Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы


М А З М Ұ Н Ы
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР6
АНЫҚТАМАЛАР . . . 7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР8
КІРІСПЕ . . . 9
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі. . . 13
1. 2 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері . . . 24
2 «ТЕМИРЖОЛСУКЫЗЫЛОРДА» ЖШС-нің НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2. 1 Негізгі өндірістік құралдардың қозғалысы есебі . . . 30
2. 2 Негізгі құралдардың тозу есебі және есептен шығару35
2. 3 Негізгі құралдарды қайта бағалау және түгендеу40
3 «ТЕМИРЖОЛСУКЫЗЫЛОРДА» ЖШС-нің НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
3. 1 «ТЕМИРЖОЛСУКЫЗЫЛОРДА» ЖШС-нің экономикалық белсенділігін талдау . . . 45
3. 2 «ТемиржолсуКызылорда» ЖШС-нің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау
3. 3 Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау . . . 49
3. 4 Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату . . . 54
3. 5 «ТемиржолсуКызылорда» ЖШС-нің негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы: Қазақстан, 1998 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. -Алматы: Қазақстан, 1194 ж.
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 ақпандағы № 234 Заңы
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы Салық кодексі, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы 99-IV Заңы
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Заңы
- Акционерлік қоғамдар туралы. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырының № 415 Заңы
- Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220 Заңы
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары. - Алматы Корпорация «КАРАНА-ЮСАНД», 2007 ж.
- Қаржылық есептіліктің Ұлттық №1 және №2 стандарттары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығы
- Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы
АНЫҚТАМАЛАР
Жеке өндіріс - қайталанатын немесе қайталанбайтын, кезеңдік емес әртүрлі мөлшердегі - ірі, орташа, ұсақ бұйымдарды ұзақ кезеңмен өндіріп шығару
Жоспарлау - болашақта жүзеге асырылуы ықтимал әрекет нұсқаларын таңдау
Негізгі капитал - бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал
Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар
Негізгі құралдардың амортизациясы - бұл біртіндеп тозып жатқан негізгі құралдардың құнын дайындалған өнімге немесе кезең шығындарына апару процесі
Икемді бюджет - ұйымның іскер белсенділігінің бірнеше баламалы деңгейлеріне жасалатын бюджет
Қаржылық бюджет - күрделі қаржы жұмсау бюджетін, ақшалай қаражатты және болжаулы балансты қамтитын бас бюджеттің бөлігі
Операциялық бюджет - ұйымның кіріс және шығыс баптарын бейнелеуші қосалқы (жеке) бюджеттер (сметалар), арқылы нақтыланатын пайда мен залал жоспарын қамтитын бас бюджеттің бөлігі
Өндіріс - мақсатты бағыттағы қызмет. Бұл қызметтің арқасында жекелеген компоненттер пайдалы өнімге айналады.
Смета - әкімшілік қабылдайтын шешімді жүзеге асырудың қаржылық жоспары
Сметалық бақылау жүйесі - шығын метасын орындауға, нақты шығынның сметалықтан ауытқуын анықтауға және алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеуге негізделген басқарушылық есептің коммуникациялық желілер жүйесі; ол материалдардың, негізгі өндірістік жұмысшылар - еңбекақысының шығындарын, өндірістік үстеме шығындарды, коммерциялық және әкімшілік-басқару шығындарын бақылау әдісі ретінде пайдаланылады
Үстеме шығын - кәсіпорынды басқарумен, өндірісті басқару және оған қызмет етумен байланысты кешенді шығын
Капитал бюджеті - кәсіпорын капиталын басқару үшін бюджет жасау және капиталдың қалыптасу көздерін анықтау мен олардың орналасуын анықтау.
Негізгі смета - бұл нақты мерзімді қамтитын сандық өлшемдегі жоспар. Смета айларға бөлініп, жылға жасалады. Жоспарлау бойынша негізгі сметаны қабылдау перспективалық жоспарлаудың бөлігі болып табылады.
Үйлестіру - бюджеттік жоспарлау барысында смета көмегімен ұйым бөлімшелерінің өзара келісімге келуі.
Смета мотивациясы - кәсіпорын басшыларының жұмысқа араласуына мүмкіндік береді және кәсіпорынның мақсатына жетуін бағыттайды.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1. ЖШС-Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
2. АҚ- акционерлік қоғам
3. ҚҚС-Қосылған құн салығы
4. ТС-толық серіктестік
5. ҚЕХС-Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
6. ЖЗҚ-Жинақтаушы зейнетақы қоры
7. ЖЖТ-Жылдық жиынтық табыс
8. КТС-Корпоративтік табыс салығы
9. МЕА-Материалдық емес активтер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы) ; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Ұйымның негізгі капиталы есебі және оны тиімді пайдалану» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И. С. Степанова, Л. А. Виногоров, Г. В. Снитко және тағы басқа жұмыстары, Қазақстанның О. Окаев, Т. Ашимбаев, С. К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.
Еліміздің Президенті ел басы Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурыздағы жолдауында “Экономикасы бәсекегеқабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін [1], [2] .
Жазылып отырған жұмыстың мақсаты - жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі - “ТемиржолсуКызылорда” ЖШС-нің мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады.
«ТемиржолсуКызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда біз 2009 жылдың біршама негізгі көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда кемігенін байқаймыз (А қосымшасы) .
Атап айтқанда, өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатудан түскен табыс 2008 жылы 170005412 теңгені құраса, сол көрсеткіш 2009 жылы 226613357 теңгені құрап, 56607945 теңгеге көбейген. Өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатуға жұмсалған шығын да көрсетілген жылдар бойынша тиісінше 11850632 теңгеге көбейген. Кәсіпорынның жиынтық табысы да 2008 жылы 511367 теңгені құрап, 2009 жылы 52 теңгені құрап 9000 жиынтық табыс көбейген.
Қысқа мерзімді актив ішінде қатты өзгеріске түсіп отырған баптар қысқа мерзімді дебиторлық берешек пен Тауарлы материалдық қорлар. Тауарлы материалдық қорлардың үлесі аса қатты жоғарламасада, абсолютті көлемі 2 еседей өскен. Тауарлы материалдық құндылықтардың былай жоғарлауы кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жағымды факторы деп атауға болады, бірақ Тауарлы материалдық құндылықтардың өсуі айналымдылықтын бәсеңдеуіне әкелмеуі тиіс. Яғни кәсіпорын Тауарлы материалдық қорлар құрамында қолданыссыз жатып қалуы мүмкін қорлардың болмауы қадағалауы тиіс.
Дебиторлық берешектердің абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп отыр. Егер 2007 жылы дебиторлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2008 жылы берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.
Салықтық активтер қарастырып отырған жылдарда төмендеуі, яғни кәсіпорын алдын ала төлеу көлемін азайтып отыр. Бірақ 2008 жылы киінге қалдырылған салықтық активтер пайда болған. Материалдық емес активтердің 2008 жылы болмауы өткен жылғы баланста тұрған активтердің пайдалы қызмет мерзімі біткендіктен есептен шығарылуы мен түсіндіріледі.
Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі. Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы берілген.
Мәліметтер бойынша активтерді қалыптастырудың негізгі көзі ретінде меншікті капиталды айтуға болады. Себебі оның абсолютті және қатынасты өсімі байқалады. Абсолютті мөлшермен алғанда 1160, 9 % -ға немесе 3274 теңгеге өсті. Өз кезегінде қысқа мерзімді міндеттемелер 24, 37 %-ға өскенімен басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер төмендегені байқалады.
Дипломдық жұмыстың міндеті - пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауы дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «ТемиржолсуКызылорда» ЖШС негізгі қорларын есебін ұйымдастыру арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т. б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық мүмкіншілігін тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін талданатын кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту мүмкіншіліктері және сатылары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі
Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады.
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады.
Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін слаған А. Смит пен Д. Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П. Самульсон мен У. Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген [5] . Капиталға бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса.
Өзінің басты еңбегі "Капиталда" К. Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген. Бул кездейсоқ емес. "Капиталдың" бірінші томында. капитал - бұл күн, бұл өзін-өзі өсіретін күн деп көрсетілген. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бұл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс кұрал-жабдығы) ретіндс карастыруды жоққа шығарып. капитал - бұл зат еместігін , ол адамдар арасындағы белгілі коғамдық катынастар екенін айтқан[4] .
Алғашқы кезде былай көрінуі ммкін: құнның өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ, ол болса кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне, сонда құнның өсімшесі пайда болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байығандығын корсетеді, ал коғам масштабында құнның еселенуі болмайды.
Негізгі капитал бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал.
Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.
Субьектінің капиталының жағдайы және қозғалысы жөнінде ақапараттарды жалпылау және есептеу үшін «Негізгі капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Ол мына шоттарды қамтиды: «Қарапайым акциялар», «Артықшылығы бар акциялар», «Негізгі капиталға салымдар мен жарналар».
Құрылтайшылардың акционерлік қоғамның негізгі капиталына салымдары бойынша қарыздарын есептеу үшін «Төленбеген капитал» бөлімшесінің «Төленбеген капитал» шоты арналған. Мұның дебеті бойынша оның құрылтайшылармен енгізілуге тиіс, капиталдың шамасы көсретіледі. Құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары ақшалай қаражаттар болып көрсетіледі.
Шаруашылық жүргізуші субьектілер іс жүзіндегі қолданыстағы заңдарға және құрылтайшы құжаттарына сәйкес резервтік капитал құра алады. Заңмен белгіленген резервтік капитал есебі шаруашылық серіктестіктердің резервтік капиталының шамасы олардың құрылтайшы құжаттарында анықталады және белгіленген тәртіп бойынша анықталады және белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы құжаттарда есеп беру жылында табысты бөлу тәртібі анықталады, яғни табыстың резервтік капиталға жіберілуі мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктер резервтік капитал құруға міндетті. Резервтік капиталдың құрылы ужәне пайдалану тәртібі жарғымен анықталады. Өндіріс көлемінің өсуі, инфляция және басқа себептерге байланысты жарғылық капиталдың көбеюі кезінде сәйкесінше резервтік капитал да көбеюі керек.
Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударулар есебінде құрылады. Резервтік капиталдың есебінен төленетін дивиденттер мен табыстардың есептелген сомаларының реті қарастырылады.
Басқа да резервтік капитал есебі арнайы шотта жүргізіледі. Бұл шотта заңдарда қарастырылған төменгі мөлшерден арты құрылған резервтік капитал есепке алынады.
Акционерлік қоғамдар әрі қарай айналымнан алу мақсатында өз акционерлерімен сатып алынған меншікті акцияларының есебін «Қайтарып алынған капитал» шотында жүргізеді.
Кәсіпкердің қолдағы негізгі капиталды сатып алысымен пайдалану міндет емес, өйткені негізгі құралдар қоймада резерв ретінде жатуы, ұзақ уақыт бойы сақталуы немесе жалға берілуі мүмкін.
Басқаша айтқанда негізгі капитал сатып алу жолындағы кез келген жұмыс, кәсіпкер мен негізгі құралдар иесі арасындағы келісім шарт немесе келісімге қол қоюдан басталады. Негізгі құралдарды есепке алу үшін талапқа сай ресімделген бастапқы құжаттар керек. Ол қөабылдау актілері, кіріс қағаздары, есеп-фактуралары, сатып алу, сату шарттары мен тағы басқалары болуы мүмкін.
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырыпе, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz