Магистральді мұнай құбырының желілік бөлігі


Мазмұны
Кіріспе
Техникалық бөлім
1. Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбыр тізбегі
1. 2. Магистральді мұнай құбырының желілік бөлігі
1. 2. 1. Желілік бөлік құрамы
1. 2. 2. Трасса. Күзет аймағы
1. 2. 3 Мұнай құбыры
1. 2. 4 Өтпелер
1. 2. 5 Жер бетіндегі 5имараттары(объектілер)
1. 2. 6 Тоттанудан қорғау құралдары
1. 2. 7 Трасса бойлық электрмен жабдықтау
1. 2. 8 Желілік телемеханика және байланыс
1. 2. 9 ММқ желілік бөлігін пайдалануды ұйымдастыру
2. Магистралъді мұнай құбыры желілік бөлігін техникалық күту
2. 1. ММҚ желілік бөлігінің ағымды жөндеуі
2. 2. Мұнай құбырының күрделі жөндеуі
2. 3. Құбырдың техникалық күйін бағалау:
2. 4. Апаттық-қалпына келтіру жөндеуі
3. Есеп бөлімі
3. 1. Құбыртізбегін беріктікке және майысу деформациясына есептеу
3. 2. Гидростатика тұрғысынан кернеуге баға беру
3. 3. Құбырдың кернеулік жағдайын есептеу
4. Экономикалық бөлім
5. Еңбек және өрт қауіпсіздігі
6. Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы дүние жүзіндедегі ірі мұнайлы державалардың бірі. Оның перспиктивалы мұнайлы газды аудандарының көлемі 1млн. 700км 2 мұның өзі бүкіл аумақтың, 62%- нан астам.
Бүгінгі күнге дейін 208- астам мұнайлы газды кенорындар ашылған.
Республикада мұнай өндіру мен оны тасымалдау көлемі жылдан жылға ұлғая түсуде. 2010 жылға таман тасымал көлемін жылына 100млн. тоннаға жеткізуге жоспарланған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997жылғы
2-сәуірде № 461қаулысымен, мұнай тасымал мен импорты мәселерінде Қазақстан Республикасының мүдделерінің сақталу мақсатында «ҚазТрансойл», «ҰМТК» ЖАҚ(қазіргі кезде «ҚазТрансойл» АҚ) құрылған болатын.
«ҚазТрансойл» АҚ Батыс филиалы 3282, 8 км мұнай құбырларын, соның ішінде ұзындығы 1237, 4 км, Ду-1020/720мм Өзен-Атырау-Самара бірегей ыстық мұнай құбырын пайдалануда. Мұнай құбыры тұтқырлығы жоғары Бозашы мұнайы мен тез қатып қалатын Маңғышлақ мұнайының жол жөнекей қатып қалуына жол бермеу үшін мұнайдың қыздырылып айдалуын қамтамасыз етеді.
Мұнай құбырының «Өзен-Атырау» учаскесіндегі жобалық өткізу қабілеті жылына 30млн. тонна, нақты өткізу қабілеті 16, 8млн. құрайды.
Өзен-Атырау-Самара магистральді мұнай құбырының «Атырау- Самара»учаскесімен мұнай тасымалдау көлемі жылына 15млн. тоннадан астам болды.
1- сурет. Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырының сұлбасы
1. ТЕХНОЛОШИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбыр тізбегі және
жалпы қағидалар
Өзен-Атырау-Самара магистральді мұнай құбырының
прициптік схемасы 1-суретте, мұнай құбырының пішіні(профилі) -
2-суретте көрсетілген.
Магистральді мұнай құбырының құрамына мыналар
кіреді:
а) диаметрі 1020 мм мұнай құбырының 919 км, диаметрі 720 мм мұнай қүбырының 475 км желілік бөлігі (оның ішінде
Қазақстан Республикасы аумағында 313 км) ;ә) Өзен (0 км) және Атырау (698 км) қалаларындағы басқы сорап стансалары;
б) аралық сорап стансалары:
Бейнеу (322 км), Құлсары (528 км), Индер (864), Ү. Шаған (1147 км), Черниговка (1284 км) . Черниговка стансасы Ресей Федерациясы аумағында орналасқан;
в) Өзен, Бейнеу, Құлсары, Атырау, Индер, Ү. Шаған,
Черниговкадағы сорап стансаларымен біріктірілген мұнай
қыздыру стансалары;
г) жеке тұрған Сай-Өтес (145 км), Опорная (433 км),
МҚС-677 км, Карманово (784 км), Антоново (955 км),
Сахарный (1013 км), Барановка (1090 км), Маштаково (1239
км) мұнай қыздыру стансалары.
д) Маштаково қыздыру стансасы Ресей Федерациясы аумағында орналасқан.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Өзен-Атырау-Самара магистральді мұнай құбыры объектілеріне(Қоғамның Батыс филиалы), ал Ресей Федерациясы аумағында орналасқан объектілерге «Транснефть»АК» ААҚ «Приволжскнефтепровод» ААҚ қызмет көрсетеді.
Мұнайды құбыр бойымен тасымалдаудың техно-
логиялық процесін анықтаушы мұнайдың басты ерекшелігі -
олардың құрамында парафиннің (Өзен, Жетібай мұнайлары),
шайыр мен асфальттің (қаражанбас, қаламқас мұнайлары) көп мөлшерде болуы және осының салдарынан қатудың жоғары температурасы мен жоғары тұтқырлықтың орын алуы болып табылады. Мұнайлардың физика-химиялық қасиеттері 1-кестеде, өндірілетін мұнайлардың реологиялық қасиеттері - ағыс қисығы түрінде 1-Қосымшада, ал құбыр бойымен қота-рылатын мұнайдың жұмыс қоспаларының реологиялық қасиеттері 2-5-кестелерде көрсетілген.
2-Кесте
90 % маңғыстау (85% өзен және 15% жетібай мұнайлары)
және 10% бозашы мұнайлары қоспасыньщ реологиялық
қасиеттері
Температура,
С 0
Динамикалық тұтқырлық,
Па
с
Өзен және жетібай мұнайларын, сондай-ақ олардың
қаламқас және қаражанбас мұнайларымен қоспаларын мұнай
құбырымен қотару «ыстық» тәсілмен, яғни мұнайды алдын
ала қыздыру арқылы іске асырылады. Мұнайды қыздыру оның
тұтқырлығын азайту және құбырдың өн бойында қатып
қалуын болдырмау мақсатында жүргізіледі. Мұнайды қыз-
дыру Г9ЖК2А және ҚБП-10 типті құбыр тәрізді пештерде
жүзеге асырылады. Пештердің жұмыс режімі - созылыңқы,
үздіксіз.
Қыздыру температурасы қотару өнімділігі мен тасымалданатын мұнай қасиеттеріне байланысты таңдап алынады. Маңғыстау (өзен, жетібай) мұнайларының қату температурасы 30°С (303° К) шамасында. Қыздырудың
бастапқы ен жоғары температурасы 65°С-қа (338° К) тең деп
алынады.
Мұнайды жоғары температураларға дейін қыздыру қоршаған ортаға қарқынды жылу бергіштікті тудырады, бұл жағдайда мұнайдың ақырғы температурасы болар-болмас қана көтеріледі.
Маңғыстау мұнайларының қайнау басталатын температурасы 68°С (341° К) . Бастапқы қыздыру температурасын анықтау барысында мұнайларды 65°С-тан (338° К) жоғары қыздырудың жеңіл фракциялардың қарқынды бөлінуіне алып келетіндігі ескерілді.
Мұнай құбырымен қотарудың жобалық көлемі:
Өзен-Атырау учаскесі бойынша жылына 17, 75 млн. т, Атырау-
Самара учаскесі бойынша жылына 11, 51 млн. т құрайды.
Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырымен Батыс Қазақ-
стан мұнайларын тасымалдау схемасы (1-сурет) былайша
жүзеге асырылады:
а) Бозашы түбегі мұнайлары (Қаламқас, Қаражанбас) Қаламқас-Ақтау мұнай құбырымен, одан әрі олардың бір бөлігінің Жетібай мұнайымен қоспасы - Өзен басқы сорап стансасына дейін тасымалданады (Қаламқас-Ақтау мұнай құбырының 22 км-де Арман және Солтүстік Бозашы кен орындарынан мұнай қабылданады) ;
ә) Өзен стансасында тасымалдауға Өзен мұнайы қабылданады;
б) Өзен стансасында мөлшері мен тағайындалған пунктіне
(бағыттық тапсырымына) байланысты мұнай құбырымен
келесі Атырау басқы стансасына дейін қотарылатын мұнайлар
партиясы қалыптасады. Ағын бағыты бойынша жол бойын-
дағы қотарулар іске асырылады: Қарақұдық мұнайын 145км-де; Қисымбай
3-кесте
20% маңғыстау және 80% бозашы мұнайлары қоспасының реологиялық қасиеттері
Динамикалық
тұтқырлық, Па*с
4-кесте
50% маңғыстау және 50% бозашы мұнайлары қоспасының реологиялық қасиеттері
Динамикалық
тұтқырлық, Па*с
5-кесте
Мұнайлардың жұмыс қоспасының реологиялық қасиеттері
(сынама Ү. Шаған желілік өндірістік диспечерлік станса)
Динамикалық
тұтқырлық, Па*с
мұнайын және Елемес кен орны (КТМ)
мұнайын 433 км-де; «ҚазТүркМұнай» ҚС өндіретін мүнайды
433 км-де; Прорвен, Қосшағыл, Қаратон, Орысқазған және
Қырықмылтық мұнайлары қоспасын 528 км-де; Қорсақ
мұнайын 587 км-де;
в) күкірті аз өзен және Жетібай мұнайлары ішінара Атырау
мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жеткізіледі;
г) Атырау стансасында ағынға теңіз, забұрын және
мартышин мұнайлары қосылады;
ғ) Атырау стансасына келіп түсетін мұнайлар қоспа түрінде Самараға қотарылады;
д) қотару режімдері (қысым, өнімділік, мұнайды қыздыру
температурасы) қотарылатын мұнайлар мен олардың қос-
паларының физика-химиялық және реологиялық қасиет-
теріне, жыл мезгілдері бойынша климаттық өзгерістерге,
мұнай құбырын қауіпсіз тоқтатудың қажетті ұзақтығына,
мұнай құбыры қабырғасында ақау барлығы және оның тозуы
ескерілгендегі мұнай құбыры учаскелері бойынша жол
берілетін шектік қысымдарға байланысты жылу гидрав-
ликалық есептеулер негізінде белгіленеді.
Мұнай құбыры жұмысының есептік уақыты жылына
350 күнге немесе 8400 сағатқа тең қабылданған.
Мұнай құбыры трассасы, негізінен, шөл және шөлейт
жерлерде жатыр. Климат бірден континенттік бола алатын,
қүрғақ және ыстық (6-кесте) . Ауданға су тапшылығы, жер
асты сулары мен топырақтың тұздылығы тән. Құлсары-Мақат
ауданында трасса көктемде жер бетіндегі ағын суларға толып,
тұзды көлдерге айналатын сорлардың үлкен аумағын кесіп
етеді. Топырақтың тот басу белсенділігі жоғары.
Мұнай құбыры төсемі, негізінен, жер астынан
жүргізілген, төсем тереңдігі құбырдың жоғарғы жасаушысына
дейін 1 метр. Жекелеген учаскелер жер үстінен жүргізілген:
- cop бөгетінде;
- сай және кішігірім өзен үсті тіреулерінде.
Мұнай құбырының оқшаулағыш жамылғысы «Поликен 980-20» полимер таспасымен екі қабат етіп жасалған, қорғаныс орамасы - «Тампелла» немесе бризол, жендеу кезінде ауыстырылған учаскелерде - «Пластобит» оқшаулағыш жамылғысы;
Мұнай құбырының электрохимиялық қорғанысы
(ЭХҚ) трасса бойында 3-6 км қадаммен орналастырылған
катодтық қорғаныс стансалары (КҚС) арқылы қамтамасыз
етіледі. КҚС-ты электрмен қамтамасыз ету трассабойлық
ЭТЖ-6 -5-10кВ арқылы іске асырылады.
Температураның үлкен айырымдарында (80 4- 90°С-қа
дейін) құбыр қабырғасының беріктігі мен бойлық төзімділігін
қамтамасыз ету шарттарына орай мыналар анықталған
(белгіленген) :
а) құбырдың дөңестігі жоғары қаратылған қисық сызықты
учаскелеріндегі тік жазықтықтағы кәдуілгі (серпінді) иіліс-
тің ең төменгі радиустары диаметрі 1020 мм құбырлар үшін
1500 м және диаметрі 720 мм құбырлар үшін - 1250 м;
ә) үймеге салынған төсемдегі серпінді иілістің ең төменгі радиустары:
- бұрылыс бұрышы (3-12) °С, диаметрі 1020 мм құбырлар
үшін - 1250 м, 12°С-тан астам болғанда - 1500 м;
- бұрылыс бұрышы (3-15) °С, диаметрі 720 мм құбырлар
үшін-1000м, 15°С-тан асқанда-1250 м;
б) температура мен мұнай қысымына байланысты мұнай
құбырының нүктесінде мұнай құбыры учаскесінің жіпке
тұйықталуының ең төменгі температурасы;
в) дөңестігі жоғары қаратылған тік қисықтарда, құбыр
бөгеттерге салынған жағдайда - көлденең жазықтықта маши-
намен иілген қисықтарды орнатуға тыйым салу;
г) қоршаған ауа температурасы минус 20°С-тан төмен бол-ғанда, мұнай құбыры учаскесін төсеу мен жабуға тыйым салу.
Мұнай құбырын телемеханикаландыру ауқымы:
Желілік бөлік бойынша:
а) желілік ысырмалары телебасқаруды (ТБ; ашу, жабу),
КҚС жұмыс режимін телебасқаруды;
ә) мұнай қысымы мен температурасын, құбыр потенциалын, топырақ температурасын, КҚС шығу тогы мен кернеуін телеөлшеуді (ТӨ) ;
б) желілік ысырма күйі, ПКУ-да қырғыштың өтуі, электр
энергиясының барлығы, есіктердің ашылуы туралы теле-
дабылдаманы (ТД) қамтамасыз етеді.
Мұнай қотару стансалары мен мұнай қыздыру стан-
салары бойынша:
а) МҚС және МҚызС объектілерін Ақтау қаласында
орналасқан орталық диспетчерлік пунктінен (ОДП) теле-
басқаруды (ТБ) ;
ә) технологиялық процесс параметрлерін (мұнай температурасы мен қысымы, жұмыс істеп тұрған сорап агрегаттарының тогы мен тұтынатын қуаты) телеөлшеуді (ТӨ) және ОДП-ке хабарлама жіберуді;
б) МҚС және МҚызС магистральді және көмекші
сораптарының қосалқы жүйелері мен ғимараттарының жай-
күйі туралы теледабылдаманы (ТД) қамтамасыз етеді.
Мұнай құбыры МҚС және МҚызС-ын электрмен
жабдықтау 110-220 кВт желі арқылы жүзеге асырылады,
МҚС-тағы қосалқы стансадан шығатын кернеу - 6 кВт.
Құлсары МҚС, МҚС-677 км, Индер, Ү. Шаған қосалқы стансалары Қоғам Батыс филиалының теңгеріміне, қалған қосалқы стансалар аймақтық таратушы электрлік компаниялардың теңгеріміне тиесілі.
1. 2. Магистральді мұнай құбырының желілік бөлігі
1. 2. 1. Желілік бөлік құрамы
Магистральді мұнай құбыры желілік бөлігінің құра-
мына:
- мұнай құбыры (тарамды және лупингілі, тиекті жәнереттеуіш арматуралы, табиғи және жасанды кедергілерденөтпелері бар, сорап стансаларын іске қосу тораптары ментазалаушы және анықтаушы құрылғыларды іске қосу менқабылдау тораптары бар диаметрі 1020 мм (919 км) және 720мм (475 км) құбырлар) ;
- күзет, желінуге қарсы, өртке қарсы және басқа қорға-ныс имараттары;
- мұнай құбырын тоттанудан электрохимиялық қорғауқұрылғылары;
- технологиялық байланыс желілері мен имараттары, телемеханика құралдары;
- мұнай құбырына күтім жасауға арналған электрберіліс желілері;
- мұнайды жинау мен төгуге арналған жер қоймасы;
- мұнай құбырын пайдаланудың желілік қызмет имарат-тары (шолушылар үйі, блок-постар, бақылау пункттері) ;
- мұнай құбырынан өтуге арналған трасса бойлықөтпелер, тұрақты жолдар, мұнай құбыры трассасы бойындаорналасқан тікұшақ алаңдары және олардың кірмелері, мұнайқұбырының орналасқан жеріндегі тану және дабыл белгілері, мұнай құбырының ішкі кеме қатынасы жолдарын қиып өтетінжерлеріндегі дабыл белгілері кіреді.
Мұнай құбырының бастапқы пункті ретінде Өзен қотару стансасы тазалаушыжәне анықтаушы құрылғыларды іске қосу торабындағы сықау желілік ысырмалар (шығу), ал ақырғы пункт ретінде Самарадағы араластыру базасының сұйыққойма паркі аумағының алдында (Ресей Федерациясы, «Приволжскнефтепровод» ААҚ) орналасқан ысырма (кіру) есептеледі.
1. 2. 2. Трасса. Күзет аймағы
Мұнай құбыры трассасы тіке көрінім шектерінде,
алайда 500 м-ден сирек болмайтындай қашықтықта, бұрылыс
бұрыштарында, су және әуе өтпелерінде, сондай-ақ құбырдың
тас жол және темір жолдармен қиылыстарында орнатылатын,
жер бетінен биіктігі 1, 5-2, 0 метр болатын тұрақты тану
белгілерімен (нұсқағыш қалқандармен) жабдықталуы тиіс.
Нұсқағыш қалқанда:
- мұнай құбырының немесе оның құрамына кіретінимараттың атауы;
- мұнай құбыры білігінің белгі түбіне қатысты орна-ласуы;
- трассабойлық белгі байламы (км, ПК) ;
- мұнай құбырының күзет аймағы, мұнай құбырыныңберілген учаскесін пайдаланушы ұйымның телефондары менмекенжайы көрсетілуге тиіс.
Нұсқағыш қалқандарды мұнай құбырымен қатар жүргізілген ЭБЖ тіректерінде, байланыс желісінде және бақылау-өлшеу бағаналарында (БӨБ) орнатуға жол беріледі.
Мұнай құбырының кеме қатынасы бар өзендермен,
сондай-ақ арналармен қиылысқан жерлері жағалауда су жолы бассейндік басқармаларымен келісе отырып, дабыл белгі-лерімен таңбаланады.
Автомобиль жолы мен темір жолдардың мұнай құбырымен қиылысқан жерлерінде осы жолдарды пайдалану ережелеріне сәйкес жол белгілері орнатылуға тиіс.
Тұрақты белгілерден тыс әрбір желілік шолушыда, патруль қызметі мен жөндеу қызметінің көлік құралдарында мұнай жылыстаулары байқалған жерлерді, жөнделіп жатқан учас-келерді, мұнай құбыры шайылып кеткен жерлерді және т. б. қоршауға арналған тасымал ескертпе белгілер болуға тиіс.
Сай түріндегі барлық жер бетілік өтпелер мұнай
құбыры бойымен бөтен адамдардың өтуіне мүмкіндік
бермейтін қоршаулармен жабдықталып, бояумен боялып,
«Өтуге тыйым салынады» деген қосымша кестешеге ие болуға
тиіс.
Мұнай құбырына (кез келген төсем түріндегі) зиян
келтіру мүмкіндігін болдырмау үшін «Магистральді мұнай
құбырларын күзету ережелеріне» сәйкес күзет аймақтары
белгіленеді.
Магистральді мұнай құбырының барлық учаске-
лерінде алдын алу, жөндеу және апат жұмыстарын орындау
үшін трассабойлық өту және мұнай құбырының кез келген
нүктесіне бару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Жыра беткейлері мен өзен жағалауларынан өтетін
мұнай құбыры учаскелерінің шайылып кетуін болдырмау үшін
күзет аймағында орналасқан жыралар мен жарықтардың
ұлғаюының алдын алу қажет.
Үйінділер мен бөгеттерден жүргізілген мұнай құбыры учаскелеріндегі су ағызатын жерлер жұмыс жағдайында ұстап тұрылуға тиіс.
Жер астынан және бөгеттерден жүргізілген мұнай құбыры учаскелерінде жалаңаш жерлер, ашық шурфтар,
шұңқырлар мен қазандықтар болмауға тиіс, мұның ағымдағы
жөндеулер мен тексерулер жүргізілетін жағдайларға қатысы жоқ. Құбырды ашумен байланысты жұмыстар аяқталған соң жалаңаштанған учаскелер жобалық белгілерге дейін жабылуға тиіс.
Сай және кішігірім өзен үстінен тіректер арқылы жүргізілген мұнай құбыры учаскелерінің тиісті жылугидро-оқшауламасы болуға тиіс.
1. 2. 3 Мұнай құбыры
Мұнай құбырына тиекті арматура және тікелей
құбырда жинақталған құрылғылары мен айлабұйымдары бар
желілік оқшауланған құбыр жатқызылады.
Мұнай құбырындағы су және ауа жіберуге арналған
құрылғылар, жалғастықтар, дабыл бергіштер, сынама алуға
арналған құрылғылар мен тағы басқа элементтерде алынбалы
бұқтырмалар, қоршаулар болуға тиіс және жер бетінде тану,
ескерту белгілерімен таңбалануға тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz