Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде


Кіріспе
1-тарау. Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
1. 1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы және олардың даму тарихы
1. 2. Интеллектуалдық меншіктің негізгі институттары
1. 3. Қазақстан Республикасында сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу
2-тарау. Қазақстан Республикасында сабақтас құқықтарды қорғау
2. 1. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы
2. 2. Сабақтас құықтарды қорғау
2. 3. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық қатынастар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Диплом жұмысының тақырыбы сабақтас құқықтарға арналған. Сабақтас құқық интеллектуалдық меншік құқығының объектілерінің бірі болып табылады.
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық және сабақтас құқықтардың кеңінен көрініс беруі - оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
Қазақстан Республикасында авторлық құқықтан немесе соған байланысты туындайтын қатынастар ҚР Азаматтық құқығының, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының және басқа да нормативтік актілердің нормаларымен реттеледі. Аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттардың, - «Әдебиет және көркем әдебиет шығармаларын қорғау туралы» Берн конвенциясының, «Авторлық құқық туралы» Женева конвенциясының, «Сабақтас құқықтар иегерлерінің құқықтарын қорғау туралы» Рим конвенциясы және Женева конвенциясының, Авторлық құқық туралы Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының (СМДҰ) шартының, орындаулар мен фонограммалар бойынша СМДҰ шартының талаптарына сәйкес келеді. Авторлық құқық саласындағы нормативтік актілердің негізгі мағынасы, автордың - туындыны жасаған тұлғаның, өз туындысына мүліктік және жеке мүліктік емес авторлық құқықтары болады дегенді білдіреді.
Автордың мүліктік құқықтарына қарамастан жеке мүліктік емес құқықтар авторға тиесілі және туындына пайдалануға айырықша құқықты берген жағдайында да өзінде сақталады. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары ажыратылмайтын болып табылады.
Авторлық құқықтарды сақтау қажеттілігімен байланысты проблеманы авторлардың құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйыммен келісім шарт жасау жолымен шешу барлық мүдделі тұлғалар үшін қолайлы және тиімді болып табылады: пайдаланушы авторлардың туындыларын заңды негіздерде пайдаланатын болады, авторлар өз туындыларын пайдаланғаны үшін әділ сыйақысын алатын және өздерінің біртума туындыларын жасай беретін болады, ал авторлардың құқықтарын басқару жөніндегі ұйым авторлар және құқық иегерлерінің алдындағы өзінің жарғылық тапсырмалары мен міндеттемелерін тиісті түрде орындайтын болады, ал мемлекет халықаралық конвенциялардағы Қазақстан Республикасының мүшелік етуінен туындайтын өзінің халықаралық міндеттемелерін сәтті орындайтын, авторлар туындыларының заңсыз пайдаланылу («пираттық») деңгейін төмендететін және халықаралық саудада жеңілдіктер алатын болады. Одан бөлек авторлардың құқықтарын лицензиялық келісім шарт жасау және соның негізінде авторлық сыйақыны төлеу жолымен сақтау - бұл отандық және әлемдік мәдениеттің дамуына қосу қайта шығару болып табылады.
Бұл жұмыс авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелеріне арналған. Оның мақсаты - авторлық және сабақтас құқықтардың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде қалай шешілетінін көрсету, авторлық және сабақтас құқықтардың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, оның пайда болу тарихын зерттеу, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау механизмін зерттеу.
Дипломдық жұмысымның мазмұнына тоқталар болсақ, ол кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
1. 1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы және олардың даму тарихы
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңын қабылдауға дейін Қазақстандағы авторлық-құқықтық қатынастар ҚазКСР Азаматтық кодексінің тиісті тарауымен, азаматтық заңнаманың негіздерімен және көптеген заңнан туындаған актілермен реттелген. Кеңестің авторлық заңнамасы авторлардың туындыларын пайдаланғаны үшін қалам ақы алуға құқық сияқты авторлардың тек бірнеше ғана негізгі құқықтарын қарастырған. Қаламақылар мөлшері мен оларды төлеу тәртібі мемлекетпен орнатылған. Қаламақылар төлеу негізінен жартылай мемлекеттік ұйым - авторлық құқықтар жөніндегі Бүкілодақтық Агенттік (АҚБА) мен оның одақтық республикалардағы филиалдары арқылы жүргізілген. Жалпы ереже бойынша авторлық құқықтардың қорғалу мерзімі автордың бүкіл өмірі және өлгеннен кейінгі 25 жылды құраған. Осылайша, кеңестік кезеңде авторлардың құқықтары толық емес болған.
1996 жылдың 10 маусымында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы қабылданды. Жаңа заң Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттардың, соның ішінде Авторлық құқық туралы Женева (Дүниежүзілік) конвенциясының, Әдебиет және көркем әдебиет шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясының, Фонограмма өндірушілердің мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз өндіруден қорғау туралы Женева конвенциясының ережелеріне сәйкес әзірленген. Аталған заң ТМДда авторлық құқық туралы үздік Заң болып танылған.
Жаңа заңмен авторларға құқықтардың кең шеңбері берілген. Осылайша, авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға рұқсат беру немесе бермеу, авторлық қаламақының нақты мөлшері мен есептелу тәртібін анықтау құқығы берілген. Авторлар өкілеттігінің жаңа түрлері, мысалы, эфирге беру құқығы, кабель бойынша хабарлауға құқық және т. б. қарастырылған. Туындыларды пайдалануға құқық, қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тек жазбаша авторлық келісімшарттың негізінде ғана берілетіндігі қарастырылған. Авторлық құқықты қорғау мерзімі автордың өлген немесе ақталған сәтінен бастап 50 жылға ұзартылған. Авторлық құқықтарды қорғаудың жаңа тиімдірек әдістері енгізілген, жекелей алғанда, авторлық құқықтарды бұзғаны үшін 20-дан 5 дейінгі жалақының ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде өтемақы өндіріп алу. Сондай-ақ авторларға өздерінің құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйымдарды өздері құруына және оның қызметін басқару мүмкіндігі берілген. 10. 06. 1996 жылғы Авторлық құқық туралы ҚР Заңы авторлардың құқықтарына ұзақ жылдар қысым жасаудан кейін авторлық құқықты әр автордың жеке құқығы деп мойындады.
2004 жылы туындыларды пайдаланудың жаңа түрлерінің пайда болуына (сандық технологиялар, Интернет және т. б. ), сондай-ақ Қазақстанның Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының (СМДҰ) Интернет Келісім шарттарына қосылуына байланысты «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Заңда қолданылатын кейбір ұғымдар нақтыланып, бұл актінің нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жойылған. Сондай-ақ сымдар немесе сымсыз байланыстың құралдарымен хабарлаудың бір түрі ретінде жалпының назарына жеткізіудің жаңа ұғымы енгізілді. Авторлық құқықтарды бұзуды болдырмауға немесе бұзуға кедергі жасауға қажетті ақпараттандыру туралы, басқару туралы және техникалық құралдың ұғымдары берлген. Жаңа бап - 16-1 енгізілген, оған сәйкес: Үкімет авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемесін орнатуға құқығы бар. Заңның кері күшін орнататын норма қабылданған. Осы нормаға сәйкес авторлық құқықтың қорғауына осы Заңды қолданысқа енгізгенге дейін 50 жыл бұрын өлген авторлардың туындылары түскен.
2005 жылдың қарашасында бір қатар заңнамалық актілерге санаткерлік меншік сұрақтары бойынша өзгерістер енгізілген. Қылмыстық құқық (184 б. ) және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде (129 б. ) авторлық және сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдалану үшін жауаптылық шаралары күшейтілген. Авторлық құқық туралы ҚР Заңына авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мерзімін 50 жылдан 70 жылға дейін ұзартуға қатысты өзгерістер енгізілген.
2009 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының санаткерлік меншік сұрақтары жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған. Аталған Заңмен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңына оның нормаларын авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық шарттарға, жекелей алғанда авторлық құқық және орындаулар мен фонограммалар бойынша СМДҰ Келісім шарттарына сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізілген. Заңмен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының ұғымдық аппаратына өзгерістер енгізілген, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару жөніндегі ұйымдарды аккредитациялауды қарастыратын норма енгізіліп, аккредитацияның тәртібі мен шарттары анықталған.
2012 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Санаткерлік меншік мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған. Осы Заңды қабылдаудың нәтижесінде пайда болған басты жаңалық болып туындының электрондық сандық форматтағы даналарын және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерімен алмасу, сақтау, көшіруге одан әрі қол жетімді ету үшін интернет-ресурстарын құру, ұйымдастыру жолымен авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарының объектілерін заңсыз пайдалану үшін екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылықты енгізу табылды. Авторлар мен сабақтас құқықтар иегерлерінің мүліктік құқықтарын басқару жөніндегі ұйымдарды аккредитациялауға, сондай-ақ осындай ұйымдарды аккредитациялау туралы куәліктерді қайтарып алуға арналған жаңа негіздер орнатылды.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда авторлық құқық саласындағы халықаралық шарттардың талаптары мен жаңа технологиялардың пайда болуы мен дамуына байланысты заманауи талаптарға жауап беретін авторлық заңнама бар. Соңғы жылдары қабылданған заңнамалық және нормативтік актілер арқасында авторлық құқық саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың құқық қолданушылық жұмысында авторлық құқықта маманданған сот органдарының, құқық қорғау органдарының, авторлар ұйымдарының, тәжірибедегі заңгерлердің, сондай-ақ авторлардың өздері мен басқа да құқық иегерлерінің авторлардың құқықтарын қаматамасыз ету ісінде белгілі жетістіктерге қол жеткізілген. Авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану деңгейі төмендеген. Авторлардың, құқық иегерлерінің, заңгерлердің, халықтың авторлық заңнаманың талаптары жөнінде хабардарлық деңгейі артуда. Мемлекеттік органдардың, қоғамның пайдаланушылардың авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемасына қатынасы өзгеруде. Нақты саладағы құқықтық мәдениет өсуде. Бұл, сөзсіз, қуантады. Дегенмен авторлардың құқықтары толық көлемде сақталмайтын салалар әлі де жеткілікті. Сондықтан дамыған шетелдегі авторлардың құқықтарын қорғау деңгейіне жету үшін авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұзақ және қажырлы түрде жүргізу қажет.
1. 2. Интеллектуалдық меншіктің негізгі институттары
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипаттқа ие.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 49-тарау осы интеллектуалдық меншікке арналған.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне:
- интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
- азамматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
- ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
- эфирлік және кабілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
- өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
- селекциялық жетістіктер;
- интегралдық микросызба топологиялары;
- ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау) ;
- ҚР Азаматтық кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады [1, 505] .
Сабақтас құқық интеллектуалдық меншік құқығының объектілерінің бірі болып табылады.
Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілерге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың саласын құрайды. Интеллекталдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма, қойылым, эфирлік хабарларды (сабақтас құқық) шығару және қолданумен байланысты қатынастар реттеледі. Кейіннен авторлық құқық деп аталатын екі құқықтық институттың бірігуі сабақтас құқықтың пайда болуы мен қамсыздандырылуында автордың шығармашылық құқықтарына бағыныштылығымен сипатталады, сонымен қатар жоғары да аталған құқықтарға байланысты қатынастар бір заңмен реттеледі.
«Интеллектуалдық меншік құқығы» саласына кіретін тағы бір институты болып патенттік құқық табылады. Ол шығармаларды және маңызды өндірістік үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты нарықтық экономиканы дамыту барысында оның элементтері болып табылатын фирмалардың атаулары, тауар белгілері, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары сияқты өндірістік меншік объектілері аса маңызды элементтері болып табылады.
Тауар иеленушілері үшін шаруашылықтың тендігін орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті көбейтуді енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен және қызметпен қамсыздандыру құқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен ұйымдардың, сондай-ақ олар өндіретін тауар мен қызметтің лайықты дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті ескертеді. Мұндай құқықтық тетік (механизм) азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты болып табылады. Бұл құқықтық институт патенттік құқық сяқты өндірістік меншікпен, яғни өндіріс сферасындағы жүзеге асырылатын ерекше құқықтармен, сауда айналымы, қызмет көрсету т. б. байланысты. Қарастырып отырған интеллектуалдық меншік институтының негізгі функциясы өндірушілердің және олардың тауарлар, жұмыс пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады [2, 32 б. ] .
Ғылым, әдебиет пен өнердің өнімі болып табылатын шығармалар, сонымен бірге өндірістік үлгі мен модельдер шығармалары шығармашылық әрекетінің нәтижелерінің әртүрлілік қабілеттерін таусылтпайды. Солармен қатар адамдардың шығармашылық қабілеті нәтижесінде пайда болатын басқа да объектілер бар, олардың қоғам үшін аса зор маңызы бар, және де оларды қоғамның тануы мен құқықтық қорғауда мұқтаж болады. Авторлық құқық пен патентік құқықпен қорғалатын қарапайым объектілер, сонымен қатар азаматтық айналым қатысушылардың дербестік құрал институтымен қатар, қазақстандық азаматтық құқық селекциондық жетістіктердің, интегралды микросхемалардың топологияларының, коммерциялық құпия ақпараттарының және интеллектуалдық әрекеттің басқа да нәтижелерінің қорғауын қамтамасыз етеді. Аталған интеллектуалдық әрекеттің нәтижелерінің дәстүрлі интеллектуалдық меншік объектілерінен айырмашылығына сүйене отырып, оларды біртұтас құқықтық институтына, яғни интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерді қорғау институтына жатқызуға болады.
Сонымен, азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы - интеллектуалдық меншік құқығы - жоғарыда аталған төрт институт көлеммен сипатталған, олар: авторлық құқық, патенттік құқық, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты және интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерді қорғау институты.
Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы.
Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің 115 бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді.
Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған
Проприетарлық тұжырымдаманы жақтаушылар кез келген қызмет барысында, соның ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет барысында жасалатын игіліктерге меншік құқығы орнатылуы тиіс деген идея негізінде, интеллектуалдық өнімді жазушы субъектінің осы өнімге мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтарының қосындысын «интеллектуалдық меншік» деп атауды ұсынады. Нәтижесінде, ХІХ ғасырдың аяғында «интеллектуалдық меншік» ұғымы мен оның құрамдас бөліктері болып табылатын «әдеби меншік» және «өнеркәсіптік меншік» ұғымдары әлемнің көптеген елдердің заңдары мен маңызды халықаралық Конвенцияларда кеңінен қолданыла бастайды [3, 34б. ]
Мәселенің бұлай шешілуіне және «интеллектуалдық меншік» ұғымын құқықтық ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан «ерекше құқықтар» теориясының өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент иелерінің және олардың құқық мирасқорларының құқықтары әуелі бастан уақыт бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын қорғауға арналған виндикациялық және басқа да талаптардан өзге құқықтық құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан «интеллектуалдық меншік» терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті.
ХІХ ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстаушылардың арасындағы бұл ғылыми дау бүгінде біршама бәсендеген. Өйткені, қазіргі уақытта интеллектуалдық нәтижелерге құқық табиғатының екіқырлы екендігіне ешкім шубә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық мәселелер төңірегінде ғана қалған деуге болады. Шынында да шығармашылық нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін еркін беріле алады. Мазмұны бойынша бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және абсолюттілігі мен жоғарыда айтылған, басқа тұлғаларға емін еркін беріле алатындығы тұрғысынан, шынында да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан, авторға авторлық есімге құқық сияқты бірқатар өзіндік мүліктік емес (моральдық) құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға жатпайтын құқықтар болып табылады.
Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын «интеллектуалдық меншік» терминімен атау қазіргі уақытта шартты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де, бұл терминнен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге қатысты тек «ерекше құқықтар» терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді заң актілерінде, ең болмағанда, синонимдер ретінде қатар қолдануды ұсынушылар қатары әлі де аз емес.
Кеңес үкіметінің соңғы жылдарына дейін буржуазиялық институт ретінде пайдаланудан бас тартылып келген интеллектуалдық меншік ұғымы «қайта оралған атаулардың» бірі болып табылады. Ол КСРО-ның құқықтық кеңістігінде алғаш рет 1990 жылы 6 наурыздағы «КСРО-дағы меншік туралы» заңда қолданыла бастады.
Осы саланы зерттеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық меншікке материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген азаматтық айналымның субъектілері мен объектілерін дараландыру құралдарына азаматтық құқық субъектісінің өзіндік мүліктік емес және мүліктік құқықтарының кешені (жиынтығы) .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 125 бабында «интеллектуалдық меншік» пен «ерекше құқықтар» категорияларын теңестіру орын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz