Аяқ киім бөлшектерінің құрылымы


Мазмұны
Түйін . . . 4
Кіріспе . . . 5
1 Техникалық-экономикалық негіздеме . . . 8
2 Жобаланатын объектінің ассортиментін таңдап, негіздеу . . . 13
2. 1 Модельдің конструктивтік ерекшелігі . . . 13
2. 2 Бұйымның үстіңгі бөлшектерінің сызбаларын жасау . . . 17
2. 2. 1 Ерлердің қысқа қонышты етіктерінің үстінің конструктивті негізін жобалау . . . 17
2. 2. 2 Балтырдың орталықтандырылған жазбасын жасау . . . 17
2. 2. 3. ҚШЖ және БОЖ-ды координаттар осіне енгізіп, базистық, көмекші және бақылау түзулерін жүргізу . . . 18
2. 2. 4 Астар бөлшектерінің контурын сызу . . . 20
2. 2. 5 Астараралық бөлшектердің контурын сызу . . . 21
2. 3 Бұйымның астыңғы бөлшектерінің сызбаларын жасау . . . 22
2. 3. 1 Негізгі ұлтарақтың контурын сызу . . . 22
2. 3. 2 Қалыпталған ұлтанды жобалау . . . 23
2. 3. 3 Ұлтанның ішкі контурын жобалау . . . 23
2. 3. 4 Қалыптанған ұлтаның ішкі жағының көрінісін жобалау . . . 28
2. 3. 5 Ұлтанның жүретін беті бойынша жобалау . . . 28
2. 3. 6 Ұлтанның көлденең тілігі мен қимасын жобалау . . . 28
2. 3. 7 Қатты өкше сірісінің контурын сызу . . . 28
2. 3. 8 Тұмсық сірісінің контурын жобалау . . . 29
2. 3. 9 Салмалы ұлтарақ контурын сызу . . . 29
2. 3. 10 Тегістегіш контурын сызу . . . 30
2. 4 Модельдің материал сыйымдылығын есептеу . . . 30
2. 4. 1 Аяқ киімнің материал сыйымдылығын анықтау . . . 30
2. 5 Модельдің еңбек сыйымдылығын анықтау . . . 32
2. 5. 1 Аяқ киім жоғарысының дайындамасын жасауға қажетті машина уақытын есептеу . . . 32
3 Жобаланатын объектінің технологиялық процессін жасау . . . 36
3. 1 Аяқ киімге арналған материалдарды таңдауды негіздеу . . . 37
3. 1. 1 Аяқ киім жоғарысына арналған материалдарды таңдап, негіздеу . . . 37
3. 1. 2 Аяқ киім астына арналған материалдарды таңдап, негіздеу . . . 39
3. 2 Бұйым жоғарысының дайындамасын жинаудың технологиялық процессін жасау . . . 40
3. 2. 1 Ерлер етігінің дайындамасын жинау схемасы . . . 42
3. 3 Бөлшектерді алдын-ала өңдеу режимдерін таңдау . . . 43
3. 3. 1 Аяқ киім үсті бөлшектерінің көрінетін шетін өңдеу . . . 43
3. 3. 2 Тігін операцияларының нормативтері . . . 45
3. 4 Бұйымды жинаудың технологиялық процессін жасау . . . 46
3. 4. 1 Ерлер етігінің жинау схемасы . . . 49
3. 5 Дайындаманы қалыптау процессін жасау . . . 50
3. 6 Аяқ-киім астын біріктіру әдісін таңдау . . . 52
3. 7 Бұйымды өңдеу әдісін таңдау . . . 54
3. 8 Бұйымды жинайтын ағымдардың оптимальды қуатын анықтау және жұмысшы күші мен жабдықтарды есептеу . . . 55
3. 9 Негізгі және қосымша материалдардың қажеттілігін есептеу . . . 56
3. 9. 1 Негізгі материалдардың қажеттілігін есептеу . . . 56
3. 9. 2 Қосымша материалдардың қажеттілігін есептеу . . . 58
3. 10 Жобаның технико - экономикалық көрсеткіштері . . . 60
4 Еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясы бөлімі . . . 61
4. 1 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері . . . 61
4. 2 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 61
4. 3 Қауіпсіздік техникасы . . . 62
4. 4Өрт қауіпсіздігі . . . 63
Қорытынды . . . 65
Әдебиеттер . . . 66
Қосымшалар . . . 68
Түйін
Дипломдық жоба қалыптанған полиуретан ұлтаны желімдеу әдісі арқылы дайындамаға біріктірілген әйелдердің мокасин туфлиінің өндірісіне арналған техникалық құжаттарды жасауға бағытталған.
Түсініктеме жазба кіріспеден, технико-экономикалық негіздемеден; жобаланатын объектінің ассортиментін таңдап, негіздеу; жобаланатын объектінің технологиялық процессін жасау ; еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясы бөлімдерінен; қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде Қазақстандағы жеңіл өнеркәсібінің соның ішінде аяқ киім өндірісінің қазіргі кездегі жағдайы, сонымен қатар дағдарыс кезіндегі даму жолдары көрсетілген.
Технико - экономикалық негіздемеде өндірілетін мәселенің теоретикалық аспекті, соның ішіндегі шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттігі баяндалған. Жобаның конструкторлық және технологиялық бөлімдерінде ерлерге арналған жартылай етікті конструкциялау және оны шығаратын өндірістің толық техникалық құжаттары жасалған.
Еңбек қорғау және өндірістік экология бөлімінде бұйымды шығаратын өндірістегі қауіпті және потенциалды зиянды факторларының жұмысшыларға тигізетін әсерлері туралы және оларды болдырмау шаралары қарастырылған. Түсініктеме 80 беттен, соның ішінде 21кесте, 8 сурет, 32 қолданылған әдебиеттерден тұрады. Графикалық бөлім 6 беттен тұрады.
Резюме
Дипломный проект направлен на разработку технической документации для производства женских туфель мокасин клеевого метода крепления на формованной подошве из полиуретана.
Пояснительная записка состоит из введения, технико - экономического обоснования, выбора и обоснования ассортимента объекта проектирования, разработки технологического процесса объекта проектирования, раздела охраны труда и промышленная экология и списка использованной литературы. В введении было отмечено состояние легкой промышленности в Казахстане в настоящие время, а также пути развития в период кризиса.
В технико-экономическом обосновании изложены теоретические аспекты разрабатываемой проблемы, а именно конкурентоспособность выпускаемой продукции. В разделе охраны труда и промышленная экология содержится анализ потенциальных вредных факторов обувного производства и обоснование рекомендуемых мер для обеспечения здоровых и безопасных условий труда. Пояснительная записка включает 80 страницы, в том числе 21 таблиц, 8 рисунков, 32 использованных литературных источников. Графическая часть представлена 6 листами.
Кіріспе
Аяқ киім біздің өмірде маңызды орын алады. Себебі, адам өз уақытысының көбісін өндірісте, көлікте және әртүрлі оқу, мәдениет, әкімшілік мекемелерінде өткізеді. Осыған орай, ол ыңғайлы болуымен қатар дымқылданбайтын және сәнді болуы тиіс. Сол аяқ киімдерді жасайтын былғары шикізаты Қазақстанның мақтанышы және өте кең тараған шикізаттардың бірі болған. Ол, аяқ-киім, былғары-галантереялық, ер-тұрман бұйымдарын және т. б. халық тұтынатын тауарлар жасау үшін кеңінен пайдаланылып келді.
Қазіргі кезде, былғары-аяқ-киім өндіріс саласы зор қиыншылықтарды басынан кешіп отыр. 1990 жылдың басынан бастап Қазақстанның былғары аяқ-киім өнеркәсібінде өндіріс едәуір күрт түсе бастады. Бұл ішкі инфраструктураның дамымауына, саладағы айналу қаржыларының жоқтығына және дүние жүзілік нарықта бізде конкуренттік тәжрибенің жоқтығына байланысты болды. Сонымен қатар, Республиканың жеңіл өнеркәсібін дамытуға қажетті инвестициялар көлемі барған сайын азая түсті.
Біздің Республика шикізат ресурстарын шығаратын және дайын өнеркәсіп бұйымдарын тұтынатын ел ретінде халықаралық еңбек бөлу процессіне бірте-бірте тартылып жатыр. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары конкуренцияға төзімді болу үшін, нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін, шетелдерден келетін тауарларға шектеу енгізу керек немесе ол тауарларға баж салығын көбейтіп, өзіміздің тауар өндірушілерімізді қорғауымыз қажет.
Республикадағы аяқ киім өнеркәсібі бұрын, жаңа техникамен қамтамасыздандырылған халық шаруашылығының қуатты индустриаландырылған саласы болып еді. Алайда, соңғы жылдары, қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуына байланысты шббұл құлдырай түсуде. Сондықтан, қазіргі қалыптасқан жағдайда аяқ киім өнеркәсібін өзін-өзі қамтамасыз етуге бейімдеу қажет, яғни фабрикаларды отандық шикізаттармен, фурнитуралармен, желімдермен және т. б. да материалдармен жабдықтау мәселелерін шешу қажет. Тұтынушылардың сұранысына байланысты, аяқ киім ассортиментін тез өзгерте алатын шағын кәсіпорындардың жүйесін дамыту қажет. Қазіргі кезде аяқ киім шығаруды ұлғайту тек, ұйымдастыруды жақсарту, өндірістік қуатты тиімді пайдалану, кәсіпорындарды реконструкциялау және техникамен қайтажарақтандыру, технологиялық процесстерді жетілдіру, шикізаттар мен материалдардың жаңа түрлерін пайдалану өнімнің материал сыйымдылығын азайтып, ресурстарды пайдалануды үнемдеу арқылы шешіледі.
Аяқ киім өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық прогресстің базасын құру үшін микропроцессорларды қолдана отыра автоматтандырылған жүйелерді енгізуді қолға алу, аяқ киім үсті үшін жаңа текстиль және трикотаж материалдарын шығаратын өндірісті ұйымдастыру, үйкеліске төзімді нәлдері бар өкшелерге, аяқ киімдік қалыптарға арналған жеңілдетілген құйма пластмассаларды қолдану технологиясын енгізу, жоғары сапалы аяқ киімдерді шығаруға арналған жаңа бөлшектер мен фурнитураларды шығаруды меңгеру қажет.
Соңғы кезде бүкіл дүние жүзінің және Қазақстанның экономикасы да экономикалық дағдарыстың қиыншылықтарын бастан өткеруде. Өндіріс құлдырай түсуде, келісім - шарттар орындалмауда, ипотекалық кредит беру саясаты өзін-өзі ақтамады, тұрғын үй салу бағдарламасы күйзеліске ұшырады, инфляциялық процесстер тез қарқын алуда, финанс - кредит системасында және ақша айналымында қауіпті жағдайлар туып отыр.
Осыған орай, өзінің 2009 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауын елбасы Н. Ә. Назарбаев « Дағдарыстан - дамуға » деп атады [1] . Н. Ә. Назарбаев дүниежүзілік қаржы дағдарысының шығу себептерін жан-жақты талдады да қазіргі кезде жасалынатын экономикалық шараларды халыққа ұсынды.
Ел басының жолдауында жақын үш жылдағы мемлекеттің комплексті дамуын жоспарлауға, әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған және қиыншылықтарға қарамастан қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жалғасын табады делінген.
Жолдауда президент экономикалық даму саясатының ең маңызды бағыттарын атап көрсетіп, өнеркәсіп салаларының алдына жаңа мақсаттар қойды. Сондықтан 2009 - 2011 жылға дейінгі экономикалық дамудың негізгі бағдарламасы болып ғылыми техникалық процессті түбегейлі жеделдету табылады. Бірінші кезектегі маңызды мақсат болып, халықтың жоғарлап келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін жоғары сапалы және әртүрлі тауарлармен қамтамасыз ету табылады.
Ғылыми-техникалық процесс аяқ киім өндірісінің сипатын едәуір дәрежеде өзгертті. Ірі өндірістік комплекстер құрылды. Олар приципиалды жаңа техникалық және автоматтық түрде операцияларды орындайтын құрал - жабдықтармен жабдықталған. Технологиялық процесстер күрделеніп, операция орындау жылдамдығы өсе түсті.
Халықты өзіміздің отандық тауарлармен қамтамасыз етуде де қиыншылықтар көп кездесуде. Экономика мен өндірістің қозғаушы күші болып табылатын «нарық» іс жүзінде жұмыс істемейді. Осындай жағдайда республикамыздың жеңіл өнеркәсібі, атап айтқанда өнеркәсіптің аяқ киім шығаратын саласы ең ауыр жағдайда қалып қойды, мысалы: жылына 6-млн жұп аяқ киім шығаратын Тараз былғары комбинатының тоқтап тұрғаны бірнеше жыл болды. 4 - 5 мың кәсіби жұмысшылар, инженерлі - техникалық кадрлар жұмыссыз бос қалды. Әлемдік дағдарыс жағдайында жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған.
Республика президенті Н. Ә. Назарбаев - «бұл жағдайдан шығудың бірден-бір жолы - әр түрлі, сапалы отандық бұйымдарды ішкі нарыққа көптен шығару» деп атады [1] .
Қазақстан бұрыннан да тауарларды шеттен әкелетінін ескерсек, онда бұл салаға арнайы көмек қажет, оның дамуына зор көңіл бөліп отандық тауарларды шығару көлемін едәуір ұлғайту қажет. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады : ескіше жұмыс істеуге болмайды, жаңа нарықтық деңгейде жұмыстың приципальді жаңа әдістерін меңгеру қажет, өндірісті көтеру үшін әр түрлі тиімді шараларды қолдану қажет. Бұл шараларды іске асыру үшін әртүрлі бағыттағы шағын кәсіпорындар құрып, оларға әртүрлі деңгейде көмек көрсету керек.
Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен 60-70 жылдары шығарылған сапасыз жабдықтармен жабдықталған. Көптеген фабрикалардағы станоктар 60-80 % моральды және физикалық жағынан тозған. Осыған байланысты мынадай сұрақ туады: неге біз бір жылда тек қана 250 мың жұп аяқ киім шығарамыз. Бұл көрсеткіш бұдан 10 жылдар бұрын 54 млн жұп аяқ киім болған. [2] .
2002 - 2003 жылдарда еліміздегі финанс институттарында еркін қаражаттың пайда болуы, отандық инвесторларға негізгі ірі-ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын сатып алуға мүмкіндік тудырды. Бұл жеңіл өнеркәсіп саласының өте үлкен экспорттық потенциялы бар, оған дәлел болып шетел компанияларының экологиялық таза натурал былғары, тігін бұйымдарын сатып аламыз деген көптеген сұраныстары.
Аяқ киім өндірісіне келсек, халықтың аяқ киімге деген сұранысын толығымен қанағаттандыру үшін оның ассортименті ұлғайтылып, жаңартылуы және аяқ киім шығаратын кәсіпорындарының өнім сапасы айтарлықтай жақсарылуы тиіс. Бұл орайда аяқ киімді жобалауды жетілдіру мәселесінің үлкен маңызы бар. Аяқ киім жобалаудың пайда болу және даму процессін зерттеу бұрынғы қателіктерді болдырмауға іс жүзінде қалыптасып, сонан өткен заңдылықтар мен әдістерді пайдалануға, сондай-ақ жаңа үлгілерді жасауға өнертапқыштықпен келуге мүмкіндік береді.
Бұл мақсаттардың орындалуы аяқ киім өндірісінің тиімділігін жоғарлатумен тікелей байланысты. Соған байланысты біріншіден: жаңа аяқ киімдік материалдар мен аяқ киім және қалыптарды модельдеу және конструкциялауды және жасауды ғылыми техникалық процестің жетістіктеріне сүйене отырып аяқ киімді модельдеу және конструкциялауды жетілдіру.
Кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерімен аяқ киімнің сапасы және ассортиментінің арасындағы тығыз байланыс комплексті жобалауды қажет етеді. Бұл кезде аяқ киімді жасау, аяқ киім үсті мен астына жаңа материалдарды, қалыптарды, өкшелерді қалыптаған бөлшектерді таңдаудан басталып, жаңа аяқ киім түрін шығарып, оны сатумен аяқталады. Бұл жаңа аяқ киім шығарып, жаңа ассортиментті өткізудің арасындағы мерзімді едәуір қысқартады.
Барлық жұртқа мәлім, аяқ киім сапасы оның ыңғайлығына, беріктігіне, гигиеналығына және әдемілігіне тәуелді болады. Сондықтан бұл көрсеткіштер бірінші кезеңде аяқ киім конструкциясымен анықталады.
Орындалған аяқ киім конструкциясының эскизі жобаланып отырған аяқ киім ерекшеліктерін дәл кескіндеуі тиіс: қалып пішінін, өкше биіктігін, үстіңгі және астыңғы бөлшектердің конфигурацияларын, сонымен қатар модельдің бөлшектерінің пропорциясы мен сипаттаушы сызықтарын анықтауы тиіс.
Дипломдық жобаның тапсырмасына сәйкес жобаланатын аяқ киім түрі күнделікті киюге арналған қысқа қонышты әйелдердің мокасин туфлиі. Осы дипломдық жобаны орындау үшін, біз келесі бөлімдерді орындадық: кіріспе, мокасин туфлиінің моделін таңдаудың технико-экономикалық негіздемесі; конструкторлық бөлім; технологиялық бөлім; еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясы; қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.
1 Техникалық-экономикалық негіздеме
« Мокасин туфлиінің техникалық құжаттарын жасау» тақырыбындағы дипломдық жобадағы мокасин туфлиінің моделін таңдап, негіздеу үшін жеңіл өнеркәсіп саласында, соның ішінде аяқ киім өндірісінде қалыптасып отырған жағдайды жан-жақты талдауды қажет етеді. Сондықтан біз, аяқ киім өндірісін конструкторлық-технологиялық қамсыздандыру проблемасы қандай жолдармен жүзеге асырылатынын қарастырдық.
Н. Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасында атап көрсетілгендей ауылшаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне де көп көңіл бөлуді көзделіп отыр. Сонымен біз тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз деген. Және де 2010 жылға дейін бастапқы кезде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлуі керек. Бұл, басымдылық тәртібімен айтатын болсақ - ауылшаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейшілік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе!
Үкімет жеңіл өнеркәсіпке енді ғана көңіл бөліп отыр. Дамыған және дамушы елдердің бәрі жеңіл өнеркәсіпті өркендетуге ерекше көңіл бөліп отыр. Мәселен, Германияда жыл бойы экономикалық түсімнің 6-9 пайызын осы сала құраса, Қытайда бұл көрсеткіш 12 пайыз, ал Үндістанда 14 пайызға жеткен. Аталған елдердің жылдық бюджетінің 30 пайызын осы жеңіл өнеркәсіп құрайды екен.
Тоқыма және тігін саласын өркендетсек, жұрттың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүұмкіндік туады. Сондай-ақ, жер-жерде шикізат өңдейтін цехтар ашып, көптеген адамды жұмыспен қамтуға болар еді. Осыны ескеріп Үкіметтің Оңтүстік өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алғаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл жеңіл өнеркәсіптің дамуына себепші болатын-ақ бастама.
Сонау 1990 жылдары тек жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек еткендердің жалпы саны 220мың болған. Қазір бұл көрсеткіш он есеге дейін азайған. Біз күнделікті қажетті киім-кешек, аяқ киімді Туркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістаннан тасымалдап әуреге түсіп жүрміз. Экономистер есебіне жүгінсек, 2008 жылы сырттан келген жеңіл өнеркәсіп бұйымдары тағы да 10 пайызға артқан. Ал қазіргі оның еселене түскеніне ешкім күмән келтірмейді. Осы ретте импорт көлемінің ұлғаюы мамандарды қатты алаңдатуда. Жағдай осылайша жалғаса беретін болса, еліміздің жеңіл өнеркәсібі әбден тұралуы мүмкін. Сондықтан үкімет жеңіл өнеркәсіпті дамытудың арнайы бағдарламасын жасап (мақта кластерінен басқа да), импортқа белгілі мөлшерде шектеу салуы тиіс. Әйтпесе, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың жойылып кету қаупі төніп тұр.
Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпке аяқ киімнен басқа да тоқыма (трикотаж) саласы жататыны да бізге белгілі. Және де біздің елімізде тоқыма және тігін өнеркәсібіне арналған шикізаттарды өңдейтін Оңтүстік өңірде бірнреше кәсіпорындар да бар. Атап айтар болсақ, «Ютекс» ЖШС- бұл әлемдік стандартқа сәйкес алты түрлі мақта иірім жібін шығарады. Осы кәсіпорыннан трикотаж кездемесіне арналған иірімжіп Ресейге, Балтық елдеріне, Туркияға және Германияға экспортқа шығарылып жатыр.
Жамбыл облысы республикадағы өнеркәсібі жан-жақты дамыған ірі аймақтың бірі болып табылады. Облыста бұрынғы жүнді алғаш өңдеуден өткізетін фабриканың орнына «Жүнді алғаш өңдеу фабрикасы» Оңтүстік кооперативі мен «Казахстан вул процессор» компаниясының филиалы сияқты екі кәсіпорын жұмыс істеуде. Өкінішке орай, қуатты терілер зауыттары бар, жылына 4 млн жұп аяқ киім шығараты қуаты бар «Жамбыл былғары-аяқ киім» ААҚ-ы соңғы бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұр.
Мұндай жағдайдың негізгі себептеріне - тұрғындардың төлеу қабілетіне сұраныстың азаюы, инфляциялық процестердің тереңдеуі, шикізаттың жетіспеуі, негізгі фондтардың тозу дәрежесінің өте жоғары болуы жатады.
Бұл дағдарыстан шығу үшін ұзақ мерзімді ойластырылған бағдарламаларды іске асырып және ірі масштабты алға қойған мақсаттардыңғ комплексін шешу қажет. Бірақ, ең маңызды бағыттың бірі болып ғылыми-техникалық прогресс, интеграциялық байланыстарды дамыту, жаңа прогрессивтік технологияларды, материалдарды және жабдықтарды өндіру болып табылады.
Қазіргі кезде республикада - Алматы, Қостанай, Семей, Ақтау, Тараз және тағы да басқа қалаларда аяқ киім шығаратын кәсіпорындар жұмыс істеп тұр.
Жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындарының бәсекелестігін арттыру үшін тауарөндірушілерді мемлекеттің қолдау жағдайындағана жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар отандық жеңіл өнеркәсіптің мәселелерін шешуге кәсіпорындағы өндіріс пен басқару процесіне инновацилық технологияны ендіру, жеңіл өнеркәсіпке инвестиция көлемін ұлғайту. Инвестициялық қызметті кәсіпорынды ұйымдастырудың барлық деңгейіне енгізу, кәсіпорынға қазігі заманғы технологияны енгізу және кәсіпорынның халықаралық стандарттарға өту процесін белсенді өткізу ғана әсер ете алады. Өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен инновациялық қызметті қолдау да басты назарда болуы тиіс. Осы аталған жағдайлар орындалатын болса, онда отандық тауарөндірушілер салаларын приоритетті несиелермен қамтамасыз ету қажет, сол кезде отандық тауар өндңрушілерді сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Қазақстан бұрыннан да тауарларды шеттен әкелетінін ескерсек, онда бұл салаға арнайы көмек қажет, оның дамуына зор көңіл болып отандық тауарларды шығару көлемін едәір ұлғайту қажет.
Бұдан мынадай қорытындыға келуге болды: ескіше жұмыс істеуге болмайды, жаңа нарықтық деңгейде жұмыстың принципиальді жаңа әдістерін меңгеру қажет. Бұл шараларды іске асыру үшін әртүрлі шағын кәсіпорындар құрып, оларға әр түрлі деңгейде көмек көрсету қажет.
2010 жылға дейінгі экономикалық дамудың негізгі бағдарламасы болып ғылыми-техникалық прогресті түбегейлі жеделдету, ал бірінші кезектегі маңызды мақсат болып, халықтың жоғарлап келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін, жоғары салалы және әр түрлі тауарлармен қамтамасыз ету табылады.
Аяқ киім - адамға эстетикалық және тұтынушы функцияларын беретін, адам аяғын сыртқы әсерлерден қорғап тұратын бұйым. Аяқ киім ассортименті көптеген классификациялық белгілерімен анықталынатын күрделі бұйымдар тобына жатады. Аяқ киім түрі мен конструкциясына байланысты оның бөлшектерінің саны мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін. Аяқ киім үстінің бөлшектері табанның астынан басқа жерлердің бәрін жауып, аяқ киімнің дайындамасын құрайды. Аяқ киім астының бөлшектері табанның плантарлы бетінің астына орналасады.
Аяқ киімнің моделі оның конструкциясын өте терең бөлшектеп даярлау параметрлерімен анықталады, яғни бөлшектердің саны және түрлерімен, олардың конфигурациясы және өз ара біріктіру түрімен, материалдардың, әрлеудің, фурнитуралардың түрлерімен. Сондықтан жобадағы модельді таңдай отыра біз, принципиальды жаңа модельді жасамаймыз, тек бұрын жасалған модельдердің варианттарын қайта қарастырып, модификациялаймыз.
МЕСТ 23251 (Аяқ киім. Терминдер және анықтамалар) сәйкес мокасин туфлиі дегеніміз аяқ киім үсті бөлшектері табан ізін толық немесе жартылай жауып тұратын және овальды ендірмемен қолмен өрілген бау арқылы немесе мокасин тігісімен біріктірілетін бөлшегі бар аяқ киім түрі.
Аяқ киім сапасы оның ыңғайлылығына, беріктігіне, гигиеналылығына, әдемілігіне байланысты екені бәрімізге мәлім. Бұл көрсеткіштердің барлығы ең алдымен аяқ киім конструкциясына тікелей байланысты [3-6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz