Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТҰРҒЫСЫНДА ПРУДЕНЦИАЛДЫ НОРМАТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 ҚР Ұлттық банкі тарапынан банктік қызметті қадағалау және оны реттеу мәселелері . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері . . .
6: 13
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТҰРҒЫСЫНДА «ЦЕСНА БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . .
6: 22
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Банк секторы өтімділігі мен капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерін талдау . . .
6: 22
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 «Цесна Банк» акционерлік қоғамының қызметі мен қаржылық нәтижелерін талдау . . .
6: 35
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 «Цесна Банк» акционерлік қоғамының пруденциалды нормативтерді орындауы . . .
6: 42
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 БАНК СЕКТОРЫН РЕТТЕУ ҚЫЗМЕТІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ . . .
6: 49
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Банк өтімділігі жағдайын қадағалау және реттеу мәселелері . . .
6: 49
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Пруденциалды нормативтерді орындауды қамтамасыз ету тұрғысында өтімділікті басқару әдістерінің үлгісі . . .
6: 57
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 69
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 71
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А ҚОСЫМШАСЫ - «Цеснабанк» АҚ 2009, 2010 жж. 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есептілігі . . .
6: 73
КІРІСПЕ . . .: Ә ҚОСЫМШАСЫ - Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы . . .
6: 75
КІРІСПЕ . . .:
6:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банктік бәсекелестік ұлғаймалы күшейіп келе жатқан жағдайында Қазақстан экономикалық қатынастардың жаңа деңгейіне күшуде. Осы орайда банк қызметін реттеу саясатын ауыстыруға және құзіретті органның банктік қадағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкес екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау қағидаттарына қойылатын талаптарды мақсатты бағытты күшейтуге объективті қажеттілік туындап отыр.

Өткен жүз жылдықтың 90-жылдарынан еліміздің банк жүйесінің қалыптасуынан бері Қазақстан бақылау бойынша Базельдік комитеттің капитал тұрғысындағы Келісімдеріне, Еуропалық экономикалық қауымдастықтың Банктік комиссиясының банктік тәуекелдерді реттеу қағидаларына және өзге де халықаралық келісімдерге қосылды. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында біздің еліміздің ерекшелігіне орай Базель-2-нің негізгі ережелері, яғни капиталға санды талаптар, реттеуші органдардың қадағалауы, нарықтық тәртіп қолданылуда.

Қазақстанның банк жүйесі 2006 жылы әлемнің көптеген дамыған елдерімен ТМД елдерінің ішіндегі ең мықтыларының бірі ретінде танылды, бұл реттеуші органдардың, яғни Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестірілген жұмысын куәландырады.

2007 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысы халықаралық қаржы нарықтарына кері әсерін тигізді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып ғаламдық дағдарыстың салдарын сезінді, және де ол банк секторын ерекше шарпып өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен көрініс тапқан қадағалаушы органдар әлемдік қаржы дағдарысының пайда болуының алғашқы сипаттарына жеткілікті түрде белсенді және жылдам әрекет еткен жоқ, бұл әрине, оның банк қызметіне әсер ету көлемдеріне септігін тигізді.

Бұл жағдайларда бірінші кезекте әлемдік қаржы дағдарысының әсер етуі турасындағы банктік реттеудің қолданылып отырған механизмдерін өзгерту мен жетілдіру мәселелері туындайды.

Екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеудегі пруденциалдық нормативтердің орындауын талдау және қадағалау банктер қызметінің оңтайлылығының кепілі болып саналады

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Банктік қызметті реттеу және пруденциалдық нормативтердің орындалуын басқару мәселелері алғаш рет келесі экономист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған: А. Смит, Дж. М. Кейнс, Д. Рикардо, Ж. Б. Сэй, А. Маршал, А. Пигу, И. Фишер, К. Вексель және Г. Кассель. Олар банктік қызметті реттеу теориясын дамытып, өз көзқарастары бойынша түрлі бағыттардағы іргелі негіздерді қалады.

Р. С. Портер, Д. Витас, У. Оллард, К. Блэкхерст, Н. Руттлэдж, К. Д. Вальравен сынды шетел ғалымдарымен коммерциялық банктер қызметін реттеу мәселелері тереңдетіліп зерттелді.

Банктік қызметті реттеу және бақылау жүйесін жасауға Л. А. Московкина, В. П. Поляков, О. И. Лаврушин, Г. С. Геращенко, Ф. Мишкин, А. Ю. Симоновский және И. В. Командоров сынды ресейлік ғалымдар маңызды үлес қосты.

Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу мен басқару мәселелерімен Г. С. Сейтқасымова, Ш. Р. Абдильманова, З. Д. Искакова, Г. Т. Қалиева, Н. К. Кучукова, Н. Н. Хамитов, Д. А. Шыныбеков, Ш. С. Бертісбаева, А. Б. Хаджиева, Р. Ж. Байболатова, А. С. Қаналина, Г. А. Марченко және басқалары айналысады.

Сонымен бірге осы кезеңде Қазақстан Республикасында 2002 жылғы жаңа Базельдік келісім ұысынымдары тұрғысында банк қызметін реттеу механизмін жетілдіру мәселелері жеткілікті түрде терең зерттелмеген. Базельдік келісімдерде банк қызметіндегі тәуекелдерді басқаруға маңызды орын берілетіндігіне байланысты бүгінгі күні банк қызметін реттеу мәселелерін шешудің стандартты емес жолдарын іздеу қажеттілігі туып отыр.

Зерттеу тақырыбының мақсаты және міндеттері. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу механизмдері мен пруденциалды нормативтерінің сақталуын қадағалау қызметінің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу және талдау негізінде Қазақстан Республикасы тарапынан банк қызметін реттеу тұрғысында жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Анықталған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылады:

  • банк қызметін реттеу түсінігінің экономикалық мазмұнын қарастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк қызметіне реттеу және тәуекелдерін басқару бойынша қызметін зерделеу;
  • банктік қызметті реттеу механизмінің мазмұнын ашып қарастыру;
  • екінші деңгейлі банк тарапынан пруденциалдық нормативтердің орындалуына талдау жасау;
  • жүргізілген теориялық зерттеулер және практикалық талдаулар негізінде Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу тұрғысында жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі тарапынан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу және пруденциалдық нормативтерін сақтауын қадағалау саласы табылады.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу және пруденциалдық нормативтердің орындалуы мен сақталуын қадағалау кезінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып банк қызметін тиімді реттеу мен пруденциалды нормативтерін сақтау мәселелерін зерттейтін және ашып көрсететін жетекші шетел ғалым-экономистерінің еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың монографиялары мен ғылыми басылымдары табылады.

Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заңнамалық актілері, жылдық есептері, «Цесна Банк» акционерлік қоғамының жылдық есептері, Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарының жекелеген сегменттерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, аталмыш мәселе төңірегіндегі арнайы ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар мен монографиялар және Интернет ресурстары қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТҰРҒЫСЫНДА ПРУДЕНЦИАЛДЫ НОРМАТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. ҚР Ұлттық банкі тарапынан банктік қызметті қадағалау және оны реттеу мәселелері

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы, реттеуші бас органның ролін атқара отырып, экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және касса орталығы, соңдай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты аныктайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші денгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді [1, 125б. ] .

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді

''Казақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні "банктердің банкі" деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

Ұлттық (Орталық) банк "банктердің банкі" қызметін атқару үшін:

коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;

коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;

жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;

банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді [2, 187б. ] .

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің біріне екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі бұл банктік кызметті макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы-несие институттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақталығын ұстап отыру болып табылады.

Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.

Мұндай әдістердің қатарына жататындар:

  • пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;

- банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару; банк қызметтерін тексеру; банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру; бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т. б. шектеу шараларын банктерге қолдану; банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану [3, 42б. ] .

Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін колданылатын қызметтері жатады (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар) . Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді [4, 84б. ] .

Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді.

Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарымқатынастары келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:

Ұлттық банк:

- банктік тораптың қызмет етуіне жалпы жағдай жасауға және шынайы, банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;

- банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді (әкімшілік және эқономикалық әдістемелері арқылы) ;

- ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк қызметтерін қадағалайды;

- банктердің шұғыл қызметіне араласпайды. Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің Заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық банктер бірбірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Ұлттық банк міндеттеріне лицензиялау және лицензияны қайтып алу, жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу (Қазақстан аумағында орналасқан банктерді), сонымен қатар "Қазақстан Республикасы банктері және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктерді қадағалау кіреді. Осы мақсатта Ұлттық банк:

- банктің құрылтайшыларын (акционерлерін), олардың бекіткен шектен асқан акциялар көлемін, иемденуіне, иелік етуіне, басқаруына бақылау жасауға;

- банктің басқару орындарына кандидаттардың іскерлік жарамдылығын анықтауға;

- банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соның ішінде, орнында немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылы, өзінің бақылау және қадағалау қызметтерін дұрыс жүзеге асыру үшін керекті ақпаратты алуға құзыретті [5] .

Банктер Ұлттық банкінің шешімдерін орындамаған жағдайында, оларға айыппұлдық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

Банк қызметтерін реттеу, сонымен қатар коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың несие берушілері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк банктер үшін келесі пруденциалдық нормативтерді белгілейді:

- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

- меншікті қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті;

- баланстың өтімділік көрсеткіштері;

- Ұлттық банкіде орналастырылған міндетті резервтер мөлшері;

- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

- банктің құрылтайшыларына, акционерлеріне, жарғылық капиталында банк қатысатын заңды тұлғаларға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

- ашық валюталық позиция лимиттері.

Ұлттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге, банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың филиалдарына да қолданылады.

Қазақстан Республикасында инфляция процестерін ақша-несиелік реттеу әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлттық банкіге коммерциялық банктердің несиелік салымдарына шек қою және сол операциялар бойынша мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі [6, 127б. ] .

Ұлттық банк коммерциялық банктердің орындалуы міндетті нормативтерді және банктердің қызметтері мен қаржылық жағдайын талдайтын бағалау нормативтерін қолданады.

Кейбір нормативтерді айта кетсек:

1. Банк балансының өтімділік көрсеткіштері банктің активтері мен міндеттемелерінің нормативтік қатынасы түрінде, міндеттеменің өтелу мерзімі және активтердің іске асу мүмкіндігі ескеріле отырылып бекітіледі. Мұндай көрсеткіштерге төмендегідей қатынастар жатқызылады: банк капиталы және оның міндеттемелері; несие сомалары және есеп айырысу, ағымдағы шоттар, салымдар, депозиттер сомалары; өтімді активтер сомасы және жалпы активтер сомасы және т. б.

2. Міндетті резервтер мөлшерін, Ұлттық банктің резерв шоттарындағы белгіленген мөлшердегі қаражаттар қалдықтарын ұстап тұратын банктің міндеттемелеріне пайыздық қатынаста белгілейді; резервтік қордың қаражаттары банкте тартылған ресурстардың бір бөлігін резервтеу жолымен қалыптасады.

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері, банк капиталының жалпы сомасының белгілі бір пайызы негізінде белгіленеді.

Бір қарыз алушыға келетін ең жоғары тәуекелдік есептеу кезінде, тәуекел сөзінің ұғымына қарыз алушыға берілген несиенің барлық сомасы, сонымен қатар оның тапсырмасы бойынша берілген міндеттемесі кіреді.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері банктің тәуекел мөлшерінің (қарыз алушының несие бойынша міндеттемесінің жалпы сомасы) банк капиталына қатынасымен анықталады. Коммерциялық банктер үшін ең жоғары белгіленген мөлшері 1, 0.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк банктік қызметті қадағалау және реттеу барысында клиенттердің мүмкін болатын шығындарын жабуға арналған міндетті сақтандыру қорларын құру тәртібін анықтайды. Аталған қорлар банктердің табыстары есебінен қалыптасады.

Ұлттық банктің реттеу қызметі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖҮӨ, ҮТ, баға индексі, бюджет тапшылығы) динамикасын талдау негіздемелеріне, сонымен қатар нормативтік және бағалау көрсеткіштеріне, есеп пен есеп беру мәліметтеріне сүйенеді.

Ұлттық банк банктердің есеп беру формаларының төмендегідей түрлерін белгілейді:

- айдың бірінші күніне баланс;

- тоқсандық айналым ведомосы;

- "Басқадай дебиторлар мен кредиторлар" шоттары бойынша тоқсан сайынғы ведомосы;

- операциондық және түрлі табыстар мен шығыстар (№2 форма) бойынша тоқсан сайынғы есебі, баланспен қоса алғандағы пруденциалдық нормативтер есебі.

Шетелдерде тексерудің дифференцияланған мерзімдерін белгілеу және банктердің жұмыс көлемі мен жүргізілетін операциялар көлеміне байланысты банктердің түрлі категориялары үшін есеп беру формаларын беру тәжірибесі қолданылуда. Ірі банктер шағын банктерге қарағанда жиі тексеріледі. Ірі банктер Орталық банкіге есеп беру формаларын ай сайын, орташа банктер тоқсан сайын, шағын банктер жарты жылда бір рет тапсырады [7, 128б. ] .

  1. Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері

Реттеудің негізгі және бірінші кезектегі элементі қадағалау мен бақылау жүйесі болып табылады. Оның қызмет етуінсіз ақша-несие саясатының әдістері мен құралдарын қолдану мүмкін емес. Банктік қызметті реттеу оны жүзеге асыру механизмі арқылы жүргізіледі.

«Реттеу механизмдері» түсінігінің түрлі тұжырымдарын қарастырайық. Реттеу механизмі - қандай да бір әрекет немесе процестің іске асрылуы жүзеге асырылатын тәсілдер, әдістер мен құралдардың жүйесі. Механизм - белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырудың әдісі.

Шетелдің экономист-ғалымдары И. Валравен және А. Роджерс қаржылық-экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу механизміне анықтамалар берген, олардың пайымдауынша «банктік қызметті реттеу механизміне экономист-ғалымдар тарапынан үлкен көңіл бөлінбеген, және тіпті қазіргі заманғы экономикалық мектептермен қарастырылмаған. »

Сондықтан да «банктік қызметті реттеу механизмі» түсінігіне келесі анықтаманы беруге болады: Банктік қызметті реттеу механизмі банктік қызметті реттеудің әдістері, тәсілдері, нысандары мен құралдарының, оларды қолдану тәртіптерін, бақылау нысандарын жасау, ұйымдастарушылық-құқықтық құрылымдау, сонымен қатар реттеуші органдар жұмысын шектеудің жиынтығы болып табылады [8, 125б. ] .

Төмендегі суретте банктік қызметті реттеу механизмінің үлгісі ұсынылған (1-сурет) . Бақылаудың ішкі нысаны немесе мемлекеттік бақылау құзіретті қадағалаушы органмен жүзеге асырылады және коммерциялық банктердің қызметін жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір экономикалық және құқықтық нормалар мен талаптарды сақтауға негізделеді.

Өзін-өзі реттеу банк тарапынан жүргізілетін операциялар бойынша, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі және қызметтің өзге де экономикалық өлшемдері бойынша белгілі бір нормативтер мен лимиттерді белгілеу қағидатына сүйенеді.

Тәуекелсіз аудиторлық бақылау, соның ішінде капитал бойынша жаңа Базельдік (Базель-2) келісім аясында бүгінгі күнге ерекше мәнге ие болып табылады. Көптеген елдер мен Қазақстанның заңнамасына сәйкес банктердің шоғырландырылған есептіліктеріне тоқсан сайын, жыл сайын тәуелсіз аудиторлық бақылау жүргізілуі тиіс. Сәйкес лицензиясы бар мамандандырылған аудиторлық компаниялар банк қызметін зерттеп, оның осал және күшті тұстары туралы сапалы және бастысы шынайы ақпарат берулері қажет. Осы мақсаттарда аудиторлар тексеріліп отырған банк әсерінен тәуелсіз болып, тікелей қадағалаушы органдарға бағынулары қажет.

Сурет 1. Банктік қызметті реттеу механизмінің үлгісі1

Банктік реттеудің теориясы мен тәжірибесінде ревизиялық, реттеуші, әкімшілік, экономикалық, жалпы және селективтік әдістер қолданылады.

Бақылаудың ревизиялық әдісі немесе инспекторлық тексеру әдісі банктер қызметін нақты орындарына бару арқылы кезеңділік және міндетті тексеру жолымен жүзеге асырылады.

Реттеушілік әдісі немесе қашықтықтан тексеру әдісі банктік есептілікті ұсыну және зерттеу жолымен барлық банктердің экономикалық (пруденциалдық) нормативтерді сақтауына негізделеді [9, 200б. ] .

Ақша-несие саясатының әдістеріне байланысты түрлі құралдар қолданылады. Ықпал етудің әкімшілік әдістерін қолдану кезінде келесі құралдар кеңінен қолданылады:

  1. коммерциялық банктер қызметін лицензиялау;
  2. қадағалаушы органмен салынатын айыппұлдар;
  3. коммерциялық банкте уақытша басқаруды енгізу;
  4. филиалдар ашуға немесе жекелеген операциялар жүргізуге тыйым салу;
  5. банктік лицензияны қайтарып алу;
  6. активті және пассивті операциялардың жекелеген түрлеріне квоталар;
  7. қызметтер көрсетуге комиссиялық сыйақылар, тарифтер көлемін, пайыздық мөлшерлемелерді шектеу;
  8. операциялардың белгілі бір түрлеріне рұқсат беру [10, 125б. ] .

Экономикалық нормативтік әдістерге өтімділік коэффициенттері мен банктік капитал жеткіліктілігі және т. б. қолдану жатады.

Экономикалық түзетуші әдістерге есептік саясат пен ашық нарықтағы операцияларды қолдану жатады.

Банктік нарық субъектілеріне ықпал ету сипаты бойынша әдістер жалпы және селективті болып бөлінеді. Ақша-несие саясатының жалпы әдістері нарықтық шаруашылықтың барлық субъектілеріне әсер етеді. Жалпы сипатқа ие негізгі экономикалық әдістерге мыналар жатады:

  1. есептік (дисконттық) саясат;
  2. ашық нарық операциялары;
  3. міндетті резервтер нормаларын басқару;
  4. экономикалық нормативтер белгілеу.

Селективті несие саясатының әдістеріне мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ақша капиталының құралдары
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Реттеуші органдардың бақылауы
Несие механизмі
Несие түрлері
Салықтарды жинауды ұйымдастыру және салықтық реттеу механизмiнiң ерекшелiктерi
Бағалы қағаздардың түрлері
Несие жүйесі
Нарыққа өту жағдайында біздің елде банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz