Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар сапасын бағалауы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
6: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Екінші деңгейлі банктер қызмет етуінің негіздері мен мазмұны . . .
6: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Банктердің инвестициялық процеске қатысуының және қор нарығындағы инвестициялық қызметінің теориялық аспектілері . . .
6: 14
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарының табыстылығын анықтауы . . .
6: 21
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 «БТА БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ . . .
6: 26
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Банктің қызмет ету негіздері мен қаржылық жағдайын талдау . . .
6: 26
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 «БТА Банк» акционерлік қоғамының инвестициялық операцияларын талдау . . .
6: 43
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
6: 48
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Банктердің инвестициялық процеске қатысуының және бағалы қағаздармен операциялар тәуекелін басқару мәселелері . . .
6: 48
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар сапасын бағалауы . . .
6: 54
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 61
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 63
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2009, 2010жж. және 2011 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша жиынтық есептемелері . . .
6: 65
КІРІСПЕ . . .: Ә ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2009, 2010жж. және 2011 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша жиынтық есептемелеріне ескерту . . .
6: 67
КІРІСПЕ . . .: Б ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2009, 2010жж. жиынтық есептемелеріне ескерту, Инвестициялық қызмет . . .
6: 74

КІРІСПЕ

Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.

Қор нарығы - бұл негізгі капиталға инвестицияларды, бірінші кезекте ұзақ мерзімді инвестицияларды білдіретін қаржы нарғының бөлігі. Қор нарығын кейде инвестициялық нарық немесе нарықтың бұл сегментінің негізгі макроэкономикалық функциясы, яғни инвестициялар қозғалысын қамтамасыз ету ерекше көрсетіледі.

Кез -келген елдің ұлттық заңнамасына, тарихи дәстүрлеріне байланысты қор нарығының қалыптасуында коммерциялық банктер әр түрлі рөлді иемденеді. Қор нарығындағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жүзеге асыру екінші деңгейлі банктер қызметінің бір нысаны болып табылады.

Әлемдік қаржы дағдарысы екінші деңгейлі банктер қызметіне елеулі кері әсерін тигізді. Банктердің жүзеге асыратын қызметтерін, соның ішінде инвестициялық процестегі инвестициялық қызметін дамыту және жетілдіру жолдарын белгілеу маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің мақсаты екінші деңгейлі банктердің инвестициялық процестегі орны мен инвестициялық қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерттеу және банктің инвестициялық қызметіне талдау жасау негізінде коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • коммерциялық банктердің қызмет ету негіздерін зерттеу;
  • банктердің инвестициялық процестегі және қор нарығындағы инвестициялық қызметін зерделеу;
  • банктердің инвестициялық операцияларының теорияолық аспектілерін қарастыру;
  • нақты банк мысалында банктің инвестициялық қызметіне талдау жасау;
  • жүргізілген теориялық зерттеулер мен талдаулар негізінде банктердің инвестициялық қызметін оңтайландыру бағыттарын ұсыну.

Зерттеу пәніне: ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы жатады.

Зерттеу обектісі болып «БТА Банк» акционерлік қоғамының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тұрғысындағы қызметі табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің инвестициялар, банктердің инвестициялық қызметі мен операциялары жүйесінде орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, «БТА Банк» АҚ жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелік тәуекелді басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (О. И. Лаврушин, В. А. Кудрявцев, Е. В. Кудрявцева, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Искаков, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Л. П. Корнилова, И. Новиков және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Екінші деңгейлі банктер қызмет етуінің негіздері мен мазмұны

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен) .
  1. Операцияларының түрлеріне қарай:
  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
  1. Аумақтық белгісіне қарай:
  • халықаралық;
  • мемлекетаралық;
  • ұлттық;
  • аймақтық;
  1. Салалық белгісіне қарай:
  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауылшаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа.
  1. Филиалдар санына қарай:
  • филиалсыз;
  • көп филиалды [1, 18б. ] .

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банктроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді [2, 28б. ] .

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары, жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Еншілес банктердің немесе шетелдік банктердің қызмет етуінің біздің банктік сектордың дамуы үшін оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оң жағы ондай банктердің болуы бәсекелестікті тудыра отырып, банктің қызметтері мен операцияларының сапаларын арттыруға ықпал етеді. Яғни жаңа технологиялармен жұмыс жасауға ынталандырады. Ал теріс әсері бүгінгі күні олардың көбі, шетелден қарыз алуға қатысты бар мүмкіндіктерін пайдаланып, банктердің сыртқы қарыздарының өсуіне ықпал етуде [3, 56б. ] .

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері ҚҰБ - нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Қазақстан Республикасыдағы екінші деңгейлі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай - ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттілігін ашуға рұқсат береді.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға рұқсат алу;
  2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін өтініші;
  • құрылтайшылық шарт (түпнұсқа) ;
  • банктің жарғысы (түпнұсқа) ;
  • банк жарғысын қабылдау және банктік органын сайлау туралы хаттама;
  • құрылтайшылар туралы мәліметтер;
  • құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік баланс (заңды тұлғалар үшін) ;
  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары қазақстан республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
  • егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжрибесі болуы және т. с. с. ;
  • жаңадан құрылатын банктің толық үйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс) ;
  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс) ;
  • жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс) ;
  • жаңадан құрылатын банктің бизнес - жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондыққ) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
  • тапсырылған бизнес-жоспарын сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
  • нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.

Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық - техникалық шараларды орындау оның ішінде: Ұлттық Банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу [4, 122б. ] .

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжат беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік - мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
  • диллерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
  • кастадиондық;
  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрінде ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ - кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілген банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға тиіс. Олүшін мынадай құжаттарды тапсырады:

  • филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
  • банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
  • бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
  • өітініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
  • Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
  • өтініш жасаушы банктің банкік қызметті жүргізуге арналған лиценщиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
  • аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
  • өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
  • өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу - кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - Қазақстан Республикасы аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.

Қазақстан Республикасы ҚҰБ-нің екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

  • банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралу туралы шешім қабылдау;
  • банк қызметінің тоқталуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
  • банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі [5, 22б. ] .

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы - акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

  • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
  • банктің жарғылық капиталын өзгерту;
  • банктің Кеңесін сайлау;
  • банктің жылдық есебін бекіту;
  • банктің табысын бөлу;
  • банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы - банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі - банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді:

  • нормативтік актілерді бекіту;
  • Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесң) . Басқарма (Банк кеңесң) - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құрылады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарма міндеттеріне мыналар жатады:

  • банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
  • банктің саясатын жасау;
  • жетекшілік қызметке кадрлар тандау;
  • комитеттерді құру ссудалық және инвестициялық операцияларды бақылау жасау.

Басқарма төрағасы - бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мындай міндеттер жіктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
  • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
  • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалары мен келісімдер жасау.

Ревизиялық комиссия - банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаущы орган болып табылады. Несиелік комитет - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметттердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу нысандарын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бекітеді;
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісі хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік - шаруашылық бөлімі және т. с. с. кіреді. Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады [6, 122б. ] .

1. 2 Банктердің инвестициялық процеске қатысуының және қор нарығындағы инвестициялық қызметінің теориялық аспектілері

Банк секторының инвестициялаудағы рөліне талдау жасау үшін негізгі түсініктермен анықталып алайық.

Инвестициялық процесс ретінде инвестициялық қызметті жүзеге асыру бойынша реттестірілген кезеңдер, әрекеттер, тәртіптер мен операциялар түсініледі. Инвестициялық процестің нақты ағыны инвестициялау объектілерімен және инвестициялау түрілерімен (нақты және қаржылық инвестициялар) анықталады.

Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді [7, 187б. ] .

Инвестициялық процесте үш негізгі кезең қарастырылады:

Бірінші кезең (дайындық кезеңі) - инвестициялау туралы шешім қабылдау кезеңі. Оның шеңберінде бірінші фазада инвестициялау мақсаттары қалыптастырылады, екінші фазада инвестициялау бағыттары анықталады, ал үшінші кезеңде нақты объектіні таңдау, дайындық және инвестициялық келісім-шарт жасау жүзеге асырылады.

Екінші кезең - инвестицияларды жүзеге асыру, оларды жүзеге асыру бойынша әртүрлі келісімдер жасау жолымен құқықтық нысанда орындалатын практикалық әрекеттер. Яғни осы кезең инвестициялардың өзін-өзі жабу мерзімімен сәйкес келеді.

Үшінші кезең (эксплуатациялық) инвестициялық қызметтің ждасалған объектісін пайдаланумен байланысты.

Банктердің инвестициялық процеске қатысуының негізгі бағыттары:

- банктердің қаражаттарды инвестициялық мақсаттарға жинақтауы;

- инвестициялық сипаттағы несиелер ұсыну;

- бағалы қағаздарға, пайларға, үлестік қатысуға салымдар (банк есебінен, сондай-ақ клиент тапсырмасы бойынша) [8, 62б. ] .

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздарды екі топқа бөлінеді: қор (акция, оюлигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер) .

Осы орайда, коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операцияларына қатысты қор нарығы түсінігін ашып алған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Бағалы қағаздардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарын қалыптастыру мәселелері
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Жаһандану жағдайындағы банк жүйесінің ролі
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Банктің барлық активтері 2005 жылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz