Сұлтан Бейбарыс тұсындағы Мысырдың сыртқы саясаты


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3-7
І тарау ХІІІ ғ Мысыр мемлекетінің саяси жағдайы . . . 8-18
- 1. 1 Мысыр елі және мәмлүктер . . . 8-131. 2 Мәмлүктердің Мысырға саяси билікке келуі . . . 14-18
ІІ тарау Сұлтан Бейбарыс тұсындағы мәмлүктік Мысыр . . . 19-39
2. 1Сұлтан Бейбарыстың билікке келуі және сұлтандық билігі . . . 19-26
2. 2 Сұлтан Бейбарыс тұсындағы Мысырдың сыртқы саясаты . . . 27-34
2. 3 Сұлтан Бейбарыс және Қазақстан . . . 35-39
ІІІ тарау «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» тақырыбын мектепте оқыту әдісі . . . 40-68
- «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» тақырыбын мектепте оқыту . . . 40-54
- «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» тақырыбы сыныптан тыс жұмыста . . . 55-68
- ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69-71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 72-74
ҚОСЫМША . . . 75-81
Өткен күнде белгі бар,
іздеушісі болса,
Келер күнге Тәңірі жар,
тілеушісі болса .
Халық даналығы .
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі: Қыпшақ даласында киіз үйде туып, есін білер-білместен құлдыққа сатылып, темір шынжырды сүйретіп Мысырдың аралына барып, мәмлүктердің ұрып-соққанына шыдай жүріп, ақ түскен кемтар көзіне қарамастан, араб елінің тағына отырған қазақ баласы бұрынды-соңды болған емес. Сонау заманнан қазіргі таңға дейінгі Мысыр елінде де, бүкіл дүние жүзі мойындаған қыпшақ перзентін бүкіл әлем пір тұтады. Батыр бабамыздың бейнесі ежелгі тарихи жазбаларда және әдебиет нұсқаларында осындай бір көрініс тапты. Ол туралы Мақризидің «мұсылман сұлтандарының ішіндегі ең қайырлысы еді» деп жазғаны тегін емес. [1. 209]
Шын мәнінде, қыпшақтар мәмлүк тарихының алтын беттерін жазған.
Қазіргі кезде Бейбарыс бабамыздың рухын асқақтату барысында істеліп жатқан істер аз емес. Әрине менің зерттеу жұмысымның өзектілігі де осы мақсатты қостамақ.
Сан ғасырлар бұрын қазақ сахарасының оңы мен солында, қиыры мен құбылысында даланы еркін жайлап, Жер - Ананың киелі топырағында әрлі - берлі көшіп - қонған жұрт көп еді. Дұшпанына қатал, бауырына адал, туған жерінің табиғатымен біте қайнасып, қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында алдына мал салған бұларды көшпелілер деп атаған. Жұлдызы жымыңдаған түнде оттың басында ән тыңдап, киіз үйде бесік тербетіп, даласына еркелеп өскен бұл халық ешкімге дес бермеген батырлар еді. Олар найза ұстап, садақ асынып, жараған тұлпарымен еңку - еңку жер шалып, туған жері мен қасиетті елі үшін қанын да, жанын да аямаған. [2. 260]
Көшпелілер даласын сүйсе, сол далаға таласқан жауы да аз болмады. Бабалар өсиеті - парыз, бақыты мен қайғысы - жазмыш. Осы топырақта не бір азуын айға білеген батырлар туған. Олар даланың қоңыр үніне құлағын тігіп тың тыңдап, жау жорығының бағытын белгілеген. Қанды шайқаста бетін топырақ жаппай қалғандары қаншама. Жанын сақтағандардың аты өшіп атаусыз қалды. Батырлары мәңгілікке ел аузында. Бұл өмірге кімдер келіп, кімдер кетпеді . . .
Аты аңызға айналған, жаугершілік кезінде тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылып, мысыр мәмлүктерімен бірге әскери дайындықтан өткен, моңғол шапқыншылығы мен крес жорығына қарсы соғыстарда асқан ерлік пен әскери қабілеттілігін көрсеткен, батырлығының арқасында дәрежесі тез өскен Бейбарыс-құлдықтан мемлекет тағына дейін өз күшімен жеткен мәмлүк сұлтаны еді. Ол өзінің ақыл парасатымен, жүргізген саяси істерінің ерекшелігімен басқа сұлтандар мен әмірлерден дараланып озық тұрды. Мәмлүктердің төртінші сұлтаны туралы тарихшылар қалам тартып, оның атқарған қызметтері, жасаған жорықтары, билікке келу жолы, мемлекетті басқару тәсілі туралы жазса, ақындар Бейбарыстың ерліктерін өздерінің жырларына қосқан. [3. 96]
Мәмлүктер кезеңіндегі жылнамалар ХІІ-ХҮІ ғасырларда жазылды. Осы кезеңдердің өзінде-ақ Қыпшақ жерінен шығып, Мысырды билеген сұлтан Бейбарыстың тарихи және әдеби тұлғасын жазып қалдырған авторлардың еңбектерін атап өту-біздің міндетіміз. 1225 жылы дүниеге келген ол атақты беріш руынан тараған, текті әулеттің ұрпағы еді.
Диплом жұмысының мақсаты: Моңғол зұлматынан қайғы жеп, қасірет көрген, қабырғасы қайысып, босып кетуге мәжбүр болған туған халқының кегі үшін өмір бойы шайқасқан нағыз патша - Бейбарысқа арналды. Оның қайталанбас ерлігі өсіп келе жатқан ұрпақтарына, біздерге үлгі болып қала бермек. Қазіргі ұрпақ үшін Бейбарыс бейнесін қалыптастыру. Абырой, ар, Намысты жоғары қойған қыпшақтар олардың даңқты көсемі ержүрек Бейбарс туралы өмірбаяндық шығармалар аздың қасы. Басты мақсат-айбынды қолбасшы, дана саясатшы, өз ұлтының адал перзенті, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарстың өмір жолы туралы араб тіліндегі бұрын қазақ оқырманына белгісіз болып келген деректерді жеткізу болып табылады. Ата бабаларымыздың мұрасын білу, біліп қана қоймай, оны зерттеп, оған ие блу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені даусыз. Ғылыми зерттеу жұмысымды жазу барысында Бейбарыс сұлтанның өміріне байланысты тарихшылардың жазғандары мен ғылыми еңбектерге, мерзімді басылымдарда жариаланған тарихи деректерге сүйендім.
Міндеті:
-Сұлтан Бейбарыстың қайталанбас тұлға ретінде қалыптасуын көрсету;
-Дүниені дүр сілкіндірген әйгілі саясаткер, мәмілегер ретінде таныту;
-Бейбарыс мемлекетінің қалыптасуындағы алғашқы бағыттарды айқындау;
-Бейбарыстың Мысыр мемлекетін яғни, мұсылман әлемін моңғол шапқыншылығы мен крест жорығынан сақтап қалған дарынды қолбасшы екендігін айқындау:
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Мысыр жерін билеген қазақ сұлтандарының соңғы ұрпағы ХІХ ғасырға түркілік сипатын жоғалтпай, аман-есен жетті. Қазіргі таңда Сұлтан Бейбарыстың ұлы тұлға екендігін әлемге танытып, Қыпшақ рухын асқақтатқан ұлы перзент екендігінде тарих шыңындағы шындықтың беттерін саралап, сырылмастай із қалдыру.
Тарихнамасы: бұл тақырып жөнінде қаншама жазылған еңбектер бар, бірақ та әліде болса көп зерттеуді қажет етеді. Әрине Бейбарыс бейнесі қазақ, мысыр тарихындада өшпес із қалдырарлықтай тарихи тұлға. Ғылым-білімнің өсіп-өркендеуіне ерекше мән берген Рукн-ад-дин Бейбарыс сұлтан сарайынан оған орын ұсынып, өзінің жеке хатшысы қылып, мемлекет тарихында болған, өз басынан өткен айтулы оқиғаларды хатқа түсіріп отырған. Бұл кітаптың құндылығы-сұлтанның көзі тірісінде жазылған. [9. 211]
Жалпы алғанда, мәмлүк дәуіріне қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат, Алеппо және т. б қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің кітапханаларында да сақтаулы тұр. Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжазба, сирек темір шақалар бар.
Ал жалпы мәмлүк тарихы, атап айтқанда, Бейбарыс сұлтандығы туралы Ибн Уасыл (1207-1297), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1292), Ан-Нуаири (1331 жылы қайтыс болған), Бейбарыс ад-Дауадар (1325 ж қ. б) секілді мұсылман тарихшылар қалам тартқан болса, Ал-Габурти, Ал-Джаһиз, Ибн Асир т. б әр түрлі ғасырларда өмір сүрген мұсылман тарихшылары да түркі, мәмлүк тақырыбын айналып кете алмаған. [20. 81]
Ислам историяграфиясында Бейбарыс туралы «сира»-өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Оның өзінде де шығармалардың біреуі қара сөзге түсірілген поэтикалық шығарма болып табылады. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Бейбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған. Бейбарыстың өмірі туралы қолжазба Түркия қаласында, Эдерне қаласында сақтаулы.
Әбу Мұхасин Юсуф ибн Тәңірбердінің (1409-1470) «Китаб ан-нужум аз-заһира фи мулук Миср уә-л-Қаһира» (Мысыр мен Каир иелігіндегі жарқын жұлдыздар кітабы) атты еңбегі Мысырды арабтар жаулап алғаннан бастап Бейбарыс билік құрған 1267 жылға дейінгі уақытты қамтиды- деп келтірілген. Қыпшақтан шыққан «мемлекеттік жасақ»- мәмлүктер әулеті Мысырды 1250-1517 жылдардың аралығында, яғни 267 жыл билеп барып тарих сахнасынан ысырылды. [10. 62-63]
Осы заманғы араб тарихшылары да мәмлүк тарихын зерттеуде. С. Ашур, М. Сурур секілді мысырлық тарихшылар сұлтан Бейбарыс туралы өмірбаяндық жеке кітаптар жазған. Француз тілінде де сұлтанға арналған жеке кітап бар.
Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастардың тарихи сабақтастығының жалғасы ретінде Қыпшақ даласының сүбелі бөлігіне ие Қазақстандай алып елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каир қаласында орналасқан Бейбарыс мешітін жөндеу ісіне мүдделілік танытып, ат шаптырым мешіттің миһрабын қайта қалпына келтіруге қазақ даласының әрлеу тастарын беруге дайындығы маңызды тарихыи қадам. Осы игі іс, сөзсіз, Мысыр жерінде билік құрған қыпшақ мәмлүктер, қалдырған орасан зор мәдени және материалдық мұраны игерудің басы болып табылады. [21. 77]
Ал, енді «пирамиданың ыстық төсіндегі шаң басқан граниттердегі қыпшақ сөздері» не дейді.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І тарау ХІІІ ғ Мысыр мемлекетінің саяси жағдайы.
- Мысыр елі және мәмлүктер
Мәмлүк сөзі ислам тарихында үлкен рөл ойнаған «ақ құлдарға» қатысты айтылатын сөз болып табылады. Мәмлүк сөзі араб тілінде «мәмлүк» - иеліктегі деген мағынаны білдіреді. Бастапқы кезде бұл сөз «абд мамлук» деген тіркестегі «иеліктегі құл» деген мағынаны білдірсе, уақыт өте келе «мамлук» сөзі субстантивтеніп, «абд» - құл сөзіне қарама - қарсы тек әскери мақсаттарға пайдаланылатын құлдарға қатысты айтылатын терминге, одан соң осы мәмлүктердің мемлекеттік құрылымдағы әлеуметтік орындарының жоғарылауына байланысты ресми титулға айналған. Мысалы, сұлтан Бейбарыстың хатшысы Ибн Абдузахир шығармаларында өзін «кіші мәмлүк» деп көрсетеді. Құлдан туған ғана құл саналған, ал мәмлүк азат жанұяда дүниеге келіп, кейіннен тұтқынға түскен немесе жастай құл базарында сатылған адам. Мәмлүк сөзін сұлтандар да өздерінің титулдарына қосып жазатын болған. «Малака» иелену, билеу деген етістіктің есімше формасы. Мәлік, мүлк, мемлекет деген сөздер де осы түбірден өрбиді. [15. 200]
Жалпы құл базарларында сатылатын әр түрлі ұлттардың өкілдерімен салыстырғанда түркі, оның ішінде, қыпшақтарға сұраныс көп болған, сондықтан олардың құны да басқалармен салыстырғанда жоғары болған. Мысалы, үш құл сатып алуға болатын ақшаға екі қыпшақ алуға ғана жететін. Оның себебі - қыпшақтар ат құлағында ойнаған шабандоз, құралайды көзге атқан мерген, шебер найзагер, екі - үш күн тамақ ішпесе де сыр бермейтін ыстыққа да суыққа төзімді және басқа да көшпенділерге тән қасиеттері бойына сіңірген басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда әскери қызметке дайын жауынгерлер болатын. Оның үстіне түркі ұлтының төңірегінде айтылатын әр түрлі аңыз әңгімелер де баршылық.
Тарихшылар мәмлүк әкелуші саудагерлерді сұлтандар қабылдайтынын, олар оған жалғыз мәмлүк әкелсе де оның құнының үстінен тиесілі сиапатын алатынын, басқа да сый - сияпат көретінін атап өтеді. Әрине, мәмлүк сұлтандары өз ұлтының аяқ-қолы балғадай, тепсе темір үзетін жігіттерін молынан әкелуге мүдделі болатын. Олар, сонымен қатар, базарларға келіп түсіп жатқан түркі қыздарын да қалдырмай сатып алып отырған. Сұлтан осы мақсатта арнайы қаржы бөліп, өз мәмлүктерінің қатарын толтыруға ерекше мән беретін. Мысалы, Бейбарыстың құл базарларынан өзінің отандастарын сатып алып отырғандығы және ол үшін мемлекет қазынасынан әрдайым арнай қаржы бөліп отырғаны белгілі.
Мысырда мәмлүктер өздерінің мемлекеттерін құрмастан көп бұрын пайда болған. Мысыр ол кезде араб халифатының бір бөлігі болатын. Жақия ибн Дәуіт деген түркі мәмлүк Мысырды 778-780 жылдары халифаның уәлиі ретінде билеген. [16. 297]
Көріп отырғанымыздай, түркі мәмлүктер Мысырда қыпшақтардан көп бұрын белгілі болған. Ашығын айтқанда, түркі құлдарының есік алды қызметшілері болып жүріп, қалайша мемлекеттік мансаптарға иелене алғандығын 1058 жылы қайтыс болған Ибн Хасул өзінің «Китаб тафдил ал-атрак ала саир ал-аджнад» (Түркілердің басқа ұлт жауынгерлерінен артықшылығы туралы кітабы») атты шығармасында жан - жақты негіздеп береді.
Тулун мен Ихшид әулеттерінен соң Мысырда билікке келген Фатима бибінің әулетінің тұсында да түркі мәмлүктер халифаның ерекше сеніміне кірген топ болып қала береді.
Шиит - мұсылмандар билігі болған Фатима әулеттерінің билігі имам Хусейн қаза тапқан күні, яғни 1171 жылдың мухаррам айының 10 күні зауал болады. [17. 251]
Тарихшылар мәмлүктер үйленуге, ұрпақ қалдыруға ұмтылып отырғандарымен, олар дәстүрлі түрдегі отбасы құрмаған деген тұжырым жасайды. Алайда өмірінің жартысынан көбі ат үстінде өтетін, үйінен гөрі түзде көбірек болатын көшпенділердің дүниеге көзқарасы мұсылман тарихшыларына осылай көрінген. Олардың өмір сүру тәсілдері ата - ана және перзенттер принципі негізінде құрылмаған, керісінше құлдықта бірге болған, одан соң бостандық алған, бірге тәрбие алған және қызметтес болғандар арасындағы тығыз қарым - қатынастарға негізделген деген тұжырым жасайды. Олардың пікірі бойынша үлкен мәмлүк пен кіші мәмлүк арасындағы байланыстар әке мен баланың арасындағы немесе аға мен іні арасындағы қатынастарға сай келеді. Сол кездегі мәмлүктер арасындағы қарым - қатынастарды білдіретін сөздер: «Ұстаз» әке секілді болса «аға» үлкен бауыр және «іні» кіші бауыр деген туыстық қатынасты білдіретін. Тырнақшадағы сөздер сол кезде, қазіргі заманғы қазақ тіліндегідей, осы түрінде қолданылған. Алайда, жат - жұртта жүрген мәмлүктер бір - біріне әке, аға - іні көрмесе, бір - бірін сыйлап, қолдау көрсетпегенде, бір ауыз сөзбен айтқанда, корпоративтік ынтымақтастық болмағанда олар есік алды құл болып жүре беретін еді.
Бастапқы кезеңдегі мәмлүктер арасында қалыптасқан тәртіп бойынша, олардың ұрпақтары әкелерінің әлеуметтік орнын не байлығын иелене алмайтын болған. Ұстаз қайтыс болған оның дүние мүлкі, жер иеліктері, мәмлүктері, құл - құтандары, әйелдері мен күңдеріне (мәмлүк әмірлері көп әйел алатын болған) дейін, барлығы оның орынбасары болған мәмлүкке қалатын болған. [35. 69]
Сонымен қатар, мәмлүктер үйленіп, отау құрғандарымен, олардың ішіндегі жүзбасы, мыңбасыларының жеке сарайларда тұрғандарына қарамастан олар әрқашан үйлерінен тыс жерде және өзінің мәмлүктерімен ғана ас ішетін болған. Егер кейбір мәмлүктер оқшау қазан көтеріп, бөлек ошақ жасаса оған басқа мәмлүктер қатты кеиитін.
Ұстаздың өзінің мәмлүктеріне әкедей болғандығы сұлтан Байбарыстың 1271 - жылы Мысырдағы мәмлүктеріне Димашқыдан жазған хатынан көрінеді. Онда ол «Сендерді сағынған балаларың, қалғандары үшін ағаларың, әкелерің сендерге сағынышты сәлемін жолдайды . . . » деп жазады. Бұл хат Байбарыстың тек сұлтан ғана емес біреуге әке, біреуге аға екендігін көрсетеді.
Мәмлүкті сатып алған, одан соң оның бас бостандығын беріп, тәрбиелеген ұстаз бен іні арасындағы байланыстар өте тығыз болғандығы туралы көптеген мысалдар бар. Мысалы, Бейбарыс сұлтан тағына отырғанда өзінің ұстазы әмір Айтегінді ұмытпай мәмлүк мемлекеттік құрылымындағы жауапты қызметтерге, атап айтқанда, Байбарыс мемлекетінің екінші ірі бөлігі болып табылатын Шам елдеріне өзінің найбы - орынбасары етіп тағайындайды.
Мәмлүк дәуірінің тарихшылары өздерінің шығармаларында мәмлүктің бірінші иесінің немесе бас бостандығын берген ұстазының атын тіркеп жазатын болған. Сұлтан Бейбарыстың әл-Бундуқдари аталуы да осы себептен. [33. 236]
Мәмлүктер сонымен қатар өзіне бостандық берген ұстазына ғана емес, өзінің ұстазының ұлына да адал болған. Байбарыс ұлы Суламышты тақтан түсіріп, Карак бекінісіне жер аударғанда, оның әкесі сұлтан Бейбарыстың досы, Шам наибы әмір Ақсұңқар сұлтан Қалауынның бұл шешіміне қарсы шығады. Осыған ұқсас оқиғаны тарихшы Ибн Тәңірберді 1308 -жылы Қалауын ұлы Мухаммад сұлтанды тақтан тайдырған сұлтан Бейбарыс Жашангирдің билігін Халаб, Химс және Хама әмәрлері мойындамайды, ұстаздарының ұлына адалдықтарын сақтағанын жазады. Әмірлер сұлтанға тағын қайтару үшін көмек берді деп көрсетеді.
Каир қаласында орналасқан осындай мешіт - медреселердің көбісі, егер белгілі діни мазһабтың дәстүрлі түрде жұма намаз оқитын мешіттері болмаса, шетелдік туристер үшін ашық. Олар мешіт ішін аралап, мұнарасының үстіне де шыға алады. [5. 131]
Мысыр - мәмлүктер билік құрған жер. Ысыр сөзі Құран кітабында жиырма сегіз рет, кейбір тарихшылар отыз рет кездеседі деп көрсетеді. Қалай болғанда да Мысырға келген жолаушыларды осы елдің әуе қақпасы Каир халықаралық әуе жайының кіре берісінде «Удхулу Мисра иншалла ааминин» - «Мысырға, құдай қаласа, сеніммен кіріңдер» деген аят жазуы қарсы алады.
Мысыр Атлантика мұхитынан Парсы шығанағына дейін созылып жатқан, кейбір жерлерде биіктігі 1000 метрге жететін сұр түсті сахарада орналасқан. Сахара бірде сусыма құмнан тұратын құм дөңдеріне айналса, көбіне қиыршық тастардан тұратын таулы қыраттардан тұрады. Биіктігі 150 метрге жететін құм жоталары жүздеген шақырымдарға созылып жатыр. Осы ұшы - қиыры жоқ жансыз кеңістікті оңтүстіктен солтүстікке қарай әлемдегі ең ұзын өзен - Ніл дәриясы кесіп өтеді. Халықтың осы өңірге табан тіреп тұруы және оның күнкөріс көзі мен шаруашылығы тікелей осы өзенге байланысты.
Мысырдың халқы кәзіргі кезде араб тілінде сөйлегенімен Ніл дариясының этносы болып саналады. Ал, тарихшылардың мысыр халқы туралы айтқандарына келсек, мысалы, Ибн Йиас өзінің шығармасында Мысыр және оның тұрғындары туралы қазақтың ұлы ақыны Абайдың өз ұлты туралы ащы болса да шындығын айтқанындай мысырлықтарды мақтамен бауыздаған. Тарихшы «Мысырдың Ніл өзені ғажап, жері алтын, бірақ жаулап алғандікі, әйелдері ойнақы, мүлкі тонаудан, байлығы әкелінген, халқы шуылдақ, қорықса ғана бағынады.
Тарихшы Абу Салт мысырлықтар туралы «Оларға ләззатқа құмарлық пен нәпсіқұмарлық тән, болмайтын іспен айналысады, болмайтын затқа сенеді. Жұмсақ мінезді, жағымпаз, жылы шырайлы. Қу, алдағыш, айлалы, басқа халықтардан той-домалаққа құмарлығымен ерекшеленеді».
Ибн Йиас түркі мәмлүктерін көптеп әкелген Мысыр әміршісі Наджмуддин Аюп еді деп көрсетеді. Олар Каир қаласының тұрғындарына көп қорлық көрсеткендіктен патшы Каир қаласының қасынан ағып жатқан Ніл дариясының ортасында орналасқан Рауда аралында қамал тұрғызады. Сол қамалға мәмлүктерді орналастырады, олардың саны сол кезде бір мың болатын. Содан бастап тқыпшақ мәмлүктерін «бахри мәмлүк» деп атай бастайды. Ол - «теңіз» мәмлүктері деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде үлкен өзенді «дария» деп атайтын секілді мысырлықтар да Ніл өзенін еркелетіп «бахр» - теңіз деп атаған, сондықтан бахрия мәмлүктері кейбір тарихшылар айтқандай, Мысырға теңіз арқылы келгендіктен емес. Бұл болжам негізсіз десе болады. [11. 104]
Мәмлүктердің басты міндеттері сұлтанды қорғау, жаумен соғысу, сондықтан арал айналасында қару - жарақ толтырылған әскери кемелер дамылдап тұратын болған. Кемелер мемлекет шетіне жау келді деген хабар жетісімен мәмлүктерді тиеп алып жолға шығатын. Рауда қамалының салыну себебі осы еді деп көрсетеді тарихшы.
Бұл аралдың бұрынғы аты «Мысыр аралы» Кейін Рауда атанып кеткен. Жасыл желекке оралған әдемі арал болған. Айбек сұлтан кезінде қамалдың тастары, темір терезелері, ағаш және т. б. материалдары сұлтанның медресесін салуға пайдаланылады. Алайда, сұлтан Бейбарыс таққа отырғанда Рауда қамалындағы қамалды қайта қалпына келтіреді. Сұлтан Бейбарыстың көне ескерткіштерді қайта қалпына келтіру ісінде сіңірген еңбегі ғажап. Уақыт өте келе, мұнараларын халық тұрғын үйлерге айналдырып, оларға жапсыра соққан лашықтары қамалдың жұрнақтарын біржолата жұтып кетеді. [6. 368]
1. 2 Мәмлүктердің Мысырға саяси билікке келуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz