ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ3

1 ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ7

1. 1 Географиялық орны, табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстары және ландшафт ерекшеліктері7

1. 2 Табиғи климаттық және гидрографиялық жағдай. 12

1, 3 Топырақ және өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі14

2 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ РЕСУРСТАР ТОПТАМАСЫ ЖӘНЕ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ19

2. 1 Тарихи-археологиялық ескерткіштер. Тастардағы жазбалар19

2. 2 Ұлттық саябақтың ресурстық инфроқұрылымдары (коммуникация, жол тораптары, байланыс) 29

2. 3 Ұлттық саябақтың танымдық, спорттық сауықтыру және емдік функцияларының рөлі35

3 Ұлттық саябақтың туризмді және демалыс орындарын дамыту мүмкіншіліктері. 38

Ұлттық саябақтың инвестициялану жағдайы38

3. 2 Экологиялық мәселелері43

ҚОРЫТЫНДЫ50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ52

ҚОСЫМША А54

ҚОСЫМША Ә55

ҚОСЫМША Б56

ҚОСЫМША В57

ҚОСЫМША Г58

ҚОСЫМША Ғ61

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурызындағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арнаған бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арнаған орта мерзімді жоспарына (екінші кезең) сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1445 қаулысымен бекітілген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арнаған бағдарламасын іске асыру кезеңінде халықаралық туристік байланыстар біршама кеңейді, туристік саланың заңнамалық және нормативтік құқықтық базасы жетілдірілді. Бұл ретте туристік саланы дамыту жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі №712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арнаған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының негізгі өлшемдерін есепке ала отырып іске асыруға басты назар аударылды.

Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік индустрияның экономикасының басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканының сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфроқұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Туған өлкеде туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді, мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын жақсартып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.

Туризм осындай мол рухани қазына силаумен қатар жасөспірімдерге тәрбиелік дәріс беретін қоғамдық мектеп. Ұлы саяхатшы Н. М. Прежевальский «Өмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға болады » деп үнемі айтып өткен. Туристер өз жорықтарында жаңалықтар ашып, қоғамға белгілі бір дәрежеде пайда келтірсе, екінші жағынан денсаулығын шынықтырады, организмдерінің мезгілсіз қартаюына жол бермейді.

Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы - туризм.

Елбасы Н. Назарбаевтің 2030 стратегиялық бағдарламасында « Туризм, спорт, денсаулыққа баса назар аударуды басшылыққа ала отырып, туған елімізде салауатты өмір салтының даңғыл жолын салуға болады » делінген. Сондықтан туристер еліміздің қай жерінде болмасын табиғатқа және оның сұлулығына сүйіспеншілікпен қарап, қоршаған ортаның сән аясында тәртіп бұзбай, жақсылап демалып қайтып отырса құба - құп. Егер туристер жүрген жерде табиғатты қорғау туралы заңдардың талабын орындамаса, онда табиғатқа өлшеусіз шығын келтіретіні сөзсіз. Баянауыл өлкесінің сұлу табиғатының ортасы - Баянауыл тауларының жоталар аймағы жасыл орманға бөленген биік тау қиялары, күмістей мөлдір көлдері, жұпар иісі аңқыған гүл жамылған алаңдары, жидекті - жемісті табиғи баққа толы сай - салалары, сарқырап аққан бұлақтары, таңғажайып жаратылған жартастары мен тау шыңдары, самал ауасы жанға сая болған бұл таулы алқапты халық ежелден Сарыарқаның «Жер ұйығы» атаса, қазірде Қазақстанның « Швейцариясы » атайды.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы - Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Саябақтың аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары) . Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) - Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған.

Саябақ 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық саябағы болып табылады. Ұлттық парктің аумағы 3 филиалға бөлінген: Баянауыл (19188 га), Жасыбай (22904 га, ) және Далба (8596 га) . 1994ж ұлттық саябаққа Қызылтау мемлекеттік табиғи қорығы қосылды. Оның аумағы 6 га. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды.

Саябақтың жалпы аумағы 68 453 га. құрайды. Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоғырларынан тұрады ; Саябақта 20- дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тасты жазулар мен таңбалар, үңгірлер (« Әулиетас », « Драверт » т. б. ) бар.

Саябақ аумағында үш ірі тұщы сулы көл - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан. Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады.

Ең ірі көл - Сабындыкөл (тура аудармасы - «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.

Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл - Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді) .

Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (« Найзатас », « Кемпіртас », « Көгершін », « Атбасы » т. б. ) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400- ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш т. б) сондай - ақ Қазақстанның « Қызыл кітабына » енгізген жабысқақ, қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100 - ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40 -тан аса түрлері ( арқар, елік, қасқыр, түлкі т. б ) мекендесе, құстардың 143- ден астам түрлері ( шіл, бүркіт, қаз, аққу ) ұялайды. Аққу, арқар, бүркіт Қазақстанның « Қызыл кітабына » енгізілген. Балықтың 8 түрі ( шортан, сазан, оңғақ т. б ) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады.

Жұмыстың көкейкестілігі: Табиғатты пайдаланудың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, табиғи ортаның тұқым қоры мен табиғи қауымдастықты сақтау және оның ұдайы жаңаруын қамтамасыз ету, экологиялық тепе-теңдікті орнату мен адам өміріне қажетті табиғи орта жағдайын жақсарту үшін, табиғи жағдайда ландшафтты аймақтың 30%-ын сақтау керек. Олай болса, табиғи ортаны, табиғи ресурстарды, сирек және жойылу қаупіндегі түрлерді сақтаудың, адам денсаулығын жақсарту және өмірлік деңгейін көтерудің, экожүйені тұрақтандырудың бір жолы -ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ табиғи ортаның сыры ашылмаған дүниеліктерін қарастырып, салыстырып, оны ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді және әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму жағдайын көрсетеді.

Баянауыл ұлттық табиғи саябағының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктерін дамытуды, сонымен қатар табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау еліміздің туризм саласын дамыту ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Жұмыстың мақсаты: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік - рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы өлкенің рекрация қуаттылығын көрсету және аймақты үлкен халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Осы өлкенің қазіргі жағдайы мен мүмкіншіліктерін көрсету. Математикалық сараптамалар жасалып, тарихи деректер жинақталды. Туристер мен демалушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді. Қазіргі мүмкіншіліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар жасалды. Сонымен, жұмыстың мақсаты- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік - рекреациясын дамыту жолдарын көрсетіп, адамдардың көңілді демалуы үшін табиғатты табиғи қалпына келтіру.

Жұмыстың міндеттері:

  • Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының географиялық орнын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын анықтау; саябақтың туристік-рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындау; инвестиция қорларына баға беру; экологиялық мәселелерін қарастыру және ұсыныстар беру.

Зерттеу нысандары: аймақтағы туристік - рекреациялық ресурстардың даму мүмкіншіліктерін меңгерудің дәрежелерімен танысу. Туризмді дамыту факторларына баға беру.

Практикалық әдіс - тәсілдері: әдебиеттермен жұмыс, архив мәліметтері мен статистикалық мәліметтер жинау, дала тәжірибелері мен нәтижелері, анализдеу және синтез, географиялық тәжірибелер мен мәліметтер.

Құрылымы: кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, қосымшалардан тұрады .

1 ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

1. 1 Географиялық орны, табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстары және ландшафт ерекшеліктері

Павлодар облысы мемлекетіміздің ең сұлу өңірлерінің бірі Баян-Ауыл ұлттық паркімен әйгілі. Ол өндірісі жоғары дамыған Екібастұз қаласынан 100 километр қашықтықта орналасқан. Ұлттық паркте 4 түрлі өсімдік әлемі: орман зонасы, тал, жазық дала және дала зонасын құрайды.

Баянауыл табиғи ұлттық саябағы - Баянауыл ауданының орталығында орналасқан. Солтүстігінде Торайғыр ауылдық округінің, оңтүстік- шығысында Ақсан ауылдық округінің, оңтүстік-батысында Құндыкөл ауылдық округінің территориясымен шектеседі. 50 0 15 / с. е. - 75 0 30 / ш. б. -та орналасқан.

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябағының территориясы өзінің

көтеріңкі массивімен Қазақ ұсақ шоқысының құрамына кіреді [1] .

Тау өлкесі биік өркешті келген жоталардан, өзекті сайлармен бөлінген тау блоктарынан және жоталарға қосарлана біткен жеке тау шоқыларынан құралады.

Баянауыл таулы массиві кембрийге дейінгі жыныстарға немесе айтарлықтай гранитті интрузияларға байланысты біз қарастырып отырған нысана шұғыл 800-850 және 1000-1300 м-ге дейін көтеріледі. Мұнда төменгі және орта палеозойдағы жанартаулық шөгінділер (құмдақ, портифириттер, липориттер т. б) қойнауының қалыңдығымен айқындалады. Цокольды қатпарлар қатарында герциндік интрузиялар гранитоидылармен бұзылған.

Оған Баянауыл гранитті массиві секілді Қойтас және Қарқаралы таулы массиві де жатады.

Тау силур мен девон кезеңінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Мезозой кезеңінде сыртқы күштің әсерінен жеміріліп, осы күнгі бедері пайда болған. Тау басы қия, жартасты болып келеді.

Баянауыл таулары Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан-шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен- оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолют биіктігі 600-1000 м, ең биік жері-Ақбет тауы (1027м) .

Негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген үш бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы-1027м, Өгелен тауы- 969м, Шибет тауы-728м, Сарытау-747м Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы-685м. Басқа таулы шоқылар аласа келген-300-500м биіктіктерден тұрады [ 2 ] .

Ұсақ шоқылар жеке-жеке жолдардан, төбешіктерден және биіктігі 350-500 м. жететін сүйір тастардан тұрады. Аймақтың рельефі жалпы алғанда тар аңғарар, шатқалдар, жыралар, тік тектоникалық жарықтармен айғызданған.

Қазіргі кезде рельефінде шөгінді жыныстардың суысуы, аккуляциялық процестер орын алған. Бұл жерде рельефтің үш типі кездеседі: Бірінші, эрозиялық - тектоникалық рельеф. Пенепленденген көне беттің біртегіс эрозияға ұшырамауына байланысты әр түрлі дәрежеде тілімделген. Оның кей жерлерінен кейінгі тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде жер бетіне шыққан гранитті интрузиялар жалпы рельефі бойынша әдемі көрініс беріп тұрады. Бұл рельеф негізінен аймақтың солтүстігі мен орталық бөлігіне тән. Бұл жерлерде үстірт тәрізді қыраттар көп таралған. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 1000 м дейін жетеді. Қыратаралық ойыстар мен шатқалдар тік жары болып келеді. Тау беткейлері қылқан жапырақты ормандармен, ал етектері жалпақ жапырақты ағаштар, бұталармен көмкерілген. Кейбір жалаңаш құздар экзогенді процестердің әсерінен әр түрлі рельеф формаларына ие болған. [ 3 ]

Екінші, эрозиялық - скульптуралық - денудациялық рельеф ұсақ шоқылардан, денудацияланған эрозиялы беткейлерден тұрады. Ұзақ таулы рельеф жағдайында олардың биіктігі 500-700 м арасында болады. Беткейлердің аралары жатаған сайлармен және төмпешіктермен бөлінген. Жынысы негізінен шөгінді эффузивтік болады. Ұсақ шоқыларының биіктігі 280-350 м дейін жетеді. Ұсақ шоқылардың төбелері де су айрықтары болып есептеледі және қышқыл эффузивтер мүжілуге салыстырмалы түрде тұрақты келеді. Сырттан қарағанда біратты формалы. Жартастары түйетайлы, аралары кең аңғарлармен бөлініп тұрады. Орта таулы ұсақ шоқылардың жыныстары мүжілуге тұрақты келеді.

Саябақ аумағында үш ірі тұщы сулы көл - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан. Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады.

Ең ірі көл - Сабындыкөл (тура аудармасы - «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.

Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл - Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді) [ 4 ] .

Паркте өсімдіктің төрт түрі бар - тоғай, орманды дала, орман мен шабындық.

Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар - таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі.

Баянауылда 50 түрге жуық құс пен 40 түрге жуық жануар өмір сүреді, олардың ішінде құндылығы жоғары жабайы орман құстары тобын, сондай-ақ архарларды, еліктерді, борсықтарды, тиіндерді бөліп атауға болады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып келе жатқан түрі ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғалуға жататын архар парктің ерекше мақтанышы болып табылады.

Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан - бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады.

Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды.

Аудан өзінің этнографиялық, тарихи ескерткіштерімен әйгілі. Бұ жерде көне заман зираттары, көмбелер, халық күресінің көріністерін көрсететін бейнелер және орта ғасырдағы қоныс орындарын көрсететін ескерткіштер бар. Ұзақ демалыс пен туризм Сабындыкөл, Жасыбай көлдеріне орналастырылған.

Жасыбай көлінің терістігіндегі таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікке көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың 320м дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген, белбеумен белуарынан айналдыра тартылған. Шыңның етегін айнала аққан бұлаққа қайың, терек, қанды - қарағаш көптеп өскен. Маңайы жидекке, қаптап бойлап өскен жұпар иісті, түрлі өсімдіктерге толы.

Шыңның төрт құбыласы тік және беті жылтыр, тұлғасы жұмыр. Сондықтан бұл шың басына әдейі дайындалған альпинистер болмаса, жайынан адам баласы шығуы мүмкін емес.

Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық жартастары дала зонасында ерекшеленіп көтеріңкі келетін гранит массивтерімен ажыратылады. Эолдық процестер көптеген жартастарға экзотикалық келбетін қалыптастыра отырып, ұзақ уақыт бойы олардың көрінісін қатты өзгертті. Жартастардың ішінде «Кемпіртас» жартасы Баянауылға ерекше көрініс берген. Одан басқа таңқаларлық жартастарға «Құсайын Найзатасы», «Көгершін», «Ат басы», «Сәкен шыңы (Пик Смелых) » және т. б. кездеседі.

Шыңның аты ертеден ел аузында « Құсайын Найзатасы» аталады. Аңыз

бойынша Құсайын атты құсбегі - аңшы ғана шың басына шығып бүркіттің балапанын алған. Кейінгі уақытта бұл шыңды « Гора булка» атап, туристер тамашалап, талай рет республикалық альпинистер жарысы да өткізіліп отырылған.

Бұдан әрі жол аузын қонақжай Қазақ дәстүрімен зәулім келген, хан ордасындай көк « Киіз үй» қарсы алады, оның оң қанатында аспан астында

салынған үлкен ашық табиғи театр дөңгелене келген сымбатты балкондамен

шектелсе, «балконның» оң жақ үстінен құрметті «қонақтар лоджиясы» үлкен үңгір қуыста жеке орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың туристік-рекреациялық даму мүмкіншіліктері
Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Инвестициялық тартымдылық
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Экологиялық туризм
Қайыңды көлі
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz