Басқа банктерден алынған несиелік операциялар есебін ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ9
1 БАНК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ13
1. 1 Банк клиенттерінің салымдық (депозиттік) операцияларының түсінігі мен түрлері, депозиттік операцияларды дамыту жолдары13
1. 2 Банк қарыздары мен төлеу шарттары21
2 БАНКТЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ29
2. 1 Депозиттік операциялар есебі29
2. 2 Басқа банктерден алынған несиелік операциялар есебін ұйымдастыру32
2. 3 Бағалы қағаздармен банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебі38
3 БАНК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ТАЛДАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫНЫҢ АУДИТІ41
3. 1 Банктерде міндеттемелердің арнайы аудиті мен төлеу шарттары41
3. 2 Банктің төлемқабілеттілігі мен міндеттемелердің құрылымын талдау47
3. 3 Банктің несиеқабілеттілігін талдау53
3. 4 Әлемдегі банктік салымдар мен несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары56
ҚОРЫТЫНДЫ61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР63
А ҚОСЫМШАСЫ65
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2002 жылы қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік БҰҰ конференциясында еліміздің қарқынды дамуы мемлекетті сақтап қалудың басты формуласы деген болатын. Елдің қарқынды дамуының ең негізгі шарты оның экономикалық жүйесінің дұрыс жолға қойылуында. Тұрақты қаржылық жүйе Қазақстан экономикасының құрылуында ең негізгі фактор болып табылады. Қаржылық жүйе құрамына - банктік, сақтандыру, валюталық және басқа да секторлар жатады.
Қазіргі таңдағы қабылданған атқарушы, заң шығарушы билік және Ұлттық банктің банктік секторды қалпына келтіру төмендегі шаралары нәтижесінде негізінен, Қазақстандағы клиентуралық нарықта толық комплексі қызмет көрсете алатын банк жүйесін құру және дамыту туралы мәселелер шешімін тапты. Қабылданған шаралар сондықтан бірге банк қызметінің заң шығарушы және институционалдық негізін жақсартуға мүмкіндік береді. Болашақта банк операциясының көлемі ұлғайғаны сияқты, еліміздің жалпы Ұлттық өнім (ЖҰӨ) - ге қатынасында банк қызметінің негізгі көрсеткіштері де ұлғаяды деп күтілуде. Экономикалық өсу тенденциясын нығайтуда банк секторының даму экономикасының қалыпты секторына (есеп айырысу және несие депозиттік) қызмет көрсетудегі банк операциясын қайта құру арқылы жүзеге асады. Соған байланысты банк жүйесі активінде кәсіпорын құралында, банк ресурстары базасында несие үлесінің көбеюіне әкеледі. Еліміздің тұрақты банк жүйесі ұлттық валюта теңгенің нығаюының соңғы әсері емес. Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы 10 жылдық тәжірибе көрсеткендей, Республика қаншалықты әлемдік экономиканы интеграцияланса, соншалықты оның ақша-несие саясатында сыртқы экономикалық әсері күшті болады. Экономикасы шикізат өндіруге бағытталған Қазақстан дәстүрлі экспортқа арналған әлемдік баға коньюнктурасына тікелей байланысты. Экспорттық валюталық түсім көлемі тұрақты емес, ал бұл төлем балансы жағдайына және Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай қорытынды шығаруға болады:
Банк жүйесінің экстенсивті дамуының аяқталуы және жаңа сапалы этапқа көшуі, несиенің өсу процесімен және депозиттік нарықтың көбеюімен тең дәрежеде болуы Қазақстан Республикасында валюта операциясы қызметының маңызды екендігін анықтайды. Бұл тақырыптың маңыздылығы мынада: Әлемдік нарықта жеке тұлғалар мен кәсіпорындар, шағын және орта бизнес орталықтары таза табыс табу мақсатында несие алып, соның нәтижесінде біздің республикамызда тауар көлемінің ұлғаюын бақылау үшін бұл тақырып маңызды болып отыр.
Мәселелерді зерттеу дәрежесі. Банктегі міндеттемелер есебі мен аудит жөнінде еліміздің және ТМД, шет елдеріндегі ғалымдар, атап кететін болсақ С. Т. Міржақыпова, А. М. Андросов, М. Н. Крейнин, М. С. ЕржановК. Ш. Дюсембаев, А. Д. Шеремет және басқа да ғалымдар тереңінен зерттеген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Банктердің міндеттемелердің есебін ұйымдастыру мен төлеу шарттарының өзгеруіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне кіреді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтың экономика жағдайында банктің міндеттемелер есебі және аудиті, оны талдау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- акционерлік қоғамдағы жылдық есеп берудің маңызы және оған талдау жүргізу;
- банктің депозиттік және бағалы қағаздар операцияларының теориялық негіздерін қарастыру;
- банк міндеттемелер құрылымы және оны талдау;
- банктің міндеттемелер есебі бойынша аудит жүргізуде зерттеу жүргізу;
- депозиттердің құрамы мен құрылымын талдау
- міндеттемелердің өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтау
Зерттеу обьектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі- «Альянс Банк» акционерлік қоғамы болып табылады.
Банк банктік операциялардың төмендегі түрлерін жүзеге асыра алады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік есепшоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік есепшоттарын ашу және жүргізу;
- жеке және заңды тұлғаларға тиесілі тазаланған асыл металдардың нақты саны көрсетілетін металл есепшоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: қолма-қол аөшаны қабылдау және беру, оларды майдалау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, буу және сақтау;
- аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
- есеп жүргізу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен қарыздық міндеттемелерінің есебін жүргізу;
- банктік қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарылуға тиісті деген талаптармен ақшалай нысанда банктен несие беру;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- банкаралық клиринг: төлемдерді жинақтау, салыстыру, сұрыптау және растау;
- төлемдік карточкалар шығару;
- банкноталарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау;
- лизингтік қызметті жүзеге асыру;
- өзінің бағалы қағаздарын шығару;
- факторинг операциялары: төлем жасамау қаупін өзіне алып, тауарларды сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын алу;
- форфейтингтік операциялар: сатушыға кері қайтарылмайтын вексельді сатып алу арқылы тауарларды сатушының қарыздық міндеттемелерін төлеу;
- сейфтік операциялар;
- кастодиандық операциялар және ҚР заңдары бойынша тыйым салынбаған басқа қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы
Банктің 2008-2010 жылдардағы негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, (қосымша А), банктің пайыздық кірісі 2008 жылы 163, 488 млн теңге, 2009 жылы 85, 189 млн теңге, 2010 жылы 44, 381 млн. теңге болып, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 40, 81 млн теңгеге төмендеген. Бұл көрсеткіштің төмендеуі несие бойынша клиенттердің уақытылы ақша сомасын пайызсыз төлеуі негіз болып отыр. Ал пайыздық шығыстар 2008 жылы (100, 677) млн. теңге, 2009 жылы (81, 548) млн, теңге, 2010 жылы (39, 990) млн. теңге болды. Банктің таза пайыздық кірісі 2008 жылы (179, 462) млн. теңге, 2009 жылы 3, 641 млн, теңге, 2010 жылы 4, 391 млн, теңге болып, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда +0, 75 млн. теңгеге көбейген.
Банктің операциялық қызметтен түскен кірістері (шығыстары) 2008 жылы (185, 205) млн теңгені құраса, 2009 жылы (102, 681) млн теңге, 2010 жылы 352, 680 млн теңге болып, соңғы жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 223, 0 млн теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш банктің кіріс көздерінің бірі болып табылғандықтан оның өткен жылдары аз болуы банк үшін әрине тиімсіз.
Салық салынғанға дейінгі операциялық пайда 2008 жылы (386, 556) млн. теңге, 2009 жылы (298, 415) млн. теңге, 2010 жылы 334, 434 млн. теңге болған. Яғни 2010 жылы 2008 жылмен салысырғанда 52, 12 теңгеге азайса, 2009 жылмен салыстырғанда 36, 02 млн. теңгеге артқан. Енді салық салынғанға дейінгі пайдадан табысқа салынатын салық сомасын алып тастағанда банктің таза пайдасы сомасы шығады. Банктің таза пайдасы 2008 жылы (386, 210( млн. теңге, 2009 жылы (298, 440) млн теңге, 2010 жылы 334, 434 млн. теңге болып отыр. Яғни банк 2008, 2009 жылдарды шығынмен аяқтаса, 2010 жылды таза пайдамен анықтаған.
Енді банктің барлық активтер және міндеттемелері мен капиталына талдау жасайтын болсақ, активтердің мөлшері 2008 жылы 748, 308 млн. теңге, 2009 жылы 419, 094 млн. теңге, 2010 жылы 427, 584 млн. теңге болған. 2008-2010 жылдары банктің капиталының жетіспеушілігі байқалып отыр.
Зерттеу пәні. Диплом жұмысының теориялық әдістемелік және ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері экономика және қаржы несие мәселелері бойынша арнайы құжаттар, Қаржы Министрлігінің, ұлттық банктің банк қызметін реттеу және несие мен депозиттерді түгел реттеу жөніндегі мерзімді баспасөзде жарияланған статистикалық және арнайы материялдар қолданылды. Ізденіс барысында экономикалық талдаудың мынадай тәсілдері қолданылады: теориялық концепцияларды жалпылау, салыстырмалы және аналитикалық.
Теориялық және әдістемелік негізі. Банктің міндеттемелер есебі мен аудиті, сапалық сипаттамалары мен мақсаты, депозиттер мен бағалы қағаздар есебі, олардың түрлері, еңбекақы есептеудің негізгі әдістемесі -бұл дипломдық жұмыстың теориялық негізі болып табылады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Дипломдық ізденіс мынадай негізде жазылды: Бірінші бөлімде «Альянс Банк» АҚ-ң депозиттік пен несиелік операцияның экономикалық мәніне, оның негізгі түрлеріне нақты анықтама беріледі, депозиттік операцияны құрудың ұйымдастырушылық - құқықтық негізі және несие операцияның механизмі туралы айтылады.
Екінші бөлімде нақты мысалдар қолдана отырып, банктегі депозиттік пен несие операцияларды құрудың есебі жасалады. Бұл бөлімде «Альянс Банктегі» несие нарығындағы ағымдағы тенденциялар қарастырылады, шетелдік несие клиенттерге қызмет көрсетудегі Қазақстандық банктері қызметтерінің тәжірибесі, республикада депозиттік және несиелік нарықты «валютизациялау» тенденциясы қарастырылады. Бұл бөлімнің соңында депозиттік және несиелік операциялардың ерекше маңызы мен құрылымына Қазақстандағы басты банктердің бірі - «Альянс Банкі» АҚ-ын мысалға ала отырып есебі жасалды.
Үшінші бөлімде Қазақстанда депозиттік пен қөарыздық операциялардың ерекшеліктері, қиыншылықтары және Қазақстан банктерінде пайыздық қауіп-қатерді басқаруға жол ашу және валюталық режимді либерализациялау үшін Қазақстан Республикасында несиелік операцияның даму перспективасы қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың қорытындысында жүргізілген ізденістер қорытындысы бойынша көзқарастар мен нақты пікірлер келтіріледі.
1 БАНК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Банк клиенттерінің салымдық (депозиттік) операцияларының түсінігі мен түрлері, депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозтттік қаражаттар;
- депозиттік емес қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бәлігін алады .
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциалар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер (зайымдар;
- салымдық (деиозиттік) операциялар.
Салымдық операциялар - бұл занды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциядары.
Салымдық операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
- салымдық операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- денозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде салымдық операциялар субъектісініц әр түрлілігіне және салымдардың әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- салымдық операцияларды жүзеге асыру барысында осы және салымдық мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- салымдық операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік салымдарға ерекше назар аударған жөн;
- салымдық операцияларды ұйымдастыра отырып, банк салымдық шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
- салымдарды тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін салымдар ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компапиялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- талап етілгенге дейінгі салымдар;
- жинақ салымдары;
- мерзімді салымдар;
- бағалы қағаздар.
Бірінші топ - талап етілгенге дейінгі салымдар, олар сондай-ақ чектік салымдар деп те аталады. Талап ету салымдары түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады (1-қосымша) . Талап етілгенге дейігі салымдардың бір түрі чектік депозит. Чектік депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
- ақша шотган қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы мүмкін;
- шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
- Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент - Бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т. б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт - банк пен клиент арасындағы келсімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бір түрі - нау-шоттар - пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар - бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі - автоматтық аудару шоттары (АТS-шоттар) . Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердін баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер - банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көтеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты "тазартады" (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге, яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді. Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді ұсынады.
Депозитің келесі тобы - жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім (2, 3-қосымша) негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер. Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
- шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
- салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
- шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.
Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарыныц ерекшелігі мынадай:
- бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz