Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Бет.
КІРІСПЕ
5

1 ТАРАУ Санаторий-курорт ісі дамуының тарихы
және Қазақстан Республикасындағы санаторийлері
мен курорттық қызметтердің мәні, ерекшеліктері 8

1.1 Санаторий-курорт ісі дамуының тарихи аспектілері
8
1.2 Саноторий-курорт қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері
14
1.3 Қазақстанның қазіргі санаторийлі-курортты ресурстары
17
1.4 Санаторийлі-курортты мекемелердің қазіргі басқарылуы
мен экономикалық мәселелері
21

2 ТАРАУ Қазақстанның санаторий-курорттық
ұйымдарының қазіргі жағдайы және Сарыағаш
санаторийінің қызмет көрсетуін талдау 27
2.1 Сарыағаш ЖШС жалпы сипаттамасы мен ұйымдастырылу құрылымы

27
2.2 Санаториядағы медициналық қызмет түрлері
37
2.3 Сарыағаш ЖШС қаржылық-экономикалық жағдайын талдау 41
2.4 Қазақстанның санаторий-курорттық ұйымдарының қазіргі жағдайы мен
қоғамдық денсаулықты қалыптастыратын әлеуметтік факторлар 48

3 ТАРАУ Қазіргі замандағы санаторий-курорттық қызметті дамытудың негізгі
мәселелері мен
жақсарту шаралары
53
3.1 Қазіргі замандағы санаторийді дамытудың негізгі мәселелері
53
3.2 Санаторий қызметінің сапа деңгейін маркетингтік талдау және
оны жақсарту жолдары
55
3.3 Санаторийдағы еңбек пен техника қауіпсіздігі
63

ҚОРЫТЫНДЫ
67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
71

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Дамыған мемлекеттерде курорттарды ұйымдастыру
әр түрлі. АҚШ-та, Италияда, Испанияда курорттардың көбі демалуға, жалпы
емдеуге және сауықтыруға (қонақ үй, пансионат) арналған. Сондай-ақ
аздаған психикалық аурулуарға, туберкулезбен ауыратын адамдарға арналған
пансионаттар, отельдер бар. Германия, Франция, Австрия, Швеция, Чехия,
Венгрияның курорттарында балшықпен және емдік минералды сулармен емделуге
мұқтаж жандарға арналған медициналық-сауықтыру кешендері бар. Жоғарыда
айтылған мемлекеттің курорттары Қазақстандық курорттардан едәуір
ерекшеленеді. Шетел курорттарының негізі физиобальнеоклиматайықтыру,
яғни қонақ үйлерде, жеке меншік үйлерде тұратын ауруларға арналған
амбулаториялық емдеу жүйесі. Еуропада көптеген мемлекеттердің ЖОО-дағы
медициналық факультеттерінде табиғи ресурстарды пайдаланып, сауықтыру
кафедралары бар [3].
Әлемдік курорттарды зерттеп түсінудің қазіргі жеткен биігінің
арқасында қазақстандық курорттарды, емдік орындарды игерудің жолдарын
табуға көмектеседі. Солай бола тұра 1955 жылы Алматыда құрылып, қазіргі
таңға дейін жұмыс істейтін жалғыз курортологияның арнайы зертханасы,
жүрек және ішкі ауруларды емдеу медициналық орталығы мен 1984 жылы пайда
болған Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты Қазақстан
курорттарын игеруге бас көз бола алар емес, себебі, қаржылай қиындықтарға
тап болып отыр. Осы уақытқа дейінгі анықталған 300 минералды су
көздерінің, 120 емдік балшығы бар көлдердің, 50-ден астам климаттық емдеу
орындарының қазіргі жағдайын анықтауға да қаражат керек. Ал осы
кедергілерден өтсек, курорттық табиғи ресурсы жеткілікті Қазақстан үшін бұл
тиімді болар еді.
Сонымен жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстан курорттық қорларға бай
өлке. Мұнда 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол
көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986
жылы Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алмаарасан, Сарыағаш,
Жаңақорған және жергілікті курорттар Қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық,
Алатау, Оқжетпес сияқты курорттық мекемелер 19 мың орны бар 182 санаторий-
профилакторий, 4300 орны бар демалыс үйі, 717 орны бар 3 емдеу пансионаты
жұмыс істейді.
Ал 1917 жылға дейн Қазақстанда әрқайсысы 30 орындық 2 санаторий,
климаты таулы жерге тән Шымған станциясы ғана бар еді. Мұнда қазір 3
курорт, 18802 орны бар 116 санаторийлер бар.
Сонымен жұмыста негізінен бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының
курорттары мен шипажайларына және олардың ерекшеліктеріне тоқталдым. Жалпы
сауықтыру деп – адамның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық күштерін
қалпына келтіруді айтамыз.
Рекреация (сауықтыру)- жеке адамға және сол сияқты мемлекетке де керек.
Сауықтырудың ең көп таралған түрі – шипажайда сауығу. Бұл жағдайда көбіне
табиғи ресурстар, яғни, климаттық ерекшеліктер басты назарда болады. Бұны
ежелгі дәуірден бастап, білген. Антикалық дәуірдің өзінде адамдар
минералды суларды сауықтыру мақсатында қолданған. Содан бері шипажайлық-
курорттар ашылып, талай белестерден өтіп, бүгінгі таңда кең таралған
демалыс түрі болып отыр. Табиғи сауықтыру ресурстарын пайдалану негізінде
курортта адам денсаулығының физикалық және психикалық факторларын қайта
қалпына келтіру көзделген. Курорттарда денсаулықтың нығаюы және оны
сақтау, сондай-ақ аурулардың алдын алу қарастырылады. Аурулардың қатты
сырқаттан кейін курорттарда қайта қалпына келіп, 50 % ары қарай жұмыс
істеу қабілетін сақтап қалады. Курортта емделу қазіргі медицинада
тұрғындардың түрлі аурулармен күресінің төмендеуіне әсер ететін элемент
болып табылады. Еңбекке жарамсыз адамдардың уақыты курорттарда
демалғаннан кейін 2-3 есе қысқарып, жұмыс істеу қабілеті жылдам
жоғарылайды. Курорттық шипажайдың басты міндеті де осында [4].
Жұмыстың мақсаты: Бітіру жұмысында қазіргі кездегі маңызды
мәселелердің бірі болып табылатын, яғни туризмнің дамуына бірден-бір әсер
ететін, оның ажырамас бөлігі санаторий-курортық мекемеге сипаттама жасалды.
Алдыға қойылған мақсатты шешу үшін келесі сұрақтар қарастырылды:
- Санаторий-курорттық істің дамуының тарихи аспектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қазіргі санаторий-курорттық қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындардың негізгі жіктелулерін қарастыру;
- Қазіргі жағдайдағы қоғамдық денсаулықты қалыптастыратын, әлеуметтік
факторларды қарастыру;
- Санаторий-курорттық мекемелердегі емдік-сауықтыру қызметін көрсетудің
негізгі принциптерін қарастыру;
- Тұрғындарға санаторий-курортық қызмет көрсету саласындағы
кәсіпорындарды басқару ерекшеліктеріне талдау;
- Санаторий-курорттық мекемелердегі негізгі ұйымдастыру-басқару және
экономикалық мәселелерді анықтау;
- Көрсетілетін қызмет деңгейін маркетингтік талдап, сапа деңгейін
анықтау;
- Санаторий-курорттық қызмет саласындағы негізгі проблемаларға және оны
шешу жолдары мен болашағына тоқталу;
Жұмыстың жаңалығы: Бұл бітіру жұмысында санаторий-курорттық мекеменің
даму тарихынан басталып, қазірге дейінгі және Қазақстандағы жағдайына
сипаттама жасалды. Қазақстан санаторийі сияқты бір ғана мекемеге толық
талдау жасай отырып, елдегі барлық санаторий-курортық мекемелер жұмысы мен
шеілмей жатқан мәселелері қозғалды, сондай-ақ ол мәселелердің шығу тегі мен
шешу жолдары қарастырылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: Нарықтық экономика кәсіпорыннан ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін, шаруашылықтың және өндірісті басқарудың
тиімді формаларын енгізу, қызмет көрсету жағдайын жандандыру, еңбекті және
персоналды басқару әдістерін ұйымдастыру, кәсіпорынды дамыту стратегияларын
мен тактикаларын өндіру, өндіріс тиімдігін жоғарлату резервтерін анықтау
және кәсіпорын қызметкерлік нәтижелерін бағалау негізінде өндіріс
тиімділігін, өнім мен қызмет бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды талап
етеді.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде
бүгінгі таңға дейін қонақ санаторий-курорттық мекемені басқарудағы
шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі
әдістемелік нұсқаулар, статистикалық мәліметтер мен талдаулар, санаторий-
курорттық мекемелердің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да
мәліметтік ақпараттар алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Бұл бітіру жұмысы көптеген мәліметтерден,
нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, 3 тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, 13 кестеден және 4 суреттен тұрады, жалпы
көлемі 72 бет.

1 ТАРАУ Санаторий-курорт ісі дамуының тарихы
және Қазақстан Республикасындағы санаторийлері
мен курорттық қызметтердің мәні, ерекшеліктері

1. Санаторий-курорт ісі дамуының тарихи аспектілері

Көптеген табиғи факторлардың құрамы ежелден белгілі:
бальнеологикалық курорттардың шығуы ежелгі адамдардың минералды судың
шипалы екенін біліп, арнайы қоршап, сол суды ем ретінде пайдаланғанынан
басталған. Кейбір сулардың емдік қасиеттері туралы қауесет талай жерге
дейін жетіп, адамдар келіп сол сулардан ауруларына ем тапқан.
Ғажайып бұлақтар және басқа да емдік факторлармен емдеу көбінесе
храмдарда құпия түрде болды. Бұған дәлел ретінде Үнді әдебиетінің
Ригведе-де ескертшкішті храмға ем іздеп келетін жандардың көптігі
туралы айтылады. Сондай-ақ Ветхомда Силоам, Иерусалимдегі ауыратын
адамдарды шомылдырған киелі көл туралы айтылады.
Гомер мен Аристотель шығармаларында ежелгі Грекияда емдік мақсатта
минералды суларды пайдаланғаны туралы жазылған. Плутархтың айтуынша
Эвбей аралындағы ыстық бұлақтарға шалғай елді мекендегі ем іздеушілер
келетін көрінеді. Кейінірек келушілердің көбеюіне байланысты арнайы
тұратын орын, яғни шипажайлар тұрғызыла бастайды [5].
Өте ежелдегі (қола дәуірі) минералды сумен емдеудің дәлелі ретінде
қазіргі швейцар курорты Санкт-Морицтағы көмірқышқылды судың жанындағы
табылған қалдықтарды айтуға болады. Ал Грекияда ежелгі құлап қалған
сумен емдеу орталығының қалдықтарын тапқан. Римдіктердің көптеген
жерлерді осы емдік суларды пайдалану үшін жаулап алды дегенге де талай
айғақтар бар. Соның қалдықтары болған, бүгінде жаңа курорттық
мекендерге айналған Румынияда Биэле-Еркуланэ және Сынджорз-Бэй, Венгрияда
Балатон көлінің жағалауы, Югославияда Вараждинск-Топлице және Доюрана,
Болгарияда Хисаря, Швейцарияда Бадена т.б курорттар жатады [23].
Италия аумағында, әсіресе Неаполитон бұғазында көптеген минералды
бұлақтар болған. Осыған қарап ең алғашқы курорттардың пайда болып,
минералды сулардың пайдаланылғанын көруге болады. Ежелгі Грекия мен Римде
емдік мақсатпен қатар басқа да табиғи факторлар болды. Әсіресе Ридік
зиялы қауым өкілдері Анцио климаттық теңіз жағалауларымен әйгілі
екендігін пайдаланды.
Ертін келе бұлақар монастырьлерге қарап, ондағы жұмысшылар киелі су
ретінде пайдаланды. Сол кейінірек пайда болған курорттардың ішінде
XIV ғ құрылған Карлсбад (Карловы-Вары) курорты ерекше болды. Ал XIV
ғасырда құрылған Баден-Баден курорты келушілері көп курорт болып
есептеледі. XVI ғасырға атақтылардың ішінде Бакстон курортын жатқызады.
Әдебиетте XVI-XVIIғ.ғ Бальнео және балшықпен емдеу курорттарының
құрылып, жасақталуы туралы сұрақтар қарастырылған. XIV ғ ортасында
Карсбаде ең алғаш келушілерден салық жинап, ем қабылдау тәртібі
орнатылды.
XVII ғ. басында Францияда курорттық инспектура құрылды. Олардың
мақсаты курортттардың жағдайын бақылап отыру болды. Тек XVIII-XIX ғ.ғ
еуропалық курорттарда ақылай жұмыс істеу кең етек жая бастады.
Курорттардың жандана түсуі оның келушілерінің көбеюіне әкелді [6,10].
Содан бері курортты шипажай біраз өзгерістерге тап болып, демалудың
кең тараған түріне айналды. Батыс Еуропада курорттық орындар XVIIғ пайда
болды. Оларда Ресей патшасы Петр I болған.
Бүгінгі күнде курорттық шаруашылық Францияда (ең көп тараған),
Германияда, Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Болгария мен Румынияда жақсы
дамыған. Еуропаның қалған елдерінде емдік курорттарды жаңа сауықтыру
курорттарынан кейінгі орында. Емдік демалысты дамытуда Израиль Өлі
теңізді әлемдік курортқа айналдырып зор табысқа жетті. Ал салыстырмалы
түрде басқа континенттерде сауықтыру демалыстары аса дами қойған жоқ [23].
Минералды суларды ғылыми талдаудың бірінші еңбектері және Ресейдегі
бірінші курорттардың ашылуы І Петрмен байланысты. Осы кезде Мәскеу
шекарасының оң жағында Нащокин жерлерінде минералды сулар курорты құрылды.
ХІХ ғасыр басына минералды суларды Ресейдің басқа да аудандарында
табады, осы жерлерде қазір де жұмыс істеп жатқан бірнеше курорттар ашылады:
Псковск ауданындағы Хилово, Новгород ауданындағы Старая Русса. Сәл
кешірек оларға Кашин тверск курорты, самаралық Сергиевские минеральные
воды және Липецкідегі суменемдеу орталығы қосылады. Ақырындап минералды
суларды зерттеу географиясы кеңейе бастап Орал мен Сібір арқылы асады.
XIX-XX ғ. ғ. көптеген жаңа үлгідегі еуропалық курорттарды ресми
түрде ашу орын ала бастады. Дамыған елдерде жаңа үлгідегі I дәрежелі
отельдер, пансионаттар және курорттық сауықтыру орындары болып бөлінді.
Шипажайлар мен сауықтыру орындары негізінде соңғы техникамен
жабдықталған. Курортқа келген емделушілерге қатаң күн тәртібі
қойылмайды. Олар өздері уақытты таңдап және дәрігерлер кеңсеіне құлақ
асарын немесе олардың айтқанын орындамау өз еріктерінде. Осылайша
курорттарда емделушілер мен туристердің қалауы бойынша, жоғары дәрежеде
қызмет көрсетіледі. Демалу бағасы да арзан емес.
ХХ ғасыр басында Ресейде жалпы сиымдылығы 3000 орын, 60 санаторийны
біріктіретін 36 курорты, сонымен қатар қымызбен емдеу орталықтары да болды.
Бірінші әлемдік соғыс курорттар дамуына шек қойды және демалушылар
ағымын тез қысқартты. Дегенмен, осы жылдары да фронт маңайларында
жарақаттанғандарды реабилитациондық мақсатпен емдеу үшін екі курорт
ұйымдастырылған: Новгородтағы Солецтер және Варницалар
Бірінші санаторилер мен демалыс үйлері бұрынғы дворецтер (Ливадия) және
помещье усадьбалары (Узкое, Марфино, Архангельское), дачалар (Болшево),
монастырьлер (Звенигород) және көптеген жеке санаторилер, пансионаттар және
қонақ үйлер негізінде құрыла бастады.
1976 жылы КСРО Минкеңесінің Курорттар мен демалу зоналары аймағын салу
мен санаторий-курорттық орталықтар және демалыс орталықтар құрылысын реттеу
бойынша шаралар туралы бұйрығы шықты. Осының нәтижесінде қоршаған
ортасының ластануы мен табиғи емдік ресурстар сапасының төмендеуіне алып
келген, курорттық аймақтарды ұйымдастыруда белгілі хаоспен есте қалған.
90-шы жылдар ортасында Ресейдің курорттық саласында жағымды даму кезеңі
байқала бастады. Өтпелі кезеңде қалған санаторийлар, пансионаттар мен
демалыс үйлері жаңа жабдықтар ала бастады, жаңа қызмет түрлерін дамыта
бастады. Дегенмен демалыс құны әлемдік бағалардан төмен болған.
Негізінен шетел курорттарында 7-10 күндік демалыс құнын біздің ТМД
елдерінің 21-24 күнге саналған санаторий-курорттық емделумен салыстырса
біріншінің пайдасына байқалмайды.
Керемет табиғи ресурстар, ресейлік курортология жетістіктерінің қызмет
спектрінің кеңеюімен, емделу орталықтарының ыңғайлылық жақсаруымен бірге
жеке санаторий орталықтары мен жалпы саланыңы да дамуына алып келеді.
ХХ ғасырдың 90-жылдары басында болған саланы дүр сүркіндірген дағдарыс
нәтижесінде кәсіпорындар меншікке айнала бастады. Санаторий-курорттық
кешендердің кәсіпорындары жекешендірілуі процесін, оларды жолдамаларды жеке
іске қосу бойынша, табыстарды жеке бөлу бойынша қосымша құзырет беруде
заңды тұлға құқықтарымен бөлген, қызметкерліктерінің коммерциализациялану
процесі жалғастырды. Санаторий-курорттық орындардың меншік формасының
өзгеру басты мәселесі болып Республиканың ғылыми-зерттеу орындары мен
Денсаулық қорғау Министрлігі арасындағы байланыстың жоғалуы саналды. Осылай
санаторий-курорттық орындар орталықтандырылған көзден әдістемелік
басқарманы, бұрықтарды және нормативтерді алу мүмкіндігінен айырылды.
Курорттық шаруашылық жалпы мемлекеттік, яғни жергілікті басқару,
немесе акционерлік қоғам, жеке меншік болады. Мемлекет көбінесе курорттық
заңның орындалуын қадағалауға аса мән бермейді. Денсаулық сақтау
органдары да санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізіп, ауруларды қабылдап
алғанда қатыспайды. 1958 ж курорттардың иелері бірігіп, курорттық
шаруашылық бойынша Халықаралық федерация ұйымдастырды. Алғашқы мақсаты
курорт шаруашылығының әлеуметтік мәселелері мен 11 Дүниежүзілік соғыс
ардагерлеріне курорттық шипажайларда көмек көрстеуді ұйымдастыру болып
табылды. Бертін келе курорттық индустрияның экономикалық шешімдері
талқылана бастады.
Бірнеше жылдар бойы адамдар табиғи ресурстарды емдік мақсаттарда
қолданып келген. Сақ өзенінен алшақ емес жерде ежелгі сақ-грек
тұрғындарының өмір сүрген іздері табылған. Бұл жерде гректер тұз тауып, оны
Греция алып жүрген. Біздің заманымызға дейінгі 500-жылдары ғылымдары
дамымаған, саудасы көптеген елдермен жүзеге асырылған гректер Крым
түбегінің табиғи байлығын қолданып, өз қажеттіліктері үшін оларды кеңінен
қолдана бастаған. Ревматизммен ауырған адамдар осы көлге шомылып,
өздеріндерін жызлғандай сезінген. Осы кезден бастап тұзбен қатар минералды
көздер де медициналық мақсаттар үшін қолданылған.
А. Дерновой өз монографиясында жүргізілген тереңдетілген медициналы-
тарихи талдаулар негізінде Қазақстанда санаторий-курорттық істің даму
тарихи кезеңділігін келтіреді (1 - кесте – Қазақстан Республикасында
санаторий-курорттық қызметкерліктің даму болжамы мен тарихи кезеңі).

1 - кесте – Қазақстан Республикасында санаторий-курорттық қызметкерліктің
даму болжамы мен тарихи кезеңі

Қамтитын мерзімі Аталуы Даму кезеңі
XIV-ХУШ ғғ. Курорттық ресурстарды стихиялық І кезең
пайдалану
ІХ-10-жылдары мен XX ғ. Жазбаша куәліктердің пайда болуы, ІІ кезең
бағытталған қолданулар
тәжірибесінің жиналуы
ХХ ғ. 20-80-жылдары Санаторилер құрылысы, ІІІ кезең
санаторий-курорттық емделудің
мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы,
курортологиялық ғылыми базасының
дамуы
ХХ ғ. 90-жылдары Санаторий-курорттық орындарды ІV кезең
қаржыландырудың төмендеуі, меншік
көздері мен формалары
көптүрлілігінің пайда болуы
ХХІ ғ. 10-30-жылдары Санаторий-курорттық орындарының V кезең
деректер банктерінің қалыптасуы,
отандық санаторий-курорттық істің
дамуы
Ескерту – [11 ] әдебиет көзінен алынған

Жалпы, Қазақстандағы табиғи емдік факторлар туралы жазбалар ең алғаш
XIX ғасырда пайда болды. Ол Рахманов бұлақтары еді. Жергілікті тұрғындар
бұлақтарды ежелден-ақ пайдаланған. Орыстарға XVII ғ әйгілі болған. 1932 ж
Орталық Мемлекеттік курорттық инспекциясының экспедициясы Рахманов
бұлақтарына саяхат жасады. Толығырақ суреттеп, пайдалануға кеңес берді.
Рахманов бұлақтары 1934 жылға дейін көліктің , жақсы жолдың жоқтығынан
және жолдың алыстығынан жабылып қалды. Бірақ жергілікті тұрғындар барып
тұрды. 1960 жылы курорт Зыряновск қорғасын-мыс зауытына беріліп, 144
орынды профилактикалық шипажай және жол салып, қайта қалпына келтірілді.
Бурабай да тарихи курорт болып саналады. XX ғасырдың 70 жылдарында
Бурабайға көрші елді мекендерден қымызбен емделуге адамдар келе бастады.
Бурабайда дәрігерлер 1910 жылдан бастап жұмыс істей бастады.
Туберкулездің жеңіл түрімен ауырған баласы жазылған соң В.Н Емельянов
30 адамға арналған қымызбен емдейтін шипажай ашты. Бұл шипажайға
емделушілер Ресейден де келетін. Емельяновтың жеке меншік шипажайы 1919
жыға дейін өмір сүрді. 1920 жылы сәуір айында Бурабай жалпымемлекеттік
болып тағайындалды [10,18].
Алма-Арасан курорты өзіндік ерекше тарихи дамудан өткен. Жылы
минералды сулар Алма-Арасан үңгірлерінде бірнеше ғасырдан бері аты
шыққан. Шариф Аддан Әмір Темірдің мұсылман ханы Кама Эддинаш пен
соғысында, 1390 жылы Әмір темір әскері жау соңынан Ыстық көлден өтіп,
Күнгей Алатау мен Іле Алатауында жылы әрі емдік бұлақтардан өткендігін
жазады. 600 жыл бұрын Алма-Арасан курортының бұлақтары Іле Алатау
тұрғындарының емдік ем ретінде пайдаланған. Тек 1931 жылы ғана Алма-
Арасан жылы сулары ашылып, 1932 жылы Алма-Арасан болып атын өзгертті.
Қапал сөзі осында ертеде қоныстанған моңғол сөзінен шыққан. Қапал
Арасан қазақтардан тартып алған жоңғарлар арасында да аты кеңінен
таралған еді. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін халық арасында жабайы
курорт аталып кеткен бұл мекен әскери курортқа айналдырылды [18].
Барлық-Арасанның да өзіндік тарихи ерекшеліктері бар. Бұл курорттың
бұлақтары қалмақтар жаулап алғанға дейін-ақ аты шыққан. Барлық-Арасанға
келушілердің көп болу себебі сауда жолына жақын орналасқандығында еді.
Көтеріліске дейінгі уақытта бұлақтарда емделуге Қытайдан да келетін. 1869
жылы сергиопольшалық дәрігер М.К.Крылов бұлақ туралы толық мәлімет берді.
Күйтал бастауынан ағатын бұлақ бір жағында құмды төбелер ал екінші жағында
Барғын тауының гранитті тастарымен тоғысқан жерлерінде еді. Оның төменгі
жақтарына қытайлықтар мен қалмақтар ванналар тұрғызды. Бұл жерлерде
сифилис, ревматизм сияқты аурулардан ем тапты. Сондай-ақ киелі жер ретінде
де зиярат етушілер табылды. 1914 жылы курорт ғимараттарындағы ағаштарды
отын ретінде пайдаланып, тек қана ванна тұрған ғимарат қалды.
Азамат соғысынан кейін Барлық-Арасанды Семей губерниясының денсаулық
сақтау бөлімі қолға алып, курорт салды. 1930ж Барлық-Арасан бұлақтарының
сулары Пятигорск бальнеологиялық институтының экпедициясының қатысуымен
судың химиялық құрамын анықтады. 1958ж бальнео-емдеу орталығы ашылды.
Қарағанды облысындағы Жосалының минералды суын алғаш рет С.А.Яроцкий
1830 жылы зерттеді. 1958ж Қарағанды медициналық институты суды
эксперименттік және клиникалық зерттеуден өткізді. Сонымен қатар Жосалыдан
30 шақырым жердегі Қарасор көлі табиғи емдік фактор ретінде
пайдалануға ұсынылды [14].
1918ж дәрігер Ф.С.Мартюковтың ұсынысы бойынша Терескен көлінде Орта
Азиялық темір жол құрылысшыларына курорт салынды. Ал 1919 жылдан бастап
Жаңа-Қорған профилакториялық шипажайы салынды. Бұл ҚазССР-дағы ең
алғашқы балшықпен емдеу орталығы болды.
Қаработан көліндегі сульфидті балшық негізгі табиғи емдік фактор
ретінде 1947ж жүйке жүйесі жұқарған адамдарға арналып Атырауда ашылды.
1959 жылдан бастап Атырау балшықпен емдеу шипажайы жұмыс істей бастады
[24].
Міне, Қазақстанда курорттық шипажай ісінің өзіндік тарихы осылай
өрбіді. Көптеген курорттар өзінің тарихи дамуында әр қилы кезеңдерден
өтті. Егер кейбір курорттар асықпай дамыса, енді бірден көтеріліп,
құлдырап, кейін қайта құрылып жатты. Курорттық шипажай өткен жүз жылдықтың
70-80 жылдарында мемлекеттік меншік болған кезде емдік процесстің бөлігі
ретінде біраз дәрежеге жетті. Оған себеп демалушыларға әлеуметтік
сақтандыру, бюджеттік қаржыландыру кәсіптер арқылы жолдамалар бөліп
отырды. Оны арнайы басқару үшін Қазақстанда шипажай мен курорттады
біріктіретін арнайы Казсовкурорт құрылды. Одан басқа 40-қа жуық
курорттан құралған курорт- шипажай жүйесі болды.
Совет өкіметі билік жүргізе бастаған алғашқы жылдан бастап-ақ курорттық
шипажай ісін дамытуға көңіл бөлді. Совет өкіметі орнағаннан кейін барлық
курорттар мемлекеттендіріліп, жүйе кең жайыла бастады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы елдің рекреация шаруашылығына көп
кесірін тигізді. Өйткені көптеген курорттар соғыс алаңдарында орналасқан
еді. Сөтіп соғыс кезінде жаралыларға арналған госпитальға айналды.
Одан кейінгі кезең курорттық шипажай саны мен ондағы орындардың
көбеюі, қарқынды өсуге ықпал етті. Сондай-ақ қызмет көрсетудің жаңа
жүйелері (поликлиникалық қызмет көрсету, отбасылық демалыс т.б.) пайда
болды. СССР көлемінде емдік жерлерді кеңінен зерттей бастады. СССР бойынша
Мәскеу, Одесса, Ялта, Сочи, Ереван, Ташкент, Екатеринбург, Томск
қалаларында курортология институттары ашылды [44].
1960 ж шипажай, курорттық поликлиникалар, демалыс үйлерін профсоюзға
өткізуге шешім қабылдады. Орталық Курорттық Кеңес құрылып, емдік-
сауықтыру демалыстарын аудандық бөлімдеріне дейін құрылды. Курорттық
шипажай ісін дамытуға себеп болған үлкен іс-шара 1961ж КазКомПартияның
Орталық Комитеті Бюросының отырысында қарастырылған ҚазССР-да курорттар
жүйесі, шипажайлар, демалыс үйлерін дамыту туралы сұрақтың қарастырылуы
болды.
1990 жылдардың басында халыққа қызмет көрсететін курорттық шипажайларда
көптеген өзгерістер болды. СССрдің құлап, республикааралық байланыс
үзіліп, әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал төмендеген соң курорттық
шипажай жұмысы да кері кете бастады. Елде экономиканың құлдырауына,
тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты, бертін келе,
мемлекеттен бөлінетін қаржының толастауына және демалушылардың күрт
төмендеуінен ақыры жабылуға шақ қалды. Нәтижесінде Казсоветкурорт құлады.
Сонымен 1995ж шипажайдың шығынының ақталмауына байланысты, орталықтан
басқару күшін жойып, көбісі медициналық емес (кеңселер, қонақ үйлер, ойын-
сауық орталықтары т.б.) қызмет көрсете бастады [5].

2. Санаторий-курорт қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері

Ақылай төлемдерге немесе келісім шартқа байланысты емдеу мен
профилактикалық аурулар, сондай-ақ табиғи ресурстар негізін пайдаланып
демалу курорттық шипажайдың өзіндік бір түрі болып табылады [23].
Курорттық қызмет көрсету табиғи жерлерде осы салада қызмет көрсету
мүмкіндігі болғандықтан демалу түсінігімен байланысты. Курорт дегенде
табиғи аймақта емделу-профилактикалық мақсатта, арнайы табиғи емдік
ресурстары бар деген түсінік қалыптасқан.
Сонымен курорттарға келесі талаптар қойылады:
- Табиғи емдік фактордың зерттелгені, құрылымының жақсы болуы мен
болашақта дамуы;
- Курорттық факторларды рациональды қолдануда қажетті техникалық құралдар
(ванналық ғимараттар, бассейн, балшықпен емдеу орындары т.б)
- Емделуге және тұруға арналып салынған шипажай, демалыс үйлері
- Ауруларға медициналық қызметкөрсетуді қамтамасыз ететін емдік
профилактикалық мекемелердің болуы
- Сауықтыру мекемелері, спорттық алаңдардың болуы
- Қоғамдық пайдалану , тамақтандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету,
мәдени-жандандыру мекемелердің болуы
- Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін арнайы болуы
- Ыңғайлы жол мен көліктердің болуы
- Жалпы курорттық күн тәртібін сақтау керек
Осы көрсетілген барлық бөлік курорттық қызмет көрсету түсінігі болып
табылады. Қызмет көрсету - өзіндік пайда әкелу, демалатын, өз денсаулығын
түзететін адамға көмектесу. Қызмет көрсету саласын кең және көлемді
институттай көруге болады. Бұл түсінік өндіріс саласын материалды да,
материалды емес те игілік болып табылады. Мұндай бөлу экономикалық болып
саналады, дегенмен бұл сала азаматтық-құқықтық реттеуге алынды.
а) Міндетті төлемсіз көрсетілетін қызмет. Бұндай қызметтер құны жеке
ұжымға қатысты және оған қатысты адамдармен құрастырылатын қормен, олар бұл
қызметпен қолданылатындығына қатыссыз, жабылады.
б) Тұтынушыларымен төленетін қызметтер
Қызметтің бұл атаутізімі курорттық қызмет көрсетудің барынша тиімдісі
болып табылады. Себебі жолдамаларды санатория-курорттық қымзет көрсету
орталықтарына бөлу сақтандырушымен әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тыс қор
құралдары есебінен бөлінеді.
Бөлімде мамандандырылған орналастыру құралдары – санаторий-курорттық
мекемелердің қызметі туралы ақпараттар жарияланған.
Демалушыларға көрсететін курорттық қызмет түрлері өз деңгейіне
сәйкес болуы тиіс. Соның ішінде курорттың табиғи факторларын пайдалануға
байланысты қызмет көрсетуге көп көңіл бөлу керек. Ал, тұрғын үй,
тамақтану, байланыс құралдары, мәдени және көліктік қызмет көрсету –
қосымша қызмет түрлері болып табылады.Дегенмен қосымша қызмет түрлері
маңыздылығын жоғалтпау керек [11].
Бүгінгі таңда әр турлі курорттық қызмет көрсету саласына жататын
курорттық шипажайлар бар. Шипажай – курорттық емдеуге және физиотерапевтік
құралдармен, арнайы диетамен және күн тәртібімен, дыбыспен емдеуге
арналған емдік-профилактикалық мекеме.
Ересектер мен балаларға арналған шипажайлар 1 профильді-аурудың бір
түрін ғана емдеуге арналған, және 2 профильді – біреше арнайы жабдықталған
бөлімдерден тұрады. Дәл қазіргі таңда үлкендерге арналған шипажайлардың
келесі түрлері бар:
1) туберкулезбен ауыратын адамдарға арналған
2) кардиологиялық – қанайналым жүйесінде ақауы бар жандарға арналған
3) ас қорыту және зат алмасу мүшелері ауыратын жандарға арналған
4) тірек-қозғалыс шипадайы
5) нервологиялық шипажайлар
6) бүйрек және зәр шығару жолдарын емдеуге арналған
7) профессионалдық ауруларды емдеуге арналған
8) көп профильді шипажайлар
Шипажайда емделу уақыты аурудың қиындығына және курорттың түріне
байланысты ереже бойынша 20-45 күн болуы керек. Тыныс алу мүшелері мен
жүйке жүйесінің ауруларымен ауырған адамдардың демалу уақыты 24 күнге дейін
созылады. Ал шипажайда профессионалды аурулармен ауыратын жандар 30 күнге
дейін жатады. Жағдайларға байланысты кейде күндерді созуға тура келеді.
Туберкулезбен ауыратын адамдар ұзағырақ емделуге тура келеді.
Демалу жүйелеріне демалыс үйлері, пансионаттар, демалу базалары енеді.
Демалыс үйлері 20 ғасырдың 20 жылдарында, революциядан кейін пайда болды.
Ал, пансионаттар Ұлы Отан соғысынын кейін пайда болды. Бұл мекемелер
жергілікті тұрғындарды сауықтыруға қолданылды. Пансионаттардағы демалу
уақыты 12-24 күн аралығын қамтиды. Көптеген демалыс үйлері мен
пансионаттарда спорт алаңы, тенис корттары, бассейн, сауна, спорт
тауарларын жалға беру пунктері бар. Айырмашылығы қызметшілер аясы шектеулі,
емдеу процесі аздаған [20].
Демалыс базалары- жанұялық демалысқа арналған, көбінесе комерциялық
негіздегі мекемелер. Жаздық маусымда жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалу
уақыты шектелмеген, осы жайтты ескере отырып сіз қалауыңызша демела аласыз.
Меншік қатынасына орай демалыс орындарын келесідй типтерге бөлеміз:
* мемлекеттік мекемелер
* ортақ серіктестіктерге тиесілі мекемелер
* жекеменшік мекемелер
Емдік санаторийлер мен пансионаттар – төсектермен жабдықталған және
табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т.б.)
шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды
ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы
мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік
сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы,
науқастарды қабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер
(орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер
көрсетілген.
Санатория-профилакторийлер – төсектермен жабдықталған және
қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-
сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы
емдеу – алдын алу ұйымдары.
Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары,
туристік базалар – демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге
орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен
қатар туристік-экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте, курорттардың,
емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтар-дың шегінде
орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық)
жұмыс істей алады.
Санатория-курорттық емдеу – бұл, табиғи емдеу факторлары,
преформирленген физикалық факторлар, сонымен қатар дәстүрлі және дәстүрлі
емес медицина құралдары мен әдістерін қолдану негізінде халық денсаулығын
нығайтуға бағытталған, медициналық профилактикалық, реабилитациялық және
емдеу-сауықтыру шараларының кешені. 55 бапқа қосымшадан кейін бірнеше
пункттер енгізілді:
Санатория-курорттық емдеу халыққа, жарақаттан кейін немесе басқа да
дене ауруларынан кейін медициналық реабилитациялау мақсатында, табиғи емдік
факторлар мен профилактикалық, реабилитациялық және емдеу-сауықтыру
шараларының кешені негізінде халыққа медициналық көсек көрсетудің бір
бөлігі болып келеді.
Денсаулық қорғау секторында атқарушы әкімшіліктің орталық
уәкілеттендірілген орган санатория-курорттық емдеуге негіз болатын
жарақаттар мен сырқаттар тізімін анықтайды.
Санатория-курорттық орталықтар медициналық көмек көрсететін
ұйымдастырушы-құқықтық формасы мен меншіктің формасына тәуелсіз денсаулық
қорғау ұйымы статусына ие болады және өз қызметкерлігін тек Қазақстан
Республикасының заңнамасымен сәйкес берілетін медициналық қызметке лицензия
негізінде ғана жүзеге асырады.
Санатория-курорттық ұйымды қайта ұйымдастыру оның Денсаулық қорғау
секторында атқарушы әкімшіліктің орталық уәкілеттендірілген органының
келісімімен ғана өз емдеу-сауықтандыру мамандандырылуын сақтаумен жүзеге
асырылады.
Емдеу мен жарақаттарды медициналық реабилитациялауды аяқтау үшін
азаматтарға, төлемі түрлі деңгейлі бюджет құралдарынан толығымен немесе
бөлшектеп жүзеге асырылатын санатория-курорттық емдеу үшін жолдамалар
берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының басшылығы денсаулық қорғау органының
азаматтарды санатория-курорттық емдеуді жүзеге асыратын ұйымдармен өзара
байланыс ретін, формасын және есептесулерін орнатады.
Курорттық қызмет көрсету санатория-курорттық ұйымның азаматтарға емдеу
мен жарақаттар профилактикасы аумағында, сонымен қатар табиғи емдік
ресурстарды қолдану негізінде демалыс қызметін көрсету бойынша ғылыми-
тәжірибелік қызметкерлігінің төленетін және жасалатын келісімдермен сәйкес
жүргізілетін жеке түрі болып саналады.
Осылай, көрініп тұрғандай, курорт – бұл, ең алдымен бойында курорттық
ұйымдардың қызметкерлігін қамтамасыз ететін объекттер орналасқан, емдеу
және демалу факторы үшін жағымды факторларына ие мекен.
Курорттық қызмет адамға, демалушыға немесе курортта өз денсаулығын
қалыптастырушыға пайда, көмек алып келетін әрекет.
Демалушыларға көрсетілетін курорттық қызметтер сәйкес деңгейлі болуы
керек. Олардың ішінде көп көлемін негізгі разрядқа жататын курорттың табиғи
факторларын қолданумен байланысты қымзеттер алу керек.
Курортқа сәйкес келетін климаттық факторға байланысты, бұл күн
радиациясы, теңіз суы, теңіз жағалауы ауасының химиялық құрамы болсын осы
факторлармен сәйкес жүргізеді.
Курорттық санатория өз кемшіліктеріне, қиындықтарына қарамастан
денсаулық қорғау жүйесінде өз орны бар. Кез келген қызмет көрсетуде және
курорттық қызмет көрсетуде көбіне көрсетілетін қызметтің сапасы туралы
сұрақ көтеріледі. Курорттық қызмет көрсету саласындағы қызметтердің
негізінен медициналық жағы көбірек болғандықтан медициналық қызметтер
көрсету бойынша міндеткерліктерге назар аударған дұрыс.
Бүгінгі таңда көрсетілетін қызмет сапасы туралы сұрақ барынша жоғарғы
шиеленісті және заңнамамен барынша төменгі реттелген болып келеді.
Қызмет сапасы оның затсыз құрамына байланысты Азаматтық Кодекспен
арнайы реттелмейді. Заңнама тұтынушыға көрсетілетін қымзет сапасын
Тұтынушы құқығын қорғау туралы Заң сияқты немесе олармен сәйкес
қолданылатын басқа да құқықтық актілер көмегімен қарастырады. Көрсетілген
заңның қызмет сапасының қасыбір критериін қарастырмайтындығын ескерген жөн.

Әрбір курортық бағытын табиғи фактор анықтайды. Табиғат
факторына байланысты курорттар: климаттық, бальнеологиялық, лайлы
болып үшке блінеді.
Климатетерапия дегеніміз метрологиялық факторды ескеріп, емдік
профилакториялық мақсаттағы емделу процесі.
Аэоротерапия – ауа яғни таза ауада ойын – сауық, экскурсия
арқылы емдеу процессі.
Гелеотерапия - теңізге шомылу арқылы сауығу [25].

3. Қазақстанның қазіргі санаторийлі-курортты ресурстары

Қазақстанның климаттық шипа жайлары
Ақ – Қалы - Іле алатауының солтүстігінде 1450 метр биіктікте
орналасқан курортты аймақ, таза ауамен тамаша табиғат
климаттотерапияны пайдалануға итермелейді 1976 жылдан санаторий 150
орындық.
Алатау – Алматы қаласының оңтүстігінде Іле алатауында теңіз
деңгеінен 1400 метр биіктікте, кіші Алматы өзенінің аңғарында
орналасқан. Емдік мақсатта Тұзкөл көлінің лай батпағы қолданатын
санаторий 1935 жылдан бері жұмыс істейді. Жүрек - қан тамырлары
аурулары, жүйке жүйесі ауруларын емдеуде қолданады. Санаторий
меншігінде аэросолярий, лай ванналары бассейндер бар.
Бурабай (Боровое) - Қазақстандағы қымызбен емдейтін ең үлкен
шипажай кешенінің бірі. Ақмола облысы Щучинск ауданында орналасқан
курорт шырша орманы, ақ – қайың алқабы аумағында алуан түрлі, аядай
тұнық көл құшағында жатыр. Ауасы климатотерапияға қолданса, Майбалық
көлінің сазын лаймен емдеуге қолданады. Бурабай көлінің солтүстігінде
Бурабай атты 800 орындық туберкулездің ашық формасын емдеуге
арналған шипажай бар. Сонымен қатар тыныс жолдары ауруларын
(туберкулез емес) емдеуге арналған екі шипа жай, балаларға арналған
лагер бар.
Көктем шипажайы - Қазақстандағы бала мен ананың бірге сауығуына
арналған бірден – бір мекеме 1981жылы Ремизовка демалыс үйінің орнына
салынған. Алматы қаласынан 3 шақырым жерде, Іле – Алатауы бөктерінде, теңіз
деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Негізгі қолданатын табиғи
факторы – таза ауа мен минералды су. Қан айналым, қимыл – тірек, тыныс алу
жолдары аурулуарын емдеуге бағытталған санаторий осы күнге дейін қызмет
етеді.
Бальнеотерапия – минералды суды пайдалану арқылы емдеу. Бальнео –
латынның balneum – монша, шомылу және терапия – емделу сөзінен шыққан.
Минералды сулар адам ағзасына температурасымен, химиялық құрамымен,
тығыздығымен әсер етеді. Бальнеотерапияда емдік суларды ванна ретінде жүрек
– қан тамырлары ауруларына, жүйке жүйесі ауруларына ем ретінде қолданады.
Ванналар (медициналық) – емдік немесе гигиеналық процедуралар.
Ваннаның қай затпен толтырылғандығын байланысты: су, лай, құм, ау болып
бөлінеді. Сонымен қатар емделу процессіне аралас ванналар: су
ағымы реттелген немесе бағытталған, массажды болып бөлінсе; құрамына
байланысты: тұщы, минералды, газды, радонды, хош иісті, дәрілік болып
бөлінеді; ағзаның ваннада болу ұзақтығына байланысты: қысқа (1-
5минут), орташа немесе қарапайым (10-15 минут), ұзақ (20-30 минут) және
өте ұзақ бірнеше сағат.
Қазақстан Республикасының бальнелогиялық курорттарына Алма –
Арасан, Тау – Түрген, Жаркент – Арасан, Рақман бұлақтары, Ералиев,
Жосалы, Меркі , Сары – ағаш курорттары кіреді.
Алма – Арасан - Алматының оңтүстік батысынан 26 км қашықтықтағы,
Іле Алатау бөктерінде теңіз деңгейінен 1850 метр биіктікте Приходная
өзенінің аңғарында орналасқан. Ауасы таза болғандықтан климатотерапия
сонымен қатар термальды радонды (37,8 ºС), натрий гидро карбонаты су
мен емдеу бар.
Алматы облысында Алматы қаласынан 80 км қашықтықта Іле Алатау
бөктерінде орналасқан Іле алатау ұлттық парк аумағындағы Тау -
Түрген және Алматының шығысынан 16 км қашықтықтағы Колосок
шипажайлары бар.
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласынан 40 км қашықтағы
Жаркент – Арасан климаттыбольнеологиялық курорты Жоңғар алатауындағы
Көктал өзені аңғарында теңіз деңгейінен 110 мерт биіктікте
орналасқан. Негізгі емдік мақсатқа термальды радонды құрамында азот,
фторы бар минералды су. Су мен қатар шипажайдан 70 км қашықтықта
орналасқан кішігірім екі көлдің лай балшығын емдеуге қолданады.
Жаркент –Арасан 1967 жылдан бастап периферикалық жүйке жүйесі, тірек
қимыл жүйесін емдеп келеді.
Барлық Арасан - Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданындағы
Бальнеологиялық курортты елді мекен. Тарғабатай тауының 600 метр
биіктігінде орналасқан курорт 1963 жылдан бері тірек қимыл жүйесі
периферикалық жүйке жүйесі және тері жабындысын емдеп келеді.
Рахман бұлақтары - Шығыс Қазақстан облысы, Қатон – Қарағай
ауданындағы бальнеологиялық курортты аймақ. Өскемен қаласынан 450 км
қашықтықта Алтай тауының 1950м биіктігінде Рахман өзенінің аңғарында
орналасқан. Негізгі табиғи емдік фактор теммальды, радонды, сульфатты
гидро карбонатты, натрилы магнилы құрамында азот пен кремний мөлшері
көп.
Ералиев кешені - бай табиғи ресурстары ас қорыту органдары, тірек
қимыл жүйесі, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге қолайлы. Ералиев шипажайы
теңіз жағасындағы (Ақтау қаласынан 60 шақырым жерде) Каспий теңізінің
шығысындағы жер. Негізгі табиғи емдік фактор-термальді азотты сульфатно-
хлоридті, натрийлі су. Курорттың базасында Маңғышлақтың мұнайшыларына
арналған санаторий-профилакторийлік қызмет етеді.
Жосалы Қарағанды облысындағы (Қарағанды қаласынан 160 шақырым жерде)
курортты аймақ. Негізгі емдік фактор сульфатты, кальцийлі, натрий қышқылы
бар су. Басқа да осы тектес курорттардан айырмашылығы суының құрамында
темір мен натрий көп. Суды емдік мақсатта ішуге, жуынуға қолданады.
Сонымен қатар емдік мақсатта Жосалыдан 30 шақырым жердегі Қарасор өзенінің
лайын пайдаланады. База құрамында ақ қайың орманында орналасқан, асқазақ
ауруларын, жүйке жүйесін, анемияны емдеуге лайықталған шипажай бар.
Қарағайлы жон - бальнеологиялық курорты, Қостанай облысында Қостанай
қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Негізгі емдік табиғи фактор-
құрамында кремний қышқылы бар сульфатты-хлоридті су. Санаторий жүрек
тамыры, зат алмасу органдары, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге бағытталған.
Санаторийде сумен қатар Лаврентьев өзенінің лай батпағын да қолданады.
Шипажайда 370 орын бар. Шипажай жыл бойы жұмыс істейді.
Меркі – Жамбыл облысындағы бальнеологиялық курорт. Негізгі емдеу
процесіне родон сульфатты гидрокорбонат-хлоридті құрамында родон, натрий,
кремний қышқылы, фторы бар емдік су пайдаланылады. Меркі шипажайы теңіз
деңгейінен 1200м биіктікте, тау шатқалында орналасқан. Мұнда емдеуге жүрек
ауруы, қан тамырлары ауруын, гинекологиялық аурулармен ауыратын адамдар
келеді.
Сары-Ағаш – Оңтүстік Қазақстан облысындағы, облыс орталығы Шымкент
қаласынан 130 км жердегі Келес өзенінің жағасындағы қайыңды – бұталы
аңғардағы бальнеологиялық курорт. Бәріміз білетіндей минералды суларға
негізделген емдік процестер жүретін бұл курорт 1961 жылдан бастап қызмет
етуде. Курорт аумағында бңрнеше шипажай жұмыс істейді, сол шипажайлардың
бірі Сары- Ағаш шипажайында бүйрек, зәр шығару, ас қорту органдарын емдеуде
өз үлесін қосып, жыл сайын мамыр мен тамыз айлары аралығында, әр курсы 48
күннен тұратын, гломерулонефрит және нефрот синдромдарын емдеуге 150 орын
бөледі. Сондай-ақ бұл курорттың суын ауыз су ретинде пайдалану мақсатында
бөтелкелерге құяды.
Емдік лай (саз, балшық) - өсімдік шөгінделері, минералдармен
витаминдерге бай пластикалық масса. Емдік лай ауруды басуға, қабынуға қарсы
қолданады. Егер дұрыс қолданса адам ағзасының тонусын жоғарылатып,
сергітетін лай – балшық тірек жүйесі (сүйек), тері ұлпалары дертіне шипа
[22].
Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары
Муялды - Павлодар облысындағы Муялды өзенінің жағасындағы курорт.
Негізгі қолданатын табиғи ресурсы – Муялды өзенінен алынатын балдыр мен
минералдар шөгіндісінен пайда болған лайлы – балшық.. Өзен жағасында
бұрғылау нәтижесінде 700 метр тереңдікте ішуге жарамды сульфатты натрилы су
табылған. Курорт территориясында1922жылдан бері жұмыс істейтін Мойылды
шипажайы тірек – қимыл, жүйке жүйесі, гинекологиялық ауруларды емдеуге
бағытталған.
Жаңа-Қорған – Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің оң жағындағы
Терескен көлінің жағасындағы курортты елді мекен. Курортта кеңінен
сульфидті, балдырлы лай қолданылады. Жаңа – Қорған шипажайы 1919 жылдан
бері жұмыс істейді және ол 393 төсек орыннан тұрады. Шипажайда жүйке
жүйесі, тірек-қимыл жүйесі, гинекологиялық ауруларды емдейді.
Атырау - Урал өзенінің жағалауында Атыраудың солтүстік шығысында
48 км қашықтықта орналасқан лай мен емдейтін курортты орын. Негізгі
табиғи емдік фактор Қаработан көлінің сульфидті балдырлы лайы.
1959 жылдан бастап Атырау лай мен емдеу шипажайы болып жұмыс
сітеп келеді. Шипажайда қолданатын лайдың ерекшелігі құрамында
иодпен бром мөлшерінің көптігі. Лаймен емдеуден қатар санаторий
территориясында су мен медеуде қолға алынған. Арнайы жабдықталған
шипажай жүйке жүйсі жұқарған, тірек қимыл, гинекалогиялық проблемасы
бар.
Ақжайық шипажайы - Урал өзенінің жайқалған жағасынан 35
шақырым жерлерде орналасқан. Жүрек – қантамырлары, жүйке, сүйек – бұлшықет
жүйелері, гинекологиялық ауруларды емдеу қарастырылған. Шипажайда 152 орын
бар. Емдік лайды шипажайдан 180 км қашықтықтағы Әлжан - Сор деген жерден
әкеледі.
Щучинский шипажайы - Ақмола облысында Бурабайдан 18 км қашықтықта,
Щучы көлінің солтүстік шығысында орналасқан. Шипажайдың ірге тасы 1948 жылы
қаланған. Курорттың негізгі табиғи емдік мақсатта қолданатын өнімі –
климатпен шипажайдан 40 км қашықтықта орналасқан Балхаш – Сор көлінің
балшығы болып табылады. Ересектерге арналған санаторий қан айналым
жүйесінің ауруларымен инфаркт ауруларын емдеуге арналған.
Тамақтандырудың құрамына қымыз бен шұбат кіреді. Бұл жерде Майбалық
көлінің жағалауындағы бұрғылау арқылы табылған минералды судың
қорыда жеткілікті. Суды ішек - қатпарлары, бүйрек пен зәр шығару
жолдарын емдеуде қолданады [22].

4. Санаторий-курорттық мекемелердің қазіргі ұйымдастырылушы-
лық басқару және экономикалық мәселелері

Қазақстан Республикасында 607 санаторийлік-курорттық мекеме тіркелен.
Оның нақты жұмыс атқаратыны 304 Алматы қаласында және оның жақын аймағында
орналасқан 20 жуық санаторийлік профилдегі және көптеген демалыс орындары
белгілі. Осындай ұсынушылық халықтың емдеу орталықтарына деген сұранысын
және әлеуметтік жүйедегі демалысын қанағаттандырып, қамтамасыз еткен
Республиканың астанасы Алматы, тарихпен түсіндіріледі.
Айтылып кеткендей, ХХ ғасырдың 90 жылдары болған терең дағдарыс,
кәсіпорындардың жекелендірілуіне итермеледі. Санаторийлік-курортық
мекемелердің формасының өзгеруінің басты проблемасы-Республиканың Денсаулық
сақтау министрлігі мен ғылыми-зерттеу мекемелерімен байланысы үзілу болып
табылады.Сонымен бірге санаторийлік-курортты мекемелер методикалық
басшылықты,бұйрықтар және орталықтанған мәлімет алу көздері нормативтерін
қабылдау мүмкіндігінен айырылды.
Қазіргі заманғы денсаулық сақтау қызметі санаторийлік –курорттық
қызмет көрсетудің ролін бағаламайды. Бұл бағаламаушылықтың негізгі
белгілеріне мыналар жатады:
- санаторийлік–курорттық қызмет көрсетуді мемлекеттік тапсырыс формасына
қосудан бас тарту;
- қажетті заңды- құқықтық базаның, ҚР-ғы санаторийлік курорттық қызмет
көрсетудің дамуының жоспарының болмауы;
- санаторийлік- курорттық мекемелердің медициналық емес салаға көшуі;
- санаторийлік- курорттық қызмет көрсетудің медициналық статистикасы
тармағының жоқтығы;
- санаторийлік-курорттық реабилитациялаудан өтуге арналған ұсынысқа
жеткіліксіз көңіл аудару;
Бағаламаушылықтың мынадай салдары бар:
- санаторийлік-курорттық қызмет көрсетуді екінші ретті саты ретіндегі ой;
- қазіргі медициналық көмек түрлерімен салыстырғанда аз ғана халықтың
көлемін қамтиды;
- денсаулық сақтау бюджетінен шұғыл қызмет көрсету сатыларына медициналық-
санитарлық көмек, стационарлық емдеу түрлеріне қаржы бөлу қажеттілігі;
Келер 10 жылдықтағы денсаулық сақтау жүйесінің артықшылығы-
профилактикалық мақсатта болады. Денсаулық-ауру жағдайынадағы емдеу, адам
ағзасына бір бүтін ретінде, ағзаның комплексті қалпына-басты медициналық
категория ретінде, профилактика және реабилитация шараларына-қазіргі
заманғы базалық құралдар ретінде қатынасуды көздейді. Бұл ретте
санаторийлік-курорттық емдеу салауатты өмір салты және аурудың алдын алу
сияқты басты мемлекеттік шаралармен қатар қарастырылуы керек. Осындай
қарастырылудан кейін санаторийлік-курорттық емдеудің қаншалықты қажетті
және нәтижелі екені айқындалады [29].
Санаторийлік-курорттық жүйесінің дамуының бұл сатысында заңды-
құқықтық базаның жоқтығын шешуге арналған қадамдар жүргізілуде. ҚР-ң
Денсаулық сақтау жүйесі туралы заң жобасы құрылуда. Бұл заңда ҚР-ң
санаторийлік-курорттық мекемелеріне лицензияландыруды енгізу көзделеді.Бұл
функция ҚР-ң денсаулық сақтау министрлігіне жүктелген. Лицензияландыру
көмегімен Денсаулық сақтау Министрлігі келесілерді жүзеге асыра алады.
- реабилитациялық аралықта көрсетілетін медициналық көмектің сапалығын
қамтамасыз ету;
- медициналық қызметкерлерді оқыту және біліктілігін көтеру;
- ғылыми мекемелермен байланыс;
- санаторийлік-курорттық мекемеге қатысты бақылаулық-әдістемелік
функцияларды орындау.
Бұл заңдық функцияларды ҚР-ң денсаулық сақтау жүйесі туралы Заң
жобасына енгізу үшін Алатау санаторийінің басшылығымен құрылған
санаторийлік-курорттық мекеме бөлімі құрылған және іске қосылған. Келесідей
ұсыныстар енгізілген:
1.Негізгі түсініктер атты 2 бапқа анықтама енгізілген:
Санаторийлік-курорттық емдеу - бұл табиғи емдеу факторларын,халықтық
ем және дәстүрлік емес медицинасы құралдарын қолдану негізінде халықтың
денсаулығын нығайтуға бағытталған,медициналық-профилактик алық,
реабилитациялық және емдік-сақтандыру жұмыстарының комплексті жиынтығы
2. 55 бапқа,ондағы толықтырулардан кейін бірнеше пункттер енгізілген:
2.1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік туризм туралы
Курорттық-сауықтыру туризмнің дамуы
Емдік туризмнің түсінігі
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Емдік туризм дамыған елдер
Емдік туризмнің түрлері
Қазақстандағы емдік-сауықтандыру орындарының туризмдегі рөлі
Емдік туризм
Алтай экспедициялары ЖШС-нің қаржылық қызметін экономикалық талдау
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Пәндер