Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3-5
Кіріспе: І. Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.
3-5:
Кіріспе: 1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
3-5: 6-16
Кіріспе: 1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
3-5: 17-28
Кіріспе: 1. 3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.
3-5: 29-33
Кіріспе: ІІ. Бастауыш сынып оқушыларын сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілетін арттырудың әдістемесі.
3-5:
Кіріспе: 2. 1. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары.
3-5: 34-44
Кіріспе: 2. 2. Оқушылардың шығырмашылығын жетілдіруде жүргізілген ашық сабақ үлгілері
3-5: 45-54
Кіріспе: Қорытынды
3-5: 55
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3-5: 56-57

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Бүгінгі Қазақстан Республикасы жаңа принциптерге негізделген, ұзақ мерзімді дамудың басымдылықтарын жүзеге асыру бағытында және Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстандықтарға жолдауында көрсетілгендей әлемдегі бәсекеге қабілетті барынша дамыған елу елдің қатарына кіру жолында егемен мемлекет құруда. Осыған сәйкес, білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеру талап етіліп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер оны орындаушылардан шығармашылық бастамалылық, тың көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. [1]

Егемен еліміздің тірегі - білімді де саналы ұрпақ. Білімнің негізгі бастауы бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан бастауыш білім беру сатысы үздіксіз білім беру жүйесіндегі басты, сабақтас буындар болумен ғана емес, ең алдымен дамуы қуатты жүретін, аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді және бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, тұлғалық келбетін сомдауға маңызды үлес қосады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, шығармашылық қабілетін дамытуға және келешек жастарымыздың ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Білім - дүниетанудың, дамудың кәусар бұлағы. Білім неғұрлым тереңдеген сайын, адам дүние танымы да кеңейе түсіп, қалыптасып, тұрақтана түседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз. ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік пен білімділік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. [1]

Шығармашылық - бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет.

«Шығармашылық» - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

«Шығармашылық» - адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Л. Р. Выготский, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, А. Л. Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Әбділдин, ҚБ. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т. б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. Осы ғалымдардың еңбектерін тұжырымдап, пікіртлерін шығармашылық, қабілет деген ұғым, түсініктерді ұғынып, оны қалыптастырудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап дамыту жолдары жолға қойылуда.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған мәселелер қазіргі білім беруді дамыту кезеңінде өте өзекті мәселелер қатарына кіреді. Өйткені жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде әсіресе бастауыш мектеп оқушыларын жан-жақты дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте күрделі үдеріс болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қиялын, логикалық ойлауын, шығармашылығын арттыруға мүмкіндіктер беретін, дене, психикалық, физиологиялық дамуына шешуші ықпал жасайтын әрі өте ыңғайлы сензитивтік кезең болып табылады.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Осыған орай, баланың өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - бастауыш мектепте берілетін білімнің басты мақсаты.

Бұл күрделі мақсатты шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдердің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Міне, сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады. Бұл істі нәтижелі етуде дамыта оқыту жүйесінің қағидалары тірек етіледі.

Ғалым, ұстаз, ойшыл Ахмет Байтұрсыновтың бұл заманға қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін - өнер, білім екендігі, сол білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмай, өз алдымызға бір жұрт екенімізді білетіндігі туралы тұжырымына сәйкес, жас баланы біліммен сусындатып, бағып күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, олар өспейді, өнбейді. [2]

Балалар төңірегіндегі нәрселердің барлығына қызығады, олардың дүниеде үйренгісі келмейтін өнер-білім жоқ, егер оларды қызықтырсаң барлығы бірдей оқып-тоқығысы келеді. Баламен тіл тауып, оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға - ұстаз. Сондықтан да мұғалім оқушылардың бүкіл танымдық іс-әрекеттерінің дамыту үшін тиісті жағдайларын жасап, олардың талаптарын өрістетіп, дұрыс бағыт беріп, өз бетінше ізденуге шақырса, онда олардың шығармашылық қабілеттері дами түседі.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын жетілдірудің теориялық негізін ашу және оның тиімді жолдарын айқындау.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздерін талдау.

- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастырудағы оқытудың ғылыми - әдістемелік, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

- Оқушылардың шығармашылығын жетілдірудің формаларын анықтау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Білім мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, танымдық қызығушылық, шығармашылық қаблеттерін дамыту туралы философ, педогог, психолог еңбектері, бастауыш сынып мұғалімдерінің озат тәжірибелері; педогогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпытардағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша ғылыми психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, бақылау, бастауыш сыныпта жүргізілетін озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сараптау, тестілеу.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру.

І. Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, кандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж. ) . [3]

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б. М. Тепловтың, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, дидактик педагог Т. С. Сабыровтың т. б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін «қабілет» деген ұғымды түсініп алуымыз керек. Қабілет ұғымына психологиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т. Тәжібаев «қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдығыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» деп түсінік берді. [4] Сонымен қатар қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе көптеген психолог ғалымдар А. Н. Леонтьев, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, В. С. Шубин, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, А. В. Петровскийлер өз пікірлерін былай деп тұжырымдады. Қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол онда ұзақ процеске айналатынын айтты. Қабілеттер күні бүгінге дейін көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесінің назарын аударып, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Мысалы, Н. В. Кузмина «қабілеттер» оның құрамы үш түрлі қасиеттер тобынан тұратынын анықтап, дәлелдеп, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетті. А. Н. Леонтьев «қабілеттерге берген пікірі» дамытудағы әлуметтік-жағдайлардың шешуші роль арқаратындығына назар аударды. С. Л. Рубинштейн «іс-әрекеттің» қабілетті дамытуындағы ролін анықтады. Осы негіздерге сүйене отырып ғалымдардың пікірлерін теорияда қалыптасқан біртұтастықта қарастырылатын яғни, «қабілеттердің әрекетте дамитындығы» жөнінде қағида қалыптасқан. Осы еңбектердегі теориялық түсініктерге сүйене отырып, осы проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отыратындығын, оларда бір-біріне деген қарама-қайшылықтың жоқ екендігін байқадық. Осы еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, оны ары дамытуға, белгілеуге үлесін қосады. Қабілеттер туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып, жетіліп отырады. Қабілеттердің дамуы әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Бала бойындағы қабілеттер жалпы және арнайы болып табылады. [5]

  • Ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұни, Әл-Фараби, Абайды да «шығамашылық», «қабілет» деген ұғым-түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты - озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу болып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Ы. Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал М. Жұмабаев оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұмына негізген ғалым-педагог болды. Ал ғалым Қ. Ә. Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы «оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындаған». Я. А. Паномарев «шығармашылық қабілетті» «даму» ұғыну мен қатар деп түсіндіреді. М. Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. «Шығармашылық әрекет» өмірде оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда «даму» сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. «Даму» сөзінің психологиялық анықтамасы «жаңару», жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады.

Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы: 1930-40 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек 1950 жылдардың ортасынан бастап бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В. П. Шункова), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина) т. с. с. зерттеулер.

Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман т. б. еңбектерінде қарастырылды.

Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы - оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындады.

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам баласының табиғи мүмкіндіктері болады, олар тек белгілі-бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығы атап көрсетілген.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның касиеттерінің синтезін атайды. «Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері». «Қабілеттер - іс-әрекеттің белгілі-бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» т. б. Қабілеттер мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып келді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге болады. [6]

Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Біріншілер - қабілеттер мәселесін теориялық тұрғысынан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Енді сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы ролін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория бір тұтастықта қарастырылатын болды.

Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б. М. Теплов және оның шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың роліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге карсы, туа берілген тек табиғи алғы шарттар, яғни нышандар деп қорытындылайды. [7]

А. Н. Леонтьев басқа авторлардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағы әлеуметтік жағдайлардың шешуші ролі болатындығына назар аударады. [8]

Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, ол таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығы екендігін айтады, оның пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады. [9]

Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес қабілетті іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет ретінде қарайды. Ақыл-ой қабілетінің алғышарты белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды жасайды.

К. К. Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен байланыста қарастырады.

Жоғарыда аталып өткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде В. А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады және басқа да зертеушілер сияқты қабілеттер әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін касиет деген пікірді куаттайды.

Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген В. И. Киреенко қабілеттер адамдардың жекелік айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да әрекетте дамитындығын дәлелдейді.

Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н. В. Кузьмина оның құрамының 3 түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.

Қабілеттер жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл мәселеге деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларда соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.

Сонымен, қабілеттер жайлы барлық айтылғандарды қорыта келе, біз төмендегідей тұжырым жасаймыз.

Қабілеттер мәселесі - оқушылардың жекелік айырмашылықтар мәселесі. Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Бала бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.

Қабілет әрекеттің белгілі-бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Академик Т. Тәжібаев бейімділікті адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі ретінде көрсетеді. Бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділігі оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады. [10]

Психолог Н. С. Лейтес баланың бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл-ойының өсуіне жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып мұғалімдерінде кішкентай бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу қасиетінің, оны әрі қарай дамытуға деген үлкен жауапкершіліктің болғаны дұрыс деп есептейді.

Қабілеттер мәселесін қарастыруда «талант», «дарын» термиңдерін айналып өтуге болмайды.

Көптеген зерттеушілер мен психологтар «таланттылық» деп белгілі бір салада (өнер, музыка т. б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды. Олар таланттылықтың тұқым куалау арқылы берілуі өмірде кеп кездесетін . жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (З. Гильбух, В. С. Юркевич) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz