Биоценоздың экологиялық құрылымы


Мазмұны:
КІРІСПЕ . . . 3
1 БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІКТІ ҚОРҒАУ - ТІРШІЛІК
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ . . . 5
- Биоценоз және биоалуантүрлілік . . . 5
- Биоценоздар құрылымы . . . 8
1. 3 Табиғаттағы биоалуантүрлілікті сақтап қалу жолдары . . . 9
2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 12
2. 1 Алматы облысының жануарлары мен өсімдіктерінің алуантүрлілігі . . . 12
2. 2 Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар - биоалуантүрлілікті сақтаудың кепілі . . . 40
2. 3. Алматы облысындағы ерекше қорғауға алынған аумақтар . . . 47
3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНДЕМИКТЕРІ . . . 61
3. 1 Алматы облысы жерін мекендеген қорғауға алынған жануарлар . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-катердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау мақсатқа жетудегі міндеті болып табылады.
Биологиялық алуантүрлілік - Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты. Осы алуантүрлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.
Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл принциптарды басынан өткізді. Өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдары жойылған түрлердің орнын басып отырды. Сондықтан табиғи және антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1992 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғаш рет сол аймақта қорық құру қажеттілігі мәселесін көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда біріші рет Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. 5 жылдан кейін, яғни 1931 жылы Наурызым мен Алматы қорықтары, 1936 жылы Бурабай қорығы 1939 жылы Барсакелмес қорығы құрылды. Одан әрі қорықтармен бірге қорғалатын табиғи территориялардың басқа да түрлері - геологиялық, зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, табиғи ескерткіштер және т. б. ұйымдастырылды. 1985 жылы біздің елімізде алғаш рет Баянауыл мемлекеттік ұлттық қорығы құрылды.
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігі алып жатқан, үлкен мемлекеттің қорғалатын территорияның біртұтас жүйесінде болатын. Тәулсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын кысқартуға және табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді.
Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Осындай талаптардың бірі - ҚТТ ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10 %-ынан жоғары, сонымен қатар орналатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болуы керек. Осы жолда біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.
1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі» ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мекемелерін құру және олардың жұмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді.
Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи территориялар - бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтық қорын қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су, орман және қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез келген шаруашылық жүмыстарын жүргізуе тыйым салынады; қорықшалық, яғни мемлекеттік табиғи-қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және кез келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі.
Алматы облысы - Қазақстан жерінің көрікті де қайталанбас табиғатымен көз қуантатын аумақтарының бірі. Осы облыста бүкіл әлемге әйгілі мемлекеттік табиғи ескерткіштер, әсем қорықтар, ұлттық саябақтар орналасқан. Қорғалатын аумақтарда өсімдіктер мен жануарлардың мыңдаған түрлері қазіргі кезде мемлекеттік қорғауға алынып отыр. Осы табиғаттың кереметтерін біз ұрпағымызға жеткізуіміз - әрқайсымыздың борышымыз.
Диплом жұмысының мақсаты - Алматы облысының биологиялық алуантүрлілігінің экологиялық ерекшелігін анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында келесі міндеттер қойылды:
- биологиялық алуантүрлілік туралы, Қазақстанның табиғатын қорғау және органикалық дүниесі туралы ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
- Алматы облысында орналасқан ерекше қорғауға алынған аумақтарын сипаттау;
- зерттеліп отырған аумақтағы флора мен фаунаның алуантүрлілігіне сараптама жасау;
- Алматы облысындағы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар жайлы деректер жинау;
- Алматы облысының биологиялық алуантүрлілігінің экологиялық аспектісіне аса назар аудару;
- Қазақстандағы биоалуантүрлілікті қорғауға арналған заңдарын сараптау.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІКТІ ҚОРҒАУ - ТІРШІЛІК
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ
- Биоценоз және биоалуантүрлілік
Биологиялық алуантүрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
Табиғатта әр түрлі популяциялар бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.
Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж. ) биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет [1] . Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашан да әлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп - тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп биогеоценозды құрайды.
Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В. Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегі құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер) ; талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер) ; ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы биоценология деп аталады. Ал биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы гана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер - кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтитын табиғат бірлестіктер.
Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А. Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымда бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егер де биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.
Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда биотикалық факторлар деп атайды [2] . Яғни, биотикалык факторлар дегеніміз - тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында аның немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік - өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозандататын аралар, т. б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып, үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.
Биологиялық алуантүрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты
Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті 61 жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір-бірінен ерекшеленеді Сондықтан жер бетінде түрлердің саны өте көп, бұл алуантүрлілік адамзат ақылына сыйлайтын жұмбақ және еш уақытта таусылмайтындай көрінеді.
Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себеп палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.
Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттық іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдығымен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафттары ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.
Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен ірі тауарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерінен құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары алуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді:
1. Бөліктерінің өзара бір-бірін толықтыруы. Бірлестікктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір-бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағынының 70-80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағынының бар болғаны жүзден 1-2 үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуі қабілетті. Бір-бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады. Осындай толықтырулар әр түрдің өсімдіктерінің топырақ бетінде таралуы, олардың тамыр жүйелерінің орналасуы, минералдық заттарды толық пайдадануы және т. б. көрінеді. Жануарлардағы «еңбек бөлінісін» әр түрлердің тамақты, тәуліктік және маусымдық белсенділікті, кеңістіктер орналасуды пайладануынан көруге болады. Түрлердің өзара бір-бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасаушылар мен ыдыратушылар, экологиялық зат алмасулардың негізінде жатыр [3] .
2. Түрлердің бір-бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға. болады. Мысалы, қылқан жалырақты ормандағы шыршаның және самырсынның әр түрлі түрлері немесе әр түрлі шалғындықтағы тозаңдандырушы - бунақденелілер. Көптеген түрлердің экологиялық орны ұқсас болғандықтан қандай да бір түрдің кемуі немесе жойылуы экожүйе үшін қауіпті емес. Түрлердің бір-бірін ауыстыруы табиғат жағдайларының үнемі өзгеріп отыруынан болады. Мысалы шалғындықтарда ылғалды жылдары қысқа, ал құрғақшылық жылы - ұзын тамырлы өсімдіктері басым болады.
3. Реттеушілік қасиеті. Өздігінен реттелуге қабілеттілік - күрделі
жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өздігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Теріс кері байланыс принципі дегеніміз - жүйенің қалыпты күйден ауытқуы, оны қалыпты күйге қайтаруға бағытталған күштерді іске қосады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық өзара қарым-қатынастардан көрінеді. Жемтіктердің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді. Популяцияның тығыздығының белгілі бір деңгейден артып кетуі, түрдің ішкі байланыстарын өзгертеді, яғни көбею қабілеті төмендейді немесе кеңістікте даралардың таралуы күшейеді. Биоценозда түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.
4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі. Биоценоздың экожүйе-дегі негізгі қызметі - әрі органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің санын реттеу болып табылады. Бұл функцияның көптеген бір-
бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің
санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып
кеткенде - арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда - инфекцияның
ауруларды туғызушылар немесе бәсекелестік қатынастар мен популяция
ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.
Өсімдік ұлпаларындағы күрделі және берік компонент - целлюлозаны ыдыратуды маманданған бактериялар әр түрлі зең саңырауқұлақтары, ұсақ тонырақ иенелері - сапрофагтар бунақденелілердің дернәсілдері, жауын құрттары және басқа да ішінде бұл процеске қажет ферменттері бар жануарлар да жүзеге асыра алады. Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамасыз етеді.
- Биоценоздар құрылымы
Экологиялық орын. Әрбір жеке организмнің тек өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше функциясымен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын олардың экологиялық орны мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді.
Экологиялық орнының тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал, бір систематикалық түрде жататын туыс түрлер тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі, бірі жыртқыш болса, екіншісі қалдық қоректі. Мұндай жағдайда, организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді.
Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдік гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды. Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар байланысты реттеліп орналасқан.
Биоценоздың түрлік құрылымы. Әрбір биоценоздың өзіндік түрлік құрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, ал екіншілері керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің сапасымен сипатталады. Егер де биоценозда бір немесе әр түрі оның 90% құраса доминантты (басым) өсімдік болады. Кейде мұндай өсімдіктерді сол биоценоздық деп те атайды. Мәселен, қарағайлы орманда қараға торы болып саналады.
Биоценоздың кеңістік құрылымы. Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің релъефіне қарай горизонталъды немесе вертикалъды бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық) .
Ярустылық биоценоздардың биіктік бойынша жиіктелуі . Ярустылықты өсімдіктер бірлестігінен көруге болады. Мәселен, орманнан 6 ярустылықты кездестіреміз: I ең ұзын ағаштар (шырша, қарағай, емен, т. б. ) ; II екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай) ; Ш бұталы ағаштар (шие, итмұрын, т. б. ) ; IV жартылай бұталы ағаштар (тобылғы, сасырлар) ; V шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқурай) ; VI қыналар мен мүктер [4] .
Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға болады. Бірақ, мұндағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардың қатарына көптеген паразиттерді, ірі аңдар мен құстарды жатқызуға болады. Ярустылық пен горизонталъды биоценоздардың да кеңістік құрылымы ерекшеленеді.
Биоценоздың экологиялық құрылымы. Әрбір биоценоз организмдердің белгілі бір экологиялық топтарынан тұрады. Олар көшесе ылғал, жарық, қорек т. б. факторларға байланысты жіктеліп отырады және өзіндік қызмет атқарады. Экологиялық құрылым - биоценоздағы түрлері, жиынтығы мен кеңістігі арқылы сипатталады.
Биоценоз - уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және түрлі типтерін ажыратуға болады. Мәселен, тропика биоценоздары мен Қазақстанның орманды дала биоценоздарын ешбір салыстыруға болмайды. Олар бір-бірімен түрдің көптүрлілігімен де, биомассамен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, шөл-шөлейтті, тундра биоценоздары жай биоценоздар қатарына жатады, ал орман, орманды дала, тропикалық биоценоздары күрделі биоценоздар болып есептеледі.
Су биоценоздары құрлықпен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Ол көбінесе су жүйесінде құрлықтағыдай атмосфера мен топырақтың болмауы, әрі жетекші факторлардың (жарық, температура, қорек, қысым, оттегі, т. б) бірегей болмауы үлкен роль атқаратыны белгілі.
1. 3 Табиғаттағы биоалуантүрлілікті сақтап қалу жолдары
Жер бетінің өсмідіктерден тұратын жамылғылары азайған сайын топыраққа су аз жиналып, жауын-шашын да аз түседі. Тропикалық ылғалды орманның әр гектарынан жылына 1400 мм су буға айналса, сол ендікте орналасқан мұхиттан қашықтығы бірдей даланың әр гектарынан болғаны: 1000 мм су буланады. Судың бірқалыпты айналуына жер бетіндегі өсімдіктердің маңызы өте зор. Сонымен қатар көміртегі өсіміктердің құрамында болады. Ауадағы көмірқышқыл газы өсімдіктердің тез өсуіне, мол өнім беруіне зор әсер етеді. Сол себепті бақшалар, парниктерде қыс айларының өзінде көкөністер пен гүлдер өсіріп, табыс табады. Өсімдіктердің азот айналымы кезінде азотты нитрат (N03) және (N02) түрінде пайдаланып, қоректік тізбек арқылы адамдарға, жануарларға береді.
Қазірігі уақытта әлемде жүзден аса халықаралақ бірлестіктер қоршаған ортаны сақтап қалу проблемаларымен айналысады. Солардың ішінде ең беделдісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) .
БҰҰ қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Бұл маңызды конференцияда 114 елдің басшысы мен 178 елдің дипломаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды. Осы конференцияда қоршаған ортаның проблемалары мен дамуын бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайтыны атап көрсетілді, елдің экологиялық, кедейлік және даму деңгейінің бір-бірімен байланыстылығы айтылды, сол сияқты әлемдік қоғамдастықтың ХХІ ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігі жайлы шешім қабылданды.
Осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданды:
1. "Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио декларациясы".
2. "21 ғасыр күн тәртібі".
3. "Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы Өтініш".
4. "Климатттың өзгеру проблемаларының Конвенциясы".
5. "Биоәртүрлілік Конвенциясы".
Осы конференцияда қабылданған құжаттардың ең маңыздыларының бірі - "21 ғасыр күн тәртібі". Бұл жалаңаштық пен аштықты жеңу, қоғамның табиғатты қорғаудағы ролі, т. б. осылар сияқты 100-ден аса ғаламдық мәселелерді қамтыған программалардан құралған. "Күн тәртібінде…" барлық елдердің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін бағыттамалар айқындалды.
Нью-Йоркте 1972 ж. өткен БҰҰ-ның Генералдық ассамблеясында тұрақты даму стратегиясының орындалу жағдайларына талдау жүргізіліп, мына мәселелердің әлі шешімін таппағаны көрсетілді [5] :
-аштық пен жалаңаштықты құрту бағытында;
-дамыған және дамушы елдеріндегі өмір сүру деңгейінің ара-қашықтығын жақындату;
-ғаламдық масштабта қоршаған ортаға түсетін антропогендік қысымды азайту жолдары мен әдістерін табу.
Адамзаттың алдағы онжылдықтағы бірінші рет тік назар аударатын маңызды проблемалары: таза ауыз су, энергетика, көлік пен қоршаған орта, орман, әлемдік мұхит мәселелері көрсетілді. Негізігі кешенді (комплексті) мәселе болып аштықты құрту, өндіру мен қолдану арасындағы қалыптасқан құрылымды өзгерту айтылды.
Қазіргі уақытта адамзатты тек қана аштық мәселесі ғана емес, сондай-ақ, табиғи ресурстарының ластану мәселелері қиналтып отыр. Бірақ, бұл фактор халық санының өсуіне әсер етіп отырған жоқ.
Табиғи ресурстар деп материалды өндірістің барлық сұраныстарын (минералды, жерлік, ормандық, сулық ресурстар) қанағаттандыруға қолданылатын барлық табиғи байлықты айтамыз. Табиғи ресурстармен қатар табиғи жағдайларды да қарастырады.
Қазіргі даму жағдайында табиғат барлық ресурстардың кені - өндірістік (өнеркәсіптік шикізат пен энергия), ауыл шаруашылық, денсаулықтық және рекрациондық, эстетикалық және ғылымдық, аймақтық және экологиялық ретінде қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz