ТҰЛҒАНЫҢ ҚОРҚЫНЫШЫ МЕН МАЗАСЫЗДАНУ КҮЙЛЕРІНІҢ ТАБИҒИ АПАТТАРДА ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ТАБИҒИ АПАТТАРДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚОРҚЫНЫШЫ МЕН МАЗАСЫЗДЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
- Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын табиғи апаттарда зерттелуінің психологиялық астары . . . 6
- Мүмкін болатын табиғи апаттардың адамзатқа тигізген әсерлері . . . 13
- Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу теориялары мен механизмдері . . . 22
2. ТҰЛҒАНЫҢ ҚОРҚЫНЫШЫ МЕН МАЗАСЫЗДАНУ КҮЙЛЕРІНІҢ ТАБИҒИ АПАТТАРДА ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2. 1 Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен үрейленуін зерттеу . . . 39
2. 2 Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын табиғи апаттарда зерттелуінің сандық өңделуі және сапалық талдау . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адам баласы таиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның әлеуметтік-психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады.
Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары: жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Короленко И. П., Гостюшин А. В., Лебедев В. И., Черноушек М., Душков Б. А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін Андрусенко В. А., Сапунов В. Б., Щербатых Ю., мазасыздануды Спилбергер Ч. Д., Касииль Г. Н., өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер етуі, оның күнбелікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды.
Мүмкін болатын табиғат апаттарда адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге боладыф. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым-үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады.
Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі - сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы жаңадан ХХ ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің қатарына көтерілді. Адамның эмоциялық толғаныстарының ерекшеліктері негізінде зерттеу мәселесі психологиядағы теориялық және әртүрлі қолданыстық мәселелерді шешу кезінде өте маңызды. Бұл мәселенің маңыздылығы адамның мүмкін болатын табиғи апаттардағы қорқынышы мен мазасыздығын Алматы қаласының сейсмологиялық қауіпті зонада орналасқанынан байланысты зерттеуге алынды.
Адамдардың табиғи апаттардың алдын-ала сезінуі ғылыми тұрғыдан түсіндірілмеген. Сонымен бірге, қарастырылатын жұмыс психологиялық жағынан жаңа және өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу мәселесі: Адамның эмоциялық толғаныстарының ерекшеліктері негізінде зерттеу мәселесі психологиядағы теориялық және әртүрлі қолданыстық мәселелерді шешу кезінде өте маңызды.
Зерттеу мақсаты: Мүмкін болатын табиғи апатттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу кезінде психологиялық әдістер көмегімен қорқыныш пен мазасыздықтың психологиялық сипатын анықтау.
Зерттеу нысаны: 19-29 жас және 30-40 жас аралығындағы Алматы қаласының тұрғындары.
Зерттеу пәні : мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- тақырыпқа байланысты шет ел және отандық психологтардың еңбектерін қарастыру;
- мазасыздық пен қорқынышты психологиялық зерттеуде әдістер арқылы анықтау;
- ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.
Зерттеудің болжамы: табиғи апаттардың ықтималдығына байланысты адамдарда қорқыныш пен мазасыздық күйлері бар.
Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныш және мазасыздық күйлерінде айырмашылық болады. Мүмкін болатын табиғи апаттар адамдарда қорқыныш пен мазасыздық тудырады.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері : мүмкін болатын табиғи апаттарды және тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын сипаттайтын психологиялық механизмдердің талданылуы және осы мәселе бойынша әртүрлі психологиялық еңбектердің қарастырылуы.
Зерттеу әдістері:
- Сауалнама;
- Тейлер пікіртерімі;
- Тұлғаның мазасыздығын бағалау мәселелері (Ч. Спилбергер мен О. Л. Ханин бойынша) ;
- Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнама.
Зерттеудің практикалық базасы: Алматы қаласының тұрғындары
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алматы қаласының сейсмологиялық зонада тұруына байланысты тұрғындарда қорқыныш пен мазасыздық күйлері болғандықтан, тұлғаның табиғи апаттардағы қорқынышы мен мазасыздығын психологиялық әдістер көмегімен зерттеу.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері Алматы қаласында мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу жалпы психология психофизиологияда сынау мүмкіндігін береді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспе, 2 тараудан (теориялық және эксперименттік), пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қорытындыдан тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі - 60 бет. Пайдаланған әдебиеттер саны - 60.
1. ТАБИҒИ АПАТТАРДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚОРҚЫНЫШЫ МЕН МАЗАСЫЗДЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
1. 1 Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын табиғи апаттарда зерттелуінің психологиялық астары
Эволюция процесінде адам арнайы жағдайларға қоршаған орта, метеорологиялық - климат, әлеуметтік-психологиялық қатынастарға бейім келеді. Қазіргі замандағы өркениеттің даму барысында адамға жаңа міндеттер қойылып, принципиалды жаңа әсерлердің пайда болуы, ғылыми-техникалық революциямен байланысты, өмір қозғалысының, уақыттың бірлігінде өсу сапасының өзгеруі, әртүрлі ситуациядағы туындайтын жағдайлар, таптаурындардың әдеттегі шегінен аспайды.
Адам баласының табиғатқа қатынасы қашанда әдемілік негізін қалаған. «Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Ол денсаулық, шабыт және шығарманың қайнар көзі» - дейді П. И. Мариковский.
Табиғаттың тозуы бұл экологиялық дағдарыс. Бұл - ғаламат опат. Адам табиғаты қалыпты жетіліп дамуы үшін самал желді, жаңбырдың себелеген дыбысын, құстардың дауысын, өзен ағынының дамуын тілейді. Адамзат жер бетіндегі табиғи құбылыстардың бәрінен ләззат алады. Адамдардың климат-метерологиялық жағдайындағы территорияларында тұруы, тұрғын үй комплекстерінің құрылысы, өнеркәсіптің дамуы, психофизиологиялық бейімділігіне байланысты. Адамның адаптивті ресурстарды максималды қолдану арқылы өмір сүруі организмнің бейімділігінде қалыптасады /14/.
Табиғ апаттар адамның психологиялық көңіл-күйіне қатты әсер етуінен қорқыныш пен мазасыздық пайда болдып, жеке және топтық жүріп-тұрысқа әсер ете, сыртқы ортаға күнделікті бейімділігімен іс-әрекетін бұзады /16/.
Мүкін болатын табиғи апаттардың белгісізі уақытта болу ерекшелігімен айқындалады. Апаттың мүмкін болатын табиғи түрде басталу процесінің екі аспектісі анықталған: қауіптілігі мен катастрофаның болу мүмкіндігі. Қауіпті апатқа адамның психологиясы мен әрекетіне әсерін тигізетін жер сілкінулер, цунамилер, циклондар, жанар таулардың атқылауы, қар көшкіндері, су тасқыны жатады.
Қарапайым құбылыстардан «кездейсоқ процестер» деп, екінші эрозиялыр, желдің шанды көтеруі, құмдардың көшуі. Мүкін болатын табиғи апаттар адамдарды жиі өз құрбанына айналдырады. Соңғы 100 жылда 9 млн. адам су тасқынынан, 1 млн. жер сілкінуден, 1 млн. қатты желдерден, тайфун және тропикалық циклоннан қаза тапты. Миллиондаған жандардың өмірін қиған эпидемиялық мүмкін болатын табиғи апаттардың спутниктері, құрғақшылықтар.
Тарихи және әлеуметтік жағдайларға байланысты террриториялардағы экономиканың деңгейі, жерді игеруі, географиялық аудандар басқа процестермен бірігуі, орналасауы, ауа-райы құбылысының ұзақтығы мен интенсивтілігіне орай табиғи апаттар болуы мүмкін.
Тұлға - адамның әлеуметтік сапалы жүйесі. Оның санасы, интеллектісі, адамгершілігі, адам құндылықтарының дамуы ішкі дүниесі тұтастай сипаты болып келеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, ақпараттар тұлғаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Жағдайлардың туындауы, шыдамдылықты сақтау мүмкіндігінің, әртүрлі дағдарыстарды шешуге әкеледі /15/. Субъективті нақтылық оның сенім шегінің жоғары болу мақсатымен сәйкестендіру.
Субъективтілікті көрініс ретінде қарастырсақ, жекелей алғанда көптеген адамдар өзгелер не істесе соны істеуге өзін көндіреді. Экстремалды жағдайларды сезіну, оқиға барысында өзін меңгеру жағдайлары ескерілемейді /30/.
Қазіргі өркениетте адамдарда өміріндегі қиыншылықтар мен қауіптерді мүмкін болатын табиғи апаттардың қиянаттарын үлкен мәселе етіп көтеруде. Жер планетасын және әр адам құндылықтарын сақтауда бүкіл ғалам әрекет етуде. Сақтауды қамтамасыз ету өздігімен емес, арнайы қызмет көрсету орындары жүргізу тиіс. Ол адамның жеке өмірін қамтамасыз етуде үздіксіз үзбей атқарылуы тиіс. Адамдар өмірін сақтауға байланысты алдарына қойған міндеттері:
- мүмкін болатын табиғи апаттардың адамға тигізетін психологиялық әсерін анықтау;
- мүмкін болатын табиғи апаттардағы әр адамның дайындығына байланысты әрекеттері;
- мүмкін болатын табиғи апаттардан адамда сенімділік пен жеке мүмкіндіктерінің жетістіктерін мотивтер арқылы қалыптастыру;
- апаттардың кездейсоқ екендігіне орай бойындағы сапалы қасиеттерді
дамыту (ұстамдылық, әрекетті тез игеру, өзін-өзі басқара білу және т. б. ) ;
- апаттар жайында білімдер, дағдылар, іскерліктерді қалыптастыру
- арнайы топтардың сенімді көмегін ұйымдастыру. Бұл міндеттердің шешімі адамдардың өмірі мен іс-әрекетінің (тұрғылықты мекен-жайы, жасы, кәсіби әрекеті, әлеуметтік ортасы, әлеуметтік жағдайы) ықтималдығына байланысты.
Адамдарды апат болған жағдайда психологиялық тұрғыдан күйі мен әрекетін, мінез-құлқын тану өте күрделі.
Апат - объективті-субъективті жағдайлардың реалды жиынтығы, адам болмысының ерекшеліктеріне, оның өмір сүру әрекетіне белгілі бір уақытқа байланысты сипаты.
Апат - әлеуметтік-табиғи тұтастылық.
Қазіргі кездегі апат барысында адамның психологиясына жүйелі бағытта ерекшелігін анықтап, уақытша қиындаған функционалды тұтастылықты, адамның ішкі-сыртқы жүйесін қарастыру. Өзара байланыс, өзара ұйымдасқан, бір-біріне әсер ететін - адамның шешімі, мінез-құлқы, қылығы, әрекетінің интегралды, оның қалыптасуының жүйелі өнімі.
Адамның апат жағдайындағы жүйесі:
Апат жағдайының компоненттері:
- сыртқы орта, сыртқы жағдайлар;
- тұлғалық-жағдайды бастан кешірген адамның әрекетті таңдауы;
- мінез-құлық - адамның жету мүмкіндігі.
Компоненттер бір адамның өзінде тұрақтылықты сақтамайды. Біркелкі оқиғалар, адамдардың индивидуалды ерекшеліктеріне қарай қабылданады. Бұл негізгі үш компоненттің нәтижесі адамның психикасында сапалық қасиеттері, процестері, механизмдері басты роль атқарады /12/.
Апат кезінде болған адамның психологиялық құбылыстары:
- апаттың жеке факторларындағы адамның бағалауы, кез-келген фактор адамға субъективті қабылданады;
- апаттың мәнділігі және оған қарым-қатынас, критерийдің мәнділігін адам кез-келген реакцияда көрсетеді. Апаттың мәнділігі жоғары болған сайын адамға күнделіктен өмірден жоғары психологиялық әсерлер күшті реакция береді.
- апаттағы мотивациялық белсенділіктер: адам қандай мақсатпен ұмтылады, жету белсенділігі мотивацияға байланысты. Кей мотивтер адамды жетелеп алып шығады. Ұлы қуаттар ұлы мақсатқа жету үшін туылады, кім мақсатына жеткісі келеді тәсілдерін іздестіреді, кімге бәрібір себебін іздестіреді.
- мобилизациялы - жеке мүмкіндіктер, апат барысында дұрыс мінез-құлық пен әрекет қажет, жетістік пен сақтануды қамтамасыз ету.
- мінез-құлық, әрекетті, шешімді қабылдаудағы бейміділігін апат кезіндегі дайындық анықтайды.
- адамның психикалық күйі. Адамның қолайсыз күйден арылудағы мүмкіндіктеріне тәуелді.
- мінез-құлықты басқару - адамның өзін-өзі басқарудағы психикалық әрекетті өзін-өзі реттеу, өзін-өзі меңгеру, қадағалау, тепе-теңдік күйін сақтау /14/.
Апаттардың типтері:
- Объективті экстремалды апат: сыртқы ортаның қауіптілігіне адамның шамасы жетпейді. Ол қиянаттар, қауіптерден, қиыншылықтардан тұрады.
- Экстремалды мүмкін апат. Жабық түрдегі қауіптер. Оның объективті дамуына адамның тікелей әрекетінен болады. Мүмкін болатын апаттарды болдырмас үшін байқағыштық, аңғарымпаз, апаттардың ықтималдық пайдла болуын, өсу тұстарын білу және түсіну.
- Жеке виктимді экстремалды апат: адамның психологиялық және әлеуметтік қалыптасуының төмендігінен пайда болады.
- Қиялдағы экстремалды апат: адамның қылығынан емес, қиялында болады. Олар адамға қорқыныш, мазасыздық тудырып, өзіне сенімділігін азайтады /12/.
Табиғи апаттардың адамда психикалық күйіне өзгеріс енгізетінін 1979 жылы В. И. Медведев, «Апаттың ықтималдығы экстремалды ұғымның абсолюттті болуында емес» деп көрсеткен. Психологиялық жағымсыз күйлердің әртүрлілігі адамның қабылдау мәнділігіне байланысты. Әр апаттың сипаты адамның белсенділігін талап етеді.
Арнайы белсенділік - адамның қатаң түрдегі ерекше шешімінің нәтижесінде жетістікке жету бейімділігі.
Арнайы емес белсенділік - өзін-өзі қарсылыққа дайындамау, ерік-жігердің төмендігі. Адам тек организм ғана емес, ол тұлға ретінде өзінің күш-қуаты сарқылғанша табиғатпен бірге өмір сүреді. Жағдайға бағдары, шешім қабылдау, қылықтар жасауы, әрекетті орындауы, жеке өмірін қамтамасыз ету және реттеу адам болмысына табиғи факторлар әсерін тигізеді. Психикалық күйлердің шегіне жетуі адамның жүйкелік ерекшеліктеріне әсерін тигізеді. Адамның бейімділігі жоғары болып, тұрақтылығын сақтау тиіс /12/.
Мазасыздану - төнген қауіпті алдын-ала сезумен байланысты дискомфортты сезіну ретінде сипатталатын тұлғаның психологиялық қасиеті. Мазасыздану адамның маңызды қажеттіліктерінің көрінісі болып табылады. Ғалымдар мазасыздануды 2 аспектіде қарастырады:
- Эмоциялық күй.
- Тұлғаның темпераментінің ерекшелігі, тұрақты қасиеті.
Ресейдің психологиялық әдебиеттерінде құбылысты былайша ажырату «үрей және мазасыздану» ұғымдарымен сәйкес белгіленген. Соңғы термин құбылысты айқын, толық көрсету үшін қолданылады /Прихожан А. Н., 1997/.
Мазасыздану мәселесін бағалау жағдайында психология ғылымында екі тенденция бөлінеді. Бір жағынан мазасыздану феноменінің анық еместігі мен жете зерттелмеуіне сүйену біздің елімізбен қатар шетелдегі мазасыздану мәселесіне арналған жұмыстар үшін тән. Оларда бұл термин негізінде әртүрлі құбылыстар түсіндірілетіндігі және мазасыздану зерттеудегі бірқатар қарама-қайшылықтар тек бағыттар арасында ғана емес сонымен қатар бір бағыт ішіндегі авторлар арасында, ұғымға өз пікірі тұрғысынан ғана қарау бар екендігі көрсетілген.
Мазасыздану - санасыз дау-жанжал деңгейінде басталатын реакция. Мазасызданудың қорқыныштан айырмашылығы оның белгілі бір объектісі болмайды. Мазасыздануға негізсіз қорқыныш, үрей тән. Мазасыздану әрқашан интрапсихикалық яғни оның себептері ішкі болып табылады. Мазасыздану тіптен негативті сипатта болмайды. Әр адамда оптималды немесе қалыпты деңгейде мазасыздану бар. Бұл тұлға белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Мазасыздану бұл ең алдымен қауіптен сақтандыру сигналы, бұл бағыт бағдарлаушы процесс. Осы жағынан бұл процесс құнды болып табылады. Мазасыздану сигнал ретінде біздің әрекеттерімізді, өзімізді белгілі бір жағдайға бейімдейді.
Мазасыздану бұл тек қауіптен алдын-ала сақтандыратын сигнал ғана емес, сонымен қатар белгілі бір деңгейде дау-жанжалдан қорғайды. Себебі психикалық қорғаныс механизмдерін жұмысқа қосады. Бұл мәселеге тек психология және психиатрия ғылымдарында ғана емес сонымен бірге биохимия, физиология, философия, социология ғылымдарында да көп зерттеулер арналған жариялаулардың саны жыл санап көбейіп келеді. Бірақ олардың көпшілігі батыстық ғылымдарға тән екенін ескерген жөн.
Үрей - барлық эмоциялардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Үрейге қатысты зерттеулер қатары осы маңызды эмоцияны жете түсіну үшін өте тамаша негіз болады. Үрей мәселесін бірқатар мамандар қарастырған. Осы мәселеге көп көңіл бөлген Рэчмен болды. Оның концепциясында жағдайға байланысты алынған травматика белгілі бір қорқынышты тудырып, ауыру сезімін түйсіндірді. Үрей сезімін сезінген адамды табу өте қиын. Алаңдаушылық, мазасыз болу, үрей сияқты эмоциялық көріністер біздің өмірімізде орын алатын - қуаныш, таң қалу, қайғыру, жылау көріністерімен сәйкес келеді. Бірақ, үнемі үрейде болу оның шектен тыс болуы адам мінез-құлқын эмоционалдық салдыққа дейін өзгертеді. Тұрақты үрей - бұл бала тұрмақ үлкендердің өзі жеңе алмайтын, адам мінезін жағымсыз жаққа әкелетін күш. Бала қорқыныш үрейімен, дұрыс санаса алсақ, оның не себептен пайда болғаның ұғына алсақ, олар ізсіз жойылады. Егер, үрей ұзақ уақыт сақталатын болса, жағымсыз әсерлер оның себебі болып отырса, бұл құбылыстар отбасындағы дау-дамайлық қарым-қатынастарға ата-аналардың теріс мінез-құлықтарына ата-аналардың теріс мінез-құлықтарына тікелей байланысты болып, баланың жүйке-жүйесінің тозуына және физикалық, яғни дене күшінің әлсіреуіне әкеп соғады. Балаға дұрыс әсер ету үшін, оның бойындағы алатын үрейден құтылуға көмектесу үшін ата-анаға жалпы үрей туралы түсінікті ұғыну керек. Бұл жағдайда ол қандай функцияларды атқарады, қалай пайда болады және дамиды, көп жағдайда балалар неден қорқады және неге қорқады осылар туралы білімі болуы қажет.
Ресейлік әдебиеттерде мазасыздану мәселесіне арналған зерттеулер аз. Олар фрагменттік сипатта. Бұл көбіне әлеуметтік себептерге байланысты. Сонымен қатар ресей психологиясында бұл мәселенің жете зерттелмеуінің себебі батыстың психология және психатрия ғылымдарында психоанализ, экзистенциалды бағыттардың өріс алып дамуы. Соңғы он жылдықта ресей психологтарының мазасыздану мәселесін зерттеуге деген қызығушылықтары қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты күрт арта түсті. Сонымен қатар, қазіргі заманда Ресей елінде мазасыздану нақты қолданбалы мәселелер шегінде зерттелетінін ескерген жөн. Мазасыздану мәселелерін зерттеудегі мұндай жағдайдың себебі Ресейдің психологиялық ғылымдарының даму логикасымен байланысты. Онда эмоция және эмоциялық күйлерді зерттеу психофизиологиялық деңгейде жүргізіледі. Мазасыздану жалпы мағынасында қауіпті сезінумен байланысты жағымсыз эмоция. Мазасыздану құбылысына тән қауіпті алдын-ала сезіну ерекшелігі, оның басқа эмоциялық құбылыстар арасындағы маңыздылығын көрсетеді. Мазасыздануды эмоциялық күй (жағдайлық мазасыздану) ретінде және үнемі мазасыздық күйге бейімділіктен көрінетін жеке психикалық ерекшелік, тұрақты қасиет ретінде бөліп қарастырады /Ханин Ю. Л., 1980/.
Психикалық деңгейде мазасыздану күштену, уайым басу, тынымсыздану невроздық, жалғыздық, шешім қабылдай алмаушылық байқалады.
Физиологиялық деңгейде мазасыздану ерекше реакциялық жағдай. Мазасыздану кезінде жүрек қағысы, тыныс алу жиілеп, қан қысымы көтеріледі, жалпы қозу күшейеді.
Кез-келген сферадағы (тестік тұлға аралық, экологиялық) тұрақты мазасыздануды - генеранизацияланған мазасыздану деп атау қалыптасқан. Ол адам өміріндегі маңыздылығының өзгеруіне байланысты еркін түрде объект ісін өзгертеді.
Мазасыздану қауіпті жағдайда сигнал ретінде, мүмкін болатын қиындықтар мен мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңу үшін бар күшті жұмылдырып, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан мазасызданудың қалыпты (оптималды) деңгейі ақиқат жағдайына нәтижелі бейімделу үшін қажет болып табылады, ал мазасызданудың жоғарғы деңгейі керісінше дезадаптивтік реакция ретінде қарастырылады.
Мазасыздану мәселесін зерттеуде, қалыпты бейімделуге кедергі келтіретін құбылыс ретінде мазасызданудың тіптен жоқ болуы және іс-әрекеттің өнімділігімен қалыпты дамуына кедергі келтіретін тұрақты мазасыздану қарастырылады. Мазасызданудың тұлға дамуына әсері әлі де нақты анықталмаған, дегенмен мұны ең алғаш айтқан С. Кьеркегор болды. Оның пікірінше мазасыздану адамзат өмірінің тарихын анықтаушы негізгі фактор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz