Қарыз алушы туралы ақпарат


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕСИЕЛІК МОНИТОРИНГІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Банктердің несиелік қоржынын қалыптастырудың теориялық аспектілері . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Несиелік мониторингті ұйымдастырудың мәні және оның сыныпталуы . . .
6: 17
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Коммерциялық банктердің инвестициялық жобаларының несиелік мониторингі элементтерінің жүйесі . . .
6: 23
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 «БТА БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫНЫН ТАЛДАУ . . .
6: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Банктің қызмет ету негіздері және қаржылық нәтижелерін талдау . . .
6: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Банктің несиелік қоржынының қаржылық көрсеткіштерін талдау . . .
6: 35
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК МОНИТОРИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ . . .
6: 44
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Несие тәуекелдерінің мониторингінің механизімін жетілдіру жолдары . . .
6: 44
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Коммерциялық банктердегі инвестициялық жобалардың несиелік мониторингін ұйымдастыруды жетілдіру . . .
6: 52
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 58
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 60
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» акционерлік қоғамының 2009 жылға бухгалтерлік балансы . . .
6: 62
КІРІСПЕ . . .: Ә ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» акционерлік қоғамының 2008 жылға бухгалтерлік балансы . . .
6: 63
КІРІСПЕ . . .: Б ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2009 жылғы жиынтық қаржылық есептемесі . . .
6: 64
КІРІСПЕ . . .: В ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2008 жылғы жиынтық қаржылық есептемесі . . .
6: 69
КІРІСПЕ . . .: Г ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» акционерлік қоғамының 2010 жылдың 30 маусымындағы аралық жиынтық есептемесі . . .
6: 73

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі Қазақстан банк жүйесі оңтайлы ішкі экономикалық, яғни нақты экономика секторында несиелендіруге қолайлы жагдайлар жасайтын ішкі әлеуметтік-экономикалық процесстер әсерінен дамып келеді. Макроэкономикалық тұрақтылық банктік несие портфелінің сапасын жақсарту және барлық берілген несие көлеміндегі мерзімі өткен несие көлемінің төмендеуі әсерінен тұрақталып отырады. Сонымен қатар банктердегі несие операцияларының дамуы біршама жоғары, бұл әлемдік тәжірибеде қабылданғандай, олардың көлемі банк активтерінен төмен. Ұзақ мерзімді инвестиция көлемі өсуінің тежелуі, банктік несие операцияларын реттеудің нормативтік базасының жетілдірілмегендігі, инвестициялық жоба мониторингі және несиелік мониторинг жүйесінің қалыпты жұмыс істемеуі несие тәуекелдерінің төмендеуіне жол береді.

Алайда, барлық банк жүйесінде өндіріс көлемін дамыту үшін қайта бағдарлау үрдісі қалыптасқан.

Бұл арада коммерциялық банктерде инвестициялық жобалар мониторингі бойынша олардың несиелік қызмет сапасын тиімді басқару құрылған .

Бұл өз кезеңінде, елдің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ал коммерциялық банк деңгейінде қаржыландыру жобалары және инвестициялық несиелендіру арқылы несиелік тәуекелдерді анықтау 9 басқару және өлшеу болып табылһды,

Несиелік мониторинг теориялық негізін оқудың маңыздылығы және оның ролін несиелік қызметте дамыту, сондай-ақ инвестициялық несиелендіру және қаржыландыру жобалары коммерциялық банкте оның бағыттарын айқындау зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Инвестициялық несиелендіруде несиелік мониторингтің өзіндік ерешеліктерін жүргізу маңызды. Бұл жерде оның маңыздылығын көптеген окымысты экономистерде атап көрсетеді.

Зерттеу жұмысының негізі несиелік тәуекелдерді басқару және бақылау болып табылады. Жекелеген несиелік мониторинг сұрақтары жарияланған және мерзімді баспаларда көреетіледі. Мақала авторлары: В. И. Букато, Э. Н. Василишин, З. Н. Жоваников, Л. Я. Маршавина, А. И. Ольшаный, В. М. Усоскин және т. б. Несиелік мониторингте банктік мониторинг қарыз алушы мониторингі санасы, қамтамасыздандыру мониторингі, несиелік келісімшарт орындалу моңиторингі, инвестициялық несиелендіру және қаржылық жоспарлау жалпы теориялық аспектілер болып табылады, сондықтан аталган зерттеу жұмысына Р. Ю. Варьяш, А. Гаврилова, Ю. В. Головина және тағы басқа галымдардын ғылыми еңбектерінің маңызы зор.

Қорытындыны жоғары бағалай отырып, несиелендіруде мәселенің көп бөлігі несиелік тәуекел жағдайының анықталуы бүгінгі таңда несиелік мониторинг инвестициялық жобаларда несиелік тәуекелдерді тану және алдын ала ескерту әдістемелері қолданылмайды. Несиемен қамтамасыз етуде нақты бағалаудың жетіспеушілігі біршама назар аудартады.

Қазіргі кезде қарызгердің сапасына қатаң бақылау арқылы және оларда барлық жагдайлардың орындалуы қалыптасқан.

Несиелік мониторинг проблемасын инвестициялық несиелендіру арқылы дамыту және жетілдіру жолдары зерттеудің негізін анықтайды.

Мониторингтің анықталуы, коммерциялық банктерде несиелік мониторинг дәрежесінің бағалануы, инвестициялық несиелендіру және қаржылық жоспарлау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу мақсаты - коммерциялық банктердің несиелік қоржынын басқарудағы несие мониторингінің теориялық негіздерін зерттеу және банктің несие қоржынына талдау жасау барысында банктерде несие мониторингін ұйымдастыруды оңтайландыру бағыттарын ұсыну.

Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу құрылымын анықтау арқылы келесі мәселелерді шешу қажет:

- несиелік қоржын түсінігінің теориялық негіздерін зерттеу;

несиелік мониторингтің инвестициялық несиелендіру бөлімінде мониторингтің теориялық негізін зерттеу; оның жүргізілу бағыттарын анықтау арқылы несиелік мониторинг инвестициялық жобалардың коммерциялық банктерлегі ролі мен орнын анықтау;

- коммерциялық банктердегі несиелік мониторингтің деңгейіне баға беру;

- несиелік мониторинг жүргізу және банктің несиелік қоржынын талдау арқылы орындау;

- инвестициялық несиелендіру және қаржылық жоспарлау арқылы несиелік мониторингтің артықшылықтарын инвестициялық жобада ашып көрсету;

- инвестициялық жобалардағы несиелік мониторинг жүргізілу нәтижелері механизмі;

- инвестициялық жобалар несиелік мониторингтің коммерциялық банктердегі жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні болып карызгерлер арасындағы тығыз қарым-қатынас, коммерциялық банктер арасындағы және Орталық банк және оның құрылымдық бөлімшелері табылады.

Зерттеу объектісі болып «БТА Банкі» акционерлік қоғамы және коммерциялық банктердегі несиелік қызметтер нәтижесінің жүргізілуінің ұйым жүйесіне әсер етуі болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, «БТА Банк» акционерлік қоғамының есептіліктері, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕСИЕЛІК МОНИТОРИНГІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктердің несиелік қоржынын қалыптастырудың теориялық аспектілері

Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені ол табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейленуі мен банкроттылыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп соғады;

Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;

Үішншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына - несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай түрде қоғамға пайда әкеледі.

Несие операциялары - бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі бір сомасын беру бойынша қатынасы.

Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатынастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық - несиенің негізгі белгісі болып саналады.

Банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді [1, 115б. ] .

Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік - оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.

Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларына (жағдайларына) тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етуді қосуға болады.

Қамтамасыз ету - бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақтандыру және заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге де тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі [2, 78б. ] .

Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  1. мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауылшаруашылық, инвестициялық және т. б. ) ;
  2. қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді) ;
  3. қамтамасыз етушілік деңгейі бойынша (қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген) ;
  4. пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер) [3, 97б. ] .

Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді.

Нарықтық экономика кезінде коммерциялық (іскерлік) банктер несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланыста құра отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың барлығы несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.

Несие беру - сауда, кәсіпкерлік қызмет пен пайда табуды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операциялары болып саналады.

Несие беру теориясы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылармен өзара қатынасының жалпы негіздері мен қағидалары, терең психологиясы бар екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Несие беру: субъектілердің несие беру процесіне қатынасы; несие берушілер мен қарыз алушылардың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктілігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдалануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды.

Банк қарыз алушылармен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатынастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.

Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру процесінің маңызды ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді [4, 86б. ] .

Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық банктер үішн ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды да енгізеді.

Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен экономикалық тұрақтылығын зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық негізділігін, берілген деректердің сенімділігін ескереді. Қарыз алушының қарызды несие шартында көрсетілген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділігін; ссуданы қамтамасыз етуін; экономикалық конъюктураны ескереді.

Банк қарыз алушыға несие беру процесі басталмай тұрып тәуекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау жасайды. Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайларын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процесс кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.

Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделілік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттайды [5, 103б. ] .

Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені басқарудың келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:

- банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігіне негізделген. Банк ақша іздейді, орта ставкаларды қайта қаржыландыру мөлшерлемлерімен (рефинансирование), банкаралық несиелер бойынша мөлшерлемелермен салыстыра отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебінен дамыту банкке пайдалы емес;

- қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін білуді талап ететін несиелерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе. Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлерінің үлесіне қалады;

- несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие беруге қатысы бар (орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне дейін, директорлар кеңесі) банктің әрбір қызметкері несие беру процесін жылдамдатуы; несие тәуекелін азайтуға жұмыс істеуі тиіс.

Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:

- банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мерзімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге өкілеттіктер берілген;

- келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім қабылдауына мүмкіндік бере отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық және заңдық құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу үшін негіз болып қатысады;

- бекіту (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.

Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне клиенттің несие туралы өтінішінен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінге аралықты қамтитын қадамдарын (6-10) енгізеді. Бұл мәселелер оқу әдебиеттерінде жеткілікті түрде қарастырылады [6, 95б. ] .

Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып саналады.

Несие шарты - бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері ескерілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғалысы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және шектеулерден тұрады.

Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кіреді:

- ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау кестесі мен процедураларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;

- терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттардыорындамау жағдайы, келісімнің күшін жою күні, растаушы құралы (заверительный инструмент) және т. б. қамтиды;

- қарызды дәлелдеу - қаралуы қажет құжаттамаларды (мысалы, қөарыз алушы жазған жай вексель) сипаттайды;

- пайыз және коммисиялық мөлшерлеме пайыздық төлемдер бойынша коммисиялық ставкаларды анықтайды;

- алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;

- ссуданы жабу құқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының кез келген активіне иелік ете алады;

- кепілдер: оның заң ережесі, займдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты банкке берілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өтініші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соңғы қаржылық ақпараттар бойынша қаржылық жағдайға байланысты материалдарда кері өзгерістердің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың (иск) жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектері үшін мүліктерін ұстап қалудың кез келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.

Банктік ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды. Несие шартының экономикалық және заңдық күші банктің қарыз алушыға өз талабын қоюына белгілі бір міндеттемелерді көздеуге немесе қажет болған жағдайда банкті келесідей ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- нақты бір күнге арналған мәліметтер, ссуданы бүкіл мерзімі ішіндегі мерзімді аудиторлық және есеп қаржы құжаттары;

- нақты капиталдың немесе меншікті капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу;

- негізгі коэффициенттер бойынша (ағымдағы өтімдік коэффициенті, борыштың меншікті капиталға қатынасы бойынша коэффициент) белгілі талаптарға жауап беру;

- ескерілген мерзімдер бойынша көрсетілген шарттардың орындалмау оқиғалары туралы жазбаша хабарлама беру;

- қарыз алушының меншігіндегі кітаптарға және инспекцияларға, оның операциялары бойынша банкке өту мүмкіндігіне рұқсат ету;

- барлық қауіптер мен міндеттемелерге қарсы сақтандыруды қолдану;

- салықтарды уақытында төлеу;

- қосылуға қатыспау және өз активтерінің маңызды бөлігін сату;

- шартқа қол қою уақытындағыдан үздік саналатын басқа қызмет түрімен айналыспау.

Қазақстан Республикасының банк тәжірибесіндегі несие шартын арнайы құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес рәсімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.

Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай-ақ кепілдеме немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.

Одан әрі шарттың заты (предметі) - несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар (ұзақ мерзімдік несие) сомасы, ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.

«Тараптардың құқығы мен міндеттері» бөлімінде мыналар қаралады: ссуданы мақсатты пайдалану, оны уақытында қайтару және табысы жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алушы кепілдікке қою арқылы (оның меншік құқығына жататын) қайтаруға міндеттенетін, кепілдік беру туралы шартта көрсетілген пайыздарды төлеу міндеттемелері көрсетілетін; ссуданы қайтару тәртібін, несие үшін пайыздар төлеу бойынша міндеттемелерді және несиені уақытында қайтармаған жағдайда төлейтін пайыздар мөлшерін, несие үшін пайыздарды аудару мерзімдері мен тәртібін көрсететін; талап етуі бойынша банкке бухгалтерлік, қаржылық, шаруашылық құжаттарын, есептің бүкіл түрлерін беруге (тапсыруға) міндеттенетін; кәсіпорын мәртебесі бойынша бүкіл өзгерістерді банкке хабарлайтын және ссуданы пайыздармен толық сомада банкке мерзімінен бұрынқайтаратын қарыз алушының міндеттемелері. Қарыз алушының сондай-ақ ссуданы қайтару мерзімін ұзарту туралы банкке өтініш білдіруге; банктің өз тарапынан міндеттемелерін бұзуы кезінде өсім мөлшерінде айыппұл төленуін талап етуге құқығы бар.

Банктің (несие берушінің) құқығы мен міндеттеріне мынадай мәселелер кіреді: ақша және несие нарығының хал-ахуалына қатысты ссудаға пайыздық ставкалардың өзгеруі; қарыз алушының шарттық міндеттемелерді бұзуы кезінде алдағы уақытта ссуда беруді тоқтату; қайтарудың болашағы жоқ деп танылғанда ссуданы мерзімінен бұрын өндіру; несиені мақсатты пайдалану бойынша жер-жерлерде тексерулер жүргізу; ссудаларды және меншікті қаржыларды пайдалануды қамтамасыз ету. Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін банктің есептелген пайыздармен қоса алғанда ссудаға қарызының бүкіл сомасын және ссудаға берешегінің 25%-ы мөлшерінде айыппұл өндіртуге құқығы бар. «Жалпы ереже» бөлімінде несие шартының заңдылығы, заңдылықтарға сәйкес дауларды шешу мәселелері атап көрсетіледі. Несие шартының соңында тараптардың мекен-жайлары, банк операциялары бойынша есеп шоттарының номерлері көрсетіледі, жетекшілердің қолдары мен мөр қойылады [7, 56б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
Несиелік тәуекелді басқару туралы
Банктердің несиелік тәуекелін басқару
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру
Несиелік бюро ұйымының банк секторына әкелетін тиімділіктері мен артықшылықтарын зерттеу
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Қазақстандағы ипотеканы заңнамалық реттеу
Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz