Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
1. Халықаралық қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... 19
3. Қазақстандағы энергоресурстарға әлемдік державалардың геосаяси
мүдделері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

2.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ
РӨЛІ
2.1 Қазақстан мен еуропаодақтың арасындағы энергоресурстық ынтымақтастықтың
даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

2.2 АҚШ пен Қазақстан мемлекеттер арасындағы энерго мемлекеттер арасындағы
энергоресурс саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен
кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.3 Шанхай ынтымақтастықтың ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық
қауіпсіздікке қосатын
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..75

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .99

Қысқартулар

ШЫҰ Шанхай ынтымақтастық ұйымы
ХЭА Халықаралық энергетика агенттігі
ТШО Тенгизшевроийл
ТҰҚ Транс ұлттық Корпорациялар
ҚҚТЖ Қазақстан Каспий тасымалдаушы жүйесі
ҚҚҚ Каспий құбыржол консорциумы мұнайқұбыры
КИҰ Каспий интеграциялық Ұйымы
ЕО Еуропалық Одақ
ЕКБТЖ Ескене Курык БакуТбилиси Жейхан мұнайқұбыры
БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы
АТМА Азия Тынық мұхит аймағы
АХҚ Алматылық Хельсинг комитеті
ЭҚДҰ Экономикалық қатынас пен даму Ұйым
ҮОА Үлкен Орталық Азия
ҚРҰҚ Қазақстан Республикасының ұлттық қоры
МЭМҰ Мұнай экспорттаушы мемлекет Ұйымы
ИИР Иран Ислам Республикасы
ҚСЗИ Қазақстан стратегиялық зерттеу институты

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ
мерзімдік даму жоспарын айқындаған Қазақстан 2030 саяси-стратегиялық
бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық
ресурстарына арналған.
Онда елбасымыз: Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика
ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам
бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен
орындары бар...Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау
қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін
өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз - деп энергетикалық
саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды
қадам екенін атап көрсетті .[5]
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арнаған
Жолдауында Біздің өскелең экономикамызға электр энергетикалық ресурстарды
дамыту мен басқаруға және Қазақстанда атом энергетикасының негіздерін
қалауға деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап етіледі деп атап өткен
болатын.
Бұл бағытта электр энергетикалық ресурстарды дамытудың заңдық
негіздерін жасауда Парламентке және алға қойылған міндеттерді жүзеге
асыруда Үкіметке, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне
және басқа да ұйымдар мен ведомстволарға, холдингтерге нақты тапсырмалар
берілді.
Президентіміз бастаған әуелі экономика, содан кейін саясат жолымен
Қазақстанның қарыштап дамуына серпін берген бірден-бір сала - энергетикалық
ресурстарымызды өз ұлттық мүддемізге сай тиімді пайдалана білгеніміздің
арқасында мүмкін болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Алайда әр уақыттың өз заманына сай қиыншылықтары мен талаптары болады.
Бұл күнде тұрақты даму жолына түскен Қазақстан үшін энергетикалық саясатта
жаңа бағыттар мен бастамалар құру қажеттігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Ол
негізгі екі бағытты қамтиды: Біріншісі - экономикалық, екінші – геосаяси
бағыт.
Біріншіден, экономикада мамандардың пікіріне қарағанда, көмірсутегі
шикізатын тиімді пайдалана білу мәселесі көп жағдайда сол ел үкіметінің
іскерлігіне байланысты болып келеді. Өйткені, жер қойнауынан табылған
мұнайдың мол қоры осы саланың шикізаттық бағытының жеделдетіле дамуына
мүмкіндік ашады да экономикалық қызметтің басқа салаларының тең дәрежеде
дамуын бұзады. Осыдан барып көмірсутегі шикізатына тікелей қатысы жоқ
салалар зардап шеге бастайды. Әр сала бойынша еңбек ететін адамдардың алып
отырған жалақыларында үлкен айырмашылықтар пайда болады. Демек, Үкімет
елдің мұнай-газ саласында игеріліп жатқан үлкен байлық көзіне екінші бір
сала адамдарының, мәселен ауыл халқының қол жетімділігін қамтамасыз етуге
тиіс. Мұны қалай жүзеге асыруға болады?
Екіншіден, жерінен табылған мол шикізат көзі, халықты жеңіл күнкөріс
жолына қарай жетектеп, сапалық тұрғыдан дамуына кері әсер етуі де ғажап
емес. Мәселен, араб мемлекеттері шылқыған байлық үстінде отырғанымен
бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жөнінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен
көп төмен жатыр. Мұндай жағдайда халықты да сын тезіне салып, экономиканы
да талап дәрежесінде дамытудың қандай жолдары бар? Үкімет міне, осындай
күрделі мәселелерге дер кезінде жауап беріп, соған сай әрекет жасауы тиіс.
Шетелдік сарапшылардың деректеріне қарағанда, бірқатар елдердің
үкіметтері осындай мәселелермен дер кезінде шұғылданбағандықтан артынан
үлкен қиындықтарға ұшыраған екен. Мәселен, әлемдік барланған мұнай қорының
6,3 пайызына иелік еткен Венесуэла елі өз экономикасының жоғарыдағыдай
айықпас дертке душар болғандығын 40 жыл бойы ұға алмай келген. Ал Бразилия
экономикасы, серпінділік стратегиясы дер кезінде жасалынбағандықтан,
дамудың 4 пайыздық қарқынына да төтеп бере алмай, шабандықтың күйін кешкен.
Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері: 2007 жылы Астанаға
келіп, мұнай-газ секторына тәуелділікті төмендету жөніндегі конференцияға
қатысқан Гарвард университетінің энергетика саясатын зерттеуші экономист-
профессорлары Рикардо Хаусманн мен Андрес Веласко Қазақстандықтарды әлемдік
энергетикалық ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар Ресейлік ғалымдар
Владислав В.С. Единое энергетическое пространство Россий, Казахстана и
Беларуси еңбегінде аталған үш мемлекеттің энергетикалық саясатының
интеграциялануына кең тоқталады. Энергетикалық саясат тақырыбында келелі
еңбектер жазған зерттеушілер С.С.Жильцов, И.С.Зонн, А.М.Ушков Геополитика
Каспийского региона еңбегінде Каспий аймағының геосаяси статусына жан-
жақты баға беріп өткен. Қазақстандық ғалым-зерттеушілерге М.С.Ашимбаев
Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых региональных отношений,
М.Суюнбаев, А.Мамытова Природные ресурсы как фактор развития Центральной
Азии атты еңбектері бар.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Зерттеліп отырған
такырыптың тарихнамасын автор проблемалык-хронологиялык әдісі тұрғысынан
карастырды.
Мұнайды шикізат күйінде алуға қарағанда, жүзеге асырып, оны өңдеу ісін
жолға қоюдың әлдеқайда күрделірек міндет екендігін де мойындауымыз керек.
Өйткені, оған тек қаржы инвестициясы ғана емес, білім мен ғылымның, жаңа
технологиялардың инвестициясы да қажет болатыны түсінікті. Осы жолда біз
әлемдік дамыған мемлекеттердің энергетикалық саясатының озық үлгілерін
алып, өзімізге тиімді жолмен қолдану керек.Бұл жолда Кувейт мемлекетін
алсақ болады. Бұл мемлекет эканомикасы мұнай мен газ экспорттауға
негізделсе де 1997-1998 жылдардағы әлемдік экономикалық кризистен оңай шыға
білді. Бүгінгі таңда да әлемдік мұнай бағасының құбылуына экономикасы сыр
бермейді.
Норвегиядан үлгі ретінде алынған Ұлтттық қордағы ақшаның біраз
бөлігін айналымға салып, іске асырып, пайда әкелетін салаға жұмсаудың жаңа
тетіктерін жасау керек.
Мұнай мен газ таусылатын энергия көзі. Қазақстаннның мұнай дәурені 30-
40 жылға есептелген. Сондықтан да аталған энергия көздері таусылғанда
экономикамыз зардап шекпес үшін, энергетикалық ресурстарымызды
экспорттаудан түскен қаржы халық шаруашылығын әртараптандыру бағытына
жұмсалуы маңызды.
Екіншісі - геосаяси бағыт. XXI ғасырда халықаралық саясаттың негізі -
энергетика мәселесіне қатысты өрши түседі. Энергетика - бүгінгі таңда
әлемдік эканомика мен адамзат дамуына негізгі серпін беруші күшке айналып
отыр. Әлемде болып жатқан халықаралық қатынастың негізгі объектісі ол –
энергетикалық ресурстарды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану. Ирак соғысы, Иран
мен Оңтүстік Кореядағы шиеленіскен жағдайлар, Ресей мен Батыс Европа
арасындағы газ тасымалы үшін болып жатқан дау-дамай энергетикалық саясаттың
жаңа замандағы маңызы мен энергия көздері үшін тартыстың өрши түскендігін
анық көрсетіп берді.Алдағы уақытта да бұл тартыс өрши түспек.
Қазақстанның Каспий аймағындағы мол энергия көздеріне әлемдік
державалар Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуропалық Одақтың өз мүдделері мен
ұстанған саясаттары бар.
Американдық тарихнамада 1990-жылдардан қазіргі кезге дейін АҚШ және
Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарга
елеулі түрде көңіл бөлінген. Батыс сарапшылары өз еңбектерінде аймақтағы
Құрама Штаттар саясатын АҚШ стратегиялық мүдделері, Орталық Азияда күштер
тепе-тендігін сақтау қажеттігі, тұрактылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі маңыздылығы тұрғысынан қарастырады.
1990-жылдары жарык көрген Г. Фуллердің, Бжезинскийдің, және
т.б. бірқатар американдық сарапшылардың енбектерінде, негізінен, Орталық
Азиядағы АҚШ мүдделері мен саясаты геосаясат тұрғысынан зерттелген. Атап
айтканда, Бжезинскийдің 1997 жылы шыққан кітабында Орталық Азия
Еуразиялық Балкандар ретінде қарастырыла отырып, Қазақстанға аймақ
қалқаны деген сипаттама берілген. Автор АҚШ-тың басты міндеттерінің
қатарына бұл аймактың ресурстарына бакылау орнату қажеттігін атап керсетеді
[14].
11-қыркүйек окиғаларынан кейін Орталық Азияда болған өзгерістерге
байланысты М.Б. Олкотт, А. Коэн, Р. Легволд, Б. Румер, Ю. Румер, Р.
Гирагосян, Р. Макдермотт, Ф. Старр сияқты Батыс зерттеушілерінің
еңбектерінде аймақтык кауіпсіздік, аймақ ресурстары, аймақ елдеріндегі ішкі
саяси үдерістер сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.
М.Б. Олкотт АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатын либералдық
интернационализм тұрғысынан карастырады. Бұл зерттеуші аймақ
мемлекеттерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, олардың саяси және әлеуметтік-
экономикалык дамуы үшін Америка саясатының ұзақ мерзімді салдарларына
айрықша көңіл бөледі. М.Б. Олкотт өзінің Қазақстанға арнаған еңбегінде тек
демократияның ғана Қазакстаннын ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетіндігін
және Құрама Штаттар жаһандық көшбасшы бола отырып, Қазақстан басшылығының
мемлекетті басқару міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауына ықпал
етуінің қажеттігін атап керсетеді [14].
Дж. Хопкинс Университетінің Орталық Азия және Кавказ институтының
төрағасы Ф. Старрдың2005 жылы шыкқан мақаласында АҚШ-тың стратегиялық
мақсаттарына лаңкестікпен күресті, экономикалық және демократиялық
институттарды ілгерілетуді жатқызады.
Жалпы алғанда, американдық авторлардың еңбектерін тарихнамалық талдау
АҚШ және Қазақстан ынтымактастығы, негізінен, саяси, экономикалык,
гуманитарлық салалар бойынша аймақтық тұрғыда карастырылатындығы
айқындалды.
Ресей тарихнамасы. Ресей зерттеушілері Орталық Азиядагы АҚШ саясатына
аймақтағы Ресей ықпалын шектеуге бағытталғандығы туралы бірыңғай сипаттама
береді.
2000 жылдардан бастап шыкқан А.Д. Богатуров, А.В. Малашенко, А.И.
Уткин, М.В. Братерский, В.А Кременюк, А.Б. Парканский және т.б. белгілі
ресейлік американтанушылар мен сарапшылардың еңбектерінде АҚШ саясатының
аймақ және Ресей мен АҚШ карым-қатынастары дамуына ыкпалы талданған. Осылай
А.И. Уткиннің еңбегінде АҚШ-тың жаһандық саясатындағы Орталық Азия
аймағының рөлі ерекше атап көрсетілген .
Сонымен қатар ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде Каспий теңізінің
энергия ресурстарын игерудегі, экспорттық бағдарларды айқындаудағы АҚШ
саясаты қарастырылады. Каспий аймағындағы АҚШ стратегиясы С.С. Жильцов,
И.С. Зонн және A.M. Ушковтың бірлескен еңбегінде берілген
В. Пластун, Д. Малышева, Г. Старченков арнайы зерттеулерінде АҚШ және
Ресей мүдделерінің ары қатынасын, энергия қорларын тасымалдауға байланысты
нақты жобаларға аймақ мемлекеттерін тартуға бағытталған американдық
дипломатияның жасаған қадамдарын, аймақ мемлекеттеріндегі американдык
компаниялар кызметінің проблемаларын ашып қөрсетеді.
Орталық Азиялық тарихнама. 2000 жылдардың басында шыққан Н. Омаров,
Л.М. Бондарец, Ф. Толипов, Ф. Хамраев, Ш. Акмалов, Р. Абдулло сияқты
Орталық Азия зерттеушілерінің еңбектерінде Орталық Азиядағы АҚШ саясатының
эволюциясы және мемлекетаралық ыкпалдастықтың тәжірибесі сарапталған.
Жалпы алганда, Орталық Азиялык сарапшылар еңбектерінде аймақтық
кауіпсіздік, аймақтағы ғаламдық деңгейдегі державалардың саясаты, оның
ішінде АҚШ-тың демократияландыру мәселелеріне қатысты саясаты көрініс
тапқан.
Қазақстандық тарихнама. 1990-жылдардың аяғынан бүгінгі күнге дейінгі
Казақстан Республикасы және Ұлы державалар арасындағы ықпалдастықтың нығаюы
қазақстандық зерттеулердің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
90-жылдардағы қазакстандық-американдық қарым-қатынастар кешенді түрде
Л.М. Иватованын, екі мемлекет байланысының кейбір кырлары Т.А.
Түрсынбаевтың, сондай-ақ АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатының негізгі
бағыттары Ө. Қасеновтың еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі кезде қауіпсіздік, энергетика, демократияландыру салаларындағы
екі жақты ынтымақтастық мәселелері, Орталық Азиядағы АҚШ-тың стратегиясы
М.Т. Лаумулиннің Б.Қ. Сұлтановтың, Л.М. Мұзапарованың, Д.Б. Қыдырбекұлының,
М. Әшімбаевтың, А.Қ. Нұршаның және т.б. зерттеулерінде талданған. М.Т.
Лаумулиннің екі томдык іргелі еңбегінің бірінші томында Орталык Азия және
оның айналасындағы геосаяси үдерістер әлемдік саясаттанудағы ой-пікірлер
арқылы түсіндірілсе, екінші томында аймақтағы АҚШ саясаты жаһандық,
аймақтық және геосаяси контекстіде карастырылған. Д.Б. Қыдырбекұлы өз
кезегінде АҚШ саясатының ең басты тірегіне экономикаға, ең алдымен, қысым
жасаудың экономикалық құраушысына назар аударады [27].
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар
және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасы АҚШ сыртқы саясатының мәселелерін,
оның теориялық және практикалық аспектілерін зерттеумен айналысады. АҚШ-тың
сыртқы саясатын зерттеуші жетекші маман профессор Ф.Т. Кукееваның, Орталык
Азия қауіпсіздік жүйесінің калыптасуындағы АҚШ рөлі мен ықпалын
қарастыратын Ж.О. Ибрашевтың, Қ.Е. Байзакованың, О.Г. Закржевскаяның, К.Н.
Мақашеванын, М.Ш. Губайдуллинаның, И.А. Черныхтын және т.б. еңбектерін
ерекше атап өтуге болады.
Отандық зерттеушілердің катарында Қытай мен Қазақстан арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытудағы консулдық қызметтің рөлін КХР
азаматтары мен қазақ диаспорасының КХР территориясындағы жағдайына
байланысты мәселелер М. Есеналиевтың. М.А. Сарсенбаевтың. С. Тұрсыновтың
және т.б. еңбектерінде карастырылса. сыртқы карым-катынастың кауіпсіздік
мәселелеріне баса назар аудара отырып калыптастыру проблемасы У. Қасеновтың
С. Кушкумбаевтың зерттеулерінде терең талданады.
Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуы К.
Хафизованың еңбегінде орын алған. Н.Ә. Алдабек еңбектерінде Қазақстан мен
Қытай сауда-экономикалық қарым-қатынасының негізі қарастырыла отырып.
Шыңжан аймағының. сондай-ақ Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасына терең
талдау жасалынған. Жауапты редактор Ж.У. Ибрашеваның жауапкершілігімен
жарыққа шыққан Қ.Е. Байзакова, М.Ш. Губайдуллина. К.Н. Макашева. Ә.
Енсебаеваның және т.б. зерттеушілердің ұжымдық жинақтарында сонымен қатар,
халықаралық қатынастардағы Қазақстанның орны ШЫҰ. АӨЫСШК. ЕҚЬІҰ және де
өзге халыкаралық ұйымдардың Қазақстаннын дипломатиялық қарым-қатынастарына
арналған бағдарламалары мен жобалары. жүзеге асырып отырған іс-шаралар мен
әрекеттеріне зор көңіл бөлінеді. Н. Мұкаметқанұлының XX ғасырдағы Қытайдың
тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы және т.б. енбектерінде
автор Қытайда жарық көрген қазақ диаспорасы мен елшілік қызметтеріне арқау
болған мәселелерге байланысты деректерге тоқталып, қазіргі көзкарас
тұрғысынан зертеулер жүргізген. Сонымен катар. Кытайда жарык көрген өте
құнды зерттеулер негізіндегі кұжаттарды алғаш тарихы айналымға енгізген.
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында да Қытай мен
Қазақстан республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар мәселесі
қарастырылған. Атап айтқанда Г.М. Смағұлованың диссертациясында Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде Орталық Азия
елдерімен қатар Қытай мемлекетімен экономикалық ынтымақтастықтың қалыптасу
мәселелеріне тоқталады.
Ал Т. Тұрсынбаев еңбегінде Қазақстан Республикасының халықаралық
қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлі, республикалық шетелдермен мәдени
мәселелері қарастырылады. Ал, М. Омарованың диссертациясында Қытайдың
Орталық Азиядағы сыртқы саясаты мәселесі қарастырылады. П.Е.
Бектұрғанованың Эволюция внешнеполитических принципов Китая в середине XIX
- начале XXI вв. атты диссертациясында Қытайдың сыртқы дипломатия
тарихындағы Қазақстанмен байланысы мәселесі жөнінде зерттеулер жүргізілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына
ұлы державалар мүддесі аясындағы Қазақстан Республикасының энергетикалық
ресурстарына қызығушылығын талдау мен Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде олардың казіргі заманғы саясатын
талдау жатады.
Осы көрсетілген мақсаттардан келесі міндеттер қойылды:
- энергетикалық ресурстардың әлемдік геосаясаттағы орны, халықаралық
қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын орнын көрсету
- энергетикалық дипломатияда мемлекеттік рөлін көрсету;
- Қазақстандағы энергоресурстарға әлемдік державалардың геосаяси мүдделерін
көрсету
- Қазақстан мен еуропаодақтың арасындағы энергоресурстық ынтымақтастықтың
даму ерекшеліктерін зерттеу
- АҚШ пен Қазақстан мемлекеттер арасындағы энерго мемлекеттер арасындағы
энергоресурс саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен кеңеюін талдау
- Шанхай ынтымақтастықтың ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық
қауіпсіздікке қосатын үлесін айқындау
Зерттеу жұмысының объектісі: Энергетикалық ресурстар кең ауқымды
тақырып. Зерттеу жұмысына еліміз үшін маңызды болып табылатын мұнай мен газ
байлығы оны әлемдік нарыққа шығарудағы транзиттік жолдар мүмкіндіктеріне
тоқталдым. Елбасы Н.Ә. Назарбаев : Мұнай мен газ шығару тек маңызды
экономикалық сала емес, тәуелсіздігіміздің символы, болашағымыздың үміті,
- деген болатын. Сол аталған байлыққа ие болу мақсатында Қазақстанның
геосаяси мүдделерінің іске асыру жолдары қарастырылды.
Энергетика қауіпсіздігі саласындағы саяси акторлармен өзара қатынас
біздің республиканың ұлттық қауіпсіздігіне үлкен маңыздылыгын білдіреді.
Бүгінгі таңда еліміздің мұнай өндірісі экономикадағы динамикалы түрде дамып
жатқан секторына жатады, оған мемлекет ұлттық қауіпсіздіктің бар жүйесін
бекіту үшін мәнді үміт атқаруда. Жыл сайынғы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің
Қазакстан халқына жолдануында 2007 ж. келесі мәлімдеме айтылды: Қазақстан
тұғырын аймақтың, содан соң әлемдік энергетикалық кеңістікте әрі карай
бекіту стратегиясын толыққанды әзірлеу уақыты келді [5].
Бұл салада бар саяси тәуекелді талдау республика үшін объективті
қажеттілік болып саналады, энергия қорын әлемдік нарықта әлеуметті жетекші
өнім беруші және де жаһандық энергетикалық процесстің маңызды қатысушысы
ретінде саналады. Бұл салада болатын саяси тәуекелді талдау жаһандық
энергетика процесінің маңызды қатысушысы және де әлемдік нарыққа энергия
қорының әлеуметті жетекші өнім берушісі ретінде республиканы көрсетеді.
Бұл мәселенің жетекшіліксіз қарастырылуы және де оның Қазақстанның
ұлттық қауіпсіздігі үшін маңыздылығы, берілген диссертациялық жүмыс
тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Ұлы державалар геосаяси қызығушылықтың обьектісі ретінде. Қазақстан
аймағы энергетикалық, геостратегиялық жоспарындағы практикалық құндылығы.
Зерттеудің пәні ретінде қазіргі заман энергетика қауіпсізідігінің
катерінінің күшейуі негізінде Ұлы державалардың Қазақстандағы сыртқы саяси
стратегиясының жүйелендіру мен талдау және де көрсетілген факторлар
кенішінде Қазақстан Республикасының үлтгық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
құралын жетілдіру қажеттілігі қарастырылады.
Зерттеу жұмысының негізгі деректердың көзі. Диссертациялық жұмыста
қойылған міндеттерге жету үшін кең көлемді мәліметтер көзі қолданылды.
Деректердің бірінші тобына зерттеудің нормалы негізі ретінде заң
шығарушы бағдарлама түріндегі құжаттар қолданылды. Автормен Ұлттық
энергетика саясаты (мамыр 2001 ж.), АҚШ энергетика саясаты саласындағы
актісі (тамыз 2005 ж.) АҚШ заңы талданған. Диссертациялық зерттеу жүргізу
үшін АҚШ басымдылығын ұлттық қауіпсіздік, әскери-саяси стратегия, сыртқы
саясат пен энергетика саласында айқындайтын
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі ретінде АҚШ сыртқы
саясаты мен ұлттық қауіпсіздігінің әр түрлі концепциялары қолданылады.
Диссертациялық жұмыс Америка саясаткерлері мен ғалымдарының ілімі мен
ғылымына негізделеген. Сондай-ақ жұмыста Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаевпен әзірлеген Қазақстанның сыртқы саясаты және елдің ұлттық
қауіпсізідігі шебіне сәйкес мемлекеттік ұйымдар мен профильдандырылған
концепциясы мен айқындамасы көрсетілген.
Зерттеу жұмысының негізіне берілген тақырыпты толыққанды және
объективті түрде ашуға мұрсат берген белгілі әдіснамалық қарастыру кешені
қойылған. Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегідей әдістемелер мен
тәсілдер қолданылған:
қисынды және тарихи тәсіл бірлігінде. Эстетика-саясаттық
қауіпсіздігіне қатысты зерттеуді тұжырымдау, берілген мәселенің дамуы мен
кезекті пайда болуын қарастыруды талап етеді. Ұлы державалар саясаттануы
аймаққа қатысты дамуы соңғы жылдары тарихи тәсілді қолдануды қажет етті,
алайда қисынды талдау жолы ретінде тұжырыммен қорытынды осы тенденция
бойынша жасалады.
жүйелі-құрылымдық тәсіл. Бұл тәсілді қолдану қисыны, аймақта АҚШ-ты
басым тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталып өзара байланыстырушы жүйе
кешенің құраушы ретінде ұлы державалар саясатының Орталық Азияда болуын
түсінуімен байланысты қолданылған болатын. Сонымен қатар энергетика
қауіпсіздігі саясатын жүйелеу. Құрылым мен үдеріс секілді негізігі
категориялары шебінде жүйелі тәсілді қолдануды қажет етті.
Зерттеліп жатқан такырып тұғырында Қазақстан Республикасының энергетика
қауіпсіздігі саясаты құрамын зерттеу кешені негізіне де осы жүйелі тәсіл
қолданылған болатын;
зерттеу тақырыбы бойынша бар мэліметтер көзінің контекст-анализі;
әлемдік мемлекеттік акторлар саясатын болжап, анықтау мақсатын жеке саяси
жетекшілерді айқындау барысында бихивиорлық әдістеме қажет болды;
аймақтағы болашақта даму жағдайын дәлелдеуі мен аймақтық саясаттық
даму аспектісін болжау үшін дәлелдеу мен сәйкес болжамдық тәсіл қолданды;
сондай-ақ үдіріс пен құбылысты зерттеу тәсілдері қолданылған болатын;
Диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы қозғалып отырған
мәселенің қойылуы мен өзгешелігінің өзектілігімен анықталады, сондай ақ,
Қазақстан саяси ғылымында зерттеліп отырған тақырып аспектісінің
жеткіліксіз зерттелуінде.
Автор қазіргі кезеңдегі Қазақстанда ұлы державалардың саясаты мен
энергия шикізатына әлемдік бағаның теңдессіз өсуіне кешенді талдау
жүргізген. Қазіргі заман әлемдік даму негізінде, энергетика факторының
өркендеуі, Қазақстанның әлемдік энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үдерісінің катысушысы ретінде, энергетикалық қауіпсіздік саласындағы
саясатты жүзеге асыру нәтижелер құралын өндіру қажеттілігі туды, әсіресе
америка факторының жүйелі және перманентті шарт негізінде бұл саладағы
аймақтың дамуына да қатысты.
- саясаттануға тән әдіснамалық тәсіл негізінде Қазақстан саяси ғылымында
энергетика қауіпсіздігі саясаты бойынша зерттеудерді талдап, жүйелеп және
де толықтыру үшін шаралар қолданды, әсіресе оның негізгі элементі мен
спецификасының ерекшеліктері берілген тақырып негізінде зерттеме
жүргізілген;
- қалыптасқан және АҚШ -ның жаңа аймақтық геосаяси тәсілі шебінде жаңа
фактылы мәліметтер мен құжаттарды ескере отырып Америка қолдауымен, Каспий-
Орталық Азия аймағынан жүзеге асырмалы және де жоспарланған мұнай газ көлік
жолдары зерттелді, және де олардың Қазақстан Республикасының ұлттық
қызығушылығына үйлесімділік пәнінен объективті баға берілді; Энергетика
облысында АҚШ пен ынтымақтастықта тәжірибесі мен келешегі бар астам
державаны жобалау геосаясатына қосылған екі жақты АҚШ пен Қазақстан
Республикасы мен Түркменстан қарым-катынасы зерттелген. Орталық Азия
аймағында басты геосаяси нақтылық өзектілігін тудырған, Түркменстанда ішкі
саяси тұрғыда болған өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық құндылығы.
Берілген диссертация бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі үшін де өзекті, ұлы державалардың Қазақстандағы саясатын
жүзеге асыруымен, аналитикалық мэліметтерді концептуалды негізде және
фактілі зерттеу мен жүйелеуге, америка саясатындағы әскери-саяси
фактілерімен энергетиканы терең талдау, энергетикалық қауіпсіздік феноменін
анықтап, айқындау.
Зерттеуде қозғалатын ғылыми мәселелер Қазақстанның Каспий - Орталық
Азия аймағында сыртқы саяси курсын жүзеге асыруымен тікелей байланысты және
ұлттық энергетика стратегиясын қарқындылығын жоғарлату мәселесі
қарастырылды.
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, алты параграфтан, қорытынды мен
қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ОРНЫ

1.1 Халықаралық қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын орны

Жаһандық бәсекелестік ушығып, елдер мен өңірлердің әрекеттестігі
күшейген жағдайдағы халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесінің
тұрақтылығы кемшіндеу соғуда. Сол себептен де ол ұлғайып келе жатқан
жаһандық және өңірлік сипаттағы қатерлерді барынша сезгіш. Халықаралық
тұрақтылық пен қауіпсіздіктің байырғы және кейінгі ұнқатуларына тиімді
жауап беру үшін жаңа жүзжылдықта жаһандық энергетикалық теңгерімді
қамтамасыз етудің маңызы еселеп ұлғайды.
Энергоресурстар барлық мемлекеттер үшін өмір сүру деңгейін жақсарту
мен мүмкіндіктерді кеңейтуде аса маңызды мәнге ие. Сондықтан, нарықтық
экономиканың іргелі қағидаларына сүйенген баға бойынша тиімді, сенімді және
экологиялық қауіпсіз энергетикалық қамтылу тұтастай әлемдік қауымдастық
үшін ең маңызды ретінде мойындалады.
Энергетикалық қауіпсіздік проблематикасы G8 елдерінің Санкт-
Петербургте өткен саммитінде басты тақырып болуы және саммит барысында
жалғасын табуы жәйдан жәй емес. Хайлигендамда қабылданған сегіздік
лидерлерінің Декларациясында атап көрсетілгеніндей, энергетикалық
қауіпсіздікті шешу рыноктардың ашықтығы, энерготиімділікті арттыру, энергия
көздерін әртараптандыру, жаңа технологиялар әзірлеп енгізу секілді
салаларды қоса алғанда, бірнеше салаларда айрықша халықаралық
ынтымақтастықты қажет етеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың С-
Петербургтегі G8 саммитіне шақырылуы біздің еліміздің халықаралық
энергетикалық диалогтағы ұлғайып келе жатқан рөлін мойындау болды.[18]
Энергетикалық құрамдауыш жаһандық геосаяси бөліністе барған сайын
салмақты дәйекке айналып келеді. Бұл саладағы жол бермеу мақсатында
жалпыға бірдей және үйлестірілген халықаралық қадамдар аясында тұрақтылық
пен қауіпсіздікке ұмтылу керек.
Соңғы кездері энергетикалық қауіпсіздік ұғымын қолданудағы акценттің
белгілі бір ауысымын да байқауға болады. Егер, бұрын энергетикалық
қауіпсіздік ұғымы аясында тек негізгі тұтынушыларды көмірсутек
ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі ұғылса, қазір ол айтарлықтай
кеңейіп, өндіруді, тасымалдау мен халықаралық рыноктарда сатуды да қамтиды.
Сәйкесінше, жеткізуші елдер ғана емес, транзиттік мемлекеттер мен
тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық корпорациялар да, яғни
энергетикалық өнімнің барлық буындары бірдей ортақ жауапкершілік жүгін
арқалауы тиіс.
Қазақстан, болашақта маңызы өсетін, энергетикалық ресурстарды
экспорттайтын тұрақты дамушы елдердің бірі ретінде әлемдік рынокқа
көмірсутегін жеткізу саласындағы өз жауапкершілігін толық мәнінде сезінеді.

Энергетикалық қауіпсіздік халықаралық тұрақтылықтың шешуші факторы
ретінде Қазақстанның маңызды саяси-экономикалық басымдықтарының бірі болып
табылады. Біздің еліміз жаһандық энергетикалық инфрақұрылымның маңызды
элементі болып табылады, сол себепті Қазақстанның сыртқы саясатының
айтарлықтай құрамдауышы отандық көмірсутек шикізаты экспортының тұрақты
және қауіпсіз бағыттарын қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған.
Біздің энергетикалық стратегиямыздың өзегінде экономикалық негізділік
және энергетиканың қоршаған ортаға техногендік әсерін мейілінше азайту
қағидасы жатыр. Біз бұдан әрі де көмірсутектерді әлемдік рынокқа тасымалдау
бағыттарын әртараптандыру және құбыр желісі жүйесінің барынша тиімді
қызмету етуін қамтамасыз етуді ұстанатын боламыз.
Халықаралық энергетикалық қауіпсіздік кепілдігі тұтыншуылар мен
ресурстарды жеткізушілердің мүдделерінің тоғысында ғана емес, сондай-ақ
жаһандық геосаяси ойыншылар мен трансұлттық энергетикалық корпорациялардың
қадамдарын үйлестіру ісінде де жатыр.
Біздің мұнайгаз секторымызда АҚШ, Еуропа, Ресей және Қытайдың ірі
энергетикалық компанияларының болуы энергоресурстар экспорты мәселесін кең
ауқымды халықаралық ынтымақтастық деңгейіне шығарады.
Қазақстанның географиялық орналасуы экспорттық құбыр желісі
құрылыстарын көршілес елдердің аумағымен жүргізу қажеттігін алға тартады.
Құбыр желісінің тиімді қызметі мен оның әлеуетін ұлғайту жұмысы, мың
шақырымдық Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын іске қосу, Баку-Тблиси-Жейһан
жобасына қосылу, сондай-ақ өзге де мүмкін болатын нұсқаларды қарастыру жаңа
экспорттық бағыттарды дамытудағы Қазақстан жүргізіп жатқан қарқынды
жұмыстың куәсі болып табылады және ол біздің мемлекетіміздің теңгерілген
сыртқы саяси бағдарын көрсетеді.
Қазақстанның көп бағдарлы энергетикалық және құбыр желілік саясатының
мүддесі біздің Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ пен Орталық Азия
елдері секілді негізгі серіктестерімізбен ынтымақтастық бағытымызды
анықтайды. [18.]
Энергетика саласындағы Қазақстан Ресей әрекеттестігі дәстүрлі
серіктестік ауанында, өзара тиімділік және сенім негізінде қалыпты дамып
келеді. Бұл ретте, Каспийде кенішті бірлесіп игеру, Қарашығанақ газын
Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеу үшін тең үлеспен Бірлескен кәсіпорын құру
ісін атап өткен жөн.
Осылайша, Ресей шикізат импортының тұрақты көзін тапса, Қазақстан ірі
ресейлік энергокәсіпорынның активіне қол жеткізіп отыр.
Қазақстан мен Орталық Азияның тартымдылығы, соның ішінде Еуропалық
Одақ үшін бұл күнде көбіне көп өңірде айтарлықтай көмірсутек қорының
болуымен байланысты екендігі құпия емес.
Биылғы жылы Еуропалық Одақ бірінші рет Орталық Азия мемлекеттеріне
қатысты ортамерзімдік өңірлік Стратегия қабылдады және онда энергетика мен
қоршаған ортаны қорғау мәселелері көрнекі орында тұр. Осы құжатты әзірлеу
барысында Қазақстан мен өзге де орталық азиялық мемлектеттердің ұсыныстары
ескерілгенін ерекше атау керек. Бұл біз үшін еуропалық тараптың
ынтымақтастықты тереңдету үшін тең құқықты диалогқа дайын екендігінің тағы
бір дәлелі болды. Біз өз кезегімізде, еуропалық рынокқа тең мүмкіндікті
қамтамасыз ететін мемлекеттер мен компанияларға ықылас білдіретін боламыз.
Қазақстан Қытаймен энергетикалық серіктестікті кеңейтуде. Бұл тұста
біз де қытайлық әріптестеріміз тарапынан тиісті қызуғшылықты көріп отырмыз.
Біздерде әрекеттестіктің зор әлеуеті бар. Ол соңғы өткен жоғары деңгейдегі
кездесулердің нәтижесімен қуатталды да. Ол үшін Атасу-Алашаңқай құбыр
желісін кеңейту бойынша жобаларды, оның екінші кезегін салу, сондай-ақ
Қазақстан аумағы арқылы Қытайға магистральдік газ құбырын төсеу мәселесін
еске алсақ та жеткілікті.
Республиканың халықаралық энергетикалық инфрақұрылымға ықпалдасу
процесінде қазақ-американ ынтымақтастығы маңызды рөл ойнады. АҚШ
комппаниялары қазақстандық мұнайгаз кешеніне жаңа білім, инновация және
технологиялар әкелген алғашқы инвесторлар. Қазақстан экономикасына,
мұнайгаз секторына тартылған инвестициялардың үштен бір бөлігі америкалық.
Қазақстанның энергетикалық серіктестігімізді кеңейту аясында ядролық
энергетиканы дамыту бойынша ынтымақтастықтың болашағы айқындалуда. АҚШ-пен
жаппай қырып жою қаруын таратпау саласындағы көпжылдық және жемісті
ынтымақтастық тәжірибеміз бұған толыққанды септігін тигізуде.
МАГАТЭ бақылауында уранды байытудың халықаралық орталығын құру туралы
Ресейдің бастамасын жүзеге асыруға Қазақстанның қосылуы энергетикалық
қауіпсіздік тұрғысынан маңызды шешім болды. Сөз көптеген мүдделі
мемлекеттердің кемсітпеушілік және кепілді негізде атом энергиясының
игіліктеріне қол жеткізу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
инфрақұрылым құру турасында болып отыр.
Бұл орайда, ядролық таратпаудың халықаралық режимі де нығаятын
болады. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі Шанхай
ынтымақтастығы ұйымы аясындағы, соның ішінде энергетика саласындағы
әрекеттестікті кеңейту. ШЫҰ көмірсутегін әлемдік өндірушілері мен
энергоресурстар импорттайтын ірі елдерді біріктіреді.
Осыған байланысты тараптар арқылы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясында
біртұтас энергетикалық рынок құру идеясы талқылануда. ШЫҰ –ға қатысушы
мемлекеттердің бұл бағыттағы ынтымақтастығының маңызды шарты ресурстарды
игеру стратегиясын үйлестіру және тиімді көлік бағыттарын жүзеге асыру
болуы тиіс.
Осылайша, Қазақстан өзінің халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңа рөліне толық жауапкершілікпен
қарайтындығын сеніммен айтуға болады. Біздер Қазақстанның энергоресурстарын
әлемдік рынокқа жеткізу арналарының тұрақтылығы мен әртараптылығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, ірі инфрақұрылымдық жобаларды белсенді
түрде қарастырудамыз.
Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар үшін біраз өзгерістер
әкелген 2008 жылға Қазақстан жаман жетістіктермен келген жоқ, экономика
деңгейі жоғарылады, халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағалауларға ие
болды.
Мадридте қабылданған Қазақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалығы туралы шешім жайлы сөз болып
отырғанын түсініп отырған шығарсыздар.
Мадрид мәлімдемесінде біз Қазақстанның алдағы саяси реформаларын,
сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтарын белгілеген болатынбыз.
Қауіпсіздік жөніндегі ең үлкен және беделді еуропалық ұйымның төрағасы
ретіндегі Қазақстанның жаңа және маңызды ролін қолдау үшін Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен Еуропаға жол мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама еуропалық елдермен экономикалық
ынтымақтастықты дамытуды, технологиялар мен тәжірибелерді тартуды , ішкі
заңнаманы жетілдіруді мақсат етіп отыр.
Карнеги қоры өзінің Еуропаға жол жобасы аясында (Латвия, Литва,
Эстония, Болгария және саяси-экономикалық даму жолындағы басқа да елдерге
бағытталған) кезінде дөңгелек үстел отырыстарын өткізді. Осы салада да
пікіралысудың маңызы зор деп білеміз.[10]
Ал саяси жаңару үдерістеріне келер болсақ, өткен жылдың соңынан бастап
біздің елімізде сайлау, саяси партиялар және БАҚ салаларындағы заңнамаларды
және олардың қолдану тәжірибелерін жетілдіру жөніндегі мақсатты жұмыстар
жүргізілуде.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 17-ші сессиясында және Қазақстан
Парламентінің күзгі сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев қоғамдық институттарды жетілдірудің маңызын атап көрсетті және
еліміздің қоғамдық-саяси өмірін әрі қарай демократияландыруға бағытталған
бағыттың өзгермейтінін қуаттады.
Ең аз дегенде екі партияның қатысуымен парламентті жасақтауға
мүмкіндік беретін, саяси партияларды мемлекеттік тіркеу үшін жағдай
жасауын, электоральдық процестердің процедуралық сәттерін жетілдіретін, БАҚ
қызметін реттейтін құқықтық тетік жасау қажеттілігі айтылды.
Осы бағыттар бойынша елімізде белсенді заңнамалық жұмыс жүргізілуде
және жақын арада бұл бастамалардың барлығы нақты заңға айналады деп
күтудеміз. Осылайша, біз елімізді замана шындықтарына бейімдеу үшін, саяси
жүйені жетілдіргелі отырмыз.
Қазақстанның экономикалық реформалар саласында да жетістіктері
мақтауға тұрарлық. Соңғы 7 жыл бойынша экономикалық өсім жыл сайын 9-10
пайыз деңгейінде сақталып отырды. Ағымдағы жылы да бұл көрсеткіш сақталып
отыр және бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 пайыздан астамды
құрады. Қазіргі қалыптасқан жағдай үшін - бұл жаман көрсеткіш емес.
Ұлттық қорды қоса есептегенде, бүгінде еліміздің жалпы резерві 47
миллиард долларды құрап отыр, Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 7 мың
долларға жақындады, осыдан 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 400 доллар
болатын.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 70 миллиард доллар тікелей шетелдік
инвестиция тартылды. Қазақстан өзі де шет елдерге 4,5 миллиардтан астам
инвестиция салып, белсенді инвесторға айналуда.
Қаржы дағдарысына қарамастан, Қазақстан өзінің инвестициялық
тартымдылығын сақтап қалды.
Дамыған қаржы жүйесінің арқасында қазақстандық банктер капиталдардың
әлемдік рыноктарына шығу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Соңғы 4-5 жылдың ішінде банк секторындағы инвестициялардың көпшілігі
жылжымайтын мүлік рыногына жұмсалды. Қазақстанға да салдары жеткен, АҚШ-
тағы ипотекалық дағдарысқа қарамастан, ел Үкіметі мен қаржы институттары
сыртқы және ішкі төлемдер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.
Энергетиканың ұлттық рыногын ашып, шетелдік инвесторлар үшін жайлы
жағдай жасай отырып, біздің еліміз өз мойнына энергетикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі жаһандық ойыншының ролін алып отыр.
Энергетикалық сектор еліміздің жетекші экономикалық брэнді.
Қазақстан Республикасы 4,8 млрд. тонна мөлшеріндегі мұнайдың барланған
қорына ие, бұл әлемдегі жалпы мұнай қорының 3 пайызына жуық. Еліміз, сондай-
ақ көмірсутегі қорлары бойынша әлемнің жетекші 10 елінің қатарына кіріп
отыр. Жалпы алғанда, 2009 жылы мұнай мен газ конденсатының өндірісі 67,2
миллион тоннаны құраса, ағымдағы жылы 70 миллион тонна шамасында болады деп
күтілуде. Ал 2010 жылға қарай біз 100 миллион тоннаға жуық мұнай өндіруді
жоспарлап отырмыз, бұл өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылады.
Қазақстан әлемдік рынокқа энергоресурстар жеткізуші ретіндегі өзінің
артып келе жатқан ролін сезінеді және жауапты да, сенімді халықаралық
серіктес болып қала береді. Ол үшін біз стратегиялық мәндегі қосымша
шаралар қабылдамақпыз. Ең алдымен, халықаралық стандарттар мен тәжірибеге
сәйкес келісімшарттардың сенімділігін қамтамасыз ететін заңнамалық базаны
жетілдіру тұрғысында жұмыстар атқарылмақ.
Халықаралық энергетикалық форуммен ынтымақтастықты кеңейтпекпіз
және Мұнай статистикасы туралы мәліметтер банкін құру жөніндегі бірлескен
бастаманы жүзеге асыруға Қазақстанның үлесін арттырудың мүмкіндігі
қарастырылды. [20]
Қазақстан Энергетикалық хартияның қағидаларын және оған мүше елдердің
энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-
жігерлерін қолдап отыр. Біз алдағы уақытта та көпвекторлық саясатын ұстана
отырып, қауіпсіздікке назар аудара отырып, экспорттық энергетикалық
бағыттарды саралау стратегиясын жүзеге асыра береміз. Қандай бір бағытты
таңдау кезінде біз тек экономикалық мақсаттылық мен прагматизмді ұстанатын
боламыз.
Қазақстан барлық үлкен еуразиялық құбыр желілері жобаларына, оның
ішінде Каспий құбыр желісі корсорциумы, Баку-Тбилиси-Жейһан, Қазақстан-
Қытай, Бургас–Александропулис, Каспий жағалауы газ құбыры сияқты жобаларға
қатыса береді.
Көмірсутегі қорының молдығына қарамастан, біз орны қайта толатын
энергия көздерін дамытуды ХХІ ғасырда еліміздің орнықты дамуына қажетті
мәселе ретінде қарастырлды.
Сондай-ақ Қазақстан бүгінде уранның анықталған қоры бойынша әлемдік
екінші орында тұр (Австралиядан кейін), 2010 жылға қарай Қазақстан жылдық
өндірісті 15 100 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.
Энергетикалық құрауыш жаһандық геосаяси жағдайда барған сайын аса
маңызды аргументке айнала түсуде. Соңғы кездері энергетикалық
қауіпсіздік ұғымының өзін тұжырымдауда акценттердің белгілі бір дәрежеде
басқа сипат ала бастағанын байқауға болады. Егер бұрын энергетикалық
қауіпсіздік энергия ресурстарын негізгі тұтынушыларды айрықша тұрақты қамту
деп түсіндіріліп келсе, ал енді ол энергетикалық ресурстарды өндіруді,
тасымалдауды және нарықтарда сатуды қамтитын болды.
Яғни, тек жеткізуші елдер ғана емес, сонымен қатар транзиттік мемлекеттер,
тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық корпорациялар, яғни
энергетикалық тізбектің барлық буындарының өкілдері ортақ жауапкершілік
үлесін еншілейді.
Еуразияның нақ жүрегінде орналасқан Қазақст ан Еуропа мен Азияның
саяси, экономикалық, мәдени өміріне тең дәрежеде белсенді қатысуға
ұмтылады. Біздің пікірімізше, теңдестірілген еуразиялық геосаясаттың мәні
де осында жатыр.
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Төрағалық етуі осы ұйымның әлеуетін
еуро-атлантикалық және еуразиялық кеңістікті біріктіретін тең
құқықтық диалог алаңы ретінде, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің
жаңартылған архитектоникасын қалыптастыру мақсатында іске асырудың
бірегей мүмкіндіктері ашылды.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның ұстанған сыртқы саяси бағыты іргелі
көршілеріміз Ресей және Қытаймен экономикалық және саяси ынтымақтастыққа,
Орталық Азияның мемлекеттерімен әріптестік қатынастар мен интеграцияны
тереңдетуге, АҚШ-пен және Еуропалық Одақпен саяси диалогты және
экономикалық өзара ықпалдастықты нығайтуға, Азия және
Таяу Шығыстың іргелі мемлекеттерімен өзара тиімді ынтымақтастықты
жандандыруға бағытталған.[21]
Жаһанданудың күшейе бастаған үдерістері және елдердің өз
ерекшеліктерін сақтауға деген бір мезгілдегі ұмтылысы әлемнің басқа
елдерімен тең құқықты қатынастар жағдайында ұлттық мүдделерді сақтауға
бағытталған геосаяси жобаларды іске асырудың қажеттігін мойындауға әкеледі.

Қазақстандық геосаяси жоба барлық көрші елдермен және әлемнің ірі
державаларымен өзінің ұлттық мүдделеріне зиян келтірмей сындарлы
қатынастарды құруға, өзекті халықаралық проблемалар бойынша жауапты
ұстанымды іске асыруға және, сондай-ақ елдің алдында тұрған дамудың
стратегиялық мақсаттарына жету үшін қолайлы сыртқы жағдайларды
қалыптастыруға негізделген.
Қазақстанның энергетикалық саясатын одан әрі оңтайландыру және
еліміздің халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі рөлін нығайту
Қазақстанның энергетикалық саясатын әзірлеу мен іске асыруға және өз
экономикамыздың іргелі әрі жүйе құрайтын саласын одан әрі дамытуға зор
маңыз беріледі.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің ұзақ мерзімдік
мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Мұнай
мен газ өндірудің бұдан былайғы негізгі өсімін, ең алдымен, Каспий теңізі
айдынынан алу көзделеді, оның жалпы әлемдік өнім өндірудегі көлемі таяудағы
10 жылда екі есе өсуі мүмкін.
Каспийдің Қазақстан секторындағы алғашқы шарт аса ірі Қашаған кен орны
бойынша жасалып отыр, мұндағы коммерциялық өнім өндіруді 2008 жылы бастау
күтілуде. “Бритиш Газ” компаниясының 8 пайыз үлесін сатып алған Қазақстан
биылғы жылдың өзінен “Эксон Мобил”, “Аджип”, “Коноко Филипс” сияқты аса ірі
трансұлттық компаниялармен және басқаларымен бірге жобаның қатар операторы
болып отыр.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, “ҚазМұнайГаз” бен
“Роснефть” компаниялары арасында Құрманғазы кен орны жобасы бойынша өнім
бөлісі жөніндегі келісімге қол қойылды. Құрманғазы құрылымынан алынатын
ресурстарды мамандар 980 миллион тоннаға бағалап отыр. Каспий қайраңын
игеру бағдарламасы шеңберіндегі басқа дестелерге қатысты келіссөздер де
жүргізіліп жатыр, мұнда Қазақстан таяудағы 10 жылдың ішінде жылдық мұнай
өндіру деңгейін 100-150 миллион тоннаға жеткізуді көздейді. [17]
Мұнайға бай елдердің тәжірибесі біздің шикізат ресурстарының барына
тәуелді болмайтын экономика құруымыз керек екенін көрсетеді. Өйткені мұнай
бағасының тым шығандап кетуінің әлемдік экономикада дағдарыс туғызуы да
ықтимал. Сондықтан да біз осы факторды ескере отырып, сауатты
макроэкономикалық саясат жүргізуіміз қажет.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2011 жылдың өзінде күніне 2
миллион, ал 2015 жылы 3 миллион баррель мұнайды экспортқа шығаруға
мүмкіндік береді. Бұл тұста өндірілетін ілеспе газдың көлемі жылына шамамен
100 миллиард текше метрдей болады.
Қазақстанның өзінің меншікті табиғи ресурстарын пайдалануда әрқашан
ашық саясат жүргізгенін және тәуелсіздік алған сәтінен бастап елімізде
жұмыс істеп келе жатқан трансұлттық компаниялармен ынтымақтастықта да айқын
саясат жүргізгенін және алдағы уақытта да жүргізе беретінін атап көрсеткім
келеді. Қазақстан Республикасы өзінің тұрақтылыққа және қол қойған
келісімдерінің шарттарын сақтауға ықыласты екенін дәлелдеді. Міне, нақ осы
жағдай біздің шетел инвестицияларын тарту мен олардың ұдайы өсе түсуі үшін
жақсы негіз қалауымызға мүмкіндік берді.
Қазақстан халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі өзінің жаңа рөліне зор жауапкершілікпен қарайды.
Біз еліміз ие болып отырған географиялық және транзиттік
артықшылықтарымызды дәйекті іске асыруға зор маңыз береміз. Әлемдік
рыноктарға қуат көздерін тасымалдау мәселесін шешпейінше, біздің
ресурстарымыздың ешқандай құны болмақ емес.
Қазіргі кезде Қазақстанның энергия көздерін әлемдік рыноктарға жеткізу
арналарын әртараптандыру мен олардың тұрлаулылығын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық жобалар қабылданып жатыр.

2. Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі

Елбасымыз алдағы он жылда алға жылжудың басты-басты отыз бағытын
белгілей отырып, eндiгi кезекте Қазақстанды жеделдете жан-жақты жанғырта
жаңарту жолы" таңдап алынғандығын атап көрсетті. "Біз алдымызға қойып
отырған биік мақсаттарға жету биліктің барлық органдары мен институттары,
әскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан көп жігер-қайрат жұмылдыруды,
керек десеңіз, көп ретте іске жаңаша қараулы, мүлдем тосын тұрғыдан келуді
талап етеді. Ең бастысы, кешенді жаңарту үдepici еліміздің күллі халқының,
коғамының барлық институттарының мүддесі үшін, әpi солардың тікелей
қатысуымен жүргізіледі,- деді.[17]
Бүгінгі күні осы отыз бағыт бойынша алға жылжудың тактикалық қырлары
да айқындалу үстінде. Мәселен, Елбасылық Үкімет мүшелері және ұлттық
компаниялар, холдингтер басшыларымен өткізген кеңесінде бұл отыз бағытты
жүзеге асыру үшін алдағы уақытта әр сала бойынша отыз көшбасшы компанияны
іріктеп шығарудың, олардың тартымдылығын арттыра отырып, жаңа
инвестицияларға жол ашудың, перспективасы туралы сөз болды. Бұл саясат
еліміздің электр энергетикалық ресурстарын нығайту және оларды үнемдеп
жұмсау мәселесіне де үлкен ықпал етеді, саланың болашағын нығайтады деп
ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі
республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды
қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен
қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай
мақсаттарда жүзеге асырылады:
а) энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары деңгейде
қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын
жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру
жолымен электр және жылу энергиясы қатысушыларының құқықтарын қорғау;
б) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді де
тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
в) еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде
тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды құралы саналатын Қазақстан
Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.
Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі болып табылады.
Төмендегідей негізгі мәселелерді шешу министрлік құзыретіне жатады:
- электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
- министрлік құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру,
жеткізу және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
- жүйелік операторды және электр энергиясының орталықтандырылған
сауда нарығының операторын анықтау;
- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының
біртұтас электр энергетикасы жүйесімен электрлік байланысы жоқ өңірлер үшін
электр энергиясы көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс ерекшеліктерін
анықтау;
- электр станцияларындағы, жылу және электр тораптарындағы Қазақстан
Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөліктерге
ажырауына, тұтынушыларға электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеу
қоюға, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырған ірі
технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алып отыру;
- энергия үнемдеуге қатысты бағдарламалардың, нормативтік-
әдістемелік актілердің, құқықтық және экономикалық тетіктердің әзірленуін
ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электр
энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілерінің өнімдері мен
қызметтерінің тарифтерін (бағаларын, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік
реттеуді жүзеге асыратын реттеуші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі нарық
субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды
қорғау және үйлестіру аясындағы қызметтерді, сондай-ақ белгілі бір тауар
нарығында (соның ішінде электр энергиясы нарығында) басымдыққа ие нарық
субъектілерінің қызметін жүзеге асыру барысында тұтынушылар құқығын қорғау
қызметтерін жүзеге асырады.
Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңына,
Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарықтық қарым-
қатынастарды одан әрі дамыту шаралары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 02.18.2004 жылы күнгі № 190 қаулысына, Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 08.27. 2004 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
ҚР сыртқы сауда саясаты
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту
Аймақтық экономика дамуының теориялық негіздері
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Нарықты тауармен қанықтыру
Пәндер