Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: 1
: Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
Кіріспе: 1. 1
: Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
Кіріспе: 1. 2
: Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
Кіріспе: 1. 3
: Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
Кіріспе: 1. 4
: Банктің тартылған қаражаттары
Кіріспе: 1. 4. 1
: Банктің депозиттік операциялары
Кіріспе: 1. 4. 2
: Банктің депозиттік емес ресурстары
Кіріспе: 2
: «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау
Кіріспе: 2. 1
: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау
Кіріспе: 2. 2
: «Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама
Кіріспе:

2. 3

3

3. 1

:

«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.

Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары

«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе: Қосымша 1 «Тұран Әлем» банкі АҚ бухгалтерлік балансы
:
Кіріспе: Қосымша 2 «Тұран Әлем» банкі АҚ кірістер мен шығыстар туралы есеп
:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпанындағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.

2008 жылы отандық банктеріміз бен компанияларымыздың сыртқы қарыздары ЖІӨ-ге қатысты 95 пайызды құрады немесе 91 млрд АҚШ долларына дейін өсті, соның ішінде 45, 4 АҚШ долларына жуық қарыз бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын құрады.

Сыртқы қарыздардың есебінен отандық банктеріміздің несиелік қоржындарындағы құрылысқа берілген несиелердің үлесі 16 пайызды немесе 10 млрд АҚШ долларын, ал ипотекалық несиелеу көлемі 5 млрд АҚШ долларын құраған.

Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда олардың өтімділігіне қатысты мәселелер орын алды.

Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан еліміздің ірі компанияларымен қоса ірі банктердің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне жол береді. Осындай себептерге байланысты Дүниежүзілік банк Ресей мен Қазақстанды ипотекалық несиелеу бойынша тәуекел аумағына жатқызды.

Отандық банктердің сырттан тартқан қарыздарына қарсы тұратын, яғни қорғаныс қызметін атқаруға тиісті банктердің капиталы десек, оның көлемі 2008 жылдың 1 желтоқсан айына 1 760, 3 млрд. теңгені немесе 14, 6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл дегеніміз банктеріміздің капиталының жоғарыда берілген сыртқы қарыздарының көлемінен 3 есе кем екендігін көрсетеді. Ендеше сыртқы қарыздардың банктің капиталынан бірнеше есе артық болуы, өз кезегінде банктердің өтімділігіне кері ықпал етіп, өз кезегінде отандық банктердің өтімділік дағдарысы мәселесін басынан кешуіне жол берді.

Банктің ресурстық базасы өте үлкен маңызға ие және банктің табысты қызмет етуінің негізгі факторы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуының территориялық аспектілерінің ролі жоғарылауда. Бұл аймақтық дамудағы диспропорциялармен тікелей байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты банк ресурстарының аймақтық ерекшеліктерін зерделеу және оларды одан әрі дамыту бойынша жасалған тұжырымдарды өңдеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешеуді көздейді:

- банк ресурстарын құрылу көздерін анықтау;

- банк ресурстары қалыптасуы және дамуының әлемдік тәжірибесін қарастыру;

- екінші деңгейлі банктердегі банк ресурстарының құрамын, құрылымын және құнын реттеудегі Ұлттық банктің ролін зерттеу;

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ жалпы сипаттама беру;

- банк активтеріне және пассивтеріне, өтімділігіне талдау жүргізу;

- банк өтімділігіне талдау жасау;

- депозит саясатына және қоржынына талдау жүргізу;

- банктік ресурстар құныныңаймақтық ерекшеліктерін ескеру қажетілігін ескеру қажеттілігін негіздеу және мәселені айқындау бойынша;

- банк өтімділігіне талдау жасау;

- депозит саясатына және қоржынына талдау жүргізу;

- банктік ресурстар құнының аймақтық саясатын қалыптастыру тиімділігін талдау;

- банктік ресурстар құнының аймақтық ерекшеліктерін ескеру бойынша ұсыныстар жасау;

Зерттеу пәніне - коммерциялық банктердің ресурстары құнының аймақтық ерекшеліктері.

Зерттеу обьектісі екінші деңгейлі банктердің және «БТА» АҚ қызметі болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін аймақтық банк ресурстары мәселесі төңірегіндегі отандық және шетелдік экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қалыптастырады. Диплом жұмысының тұжырымдамалық жақтарын өңдеу барысында салыстырмалы талдау, индукция, модельдеу, статистикалық топтастыру тәрізді ғылыми таным әдістері қолданылады.

Диплом жұмысының ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының экономиканы реформалау мәселелеріне қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық кесімдер, ашық басылымдағы жариялымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің, Қаржы министірлігінің, статистика жөнінднгі агенттіктің статистикалық есеп мәліметтері құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы банк ресурстарының аймақтық ерекшеліктеріне қатысты теориялық және практикалық мәселелерді кешенді зерттеу барысында алынған қорытындылар мен ұсыныстар негізінде аймақтық ерекшеліктерді ескеруді жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар мен түйіндерді негіздеу болып табылады.

Зертеу жұмысының нәтижесінің практикалық маңыздылығы зерттеу барысында алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың екінші деңгейлі банктердің қызметі барысында қолдануға болатындығымен сипатталады.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен анықталады. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы

1. 1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай каражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның кызметінің жүзеге асырылуы үшін кажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» былай қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл баскару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі бақалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ыкпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады.

Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының кұрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті каражаттарға: жарғылык, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған каражаттарға: мемлекеттік бюджет каражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің карыз қоры осы нарықтың бір бөлігін кұрады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның камтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы кағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы кағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктің ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді.

Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен каражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

2009 жылдың 1 каңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 1-кестеде топтастырылған.

1-кесте Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтерінің

құрылымы мен шамасына топтастырылуы (млн теңге)

Банктердің аттары: Банктердің аттары
Міндеттемелері: Міндеттемелері
Меншікті капиталы: Меншікті капиталы
Барлық пассивтері: Барлық пассивтері
Банктердің аттары: 1. Казкоммерцбанкі АҚ
Міндеттемелері: 383 359 151
Меншікті капиталы: 39 265 133
Барлық пассивтері: 422 624 284
Банктердің аттары: 2. Тұран Әлем банкі АҚ
Міндеттемелері: 340 308 170
Меншікті капиталы: 29 670 510
Барлық пассивтері: 369 978 680
Банктердің аттары: 3. Қазакстан Халық Жинақ банкі АҚ
Міндеттемелері: 232 454 217
Меншікті капиталы: 21 100 904
Барлық пассивтері: 253 555 121
Банктердің аттары: 4. Алматы сауда қаржы банкі АҚ
Міндеттемелері: 86 669 542
Меншікті капиталы: 9 083 160
Барлық пассивтері: 95 752 702
Банктердің аттары: 5. Центркредит банкі АҚ
Міндеттемелері: 75 177 638
Меншікті капиталы: 7 561 962
Барлық пассивтері: 82 739 600
Банктердің аттары: 6. Нұрбанк АҚ
Міндеттемелері: 51287 682
Меншікті капиталы: 7 123 368
Барлық пассивтері: 58 411050
Банктердің аттары: 7. Каспий Банкі АҚ
Міндеттемелері: 48 772 598
Меншікті капиталы: 6 161812
Барлық пассивтері: 54 934 410
Банктердің аттары: 8. Альянс Банкі АҚ
Міндеттемелері: 46 589 193
Меншікті капиталы: 4 085 889
Барлық пассивтері: 50 675 082
Банктердің аттары: 9. Еуразия банкі АҚ
Міндеттемелері: 41 954 490
Меншікті капиталы: 8 461 110
Барлық пассивтері: 50 415 600
Банктердің аттары: 10. Ситибанк Қазакстан АҚ
Міндеттемелері: 28 864 535
Меншікті капиталы: 6 303 720
Барлық пассивтері: 35 168 255
Банктердің аттары: 11. Валют-Транзнт банкі АҚ
Міндеттемелері: 26 132 978
Меншікті капиталы: 5 429. 518
Барлық пассивтері: 31 562 496
Банктердің аттары: 12. АБН АМРО Қазақстан банкі АҚ
Міндеттемелері: 25511314
Меншікті капиталы: 5 146 055
Барлық пассивтері: 30 657 369
Банктердің аттары: 13. Темірбанк АҚ
Міндеттемелері: 24 249 481
Меншікті капиталы: 4 413 033
Барлық пассивтері: 28 662 514
Банктердің аттары: 14. НSВС Қазақстан банкі ЕБ
Міндеттемелері: 17 494 355
Меншікті капиталы: 2 779 504
Барлық пассивтері: 20 273 859
Банктердің аттары: 15. Қазақстан Наурыз банкі АҚ
Міндеттемелері: 15 805 879
Меншікті капиталы: 2 219 898
Барлық пассивтері: 18 025 777
Банктердің аттары: 16. ТЕХАКАВАNК
Міндеттемелері: 10 986 409
Меншікті капиталы: 1 507 108
Барлық пассивтері: 12 493 517
Банктердің аттары: 17. Цеснабанкі АҚ
Міндеттемелері: 10 812 320
Меншікті капиталы: 1428 783
Барлық пассивтері: 12 24! 103
Банктердің аттары: 18. Альфа-банк ЕБ
Міндеттемелері: 7 424 480
Меншікті капиталы: 2 280 476
Барлық пассивтері: 9 704 956
Банктердің аттары: 19. Қазақстандағы Қытай банкі ЕБ АҚ
Міндеттемелері: 4 185 336
Меншікті капиталы: 2 450 711
Барлық пассивтері: 6 636 047
Банктердің аттары: 20. Демір Қазақстан банкі АҚ
Міндеттемелері: 2 815 026
Меншікті капиталы: 1 198 976
Барлық пассивтері: 4 014 002
Банктердің аттары: 21. Нефтебанк АҚ
Міндеттемелері: 2 622 019
Меншікті капиталы: 913 606
Барлық пассивтері: 3 535 625
Банктердің аттары: 22. Алма-Ата МБ АҚ
Міндеттемелері: 2 009 297
Меншікті капиталы: 978 905
Барлық пассивтері: 2 988 202
Банктердің аттары: 23. Данабанк АҚ
Міндеттемелері: 1 231 666
Меншікті капиталы: 1 064 945
Барлық пассивтері: 2 296 611
Банктердің аттары: 24. ТПБК АҚ
Міндеттемелері: 929 517
Меншікті капиталы: 1 290 089
Барлық пассивтері: 2 219 606
Банктердің аттары: 25. Лариба-Банкі ББ АҚ
Міндеттемелері: 913 270
Меншікті капиталы: 1 327 307
Барлық пассивтері: 2 240 577
Банктердің аттары: 26. КЗИ банкі АҚ
Міндеттемелері: 886 873
Меншікті капиталы: 2 213 684
Барлық пассивтері: 3 100 557
Банктердің аттары: 27. ТАИБ Қазақстан банкі ЕБ АҚ
Міндеттемелері: 706 996
Меншікті капиталы: 1 193 421
Барлық пассивтері: 1900 417
Банктердің аттары: 28. Қазақстан индустриалды банкі АҚ
Міндеттемелері: 647 980
Меншікті капиталы: I 119 484
Барлық пассивтері: 1 767 464
Банктердің аттары: 29. Сенімбанкі АҚ
Міндеттемелері: 144 537
Меншікті капиталы: 1 055 273
Барлық пассивтері: 1 203 310
Банктердің аттары: 30. КИБ АҚ
Міндеттемелері: 126 340
Меншікті капиталы: 1 076 970
Барлық пассивтері: 1 203 310
Банктердің аттары: 31. Заман-банкі АҚ
Міндеттемелері: 98316
Меншікті капиталы: 1 034 446
Барлық пассивтері: 1 132 762
Банктердің аттары: 32. Алаш-банкі АҚ
Міндеттемелері: 83 625
Меншікті капиталы: 1 101 709
Барлық пассивтері: ] 1X5 334
Банктердің аттары: 33. Пәкістан ұлттық банкі ЕБ АҚ
Міндеттемелері: 46 656
Меншікті капиталы: 1 113 635
Барлық пассивтері: 1 160 291
Банктердің аттары: 34. Қазақстан Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі АҚ
Міндеттемелері: 15 638
Меншікті капиталы: 1 508 473
Барлық пассивтері: 1 524 111

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агентігінің есептік материалдарынан.

Кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, соның ішінде депозиттік базаның өсуі ықпал етуде. 2008 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінің сомасы 480, 9 млрд теңге немесе 47, 6%-ға өскен.

Депозиттердің кұрылымында салымдарды кепілдендіру жүйесіне мүше банктерде орналасқан жеке тұлғалардың салымдары 341, 5 млрд. теңгені құрады немесе бұл көрсеткіш 2007 жылдың 1 каңтарымен салыстырғанда 42, 4%-ға жоғары. 2009 жылдың 1 каңтарына екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталының мөлшері 44, 9%-ға өсіп, 233, 6 млрд теңгені құрады.

Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу
Қаржы рыногындегі жұмылдыру
Қатар бөлу ретінде түсетіндер
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу: Негізгі қызметінен түсетін пайда
Қаржы рыногындегі жұмылдыру: Меншікті бағалы қағаздарын сату
Қатар бөлу ретінде түсетіндер: Сақтандыру өтемі
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу: Қызметтерді ұсынудан түсетін пайда
Қаржы рыногындегі жұмылдыру: Дивиденттер және бағалы қағаздар проценті
Қатар бөлу ретінде түсетіндер: Концерндерден ассоциациялардан, салалық құрлымдардан түсетін қаржы ресурстары
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу: Өткізуден тыс опрациялар пайдасы
Қаржы рыногындегі жұмылдыру: Несие
Қатар бөлу ретінде түсетіндер: Үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу: Орнықты пассивтер
Қаржы рыногындегі жұмылдыру:
Қатар бөлу ретінде түсетіндер: Бюджеттік демеу қаржысы (субсидия және т. б. )
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу: Мақсатты түсімдер
Қаржы рыногындегі жұмылдыру:
Қатар бөлу ретінде түсетіндер:
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу: Ұжым мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары
Қаржы рыногындегі жұмылдыру:
Қатар бөлу ретінде түсетіндер:

Сурет 1 - Банктің қаржы ресурстарының құрылымы

Қазақстанның банктік секторының 2003-2009 жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын көреміз (2-кесте) .

2 кесте Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі

мерзімнің басына

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2003жыл:

2003

жыл

2004жыл:

2004

жыл

2005жыл:

2005

жыл

2006жыл:

2006

жыл

2007жыл:

2007

жыл

2008жыл:

2008

жыл

2009жыл:

2009

жыл

Көрсеткіштер: ЖІӨ, млрд теңге
2003жыл: 3 250, 6
2004жыл: 3747, 2
2005жыл: 4612, 0
2006жыл: 5870, 0
2007жыл: 7 453, 0
2008жыл: 10 139, 5
2009жыл: 13 315, 2
Көрсеткіштер: Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %
2003жыл: 25, 1
2004жыл: 30, 6
2005жыл: 36, 3
2006жыл: 45, 8
2007жыл: 60, 6
2008жыл: 87, 5
2009жыл: 87, 7
Көрсеткіштер: Несиелік қоржынның ЖІӨ-ге қатынасы, %
2003жыл: 15, 9
2004жыл: 19, 1
2005жыл: 23, 6
2006жыл: 30, 9
2007жыл: 41, 1
2008жыл: 59, 1
2009жыл: 66, 6
Көрсеткіштер: Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, %
2003жыл: 3, 8
2004жыл: 4, 3
2005жыл: 5, 1
2006жыл: 5, 9
2007жыл: 7, 9
2008жыл: 11, 5
2009жыл: 13, 4
Көрсеткіштер: Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы, %
2003жыл: 15, 0
2004жыл: 18, 6
2005жыл: 21, 1
2006жыл: 27, 4
2007жыл: 33, 9
2008жыл: 46, 5
2009жыл: 48, 2
Көрсеткіштер:

Ескерту:

1 ЖІӨ бойынша ҚР Экономиканы және бюджетті жоспарлау Министрлігінің болжамдық мәліметі берілген.

2 ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің есептік материалдары негізінде автормен есептелді.

2003 жылдан бастап, экономикалық өсудің жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2003 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25, 1%-дан 87, 7%-ға дейін 3, 5 есе өскен. 2003 жылдан бастап, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15, 9 % -дан 66, 6 %-ға дейін 4, 2 есе өскендігі байқалады.

Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2009 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781, 8 млрд. теңгені немесе 14, 8 млрд АҚШ долларын құрайды.

Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

1. 2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т. б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте кажетті резервтер құрылды. Сонымен катар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірак пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан каражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің қорреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтшылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі оларға әсер ететін әртүрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капиталдар;

- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) ;

- бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазакстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық нысандарда құрыла алады:

- акционерлік банк нысанында;

- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк капиталының жеткіліктілігі және оны бағалау
Банктің мешікті капиталы
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Банктің меншікті капиталының құрылымы
Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Camel жүйесі
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
Банк баланстарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz