшырасуы ықтимал.

Газбен қаныққан мұнай. Қойнауқаттағы бастапқы қойнауқаттық қысымы мұнайдың
газбен қанығу қысымына тең, немесе одан артығырақ болып келетін мұнай.

Газбен толық қанықпаған мұнай. Қойнауқаттауқаттағы өзіңдік қысымы мұнайдың
газбен қанығу қысымынан артығырақ жағдайда болатын мұнай.

Ньютондық емес мұнай. Ньютонның бағдарлы үйкеліс заңына бағынбайтын, яғни
құрамындағы шайырлардың, шайыртастақтардың, парафиннің жоғары мөлшерлерін
кіріктіруіне, сол сияқты жинауыштық қабілетінің төмен болуына және
таужыныстар саздылығының жоғары болуына байланысты қойнауқаттық жағдайда
қүрылымдық-механикалық қасиеттерді йемденген мұнай.

Ньютондық мұнай. Ньютонның бағдарлы үйкеліс заңына бағынышты мұнай.

Қалдық мұнай. Мұнайлы қойнауқаттан бүкіл мүмкін болған әдістер көмегімен
мұнай қорын өндіріп алғаннан кейін де сол қойнауқат көлемінде қалып қоятын
мұнай массасы.

Парафинді мұнай. Құрамында парафиннің азды-көпті мөлшерлері бар мұнай.

Алғашқы мұнай. Термин екі мағынада қолданылып жүр.

Өзінің алғаш жаралған түзілімдерінде сақгалған мұнай атауы. Бұл түсінігінде
термин "туынды мұнай " терминіне, яғни өзінің алғаш жаралу ортасынан өзге
өңірлерге ағып келген мұнай деген түсінікке қарама-қарсы мағынада
қолданылады.

Мұнай қалыптасуының кейбір жорамалдарына сәйкес, құрамы жағынан бірегей,
ешбір өзгеріске үшырамаған, нақгылы факторлар әсерінен бүкіл табиғи мұнай
фазаларына бастау болатын мұнай атауы.

Қойнауқаттық мұнай. Қойнауқаттық қысым мен қойнау қаттық температура
көрсеткшггеріне байланысты бірфазалы сұйық күйіңде, немесе сұйық және газ
фазаларына жіктелген күйде жер қойнауларында орын тепкен көмірсутектер.
Құрамындағы еріген газ мөлшері біршама мол болған жағдайда қойнауқаттық
мұнайдың қасиеттері - тұтқырлығы, тығыздығы, әр түрлі деңгейлер
шекарасыңдағы беткейлік тартылыс куаты, т.с.с. - күрт өзгеретін болады.
Қойнауқаттық мұнайдың қасиеттері оларды игеру барысындағы қойнауқаттыққысым
мөлшерінің азаюы салдарынан да өзгереді. Сондықган да мұнайды тиімді игеру
жүйелерін жобалау барысында қойнауқаттық мұнайдан алынған сынамаларды алдын-
ала жете зерттеу шаралары іске асырылады.

Күкіртті мұнай. Күкірттің азын-аулақ (кейде 2 %-ға дейін) мөлшерлерін
кіріктіретін мұнай.

Молшайырлы мұнай. Құрамындағы шайыр мөлшері 28 %-дан кем болмайтын мұнай.

Синтетикалық мұнай. Табиғи таушайырларды, жанғыш тақтатастарды және
көмірлерді химиялық тұрғыдан қайтадан өңдеу нәтижесінде алынатын сұйық
көмірсутектер.

Шайырлы мұнай. Құрамындағы иіайыр мөлшері 8 %-дан 28 %-ға дейін өзгеретін
мұнай.

Тұрақтанған мұнай. Құрамындағы С4-ке дейінгі жеңіл көмірсутектер аласталған
мұнай.

"ауыр мұнай". Құрамындағы шайыртасты-шайырлы заттардың мол болуы,
көмірсутектер құрылысында циклдік құрылымдардың басым болуы және тез
қайнайтын фракциялар мөлшерінің аз болуы салдарынан тығыздығы біршама
жоғары мөлшерлермен (0,9 гсм3-ден астам) сипатталатын мұнай.

2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.

Өзен кен орны Маңғыстау түбегінің геологиялық
әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп аталатын оңтүстік шөл
дала бөлігінде орналасқан.

Әкімшілік жағынан кен орны территориясы Маңғыстау
облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңаөзен қаласы, ол
кен орнынан оңтүстікке қарай 8 – 15 км – де орналасқан. Батысында 80
км – Жетібай қаласы, ал 150 км – Ақтау қаласы.

Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз
жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт
түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және
оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен
ойпаттар бар,олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі
– 132м "Қарагие" ойпаты.

Аудан рельефі өте күрделі құрылысымен сипатталады.
Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан
үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м
және оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының
аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағынан қарай кемерлер түрінде
күрт үзіледі.

Өзен ойпаты 500км² ауданды алады. Ойпаттың түбі
жыралармен кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.

Қарастырылып отырған аудан топырағы мен өсімдіктерінің
сипатына қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары
негізінен су көзі жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының
маусымдылығынан пайдаланылмайды. Аудан климаты күрт континенталды,
шөлейтті, тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық,
құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысымен сипатталады. Жазда
максималды температура +45 ºС, минималды температура қыста -30 ºС.

Ауданда күшті желдер соғады. Қыста қар аз.
Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен көктем-күз мезгіліне
келеді.

Атмосфералық жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері 100
мм шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.

Жаңаөзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм
массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш
құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-
сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.

Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады.
Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.

Кен орнында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан
ары Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнай ілеспе газы және табиғи
газ Қазақ газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының
пластмасса зауытына, маңғыстау энерго комбинатына (МАЭК)
тасымалданады.

2.4 Өзен мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.

Өзенмұнайгаз– мұнай және газ өндіруші кәсіпорын. 1961 ж. ашылған Өзен
кенішінің негізінде 1965 жылдан Өзенмұнай мұнай-газ өндіру басқармасы
ретінде жұмыс істей бастады. 1966 ж. 10 шілдесінде Өзен кен орнынан
алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді.
1994 ж. қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы
сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды.
Акцияларының 90%-ы Қазақойл ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек
ұжымына тиесілі. Қазір Өзен ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп
алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1,5 млн. т және газ қоры 22
млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері – Өзен және Қарамандыбас
кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы – 3583, газ ұңғымасы – 82 (2001).
Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД
елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық
инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай
корпорациясы жеңіп алды. 2004 ж. Филиалды заңды тұлғаға тіркеу қаулысына
сәйкес Қазмұнайгаз біріккен өндірістік АҚ-нда, Өзен өндірістік филиалы
пайда болды. Өзен бірлестігінің бас директоры болып Ж.Жанғазиев
тағайындалды.

2.5 ӨзенМұнайГаз өндірістік филиалы

ӨзенМұнайГаз ӨФ-ның даму тарихы

2004 жылы Өзен мұнай кенорны өзінің 40 жылдығын атап өтті. 1964 жылы
Маңғыстау түбегінің оңтүстік-шығысында Өзен кенорнында бірінші мұнай
ұңғымаларын бұрғылау басталды. Алғышқы тұрғын әкімшілік үй құрылыстары
пайда бола бастады. Осылайша республикадағы мұнай, газ өндіруші ірі
кәсіпорынның қазіргідей гүлденіп, көркейіп отырған Жаңаөзен қаласының
даңқты тарихы басталған.

ӨзенМұнайГаз ӨФ – дамып келе жатқан болашағы мол кәсіпорын. Оның негізгі
байлығы – адамдар.

2004 жылы 12 шілде де республикадағы үлкен кенорындарының бірі - Өзенде 300
млн.т мұнай өндірілді. Бұл оқиға – қазақстандық мұнайшылардың бірнеше
ұрпағының еңбегінің жемісі және ҚазМұнайГаз БӨ АҚ-ға енетін
ӨзенМұнайГаз Өндірістік Филиал ұжымының жеңісі.

ҚазМұнайГаз - Қазақстандағы мемлекет меншігіне кіретін жалғыз мұнай
компаниясы. Біздің әр бір қадамымыз, әр бір жеңісіміз экономикалық саясат
саласындағы, нарықтық өзгерістің жылжуындағы және еліміздегі қолайлы
инвестициялық климаттың жасалуындағы Қазақстан беделінің нығайюы екендігін
жете түсінеміз.

Өзен және Жетібай кенорындарының игерілуі Жаңаөзен және Ақтау қалалары,
Жетібай, Құрық, Шетпе, Бейнеу,Маңғыстау және тағы басқа кенттердің
салынуына және дамуына тікелей әсер етті. Мақат – Маңғыстау - Өзен теміржол
желісінің іске қосылуына байланысты шқл далада жаңа темір жол станциялары
пайда болды...

Техника және технологиялар. Өндірістің қай саласы болмасын, оның техниканың
саңғы жетістіктерімен жабдықталуы еңбек өнімділігін арттырудың ең басты
жолы болып есептеледі. Сол себепті, соңғы жылдары ӨзенМұнайГаз ӨФ өзінің
техникалық қорын жаңарту үшін қомақты қаржы жұмсады.

Мұнай мен газ өндіруді, дайындауды және тасымалдауды оңайлату мақсатында
химия жетістіктерін қолдану үшін арнайы басқарма құрылды. Бұл басқарма тұз,
парафин қалдықтарына және бактерияларға қарсы қолданатын ингибиторлардың
жаңа түрлерін өндіріске енгізумен және олардың тиімділігін арттырумен
айналысады.

Қазіргі уақытта кәсіпшіліктегі технологиялық жаңалықтардың бірі – бұл
мұнайды судан алғаш тазарту қондырғылары (МСАТҚ) болып отыр.

Бұл қондырғыларда мұнай дайындау технологиясы мен техникасының соңғы
жетістіктері қолданылады, соның нәтижесінде қыс айларында мұнай дайындау
бұрынғыдай қиындықтарға душар етпейтін болды.

Жерге төгілген мұнай мен технологиялық тоғандардағы ескі мұнай қалдықтарын
тазалайтын 8 қондырғы іске қосылып, бірнеше ескі тоғандар мұнай
қалдықтарынан тазартылды және төгілген мұнайды топырақтан тазарту
нәтижесінде кәсіпшілікте экологиялық жағдайдың біршама жақсаруына қол
жеткізілді.

3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ

3.1 Мұнай өндіру процесі.

Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін
арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер
нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару
("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық
қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету.
Мұнайды ығыстырып шығару қойнауқатқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту)
арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын
қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да
жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары
болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ
қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және
еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл
ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру
көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер
ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін
өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті
заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ
және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен
еруін қамтамасыз етеді),мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат,
полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б.
айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға
дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-
ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру
әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б.
көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-
90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық
қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер
т.б.), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен
ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе
өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі
азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті
одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физикалықпараметрлерін
сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді,
күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті жерастылықжарылыстарды
үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа
жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі.
Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар

Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің
үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ
және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді.
Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады.

Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық пен
шығыстарды қысқартудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның
бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды
енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің
нәтижесінде қол жеткізілетін болады.

Мұнай өндірудің артуы

ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып
алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі
мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана
отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.

1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен
қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің
едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай
Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің
айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру
көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен,
тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен
қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен
сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды.
Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап
тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.

Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне
түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды
бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы
жүзеге асырылады.

Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай
үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін
және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге
кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.

Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі
заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға,
ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға
кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін
барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын
жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер
және өрт стансалары бар.

Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл
фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды.
Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей
пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар
бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда
токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала
тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе
күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы
қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға,
сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар,
барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар,
факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Атырау МӨЗ

Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің айбынды тарихымен, дәстүрлерімен және
еңбектегі жетістіктерімен мұнай айдау саласындағы алғашқы қазақстандық
кәсіпорны болып табылады.

Зауыттың құрылысы 1943 жылы соғыс уақытының ауыр жағдайларында басталып,
1945 жылдың қыркүйек айында ол пайдалануға енгізілген болатын.

Бүгінде Атырау МӨЗ елдің ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі
заманға сай ірі кәсіпорын болып табылады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының
құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүзжылдықтағы
60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнайды
өңдеу жөніндегі барлық технологиялық құрылғылардың техникалық қайта
жарақтандырылуы жүзеге асырылды, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4,3
миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру,
Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару
жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту, қосылған құны жоғары ақшыл
мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс
орындарын құру болатын.

Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың, дизель отынын
гидротазалаудепарафиндеудің, изомерлеудің, газдарды аминді тазалаудың,
сутегін алудың, ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің
жаңа қондырғылары салынған болатын.

2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 150 ррм-нен артық
емес) сәйкес келетін бензиннің және Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 50
ррм-ге дейін және минус 35 градуста қататын) сәйкес келетін дизель отынының
бірінші партиясы шығарылған болатын. Этилденген, қоршаған ортаға зиянды
бензин өндірісі тоқтатылды, нәтижесінде Аи-80 маркалы бензиннен Аи-9396
маркалы бензинге дейін жақсартылды.

Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясында мынадай инвестициялық жобалар іске
асырылуда:

1. ЭЛОУ-АВТ қондырғысының вакуум блогын қайта құру және баяу кокстау
қондырғысы

Жоба құрылыс сатысында.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2010 жыл.

2. Хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу.

Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. ТЭН
және ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында
орындалды. Құрылысқа арналып алаңдар дайындалды.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2013 жыл.

3. Мұнайды терең өңдейтін кешен салу

Омскмұнайхимжоба ААҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология
базасында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Жобалардың мақсаты:

• теңгерімделген қуаттылықты жылына 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту;

• 84%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

• ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;

• шығарылатын өнімдер ассортиментін, оның ішінде бензол мен
параксилолды ұлғайту;

• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын
жақсарту.

Шымкент МӨЗ

Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды
өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 2000 жылы
зауыттың Құмкөл тобы кен орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты
дизельді отын мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді.
Қазіргі кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5,25 млн. тоннаны
құрайды.

Өңделетін мұнай – Құмкөл кен орындарынан 80% мұнай мен Батыс Сібір кен
орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.

Зауыттың өндірістік қуаты мынадай негізгі қондырғылардан тұрады: ЛК-6У
құрама қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді
отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы),
мазут пен висбрекингті вакумді айыру қондырғысы.

Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отыны өндірісінің көлемін ұлғайту
мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна
каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы басталған болатын, бірақ қаржы
тапшылығынан құрылыс тоқтап қалды. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің 57 %-
ға дейінін қайта құру үшін пайдалануға болады.

2007 жылғы 6 шілдеде ПетроКазахстан Ойл Продактс ЖШС-тегі (Шымкент МӨЗ)
50%-ын сатып алу және оны ҚазМұнайГаз СҮ АҚ-на беру бойынша мәміле
жасалды.

2009 жылы Honeywell-UOP (АҚШ) компаниясының Шымкент МӨЗ қайта құру және
жаңғырту жобасын іске асыру аясында жобаның ТЭН әзірленді.

Жобаның мақсаты:

• мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6,0 млн. тоннаға дейін
қалпына келтіру;

• 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

• 83%-ға дейін ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;

• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын
жақсарту.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Ключевые направления реконструкции: Завершение строительства комплекса
каталитического крекинга, строительство новых установок каталитического
риформинга, производства водорода, производства серы, реконструкция
установки гидроочистки дизтоплива, авиатоплива, ГФУ. Реконструкция
существующей установки каталитического риформинга под изомеризацию.

После реализации проекта планируется перерабатывать 75 % Актюбинских и 25%
Кумкольских нефтей.

Павлодар мұнай өңдеу зауыты

Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды
өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 1978 жылы
битум өндірісі жөніндегі қондырғы пайдалануға берілді. 1983 жылы МӨЗ
ауқымды кеңейтілуі болды, оның ішінде терең өңдеу кешенін іске қосу да бар.
1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылды. Зауыт Омск-Павлодар мұнай
құбыры бойынша түсетін батыс-сібір мұнайының қоспасын өңдейді.

Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5,0 млн. тонна шикі мұнайды
құрайды.

МӨЗ негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У
қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды
гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал
екіншісі – КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді
гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ
фракциялайтын қондырғы).

2008 жығы қыркүйекте зауытта сутегі өндіру қондырғысы пайдалануға берілді,
ол гидрогенизациялық үрдістер үшін құрамында сутегі бар газдың тапшылығын
жоюға және дайын өнімнің сапалы сипаттамасын айтарлықтай жақсартуға
мүмкіндік береді.

2009 жылы ПМӨЗ акциялық бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміле аяқталды.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне
инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ҚазМұнайГаз ҚК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ)
және Италияның энергетикалық Eni s.p.a. (бұдан әрі – ЭНИ) компаниясы
арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөніндегі қол қойылған
меморандумның негізінде 2009 жылғы қаңтардан бастап ПМӨЗ АҚ дамыту
бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Бағдарламаның бірінші
кезеңі зауытты жаңғыртудың ұтымды сызбасын әзірлеуді және таңдап алуға
негізделген. ТЭН және зауытты жаңғыртудың бас жоспарын әзірлеуді 2010 жылы
аяқтау жоспарланып отыр, оның нәтижелері бойынша инвестициялардың көлемі
нақтыланатын болады.

ҚМГ және ЭНИ өкілдерімен бірлесіп, ПМӨЗ жаңғырту жобасын басқару жөніндегі
бірлескен комиссия құрылды, ол жоба бойынша атқарылатын жұмыстарды
бақылауға жауап береді.

Жобаның мақсаты:

• мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылықты жылына 7,5 млн. тоннаға дейін
ұлғайту;

• 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

• ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;

• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын
жақсарту.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Бренд – ҚазМұнайГаз (ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг АҚ)

ЖЖМ бөлшек сауда нарығын маркетингтік зерттеулер нәтижелері және
тұтынушылардың пікірлері бойынша жанармай құятын стансалардың брендін
өзгерту туралы шешім қабылданды.

ҚазМұнайГаз жанармай құятын стансалардың жаңа дизайны инновациялық
стильді және компанияның үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болуға
ұмтылысын білдіреді.

Модульдік жанармай құятын стансалардың жаңа корпоративтік дизайн
үлгісіндегі алғашқы партиясы ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетингі АҚ
еншілес ұйымдарының иелік етуіне тиді.

Жанармай құятын стансаларды автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі алғашқы
пилоттық жоба сәтті аяқталды, ол еңбек өнімділігін 9 пайызға арттыруға,
жанармай құятын стансаларда мұнай өнімдерін бензин таситын машиналардан
қабылдау кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа технологиялар сатылатын мұнай өнімдерінің сервис сапасын жақсартуға,
тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын азайтуға ықпал ететін болады.

ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетингі АҚ ISO 9001:2000, ISO 14001:2004
и OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін
басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілген.

Сапаны толассыз бақылау жүйесі құрылды – мұнай өнімдерін өндіруден бастап
оларды жанармай құятын стансаларда отынның сараптамасы мен сапасын бақылау
жөніндегі зертханалар желісінің көмегімен сатуға дейін.

Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан үш стационар зерхана
белгілі еуропалық және американдық өндірушілердің (Petrotest Instruments,
Grabner Instruments, Phase Technology, PSL, Varian, Mettler –Toledo и др.)
құралдарымен және жабдықтарымен жарақтандырылған.

Тоғыз мобильді сапа зертханалары (МСЗ) сатылатын отынның сапасын шапшаң
тексеру үшін қажетті барлық құралдармен жарақтандырылған. МСЗ аз уақыттың
ішінде (20 минуттан 1 сағатқа дейін) отынның экологиялық сипатын растайды
немесе жоққа шығарады, яғни оның құрамындағы бензол, күкірт, хош иісті
қосындылар, көмірсутегін (барлығы 30-дан астам параметрлер) анықтайды.
Алынған деректер отынды пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері болып
табылады.

Аталған зерханалардың көмегімен ҚазМұнайГаз жанармай құятын стансалардың
бөлшек сауда желілерінде сатылатын мұнай өнімдерінің сапасын нормативтік
құжат талаптарына сәйкес сапаның барлық көрсеткіштері бойынша айына кем
дегенде 1-2 рет ұдайы бақылау қамтамасыз етіледі.

ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетингі АҚ тұтынушыларын қолдау қызметі
тәулік бойы тегін жұмыс істейді: 8-800-080-2222, 8-327-259-6161.
ҚазМұнайГаз жанармай құятын стансасының кез келген тұтынушысы, бензин
сапасы, қызмет көрсету деңгейі қанағаттандырмаған жағдайда, өз тілегі мен
ұсыныстарын айта алады. Call-center де анықтамалық қызмет ретінде жұмыс
істейді, онда компанияның қызметі туралы ақпарат алуға болады.

Rompetrol Group N.V. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанажол мұнай газ өндеу кешенінің газды кептіру кондыргысының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол кен орнын игеру сипаттамасы
Газдың ылғал құрамдылығын анықтау
Мұнай мен газды алғашқы өңдеу
Кен орнында газ қабаттарын игеру режимдері
Табиғи газды тасымалдауға дайындау
Мұнай кен орындарының физикалық-химиялық әдістері
Газ құбырының тиімді параметрлері
Тұрғын үйді газбен қамту жүйесі
Әлібекмола кенорын туралы жалпы мәліметтер
Пәндер