Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
МАЗМҰНЫ
Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
Анықтамалар мен
қысқартаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау Ы.Алтынсарин еңбектерінің ғылыми – теориялық негіздері
1. Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Ы.Алтынсарин және ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ даласындағы
оқу-ағарту
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.3 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының
рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру туралы ой – пікірлерін оқу –
тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
2.1 Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және әдістемелік
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілікке тәрбиелеу тақырыбындағы
шығармаларының педагогикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Қоғамымызда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайда қазақ
халқының тарихи дамуына байланысты балаларды ,яғни болашақ жастарды ұлттық
озық дәстүр негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік туғызып отыр.
Ғылымда педагогикалық категория ретінде алдымен адамгершілік ұғымы
анықталып, орныққан деуге болады. Педагогикада адамгершілік қоғамдық
талапқа сай ізгілікті , инабаттылықты білдіретін моральдық ұғымдардың
жиынтығы ретінде қарастырылады. Мәселен, педагогикалық энциклопедияда
адамгершілік тәрбие ұғымын адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен
әдеттерді, мінездерді, моральдық қасиеттерді қалыптастыру үрдісі деп
анықтайды, ал,қазақ педагогикалық энцоклапедиялық сөздігінде адамгершілік
тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, парасатты, мінез-құлық
дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық
сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің
құрамдас бөлігі деген түсінік берілген Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде Адамгершілік тәрбиесі ізгілікке, инабаттылыққа баулудың
жолы деп түсіндіріледі.
Руханилық ұғымы-философиялық категория.Философиялық сөздікте руханилық
адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі. Рух
материяның жоғарға көркі қоғамның , рухани өмірі . қоғамдық сана мен
болмыстың бейнесі болып табылады.. Сонымен белсенді ықпалын тигізеді.
деген түсінік берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек,
руханилық ұғымы адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты жіне
соған қатысты қасиеттерді білдіреді.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi.
Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта
жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi
Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс,
дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң
жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы
сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы,
осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес.
Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан: адамгершілік, мінез-
кұлык; рухани-адамгершілік тәрбие; адамгершілік сезім; адамгершілік сана;
тарихи сана; ұлттык мұрат (идея); ұлттық идеология; ұлттык сана;
географиядық сана; морал: адамгершілік көзқарас; тағылым; ізгілік;
менталитет, т.б. сияқты іс-әрекеттер мен касиеттерді окушылардың бойына
сіңіре білуіміз керек.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль
элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында
қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе,
ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-
этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз
байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде
тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына
және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi-
халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде
жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап
көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық .
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика
классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой,
Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан:
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.
Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның
басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының
арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы
ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа
кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны
ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”.
М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi
белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан
емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас
уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды
тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау
үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн
жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдыры орыс мәдениетімен бірлікте алып
қараған Шоқан, Абай және Ыбырай сияқты ағартушы – демократтар тарихымызда
өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен
еңбегі зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел - жұрттың көрші елдің
өнер – білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі жүзеге асыруға да
өлшеусіз үлес қосты.
Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды
публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының
мәдениет пен экономика жағының мешеу кезінде өмір сүріп , халқымыздың
демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп
өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан – жақты талант иесі Ыбырай Алтынсариннің есімі қашанда уақыт
сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз
Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша
үлгілерінің бірі болып табылады.
Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог – ағартушы ретінде және белгілі
қоғам қайраткері ретінде танып, оның шығармаларын жаңаша тұрғыда талдаған
Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Асқар
Тоқмағамбетов және тағы басқа ғалымдар еңбектерінің мазмұны мен мақсатын ,
идеясын ашып көрсетті, ал педагогикалық, ағартушылық қызметін Ә.С.Сыдықов
зерттеген, ал әдеби шығармаларына талдау жасап монография жазған белгілі
әдебиет зерттеушісі Ә.Дербісалин болды. Біздің тілімізге тиек болып
отырған еңбекке баулу мәселелеріне деректі зерттеулер жүргізген ғалымдар
С.Мусин мен Ш.Имашев.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі, биік таланты бір кезде қандай
жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазір де сол асыл да абзал
ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені
әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды
көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір
жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып , жол болсын айтып тұрғандай
болады, уақыт өткен сайын биіктей , мән – маңызы мен қадір-қасиеті арта
түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей
санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін
бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген
надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді , мәдениетті
елдердің қатарына қосу еді.
Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесі туралы
ой – пікірлерінің қазіргі кезде де өзінің құндылығын жоймағанын байқаймыз.
Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде өзіндік орны бар. Сол себептен әдістемелік
тұрғыдан зерттеу осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді әрі біздің дипломдық
жобамыздың тақырыбын алуға негіз болды.
Зерттеу тақырыбы: Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы
жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары
Зерттеу нысанасы: ХІХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық,
адамгершілік тәрбиесі туралы ой – пікірлердің даму үрдісі.
Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесіндегі , яғни
тәлімдік ой – пікірлерін мектептің оқу – тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары.
І тарау. Ы.Алтынсарин еңбектерінің ғылыми – теориялық негіздері
1. Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай
жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын
іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық
анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге
жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада
бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан
қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей,
мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында
Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің
бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын
ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып,
өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне,
ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ал оның заманы тарихтың бір аумалы –
төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан
кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы
басталған-ды. Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп
жатты. Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер
біріне- бірі жалғасқан еді. Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым
батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың
есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы... Ауыр заманда білім алып,ат
жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Елді
қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте
ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген
қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер
болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше. Абай мен Ыбырайдың
ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың
бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Омарханұлы
Әуезов болды. М. Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: Ыбырай
орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық
жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық
әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді... Ыбырай да сол бір
бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық
қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы
екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол
екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің
үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі
Ресейде батыл жаңалық жасап, бұратана елдер үшін тың үлгідегі мектеп
ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық
пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы. [1]
Кезінде қазақ халқының болашақ дағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып
қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар
тарихымызда өшпестей із қалдырды.
Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор.
Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті
ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болған
адам.
Ы.Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер
мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.
Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой – пікірдің өркендеу
тарихында үлкен орын алады.
Ыбырай Алтынсариннің сан қырлы бай мұрасын тереңінен зерттеуге Қазақстан
ғалымдары тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана мүмкіндік
алды. Мұның өзі оңай жұмыс та емес еді. Басты міндет Ыбырай Алтынсариннің
көзқарасындағы барлық дұрыс бағытты анықтау, ол өмір сүрген дәуірдегі
қоғамдық тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтың бетін ашу, ұлы педагогтың
қалдырған мұраларын қазақ халқының сол кездегі талап – тілегі, мұң –
мұқтажы тұрғысынан қарап, өткен заманның прогресшіл қозғалыстарының үлгі -
өнегесіне, әсер – ықпалына тығыз байланысты түрде талдау болып табылады.
Ы.Алтынсариннің қоғамдық, педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына
оның В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, Я.П.Яковлев секілді орыс достарының
әсер ықпалы ерекше болды. Солардың тікелей көмегі арқасында Ы.Алтынсарин
өзінің орысша білімін тереңдетіп көтерумен қатар, Ресейде А.И.Герцен,
В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов секілді революционер -
демократтардың еңбегімен танысады, сондай-ақ Л.Н.Толстойдың,
И.И.Паульсонның, К.Д.Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына негіз етіп
алады. Бұл оқулықтардан көптеген аудармалар жасап қазақ балаларына арнап
жазған кітабына енгізеді. Н.И.Ильмискийдің араласуымен белгілі татар ғалымы
Х.Фаизхановпен танысады, хат жазысып тұрады. Мұның бәрі Ы.Алтынсариннің
ағартушылық педагогикалық көзқарас – танымының қалыптасуына тікелей жағдай
жасады.[2,3,4]
Н.И.Ильминскийдің жүйесіндегі қате-кемшіліктерден бас тарта отырып,
Ыбырай Алтынсарин мектепті ұйымдастыру, мұғалімдерді даярлау, мектептерге
арналған жетекші нұсқауларды, сөздіктер мен басқа да оқу құралдарын
бастырып шығару сияқты ең қиын мәселелерді шешу үстінде онымен ақылдасып,
күш көмегіне сүйенді.
Халық ағарту саласының табанды да дәйекті күрескері болған Ыбырай
Алтынсарин бүкіл адамзаттық білімнің идеясын қорғады. Осы тұрғыда оқытуды
еңбекпен, өмірмен байланыстыру, қазақ қыздарына білім беру жөніндегі Ыбырай
Алтынсарин ой – пікірлері тек біздің заманымызда ғана толық жүзеге
асырылды.
Тәрбиенің әртүрлі компоненттеріне – адамгершілік, еңбек және дене
тәрбиесіне айрықша назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы
тақырыпты да алғаш рет талдаған Ыбырай Алтынсарин болатын.
Қазақстан авторларының зерттеулерінде Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық -
саяси және ағартушылық қызметі, сондай – ақ оның әдеби мұралары жан –
жақты терең қарастырылады. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметін
сипаттайтын материалдарды тапқан С.Сүлейменов. Ол Ыбырай Алтынсарин
еңбектерін мұқият тексеріп, оның таңдамалы шығармаларының бір томдығын
жарыққа шығарды. Ы.Алтынсариннің мұраларын терең зерттеу, оның түсіну
жолын Е.Бекмаханов, Т.Тәжібаев, Ә.Сенбаев, М.Сильченко, Қ.Бержановтарға
реформадан кейінгі дәуірдің бай библиографиялық әдебиетінде баға жетпес
дерек болып табылады. [5,6,7,8]
Аса көрнекті ғалым Әлікей Марғұлан Ы.Алтынсариннің Орыс География
Қоғамының Орынбор бөлімінің жазбаларында мерзімді баспасөз бетінде
жариялаған этнография саласындағы еңбектерін зерттеді. Ә.Марғұланның іздену
жұмыстарының нәтижесінде Ы.Алтынсариннің шығармашылық өмірбаянының және
демократ ағартушының тарихтағы рөлін айқындай түсуге қатысы бар көптеген
құжаттар табылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағарту ісі мен педагогикалық
ой – пікірдің дамуы туралы жазылған Т.Тәжібаевтың еңбегінде Ы.Алтынсарин
мен Абайдың түрлі проблемалар жөніндегі психологиялық көзқарастарына егжей-
тегжейлі талдау берілген. Ондағы мәселелер мыналар: Адам және орта, адамның
психологиялық ерекшеліктері, мәдени игіліктерді жасаудағы және оны кейінгі
ұрпаққа мұра етіп қалдырудағы адамның қабілеті, адам организмінің дамуына
керекті жағдайлар, адам зейінінің , ақыл – ойының ең басты орталығы – ми ,
дамыту мен оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы саналылықты, дербестікті
баланың бойына сіңіру жайы педагогикалық қорытындылар жасау мәселелері.
[8,9]
Қазақ мектебін құрған кездерінде Ы.Алтынсарин табиғаттану ғылымының
мәселелерімен қатты шұғылданды. Осыған байланысты бірнеше мақалалары бар.
Ы.Алтынсарин туралы библиографиялық деректер мен оның өмірі жайлы халық
аузында сақталған қызықты әңгімелер мен өлең жырлар бар. Халық жүрегінде
Ыбырай Алтынсарин – зор ақыл иесі, қазақ даласындағы бірінші мұғалім .
Ы.Алтынсариннің шығармаларының көп уақытқа дейін жете сұрыпталып,
анықталмай келуіне қазақтың буржуазиялық ұлтшылдарының көп зияны тиді.
М.Дулатов 20-жылдарда Орынборда шыққан Оқу құралы атты кітабында
Ыбырайдың өзіндік шығармаларын жариялаумен бірге, өзге бірсыпыра
шығармаларды да Ыбырайдың атымен жариялады. Ол Ыбырайдың жұртқа мәлім
шығармаларын өз оқулығында кейде Ы.Алтынсариннің өлеңі
не әңгімесі екенін көрсетсе, кейде көрсетпей, авторын белгісіз етіп те
берді, ал Ы.Алтынсариннің шығармалары емес өлең, әңгімелерді
Ы.Алтынсариннің жазғаны деп көрсетіп беріп отырды.
1.2 Ы.Алтынсарин және ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ даласындағы оқу-
ағарту саясаты
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы ескіше 20 қазанда Қостанай облысы,
Затобол ауданындағы Жаңбыршы аулында дүниеге келеді (бұрынғы Арыққарағай
болысы). Әкесі Алтынсары Ыбырайдың төрт жасында қайтыс болады да, атасы
Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би жоғарыда аталғанындай,
Қостанай, Торғай өлкелеріне ықпалды, сол дәуірдегі Құнанбай Өскенбайұлы,
Алшынбай Тіленшіұлы, Есеней, Шорманның Мұсасы, Сандыбайдың Ердені, Шыңғыс
Уәлиханов сияқты белгілі тұлғалармен қатарлас, қазақ арасында беделді,
көзі ашық, көкірегі ояу адам болған. Орынбор қазақтарының билеушісі болған
Балғожа би Орынбор шекара комиссиясының мүшесі әрі әскери старшина шенді
дала шонжары еді. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді де
меңгерген, сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде , әрі өлең жазумен
айналысқандығымен немересіне үлгі болады. Оны немересіне жазған хатынан
және ел аузында сақталынған шешендік сөздерінен байқауға болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын
бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ
балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді
ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: Мектеп құрудағы
басты міндет – шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан – ел
билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша
қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау деп жазылған.
Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды,
оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай ең алдымен, мұсылманша оқып, сауат ашады. 2-3 жылдай ауыл
молдасынан сабақ алады. Сол сәби кезінің өзінде-ақ ол жақсы қасиеттерімен
ерекшеленеді. Атасы Балғожаның тұжырымды сөздеріне көңіл қойып, ел ішіндегі
би-шешендердің іс-әрекеттерін, тапқырлық-тағылымдарын көкірегіне түйіп
өседі.
Ыбырай Орынбор қаласында ашылған мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді.
Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болған.
Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген
жылдары Ы.Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының төрағасы болып қызмет
атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысып,
жақын болып және онымен достасып алады да, оның бай кітапханасын еркін
пайдаланады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын-жазушыларының,
ағартушы-ғалымдарының шығармаларын көптеп оқып, олармен мол танысады.
Сөйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өздігінен оқып,
ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі бар,
ой өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.
Атасы Балғожа Ыбырайды бала кезінен өзіне ізбасар ретінде даярлай
бастайды. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынбор округі бойынша Торғай
облысында қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке
апарып берген Балғожа немересіне мынадай өсиетті өлең арнайды:
Үміт еткен көзімнің нұры –балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен,есен –аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең басыларсың.
Ата –анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп, білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің
Қолыңа құрық алып кетер едің,
Жүргенмен , не мұратқа жетер едің?!
Қазақ балаларынан патша үкіметінің кеңсе жұмысына жергілікті
ұлттың балаларынан тілмаш, ұсақ шенеуніктер даярлауға арналған школдарда
(мектеп ) орыс, татар тілдерінде сабақ оқытылатын болған. Бұл мектептің
өзінде патша үкіметіне ерекше еңбегі сіңген , берілген адамдардың балалары
ғана оқитын болған. Қазақ балалары негізінен мұсылмандық оқуға баратын.
Орыс оқуына баруына атасы Балғожадан басқалары, атап айтқанда анасы Айман,
ағасы Қанғожалар қарсы болады. Алайда атасының пікірі жеңеді. Негізінен
діншілдік пен патшашылдықты уағыздауды тәрбие өзегі еткен осынау мектепті
Ыбырай 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Бұдан кейін екі
жылдай ол өз елінде тілмаштық қызмет атқарады.
Осы жылдарға шейін ол Батыс, Шығыс әдебиетін терең меңгерумен бірге
педагогикалық еңбектерді мұқият оқып, өзінің болашақ мұрат – мақсаттарын
айқындай бастайды. Орыстың ағартушылық бағыттағы көптеген ақын-жазушылары
мен педагогтарының шығармаларын оқумен қатар сол кезеңдегі орыс зиялылары
арасында зор құрметке ие болған француз әдебиеті мен педагогтары
еңбектерімен танысады. Ол атақты шығыстанушы
В.В.Григорьевпен танысады.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол
осы кезеңнен бастап тілмаш болып кеңсе жұмысында қалып қоймай, қазақ
даласында жаңа тұрпаттағы мектеп ашуды көздейді. 1861 жылы алғашқы арманына
жеткендей болады. Бірақ ол арманы кейіннен , үш жылдан соң орындалған.
Торғайда алғаш мектеп ашуға рұқсат алған ол 1864жылдың 8 қаңтарында
Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады..
Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп ,
мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар.
Мен балаларды оқытуға , қойға шапқан қасқырдай өте қызу кірістім. Бұл
балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін
және орысша, татарша жаза білетін болды,- деп өзінің досы Н.И.Ильминскийге
жазған хатында. Осы хатында ол өзінің қалай оқытатындығы туралы айтып, өзін
оқыту әдісіне әжептәуір жетілген педагог ретінде танытады. Оның грамматика
сабақтарын жүргізу әдістері өте тартымды екендігі байқалады.
Ыбырайдың бала оқыту жұмысы бірыңғай жүре берген жоқ. Ол Торғайдағы
уездік басқармада әр түрлі қызмет атқаруға тиіс болған. Іс жүргізуші, уезд
бастығының аға көмекшісі, уездік судья қызметін атқарады.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барып, орыстың ағартушылық
жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп, қазақ
тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды және талаптана бастайды.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне
тағайындалады. 1879-1883 жылдары Торғай облысының төрт уезінде жаңа мектеп
ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін ашады. 1887 жылы Ырғызда
алғаш рет қыздар мектебін ашқан Ыбырай қазақ даласына үлкен үлгі
көрсетеді. Қазақ даласында ол кезде қыздарды оқыту үрдісі жоқ еді. Далада
мектептердің көптеп ашылуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп
ашуды мәселе етіп қойып жүріп, 1881 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі
ашылуының бастамашысы болады.
Сөйтіп, Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық
өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға
арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына сарп
етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл
шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі
өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту
ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын
мектеппен байланыстырған.
Сондықтан да ол: Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы...
Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты, - деп жазған
болатын-ды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет
істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда,
мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға –
мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша
жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз
берері шамалы деп есептеген.
Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика
құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген
инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы
оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін,-деп жоғары балады.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын,
әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық
жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы,
жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын
көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның
тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог.
Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы
педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне
арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың
педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып,
Ы.Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы (1879 жылы) мен Қазақтарға орыс
тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық деген екі кітабын жазды. Бұл
еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен
ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек
кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің
жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің
жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын
жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді
қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.
Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы
жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына
сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен
жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің
үлгілерін енгізді.
Қазақ хрестоматиясымен жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның Балалар әлемі, сонымен
қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың
оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар
жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен
ашылды.
Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру
ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды,
содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды.
Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург
қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский,
А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз
байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар
ағартушылары Ш.Маржани, Қ.Насыри, С.Кукляшев, әсіресе, Петербург
университетінің оқытушысы, Ш.Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы
Хұсин Файызхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып
тұрады. Оқу ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да, Ы.Алтынсаринге көп
көмегі тиген.
Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ
халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі
пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелер жөнінде
Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері де аз болмаған.
Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік
әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ
жазуын (яғни, араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне
көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат
жазып, арыз айтып ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда
Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: Шапағатты төрем Николай
Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде
пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге
асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар
қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды.
Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі
үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап
отырған татар жазуының әсерінен... Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың
өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы.1
Алайда, Ы.Алтынсариннің өз заманы үшін бұл орынды ұсынысын
Н.И.Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстовта қабылдамаған.
Ы.Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің оқушы қазақ балаларын
еріксіз шоқындыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті
орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған.
Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз
байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан
кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп
хабарлайды: Қазақ қыздарына арнап ашылмақ табысты боларына губернатордың
күдігі бар... ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды
ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл
сенемін.
Көп ұзамай бұл араманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына
интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халықының
өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті
болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының
барлық уездерінде қыздар училищелерін
----------------------------------- -----------------
1Алтынсарин А: Таңдамалы шығармалары. Алма-Ата, 1955, 278-279 беттер.
2Сонда, 430-бет
1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы
Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.
Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы
қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі
бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына
ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл
өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл
мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-
ағарту жұмысының орталығы қазақтарды оқытудың негізгі буыны болуға тиіс.
Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы
біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.
Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық
жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тіліндеоқыта алатын
мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың
бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің
тағы бір хатында оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма
пәле іздеп алдым, өкімет орындары маған теріс қарай бастады, жер
аударылуға аз-ақ қалдым деп күйініп жазды.
Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі –
белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол
мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен
мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан
ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу
орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске
асырмақ болды.
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан ашылып
жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен
көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан
мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім
кадрларын бірден бір оқу орны еді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін
педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне
қойды.
1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-
түкпірлерінде жемісті еңбек етті.
Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп
отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін
қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды
Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы Ұстаздардың ұстазы
ретінде бағалауға тиіспіз.
Ы.Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халқымыздың салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Мұның бірі өлген
адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.
Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік болатын жан-
жақты ғылым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық,
хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.
Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған Қазақ хрестоматиясы атты оқу
құралына енген материалдарға зер салып қарасақ, оның балалардың жас
ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы
талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен
көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық
ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз
нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.
Ыбырай жастарды оқу білім -өнерге үндегенде құрғақ насихатқа
ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады.
Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда
Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтерген, әрқашан жаңарып, түрленіп,
құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін ееңбегі
Кел,балалар,оқылық, Өнер-білім бар жұрттар, Әй,достарым,
Әй,жігіттер деген өлеңдері.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен
сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында
тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-
қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.
Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар, тек ғана жастар деген
қорытындыға келді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған
арманын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды!-деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына
сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының жүзеге асқанын бұл күнде
айқын көріп отыр.
Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында тарихи
шектеушілік пен кейбір кемшіліктер болды. Қоғамдағы кемшіліктерді көре
тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы адамдарды ағарту, білім беру, өмірді
төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсылық
орнатуға болады деді.
Ыбырай - өзінің туған халқын ерекше сүйген тұлға. Сондықтан ол
ағарту ісін халқының ертеңі үшін аса зор шабытпен, ертеңге деген үмітпен
жүргізді. Қазақтарға - осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа кешікпей рухани
және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру- қалай дегенмен де аса
қажет болып отыр,- деп ол 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына
жолдаған баяндамасында.
Ыбырай Алтынсариннің өз халқын білім-ғылыммен сусындату жолында
еткен ұшан-теңіз еңбегі сол кезеңдегі билік тарапынан кедергілерге ұшырамай
қоймады. Патша үкіметіне Ыбырай ойлаған көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар
емес, биліктің пәрменін орындайтын шала сауатты адамдар керек еді. Бұл
кезде жаңа оқумен жұмыс жасауға дала халқы да даяр емес еді. Ел ішіндегі
ескішіл, керітартпалармен де аяусыз күрес жүргізуге тура келген: Заман
солай болған соң, амалын тауып, мүмкіндік бар жерде қазақ халқының елдігін
бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек,- деп
санады.
Оқудан, мектеп жұмысынан бос кезде қалың елмен араласып, мұң-
мұқтаждарына көңіл бөлген Ыбырай халық арасынан шыққан талант иелері-
ақындар мен әншілер, күйшілер мен бишілерді, түрлі өнерпаздардың өсу,
ілгерлеуіне көмек көрсетіп, жетекшілік еткен.
Ыбырай Алтынсарин сол кездегі Орынбор, Қазан қалаларындағы
шығыстанушы ғалымдар, атап айтқанда В.В.Катаринский, В.В.Григорьев,
Н.И.Ильминскийлермен халық ағарту қызметкерлері Я.П.Яковлев, А.А.Мазохин
тағы басқалармен шығармашылық, әріптестік тығыз қарым-қатынаста болған.
Алайда олардың барлығымен ұлт тағдыры мәселесінде көзқарасы бірікпегені
ұлы тұлғаның іс-әрекетінен байқалады. Аталынған ғалым-педагогтардың көбісі
қазақ даласын толық отарлауды жүзеге асыру барысында қызмет істеп жүрген
миссионерлер еді. Әскери –территориялық бодандыққа кірген елді одан әрі
бағындыру мақсатында Ыбырай сияқты ел арасында беделді, оқыған азаматтарды
пайдалануды көздеген жымысқы саясатты, әрине, Ыбырай сезген еді. Халықтың
жас ұрпағына бөлінген мисссионерлердің ақшасын ел игілігіне жұмсау арқылы
болашаққа қызмет ету- оның басты мақсаты болды және оны орындап та шықты.
Кеңес дәуірінде Ыбырай Алтынсариннің орыс педагогикасынан
үйренгендігі туралы біржақты пікірлер қалыптасты да, сан ғасырлық халықтық
педагогикасы мен Ыбырай шығармашылығы арасындағы байланыс азаттыққа қол
жеткізгенннен кейінгі дәуірде зерттеліне бастады. Атап айтқанда Ыбырайдың
қазақ арасындағы діннің ықпалы, мұсылманшылық мәселелері жөніндегі ойлары
мен осы турасындағы атқарған еңбектері жайлы енді ғана айтыла бастады.
Құран- Кәрімді ең алғаш қазақ тіліне мағыналық тұрғыда аударғандығы, оның
кеңес педагогтары мен әдебиетшілері айтқанындай атеист немесе шоқынды
болмағанын, таза исламды халыққа түсіндіріп, жеткізуді көздеген адал ниетті
танығандай боламыз.
Ыбырай Алтынсариннің ғұмырнамасы мен педагогикалық еңбек жолы ,
әдеби мұралары толық зерттелді дегенімізбен замана талабының әсерімен
көмескі тартқан тұстары да аз емес.
Қараңғы қазақ көгіне ,
Өрмелеп шығып, күн болам,
Қараңғылықтың кегіне ,
Күн болмағанда кім болам!,- деп
Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай, қараңғы қазақ сахарасында жаңа
заманға лайық оқу–білім алудың толықтай жүйесін жасап, халқының оянуына,
өзгелермен теңесуіне өлшеусіз еңбек еткен ұлы тұлға. Атақты Балғожа биден
қалған мол дәулетпен шалқып, бала оқытудың сан-салалы қиындық қамытын
мойнына кимей өтуге мүмкіндігі бар еді.
Бала оқытудан басқа ұлы ұстаздың ермегі асыл тұқымды жылқы жинау,
жылқы сапасын асылдандыру болғаны тарихи деректерден белгілі. Қостанай
өңірінде асыл тұқымды жылқы зауыты сол замандардан бері жұмысын жүргізіп
келе жатыр.

Ыбырай Алтынсарин алпысыншы жылдардағы алдыңғы қатарлы орыс
интеллигенциасының рухында тәрбиеленді де, сол кезеңдегі демократтық
ағартушылық принциптерге жақын болды. Ол Н.Г. Чернышевский мен Н.А
Добролюбов есімдерін құрмет тұтты. Сондықтан да Н.И. Ильминскийдің
православиялық-миссионерлік жүйесін оның қабыл алмағандығы түсінікті жай.
Оның көшпелі өмірге ыңғайластырылған мектеп - интернаттары -
бағдарламасы мен табиғаты жағынан Ильминский мектептерінен өзгеше болды.
Н.И. Ильминскийдің ойынша мектеп, ең алдымен, христиан дінінің ұрығын
таратушы болуға тиіс еді. Н.И. Ильминский жалпы білім беретін пәндер діни
пәндерде асып қалған уақытта ғана жүргізілуі тиіс - деп үйретті.
Ал, Ыбырай Алтынсарин басқаша ойлады. Оның пікірінше, мектептің негізі
міндеті халықтың жалпы білім деңгейін көтеру. Табиғи ақыл - ой, - дейді
Алтынсарин, - айналаны танып білуге ғана қабілетті, ал оның қабілетін көз
көрмейтіндігі танып білетіндей дәрежеге дейін дамытуға тек жоғары білім
ғана жеткізеді. Біз бұны жақсы түсінеміз, сондықтан да балаларымызды орыс-
қазақ мектептеріне беруге құлшына кірісіп жатырмыз ...
Ыбырай Алтынсарин арнайы ғимаратқа орналасқан, оқу - құрал жабдықтарымен
толық жабдықталған, тыңғылықты дайындығы бар мұғалімдермен қамтамасыз
етілген, салиқалы ұйымдастырылған мектептер жағында болды. Ал, Н.И.
Ильминский болса, керісінше, қарабайыр мектептерді жақтады.
Ыбырай Алтынсариннің ислам әсерімен күресу тәсілі де өзгеше болды. Бұл
күрестің оңайға соқпайтынын түсіне отырып, Ы.Алтынсариннің мұғалімдерге
деген әкелік қамқорлығы олардың тез жетіліп, педагогикалық шеберліктерін
шыңдап, бар күш - жігерлерін, ақыл - ойын мектепке беруге жұмылдырды.
Ыбырай Алтынсариннің өз мектептеріндегі мұғалімдері жөнінде айта келіп:
оқу ісін барлық жағдайда жақсы жүргізуді, олар көптеген, орыс мектебі
мұғалімдерінен артық деп жазуы шындық еді.
Ол өз мұғалімдерінің мәдени деңгейін көтеруге де тырысып отырды. Оларға
арнап кітаптар сатып алып отырды және оларды қалай оқу жөнінде жазбаша
кеңес те беретін. Олар көп жағдайда үлкен ғалым, педагогтардың еңбегі
(мысалы, Реклю, Коменский және т.б. шығармалары) болып келетін. Мектептерде
Ы.Алтынсариннің бастамасымен кітапханалар ұйымдастырылды. Ол өз
мұғалімдерінің рухани өсуін жіті қадағалап, әрқашан көмектесіп отырды.
Ұғына отырып оқу жөнінде былай дейді: Біз оқи отырып, оның мазмұнын
егжей - тегжейлі түсіндіреміз, оқушылар тосын сөздерді жаттап алуы үшін
арнайы дәптер бастатып, жаңа сөздерді жаздырып отырамыз.
Ы.Алтынсарин оқушылардың өткен сабақтарды жай есте сақтап қалуына ғана
емес, олардың терең түсінуіне қол жеткізеді. Мұғалім өзінің кіммен жұмыс
істеп отырғанын ешқашан естен шығармауға тиіс, - деп жазды Ы.Алтынсарин , -
ол балалармен жұмыс істейді , сондықтан олар бірдемені түсінбей қалса,
алдымен балаларды емес өзін кінәлауы тиіс. Ы.Алтынсарин оқыту әрекетінде
оқушылардың білім дәрежесін ескере түрып, олардың өздігінше жұмыс қылуына
мән беруді қатты қадағалайды. Ағартушы педагог ғалым еңбектерінде қалай
оқыту керек, не үшін оқыту керек - деген дидактикалық тұжырымдамаларды
педагогикалық саладан талдауға үлес қосты. Ы.Алтынсарин оқу үрдісінде
шәкірттің зейініне, дербестігіне, белсенділігіне мән беріп, берілетін білік
пен дағдының жүйелі, саналы болуына зер салады.
Ол оқу ісіндегі тұтастыққа, бір жүйелілікке мән берді. Бұл жөнінде
мұғалімдерге үнемі айтып отырды. Бір әдістемелік хатында Ы.Алтынсарин былай
деп жазады: Әрбір мектепте орыс тілін, жаратылыстану, жағрапия мен тарихты
оқыту бір жүйеге, бір басшылыққа бағынуы керек. Оқыту ісінде жүйе болмаса
мұғалім бірден-бір пәнді тұтас оқыта алмайды. Мұндай тарих, жағрапия,
техникалық өндіріс, іс жүргізу жөнінде мақалалар енгізу көзделген болатын,
бірақ Ы.Алтынсариннің мезгілсіз қазасы бұл мақсатқа жеткізбеді.
Ы.Алтынсариннің хрестоматиясы кейінгі қазақ оқулықтарын
құрастырушылардың кітап-кітапқа көшіріп басатын бай әдеби материалдар
қорына айналды.
Ы.Алтынсарин оқушылардың сыныптан тыс оқуына айрықша мән берді. Оның
мектептерінің барлығында оқушылар кітапханасы жұмыс істейтін.
Өз оқушыларына ол әрқашан кешқұрым және барлық сәті түскен уақыттарда
оқушылармен бірге кітап оқуға және бұл оқығандары жөнінде орыс тілінде
әңгіме өткізуді ұсынатын. Мен мұндай әңгімелерді, - деп жазады ол, -
оқушылардың ықыластана тыңдап, жеңіл меңгеріп алатындығына талай рет куә
болдым.
Қазақ мектептеріндегі тәрбие жұмыстарына да Ы.Алтынсарин баса мән берді.
Ол мұғалімдік жұмысының балғын шағында-ақ Н.И. Ильминскийге өз оқушыларына
адал адамдар тәрбиелегісі келетіндігін жазады. Өзінің инспекторлық
жұмысының барысында қазақ мектептеріне әдеттегі бірыңғай талаптар
тұрғысынан келуге болмайтындығын әлденеше рет атап көрсете келіп: бұл
мектептегі балалар алдымен отырықшылдық дағдыларын меңгеріп, әдептілікке,
сергек тәрбиелік жағына баса назар аудару керек, оқушылар іргелі білім ала
отырып, биік санасымен қоршаған жұртшылыққа үлгі-өнеге бола білуі тиіс.
Халқына берілген, тамаша педагог Ы.Алтынсарин өз мектебі арқылы қазақ
халқының арасына мәдениет пен ілім – білімнің ұрығын себуге тырысты.
Отызыншы жылдардың ортасына дейін Ыбырай Алтынсарин мұрасын ғылыми тұғыдан
зерттеу түгіл, оның кім екенін жөнді ажырата алмай жүргенімізде Украин
халқының белгілі шығыстанушысы А.Е.Крымский (1871 -1942) Қазақстан
түріктерінің әдебиеті дейтін мақаласында ағартушы - педагог жөнінде
былайша әділ түйін айтқан еді: Через учителей и учеников хрестоматия
Алтынсарина и вне школы получила самое широкое распространение и сильно
послужило к возюуждению национального духа у ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz