Ағылшын тілін оқыту маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Шет тілі сабағында ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 3
:
КІРІСПЕ . . .: 1. АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАЯРЛАУ
3:
:
КІРІСПЕ . . .:

1. 1 Ағылшын тілін оқыту маңыздылығы . . .

1. 2 Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдірудегі әдістемелік жұмыстар . . .

1. 3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы тиiмдi жол - инновациялық оқуды дәстүрмен ұштастыру . . .

2. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

2. 1 Танымдық қызығушылық қалыптастырудағы сурет-сызба жобалар . . .

2. 1 Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларын ақпараттық технологияларды қоладануға тәрбиелеудің тиімділігінің әдістері . . .

3:

5

12

35

38

44

:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3:

71

74

:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .:
3:

КІРІСПЕ

Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде жас жеткіншектерге елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Әсіресе жеткіншектерді шет тілін оқуға тәрбиелеу мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Күнделікті өмірде бұл жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік және рухани толыспағандығын көрсетуі, әртүрлі діни секталарға кіруі, жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден көрінеді.

Ал, Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік стандартқа жақындату саясаты жүргізіліп жатқан кезеңде, мектептердегі оқу мен тәрбие ісінің мазмұнына қазіргі талапқа сай жан-жақты ойластырылған ең тиімді жұмыс түрлері мен тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Сондай жаңа тәсілдер туралы ой Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында [1], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [2], сондай-ақ, елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында [3, 4, 5] көрсетілген. Нақ осы құжаттар, заңдар бүгінгі таңда шет тілін оқытудың негізгі бағыттарын айқындап берді.

Дейтұрғанмен, шет тілін оқыту үдерісінде жеткіншектерді шет тілін ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқыту мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, шет тілінің пән ретінде, атап айтсақ, ағылшын тілінің, білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастырылмағандығы анықталды. Бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде жаңа сипатқа ие болып отырған ақпараттық құзыреттілік мәселесін Қазақстан Республикасының ұштұғырлы саясатымен ұштастыра жүргізуді міндеттейді. “Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары” [5, 6 б. ], “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” [5, 16 б. ] деген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы қазіргі кездегі мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану үдерісі.

Зерттеу пәні: ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушылардға шет тілін ақпараттық технологияларды қолдана оқыту.

Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушылардға шет тілін ақпараттық технологияларды қолдана оқытудың теориялық негіздерін анықтап, әдістемелік негізін жасау және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.

Зерттеу міндеттері:

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларға шет тілін ақпараттық технологияларды қолдана оқытудың теориялық негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына шет тілі арқылы ақпараттық технологиялардың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;

- шет тілін оқыту үдерісі арқылы мектеп оқушыларын ақпараттық технологияларды қоланудың құрылымдық-мазмұндық қалыптасу моделін жасау, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып жалпы білім мен тәрбиенің мән-мазмұнын ашып көрсететін таным теориясы, табиғаттың, қоғамның және адамның диалектикалық бірлігі мен өзара байланысы туралы заңдылықтар. Жеке тұлғаның шет тілі арқылы ақпараттық технологиялардың пайдалана отырып білім беруді қалыптастыру, іс-әрекет, тұлға, құндылықтар теориялары негізінде қарастырылады. “Бала құқықтары” туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы басшылыққа алынды.

Зерттеудің әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби еңбектерге теориялық шолу, шет тілін оқыту үдерісіндегі ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену, оқытуға байланысты тәжірибе жұмысының нәтижелерін жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.

Зерттеудің көздері:

  • Қазақстан Республикасы заңдары, нормативті құжаттары, оқушыларға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар;
  • алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының ақпараттық құзыреттілік тәрбиелеуге байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық, тарихи, жазушылардың жас ұрпаққа ақпараттық құзыреттілік тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектер, шығармалар, диссертациялар, мақалалар, монографиялар, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың, қазақ зиялыларының тәлім-тәрбиелік мұралары, тұжырымдары;
  • білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиеші-педагогтардың оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелері және ғылыми-ізденушінің өзінің педагогтік қызметі мен зерттеу тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

-

- оқушыларды шет тілі арқылы ақпараттық технологияларды қоладана оқытуда шет тілі пәні мүмкіндіктері мен бүгінгі жағдайы айқындалды;

- шет тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары білімін қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;

- оқушыларға шет тілі арқылы ақпараттық технологиялардың рөлінің мазмұны мен бағдарламасы жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- «ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды шет тілі арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана оқыту» атты мектеп мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне арналған ғылыми-әдістемелік нұсқау:

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ДАЯРЛАУ

1. 1 Ағылшын тілін оқыту маңыздылығы

Қазіргі уақыт талабына сай ағылшын тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болып табылады. Мұның өзі ағылшын тілін мектептерде пән ретінде оқытудың дәрежесін жоғарылатады. Қоғамдық құрылыстың барлық құрылымдары дамушы жүйе ретінде қарастырылғандықтан, олардың құраушыларының өзара байланысы, өзгерісі басқа элементтерге ықпалын тигізеді. Қоғамдық прогреске сәйкес білім беру мазмұны өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды.

Білім беру жүйесінде кеңінен қолға алынып жатқан іс-әрекеттің бірі жаңа қоғамға, сол қоғамның дамуына сәйкес адам тәрбиелеу мәселесі болып отыр.

Қазіргі таңда мектептегі өзгерістерге "жаңа тәрбие" ұғымына тән іс-әрекеттерді жатқызуда. "Жаңа тәрбие - педагогикада ХІХ ғасырдың аяғында реформаторлық педагогика шеңберінде пайда болған ағым. Жаңа тәрбие идеялары қоғамның мектеп (негізінен, орта мектеп) арқылы экономикалық, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында белсенді қызмет атқаруға даяр, жан-жақты дамыған, бастамашыл адамдар даярлау тұрғысындағы қажеттеріне сай болды" [16, б. 88] .

Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. С. И. Ожеговтың сөздігі бойынша "Формация - қоғамның даму тарихындағы белгілі кезеңі және сол даму кезеңіне тән құрылыс; көзқарастар, пікірлер жүйесі" ретінде анықталады [17, б. 853] .

Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда.

Мұғалімдерге шет тілін оқытуда жаңа талаптар қойылуда:

- кәсіптік іс-әрекеттің жаңа әдіснамасын және технологиясын игеру;

- демократиялық идеалдарды тасымалдаушы ретінде педагогтың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру;

- жаңа талаптар жағдайында (оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мен білімі) оқытуға және ұдайы өзіндік білім алумен шұғылдануға даярлығын қалыптастыру;

- өзіндік және жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті педагогтік жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жоғары мектептегі оқыту үдерісінде болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық шарттарын анықтау, алдымен шарттардың мазмұндық сипатын анықтау қажеттігі туындайды. Осыған сәйкес, “шарттар”, “жағдай”, “даярлаудың педагогикалық шарттары” ұғымдарының мәнін ашу керек. Орыс тіліндегі ”Условия” терминінің қазақ тіліндегі аудармасы “жағдай”, “келісімдік”, “ереже”, “шарт” немесе “талаптар” т. б. терминдерді береді [141] . Жалпы “педагогические условия” ұғымының қазақ тілінде “педагогикалық шарттар” ұғымы ретінде қолданыс тапқаны дұрыс болып табылады.

Шарт - объектінің өмір сүруі үшін, немесе әрекет етудің керекті базасы, негізі ретінде көрінеді. Педагогика ғылымында шарттарды объективті және субъективті деп ажыратады. Объективті шарттар мұғалімге байланысты емес, оған мемлекеттік оқу-әдістемелік құжаттар, оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері, мектептің жұмысы және оны қоршаған ортаның нақты жағдайы қатысты болып табылады. Субъективті шарттарға мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен шеберлігі, оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі заңдар мен білімдер, оларды практикада қолдану ептілігі, оқу және тәрбие үдерісіне жағымды жағдайды мұғалімнің жасау және тәрбиеленушілермен дұрыс қатынасты орнатуы жатады. Кейбір кезде белгілі іс-әрекет түріне қабілетті субъективті жағдай шешуші мәнге ие болады [142] .

Философтар шарттарды қажетті және жеткілікті деп бөліп қарастырады. Шарт оқиға салдарының, заттар өзгеруінің және әлемнің объективті құбылысын анықтаушы ретінде қарастырылады [143] . " Шарт", "жағдай" деген ұғымдардың қазақ тілінде бір мағынаны білдіре бермейді, сондықтан ғылыми зерттеулерде “педагогикалық шарт - педагогикалық жағдай” ұғымдарының синоним ретінде пайдаланылады.

"Шарт", "жағдай" ұғымдарының көптеген анықтамаларын талдау оларды былай жіктеуге мүмкіндік берді: біріншіден, бұл - белгілі заттың, дененің, өзін қоршаған ортаға, құбылыстарға қатынасын білдіретін философиялық категория, яғни, дене, зат жағдайға (шартқа) тәуелді, ал жағдай (шарт) - ол денеге, затқа сырттай ықпал жасайтын, объективті әлемнің алуан түрлі құбылыстары; белгілі құбылысты немесе үдерісті дүниеге әкелетін себепші күштен шарттың немесе жағдайдың айырмашылығы, ол - пайда болған құбылысқа, нәрсеге, затқа - өмір сүретін және әрі қарай дамуға мүмкіндік беретін орта болуында;

Екіншіден, бұл - өзіне бір нәрселердің тәуелді жағдайы;

Үшіншіден, бұл - өмірдің, қоғамның қажеттілігіне орай қалыптасқан ережелер, ұстанымдар;

Төртіншіден, басшылыққа алынатын талаптар [14] .

Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың өзіне тән шарттары болатыны заңды нәрсе, себебі оның өзіне тән мақсаты, міндеттері, мазмұны, атқару әдіс-тәсілдері, құралдары болады, сондай-ақ, нәтижесі өзінің мақсатына сәйкес келеді.

Жағдайлар деген ұғым факторлар ұғымымен де тығыз байланысты, себебі факторлар да бұрыннан қалыптасқан жағдайлар, олар дененің, заттың дамуына ықпал етеді.

Педагогикалық зерттеулерді талдау “педагогикалық шарт“ ұғымын пайдалануда, оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа - оның жекелеген бөліктеріндегі немесе бүтіндей мектептегі білім беруді жетілдірудегі келесі қадам ретіндегі практикаға ендірілген, педагогикалық эксперимент тәртібінде даярланған жаңа оқыту, тәрбиелеу, дайындау (әрекет ету) жүйесін сипаттауды талап ететіндігін көрсетеді.

“Педагогикалық шарттар” ұғымын ашу оны “педагогикалық негіздер” ұғымынан шектеу қажет. “Педагогикалық негіз” деп, кез келген педагогикалық жүйеге қатысты оқыту мен тәрбиелеуді түзудің негізгі жалпы сипаттамаларын мақсатты түсіну қажет.

“Педагогикалық шарт” ұғымы “педагогикалық жүйе” ұғымымен өзара байланыста және “педагогикалық шарттар” ұғымын пайдалану “педагогикалық жүйенің” бар болуында ғана белгілі мәнге ие болады. Педагогикалық шарттарды сипаттау, оның әзірлемесін даярлау жетілдірілген педагогикалық жүйесін тудыруға ұмтылғанда ғана мәні болады.

В. П. Беспалько кез келген педагогикалық жүйе құрылымының жиынтығы ретінде мыналарды анықтаған: 1 - оқушы; 2 - тәрбие мақсаттары (жалпы және жеке) ; 3 - тәрбиенің мазмұны; 4 - тәрбие үдерістері (жеке тәрбие мен оқытудың) ; 5 - мұғалім (немесе оқытудың техникалық құралдары) ; 6 - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары; 7 - оқытудың нәтижелері. И. П. Подласый бұл жүйеге: 1 - басқару; 2 - құралдары; 3 - технологияны қосу керек деп біледі [13] .

А. Ф. Амиров педагогикалық зерттеуіне сәйкес педагогикалық шарттарды өзара байланысты жүйе түзуші үш блокты: І блок - оқытудың әдіснамасын, соған сәйкес мақсаттарды, міндеттерді, ұстанымдары; ІІ блок - оқу-танымдық іс-әрекеттердің мазмұнын, формаларын және әдістерін; ІІІ блок - ішкі және сыртқы танымдық ой түрткілер (мотивтер) жүйесін ұсынады [15] .

Педагогикалық зерттеулерді талдаудың негізінде педагогикалық шарттар деп, педагогикалық жүйе құраушыларының мазмұндық сипаттамаларының жиынтығын және нәтижеге жету жолын түсінеміз. Зерттеуімізде біздер педагогикалық жүйенің кейбір элементтерін құрастыруды және соның негізінде оқу нәтижесін арттыру мүмкіндіктерін қарастырдық. Дәлірек айтқанда оқу іс-әрекетіне тоқталдық.

Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының міндетті түрлеріне дәріс, семинарлар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар (зачеттар), емтихандар жатады [52] . Оқу жұмыстары білім беру мазмұны арқылы таңдалады және оқытудың әдістері көмегімен оқыту үдерісінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы негізгі ережелерді, Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы заңдылықтарды басшылыққа алып тіл білімі саласын мектеп қабырғасында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы мұғалімнің біліміне мынадай талаптар қойылады:

мектеп оқушыларына шетел тілін оқыту құралы бойынша білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу үшін қазіргі жағдайды бағдарлау, талдау және баға беру үшін қажетті ғылым негіздерін білуі;

оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері негізінде тәрбиелеу және дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру заңдылықтарын ашатын психология-педагогика ғылымының, ғалымдардың теориясы мен тұжырымдарының негіздерін білуі;

тілді оқытуды ғылыми тұрғыда ұйымдастыруды дамытудың мәселелерін және қазіргі деңгейін, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттерін шешудегі рөлін түсінуі;

шетел тілін оқытудың мақсаттарын, олардың мектептік жеке тұлғаны қалыптастырудағы үлесін, олардың адамгершілік мәдениетті игеруі;

мемлекеттік білім стандартында тіркелген, білім беру мекемелері шеңберіндегі оқу материалдарын оқыту деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемдегі шетел тілі дайындығының құрылымы мен мазмұнын игеруі;

таңдап алынған бағдарламамен және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілумен сәйкестіктегі нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етуші оқытуды ұйымдастырудың формаларын, құралдарын және әдістерін игеруі;

пәнді оқытуда материалдық базаға қойылатын талаптарды білуі;

Мұғалімнің іскерлігіне:

өзінің бағдарламаны таңдауы мен оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуін негіздеуді;

педагогикалық, психологиялық және әдістемелік ғылымдар, жасерекшеліктер психологиясы мен мектеп гигиенасы саласындағы жетістіктер негізінде оқу сабақтарын жүргізуді;

мектептік жеке тұлғаның, оның мотивтеріне, танымдық қызығу-шылығына, қабілетіне бағдарланумен оқу үдерісін жоспарлау және жүзеге асыруды;

оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін, зерттеушілігін ұйымдастыру, оқу үдерісіне мәселелеп оқытуды қолдану;

оқушылардың білімді меңгеруді және іскерлікті игеруді, сондай-ақ шығармашыл іс-әрекетті пәнге танымдық қызығушылықты дамытуды ескерумен пәнді оқытудың тиімділігін бағалауды, оқушыларды бақылау мен аттестаттауды жүзеге асыруды;

оқу кабинетіндегі бар жабдықтар мен техникалық құралдарды пайдаланумен мектеп оқушыларының жұмысын ұйымдастыруды;

оқытуды практикамен байланысты жүзеге асыруды, қазіргі өзекті жағдайды оқушылармен талқылауды;

пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуді, шығармашыл іс-әрекетке жетекшілік етуді қажет етеді.

Бұл талаптар негізінен мұғалімнің тек шетел тілі бойынша іс-әрекеттеріне ғана емес, олардың әдістемелік дайындығына да жалпылама қойылған.

Оқушыға шетел тілін оқытуға білікті мамандар даярлауға айырықша талап қойылып, мемлекеттік стандартта белгіленеді. Мәселен, 0319 - “Шетел тілі” (1996ж. ), 050119 -Шетел тілі: екі шетел тілі (2004ж. ), т. б. мамандыққа қойылатын талаптар көрсетіледі [23; 24] .

0319-“Шетел тілі” мамандығы бойынша талаптар:

  • оқуға түсушілердің біліміне қойылатын жалпы талаптар;
  • маманның дайындық деңгейіне қойылатын талаптар болып берілген.
  • жалпы кәсіби педагогикалық пәндер циклына қойылатын талаптар (педагогика және педагогика тарихы; жалпы психология мен жас ерекшелігі психологиясы, шетел тілін оқыту психологиясы; этнопедагогика саласы бойынша) ;
  • ғылыми-әдістемелік пәндер циклына қойылатын талаптар (мамандыққа кіріспе; шетел тілін оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі; оқыту әдістерінің тарихи; әлеуметтік-бағытталған әдістеме саласы бойынша) ;

- арнайы пәндер циклы (практика және теория) бойынша талаптар (шетел тілінен ауызша және жазбаша сөз практикасы; шетел тілінен арнайы теориялық пәндер циклынан білімдері мен іскерліктеріне қойылатын талаптар: теориялық фонетика; теориялық грамматика; лексикология мен тіл тарихы; стилистика; әдебиет; елтану және лингвоелтану саласы бойынша) ажыратылып, бөліп көрсетілген.

Бітірушіге арнаулы пәндер бойынша қойылатын талаптар:

- жоғары оқу орны таңдап алған бағыт бойынша біліктілікті алу үшін мұғалімді кәсіби-педагогикалық дайындаудың мазмұнын көрсететін теориялық практикалық материалдарды зерделеп игеруі;

- шетел тілін оқытуды ұйымдастыруға қажетті оқу-әдістемелік дағдылар қалыптастыруы;

- пәннің негізгі бағыты бойынша мұғалімнің іс-әрекеті туралы объективті түсінігі және жоғары оқу орнында алған біліктілігіне лайықты болуы үшін, осы саладағы теориялық және практикалық зерттеу әдістерін игеруі тиіс.

Арнаулы пәндер циклы маманның кәсіби-педагогикалық білім мазмұнын әрі қарай дамытатын бағытталған білім беру бағдарламасынан тұрады. Демек арнаулы пәндер циклының мақсаты жоғары оқу орыны таңдаған бағыттағы білім, біліктілік және дағды деңгейін көтеру болып табылады.

050109 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бакалаврлардың негізгі құзырларына қойылатын талаптар [24, б. 6-8] :

  • білім беру жалпы адамзат құндылығы,
  • тілдің ерекше қоғамдық құбылысы,
  • шетел тілінің тілдік жүйесі тұтастай тарихи қалыптасқан құбылыс,
  • екінші шетел тілін меңгерген тұлға ұғымы,
  • тарихи даму жағдайындағы тіл мен мәдениеттің өзара байланысы,
  • тілдің коммуникативтік табиғаты және қызметтері,
  • шетел тілінің қазіргі кездегі түрлі мәдениет әлемінде алатын рөлі туралы түсінігі болуы қажет екендігі көрсетілген.

Сондай-ақ шетел тілін оқытуға байланысты білім мен іскерліктер тізбегі бөліп көрсетілген.

Мектеп оқушыларының, ағылшын тілі пәні мұғалімінің іс-әрекеттерін тіл маманы іс-әрекетінің теориялық негізін құрайды. Ал іскерлік пен дағды - оқытудағы практикалық іс-әрекеттің негізгі бөлігін құрайды. Сондықтан да төмендегідей қағиданы басшылыққа алу қажет:

а) мектептегі, жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісіне кірістірілген іскерліктер мен дағдылар негізінен тілдік қарым-қатынас үшін практикалық іс-әрекеттерді келешектегі қажеттілігімен сәйкес келуі;

б) оқыту мерзімінде алатын кейбір іскерліктер мен дағдылар практикалық іс-әрекетте қолданылуы, тілдік қарым-қатынас іс-әрекетіне маманның практикалық іс-әрекеті үшін қажеттілері мектепте қалыптастырылуы керек.

Шетел тілі мұғалімі іс-әрекет құрылымының көрсеткіші болып педагогикалық жағдай табылады. Мұғалімнің іс-әрекеті пәннің теориялық мағлұматтарын іріктеу, талдау, оқу материалдарын оқушылардың игеруі үшін тапсырмалар жүйесін әзірлеу, теориялық мағлұматтарды қалыптастыру мен оны оқушылардың практикада қолдануын ұйымдастыру болып табылады.

Оқушының іс-әрекеті саналы түрде оқу материалдарын түсіну мен ғылыми білімдерді алу әдістерін игеру, оларды талдап қорыту және оны практикада жүзеге асыру, шығармашыл тұрғыда қолдану болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудио оқыту құралы ретінде
Үштілділік-заман талабы
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz