Төменгі визейлік кенішінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
:
Кіріспе . . .: «Амангелді» газ кен орны жайлы жалпы мағлұмат . . .
:
:
Кіріспе . . .: Геологиялық бөлім . . .
:
: 1.
Кіріспе . . .: Кен орнының геологиялық құрылымына сипаттама . . .
:
: 1. 1.
Кіріспе . . .: Өндірістің болашағы дамуы және қысқаша сипаттамасы . . .
:
: 1. 2.
Кіріспе . . .: Газдылығы . . .
:
: 1. 3.
Кіріспе . . .: Кен орнының сипаттамасы . . .
:
: 1. 4.
Кіріспе . . .: Төменгі визалық горизонттың өнімділігі . . .
:
: 1. 5.
Кіріспе . . .: Газдың және конденсаттың қоры . . .
:
: 1. 6.
Кіріспе . . .: Газ және газдыконденсаттың сипаттамалары . . .
:
:
Кіріспе . . .: Технологиялық бөлім . . .
:
: 2.
Кіріспе . . .: Көлденең бағытталған ұңғыманың құрылыс жобасы . . .
:
: 2. 1.
Кіріспе . . .: Ұңғы конструкциясы . . .
:
: 2. 2.
Кіріспе . . .: Ұңғы оқпанының профилі . . .
:
: 2. 2. 1.
Кіріспе . . .: Көлденең бағытталған ұңғыманың параметрлері және есебі . . .
:
: 2. 3.
Кіріспе . . .: Ұңғыны тереңдету . . .
:
: 2. 4.
Кіріспе . . .: Бұрғылау сұйығы . . .
:
: 2. 5.
Кіріспе . . .: Бекіту . . .
:
: 2. 5. 1.
Кіріспе . . .: Шеген тізбектері . . .
:
: 2. 5. 2.
Кіріспе . . .: Шеген тізбектерін цементтеу . . .
:
: 2. 5. 3.
Кіріспе . . .: Ұңғы сағасының жабдықтары . . .
:
: 2. 6.
Кіріспе . . .: Ұңғыны тексеру . . .
:
: 2. 7.
Кіріспе . . .: Дефектоскопия және пресстеу . . .
:
: 3.
Кіріспе . . .: Техника - экономикалық бөлімі . . .
:
: 4.
Кіріспе . . .:

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау . . .

:
: 4. 1.
Кіріспе . . .:

Еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері . . .

:
: 4. 2.
Кіріспе . . .: Өндірістік санитария . . .
:
: 4. 3.
Кіріспе . . .: Техника қауіпсіздігі . . .
:
: 4. 4.
Кіріспе . . .: Өрт қауіпсіздігі . . .
:
: 4. 5.
Кіріспе . . .:

Нысанның төтенше жағдайларға тұрақтылығы . . .

:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
:
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер . . .
:

Кіріспе

20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың басы Қазақстан мұнай газ саласы үшін Шу - Сарысу өңіріндегі Амангелді газконденсат кенішіндегі ұңғыларды бұрғылау жұмыстарының басталуымен есте қалды. Кеңес Одағы кезіндегі 80 - ші жылдары барлау жұмыстарының нәтижесінде жер қойнауына орасан зор мөлшері бар деп болжам жасалынғанмен, тәуекел етіп оны ашу жұмыстарына ешкім бел байлап кірісе қоймады. Айбатын әлем мойындаған, энергетикалық өндіріс саласындағы жетістіктері көңіл көншітетін Кеңес Одағы қабырғасы сетінеп, одан 15 мемлекет өз тәуелсіздігін жариялады. Бұрындары Одақ құрамында болғанда Республика қажетті тұтынатын газ мөлшерін көрші өзбек, түркімен, ресейлік көршілерімізден белгіленген тариф бойынша алып отырсақ, әрқайсысы өз егемендігін алғаннан кейін соларға қарай жалтақтайтын болдық. Бірде газ жабдықтары мен құбырларының ескіргенін, тағы бірде әлемдік саудадағы мұнай бағасының өскенін желеу етіп газдың әрбір текше метріне деген құны жылдам өсе бастады. Міне осындай қиын - қыстау жағдайда Қазақстан тығырықтан шығудың басқа жолын, яғни экономикалық тұрғыдан алғанда тиімді түрін іздестіре бастады. Алғашқы жобада газды оңтүстік өңірлерге еліміздің Батыс аймақтары арқылы жеткізу қарастырылды. Жетістігі болып өзімізде өндірілетін газ ішкі тұтынысқа берілетін болса, ал кемшіліктеріне біріншіден, Батыс пен Оңтүстік - Шығысты байланыстыратын газ құбырының болмауы, екіншіден сол газды өндірудегі үлесі бар шетелдік және отандық кәсіпорындардың өнімді ішкі сұранысқа арзан бағаға бергеннен гөрі, сыртқы жоғары бағамен сатуы тиімді болды.

Міне осы тұста Жамбыл облысындағы Амангелді газконденсат кеніші еске алынды. Қайтадан барлау экспедициялары құрылып, қордың мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізіле бастады. Жер қойнауын барлаушылардың деректері бойынша қабаттағы анықталған газ көлемі Республикамыздың Оңтүстік, Оңтүстік - Шығысында орналасқан үш облысты кемінде газбен 15 - 20 жылға қамтамасыз етуге болатынын анықтап берді.

1999 жылы Үкімет шешім жасап Амангелді газконденсатты кенорнында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жұмыс басталып та кетті.

Кезінде Американдық компаниясы бастаған бұрғылау жұмыстарын, қазіргі кезде «КазБургаз» кәсіпорындары жалғастыруда. Кен орнының бас мердігері болып саналатын ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 5 ұңғы толығымен қазылып бітіп, пайдалануға берілген. Кен орнымен Тараз қаласы арасында ұзындығы 195 шақырымдық құбыр желісін тарту жұмыстары толығымен бітірілгенн кен орнына газды жинау, тасымалдауға дайындау қондырғылары орнатылған. Нәтижесінде газ қазіргі уақытта тазаланып қала мен облыстың кейбір аудандарына тұтынуға беріле бастады. Осы жүргізілген шаралардың арқасында бір текшеметр газдың құны 11 тенге 50 тиыннан 7 тенге 30 тиынға дейін арзандады. Ал кенорны толық қуатымен жұмыс істеген жағдайда бұл көрсеткіш әлі де азаятыны белгілі.

Сонау 1997 жылы Амангелді газы жайлы алып - қашпа сөздер туындай бастаған шақта, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің шешімімен қазіргі М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде мұнай және газ мамандықтары бойынша білімгерлер қабылдана бастады. Бұл көрегендіктің арқасында қазіргі кезде Амангелді газ кенорнындағы қажетті мамандардың орнын осы аталған университеттің алғашқы түлектері толтыруда.

Амангелді газконденсаты кен орны өзіне тиесілі жұмыстарды атқарып тұр. Мәселен, Амангелді кенорны толық қуатымен жұмыс істеп, жоғарыда аталған үш облысты да газбен қамтамасыз етіп тұр деп есептейік. Бізге белгілісі газды өндіру процесі бір қалыпты жүріп отырады да, ал онымен тұтыну процесі жыл мерзіміне байланысты өте үлкен шекте азайып немесе көбейіп отырады. Сондықтан жазғы мезгілде, яғни газды тұтыну мөлшері азайған кезде қысқы маусымға арнап газ өнімінің қажетті қорын жинап алу мәселесі туындайды. Бұл мәселенің тиімді шешімі - табиғи газды сұйықтатып арнайы қоймаларда сақтау. Сұйытылған табиғи газ көлік қозғалтқыштары үшін жанар - жағар майда бола алады. Бұның тиімділігі машинаның қуаттылығы сол қалпында қалып, ал қоршаған ортаны зиянды заттармен ластауды азайтады.

Кен орны жайлы жалпы мағлұмат

«Амангелді» кенішінің сынақ-өндірістік пайдалану жобасы «КазТрансГаз»- дың техникалық тапсырмасы негізінде орындалған. «Амангелді» кенішінің өңдеуге бepілyi, дәл қазір энергиямен қамтамасыздандырудан тапшылық көріп отырған Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын газбен қамтамасыз ету мәселесін біршама шешуде. Жоба Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің жер қойнауы және жер қойнауын қолдану туралы үкіміне қоршаған ортаны қорғау туралы заңы талаптарына сәйкес орындалған.

«Амангелді» кен орны Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Мойынкұм ауданына қарасты, Тараз қаласынан солтүстікке 170 км-де орналасқан.

Ол 1975 жылы ашылған. Алғашқы ашылған болып, өндірістік газ ағыны төменгі визей горизонтынан алынған, 1 ұңғыма саналады, ол құрылымның жоғарғы бөлігінде бұрғыланған.

«Амангелді» кенішінде 17 ұңғы бұрғыланған, оның 11 іздеу, 6 барлау ұңғылары, өзінің геологиялық тағайындалуын opындаған 6 ұңғы (7, 10, 13, 14, 15, 17) жойылған, қалған ұңғылар тоқтатылып қойылған.

«Амангелді» құрылымының шектерінде жоғарғы девон, карбон, перм шөгінділері ашылған, олар бұрыштық келісусіз мезокайнозойлық жыныстармен жабылған, қалыңдықтары 400 м дейін.

«Амангелді» кен орны Шу-Сарысу депрессиясының Мойынкұм ойпатының Миштин ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан тас құрылымға тураланған.

«Амангелді» құрылымы солтүстік-шығыс жазылымында жатқан сынақ брахиантиклинальды көрсетеді.

Оңтүстік - шығыс құрылымды шектейтін сынық тірек горизонттардан шөгінділердің корреляциясын жоғалту зонасы ретінде сейсмобарлаумен жазылып алынған, ол бұрғылаумен дәлелденген.

«Амангелді» кенішінде турней, төмегі визей, серпухтік және теменгі пермдік шөгінділердің газ бергіштігі анықталган, сонымен қоса мемлекеттік қор балансында тек теменгі визей жэне теменгі перм шөгінділері ғана барланған және есепке алынған, кейінгісінің құрамында 80 % азот және 19 % төмен көмірқышқыл газы болатындықтан осы жобада тек төменгі визей өнімді горизонтында ғана құрылымы газ конденсат шоғыры қарастырылған.

Төменгі визей горизонтының шектерінде үш қорап А, Б және В орналасқан. А қорабының төрт қабат коллекторы ауданы бойынша төзімделмеген, жиі құмды жыныстармен ауыстырылады. Қабат араларында, 3 және 4 қабаттарды ескермегенде, байланыс байқалмайды. Тиімді газ беру қалыңдығы 0, 8-ден (1 ұңғы) 7, 8 м -ге дейін (5 ұңғы) езгереді және орташа 4, 3 м - ге тең.

Б қорабында 2 қабат коллектор бөлінеді, олар өзара бipiгіп ортақ резервуар жасайды. Тиімді газ беру қалыңдығы 0, 8 м - ден (8 ұңғы) 4, 0 м - ге дейін (1 ұңғы) түрленеді.

Ең төзімделген болып В қорабы саналады, оның көлемінде 4 қабат байқалады, оларды жоғарғы бipiгy коэффициенттінде орта резервуар ретінде қарастыруға болады. Тиімді газ беру қалыңдығы 1, 8 - ден 19, 0 м (5 ұңғы) дейін түрленеді және орташа 11, 1 м құрайды.

Төменгі визей горизонтында коллекторлар болып нашар цементтелген орта және мавйда түйіршікті құмтас, алевритистілер және алевролиттер, минералогиялық, құрамы бойынша негізінде кварц-дала шпаты табылады. Сынған материалдар жақсы сортталған. Цемент (5-20 %) карбонатты - сазды, сазды, жиі регенерациялы кварцті. Яғни шоғыр қуысты коллектормен байланысқан, қуыстылықтың, орташа мәні 14, 8 %, орташа өткізгіштік мәні -2, 7*10 -3 мкм 2 құрайды.

Қабаттық газ құрамында 75 % метан, 11 % жоғары этан, 6 % азот және 86 г/м 3 конденсат бар.

Төменгі визей газ конденсатты шоғыры коллекторды даму контуры шегінде бүкіл құрылымы ауданын алып жатыр.

Шоғыр үстінен газ тipeгi болып, орта визейдің ярус астының сазды әктастары табылады.

Газ сулы шекара шоғыр бойынша минус 1972, 0 м - 1987 жылы қалыптасқан - 1938 м. қарсы абсолюттік бағада қабылданған.

Төменгі визей өнімді горизонты бойынша геологиялық газ және конденсат қоры іздеу-барлау жумыстарының нәтижесі бойынша есептеліп, 1981 жылы қараша айында газ 8765 млн. м 3 және 754 мың тонна конденсат көлемінде ГКЗ СССР-re қарастырлуға тапсырылған. Сонымен қатар минималды рентабельді газ дебиті 10 мың м 3 /тәулікке тең болып қабылданған.

ГКЗ-ны бекіту кезінде минималды ендірістік газ шығыны 15 мың м 3 /тэулікті құрайды деп негізделген және қабылданған.

Осыған байлансты газ өнімі төмен ұңғылар орналасқан шоғыр қорының бөлігі бекітілмеді газ беру ауданы 3, 2 есеге қысқартылды. Себебі газ қоры шектелген сызық №16 ұңғы және 5, 2, 1, 6 ұңғыларынан солтүстік-шығысқа 1 км орналасқан, ауданында қабылданған. Тиімді газ беру қалыңдығы есептеуде тек рентабельді газ дебиті интервалы ғана қабылданғандықтан азайып кетті.

Кен орын ауданында жергілікті рельефтің абсолюттік белгіленуі + 350 м - + 360м . Жамбыл қаласына қарай + 600 м-ге дейін жоғарылайды. Жердің барлық созылуы бойынша жазық. Сумен қамтамасыз ету көзі құдықтар мен артизанды шыңыраулар болып табылады. Су деңнейін оның сағасынан 10-20 м тереңдікте жатыр. Палеогеннің сулы қабаты -160-220 м тереңдікте жатыр, судың минералдығы -3-5 г/л, судың дебиті жоғары (80-120 м/тәу) .

Ауданның климаты құрғақ, ыстық жазымен (+40С) және суық (-30 С) аз

Қарлы қысымен бірден континентальды жылыту сезонының ұзақтығы 178 тәулік, 15 қазан - 15 сәуірге дейін. Желдің бағыты солтүтік - батыс.

Геологиялық бөлім

1. Кен орнының геологиялық құрылымына сипаттама

Кен орнын Шу-Сарысу депрессиясының ірі құрылымдық элементін көрсететін Мойынқұм ойпатының батыс бөлігінде орналасқан.

Стратиграфия

Мойынқұм ойпатының құрылымы орта-жоғарғы палеозойдың эпигео-кайназойдың жатқынын аз қуатты чехолымен жабылған (350 м дейін) (жоғары бор, палеоген, неоген-төрттік) қатысуымен көрсетеді. Фундаментіне жататын ерте жыныс эффузивті-түзілген ірі сынған төменгі орта девон болып табылады. Осыда Аманкельді кен орынның 1- ші шыңырауы ашылды.

Жоғары девон

Фаменді ярус тұнба жинауда үзіліспен төмен орта девонды молассада орналасқан 210 м қуатты қызыл түсті құмшық пен гравилеттерді көрсетеді.

Карбон

Туреней ярусы төменгі бөлігінде пестротүсті құмшық алевролиттер орналасқан. Татпа алу кезінде базальды құмнан шыңырау 1- де қабат суының ағыны алынды. Ортаңғы бөлігінде миндал тасты спессафиттерді көрсететін 14-18 м қуатты эффузивті жыныс қабатында жатады. Жоғарғы бөлігі құм қабатымен қою-сұр және пестротүсті аргилиттерді көрсетеді. 16 шыңыраулардың жоғарғы қабаты газды болып табылады ( горизонт ІІІ)

Төменгі карбонның визей жатқыны төменгі, орта визей және жоғарғы визенамюр бөлінуімен мүшеленеді.

Төменгі визейдің ярус асты жалпы қуаты 50-55 м сұр көмір қабаты-мен алевролиттер мен қара-сұр аргилметтерді көрсетеді. Осы жыныстардың қорабы ярус астының жоғарғы бөлігіне үйлескен газды жатқындық төменгі газды тығынын көрсетеді және орналасқан. Төменгі бөлігі аргиллит қабатымен құм, ал жоғарғы бөлігі құмды қабатпен аргиллиттер. 9 газды горизонт ІІ-де мергель мен әктас аз кездеседі. Ярус астының жалпы қуаты 83-92 м.

Орта визейді ярус асты мергель қабатымен әктастың 90% -ті көрсетілген. Қабат жатқыны негізінде ангидрит қүаты 5-12 м. Ортаңғы бөлігінде псамитті текстуралы оометті және сынған әктас қабаттары дамыған. Олар 1, 2, 3 шыңырауларды сынаған кезде қабат суының ағынын береді. Ярус астының қуаты 270-297 м. Жоғары визе-намюр төменгі бөлігі әктас және долмиттерді, ал жоғарғы бөлігі 1, 6, 11 шыңырауларда газ қаныққан коллекторлар горизонтты орнатылған қабат қуаты 167-196 м

Орта - жоғарғы карбон

Карбон бөлігі қызыл түсті орта-жоғарғы бөлімдер қалындығын көрсетеді. Олар құм, алевромиттер және аргилметтердің қабаттануын көрсетеді. Кейбір құм горизонттары су қаныққан коллекторларды көрсетеді. Қабат қуаты 309-385 м

Пермь

Төменгі бөлімнің тұз асты қабаты құм және алевромиттер қабатымен қызыл түсті аргиллиттермен күрделенген. Соңғысы азот-көмірсутекті газ жатқынын құрайтын коллекторларды көрсетеді. Жоғары жатқан тұз қабатының өтуі тұздалған аргиллиттер арқылы жайлап өтеді. Тұз асты қабаттың қуаты құрылым қанатында 180-413м дейін тұздардың фациальды орналасу есебімен өзгереді.

Тұзды қабат құмы аз, алевриттер, аргилиттердің қызыл түсті теригенді жыныстарымен ластанған тас тұзының қабатталған қабаттарымен тұрады. Қуаты 305-543 м-ге дейін өзгереді.

Тұз үсті қабаты негізінде базальт майда түйіршікті құмды алевролиттермен, қызыл түсті аргиллиттерді көрсетеді. Қуаты 207-304 м.

Мезозой-кайнозой

Төменгі бөліктің мезо - кайназой плат формасы чехолы құм, құмшық, жоғарғы бор гравелиттері мен эоцен, ал жоғарғы бөлігі су-құм үсті жатқында жоғарғы су тығыздығын көрсететін алигоцен саздары қалыптасқан. Жалпы қуаты 264-381м. Төменгі карбон және девон жатқыны үшін солтүстікке солтүс-тік батыстан қуаты жоғарылайды. Ойпаттың солтүстік бөлігінің қуаты 2000 м.

1. 1. Өндірістің болашағы дамуы және қысқаша сипаттамасы

Амангелді кен орны Қазақстан республикасының Мойынқұм ауданында Тараз қаласынан 190 км солтүстікке қарай географиялық орналасуы бойынша Үлкен Қаратаудың бір бұтағы болып табылатын Кіші қаратаудың тауға дейінгі тегістігі оңтүстік батыс жағынан келіп түйіскен Шу, Талас өзендерінің аралығында қарастырылып отырған аудан Мойынқұм құмдарының оңтүстік батыс жағында орналасқан. Географиялық қатынастарда Мойынқұмның төбелік құмдары түрінде солтүстік - батыс бағытында20 метрге дейін салыстырмалы биіктікте көтерілуінде. Құм шекаралары оңтүстікте және оңтүстік - шығыста солтүстік - батыс жазықтыққа ұласады. Оның ұзына бойында Талас өзені ағып жатыр. Бұл бөліктерде ауылшаруашылық мал базары және үйлері салынған. Амангелді кен орны аумағында тұрғылықты халық сирек. Ең жақын елді мекен Талас өзенінің оңтүстік бетіндегі 70 километрдегі Ұныс поселкесі. Тұрғылықты халықтың айналысатын ісі мал өсіру отын базасы кен орны аумағында жоқ. Отын есебінде тасып алып келінген көмір, сексеуіл қолданылады. Сумен жабдықтау көздері негізінен тереңдігі 10-20 м деңгейдегі тереңдіктегі құдықтар мен ұңғылар болып табылыды. Амангелді кен орны аумағы арқылы оңтүстік - шығыстан солтүстік батысқа қарай аудан мағынасындағы электр берудің жоғарғы вольттік жүйесі (ЛЭП - 110 кв) өтеді.

Аудан ауа - райы шұғыл - континенталды. Жазы құрғақ, ыстық (+40 0 С дейін) және қысы суық (-30 0 С дейін) аз қарлы. Қыс маусымының салыстырмалы ұзақтығы 178 тәулік (15 қазаннан 15 маусым айына дейін) .

Солтүстік - шығыс бағытындағы желдер көбірек болады және күштірек. Құрылыс алаңы Қазақстан Республикасының және СНГ-нің қалаларымен және елді мекендерімен облыстық орталық Тараз қаласымен Ақкөл, Уюк және Уланбель елді мекендерімен автомобиль жолдары арқылы: Алматы - Шымкент темір жолымен және әуе жолы көмегімен байланысқан. Бұл жоба арқылы газ жинау сұрақтары және Амангелді кен орындарындағы ЦУПП - де газ дайындау технологиясы қарастырылады. Барлық технологиялық шешімдер Қазақстан республикасының стандарттары мен тәртіптерімен және нормаларына сәйкес жасалған және бұл жобада қабылданған. Амангелді кен орны 1995 жылы ашылған. Өндірістік газдың төменгі визелск горизонтынан ең жоғарғы жағынан бұрғыланған №1 ұңғы ең бірінші газ бар екенін анықтаған. Одан кейінгі уақыт аралығында Амангелді газ кен орнында 17 ұңғы бұрғыланды, оның ішінде 11 іздену, 6 барлау ұңғылары. 6 ұңғы өзінің геологиялық алға қойған мақсатын орындағаннан кейін жойылған, қалған ұңғылар консервацияда тұр.

Ортаңғы іргетастың жоғарғы жағындағы стратиграфикалық келісімде жоқ және жойылатын болып орналасқан пермь, карбон және девон құрылымдағы карбонаттар, галогендер, терригендер түрінде берілген.

Жоғарғы - көпшілігінде теңіздік және континенталды терригендік жыныстардың кене - борлық, полеогендік, неогендік және ширектік жастарынан жасалған.

1. 2. Газдылығы

Шу - Сарысу ойпатының өндірістік газдылығы 1961 жылы Үшарал - Кемпіртөбе азотты-гелилі газды кен орны ашылуымен дәлелденген. Одан кейін 1967 жылы «Құмырлы» ыстық газды кен орны ашылған. 1970 жылдан 1975 жыл аралығында Солтүстік Үшарал, Айрақты, Придорожная және Амангелді кен орындары, 1976 жылы - Орталық және де соңынан 1980 жылы - Анабай кен орындары ашылған. Придорожная және Орталық кен орындары ойпаттың батыс бөлігінде орналасқан, ол қалғандары орталық - шығыс бөлігінде.

Газ кеніштері негізінен төменгі тас көмірлі (визейлік және турнейлік ярустары) және төменгі пермі шөгінділерінде анықталған. Бірақта сонымен қатар, «Орталық» кен орнында кеніштердің біреуі іргетас эрозиондық бөлінуде және «Придорожная» кен орнында каменск және серновуск шөгінділерінде газ кеніштері анықталған. Кен орындарының атауы да 20 - 30 жылдан бері консервацияда тұр. Оның біреуі де пайдаланылмаған.

1. 3. Кен орнының сипаттамасы

Кен орны 1975 жылы ашылған. Құрылымдағы орналасқан кен орны сыну алдындағы брахнантисыналы бүрмеленген солтүстік - шығысқа қарай созылып жатыр. Сыну құрылымды шығыстан және оңтүстік - шығыстан шектейді. Төменгі виза өлшемдері күмбез бойынша 15х7 км, ал ампилтудасы - 280 м. төменгі пермі өнімді қалыңдық күмбезінде амплитуда бүрмесі 400 метрге дейін ұлғаяды. 1975-1976 жылдардағы тереңдеп ізденіс бұрғылаулары. МОБТ сейсмобарлау мағлұматтары негізінде жүргізілуде. Бұл көрсетілген уақыт аралығында барлығы 11 іздену ұңғылары (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14) және 6 барлау ұңғылары бұрғыланды (6-р, 11-р, 16-р, 15-р, 17-р, 18-р) . Осындай түрмен кен орындарында 17 ұңғы бұрғыланған, оның ішінде төменгі визей шөгінділерінен газ алынған 10 ұңғы және су алынған 1 ұңғы консервацияға кіргізілген.

Сораптық - компрессорлық құбыр тек қана 16 - р ұңғысына түсірілген. 4 ұңғы (7, 13, 15, 17) жойылған. Екі ұңғы (10 және 14) кен орынның аумағының сырт жағында бұрғыланған болып шықты.

1998 жылғы қорларды есептеген есеп берулерде келтірілген мағлұматтар бойынша пайдалану ұңғысы есебінде 5 барлау ұңғысын (1, 2, 4, 5, 6) қолдануға болады. Кен орынның газдылығы жоғары турнелік, төменгі визейлік, төменгі серпуховалық және төменгі пермдік шөгінділермен тығыз байланысты. Сонымен қатар қор бойынша есептеулерде тек қана төменгі визейлік және төменгі пермдік шөгінділердегі газ кеніштері қоры есепке алынған, ал басқа кеніштер әлі толық барланбаған. Төменгі пермдегі сульфатты галогенді терригенді шөгінділердегі кеніштер метологиялық қоршалған қабатқа жатады.

Кеніш тереңдігі күмбезден 850 метрді құрайды. Газ - су қатынасы - 782 м деңгейде қабылданған. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы - 270 метр орташа тиімді қалыңдық - 28, 5 метр. Газ қаныққан құмшауыт және алевролиттер кеуекті, сызатты - кеуекті және кеуекті-сызатты түр коллектор-лары түрінде болып, оның ашық кеуектілігі 15% және өткізгіштігі 0, 14 мкм 2 .

Газға қанығу коэффициентті - 0, 75. бастапқы қабат қысымы - 13, 2 МПа. Ең жоғарғы мәндегі шығым 15, 9 мм шамба арқылы тәулігіне 182, 9 мың. м 3 . Кеніштің жабуы есебінде кунгур жасындағы терригенді - гологенді шөгінділер қызмет етеді. Оның қалыңдығы 500 метрге дейін.

Төменгі визейліктегі газ кеніші 2053-2385 тереңдік аралығында орналасқан. Оның биіктігі қабылданған газ - су қатынасының деңгейіндегі - (1972м) қалыңдығы - 252 метр. Бұл кезде ГВК (ГСҚ) жағдайындағы кеніш ауданы 49915 мың м 2 (4991га) . Кеніш түрі - қабатты, күмбезді. Өнімді горизонт құмшауыт, алевролит және аргилит қабаттамалары ауысып келетін түрде көрсетілген, жалпы қалыңдығы 46 - 57 метр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Амангелді газ кен орны
Ұңғы оқпанының профилі
Газ және газды конденсаттың сипаттамалары
Кен орны туралы жалпы мағлұматтар
ЖАҢАЖОЛ КЕНОРНЫ
Жаман-Айбат мыс кен орнын тиянақты барлау мақсатымен бұрғылау жұмыстарын жобалау
Жaңaжол кен оpнын геологиялық жобалау
Көмір қышқыл газы
Каспий теңізінің солтүстік акваториясын сейсмобарлаумен зерттеу
Жаңажол кен орнын игеру сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz