Туризм туралы түсінік


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
- IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫТуризм туралы тусыныкҚазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң орныIскерлiк туризм түрлерiIскерлiк турларды ұйымдастыру
- IСКЕРЛIК ТУРИЗМ - ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ БАСТЫ СЕГМЕНТI РЕТIНДЕҚонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауыIскерлiк саяхатшылардың жiктелуiIскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
- БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ IСКЕРЛIК ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРI МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫБатыс Қазақстанның облысының iскерлiк туризмнiң мәнiАтырау облысының iскерлiк туризмiнiң қазiргi жағдайыМаңғыстау облысының iскерлiк туризмiнiң даму песпективалары
- МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ аудандау түсінігі
4. 2 Маңғыстау шөл (мал шаруашылық - мұнай өндіру) провинциясы
4. 3 Үстірт шөл (мал шаруашылығы) провинциясы
5 ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
5. 1 Ландшафттарға экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу
5. 2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері
5. 3 Орман ресурстарын бағалау әдістері
5. 4 Экономика - достықтың сенімді де берік негізі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КIРIСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбын Iскерлiк туризмге байланысты алған себебіміз өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылтуды мақсат еттік. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да - оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады. Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк туризм бұл - жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да - оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ “iскерлiк туризм” түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл - шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру, яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу; ал үшiншi бiреулер - “iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi жұмыс бағыты - бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн - өте өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да iскерлiк туризм мәселелерi бар.
Туризмнің іскерлік түрін дамытуда еліміздің батыс аймғы қарастырылып отыр. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндттер анықталады:
- халықаралық туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризм орнын;
- бұл саланы қалыптасуы мен iскерлiк туризм түрлерiн;
- қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы қарастыру;
- іскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
- Батыс Қазақстандағы іскерлік туризм дамуының мәселері мен перспективалары қарастырылады.
Дипломдық жұмыста тек қана Қазақстан емес сонымен қатар әлемдiк iскерлiк туризм келешегi мен мәселелерiн анықтауға тырысамыз. Сонымен қатар Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне, қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы мен мемлекет экономикасының кіріс секторы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға жәрдем ететін осы Батыс Қазақстанның орталықтары (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал қалалары) ықпалы зор екенін көрсетмін.
Дипломдық жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, статистика агентігінің мәліметтері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, газет-журналдар, халықаралық сайттар мен басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ
“Busines Travel” (“Iскерлiк туризм”) - тiптi халықаралық өлшеммен қарағанда жаңа түсiнiк. Iскерлiк туризмнiң ең қанат жайып дамуы өткен ғасырдың 80 жылдарынан басталды. Iскерлiк ңатынастардың жылдам қарқынмен өсуi бiрнеше себептерге байланысты. Олар iскерлiк, ғылыми, мәдени аусымдар интенсификациясымен байланысты әлемдiк экономиканың өзектiленуi, орта класс үлесiнiң көбеюi есебiнен, халықтың әлеуметтiк құрамының өзгеруi [5] . Батыста iскерлiк сапарларды ұйымдастыру мәдениетi 10 жылдық бойында қалыптасты. Осы уақыт iшiнде iскерлiк туризм сферасында әлемде ассоциациялар пайда болып, қалыптаса бастады. Жоғарыда айтылғандай - ғылыми, бiлiм мекемелерi, баспа мекемелерi, әдiстемелiк оқулықтар, маманданған секторлар мен категориялар базасында тұрақты ұйымдасјан құрылым қалыптасты. Басты мән беретiн жәйт Батыста iскерлiк туризмнiң дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлген.
Iскерлiк туризм кездесу индустриясы (Meeting Industry) - ұқсас түсiнiктер. Негiзiнен ол ағылшын тiлiнiі “MICE” аббревиатурасынан құрылған бiрнеше сөздiң бастапқы әрпiнен тұрады. Бұл сөздер iскерлiк туризм индустриясында кең қолданысқа ие [6] .
Аббревиатураны жiктесек:
M - “meeting”- кездесулер
I - “incentives”- интенсивтi iс-шаралар
C - “conventions”- конференциялар
E - “exhibitions”- көрмелер
Өкiнiшке орай, бiзде әлi iскерлiк туризм нарығында қалыптасатын маманданған тұлғалар, негiзгi ұйымдар туралы ұсыныстар мен түсiнiктер шатасқан, олардың мақсаттары, функциялары, өкiлеттiлiктерi шектелмеген, анық жiктелуi жоқ. Әлi күнге дейiн қабылданған стандарттар мен халықаралық тәжiрибе көзiмен аталмыш саланың негiзгi параметрлерiн сипаттайтын анық, түсiнiктi тiркелген сөздiк жоқ. Әрине, бұның барлығы маманданған компания жұмысын қиындатады, iскерлiк саяхат немесе шара ұйымдастыру мәселесiн тудырады, халықаралық және ұлттық құрылымдармен қатынасты күрделендiредi.
Iскерлiк ресей бизнесмендерi Ресей үшiн iскерлiк туризмнiң өзектiлiгi мен келешегiн есепке ала отырып 2000 жылы қаңтарда Iскерлiк Туризм Ассоциациясын құрды. Ассоциация Ресейдегi, ТМД елдерiн және шетел iскерлiк туризм нарығында жалпы мақсаттарды өткiзу үшiн, мүдделердiң жалпылама негiзiнде бiрiккен тәуелсiз ұйымы [7] . Әлемде Ассоциация нұсқа сипатында
Жұмыс кооперация мақсатында құрылады. Iскерлiк Туризм Ассоциациясының миссисы - iскерлiк туризмнiң қазiргi инфрақұрылымын дамытуға iс-әрекет етуде қызметтер тұтынушылар мен тасымалдаушыларға ортақ ақпараттық кеңiстiк құру; iскерлiк туризмнiң әлемдiк концепциясын дамыту және қозғау; ағартушылық-бiлiм жұмыс атқару жолдарын қарау. Ассоциация өз жұмысында позитивтi тәжiрибе мен халықаралық бизнес-бiрлестiктер салалар рөлiне сүйенедi.
Iскерлiк туризм инфрақұрылымында орталық орынды қонақ үйлер мен бизнес-орталықтар алады, сондықтан бiз оларға көп көңiл бөлемiз.
Тәжiрибелi және болашақты болжайтын басқарушылар, қонақ үй бизнесiнде iскерлiк саяхатшылар “күнделiктi туристерге” қарағанда басқадай жағдайды қажет ететiнiн түсiнедi. Бүгiнгi күнi бiз жиi “Интеллектуалдық мекеме” туралы естимiз, интеллектуалды қала, үй т. б. Дәл осындай концепцияның өтуi Қазақстанның ақпараттық әлемге жедел өтуiне мүмкiндiк бередi. Жалпы Қазақстан Ресей және басқа да ТМД елдерiнде құрылу өзектiлiгi, сонымен қатар, бизнес үшiн қолайлы осы елдердiң iрi қалалары “The best cities for business” зерттеу нәтижесiнде көрсеткендей бизнес жүргiзу үшiн өте қолайлы болып отыр. Бұны “Anderson” аудиторлық компаниясы мен “Fortune” журналының бiрiгуiмен 2000 жылы жарық көрдi [8] . Зерттеулер қорытындыснда Мәскеу және Санкт-Петербург iскерлiк инфрақұрылым сапасы бойынша алғашқы орындарда болса, Алматы мен Астана туралы мүлдем айтылмаған.
Тағы бiр зерттеу “Runzheimer Internatonal” компаниясымен жүргiзiлген. Бұл жолы “Бизнес-саяхаттар үшiн ең јымбат әлем-қалары”( 1 кесте) .
1 кесте
Бизнес-саяхаттар үшiн ең қымбат әлем қалалары [34] .
Зерттеу әлемнiң 200 қаласында жүргiзiлген. Қымбаттылығы үш күндiк бизнес-класс мейрамханада тамақтану және бiр орынды бизнес-класс қонақ үйiнде орналасу құны қосындысымен анықталды.
Мұнда әлемдегi ең қымбат қалалардың жиырмасы келтiрiлген, және бiз көрiп отырғандай тiзiмде - қалалар әлемнiң әр бұрышынан алынған. Бiрақ көшбасшы “Үштiкке” Еуропа қалалары, соның қатарына - Мәскеуде кiредi. Ең “арзан” қалалар тiзiм бойынша Йоханнесбург, Аделаида және Окланд болып келедi.
- Туризм туралы түсінік
Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм.
Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы «Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 жылы) - деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі» [1] .
Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.
П. Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» - дейді.
Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.
Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдақ - экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік - территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г. А. Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне байланысты болады. Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады». Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие [2] .
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші боатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар төмендегідей (сурет 1) .
1 сурет. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына әсер ететін факторлар [2]
Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи - географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк - экономикалық, материалды - техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады [3-4] .
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс - сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағадайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау керек.
Экзогенді факторларға:
- экономикалық факторлар;
- қаржылық факторлар жатады.
Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар экзогенді факторларға:
- саяси;
- құқықтық бақылаудың өзгеруі;
- технологиялық өзгерістер;
- транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы;
- саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие.
Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т. б. өсуі.
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар қатарына төмендегі суретте көрсетілген факторлар жатады (сурет 2) [3] .
2 сурет. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар [3]
1. 2 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң алатын орны
Бүгiнгi күнi туризм - бизнес саласындағы ең табысты көзi болып табылады. Туризм көрсеткiш мысалымен тек қана өнеркәсiп, ауыл шаруашылық ғана емес қызметтер нарығына көптеген миллиардтап табыс әкелетiн сала екендiгiн көрсетiп отыр. Туризмнен түскен салықтан көптеген елдер бюджетi құралып, туризм рөлi әлемдiк экономикада жылдан- жылға өсуде.
Туризм барлық шаруашылық салаларымен және адамдар жасайтын iс - әрекеттердiң түрлерiмен байланысты, себебi олардың дифференциациясы мен дискреттiлiгi адамдарда орын ауыстыру мен тануды тудырады.
Кейiнгi он бес жылда туризм саласы қалыптасып, қызмет көрсету бойынша әлемдегi ең үлкен сфера атағын алды. Бiрақ мемлекет экономикасына туризмнiң дұрыс әсер етуi егер туризм елде барлық жағынан дамып, экономика қызметтерi ел экономикасын жоғары болмаса ғана дамиды [1] .
Соңғы елу жылдың iшiнде туристтiк индустрияға кең ауқымдағы мәселелер қолайсыз жағдай туғызды. Олар - табиғи қауiптер, күрделi әлеуметтiк шиеленiстер, соғыстар, экономикалық кризистер мен терроризм. Туризм индустриясы икемге келiп, қиындықтарды жеңiп, бiраз тәжiрибе жинап қалды. Туризм басқа салаларда болмайтын кризистердi жеңiп шығатын экстраординарлық мүмкiндiгi бар. Туризм сферасының кеңеюiмен оның көрсеткiштерi бiраз өзгерiстерге ұшырады.
Кейiнгi он жылдықта болған келудiң максималды өсу темпi 2005 жылы болды. Бұл әлемдегi экономикалық және саяси тұрақтылыққа [1] .
Қазақстанда сонымен қатар шетелдiк азаматтарының келуi мен Қазақстан азаматтары шығу санының көбеюi байқалады (2 кесте) .
2 кесте
Қазақстанға келген шетел азаматтары мен шетелге шығушы Қазақстан азаматтары [20] .
Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi бұл резидент және резидент еместердi сапар мақсатына қарай бөлдi [19] . Бұл кесте бойынша қызмет бабымен барушы адамдар саны жекелеген сапарлардан асатынын байқаймыз (3 кесте) .
3 кесте
Сапар мақсатына байланысты 2007 жылғы резидент және резидент еместер саны [20] .
Халықаралық келушiлердiң жалпы көлемi жекелеген мақсаттағы сапарлар үлесiнiң өсуiмен байқалады. Мәселен, 1999 жылы 3%-дан 2007 жылы 32. 86%-ға көтерiлген. Жекелеген мақсаттармен сапар шегу, яғни iскерлiк туристтер үлесiнiң артуы, басқа топтардың қысқаруына әкелiп соғады. 1999 жылдан 2007 жылы iскерлiк сапарлар нәтижесiнде Қазақстанға келушi шетел азаматтарының көлемi 2000 жылы 43% болса, 2004 жылы 13. 12% қысқарды. Басқа жағынан, көрсетiлген жекелеген мақсаттардағы келудiң жоғарғы үлесi виза құжаттары мәселелерiмен байланысты [19] .
Жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысы келешектегi даму мен iшкi экономикалық қатынастардың араласуымен танылды. Әлемдiк экономиканың өсушi қажеттiлiктерi халақаралық келiссөздердiң өсуiне әкеледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz