Электрондық құжаттарды сақтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ8
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ БАСЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР9
1. 2 Электрондық оқу басылымының құрамына және функцияларына қойылатын талаптар10
1. 3 Электрондық оқу басылымының мазмұнына, оқыту элементтеріне және рәсімдеуіне қойылатын талаптар12
1. 4 Шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы15
1. 5 Электрондық құжаттар және олардың айналымының принциптері мен тәртібі16
2 FLASH MX ОРТАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ДАЯРЛАУ18
2. 1 Қолданбалы интерфейстің ұйымы18
2. 1. 1 Редакторлау аспаптардың панелі19
2. 1. 2 Жұмыс аймағы20
2. 1. 3 Өңдеу үстелі22
2. 1. 4 Уақыт диаграммаcы24
2. 1. 5 Қасиеттер инспекторы26
2. 1. 6 Movie Explorer-де фильмді түрлендіру28
2. 2 Flash технологиясына енгізу31
2. 2. 1 Графика32
2. 2. 2 Анимация33
2. 2. 3 Интерактивтілік34
2. 2. 4 Дыбыс35
2. 3 Сурет салу35
2. 3. 1 Сурет салу құралдары35
2. 4 Түстермен жұмыс37
2. 4. 1 Ink Bottle Tool аспаптары38
2. 4. 2 Paint Bucker Tool аспаптары39
2. 4. 3 Fill Transform аспабы40
2. 4. 4 Dropper Tool аспабы42
2. 4. 5 Color Mixer панелі43
2. 5 Мәтінмен жұмыс істеу43
2. 5. 1 Мәтінді құру және редактерлеу43
2. 5. 2 Статикалық мәтін45
2. 5. 3 Динамикалық мәтін47
2. 6 Интерактивті фильмдер құру48
2. 6. 1 Actions панелі48
2. 6. 2 ActionScript жөнінде жалпы мәліметтер49
2. 6. 3 ActionScript объектілік моделі50
2. 7 Сценарий орындалуының контексті53
2. 8 Алгебраның сандық әдістері бойынша электрондық құрал дайындау53
3 ТЕХНИКА - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ59
3. 1 Жалақыға кететін шығынды анықтау59
3. 2 Салықтарды есептеу62
3. 2. 1 Әлеуметтік салықты есептеу62
3. 2. 2 Табыстан алынатын салықты(подоходный налог) есептеу63
3. 3 Материалдарға жұмсалатын шығындар64
3. 4 Ғылыми зерттеу жұмыстарына қажет арнайы аппараттарға кететін шығындар64
3. 5 Басқа шығындар65
3. 6 Программалық қамтаманы енгізудің тиімділігін есептеу65
3. 6. 1 Енгізуге дейін шығынды есептеу65
3. 6. 2 Жүйені енгізуден кейін шығынды есептеу66
4 ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ68
4. 1 Еңбек шартының анализі68
4. 1. 1 Ғимараттың көлемдік-пландық жағдайы мен залдың ішкі құрамы68
4. 1. 2 ЭЕМ операторының жұмыс орнын ұйымдастыру68
4. 2 Жұмыс орнын рационалды ұйымдастыру71
4. 3 Жасанды жарықтандыруды есептеу71
4. 4 Табиғи жарықтануды есептеу75
4. 5 Бөлме-жайды желдетуді есептеу78
ҚОРЫТЫНДЫ80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР81
ҚОСЫМША А82
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, қазіргі кезде анимация жасауда көп қолданысқа ие FLASH программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда да көп қолданады. Сондай-ақ мультфильм жасаушылар үшін бұл программаның орны ерекше. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
- Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) - векторлық графиканы пайдалану есебінде;
- Интерактивтілік - пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
- Мультимедиялық - фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
- Көпсалалығы - Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
- Қолайлылық - Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі уақытта жас балалар шетелдік мультфильмдер мен киноларды көруге өте құмар. Өйткені шетелдік фильмдерде түрлі анимациялық және дыбыстық эффекттер қөп қолданылады. Бірақ, ондай фильмдердің көпшілігі тәрбиелік мағынадан тыс қалып қойған. Қазір технологияның дамуына байланысты, жас өспірімдер кітап оқудан көрі жаңадан шығып жатқан кино, мультфильмдерді көруді жөн көреді. Осыдан балалар өзіміздің қазақ аңыз-ертегілерінен тіптім мақұрым қалып қояды. Сол себепті, тәрбиелік мағыналарға қанық, өзіміздің қазақ ертегілерін мультфильм етіп неге жасамасқа. Осы мақсатымызға жету үшін, бізге, Flash технологиясын білу өте маңызды рөл атқарады.
Демек Flash-тің атқартын қызметтері біз үшін өте қымбат десек те болады.
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ БАСЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Осы мемлекеттік стандарт электрондық оқу басылымдарының жалпы талаптарын және оның құрылымына, функцияларына, мазмұнына, оқу элементтеріне, рәсімдеуіне, құжаттамаларына және шығу мәліметтеріне қойылатын талаптарды анықтайды.
Электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтінді, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы;
Электрондық оқу басылымы (ЭОБ) - оқыту және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін, электрондық басылым;
Электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы;
Электрондық оқу құралы - құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, пракикумға, курстық және дипломдық жұмыстар дайындауға, әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатыныстары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
ЭОБ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек және қолданушының назарын өзіне аударатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
ЭОБ-да имитациялық компьютерлік моделдер оқылатын объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқа әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі тиіс.
ЭОБ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобальды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электрдіңі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және статистикалық берілгендерге санкцияанбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек.
1. 2 Электрондық оқу басылымының құрамына және функцияларына қойылатын талаптар
Электрондық оқу басылымының құрамына:
- мазмұны
- утилиталар
- көмекші
- құжаттама енгізілуі керек.
Титулда электрондық оқу басылымының шығу мәліметтері орналасады.
Тақырыптамада электрондық оқу басылымының құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
Мазмұнда электрондық оқу басылымының мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы білімдерін қорытынды бағалауынөткізуге қажет барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми технологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
Көмекші элементі электрондық оқу басылымының жұмысын басқару бойынша ақпарат және электрондық оқу басылымының іске қосылу моментінен бастап іске қосылуын қамту керек.
Электрондық оқу басылымы мен жұмыс істеу үшін келесі функциялар асырылуы керек: пайдаланушының тіркелуі, берілгендерді қорғау, навигация, контентті қарауды ұйымдастыру, оқытылатын траекторияны анықтау, білімді бақылау, оқыту, тестілеу және статистикалық есеп.
Пайдаланушының тіркелу функциясы электрондық оқу басылымында пайдаланушы туралы дерілгендерді енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
Берілгендерді қорғау функциясы контент бүтіндігі мен электрондық оқу басылымындағы әртүрлі материалдарға санкциалданған кірісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
Навигация функциясы электрондық оқу басылымы бойынша алға және артқа қозғалудың мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
Қарау функциясы тапсырмаларды орындауды, сұрақтарға жауап беруді және білімді бақылауды талап етпей, электрондық оқу басылымының контентімен алдын-ала танысуға мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
Оқыту траекториясын анықтау функциясы қолмен, тесттік немесе толық таңдау негізінде жүргізілетін білім бақылауларымен міндетті түрде оқатылу үшін сабақтардың тізбегін қарастыруға мүмкіндік беру керек.
Қолмен таңдау электрондық оқу басылымының мазмұндағы модульдерді, сабақтарда және блоктарда нөмірлерін белгілеу арқылы оқытылатын траекторияға қолмен енгізуге мүмкіндік беру керек.
Тесттік таңдау электрондық оқу басылымындағы оқу материалының барлық көлемі бойынша тестілеген кезде дұрыс жауаптың саны жеткілікті емесболған модульдер, сабақтар мен блоктарды оқытылатын таекторияға автоматты түрде енгізуге мүмкіндік беру керек.
Толық таңдау автоматты түрде оқу траекториясына барлық модульдерді, блоктарды және электрондық оқу басылымының сабақтарын мүмкіндік беру керек.
Оқу және білімді тексеру функциясы теориялық материалдарды оқу, тапсырманы, интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқу траекториясы көлемінде ағымды, аралық, рубеждік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Осы жағдайда көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берілмесе, білім алушы электрондық оқу басылымындағы оқытудың ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады.
Тестілеу функциясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей оқу басылымы және оның бөлек бөліктері бойынша білім деңгейін автоматты түрде бақылау құралдарына мүмкіндік беру керек. Ол үшін тест оқу курсы бойынша берілген сұрақтардың жалпы базасынан таңдалған оқыту бірлігі бойынша сұрақтарды және жауаптар варианнттарын кездейсоқ таңдау арқылы беру керек. Білім алушының жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі білім алушы сұрақтардың жауаптарын енгізу техникасына емес, ал сұрақтар бойынша жауаптарына концентрация жасай білу себебімен өте қарапайым болу керек. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде жауабы дұрыс берілмеген кез-келген сұраққа еркін көшу ескерілуі керек.
Статистикалық есеп функциясы білім алушының берілген оқыту бірлігін меңгеру деңгейі және сұранысқа тәуелді ол туралы басқа статистикалық берілгендер туралы нақты ақпаратты беру ескерілу керек.
1. 3 Электрондық оқу басылымының мазмұнына, оқыту элементтеріне және рәсімдеуіне қойылатын талаптар
Электрондық оқу басылымының контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:
1-деңгей. Модульдер
2-деңгей. Блоктар
3-деңгей. Сабақтар
Модул блоктан-блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылдымындағы ірі семантикалық оқу бірлігі.
Блок сабақтан-сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.
Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тьапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио және видео жатады.
Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т. б. түріндегі детальдық таңдауын қамтамасыз етуі керек.
Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі байланысын анықтауға, олардың әртүрлі сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын талаптарға түсініктемелер болуы керек.
Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру үшін қиындық деңгейі, характері және жауаптардың берілу формасы бойынша вариациялануы керек.
Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес жауаптар болуы керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым әдісін қолданбау үшін мағынасын түсінбей жауап беретін сұрақтар болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер және сол қателіктерді жібермеу мен түзету туралы түсініктемелер қамту мүмкін.
Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т. б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.
Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
Оқыту элементтеріне “Теория”, “Мысалдар”, “Тапсырмалар”, “Сұрақтар”, “Тестілер”, “Тезаурус”, “Анықтамалық”, “Графика”, “Аудио” және “Видео” жатады.
Оқыту элементі “Теория” оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтінді сипаттауына қол жеткізуге мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Тапсырмалар” оқытуды басқару элементі жаттығуларға және есептерге, сонымен қатар оларды орындау және шығару бойынша көмекке мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Сұрақтар” білім бақылау элементі ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін интерактивті берілу және жауаптары тексерілетін сұрақтарға мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Тесттер” білім бақылау элементі оқытудың ағымды бірлігі бойынша білімді өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қол жеткізу мүмкіндік беру керек:
- сабақ деңгейінде - білімнің ағымдық бақылау;
- блоктар деңгейінде - білімнің аралық бақылау;
- модульдер деңгейінде - білімнің белестік бақылау;
- ЭОБ-ы деңгейінде - білімнің қорытынды бақылауы.
Оқыту элементі “Тезаурус” оқытуды басқару элементі ЭОБ-да кездесетін және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Анықтамалық” оқытуды басқару элементі ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Графика”, “Аудио” және “Видео” оқытуды басқару элементтері қосымша дидактикалық материалдарға мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Графика” оқытуды басқару элементі схемаларға, сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Аудио” оқытуды басқару элементі оқылатын сабаққа қатысты негізгі ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі “Видео” оқытуды басқару элементі оқылатын сабаққа қатысты объектілердің, үрдістер фрагменттерінің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге мүмкіндік беру керек.
ЭОБ-ның рәсімделуі оқу материалын жеңіл меңгеру үшін қолайлы және эстетикалық түрде берілуіне мүмкіндік жасауы керек. Мәтіндік материалдың көлемі білім алушыны жалықтырмау үшін сөздердің саны шектеулі болу керек.
Мәтіннің шрифті эргономикалық сипаттаудың шектеулерін ескере отырып таңдалыну керек. Шрифттің түрі мен мөлшері сияқты мәтіндік сипаттамалар ЭОБ-дағы информацияның оқылуына айтарлықтай әсер етеді. ЭОБ-ның беті бір-бірінен өзгеше, қарама-қарсы болатын шрифтерді аз қамту керек. Беттің негізгі мәтінінде кертіктері бар шрифттерді қолдану ұсынылады. Шабылған шрифттерді мәтіннің тақырыптарында және қысқа жазуларда қолдану ұсынылады. Барлық шрифттердің кодталуы әріптерді кодтаудың мемлекеттік стандартына сәйкес болу керек.
ЭОБ-дағы түстер ақпаратты жақсы және шаршамай қабылдауды қамтамасыз және материалдыдң жеңіл игерілуіне және эстетикалық түрде ұсынылуына көмектесу керек. Қара фондарда ашық түсті мәтінді тек қана ол анық көрінетін болса пайдалануға болады, ал анық көріну үшін мәтінді түгелдей қалың шрифтпен рәсімдеу керек. Бетте мәтіндік информация басымырақ болса, онда фон ақ болуы керек. Қара фон ешқандай жағдайларда болмау керек. Шрифтің түсін стандартты қара, қою-жасыл немесе қою-көк қылып жасау керек. Қызыл шрифтті тек қана кейбір тақырыптарды және ең маңызды ақпаратты ерекшелеу үшін пайдалануға болады.
ЭОБ-ның мақсаты мен міндеттеріне қатысты негізгі мазмұны назардың ортасында болу керек. Фондық мазмұнға ең аз назар аударылу керек. Оқу материалды көзбен қарап, қабылдау жеңіл болу үшін негізгі мазмұнда абзацтар үлкен болмау керек.
ЭОБ-дағы графика оқытудан алаңдатпайды, оқу материалды жеңіл меңгеруге көмектесу үшін қолданылу керек. Ұлттық және мәдениеттік ерекшеліктермен байланысты діни, саяси және басқа материалдарды жариялауда суреттерді өте мұқият іріктеп алу қажет. Анимациялар мен фильмдер білім алушының талабы бойынша негізгі мазмұнына ену керек.
ЭОБ-ның басқару элементтері білім алушының назарын негізгі оқу материалынан жалтартпайтын, түсінікті бірмәнді және қарапайым болулары керек.
Ашық ортада шығарылған ЭОБ-дар үшін графикалық объекттердің және аудио-видио материалдың саны минималды болу керек, себебі олар компьютердің жадында көп орын алады және оларды алу кезінде желідегі компьютерлердің арасындағы байланыс арнасының жылдамдығы кризистік параметр болып табылады.
ЭОБ-да көрсетілу жылдамдығы өте дәл болуды талап ететін кез келген анимация компьютердің стандартынан тәуелді болмау керек.
ЭОБ-да түстердің мәні тұрақты және түстер спектріне сәйкес болу керек.
1. 4 Шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы
ЭОБ-да шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы олардың физикалық тасушылар санына және рәсімдеу түріне байланысты. Электрондық басылымның әр түрлі жеріне орналасқан және оларды рәсімдеу элементтері мәліметтерінің арасында бір-бірінен айырмашылақ болмау керек. Барлық шығарылған ЭОБ-на ортақ шығу мәліметтерінің элементтері келтіру формасында айырмашылықсыз келтірілуі керек.
ЭОБ-ғы шығу мәліметтерінің негізгі элементтері: тақырып, тақырып үстіндегі деректер, авторлар туралы мәліметтер, шығу деректері, классификациялық индекстер, авторлық құқықты қорғау белгісі, штрих кодтары, тақырып астындағы деректер, басу деректері, жүйелік талаптар, мемлекеттік тіркеу нөмірі, библиография, андатпа.
Тақырып, тақырып үстіндегі деректер, автордың аты, шығу деректері, класификациялық индекстер, авторлық құқықты қорғау белгісі және штрих-кодтар анықталған формада ЭОБ-да келтіріледі.
ЭОБ-ның түріне байланысты тақырып астындағы деректер өз қатарына: тақырыпты түсініктемелейтін мәліметтерді, негізгі ақпараттың табиғаты бойынша басылым түрлері туралы мәліметтер, мақсаттық тағайындау, көптомды басылымдардың томдарының саны туралы мәліметтер, томдардың реттік нөмірі, локалды ЭОБ үшін ақпарат тасушылардың түрлері туралы мәліметтерді енгізе алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz