Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің арақатынасы


МАЗМҰНЫ
- АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІАзаматтық қоғам: мәні және белгілері
1. 2 Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызыметін жүйелеу
1. 3 Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны
2 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құрудың теориясы
2. 1 Құқықтық мемлекет қалыптастыру саясатының рухани құндылықтарын іске асыру
2. 2 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің құрлым нысандары
3 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптастырудың мәселелері
3. 1 Сот-құқықтық реформа - Қазақстандағы құқықтық мемлекет қалыптасуы мен дамуының негізі
3. 2 Сот қызметін жетілдіру - Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қалыптастыру саясатының құрлымы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Анықтамалар
Азаматтық қоғам - бұл әлемдік қауымдстықтың дамуындағы неғұрлым жоғары сатысы, оның жетілгендігі, ақылдылығы, әділдігі, адамилығының өлшемі.
Заң әдебиеттерінде, азаматтық қоғам - бұл тек құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ мораль, әдет- ғұрып нормаларымен реттелетін кешенді құбылыс деген анықтама беріледі.
Азаматтық қоғам - термині рим азаматтарының қауымдастығын, римдіктердің азаматтық қауымын білдіретін көнеримдік «civitas» сөзінен келіп шығады.
Табиғи қауымдастық - үйдегі басқару жүзеге асырылатын отбасыларының жиынтығы.
Азаматтық құқық- (құқық саласы ретінде) - бұл азаматтардың құқығы емес, жеке тұлғалардың құқығы.
Бостандық дегеніміз бұл - заңдармен рұқсат етілген іс-әрекеттер.
Мемлекет - бұл құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлестігі, негізгі мақсаты - коғамның біртұтастығын сақтап, түрлі мүдделі топтардың ара-қатынастарын реттеу.
Құқықтық мемлекет - бұл тек ғана көптеген заңдар қабылданып, құқық қалыптасатын мемлекет қана емес. Құқықтық мемлекет сонымен қатар мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі тек қана қабылданған заңдарға ғана негізделетін мемлекет болып табылады.
Құқықтық мемлекет тірегі - адам теңдігі, бостандығы мен қорғалуы.
Конституциялық мемлекет - бұл Негізгі Заң өзіне тән функцияларды атқаратын және құқықтық мемлекет үшін негіз болатын мемлекет.
Қоғамның тұтастығы мен көптүрлілігі - мемлекетінің болмысының мәні, мұндай қоғам - азаматтық қоғам болып табылады және ол күрделі саяси - құқықтық феномен ретінде қалыптасады.
Конституциялық құрылыс - бұл қалыптасқан әлеуметтік құрылымның қоғамдық қатынастарының жекелеген түрлерін реттейтін конституциялық нормалар мен конституциялық институттар.
Конституциялық құрылым - бұл мемлекеттің құқыққа бағынуын қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын, мемлекетті ұйымдастырудың тәсілі немесе нысаны.
Конституциялық құрылыстың мәні - конституцияда адам, азаматтық қоғам және мемлекет арасындағы адамгершілікті құқықтық қатынастарды жариялайтын мызғымас негізгі құндылықтардың жиынтығын бекіту және оларды құқық қолдану тәжірибесінде қамтамасыз ету.
Конституциялық құрылыстың негізі - бұл белгілі бір мемлекетте және қоғамда қалыптасқан, қоғамның барлық мүшелері таныған және елдің конституциясында заңды негізін тапқан, негізгі қағидаттар (ұстанымдар) .
Заңға бағынушылық - мемлекеттің ұйытқысы, рухани түсіністіктің, азаматтар теңдігі мен бостандығының қайнар бұлағы.
Мақсат - әлем халықтарының саяси және экономикалық тәжірибелерінің озық үлгісін алу.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері - заңдардың Конституцияға сәйкестігі және мүлтіксіз орындалуы.
“Омбудсмен” терминінің түпкі мағынасы швед тілінде - “umbud” - күш, бедел деген мағына береді. Омбудсмен - чиновниктердің қызмет бабын жеке басына арам пиғылмен пайдаланғаны, құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптағаны туралы азаматтардың арыз-шағымын қарауға арналған парламенттің өкілеттігі.
Алқа билер соты - отандық әділсот тарихындағы принципиалды жаңалық және халықтың сот билігі тармағындағы жұмысқа қатысуына берілген мүмкіндік.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ТІЗІМДЕР
КСРО-Кеңестік Социалистік Республика Одағы
РФ-Ресей Федерациясы
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
КСР-Қазақстан Социалистік Республикасы
ҚКО-Қазақстан Кеңес Одағы
АҚШ- Америка Құрама Штаттары
ППБ-Президенті постын бекіту
БАҚ-бұқаралық ақпарат құралдары
КХДР -Корея Халықтық Демократиялық Республикасы
ІЖӨ-ішкі жалпы өнім
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуының конституциялық-құқықтық негіздері, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арақатынасы мәселелері қарастырылып, азаматтық қоғам ұғымына толық түсінік беріледі.
Қазақстандағы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының қазіргі кездегі өзекті мәселелері қарастырылып, азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі ретінде жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі жергілікті өзін-өзі басқару, ішкі істер органдарының қызметіне талдау жасалады.
Жұмыстың нәтижесінде азаматтық қоғамның дамуы мен қызмет етуін реттейтін қоғамдық қатынастар сферасында кездесетін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми ұсыныстар мен қорытындылар тұжырымдалған. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мәселелеріне қатысты ұлттық заңнаманың кемшіліктері анықталып, оны әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі - құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады. Құқықтық мемлекет әлеуметтік әділеттілік саясатын, демократиялық бостандықтар мен еріктерді қамтамасыз ету саясатын, басқарушы билікті тежеу саясатын жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
Қазақстандағы тоталитарлық коммунизмнің саяси және басқару жүйелері күйрегеннен кейін толыққанды құқықтық мемлекет құру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Сонымен бірге құқықтық мемлекет Қазақстан Республикасының конституциялық міндеті, саяси жүйе дамуының басты стратегиясын айқындайтын мазмұндық белгісі ретінде жарияланады. Егемен Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларын заңмен реттеу міндеті біртіндеп шешілуде. Мәселе осы тағдырлық қызметтің пәрменділігін арттыруда, заңның салтанат құруына қол жеткізуде.
Сонымен бірге Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру идеялары, ой-пікірлері мен тарихи тәжірибесі де бар. Қазақстанда құқықтық, заңға бағынатын мемлекеттер құру идеяларын көне түркі қағандары, орта ғасыр ойшылдары мен Алаш қайраткерлері мәселе етіп көтерсе, қазақ хандығы дәуірінде заңға бағынатын қазақ мемлекетін құру тәжірибесі де болды. Өкінішке орай, этникалық саяси тәжірибе тарихи шындықта іске толық асырылмады. Қазақ халқы Ресей империясының боданына айналғаннан кейін де, кеңестік империя заманында да қазақ жұрты отаршыл империяның заңдарына бағынып өмір сүрді. Елде тоталитарлық саяси жүйеге қызмет ететін этатистік заңдар үстемдік етті. Қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарын қорғайтын заңдар жүйесінде өмір сүре алмады, этникалық өмірді жандандыратын саясат жүргізе алмады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі жоғарыда аталған құқықтық мемлекет жасау жолындағы саяси тәжірибені сын көзбен қарап, сараптаудан өткізумен анықталады.
Сондай-ақ зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі Қазақстан қоғамын жаңарту саясатымен тікелей байланысты болуында. Экономикалық өмірдің жандануы, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымның Қазақстан халқына қызмет етуі, рухани саланың ғаламдану шақыруларына жауап беруге қабілеттілігі, саяси жүйенің демократиялануы процестері құқықтық қоғам құруға тәуелді. Сол себепті, құқықтық мемлекет өркениетті қоғамдық қатынастар жасаудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономикада болатын әлеуметтік әділетсіздікті, әлеуметтік жікшілдікті тежеуге қабілетті фактор - құқықтық мемлекет. Қатардағы қазақстандық азаматтан бастап басқарушы элитаның мүшелеріне дейін заңды басшылыққа алып қызмет етіп, өмір сүруі елдің әділет пен тәртіпті ұстанып өмір сүруінің кепілі.
Қазақстанның өркениетті мемлекет белгілерін қалыптастыру әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін маңызды заңдық күші бар құжаттардың бірі - “Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының” орындалуының маңызы зор. Бұл тұжырымдама елдің саяси билігінің және бүкіл саяси жүйесінің құқықтық мемлекет принциптеріне сәйкес қызмет жасауына бетбұрыс жасады. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанда осы аталған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес келетін құқықтық мемлекет қалыптастыру эволюциясын сараптауға және бұл үрдістердегі кемшіліктер мен қайшылықтарды анықтауға да тікелей байланысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Өмір тәжірибесі дәлелдегендей, саясат, идеология, яғни ілімдер мен теориялар бір қалыпта тұрмайды, бұл қағиданы құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы пайда болған жаңа көзқарастар мен теориялар дәлелдей түседі. Біз құқықтық мемлекет тұжырымының негізін қалаушылар қатарында И. Кант, Ш. Монтескье сияқты зерттеушілерді ерекше көрсеткенді жөн көрдік. Адамзаттың болашағын И. Кант: «Бүкіл құқықтық республикалық мемлекеттің бірігуінде», - деп санады [1] . Ал Монтескье ілімі бойынша, республикалық құрылысқа жету, қоғамдағы субъектілердің толық бостандығын алуын білдірмейді. Монтескье пікірінше «бостандыққа және заңдылыққа жету үшін республика болсын, немесе монархия болсын мемлекетте биліктің бөлінуін өткізу» өте қажет екендігін көруге болады [2] .
Жалпы «құқықтық мемлекет» терминін Роберт фон Моль енгізді. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында немістің юриспруденциясында құқықтық мемлекетке байланысты көптеген шығармалар жарық көрді. Германияда, бірте-бірте көп жақтаушыларға ие бола отырып, құқықтық мемлекет тұжырымдары басқа мемлекетте пайда болған теорияларға сіңе бастады. Мысалы, итальян тіліндегі «құқықтық мемлекет» терминінің пайда болуы Отто Бэр мен Рудольф фон Тейст сияқты зерттеушілер аудармаларымен тығыз байланысты. Ал Ресейде Германияның университеттерімен ежелгі берік қатынастарда болған ұғымдар аудармасыз қолданыла бастады. Сондықтан кезінде Ресейде құқықтық мемлекетті жақтаушыларды «рехистатистер» (неміс термині) деп атады. Ресей заң ғылымында құқықтық мемлекет мәселелеріне арналған көптеген еңбектер пайда бола бастады. Олардың қатарында Б. Н. Чичерин [3], П. И. Новгородцев [4], М. М. Ковалевский [3], И. И. Коркунов [3], Б. А. Кистяковский [5] еңбектерінің орны ерекше.
Сонымен бірге аталмыш тақырыпты зерттеуде Иассауи Қожа Ахмет, Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, А. Құнанбаев, Шәкәрім сияқты қазақ ойшылдарының да көзқарастары құнды болып табылады [6] .
Отандық зерттеушілер Л. А. Байдельдинов[7], К. Н. Бұрханов [8], С. М. Борбасов [9], Ә. М. Жүнісов [10], Ж. Х. Жүнісова [11], Г. Ж. Ибраева [12], А. Ш. Ишмухамедов [13], М. С. Машан [14], С. З. Нарматов [15], Н. В. Романова [16], И. Н. Тасмағамбетов [17], М. Б. Тәтімов [18] еңбектерінде Қазақстандағы қоғамды саяси трансформациялау, саяси жүйені модернизациялау мәселелері шеңберінде диссертациялық тақырып мәселесі қамтылған. Сонымен бірге еліміздегі азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселесін зерттеуші Ә. Н. Нысанбаев [19], М. Б. Мұхамедов [20], Қ. Нұғманова [21] еңбектері де біз үшін өте маңызды.
Ал Қазақстандағы кәсіби парламенттің қалыптасуын зерттеген Ә. Бәкір [22], Н. Қалиев [23] еңбектерінде парламентаризм мен құқықтық мемлекеттің өзара байланыстылығы атап өтілген.
Сонымен қатар Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың бағыттары, соның ішінде адам мен азамат құқығы мен бостандықтары отандық зерттеушілер А. Айталы [24], Т. Сарсенбаев [25], Г. Искакова [26] еңбектерінде орын алған.
Әрине, біз өз зерттеуімізде отандық заңгер-ғалымдар С. Зиманов [27], Қ. Сапарғалиев [28], Е. Нүрпейісов [29] еңбектерін айрықша айтуымыз керек.
Осы жоғарыда көрсетілген еңбектерде қалыптастырылған тұжырымдар мен пікірлердің Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру саясатын, оның бағыттарын анықтауда маңызы зор болды.
Зерттеудің пәні демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның құқықты мемлекет ретінде қалыптасып даму процесі болып табылады.
Зерттеудің обьектісі құқықты мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары, оларды сақтауға бағытталған құқықтық-саяси, әлеуметтік және экономикалық механизмдер мен тұжырымдамалар, билік тармақтарының қызметі, азаматтық қоғам институттарының құқықтық мемлекеттегі ролі, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы әлемдік тәжірибенің қазақстандық үлгіде ұлттық ерекшеліктерімізбен сабақтасуы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - өзін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп санайтын өркениетті демократиялық ел ретінде айқындаған Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қалыптастырудағы мемлекеттік саясатын кешенді түрде зерттеу. Диссертациялық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін туындатады:
қазіргі заманғы саяси теориядағы құқықтық мемлекет ұғымының мәні мен мазмұнын, табиғаты мен даму эволюциясын айқындау арқылы құқықтық мемлекет құру саясатының тұжырымдамасы және әдістемелік принциптерін негіздеу;
қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың конституциялық және заңдық негіздерін саралау;
құрылымдық-қызметтік талдау арқылы құқық қорғау органдарының қызметін демократияландырудың құқықтық мемлекетті құруға ықпалын анықтау;
салыстырмалы-саяси тәсілді қолдана отырып, әлемдік саяси тәжірибедегі құқықтық мемлекет қалыптастырудағы заң-құқықтық реформаның маңызын көрсету;
Қазақстан Республикасының жалпыұлттық идеяны құқықтық мемлекет қалыптастырудағы мемлекеттік саясатына, оның басты принциптері мен басым тұстарына кешенді саясаттанулық сараптамалар жасау;
Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып дамуына азаматтық қоғамның әсерін, өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерін анықтау.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері саяси ғылымдағы кең танымал жүйелілік, салыстырмалы-құрылымдық, құрылымды-функционалдық, саяси-салыстырмалы талдаулар, контент-анализ, сараптамалық және логикалық талдау және сонымен қатар әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психология, құқық тарихы және теориясында, азаматтық құқықта қалыптасқан ұстанымдар мен таным категориялары құрады. Жұмысты жазу барысында құқықтық мемелекет құру идеясы істерін таңдамалы түрде оқып, зерттеп, талдау жасалды және статистикалық мәліметтер талданды. Сонымен бірге мерзімді баспасөзге жарияланған материалдар пайдаланылды.
Магистрлік диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасында мемлекет құру саясатының қалыптасуы, негізгі принциптері мен бағыт-бағдарлары құқықтану ғылымының зерттеу объектісі ретінде және сонымен бірге этникалық саяси-рухани ойлау жетістіктері болып есептелетін Күлтегін жырларындағы, Қожа Ахмет Иассауи хикметтеріндегі, әл-Фараби трактаттарындағы, Жүсіп Баласағұн бәйіттеріндегі, Абай, Шәкәрім т. б. шығармаларындағы заңның қажеттілігі, заң билігі, саяси құрылысты заңмен реттеу туралы пікірлер мен ойлардың Қазақстанда құқықтық мемлекет құру саясаты мен үрдісіне тікелей әсері алғаш рет кешенді талданды.
Қазақстандағы азаматтық қоғам мен орта таптың орнығып бекуі құқықтық мемлекетті қалыптастыру негіздері ретінде бір-бірімен өзара тығыз байланыстары көрсетіле отырып қарастырылды.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар Азаматтық қоғамның мәні халықтың өзінің түсінігінде қандай да бір деңгейде ұйымдастырылған халықтың еркін білдіруі және олардың мүдделері үшін қызмет ету болып табылады.
- Азаматтық қоғамның одан әрі қалыптасуы жағдайында мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара арақатынасының нысаны ретінде мыналар болуы мүмкін: а) өз міндеттері мен функцияларын тиімді әрі сапалы орындауы мақсатында бір-бірінің ісіне белгілі бір шекте араласа отырып, мемлекеттің азаматтық қоғамға және азаматтық қоғамның мемлекетке өзара мақсатты ықпал етуі; б) тәуелсіз әділсоттылық болған жағдайда және құқықтық нысанда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара көмек көрсетуі; в) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара бақылауы, соның ішінде құқық қорғау ұйымдарының, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары бойынша Уәкілетті институттың және тағы басқалардың күшімен; г) азаматтық қоғамның мемлекеттік саяси билікті жүзеге асыруға сайлау жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және т. б. қатысуы; сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы саяси билікті жүзеге асыруы; д) азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара жауаптылығы; е) азаматтық қоғам мен мемлекеттің кең ауқымды сипаттағы проблемаларды шешу кезінде мемлекетаралық жүйемен өзара әрекеттесуі
Зерттеу жұмысының жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындылары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2010-2012 жылғы өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда үш ғылыми баяндама түрінде талқыланды.
Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі құқықтану және экономика пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Магистрлік диссертациялық зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тарау мен соған сай жеті тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: МӘНІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 Азаматтық қоғам: мәні және белгілері
Кез келген қоғамның құрылуы мен қалыптасу процесі оның неғұрлым өркениетті, толысқан қоғамға айналуының белгілі бір тарихи кезеңдерімен (сатыларымен ) сипатталады.
Қоғамдық санада демократиялық қағидаттар мен институттар бекітілді. Олардың одан әрі дамуында маңызды бағдар болған Қазақстанның демократиялық құқықтық мемлекетті құруға және азаматтық қоғамды қалыптастыруға талпынысы болды.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеуді «азаматтық қоғам, мемлекет, демократиялық қоғам» сияқты терминдердің мазмұнын ашудан бастаған жөн [30, С. 9-10. ] . Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы - жеткілікті деңгейде ұзақ әрі күрделі, белгілі бір тарихи кезеңге есептелген процесс. Алайда мұндай қоғам идеясы (тұжырымы) өз тамырын ғасырлар тереңіне жайған.
Азаматтық қоғамның философиялық анықтамасын ғылымға тұңғыш рет атақты ойшыл және философ Аристотель енгізген. «Мемлекет деген не екендігін анықтап алмастан бұрын» деп көрсетеді ол: «азамат» түсінігін анықтап алу қажет, өйткені мемлекет бұл басқа емес азаматтардың жиынтығы, азаматтық қоғам. Бұлай тұжырымдау, бұл түсініктің антикалық философиялық ойға белгілі бір көне идеялық-теориялық бастауға ие екендігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Алайда, тарихи қалыптасқан «азаматтық қоғам» деген қоғамды (адамдардың саяси емес қауымдастығын) білдіретін сөз тіркесі өзінің мемлекетпен (саяси қауымдастықпен) арақатынасында олар берген мағынаға сөзсіз сәйкес келмейді. Өйткені азаматтық қоғам бұл - азаматтардың (саяси субъектілердің) қоғамы емес, керісінше, жеке (саяси емес) тұлғалардың жеке мақсаттар мен мүдделерді ұстанушылардың қауымдастығы. Ал азаматтардың қауымдастығы - саяси қауымдастық, яғни мемлекеттің (саяси мемлекет) қоғамнан (азаматтық қоғамнан) ерекшелігі. Ескере кететін жай, «азаматтық құқықтың» өзі (құқық саласы ретінде) - бұл азаматтардың құқығы емес, жеке тұлғалардың құқығы [31, С. 70. ] . Бұл азаматтық қоғамның негізгі субъектісі жеке тұлға ретінде адам, бюргер, қалыптасып келе жатқан буржуа болды. Ыдырап бара жатқан феодализм жағдайында қалыптаса бастаған мұндай азаматтық қоғам өзінің мәні бойынша рулық құрылыстың бекітілуіне, азаматтық қоғамның талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін мемлекетті бекітуге деген табиғи және бөлінбейтін құқығы сипатында жеке адамның бостандығы мен дербестігін мойындауға бағытталды.
Ал Б. Спиноза өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарына сәйкес адамды өзін-өзі сақтау заңдылықтарына бағынатын табиғи тіршілік иесі ретінде қарастырады. Бұл табиғи заң әрбір адамның өмір сүруге, ойлау және іс-әрекет жасау бостандығына табиғи құқықтарымен сәйкес келеді. Философ мемлекет пен азаматтық қоғамды ұқсастырады, өйткені адамдардың табиғи өзара әрекеттесу жағдайы олардың өзі мен мемлекет арасындағы «қоғамдық шарт» негізінде өзара әрекеттесуімен алмасады, барлық адамдар біртұтас қауымдастықтың азаматтарына айналады деп есептейді [32, С. 7-8. ] .
Заң, азаматтардың оны бұлжытпай орындауын және олардың еркін заңды түрде жүзеге асыруын ғана емес, сонымен қатар күшті мемлекеттің өмір сүруін талап етеді [33, С. 10. ] .
Ол Американың тәжірибесі негізінде пайда болды. Оның басты назарында индивидтің (жеке тұлғаға) ерік білдіруін, шаруашылық және қоғамдық қызметпен айналысуын қамтамасыз ететін нақты институттар жүйесі қалыптасты. «Қоғамдық теңдік пен демократиялық басқарудың әдет-ғұрыптарға, ұғымдар мен өнегеге ықпалын бейнелеу» мақсатын көздегенде Токвиль дәл осы американдық қоғамның ерекшелігіне жүгінеді. Ол американдық әлеуметтік жүйені еуропалық теоретиктер қоғамдық шарт және азаматтық қоғамның келешекке бағытталған үлгісі ретінде ұсынған қағидаларының жүзеге асырылуы деп қарастырады. «Бұл қағидалардың жүзеге асырылуы Еуропаның кейбір елдерінде ізбе-ізділіксіз, жартылай енді-енді ғана басталды, ал екінші бірінде билікке қайта оралған аристократиямен жасанды түрде ұсталып отырды. Ал Америкада ол қоғам мен мемлекеттің тарихи қалыптасқан ерекше белгілеріне ғана емес, сондай-ақ американдық ерекше мінез-құлыққа, өзіндік ұлттық рухқа да байланысты болды» [34, С. 35. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz