Жастарға жаңа жол


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе . . 3-7

І тарау. С. Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығын дерек

ретінде зерттеу

1. 1. Ғұмырнамалық шолу . . . 8-23

1. 2. Шығармашылығы мен деректік құндылығы . . . 24-34

ІІ тарау. С. Садуақасов еңбектеріндегі Қазақстан тарихының

мәселелері - тарихи дерек көзі

2. 1. 1920-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық - саяси

өмірі С. Садуақасов еңбектерінде . . . 35-45

2. 2. Оқу-ағарту және мәдениет мәселелері . . . 46-52

2. 3. Жастар мәселелсі. « Жастарға жаңа жол » . . . 53-56

Қорытынды . . . 57-60

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61-

Кіріспе

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ұлттық тарихымызды қайта қарауға, пайымдауға мүмкіндік алдық. Әсіресе, қоғамдық - саяси өмірдегі ұлт зиялыларының ерен еңбегі ескерусіз қалды. Солардың бірі - ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде ерекше орын алған, мемлекеттік қызметкер, тарихи тұлға - Смағұл Садуақасов болды.

С. Садуақасовтың қоғамдық - саяси қызметімен қатар, шығармашылық еңбегі орасан зор дүние. С. Садуақасовтың «Жастарға жаңа жол», , атты еңбектері және әртүрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген қоғамдық - саяси өмір туралы, оқу ағарту, мәдениет мәселелері жан-жақты ашылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - аталған еңбектерді деректанулық тұрғыдан талдау, деректік құндылығын анықтау болып табылады. Ірі саяси қайраткер, С. Садуақасов еңбектері кеңес өкіметінің алғашқы жиырма жылындағы тарихи-мәдени өмірді деректанулық тұрғыдан талдауға зор мүмкіншілік береді. Алаш идеясын жалғастырушы С. Садуақасов ұлттық демократиялық зиялылармен ынтымақтасып, қызмет етті. «Еңбекші қазақ» газетінде редактор болған кезінде де қайраткер ұлттық мәселелерді көп көтерді. Бұл кеңес өкіметіне ұнамады. Сондықтан, С. Садуақасов еңбектері күні кешеге дейін жарияланбады. Сондықтан да, оның еңбектерін тарихи - деректанулық тұрғыда талдау көкейкесті мәселе болып табылады.

Қоғамдық - саяси өмір С. Садуақасовтың , оқу-ағарту мәселесі , жастар мәселесі ашылады. Бұл шығармалар озық ойлы, адамзат құндылықтар аясынан қоғамдық өмірге қарайтын азаматтың қоғамдық - саяси көзқарасын, пікірін анықтайтын тарихи дерек көзі.

Қайраткер С. Садуақасов есімі 20-жылдары қарастырған ғылыми әдебиеттерде тым үстірт айтылды. Оның есімі 20-жылдары «оңшыл бағыт» ұстанған «байшыл», «жол бикелермен пікірлес» саясатшы ретінде айыпталып, айтылды. 5 томдық Қазақ ССР тарихында 20-жылдары ірі мемлекет қайтаркері дәрежесіне ктерілген Смағұл Садуақасов жөнінде бір-ақ ауыз сөз жазылыпты. Бұл оны анық қаралаған сөз еді. Кеңестік дәуірде де қайраткерге бір жақты баға берудің салдарынан оның еңбектері мүлдем зерттелмеген болатын. Оның тарихтағы орнының дұрыс бағаланбай, ол қалдырған мол мұраның зерттелінбей келуі, сөз жоқ, тоталитарлық жүйенің ықпалынан болды. Тіпті оның көзі тірісінде және ол қайтыс болғаннан кейін де «ұлтшыл, байшыл әдебиетші» деп сынаған Ғ. Тоқжанұлы, С. Мұқанұлы, Е. Бекенұлы, Ә. Тәжібайұлы, Ә. Байділдаұлы, І. Жансүгірұлы, С. Сейфуллин және тағы басқа қаламгерлердің еңбектерін де қаперден шығармаған жөн.

«Жазушы, сыншы Смағұлды ұмытпайық» деп тек профессор Б. Кенжебайұлы ғана жазды. Ғалымның «Өтелмеген парыз» [26] атты мақаласы шығысымен Қазақстан КП Орталық авторды да, оның мақаласын «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторымен қоса бірнеше қызметкерлерін «партияның басты бағытына» қарсы болған адамды қайта көтерді» деп айыптап, әуре-сарсаңға салды.

С. Садуақасовтың өмірі мен қоғамдық қызметіне сипаттама берген «Қайраткер Садуақасов» атты тұңғыш мақала 1988 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған еді. Оның авторы - жазушы, журналист, зерттеуші Б. Қойшыбаев [6] . Сол жылдан бастап қайраткер қаламгердің өмірбаянын нақты деректермен толықтырған алғашқы мақала авторы филолог Б. Дәрімбетовтің соғыс және еңбек ардагері экономист Н. Сансызбаевтың [17] еңбектері баспасөзде жарияланды.

Бұл азаматтарымыз С. Садуақасов өмірі мен мұрасын зерттеуде, насихаттауда нәтижелі еңбек етіп, «Жалын» [1990, № 3], «Қазақстан коммунисі» [1991, № 4] беттерінде жарияланған мақалаларында Смағұлдың Голощекинмен келісе алмай, қатты ұстасқан негізгі мәселелері - мекемелерді, аппараттарды жергіліктендендіру (коренизация), интеллигенцияға көзқарас, байларға көзқарас, өндіргіш күштерді дамыту деген үш-төрт қоңыраулы тақырыпты алға тартады [2. 245] .

Мерзімдік басылымдарда сондай-ақ осы Б. Дәрімбетовтің және осы кітап авторы даярлаған С. Садуақасов мақалалары, әңгімелері, хаттары оқырман назарына ұсынылды. 1993 жылы оның құрастырып даярлауымен С. Сәдуақасұлының екі томдық таңдамалы шығармалары басылып шықты.

60-70-жылдары С. Садуақасовтың қызметі және саяси көзқарастары жайлы басқа ұлт өкілдері де жазған болатын. Сондай еңбектердің біріне Г. Д. Дахшлейгердің «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929) » [3] деген еңбегін жатқызуға болады. Бұл еңбек коллективтендіруге дейінгі ауыл тарихы жайындағы әйгілі, маңызды еңбектердің бірі. Монография бүгінгі күнге дейін ғылыми маңызын жойған жоқ. Бірақ бұл еңбекте С. Сәдуақасовты ол сынайды. Онда былай делінген: «Буржуазиялық ұлтшылдыққа еріп, С. Сәдуақасов тар ұлтшылдыққа бой ұрып, байлардың қанаушылығынан бас тартады және ол ауылда қоғамдық қатынастарды революциялық тұрғыдан қайта құрудан бас тартады».

С. Садуақасов туралы Н. Львов өзінің «Казахский театр, очерк истории» [3. 7] атты еңбегінде оның қазақ театрын дамытуға қосқан үлесі жазды. Онда: «С. Садуақасовтың ешқандай бөтен ойы болған жоқ, қайта ол әлемдегі, оның ішінде орыс мәдениетінің барлығын жақсы болуы үшін қызмет етті», - дейді. Осы кездегі қазақ мәдениетінің дамуына Садуақасовтфың қосқан үлесі мүлде айтылмады. Ал оның творчествосын айтпай тұрып, тіпті оның ұлттық театр ұйымындағы еңбегі еленбейді. Оның редакторлық қызметі объективті қаралмады, көбіне ескертілмейтін де болды.

С. Садуақасовтың Қазақстанда комсомол қозғалысын ұйымдастырушылық және ағарту саласындағы атқарған істерін жазуда мына екі автор есімін атауға болады. Олар: И. А. Спиридонов және М. С. Терник. Олар Смағұлдың Қазақстандағы комсомол ұйымына ат салысқанын оның көзі тірісінде-ақ айтқандар болатын. Бірақ Спиридонов көптеген хронологиялық қателіктер жіберді, ал Терник болса, С. Сәдуақасовтың өлкелік комсомол бюросының саяси хатшысы, түркі халықтарының Орталық Шығыс комсомол Бюросы Президиумының мүшесі болғаны туралы айтпайды [3. 8] .

Сондай-ақ В. П. Осиповтің «Полномочный орган ЦК РКП(б) в Казахстане» деген бірінші еңбегінде С. Сәдуақасовтың 1922 жылғы Қостанай губерниясына КЦИК мүшесі есебінде барғаны жайла жазады. В. П. Осиповтің «Всматриваясьв 20-30-е годы» деген екінші еңбегі 1991 жылы шықты. Бірақ С. Сәдуақасовқа бұрынғы біржақты көзқарас сол күйінде қалды. Ол сонымен қоса қайраткердің өмірбаянында көп қателіктер жіберді [3. 9] .

Қазақстан тарихында С. Садуақасов туралы жазуда 1980 жылдары жаңа белес басталды. Бұл еңбектерде енді көбіне қайраткердің жеке өмірі де қарастырыла бастады. Мысалы, сондай еңбектердің біріне К. Әбуов пен Ж. Ермекбаевтың «Жизнь и судьба» атты мақалаларын жатқызуға болады [3. 9] .

90-жылдары да біраз еңбектер жарық көре бастады. Мысалы осы жылы шыққан Б. Қойшыбаевтың тағы да өзінің «Жазықсыз жапа шеккендер» атты кітабының «Смағұл Садуақасов» деген үлкен тарауда автор қайраткердің қызметі, жеке өмірі, отбасы, қоғамдық саяси өмірге араласуы, оның «Ұлттар мен ұлт адамдары туралы» атты мақаласына талдау жасайды [6. 127] .

Сол сияқты тарихшылар М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтің 1993 жылы шыққан «Тарих тағылымы не дейді?» атты кітапта М. Қойгелдиевтің «Садуақасов не үшін күресті?» [4. 45] деген үлкен бір тарауда оның өмірі мен қызметі және 20-жылдардағы ауыл проблемаларын және осы ауыл жағдайын жақсартуда Сәдуақасовтың жасаған шараларын жазып өтеді. Сондай-ақ Смағұл мен Глощекин арасындағы дау және Голощекиннің Сәдуақасовты не үшін қудалағаны сияқты мәселелерді де айтады.

Әртүрлі проблемалық мәселелер мен С. Садуақасовтың қызметі жайлы М. С. Бурабаева «Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 г. г. » [3. 9] деген еңбегінде қозғайды. Сондай-ақ әдебиетші Д. Қамзабекұлының «С. Сәдуақасұлы» [17] атты 1996 жылы шыққан кітабында оның өмірі жайлы, қоғамдық-саяси қызметі және ол қалдырған мол мұра, яғни шығармашылығын жазады. Сонымен бірге С. Садуақасовтың мұрасын болашақта қалай зерттеу керек екендігін айтып өтеді. Мысалы ол: «Смағұл еңбектері тарихи дерек көзі ретінде қарастырылуы керек. Қазақтың жер мәселелсі тарихын әуезе еткен мақала, еңбектері қазірше өз зерттеушісін күтіп жатыр…», -деп Д. Қамзабекұлы тарихшыларымыздың алдына үлкен міндет қояды. Сол сияқты оның 1997 жылы шыққан «Руханият» [18] атты кітабындағы «Мұхтар мен Смағұл» деген бөлімде негізінен екі қайраткердің ұқсас тұстары туралы айтылды және олардың арасындағы достық қатынас, бір-біріне жазған хаттары да бар. 2003 жылы осы автордың «Смағұл Сәдуақасұлы» атты екі томдық шығармалар жинағы [1] жарық көрді. Олардан басқа Д. Қамзабекұлының Садуақасов жайында жазған мақалалары толып жатыр. Атап өтетін болсақ, «Алаштың ұлы Смағұл», «Смағұлдың хаттары», «С. Садуақасовтың көсемсөз мұрасы», «Мұхтар мен Смағұл», «Тарихты жазған тарихта қалған тарланбоз» және тағы басқа да мақалалары «Қазақ тарихы», «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдарының беттерінде жарияланды.

Жалпы, Смағұлтанудың ірге тасын қалауда Д. Қамзабекұлының еңбегі зор деп айтсақта болады.

Журналист Т. Жұртбайдың «Талқы» атты 1997 жылы шыққан кітабындағы «Жер талқысы» [10] деген үшінші бөлімде жер туралы заңның қабылданар кездегі Голощекиннің қазақ ұлты мен оның ел мүддесін қорғаған азаматтарына қарсы ашық жаулыққа көшкенде С. Садуақасовтың өзгелерден жеке дара суырылып шыққандығын жазады. Автор: «Ол өзін терең де батыл ойлы, шешімшіл, өжет және ұлт мүддесін қорғайтын қайратты да қызуқанды, тәлімді де тәжірибелі мемлекет қайраткері есебінде көрсете білді», - дейді. Сондай-ақ кітапта Голощекиннің: «Садуақасовшылар» деген мұқым бір жұлдыздардың шоғыры… Садуақасовшылар дегеніміз бұл партияның ықпалынан шығып кетуге жагталасып жүрген кеңес мекемесі… Садуақасовшылар дегеніміз - бұл пролетариат диктатурасына қожалық еткісі келетін тұтас бір ұлттық мәселе!» - деп айтқан сөзі келтірілген [10. 165] .

Тарихшы Д. А. Махаттың 2001 жылы жарық көрген «Қазақ зиялыларының қасіреті» атты кітабының 2-ші тарауындағы «Садуақасовшылдықты қудалау» деген бөлімде С. Садуақасовқа жалған айып тағу, оны қудалау мәселелері айтылады. Мысалға онда «С. Садуақасов экономикадағы, идеологиялық саладағы және ұлт мәселелсіндегі жолсыздықтарды ашық айтты. Мұндай басшылық Голощекин сияқты жеке билікті көксеген коммунистік функционерге ұнауы мүмкін емес болатын», - делінген [14] .

20-30 жылдар тарихын жазып жүрген тарихшы Т. Омарбековтің 1994 жылы шыққан «Зобалаң» [13], 1997 жылы шыққан «20-30 жылдардағы қазақстан қасіреті» [19] атты еңбектерінде С. Садуақасовтың саясаттағы қайраткерлік, әділ де батыл айтқан пікірлері айтылады. Автордың бұлардан басқа «Қазақ шаруаларын жеке меншік қожалықтарынан айыру және ұжымдастыру», «Голощекин тұсындағы алаш қайраткерлерінің тағдыры» атты мақалаларында да С. Сәдуақасов жайында кездестіреміз.

Тарихшы Е. Қуандықовтың 1999 жылы шыққан «Сүрең салған сұрқия саясат» атты кітабында Ф. И. Голощекин тұсындағы жүргізілген сұрқия саясат және әміршіл-әкімшіл жүйе негізінде жүргізілген саяси биліктің нәтижесінде қазақ ұлтының тағдыры тәлкекке түскен кезде Ж. Мыңбаев, Н. Нұрмақов, С. Садуақасов сияқты зиялыларымыздың тосқауыл болуға тырысқандықтары айтылады. Автор: «Меңдешевшілдік», «Қожановшылдық», «Садуақасовшылдықтарға» да тоқталады. Кітапта ол туралы: «Осы азаматтар қазақ жерін Ресейге қосуға келгенде де шама-шарқынша қарсылық білдіріп, оған дәлелді мысалдар келтіре отырып, наразылық білдіруі Орталықтың озбыр саясатымен қаруланып келген жауапты хатшыға мүдле ұнамады. Іле-шала осы азаматтар «ұлтшылдар» атанып, қудалауға түсті», - делінген [20] .

Жалпы, Голощекин мен Садуақасов арасындағы келісе алмаушылық тартыс жайлы тағы көп еңбектерде кездестіруге болады. Мысалы, тарихшы М. Қозыбаевтың 1-ші кітабында осы мәселе жайында сөз қозғалады [27] . Одан басқа бұл жөнінде С. Иманбаеваның «Ұлт зиялыларын толғандырған мәселелер» [21], тарихшы А. С. Мұсағалиеваның «Ұлт зиялыларының ойрандалған ошағы» [12], Д. А. Махаттың «Тайталас немесе Қазақстандағы «Садуақасовшылдықты» қудалау» [22] сияқты мақаладарды жатқызуға болады.

С. Садуақасов жайлы алғашқы шыққан Р. С. Елмұрзаеваның 1997 жылы «Жизнь и деятельность Смагула Садвакасова» атты ғылыми диссертациялық жұмысы Смағұл Садуақасовтың қоғамдық саяси қызметі туралы жазылған еңбек болып саналады. Бұл еңбекте бірақ, автор қайраткердің еңбектеріне тоқталмаған.

Тарихшы Қ. Ахметовтің «Қазақ мәдениетінің қилы тағдыры» [15] атты 2002 жылы шыққан кітапта 20-30 жылдардағы қазақ мәдениетінің дамуы, Садуақасов сиқяты зиялыларымыздың мәдениетке қосқан үлесі, мәдениеттің мемлекеттендірілуі мен идеологияландырылуы жайлы, партия мен кеңес мемлекетінің мәдени саясатының идеологиясы мен практикасы туралы жан-жақты баяндалады.

Тарихшы Х. Әбжанов пен Г. Назарбаеваның «Қазақстан: тарих пен тағдыр» атты 2003 жылы шыққан кітабының 2-ші бөлімінде жеке тұлғалар қарастырылады. Осы тұлғалардың ішінде С. Садуақасов та бар. Кітап авторлары Садуақасовтың әр түрлі концеспулды тұжырымдар, дәлелдер келтіре отырып, тарихтағы орнын аша түседі. Сонымен бірге оның көрегендік ойлары, Глощекиндік айыптаулар сияқты мәселелер де айтылады [2] .

Міне, бір кездері есімі еленбей келген осындай ірі тұлғаның тарихтағы алатын орны ерекше. Тарихшы Х. Әбжанов айтқандай: «Ол - Н. И. Бухаринмен, М. Н. Рютинмен, Тұрар Рысқұловпен, Мұстафа Шоқаймен қатар тұратын тұлға» [2. 247] .

Бір айта кететін жәйт, жоғарыда аталған көптеген авторлар негізінен С. Садуақасов еңбектерін әдебиет филологиялық тұрғыдан қарастырды. Ал оның еңбектерін тарихи деректанулық тұрғыдан ашып көрсету біздің міндетіміз. Себебі қайраткердің еңбектерінің тарихи - деректік маңызы зор.

I ТАРАУ. С. Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығын дерек ретінде зерттеу

  1. Ғұмырнамалық шолу

Қазақ халқы ел болып, басы біріккелі халқының қамын, болашағын ойлаған және сол халқы үшін аянбай күресіп, халқының арман-мұраты, мақсаты жолында қаза болған көптеген асыл тұлғаларымыздың болғаны тарихтан белгілі. мысалы ең алғаш мемлекеттіліктің негізі - қазақ хандығы құрылғанда қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен қасық қаны таусылғанша сол кездегі қазақтың жауы қалмақтарға елін, жерін бермей, талай батырларымыздың қаны төгілгенін білеміз. Патша заманында, оның отарлау саясатына тағы да асыл арыстарымыз бас көтеріп, қарсы шықты. Одан кейін кеңестік идеология қазақ халқының санасын улап, «қазақ» деген атаудың мүлдем жойылып, орысқа сіңіп кететіндей қауіпте тұрғанда да тағы да терең ойлы, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз қолдарына қару орнына енді қалам алып, қараңғы халықтың сана-сезімін ояту мақсатында күрес жолын жүргізгені бәрімізге аян.

Міне, осы мақсатта қызмет етіп, қиындықтан шығуды, бірігіп ел болуды көздеген және оған жетудің жолдарын көрсетіп, жүрегі «халқым» деп соққан қазақтың бірігей ұлдарының бірі - С. Садуақасов 1990 жылы сол шақтағы территориялық айырым бойынша Ақмола облысы шарлақ уезі, Қараой болысы, Жарқын ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ұялы-жарқын ауылы) туған. Әкесі сәдуақас Тұрабайұлы (1872-1937) хақ жолын ұстанған ұзын бойлы, қыр мұрынды, сымбатты кісі болған екен. Оқығаны да, тоқығаны да мол, орта ғана шаруашылығы бар, ел ішінде қадірлі қоңыр дәулетті молда болған. Ол Смағұлдай ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін 1937 жылы нақақтан атылған. Анасы мәжікен (1879-1938) перзенті Смағұлдың қайғылы қазасы мен күйеуінен жазықсыз айдалғанын көтере алмай, құсадан дүние салған. Смағұлдың жалғыз бауыры - қарындасы Орынбасар да (1916-1990) өмірден өгейлік, тағдырдан тәлкек көріп, өкіметтен бір тиын да зейнетақы алмай көз жұмған.

С. Сәдуақасов ұшқан ұяның қайғылы халі, міне осындай [1. 7] .

1912 жылы ауылындағы Әбіл молда Қуанышұлының шығыс пен батыс білімін қатар негіз етіп алған мектебін тәмамдаған Смағұл өмірінде түрлі дәрежедегі бірсыпыра оқу ордасының табалдырығын аттайды. Ол ауыл молдасынан хат танығаннан кейін көршілес Сарыкөл қаласындағы (қазіргі Омбы облысындағы Полтава ауданының орталығы) екі кластық училищеде оқыды. Омбы қаласы ол кезде оқу ордасы болатын. Білімнің соңына түскен Смағұл 1915 жылы осындағы ауылшаруашылығы мектебінен білім ала бастайды. Жалпы осы жерде Смағұлдың қоғамдық - саяси өмірге деген көзқарасчы қалыптасады. Және ол осы қоғамдық - саяси өмірге қызу араласа бастады.

Садуақасов 1914 жылы Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошмұхамед Кемеңгеровтер жасырын құрған қазақ жастарының алғашқы «Бірлік» ұйымына қатысты [7. 60] .

Смағұл Садуақасовтың Омбыдағы ауыл шаруашылығы училищесінде білім алғандығын 1993 жылы шыққан С. Сәдуақасовтың «Таңдамалы» І томында [1] 1915 жылы деп көрсетсе, 2003 жылы шыққан «Алаш үні» газетіндегі Қ. Кемеңгердің «Смағұл Сәдуақасұлы 1915-1916 жылдар арасында қайда болды?» [9] деген мақаласында 1916 жыл деп көрсетеді. Полтавкадағы училищені аяқтағаннан кейін Садуақасов бір жыл ел ішінде халық ағарту ісімен айналысады. Осы күнгі Омбы облысының аудан орталығы болып отырған Полтавка селосындағы 2 кластық орыс-қазақ училищесін үздік аяқтаған Смағұл Сәдуақасов 1915 жылдың тамыз айында ауылға мұғалім болып жіберіледі. Полтавкадағы училище меңгерушісі Ақмола облысы 1 ауданы халық училищелерінің директорына жазған хаттарынан біз Смағұлдың өмірбаянына қатысты құнды деректерді кездестіруге болады. 1915 жылы 18 тамызда жазып, № 104 деп белгіленген хатында ол өз қарамағында жұмыс істейтін Садуақасов, Наурызбаев секілді ауыл мұғалімдерінің қызметіне қанағаттанбайтынын жазады. Өз жұмыстарын орынды атқармайтын ол екеуінің орнына оқуын еғана бітірген Садуақасов, Сансызбаев, Әубәкіров секілді түлектерін тағайындауға рұқсат сұрайды [9. 3] .

Жоғарыда айтып кеткен «Бірлік» ұйымының мүшелері «ұлт мүддесіне бірігіп қызмет ету» мақсатында жалпы қазақ жастарының съезін өткізуге ұмтылыс жасайды [4. 48] .

Съезге қатысушылар өздерінің Совет өкіметін танитындығын білдіріп, арнайы қаулы қабылдайды. Осы съезде барлық жастар ұйымы бірігіп, «Жас азамат» деген жаңа ұйым болып, қайта құрылды. Оның басқармасына мыналдар кіреді: төрағасы Мырзаұлы, мүшелері Смағұл Сәдуақасов, Мұратбек Сейітұлы, Гуля Досымбекқызы, Әбдірахман Байділдәұлы.

Жалпы Смағұл Садуақасов Алаш партиясының құрамына кірмесе де, ол қызмет еткен «Бірлік» жастар ұйымының «Алаш» партиясының соңынан ергендігін, «Бірлік» ұйымының да негізгі мақсат-мүддесі «Алаш» партиясының мақсат-мүддесімен дәлме-дәл екендігін жоққа шығара алмаймыз. Және «Алаш» басшылары !Бірлік» ұйымына ықпалы болған.

Мәселен, 1917 жылы қазан мен қараша айлары аралығында Томскіде өткен Сібір автономиясы кеңесіне қатысып қайтқан Ә. Бөкейханов Омбыға соғып, арнайы ұйымдастырылған митингілерде сөз сөйледі.

Ал оның Омбы жастарымен кездесуі туралы «Қазақ» газетінде мынадай хабар берілген еді: «Томскіден қайтқан бетінде Әлихан Бөкейханов Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымына өзінің жасынан жинаған саяси һәм қазақтың жер-суы туралы жазылған кітаптарын сыйлап кетті [4. 48] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Жастардың даму кезеңдері
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологияларының мәні мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Дәстүрлі және қазіргі отбасыларға салыстырмалы талдау жасау
Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz