Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Өтімділікті басқарудың теориялық аспектілері . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері . . .
6: 14
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Банк өтімділігін бағалаудың шетел тәжірибесі . . .
6: 16
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . .
6: 22
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Банктің қызмет ету негіздері және қаржылық жағдайын жалпы шолу . . .
6: 22
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Банк активтерінің құрылымын талдау . . .
6: 24
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Банктің міндеттемелері мен капиталын талдау . . .
6: 32
КІРІСПЕ . . .: 2. 4 Банктің өтімділік көрсеткіштері мен өтімділік тәуекелін талдау . . .
6: 37
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 БАНКТЕР ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ . . .
6: 41
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Басқару тиімділігін қамтамасыз ету тұрғысында өтімділікті басқару әдістерінің үлгісі . . .
6: 41
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Мемлекет тарапынан банктер өтімділігін басқару бойынша іс-шаралар . . .
6: 52
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 58
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 61
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А ҚОСЫМШАСЫ - «Банк ЦентрКредит» АҚ 2009, 2010 жылдардағы бухгалтерлік балансы . . .
6: 63
КІРІСПЕ . . .: Ә ҚОСЫМШАСЫ - «Банк ЦентрКредит» АҚ 2009, 2010 жылдарғы шоғырландырылған қаржылық есептемесі . . .
6: 65

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету - экономиканың тиімді қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады. Банк коммерциялық кәсіпорын ретінде қолында бар несиелік ресурстарды тиімді салуға мүдделі болып табылады. Пайданы барынша көбейтуге талпыну тәуекел дәрежесі жоғары операцияларға қаражат салымын жасауды білдіреді. Осы орайда «сенімділік-пайдалылық» ұғымдарын бүтіндей қарастыруда өтімділік мәселесі туындайды. Банктің өтімділігі ретінде банктердің клиенттер алдында міндеттемелерін орындау қабілеті түсініледі.

Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активі мен пассивін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.

Көптеген банк қызметкерлері банктің активі мен пассивін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Біздің ойымызша, бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Коммерциялық банктердің өтімділігін басқару теориясы және тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Г. Марковиц, Дж. Тобин, У. Шарп, Ф. Модильян, М. Миллер, М. Дженсен, У. Меклинг, А. Смит, Дж. М. Кейнс, П. Роуз, Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гилл, Р. Смит, Т. Кох, Б. Улиямс, Дж. Неман, О. Моргенштейн, А. Чендлер, И. Ансофф, К. Эндрюс, Г. Клейнер, А. Мовсесян, И. Хоминич, П. Диетерин, А. Фурнье, С. Липп, Дж. Мак Колл, А. Куракие, Р. Сомерс және өзгелер.

Коммерциялық банктің активі мен пассивін және жалпы өтімділігін басқаруды қаржы менеджментінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И. В. Ларионова, О. И. Лаврушин, В. М. Усоскин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробова, М. А. Поморина, Ю. С. Масленченков, Н. Е. Егорова, И. Т. Балабанов, И. А. Бланк, Е. С. Стоянова, В. В. Ковалев, В. И. Колесников, О. М. Марков, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская, О. В. Ефимова, В. В. Ковалев және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банктердің активтері мен пассивтерін басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, А. Б. Зейнелғабдин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, С. С. Арыстанбаева, Н. Н. Хамитов, З. Д. Искакова, Ә. Д. Шелекбай, Г. Т. Абдрахманова, А. А. Мусина және т. б. еңбектерінде кездеседі.

Коммерциялық банктің өтімділігін басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің өтімділігін басқаруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің өтімділігін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк активтері мен пассивтерін теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • коммерциялық банктерде өтімділікті басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасында белгіленген өтімділік коэффициенттерінің нормативтік мәндерін анықтау;
  • өтімділікті басқару тұрғысындағы шетел тәжірибесін зерделеу;
  • нақты банк мысалында банктің активтері мен пассивтерін басқару қызметін, өтімділік коэффициенттері нормативтерінің орындалуын талдау;
  • екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқару бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу пәніне ҚР екінші деңгейдегі банктердің активі мен пассивін басқару арқылы өтімділігін басқару үдерісі жатады.

Зерттеу объектісіне «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының өтімділікті басқару қызметтері жатады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктердің активі және пассивін, өтімділігін басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, «Банк ЦентрКредит» АҚ есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктің активі мен пассивін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Өтімділікті басқарудың теориялық аспектілері

Қазіргі экономикалық әдебиеттер мен тәжірибеде банктік өтіміділік түсініге біржақты анықтама берілмеген. «Өтімділік» термині латынның «liquidus» сөзінен шыққан, аудармасында ақпалы, сұйық деген мағынаны білдіреді, яғни өтімділік қандай да бір объектіге қозғалыс, ауысу жеңілдігінің сипаттамасын береді.

20-жылдардың кеңестік экономикалық әдебиеттерінде «өтімділік» түсінігі «несиеқабілеттілік» түсінігімен тығыз байланыста қарастырылған және кәсіпорынның меншікті және қарыз айналым қаражаттарын және олардың қолданылу дұрыстығын бағалау үшін қолданылған.

Кеңес дәуірінде ғылым мен тәжірибе өтімділік түсінігін капиталистік экономикадағы дағдарыс, банктер мен фирмалардың банкроттылығы түсініктерімен ажырағысыз байланыстыратын, ал жоспарлы және прапорционалды түрде дамып келе жатқан социалистік экономикада бұл жағдайдың мүлде болуы мүмкін емес қарастырылатын. Яғни, өтімділік капиталистік елдерде «фирмалардың, кәсіпорындардың немесе банктердің өздерінің барлық міндеттемелерін және оларға қойылған заңды талаптарды үздіксіз төлеу алуының нақты мүмкіндігін (қабілеттілігін) қамтамасыз ететін активтердің жинақтылығы» ретінде түсінілді. Басқаша айтсақ, өтімділік шаруашылық субъектісі активтеріне тән сипаты ретінде, яғни олардың қолма-қол ақшаға жылдам айналу қабілеттілігіне негізделген жинақтылығы, қозғалғыштығы ретінде қабылданды.

Қаржылық-несиелік сөздікте өтімділік «банктердің өз міндеттемелерін уақытында орындауын қамтамасыз ету қабілеттілігі» түсіндірілді, яғни банк, оның қызметі тұрғысында анықталды.

Заманауи экономикалық әдебиеттерде «өтімділік» термині қолданудың кең спектірін иеленеді және экономиканың түрлі объектілерін сипаттайды.

Келтірілген түсініктермен қатар ол экономикалық өмірдік нақты объектілерімен (тауар, бағалы қағаз), ұлттық экономика субъектілерімен (банк, кәсіпорын, нарық), сонымен қатар экономикалық субъекті қызметінің сипатты белгілерін анықтау үшін (кәсіпорын балансы, банк балансы) қатысты өзге де түсініктермен үйлесе отырып қолданылады [1, 89б. ] .

Өтімділік ретінде банктердің ақшалай нысандағы өз міндеттемелерін тек коммерциялық банктердің несиелік қана емес, сондай-ақ кассалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып уақытылы өтей алу мүмкіндігі түсіндіріледі. Банктер өтімділігі мыналарға байланысты болады:

  1. депозиттердің сипатына, көлемі мен құрылымына;
  2. несие нарығында банктің жедел қарыз ала алу мүмкіндігіне;
  3. активтер құрылымының (несиелік салымдар) мерзімі және құрылымы бойынша пассивтер (ресурстар) құрылымымен сәйкес келуіне, себебі, мәселен, тұрақты бюджет тапшылығы жағдайында банк активтері құрамында мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар, қазынашылық міндеттемелер) үлес салмағының артуы банк жүйесінің өтімділігін әлсіретеді;
  4. экономикалық конъюнктураға, себебі, мәселен, экономиканың тұралап қалуы клиенттерді банктердің өз салымдарын алуына итермелейд, ол тек олардың өтімділігін ғана нашарлатып қоймай, банктердің жоюылуының себебі де болуы мүмкін;
  5. экономикадағы қарама-қайшылықтардың әсерінен қолма-қол ақша айналымының бұзылуына;
  6. банктің ақша резервтерінің өсуіне, себебі депозиттер сомасы ұсынылған несиелер көлемінен жоғары болғанда, банктер максималды өтімділікке ие болады.

Сонымен банктердің өтімділігі - бұл олардың салымшылар, кредиторлар және өзге де клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы және жоғалтуларсыз орындау қабілеті. Банк міндеттемелері нақты және шартты міндеттемелерден қалыптасады [2, 125б. ] .

Нақты міндеттемелер банк балансында талап етуге дейінгі депозиттер, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, кредиторлар қаражаттары түрінде айқындалады.

Шартты міндеттемелер баланстан тыс пассивтік (банкпен берілген кепілдемелер және т. б. ) және баланстан активті операциялармен (пайдаланылмаған несиелік желілер және шығарылған аккредитивтер) сипатталады.

Міндеттемелерді орындау үшін банк келесі өтімді активтерді қолданады:

  • кассадағы және корреспонденттік шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтарымен сипатталатын қолма-қол ақша;
  • қолма-қол ақшаға жылдам айналдыруға болатын активтер;
  • банкаралық нарықтан немесе ҚР Ұлттық банкінен қажет болғанда алуға болатын банкаралық несиелер;
  • өзге де тартылған қаражаттар, мәселен, депозиттік сертификаттар және банктік вексельдер шығару.

Өтімділіктің екі түрін қарастыруға болады: банкпен жинақталған өтімділік, яғни қолма-қол ақша, жоғары өтімді бағалы қағаздар және сатып алынған өтімділік, яғни тартылған банкаралық несиелер, банктік вексельдер шығару, депозиттік және жинақ сертификаттары. Банк өтімділігінің бұл сипаттарын сақтау банк қызметінің сапасын және сыртқы орта жағдайын анықтайтын ішкі және сыртқы факторлармен негізделген.

Ішкі факторлар қатарына банк активтерінің сапасы, тартылған қаражаттар сапасы, активтер мен пассивтердің мерзімдері бойынша сәйкестігі, сауатты менеджмент, банк имиджі.

Кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды.

Банктердің активтерін басқару меншікті және қатыстырылған қаржыларды жоғары табыс пен тәуекелдің төмен болуына ұмтылу арасында обьективті қажетті тепе-теңдіктің тұрақты түрде қамтамасыз етілуін ұстап тұратындай тәртіпте орналасытыруын білдіреді.

Активтерді басқару кезінде мынадай маңызды қағидаларды сақтай білу көзделеді:

  • активті оепрацияларды жасау кезінде үнемділікке қол жеткізу;
  • тәуекел қалыптары шегіндегі операциялар;
  • активтік және пассивтік қаржылардың тепе теңдігі;
  • кіріс келтірушілікті қамтамасыз ету.

Сыныптық және өтімділік дәрежесі бойынша активтердің жіктеуін келесі түрде беруге болады:

  • банк кассасының болуы (касса, Орталық банктегі корреспонденттік, ағымдағы есп шоттар) ;
  • бірінші сыныптағы бағалы қағаздар (айналымдағы коммерциялық вексельдер, мемлекеттік қазынашылқ вексельдер, мемлекеттік облигациялар) ;
  • банк несиесі (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді) ;
  • кешіктірілген ссудалар (мерзімінде қайтарылмаған, екі немесе одан да көп мерзімге ұзартылған) ;
  • Қозғалмайтын мүлік (ғимарат, құрал жабдықтар және т. б) [3, 88б. ] .

Банктер активтерді басқару кезінде әрбір қоржынның түрлері мен әрбір қоржынның мазмұнын жеке жеке ала отырып, банктің өз меншіктік қоржынының мазмұнына талдаулар жасайды. Банк қоржыны баланс активтрі мен пассивтерінің барлық жақтарын сипаттайды. Мынадай қоржын (портфель) түрлері бар:

  • несие қоржыны;
  • бағалы қағаздар қоржыны;
  • қолма-қол ақша (нақтылы) қоржыны;
  • инвестициялар қоржыны.

Мысалы, несие қоржынына талдау жасау кезінде: шұғыл несиелер ме, әлде уақытында қайтарылмаған несиелер ме; қысқа мерзімді немесе проблемалық несиелер ме; қалыпты немесе проблемалық несиелер ме, соларды анықтау көзделеді.

Активтердің өтімділігі коммерциялық банк активтері тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері болып қатысады. Бұл - көлемді кешенді көрсеткіш. Өтімділік көрсеткіштері банктердің тәжірибесінде кең түрде қолданылатын коэффициенттермен өлшенеді.

Банк активтерінің сапасы үш сипатты айқындайды: өтімділікті, тәуекелділік, табыстылық.

Активтер өтімділігі - активтерді өткізу немесе қарыз алушымен міндеттемелерді өтеу жолымен активтердің қолма-қол ақшаға жоғалтуларсыз ауысу қабілеттілігі. Мүмкін жоғалтулардың дәрежесі активтер тәуекелділігімен негізделеді. Өтімділік дәрежесі бойынша банк активтері бірнеше топтарға бөлінеді (1-сурет) .

Сурет 1. Банк активтерінің өтімділік дәрежесі бойынша жіктелуі1

Бірінші топты жоғары класты өтімді активтер құрайды:

  • банк кассасы мен корреспонеденттік шоттарындағы банктің ақша қаражаттары;
  • банк қоржынындағы мемлекеттік бағалы қағаздар.

Өтімді активтердің көрсетілген тобының жоғары үлесі депозиттер көлемі үлкен және тұрақсыз немесе несиелерге сұраныстың артуы күтілетін банктерге қажет.

Екінші топқа мыналар кіреді: заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер; банкаралық несиелер, факторингтік операциялар; сату үшін арналған корпоративті бағалы қағаздар. Олардың қолма-қол ақшаға айналу кезеңі -ұзағырақ болады.

Активтердің үшінші тобы банктің ұзақ мерзімді салымдары мен инвестицияларын, соның ішінде ұзақ мерзімді несиелерді, лизингтік операцияларды, инвестициялық бағалы қағаздарды қамтиды.

Активтердің төртінші тобы - мерзімі өткен несиелер түріндегі, кейбір бағалы қағаздардың түрі, ғимараттар мен құрылыстар түріндегі өтімді емес активтер.

Активтердің өтімділігі төмен болған сайын, олардың тәуекелділігі жоғары болады, яғни активтерді ақша қаражаттарына айналдыру кезіндегі әлеуетті жоғалтулар мүмкіндігі жоғары болады.

Активтер табыстылығы - бұл олардың банкке табыс әкелу қабілеттілігі. Осы критериі бойынша активтер табыс әкелетін (несиелер, бағалы қағаздар салымдар және т. б. ) және табыс әкелмейтін (ҚР ҰБ корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттары, ғимараттар мен құрылытар және т. б. ) болып бөлінеді [4, 122б. ] .

Сонымен қатар банк өтімділігі тартылған қаражаттардың сапасымен де анықталады, яғни міндеттемелердің өтімділігімен, депозиттердің тұрақтылығымен және сыртқы қарызданудан қалыпты тәуелділікпен анықталады.

Міндеттемелер өтімділігі оларды өтеу жылдамдығы мен банк үшін тартылған қаражаттарды көлемін белгілі бір деңгейде ұстап тұру кезіндегі қайталану дәрежесін сипаттайды, олардың мерзімдік құрылымын айқындайды.

Активтер мен пассивтердің сомалары және мерзімдері бойынша сәйкестігі банк өтімділігіне маңызды әсер тигізеді. Клиенттер алдындағы міндеттемелерді банктің орындауы ақша қаражаттары инвестицияланатын мерзімдерді оның салымшылары ұсынып отырған мерзімдермен келісуін білдіреді. Негізінен тартылған ресурстармен жұмыс жасайтын банктердің бұл ережені сақтамауы олардың кредиторлар алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындамауына әкелуі мүмкін.

Банк активтері мен пассивтерінің, сонымен қатар кезеңдегі олардың шартты міндеттемелерінің ара қатынасы банктің өтімді позициясының жағдайын анықтайды. Банктің өтімді жайғасымы жағдайының оның өтімділігіне әсер етуін бағалау кезінде тек мерзімдері бойынша активтер мен пассивтер көлемінің сәйкес келмеуін ғана емес, бұл сәйкессіздіктің жалпы міндеттемелерге қатысты деңгейін, сонымен қатар бұл сәйкессіздіктердің динмикасын ескерген жөн.

Банк өтімділігінің ішкі факторларына менеджмент, яғни жалпы банк қызметін басқару мен өтімділігін басқару жүйесі жатады. Банкті басқару сапасы келесілермен анықталады:

  • банк саясатының мазмұнымен;
  • стартегиялық және ағымдағы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін дұрыс ұйымдастырушылық құрылыммен;
  • банк активтер мен пассивтерін басқару мехнизмімен;
  • тәртіптердің, соның ішінде жауапкершілікті шешімдер қабылдауға қатысты тәртіптердің нақтылығы [5, 114б. ] .

Банктің өтімділігі имидж сынды факторды да негіздейді. Банктің оң имиджі ресурстарды тарту кезінде өзге банктердің алдында артықшылық береді, депозиттік базаның тұрақтылығын және шетелдік серіктестермен байланыстардың дамуын қамтамасыз етеді.

Банк өтімділігінің сыртқы факторларына мыналар жатады:

  • елдегі саяси және экономикалық жағдай;
  • бағалы қағаздар нарығының және банкаралық нарықтың дамуы;
  • коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі;
  • оның қадағалаушы органдарының тиімділігі. Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері

Тәжіриебе жүзінде өтімділікті бағалаудың екі әдісі қолданылуы мүмкін: коэффициенттер арқылы және қолма-қол ақша ағынының негізінде.

Өтімділік мынадай коэффициенттермен және лимиттермен сипатталады:

- банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен (к4) ;

- банктің қысқа мерзімді өтімділік коэффициентімен (к5) ;

- ағымдағы валюталық өтімділік лимитімен;

- қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимитімен;

- орта мерзімді валюталық өтімділік лимитімен.

Банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті мен қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің ең аз мәнін уәкілетті орган белгілейді.
Банктердің ағымдағы өтімділік коэффициенті банктердің талап ету бойынша міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатысы ретінде есептеледі.

Жоғары өтімді активтер есебіне мыналар енгізіледі:

1) қолма-қол ақша;

2) тазартылған қымбат металдар;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, “Қазақстан ипотекалық компаниясы” акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

4) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor’s агенттігінің “ВВВ” рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі бар резидент емес банктердегі талап ету бойынша салымдар;

5) Қазақстан Республикасының банктеріне және Standard & Poor’s агенттігінің “ВВВ” рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар резидент емес банктеріне берілетін “овернайт” заемдары;

6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4159 тіркелген) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингiсі бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары;

7) тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы» 2004 жылғы 9 ақпандағы № 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 тіркелген) белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
Банк өтімділігі
ҚР-дағы коммерциялық банктердің баланстарының өтімділігін бағалау
Банк өтімділігін басқару әдістері
Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері
Қаржыларды ауыстыру теориясы
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банк табыстылығын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz