Қонақ үйдің қызметтері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туристік нарық ерекшеліктері
1. 2 Қонақ үй шаруашылығының теориялық негіздері
1. 3 Туристік нарықтың бәсекеқабілеттілік түсінігі және көрсеткіштері
2 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2. 1 Туризм дамуының қазіргі жағдайын бағалау
2. 2 Қазақстан Республикасының қонақ үй индустриясының қазіргі жағдайы
2. 3 «Космонавт» қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін талдау
3 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту
КОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен трансұлттануы, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының президнті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа жолдауында бірнеше аталып өтілді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөльдің бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 %-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9- шы жұмыс ор - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір және 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
- Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды;
- Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі;
- Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық- тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып- білудің бірден- бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл- ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.
Дипломдық жұмыста қаралатын мәселе- Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы мен туризмнің дамуының бәсекеқабілеттілігін талдау. Негізгі мақсаты- аймақ бойынша туризм дамуының қазіргі жай- күйіне талдау жасау және оны дамытудың мәселелерін шешу. Дипломдық жұмыста Қазақстанның туристік қызметі сипатталып, 2007-2008 жылдардағы статистикалық мәліметтерді қолдана отырып қазіргі уақыттағы және келешектегі даму жағдайлары талданады. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының туристік саласы мен қонақ үй шаруашылығын дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу және оларды дамытуда нақты ұсыныстар жасауында көрінеді.
Осы қойылған мақсатқа байланысты міндеттер:
- нарықтық экономикада туризмнің әлемдік тәжірбиесі мен теориялық негіздерін талдап қорыту;
- Қазақстанда қазіргі заманғы жағдайларға сай қонақ үй шаруашылығын құру мүмкіндіктерін негіздеу;
- туризм индустриясын мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеу;
- Қазақстанда туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға кластер ықпалын анықтау;
- туристік салада кластерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда туризм және қонақ үй индустриясының теориялық негіздері, туристік нарық ерекшеліктері, қонақ үй шаруашылығының теориялық негіздері, туристік нарықтың бәсеке қабілеттілік түсінігі және көрсеткіштері қарастырылады.
Екінші тарауда туризм және қонақ үй шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін талдау, туризм дамуының қазіргі жағдайын бағалау және оның бәсеке қабілеттілігін анықтауда туристік кластердің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қонақ үй индустриясының қазіргі жағдайы мен Қарағанды қаласы қонақ үй индустриясының бәсеке қабілеттілігін талдау жасалған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасы туризмін мемлекеттік реттеудің маңызы, отандық туризмді жетілдіру жолдары, туризм саласын мелекеттік қолдау қарастырылған.
1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туристік нарық ерекшеліктері
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде Алматы облысында мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны. Қазіргі заман жағдайында қоршаған ортаны танып білуге және қоғамдық игіліктерді қалыптастыруға бағытталған түрлі көлемдегі қызметтер бар. Халықтың әл - ауқатының жоғарлауымен адамдардың табиғи қажеттіліктері жаңа елді мекендерді ашуға, оның ішінде саяхатқа деген сұранысты арттырып отырды. Саяхаттың өзі туризмді тудырады. Туризм бұл тек орын ауыстыру ғана емес сонымен қатар көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді де анықтайды. Адамдардың бір - бірімен қарым-қатынасы, әлемнің мәдени, табиғи көрнекіліктерімен танысуы тек қана туризм арқылы жүзеге асады.
XX ғасырдың екінші жартысында туризм әлемдік экономиканың ең қарқынды дамушы саласына айнала бастаған. Ал қазір аяғына қарай өзінің айналымы мен табыстылығы бойынша ол мұнай өндіру және автомобиль құрастыру саласымен бәсекеге түсе алатын саланың біріне айналған. XX ғасырда БТҰ-ның мәліметтері бойынша тек халықаралық туризмге ғана 700 млн. Адам тартылған. Ал ішкі туризмді қоса алатын болсақ, әлемнің жартысына жуық халқы жыл сайын туристік бизнеске тікелей қатысы бар екенін көреміз. Соңғы екі онжылдықта әлемде көлік құралдарының жетілдірілуі, жаһандануы, ақпараттандыру туризмнің серпінді дамуына әсер еткені соншалық, тіпті ендігі соңғы онжылдықта оның әлемнің басты саласы болатынына, мықты индустрияға айналатынына күмән жоқ. Дегенмен қазіргі уақытта әлемдік туристік ағымға әсер ететін тарихи және әлеуметтік қақтығыстарға қарамастан бұл саланың дамуына алғышарттар жеткілікті. Тіпті дәл осы қақтығыстардың өзі тәжірибе көрсеткендей нақты туристік ағымдардың негізгі бағыттарын айқындап береді. Ал осы ағым әлем бойынша әлі ұдайы өсу үстінде. Туризм халықтың табысы мен өмір сүру деңгейіне тікелей байланысты. Елдің әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарған сайын елдегі халықтың туризмге деген сұранысы да өседі. Керісінше, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы төмен болса, халықтың туризмге, саяхаттауға деген сұранысы, қажеттілігі төмен болатыны белгілі. Бұл қағиданы әлемдік деңгейде елдің дамуының құрама және өзіндік интегралды көрсеткіші ретінде қараған жөн. БТҰ-ның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндіріс және қызмет көрсету нарығының 10% айналымын қамтамасыз етеді. Туризм саласы әлемнің жалпы ұлттық өнімінің 6%-ын, әлемдік инвестицияның 7%, әр бір 16-шы жұмыс орнын, әлемдік тұтыну шығындарының 11%, күллі салықтық түсімдердің 5%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштердің барлығы да туристік индустрия қызметінің аясына тікелей экономикалық әсер етеді. Қазіргі уақытта (туризм) ұғымына нақты тұжырымдама, анықтама беру туралы туындаған сұрақ маңызды болып қала бермек. Көптеген авторлар туризм ұғымына толықтай анықтама берілуіне тырысып-ақ жүр. Әр автордың айтылған пікірі өзінше ерекше және де айтылған әр ой-пікір бұл терминнің жан-жақты қарастырылуына, ашылуына өз әсерін тигізеді. 1980 жылы әлемдік туризм бойынша Манила декларациясында былай делінген: (туризм қызмет көрсету ретінде ұғынылады және де халық өмірінде маңыздылыққа ие бола отырып, халық аралық қарым-қатынастар мен мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, экономикалық аумағына тікелей әсер ететін күш (1980 жыл қазан Филипин)
1993 ж БҰҰ-ң комиссиясы туризмнің анықтамасын кеңірек ашуға тырысты: «Туризм бұл іскерлік, демалу және өзге де мақсатта бір жылдан асырмай, өзінің тұрғылықты жерінен басқа елге саяхаттайтын жеке тұлғаның қызметі.
Халықаралық Туристік Академиясының берген анықтамасы бойынша: «Туризм бұл көңіл көтеру, емделу немесе демалу мақсатында жаяу немесе белгілі бір көлік құралымен саяхаттау». П. Г. Олдак айтып өткендей, қазіргі заманғы ғылыми, жинақтылық ұғымында «Туризм - бұл тұрғылықты жерді немесе жұмыс орнын ауыстыруға байланысты саяхаттайтын тұрғындардың барлық қозғалыс түрлерінің жиынтығы».
1986 жылы туризм бойынша өткен Гаага декларациясының парламентаралық конференциясы туризмді мыңдаған адамның күнделікті өміріне араласатын құбылыс ретінде анықтады. Туризм адамдардың тұрғылықты орнына және тұрақты жұмыс орнынан еркін қозғалуын және осы қозғалыстың нәтижесінде пайда болатын қажеттіліктерді қанағаттандыратын қызмет аясын білдіреді. Туризм бір уақытта қазіргі қоғам өмірінің сапасын жақсартуда нәтижелі және шешуші фактор бола алады.
АҚШ-та туризм ұғымына адамның тұрғылықты жерінен өзге елдерге сапар шегудегі барлық қозғалыстарын айтады.
«Туризм» ұғымына М. А. Жукова қызғылықты да, салыстырмалы да, толық түрде қорытынды береді. Онын пікірінше, туризмнің бір түрдегі анықтамасы әлі де жоқ дейді. Туризм әлемдік және отандық экономиканың жаулап алушы саласы ретінде болуы қажет. Туризмді бөлек сала ретінде бөліп қараудың ешқандай қажеттілігі жоқ деп көрсетеді.
Қазақстандық автор Г. М. Дүйсен «туризм » ұғымына өзіндік, ерекше көзқарасын білдіреді: «Туризм - емделу, рекреация, түрлі қызмет түрлерімен айналысу мақсатындағы адамдардың уақыт және кеңістік бойынша қозғалысы» дейді.
Қарап отырсақ, әр автордың туризм ұғымына берген анықтамалары оның тек бір жағын ғана қарастырады, дегенмен осы күнге дейін нақты жалпылама түрдегі анықтаманың жоқтығы мазалайды. Біреулері - туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағын, екіншілері оның әлеуметтік-құқықтық жағын қарастырады.
Бүгінгі таңда туризмге кеңірек және тереңірек түсінік берген дұрыс. Біздің ойымызша, туризмнің анықтамасы екі бағытта қарастырылуы қажет: географиялық және экономикалық.
Географиялық бағытта туризм сұраныс пен ұсыныстың кеңістіктік - территориялық қызмет етуінің негізін анықтайды. Экономикалық бағытта сұраныс пен ұсыныстың тұтынушылық - шаруашылық негізін қарастырады. Туризмнің экономикалық бағытын қарастырғанда түрлі түсіндірулерге тап боламыз.
Г. А. Папирянның ойынша, туризм «қызметтердің жиынтығы» деп қарастырады, яғни туризмдегі қызмет дәл тұтынылған уақытында сынап көріледі және де басқа өндірістік өнімдерге қарағанда жүйелі түрде қайта өндірілуге жатпайды.
П. В. Шульгиннің пікірінше, туризмнің қазіргі заманғы анықтамасында екі көзқарас көрініс алады дейді. Бірі - туристік индустрия болса, екіншісі - туризмді белгілі бір жеке сала ретінде бөліп қарастыру.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнгілігінің нақты анықтамасы «Қазіргі заманғы туризм экономикасы» атты еңбекте қарастырылады. Туризм тауар және қызмет нарығының бөлігін құрайды, оны сұраныс және ұсыныс ретінде қарастыруға болады. Сұраныс ішкі және халықаралық туристік нарықты білдірсе, ұсыныс көлік, туристік көрнекіліктер, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі, жарнамалық-ақпараттық қызметті ұсынудан тұрады.
Барлық жоғарыда келтірілген пікірлерді жинақтай отырып, туризмге мынандай анықтама беруге болады.
Туризм - бұл адамдардың кеңістік және уақыт бойынша рекреация, емделу, дүниетанымын кеңейту, өзге де қызмет түрлерімен айналысу мақсатындағы және тұрақты тұрумен немесе жұмыс істеумен байланысты емес қозғалыс түрі.
Туризмнің негізгі ұғымдарын анықтай келе оның дамуына әсер ететін және себепші болатын факторларына тоқталып өту қажет. Жалпылама түрде әсер етуші факторларды былайша сипаттауға болады: экономикалық, әлеуметтік, географиялық, демографиялық, саяси, этникалық, құқықтық.
Ғылыми әдебиеттерде туризмнің дамуына әсер етуші факторларды статикалық және динамикалық деп бөлген. Статикалыққа - табиғи-географиялық факторлардың жиынтығын жатқызса, динамикалыққа-демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторларды жақ және саяси факторларды жақызады. Статикалық фактор ауыспайтын, өтпелі емес мағынаға ие болса, ал динамикалық факторлар уақыт және кеңістік бойынша өзгеретін түрлі бағалауға, мағынаға ие болады.
Сонымен қатар, бұдан өзге де әсер етуші факторлар бар: сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) .
Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістердің әсерінен жүзеге асады. Бұл факторлар мынадай жағдайларды қарастырады: халықтың жасын, жұмыс істейтін әйелдердің саны мен жануя табысының өзгерісін, иммиграциялық шектеулердің аздығын, жұмыс уақыты графигінің икемділігін және төленетін сапарақының жоғарылығын, зейнеткерлікке шығудың уақытын, туристік мүмкіндіктердің жогарылығын. Барлық аталған көрсеткіштер халықтың бос уақытына әсер ететін сөзсіз Сондықтан да, туризмді дамыту бағдармаларды жасаған уақытта халықтың уақыт қорының құрылымын және бос уақыт бюджетін алға қойған дұрыс.
Туризмге әсер етуші сыртқы факторлардың біріне экономикалық және қаржылық факторларды да жатқызамыз.
Бұл факторлар ең негізгі себепші факторлар болып табылғандықтан, оларды бөлек қарастырған жөн, себебі, бұл факторлар туризм дамуының негізі болып саналады.
Сонымен қоса, сыртқы факторларға саяси және құқықтық басқарулардың өзгерісін, технологиялық өзгерістерді, сауда және көлік инфрақұрылымның дамуын, саяхаттаушылардың қауіпсіздігінің өзгеру жағдайын құрайды.
Ішкі факторлар - туризм сферасына тікелей әсер етуші факторлар. Ең бірінші бұған материалдық-техникалық факторларды жатқызуға болады.
Туризм дамуына әсер етуші факторларды анықтап, қорытынды жасағаннан кейін туристік индустрия ұғымын зерттеуге кіріселік.
Туристік индустрия
Туристік индустрия ғылыми бағытта кешенді түрде зерттеуді әлі ешкім қолға алмаған. Экономиканың жеке дара саласы ретінде туристік индустрия жоспарлары экономика жағдайында дамыған емес.
Қазіргі туристік индустрия халықаралық сауда сегментінің ең жоғарғы табысты және дамушы түрі болып табылады. 1999 жылы Халықаралық туризмнің үлесі 8 % эспорттан түскен халықаралық табысты және 37 % қызмет көрсету секторының эспортын құраған. Туризмнен түсетін табыс мұнай экспорты, мұнай өнімдері және автомобиль өндірісінен кейінгі 3-ші орынды иеленеді.
Ендігі кезекте «туристік индустрия» терминіне қатысты туындайтын сұрақты қарастыру қажет. Алғаш қарағанда, «туризм» және «туристік индустрия» ұғымдары мағыналас, бірдей болып көрінетіндей. Ғылыми әдебиеттерде бұл екі терминге әр автор түрліше анықтама, түсініктерін береді. Дегенмен, әрқайсысы «туристік индустрия» ұғымына берген түсініктемелері әрқалай және әртүрлі мағынаға ие. Қарап отырсақ. «туристік индустрия» деген түсініктің өзі күрделірек ұғынылады. Бұл ұғымға ең алғаш болып анықтама беруге тырысқан П. Г. Олдак болатын. Оның ойынша: «Туристік индустрия қызмет көрсету аумағындағы кәсіпорындарды меңзейді. Туристік қызметті қалыптастырып, оны сату ісімен айналысады немесе туристердің төлемқабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға маманданған экономиканың саласы».
Г. М. Дүйсен «туристік индустрияны» былайша анықтайды: «Қоғамның демалуға және көңіл көтеруге деген сұранысын қанағаттандыруға негізделген, өзіне қызмет көрсету инфрақұрылымның барлық түрлерін топтастырған, елдің табиғи рекреациялық потенциалын негізге алатын әлеуметтік, өндірістік, шаруашылық іс-әрекеттің көпқырлы, күрделі жүйесі».
И. В. Зорин, В. А. Кварталов туристік индустрияны «шаруашылық құрылымның жеке дара звеносы» деп қарастырады. «Демалыс пен көңіл көтерудің түрлі сипатындағы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған экономикалық жүйе» дейді.
«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» 2001 жылы 13 мауысымдағы Заңының 4 бабында: «Туристік индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлік түрінің, танымдық объектілердің, сауықтырудың, іскерліктің, спорт пен т. б. да бағыттардың бірлігі, кешенділігі; туристік іс-әрекетті жүзеге асыратын туризм нұсқаушысының қызметін көрсететін ұйымдар жиынтығы».
Көріп отырғанымыздай, негізінен «туристік индутсрия» ұғымын экономикалық жағынан көбірек қарастырған. Бұл дұрыс, себебі, «индустрия» - бұл өндіріс. Қазіргі заманғы туризм- бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мемлекет экономикасына туризм индустриясы жалпылама түрде келесідегідей жағымды әсер етеді:
- шетел валютасының ел экономикасына құйылуы;
- халықтың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
- елдің инфрақұрылымның дамуы.
Қазіргі уақытта туризм индустриясының дамуына әсер ететін негізгі факторларға төмендегілер жатқызылады:
- Тұрғындар табысының өсуі, олардың табыстарына сәйкес көңіл көтеру қажеттілігін қанғаттандыруға ұмтылады.
- Урбанизацияның өсуі және қалалардағы экологиялық жағдайлардың төмен болуы бұл экологоялық таза ортаға деген сұранысты өсіреді.
- Демалу, бос уакыттың болуы. Демалу уақыттың көбеюі. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттерде туризмнің келесідей жіктелінуі қалыптасқан: қалыпты демалу уақытында шетелге туристік сапарға шығу. Уик-энд - елдің ішінде экскурсия жасау, кешкілік бос уақытта қаланы аралау.
- Инфрақұрылым және ұйымдастыру бойынша қызметтердің өсуі. Бұл демалушыға ыңғайлы жағдайда жасайды.
- Халықаралық сауда айырбасы және халықаралық туризм бөлімдерінің дамуы. Бұл қарқынды өсіп келе жатқан туристік сұранысты қанағаттандыруға жағдай жасайды.
- Бұқаралық ақпарат құралдарының және телекоммуникациялық жүйенің дамуы. Бұл туризмдегі жарнаманы ғана дамытып қоймай, көптеген саяхаттаушылар үшін ыңғайлы және тез қызмет көрсетеді.
Туризм индустриясын туризммен байланысты қызметтер, тауар өндіретін ұйымдар мен кәсіпорындардың жиынтығын құрайды. Олар:
- қонақ үйлер;
- тамақтандыру кәсіпорындары;
- көлік кәсіпорындары;
- экскурсиялық бөлімдер;
- туризм бойынша мамандар дайындайтын оқу орындар;
- ақпараттық және жарнамалық қызметтер;
- туризм бойынша ғылыми зерттеу және жобалау ұйымдары;
- туристік тауарларды жасауға маманданған кәсіпорындар;
Тасымалдау индустриясы - туристерге тасымалдау қызметін көрсететін көліктік кәсіпорындардың жиынтығы. Олар әуе компаниясы, автокөлік, теміржол компаниясы, желілер, круиздық компаниялар. Тасымалдау жүйесі технологиялық прогресс деңгейімен анықталады және тұрақты пайдалануға негізделеді:
- жермен механикалық жылжу құралы (авто, поезд) ;
- ауа және космостық жылжу құралы;
- сумен жылжу (желкенді қайық, моторлы қайық т. б. )
Тамақтандыру индустриясы - туристерге демалу, саяхаттау және көңіл көтеру уақыттарында тамақтандыру қызметін ұсынатын кәсіпорын жиынтығы.
Қонақ үйде тамақтандыру бойынша қызметтер бірнеше процестер комбинациясынан тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау), саудалық (қолдануға дайын өнімдерді сату), сервистік (ресторан, бар, кафе, қонақ үй нөмірлерінде даяшылар арқылы қызмет көрсету) .
Таңғы астың үш түрі болуы мүмкін:
- континенальды `(сок, кофе, шай, бульон, джем) ;
- ағылшын (жұмыртқа) ;
- швед столы (сыр, шұжық өнімдері, нан өнімдері, жеміс, джем, бал, сок, шай, кофе) - өз-өзіне қызмет көрсету әдісі бойынша. Бұл кең таралған тариф.
Көңіл көтеру индустриясы - адам көңіл көтере отырып, рухани қажеттілікті қанағаттандырады, өзін-өзі бағалайды. Әлеуметтік шеңберде өзін-өзі анықтайды. Көңіл көтеру индустриясына көңіл көтеру арқылы адамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен айналысатын қызметті ұсынатын кәсіпорындар жатады. Оларға: хайуанаттар бағы, демалу саябақтары, цирк, жылжымалы театр, концерттік бағдарламалар, спорттық зал т. б.
Қосымша қызмет көрсету индустриясы - қосымша қызмет ұсынатын кәсіпорын жиыны (кәсіби жалға алу, сән салоны, шаштараз, кір жуатын және тазалайтын орын) .
Орналастыру индустриясы - бұл туристерді ұжымдық және жекелеген рындарға жайғастырумен айналысатын кәсіпорындар (демалыс орны, жастар турбазасы, мотель, отель т. б. ) . Туристерді топтық орналастыру кәсіпорындарына қонақүйлер, маманданған кәсіпорындар жатқызылады. Дербес орналастыру объектілеріне - тұрғын үй пәтері, коттедж, особняктар, бөлмелер (сурет 1) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz