Өзіңді бағалауға нұсқаулар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

ІІ ҰЯҢ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ

І. 1 Өзін-өзі бағалаудың тұлға дамуындағы маңызы4

І. 2 Ұяңдықтың педагогикалық-психологиялық мәселелері20

І. 3 Ұяң балалармен жүргізілетін психолог жұмыстарының ерекшеліктері29

ІІ ҰЯҢДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ІС ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

ІІ. 1 Ұяң балалардың ерекшеліктерін анықтау36

ІІ. 2 Ұяң балаларға көмек беру түрлері және нәтижелері43

ҚОРЫТЫНДЫ51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР53

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі.

Өмірдің әлеуметтік - экономикалық өзгерістері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы жаңа мақсаттар мен міндеттердің туындауына себептші болады. Осы міндеттер тұрғысынан алып қарағанда бала тәрбиелік әсерлердің қосымша объектісі емес, оқыту мен тәрбие үрдісінің белсенді толыққанды субъектісі ретінде қарастырылады.

Адамның даралық ерекшеліктері бүкіл өмір ағысында дамып, өзгерістерге түсіп отырады, алайда оның негізінің қалыптасуы онтогенездің ең бастапқы кезеңдерінде психикалық даму ерекшеліктеріне, өзі жайлы білім деңгейіне тікелей қатысты.

Қазіргі қоғам, еліміздің болашағы үшін өте бағалы болып келетін әр адамның жеке басында үлкен мүмкіндіктері жасырылған. Бұл мүмкіндіктерді кең түрде іске асыру адамның өзін-өзі бағалауы өзі жайлы түсінігіне қатысты. Оларды зерттеу - бүгінгі таңдағы психология ғылымында көкейтесті мәселелердің бірі.

Мектепке дейінгі балалардың өз күштеріне сенімділігі, тапсырманы дұрыс таңдай білу іскерлігі мен қиыншылықты игеруін қалыптастыруға бағытталған тәлімгерлер еңбегін зерттеу, балалардың көпшілік бөлігінің өз әрекеттері мен оның нәтижелерін дұрыс бағалай алмайтынын көрсетеді (Буянов М. И. ) [1] .

В. А. Сухомлинский бала жетістіктерін тек өзінікімен ғана салыстыруды, намысына тимей, өткен жолына сүйене көтерілуге және жетуге тиісті биігінің жолдарын көрсетуді ұсынады [2] [3] .

Өзіндік бағалауы жоғары балалар кемшіліктерін байқамайды, . өзіне сенімділіктері артық, ұжымдағы артықша орынды қалап, мен-мендікке бейім, өз дағдылары мен іскерліктерін артық бағалайды (Ада Делла Торре. [4], Лихачев Б. Г. [6], Машкеев Ә [6] ) .

Өзін мүмкіншіліктеріне сай бағалауды қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негіздеріне жасалған талдаулар ұялшақ адамның ең сипатты белгісі өзіндік үнемі талдауға бейім болады. Өзіндік талдау, өзінің қылықтарын бағалау- дені сау тұлға теорияларының тірек нүктесі және емделудің қазіргі заманғы бірқатар әдістерінің соңғы мақсаты. Алайда, осы өзіндік талдауға бейімділік және өзіндік ойлар мен сезімдерін бағалау ойлар қиындағанда психологиялық бұзылуды көрсетеді. Ал ұяң адамдар бұл күйге жиі тап болады.

Қандай да болмасын формадағы отбасы тәрбиесінің тактикасы бала бойында ұялшақтық сияқты құбылыстың дамуына әкеледі. Ф. Г. Зимбардо батыстың атақты балалар психологы, аталған құбылысты зерттеуші, ұялшақтықты қарым-қатынасқа қажетті әлеуметтік дағды ретінде анықтайды. Коммуникативті дағдының жеткіліксіз қалыптасуы кезінде ұялшақтық дамиды. Ұялшақтық- бұл барлық адамдарға тән ерекшелік болғандықтан, аталған проблеманы зерттеу мен тиімді әдіс тәсілдерін көрсету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу мақсаты : Ұяң балалармен жүргізілетін психологиялық көмектің теориялық негіздерін ашу және ұяң балаларға арналған тиімді әдістерді ұсыну.

Зерттеу міндеттері:

  • ұяң балалармен жүргізілетін психологиялық көмектің педагогикалық-психологиялық негіздерін ашып көрсету;
  • ұяң балаларға көрсететін көмектің түрлерін дайындап, ұсыну.

Зерттеу нысаны : мінез-құлқында ұяңдық қасиеті тән балалар

Зерттеу пәні : Ұяң балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу болжамы: Егер, ұяңдықтың себептерін анықтап, ұяң балалармен жүргізілетін тиімді әсер ету әдістемелерін отбасы, педагогтар, әлеуметтік орындар кешенді жүргізсе, оларда адекватты бағалауларын қалыптастыра отырып, ұяңдықтың алдын-алуға және жоюға мүмкін болар еді.

ІІ ҰЯҢ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ

І. 1 Өзін-өзі бағалаудың тұлға дамуындағы маңызы

Жеке тұлға өзін бақытты сезініп, жеңіл бейімделу қабілеті мен қиыншылықтарды жеңуі үшін өзі жайлы жағымды түсінігі болуы қажет. Өзі жайлы теріс бағалауға үйренген бала әр ісінде игере алмайтындай кедергілерге кездеседі. Оларда жоғары деңгейдегі алаңдаушылық, мектеп өміріне нашар бейімделу, құрдастарымен тез тіл табыса алмау тән.

Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әр түрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға таныстар өрісіне тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптасқан ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.

Кімде-кім бақытты балалық шақты балалардың еңбек күшінсіз түсінетін болса, есейген бала ақсаусақ, ерік күші дамымаған болып қалыптасады.

Балалық шақтан жұмыс істеп - ойнау еңбекке сүйіспеншілікті дамытады, алайда еңбекті тек алданыш - ойынға айналдыруға болмайды, көптеген жұмыс түрлері шыдамдылықты, әдетті талап ететінін естен шығармаған жөн.

Әрбір отбасы даралығымен ерекшеленетіндіктен, еңбек түрін таңдағанда жанұялық мұқтаждықты, баланың жас және тұлғалық ерекшелігін ескеру қажет.

Бала жалқау болып дүниеге келмейді, шектен тыс қамқорлық пен шаруасыздықтан айналады.

Балдырған жаңа үйрене бастағанда шамадан тыс артық тапсырма беру еңбекке жеккөрініш сезімін тудырады. Еңбек күші баланың жасерекшелігінен аспау қажет, сонымен қатар баланың қиыншылыққа кездесуінен қорықпаған да дұрыс. Ерік-жігер қиыншылық пен кедергілерді жоюда қалыптасады. Оларды қиыншылықты жеңуге үйрете отыра, қиын міндеттерді шешуде дербестік пен бастамашылдықтан аза етуге болмайды.

Белгілі бір міндетті шешу - тек ойлауды қажет етпейді, ерікті үрдіс, сондықтан түрлі практикалық және тоериялық міндеттерді шешу ойлаумен қатар ерікті де дамытады.

Ерікті де, ойлау әрекетін қалыптастыруда өз күшіне, дербестігіне сенімділігі үлкен маңызға ие. Сонымен, ерікті қалыптастыру - тәрбиенің түрліше амалдары мен тәсілдерін қолдануды, көптеген міндеттерді баланың жас және дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін күрделі де ұзақ үрдіс.

Балалар ең алдымен басты үлгі болып саналатьын ата-аналарына қарайды. Сондықтан, жанұялық қатынастарда шынайы, ашық, принципшіл, қатал, әрі төзімді болу қажет.

Біздің әрқайсымыздың дамуымыз отбасынан басталады. Өзіне, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімділік, қиыншылықпен күресу - тату, жылы атмосферадағы үйде туындайды. Швейцар психологы Жан Пиаже таным үрдісіндегі сынбалы-ауыспалы сәт 5-7 жас аралығында өтеді деп көрсетеді. Мектепке дейінгілерде әлемнің көпжоспарлығын түсінетіндей есте сақтау көлемі мен стратегиясы әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан, сөзсіз түрде баланың болашағы, мектептегі оқуына жанұяның әсері орасан зор [8] .

Төменгі сынып оқушыларының оқудағы жетістіктеріне отбасының әсер ету деңгейін біз төрт топқа бөлдік.

Оқудағы жетістіктеріне әсер ететін отбасына сипаттама
Балалардың үлгерімінің нәтижелері (деңгейі)
Оқудағы жетістіктеріне әсер ететін отбасына сипаттама: Ата-аналар балалардың еркін дамытуға көп көңіл бөлген, жетістіктерін бағалайды, олардан жақсы үлгерімді күтеді (қабілеттеріне қарамай)
Балалардың үлгерімінің нәтижелері (деңгейі): Жеткілікті
Оқудағы жетістіктеріне әсер ететін отбасына сипаттама: Ата-аналар ерікке дұрыс көңіл аудармайды, жетістігін дұрыс бағаламайды, үлгерімдеріне үлкен үміт артпайды.
Балалардың үлгерімінің нәтижелері (деңгейі): Төмен
Оқудағы жетістіктеріне әсер ететін отбасына сипаттама: Ата-аналарды жетістікті бағалайды, жақсы үлгерім күтеді, өзіне сенімділіктерін арттырады, қиын сабақтарды мадақтайды (ата-ананың күткендері бала қабілеттеріне сәйкес)
Балалардың үлгерімінің нәтижелері (деңгейі): Жоғарғы
Оқудағы жетістіктеріне әсер ететін отбасына сипаттама: Ата-аналар жетістікті бағалайды, жақсы үлгерімді күтеді (ата-ана сенімі баланың танымдық қабілетіне сәйкес)
Балалардың үлгерімінің нәтижелері (деңгейі): Ортадан жоғары

Баланың танымдық қабілеттеріне қарамай ата-аналары олардың еңбек сүйгіштіктерін қолдап, сенім артса, оқу үлгерімдеріне жағымды әсер ететіне даусыз.

Көптеген авторлар жағымды «Мен» тұжырымдамасын анықтайтын үш факторды көрсетеді: өзге адамдарды түсінудегі терең сенімділік, белгілі бір әрекетке қабілеттілігіне сенімі және өзінің дербес мәнділігін сезіну.

Әр адам айналасындағылардан қолдау күтеді. Ерте сәбилік және мектепке дейінгі кезеңде мұндай мәнді топтарға жанұя жатады. Олар балаға белгілі бір әрекетке қабілетті, тірі адам ретінде, оның өзіндік маңызын қалыптастыруға әсер етеді. Кез келген әрекеттің белгілі бір мақсаты бар. Оған қол жеткізу қабілеті өз күшіне сенімділігін арттырады. Оқушылар үшін бұл оқу материалдарын меңгеру болса, мұғалім үшін - өз пәнін толық игеру, оқушылардан тиісті білім деңгейіне қол жеткізу. Және оның үшінші көрсеткіші - өзіндік мәнін сезіне немесе керісінше, - индивиттің алғашқы екі сәтті: өзгелерге жағымдылығы мен оның компанентітілігін бағалауынан туындайтын жалпы бағасын.

Бұл аталған үш сипаттаманы белгілі әлеуметтік мәдени ортадағы тұлғааралық өзара әрекеттестік үрдісінде игереді және қол жеткізеді. Ата-аналар, педагогтар, құрдастары балаға оның керектігіне, ұнамдылығына, табысқа жете білу қабілетін, олардың көз алдарындағы маңызына сендіретін кері байланысты береді. Бұл бала өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Оның дене дамуы, әлеуметтік дағдылары, табыстары, эмоционалдық тонусы т. б.

«Мен» концепциясы жеке бастың өзі жайлы түсініктер жиынтығы. Мен концепциясының бейнелеуді құрастыруды. Мен образы немесе «Мен» картинасы деп атайды. Өзіне қатынасымен байланысын құрайтын, өзінің жекелеген сапаларын өзін бағалау немесе өзін қабылдау дейміз.

«Мен» концепциясы «өзіне» ұстанымдарының бірлігі құрамындағы бағалау мен бейнелеуді бөліп қарастыратын «Мен» тұжырымдамасын өзіне бағытталған ұстанымдар бірлігі болып бтабылады. Көп анықтамаларда ұстанымның үш элементі кқрсетіледі:

  • негізделген немесе негізделмеген (когнитивті ұстаным) сенім;
  • бұл сенімге эмоционалдық (эмоционалды бағалау) ;
  • мінез-құлық ерекшеліктерінде көрінетін сәйкес реакция.

Қолдануына байланысты «Мен» тұжырымдамасының үш элементін келесі түрде нақтылауға болады:

  • «Мен» образы - өзі жайлы индивидтің түсінігі;
  • Өзіндік бағалау - қабылдануы мен шеттелуіне байланысты күшті немесе баяу эмоциясын тудыратын «Мен» образының нақты сипаттарының түрлі белсенділігі жайлы түсінігін жағымды бағалау.
  • «Мен» образымен өзін бағалаудан туындайтын нақты қозғалыс, мінез-құлық реакциясы.

Тұлға теориясын зерттеушілер ішкі сәйкестілігінің табыстарына сай тұжырымдамаларға негізделеді. Ішкі сәйкестіктің мәнді көрсеткіші индивидтің өзі жайлы пікірі. Сондықтан өз қозғалыстарында ол өзіндік қабылдауын басшылыққа алады. Мынандай мысалды алайық. Интеллектіні анықтауға бағытталған стандартты тест негізінде ортадан жоғарғы деңгейге ие қыз бала мектептегі негізгі пәндерден үлгермейтіні белгілі болған, қыз бала мұны «жоғарғы ақыл-ойға ие еместігімен түсіндіреді. Оған ақыл-ойының жоғарғы көрсеткішін түсіндіруге тырысты. Келесі кездесуде оның интеллектісі орташадан төмендегені анықталған, қызға тест нәтижелері арқылы жақсы ақыл-ой қабілетін көрсеткенін, осыған сәйкес жақсы оқуға мүмкіндігінің жоғарылығын түсіндірдік.

Алайда өзге адамның мінез-құлық себептерін дұрыс түсініп, өмірді оның көзімен көру үшін оның орнына өзіңді қойып қана көру керек. Дербес тұлғаға біздің қатынасымыздың кез-келген аспектісінің маңызы қоршаған ортамен анықталғандықтан өзгеріп отырады. Мәселен, «кішкене інінің, ересек ағаларына қарағанда кішкене және әлсіздігі» тақ осы жанұяда ғана шынайы. Мектепте немесе құрдастарымен қатынаста мұны қолдануға болмайды. Аталып өткеніндей, тұлға ішкі бірлестігіне қол жеткізуге тырысады

( Джаманбалаева Ш. Е. [9] ) .

Әміршіл, қатаң ұстаз өз үйінде жұмсақ, сентиментальды болуы мүмкін. Мұндай өзгеріс мектеп қабырғасынан тыс туындайтын болғандықтан, оның тұлғасының мүлде екі түрлі өзгешелігі, «Мен» образының қарама-қайшылықтары өзара қақтығысқа түспейді, диссонанстың пайда болуына әкелмейді. Диссонанс, мынандай жағдайда, егер үйдегі және мектептегі жағдай кездессе, мәселен мұғалімөз үй-ішін мектептегі спорт мерекесіне алып келіп, бір мезгілде мұғалімнің және өз балаларының әкесі рөлінде шығатын болса, тууы мүмкін. Алайда, «Мен» концепциясының ішкі тұжырымдамасы, әр жағдаятты шынайы бағалау тән болғандықтан, стресстің қайнар көзі болып табылады.

Джемс өзіндік бағалауды

өзіндік бағалау =

табыс, ұмтылыс формуласымен бергенде, өзіндік бағалауды жетілдірудің екі жолын көрсетеді. Шынында, индивид өзі жайлы түсінігін бұл бөлшектің алымын үлкейту немесе бөлімін кішірейту арқылы жақсартуына болады.

Балалық шақты қарым-қатынас шеңбері таңдау мүмкіндігі мен өз бағасының критерийлерінің көлемі тар. Бала негізінде өзі жайлы пікірілерінің негізі болып табылатын ата-аналармен жиі қатынаста болады. Ал ата-ананы таңдап алмайтыны бәрімізге белгілі. Егер олар баланы сүйсе, ол басынан-ақ өзін жағымды бағалауға негіз алады. Егер ата-аналары жағынан ол жағымсыздық, шеттету, байберекет қатынасты алса, соңында жағымсыз өзіндік бағалауға әкеліп тірейді.

Ховленд Ламсдейн мен Шаффилд еңбектерінде құрылымсыз ұстанымдар тез өзгеріп, жеңіл қалыптасатынын көрсетеді.

Балалық шақта қалыптасқан өзіндік бағалау бағыты адамның бүкіл өмір бойына негіз болады, олардан аулақтау өте қиын.

«Мен» тұжырымдамасы төрт негізгі теориялық қағидаларға сүйенеді.

  1. Джемстің негіз салушы ықпалдары;
  2. Кули мен Мидтің еңбектеріндегі символикалық интеракционизм.
  3. Эриксон дамытқан идентичность жайлы түсінік.
  4. Роджерс еңбектеріндегі феноменалистикалық психология.

«Мен» тұжырымдамасы көптеген өзге де теориялық жұмыстарда талқыланғанымен, жоғарыдағы тұжырымдамалар неғұрлым жемістілері.

«Мен» тұжырымдамасының құрылымы (Макколи Э. ) [10] .

Көптеген психологиялық теорияларда «Мен» тұжырымдамасы ең басты түсініктердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, оның жан-жақты қарастырылған анықтамасы да, терминдік бірлігі де жоқ. Бір авторлардың «Мен» тұжырымдамасына берген анықтамасын, екіншілері оның жеке аспектілерін беруге қолданады. Бұның тереңірек мәнін көрсету үшін, біріншіден, «Мен» тұжырымдамасын бейнелейтін, екіншіден осы тақырыпқа бағытталған психологиялық әдебиеттердегі кездесетін терминдерге нақтылау мақсатында кесте ұсынамыз:

Ең басты «мен» тұжырымдамасы

Джемс көрсеткен Мен түсінетін Мен объект ретінде

аспектілер (үрдіс) (мазмұны)

үздіксіз өзара

әрекеттесетін

Ұстаным Өзіндік бағалау Мен образы

компонентері немесе өзін

қабылдау

Мінез-құлық

тенденциясы

Мен тұжырымдамасы

«өзіне деген» ұстанымдардың

бірлестігі

Шынайы Мен Идеалды Мен Айнадағы Мен

Моделдер немесе шынында немесе Мен немесе өзгелер

Мен қандаймын қандай болғым мені қалай

түсінігі келетіні жайлы қабылдайтыны

түсінік жайлы түсінік

дене дене дене

Аспектілер әлеуметтік әлеуметтік әлеуметтік

ақыл-ой ақыл-ой ақыл-ой

эмоционалдық эмоционалдық эмоционалдық

1-ші сурет. «Мен» тұжырымдамасының құрылымы

Индивидтің «Мен» тұжырымдамасын жүзеге асыруды бейнелеуге қабілетті өзіндік есеп дәрежесі келесі көрсеткіштермен анықталады:

  • дара өзіндік сананың ашықтығымен;
  • оны білдіру үшін адекватты белгілер жиынтығы;
  • индивидтің бірлестікке дайындығы;
  • әлеуметтік күтулер;
  • индивиттің тұлғалық адекваттық сезімдері;
  • өзін бейнелеу жағдаятындағы қорқыныш сезімінің болмауы.

Адам өскен сайын математика элементтері, бейнелеу өнері, көркем әдебиет, айналамен таныстыру тәрізді пәндермен кеңінен таныса басьайды.

Алайда бұл ілімдердің ещқайсысы жауап бере алмайтын сұрақтар болады. Бұл сауалдар олардың ішкі жан дүниесі, ойлары, сезімдері, белгілі бір мінез-құлық мотивтері жайлы. Неліктен біз бір адамдарды жақсы көреміз, екіншілерін ұнатпаймыз? Түсініспеушілік, жолдастармен, туыстармен ренішті қалай болдырмауға болады? Қалайша ақылды, күшті, батыл, тартымды болып, сізді өзгелер сүйетін, сыйлайтын, түсінетін болуы үшін не істеу керек? Неліктен бір оқушы жақсы оқиды, екіншісі нашар, біреуі неліктен барлығын жеңіл орындайды, екіншілері қиналады? Бұл сұрақтарға «Өзін таныған» жағдайда қол жеткізуге болады. «Өзіңді таны» сөзі ерте грек храмының қабырғасына ойылып жазылған, өзі жайлы білім адамның жетуге тиісті биігі, өз мүмкіншілігі, ішкі сапалары, өз дегеніне жету деген түпкі ойды білдіреді. Өзін, өзінің ішкі психологиялық қабілетін тану жағымды сапалары мен дербес қабілеттерін анықтауға көмектеседі және осы негізде оқуды, әрекеттерін дұрыс ұйымдастырып, айналада қоршаған адамдармен қатынасты дұрыс құруға мүмкіндік туады.

«Ақылды адам - көп білетін адам емес, өзін жақсы білетін адам», - деп И. Гете айтқанындай, айналамызда достарымыз, туыстарымыз, таныстар, көршілер, әріптес, кластастар қаншама? Және олардың әрқайсысы бір бірінен белгілі бір ерекшеліктер арқылы айырмасы бар адамдар. Бірінші кезекті біз олардың арасынан әйелдер мен ер адамдарды, балалар мен ересектер, ұзындар мен қысқалар, әдемілер мен өңсіздер, мейірімділер мен қатыгездерді, жақсылар мен жамандарды, батырлар мен жасықтарды бөліп аламыз. Бұл сапалар сырт көзге тым біліне бермейді. Олар адамдармен қарым-қатынас барысында күнделікті өмірде көрінеді. Мұндай жасырын адамның ішкі сапаларын психикалық сапалар делініп, психология ғылымы зерттейді. Өзі жайлы түсінік ерте балалық шақта жанұядан басталады. Адам өскен сайын өмір жайлы жаңа білім ала отырып, «Мен» түсінігі қалыптасады. Осылайша, «Мен өзім», «Мен жасадым», «Мен ойлап таптым», «Мен мейірімдімін» т. б. түсініктерн туындайды. Сіздерге «Сіз жақсысыз», «Сіз әдемісіз», «Сіз бұны аса орындапсыз», «Сізге көйлектің осы үлгісі жарасады» деген тәрізді пікірлер адамның өзі жайлы түсінігінің кірпіші болып қалана береді. Өзі жайлы білім қоршаған өмірдегі адамдармен жылы қарым-қатынасты ұйымдастырып, қоғамда дұрыс орынға ие болуға, өз қабілетн іс-жүзіне асырып, мақсатына жете білуге игі ықпал етеді.

Ұлы Ч. Дарвин өмірінің соңында: «егер мен өмірге қайта келсем, поэзия оқу, табиғат көріністерін тамашалау, ең құрығында аптасына бір рет музыканы тыңдауды өмірімнің басты ережесі деп санар едім. Бұл талғамдарды жоғалту, бақытты жоғалтумен бірдей» деген екен. Осы даналық кеңесті есепке ала отырып, Абайдың табиғат көріністері жайлы жазылған «Күз», «Қыс», «Жаз», өлеңдерін оқуды

П. Чайкоскийдің «Лебеденное озеро», Құманғазы, Тәттімбет күйлерін тындап, Ә. Қастаев, А. Ғалымбаева т. б. картиналарынкөруді жөн деп санады.

«Мен» түсінігі - бұл жанұя. Біздің ішкі жан дүниемізде, спектіріміз -спектірімізде «Мен»түсінігі өмір сүреді. Біздің әрқайсымыз үнемі «Мен» есімдігін қолданамыз, осы «Мен» жұмыс істеп, ойланып, шешім қабылдайды. Алайда осы «Мен» дегеніміз кім, ол қандай, белгілі бір жағдаяттарда қалай өзін ұстайды, қаншалықты ақылды, қаншалықты әділетті.

Адамда өмір сүретін «Мен» өзі, ойлары, сезімдері, әрекетті түрінде көрінеді. Өзі жайлы барлық түсініктерінің белгілі «Мен» образы немесе «Мен тұжырымдамасы» болып табылады. Біздің ішкі адамымыз «Мен» образы түрлі жағдаяттарда түрліше көрініс береді: сабақта, жұмыста, балабақшада адам-тыныш, қарапайым болып, үйде қатал, дөрекі, ал жолдастарына «жақсы дос» болуы мүмкін. Бір «Мен» бізде сыртқы (дене жағынан), екіншісі ішкі «Мен» (психикалық) . Санадан тыс «Мен» бар (Сіз розаның хош иісін не үшін сүйектінің ізді түсінбейсіз) . Және өзін түрліше ұстайтын (мінез-құлық «Мені») болады. Кейбір сәттерде адам не үшін олай жасағаның өзі де түсінбейді. Адамда үнемі жақсы және нашар сапалары өмір сүреді, осыған сәйкес өзі жайлы түсініктің екі бастамасы «Мен» (жақсы, қатыгез) болады. Сіздер өздерінді өткен уақыт барысында есте сақтайсыздар, бүгінгісін сезінесіздер, болашағынызды елестетесіз. Кейбір сәттерде шындыққа сәйкес келмейтін, фантастикалық образдарды көз алдынызға келтіресіз, әркімнің өз иджеалы болады.

«Өзге адамға айнаға қарағандай қара» деп тегін айтпаған, өмір барысында біз қоршаған өмірге өз қатынасымызды білдіреміз: ұнай ма, арзан ба, қымбат пат. б. Мұның өзі бағалау - заттың немесе адамның бағалылығын анықтау, сапасын, дәрежесін, деңгейін, мәнәң білу. Бағалау негізінде үлгімен, мысалмен салыстыру жатыр. Сіз өзіңіздің сапаңызды, намысыңыз, кемшілігіңізді бағалап көрдіңіз бе? Өзіңізді бағалау, өз қасиеттеріңізді бағалау өзіңіздің баға деп аталынады ( Добрович А. Б. [11, Диянкова И. В. [12], Петровский В. А. [13] ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышының пайда болуы және одан құтылудың жолдары
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Банктік маркетингтің ерекшеліктері
Жазуды оқытудың тарихы
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар
Педагог-психолог қызметінің мазмұнымен, педагогикалық-психологиялық қызметтің негізгі құжаттары
Табиғат сәйкестігі принципі
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері
Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz