Герберт Гувердің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және одан кейінгі алғашқы жылдардағы гуманитарлық қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

І. Герберт Гувер: «үлкен саясатқа» дейінгі өмірі . . .

1. 1. Болашақ президенттің балалық және жастық шақтары . . .

1. 2. Гувер және Стэнфорд. Тау-кен ісінің керемет маманы . . .

1. 3. Герберт Гувердің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және одан кейінгі алғашқы бірнеше жылдағы гуманитарлық қызметі. Гувер басқарған АРА-ның Россиядағы аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету жұмысы . . .

ІІ. «Саяси Олимп шыңында».

2. 1. Мемлекеттік қызметінің басталуы. Американың Сауда Администрациясындағы және Американың Көмек Көрсету Администрациясындағы қызметі . . .

2. 2. 1920 жылдардағы сауда министрі лауазымындағы қызметі . . .

2. 3 1928 жылғы президент сайлауындағы жеңіс . . .

2. 4. «Ұлы депрессия» кезіндегі Гувер үкіметінің ішкі саясаты . . .

2. 5. Герберт Гувердің 1920-30 жылдар тоғысындағы жүргізген сыртқы саясаты . . .

ІІІ. Президенттік қызметтен кейінгі өмірі . . .

3. 1. 1932 жылғы президент сайлауындағы жеңіліс . . .

3. 2. 1930 жылдары саясатқа оралу әрекеттері . . .

3. 3. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Европаға көмек көрсету миссиясының басшылығында және экс-президенттің өмірінің соңғы жылдары . . .

Қорытынды . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Ғылыми жұмыс АҚШ-тың 31-і президенті Герберт Гувердің (1874-1964 ж. ж. ) өмір жолы жайында. Кейіпкеріміздің 90 жылдық өмірі әлемге үлкен әсер еткен оқиғаларға толы болды: Бірінші дүние жүзілік соғыс, Қазан төңкерісі, капиталистік әлем тарихындағы ең ірі экономикалық дағдарыс, Екінші дүние жүзілік соғыс, алғашқы атом бомбаларының тасталуы т. б. Барша ғаламды дүр сілікндірген осы оқиғаларға Гувердің қаншалықты қатысы болғанын және оның аталған оқиғаларға деген көзқарасы өте қызықты мәселе болып табылады. .

Елдің 31-і президенті қызметіне кірісіп үлгерместен, АҚШ пен жалпы әлемді тарихтағы ең жойқын экономикалық дағдарыс шарпыды. Америка тарихында бұл кезең «Ұлы күйзеліс» деген атпен қалды. Американдықтардың жадынан мәңгі қалатын осы оқиғалар Гувердің президенттігімен сәйкес келді (1929-1933) . Сондықтан да дағдарыс кезінде және одан кейінгі ұзақ жылдар бойы «Ұлы күйзеліске» тек бір ғана адам - Герберт Гувер кінәлі болып саналып келді. Алайда, соңғы уақыттарда жасалған зерттеулер бұл пікірдің мүлдем дұрыс еместігін көрсетті.

Сонымен қатар Құрама Штаттар Гувердің президенттігі кезінде сыртқы саясат аясында белсеңді әрекеттерге көшті. Бір жағынан Англиямен империалистік бақталастық жүргізсе, екінші жағынан, жаңадан құрылған, тарихтағы ең алғашқы социалистік мемлекет - КСРО-ны құрту мақсатында Германия мен Жапония секілді елдерге аяңбай қолдау көрсете бастады. Ғылыми жұмыста Екінші дүние жүзілік соғыстың алғышарттары, себептері баяндалады.

Президенттік билігі сәтсіз болғаны үшін Гуверді американдықтар жек көрді. Ғылыми еңбектердің де көбісі Герберт Гуверге саяси тәжірибесіне қарап баға беріп келді. Алайда зерттеушілердің көп бөлігі оның, екі әлемдік соғыстан кейінгі аштыққа ұшыраған Европа мен Азияның миллиондаған халқын аман алып қалу үшін аяңбай тер төккенін ұмыт қалдырып жүр.

Зерттеудің мақсаты: Ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаттарына тоқталатын болсақ:

  • Герберт Гувердің әлемдегі ең бай және беделді тұлғалардың біріне айналуына әсер еткен балалық шағын баяндау;
  • Зерттеу жұмысының басты кейіпкері өмір сүрген кездегі АҚШ-тың әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне тоқталу;
  • АҚШ-тағы саяси билік пен қарапайым халық арасындағы келіспеушіліктер, дағдарыстың шығу себептері мен оны тоқтатуда жасалған әрекеттер;
  • 1920 жылдардың аяғы - 1930 жылдардың басындағы Құрама Штаттардың ішкі және сыртқы саясатына тоқталу;
  • Герберт Гувердің, сәтсіз президенттік қызметтен кейінгі, өмірінің көпшілікке белгісіз кезеңінен қызықты мағлұматтар ұсыну.

Зерттеу міндеттері: Жұмысты жазу барысында жоғарыдағы мақсаттардан келесі міндеттер туындады:

  • Осы мәселелерге қатысты әдебиеттер мен дерек көздерін игеру;
  • «Ұлы күйзеліс» кезіндегі Америкадағы жағдайға байланысты өзіндік пікір қалыптастыру;
  • 1920-1930 жылдар тоғысында қалыптасқан халықаралық жағдайға баға беру;

Зерттеу нысаны: Диплом жұмысымның басты зерттеу нысаны - ұлы тұлға Герберт Гувердің 90 жылдық өмір жолы: балалық шағы, түрлі инженерлік және мемлекеттік қызметтері, президенттік билігі және өмірінің соңғ жылдары.

Зерттеу пәні: Ең алдымен Еуропа және Америка тарихының жаңа және қазіргі замандағы тарихымен тығыз байланысты. Бұдан басқа дүние жүзілік экономикалық, халықаралық саясат секілді ғылым салалары да жанама түрде енеді.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Аталған жұмыстың хронологиялық шеңбері Герберт Гувер туылған аймаққа алғашқы қоныстанушылардың келуінен бастап, басты кейіпкеріміз дүниеден өткенге дейінгі уақытты қамтиды. Яғни, ХІХ ғасырдың ортасынан 1964 жылға дейінгі уақыт аралығы.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Әлемнің ең алдыңғы қатарлы мемлекеті - Америка Құрама Штаттарының тарихына ғылыми қауым, саяси қайраткерлер көп қызығушылық білдіретін болғасын, ол жөнінде баспасөз құралдары мен ғылыми әдебиеттер саны жеткілікті.

АҚШ-тың 31-і президентінің өмір жолын зерттеушілердің ішінен Перевезенцев А. Л. атауға болады. Есімі аталған зерттеушінің осы тақырыпта жазылған «На линии фронтира: годы личностного становления первого из президентов рожденного к западу от миссисипи», «Деятельность Гувера по предотвращению «гумантиарной катастрофы» в Бельгии в годы Первой мровой войны», «Личностный фактор в рассийско-американских отношениях: Герберт Гувер и Россия», «Герберт Гувер в Китае: впечатления очевидца и участника исторических событий» т. б. мақалалары жарық көрді.

Ғылыми жұмыстың тақырыбымен тікелей байланысты болмаса да, Құрама Штаттардың жалпы тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен Герберт Гувердің өмір жолы жайлы арнайы бөлімдерді кездестіруге болады. Бұндай зерттеушілердің ішінен Согрин В. В. («Белый дом: президенты и идеология», «Идеология в американской истории от отцов-основателей до конца XX века», «История США: Учебное пособие»), Иванян Э. А. («От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша. Белый дом и пресса», «Белый дом. Президенты и политика»), Мальков В. Л. («Новый курс» в США. Социальные движения и социальная политика», «Америка на перепутье. 1928-1938: Очерк социально-политической истории «нового курса» в США») т. б. атауға болады.

Сонымен қатар диплом жұмысын жазуда, Гувердің замандасы болған, президенттікке 3 рет ұсынылған, 1924-1957 жылдар аралығында АҚШ-тың коммунистік партиясын басқарған Уильям Фостердің де еңбектері пайдаланылды («Банкротство классового сотрудничества в Америке», «Лига профсоюзной пропаганды в Америке», «Закат мирового капитализма», «Очерк политической истории Америки», «Октябрьская революция и Соединенные Штаты Америки») . Аталған еңбектерді көңелігіне байланысты табу өте қиын, сол себепті интернеттен олардың тек ғылыми жұмысқа қатысты үзінділері ғана пайдаланылды.

Мәселенің деректік көзі: Дипломдық жұмысқа қатысты деректік база, бұл елдің әлемдік саяси сахнада үлкен роль атқарғандықтан, өте ауқымды. Жұмыстың орындау барысында түрлі ғылыми еңбектер, интернет материалдары, мемлекеттік қызметшілердің сұхбаттары мен сөйлеген сөздері жарияланған басылым беттері («От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша. Белый дом и пресса», «Инаугурационные речи президентов США») мен АҚШ-тың алдыңғы қаталы мемлекет өкілдерінің өмірбаяндары («Его глазами») пайдаланылды.

Әдіснамалық және теориялық негіздері: Ғылыми жұмыста тарихилық және ғылыми объективтілік принциптері қолданылды. Тарихилық принципі зерттеу объектісінің даму заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік береді. Объективтілік принципі жұмысты жүргізу барысында туындаған сұрақтарға, нақты фактілерге сүйене отырып, сыни көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.

Жоғарыда аталған принциптерді қолданылуыма тақырыптың зерттелу мақсатының және оның кезеңдерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Зерттеудің жалпы ғылымилық әдіснамасы логикалық пен жүйелілікті білдіреді. Сол сияқты мәселелік-хронологиялық, салыстырмалық, статистикалық талдаулар қолданылған. Жұмысты жүргізу барысында арнайы зерттеулерді, сондай-ақ, осы салада жазылған тарихшылардың, саясаттанушылардың және басқа да публицистикалық еңбектердің ғылыми тұрғыдан жинақтау мен сараптау әдісіне сүйендім. Зерттеу барысында нақты тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау, қорыту қолданылды. Деректер мен зерттеулерге талдау жасалды. Тарихнамалық талдаусыз қазіргі таңдағы экономика, мемлекеттік құрылыс, халықаралық қатынастар, мәдениет пен саясат түсініксіз.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Америка Құрама Штаттарының жүз жылдық тарихы бір адамның - Герберт Гувердің өмірімен қатар баяндалады. Екеуінің де даму жолдары өте ұқсас екендігін түрлі зерттеушілер бұған дейін де атап өткен болатын.

Зерттеудің сынанн өтуі: Диплом жұмысы Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасында алдын-ала қорғаудан өтті.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы негізінен үш тарау. Тақырыптың өзектілігін ашу мақсатындаосы аталған тараулар он бір тараушаға бөлінді. Бұдан басқа кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшасы бар.

І. Герберт Гувер: «үлкен саясатқа» дейінгі өмірі.

1. 1. Болашақ президенттің балалық кезеңі мен жастық шағы.

Жазушы, редактор және әскери корреспондент Е. Ривздің «Гувердің тарихы - бұл бүкіл Американың тарихы» деген сөздермен АҚШ-тың 31-президентінің өмірін зерттеумен айналысатындардың барлығынын келісері сөзсіз. Герберт Гувердің ұзақ өмірі табиғаттың, тағдырдың ауыртпалығына төзе білген, тынбастан еңбек еткен, білім іздеу мен өзін-өзі дамытуға ұмтылған жүздеген мың американдықтардың, жалпы АҚШ мемлекетінің өмірімен ұқсас.

Өз отанының патриоты болумен қатар Герберт Гувер «Кіші отаны - Айова штатының да патриоты болып кала берді. «Мен Айованың баласымын және осында туып-өскенімді мақтан етемін», - деп еске алған болатын бір кездері. Бұл керемет аймақтың тарихы Гувердің арғы тегі ХІХ ғасырдың ортасында штат жерлерін алғаш болып игерген қоныстанушы-квакерлердің тарихымен тығыз байланысты. Бұл штат Миссисипи өзенінің батысында, елдің дәл ортасында орналасқан (болашақ президент дүниеге келген Вест Бранч қонысы бұл ұлы өзеннен батысқа қарай, шамамен 80 шақырым жерде) [1; б. 1] .

Миссисипи өзенінің батысындағы американ отаршылдарының алғашқы қонысы 1833 жылы пайда болды. Көп ұзамай 1838 жылы Айова, орталығы Айова-Сити қаласы болған, территория статусын алды. Ал, 1846 жылдың 28 желтоқсанында штат статусына ие болды (АҚШ құрамындағы 29-шы штат) [2; б. 395] .

Штаттың бізді қызықтырып отырған, «Кедрлі аймақ» («Cedar country») деп аталған бөлігін қоныстану негізінен 2 бағыттан жүзеге асырылды: біріншісі, шығыстан келушілермен (Огайо, Индиана, Иллинойс штаттары) ; екіншісі, солтүстіктен келушілермен (негізінен Канададан) . Бұл жерлердегі алғашқы квакерлік қоныстар 1844 жылы пайда бола бастады. Көп ұзамай мұндағы «қауырсыннан жасалған үндістердің бас киімдерін квакерлердің шляпалары толығымен ығыстырып шығарды». Болашақ президент туылған Вест Бранч қонысы1851 жылы құрылған және сол кездері шамамен 300 адамдай ғана тұрғыныболды (қазіргі кездің өзінде мұнда небары 2000 адам тұрады) .

Бұл аймаққа Гуверлерден бірінші болып өз отбасымен келген Герберттің Джесс және Ребеккка есімді арғы атасы мен арғы әжесі болды (баласы Элли өз отбасымен, соның ішінде Герберттің әкесіДжесс Кларкпен бірге) . Олар 1850 жылдардың ортасында, сол кездердегі басқа да қоныстанушылар секілді үсті жабық күймемен Огайо штатынан келген. Алғашында Айованың жақында ғана құрылған қалаларының бірі Хаббардта тұрақтап, ақырында Вест Бранч қонысына көшіп келеді [1; б. 2] .

Джесс Кларк Гувер мен Хулда Рэндалл Минторн 1870 жылдың 12 наурызында үйленді. Жас жұбайлар Wapsinonoc Creek (жергілікті үндістер тілінен аударғанда «тәтті су») жағасындағы шағын бір үйге қоныстанды. 1871 жылдың 28 қаңтарында, кейін туысқандары «Тэд» атап кеткен, Теодор Джесс дүниеге келді.

1874 жылы 10 тамызда, кешкі уақытта Джесс пен Хулданың екінші баласы Герберт дүниеге келді. Қуанышқа толы әкесі сол сәтте американың 18-ші президенті, Оңтүстік пен Солтүстік арасында болған азамат соғысының қаһарманы, генерал Грант секілді аты әлемге әйгілі болатын адам дүниеге келді», - деп айқайлаған деседі. Гувердің кейбір биографтары бұл қарапайым сөздер емес, шындыққа айналған көрегендік болжам десе, екінші біреулері бұл сөздер Улисс Гранттың 2 мерзімдік президенттігі кезінде балалы болған миллиондаған американ отбасыларында айтылған болуы мүмкін дейді.

Нәресте қалашықта өз еркімен медбике қызметін атқарып жүрген Эллен есімді нағашы апасының бақылауымен дүниеге келген. Болашақ президенттің басқа нағашы апасы Энн бала туылғаннан бірнеше күн өткеннен соң Хулдаға келіп, баланың атын кім деп қойғаның сұрайды. АлГуверлер болса, дүниеге қыз бала келеді деп, ер балаға қойылатын есімдер жайында ойланбапты. Осы кезде Энн сәбидің есімін Герберт деп қоюға ұсыныс береді [1; б. 2] .

Әкесі қарапайым ұста болғандықтан Герберт Авраам Линкольн секілді бөренелерден тұрғызылған кішкентай үйде туылған [3] .

Болашақ президент дүниеге келген үй 1871 жылдың көктемінде Герберттің атасы Элли Гувердің көмегімен тұрғызылған болатын. Үй мен ұстахана салынған 3 жер телімі 1871 жылдың 13 сәуірінде 170 долларға сатып алынған. Ғимарат бір қабатты, 14х20 фут және екі бөлмеден тұрады. Кішкентай бөлме 3 баланың жатын бөлмесі, ал екіншісі қонақ күтетін, ас дайындайтын және ас ішетін бөлме қызметтерін атқарған. Бұл үй әлгі күнге деін сол орнында тұр - Дауни мен Пенн көшелерінің қиылысында. Тарихи ғимаратты 1934 жылы Герберт Гувердің ұлдары Аллан мен кіші Герберт сатып алып, реставрациядан өткізілгеннен кейін Вест Бранч қалашығының әкімшілігіне тапсырған.

Өзінің екінші қысында кішкентай Герберт қатты ауырып қалады. Тіпті қаты қысылған кездердің бірінде демалмай қалған. Сәбидің жүрегі тоқтағаннан соң әке-шешесі баламыздан айрылдық деп ойлап, үміттері үзілген кезде Хулданың ағасы, доктор Генри Минторн келіп, нәрестеге қолдан дем беріп, оны аман алып қалады. Осы кезде анасы Хулда «Мейірімді жаратушымыз жалбарынғанымызды естіп, баламызды аман алып қалды», - деп айтқан болатын[1; б3] .

Айова ауыл шаруашылығымен айналысатын штат ретінде жоғары қарқынмен дамып жатты. Соған байланысты, түрлі механизмдерді жинап, оларды жөндеуді ұнатқан, Джесс Гувер ауыл ұстасынан ауыл шаруашылығына ең маңызды құралдарды жасаушы және тасымалдаушы бизнесменге айналды. Бұған қоса оның бойында адалдық, сыпайылық секілді қасиеттері болған. Қалашық тұрғындарының оған үлкен сенім білдіргенін оның қалалық кеңеске сайланғанынан байқауымызға болады[3] .

Жаңа кәсібі сәтті жүріп, Джесс өзінің кішкентай үйі мен ұсталық бұйымдарын сатуға шығаратын дүкенін сатып, отбасын Басты және Бірінші көшелердің қиылысындағы үйге көшіріп алып келді. Алайда Гуверлер бұл жерде ұзақ тұрақтаған жоқ. Бір жылдан соң Джесс 4 бөлмесі бар екі қабат үй тапты. Бұл оқиға жергілікті газетте басылып шыққан болатын.

Қала сыртында, қысқы уақыттарда балалардыңең сүйікті жері болған, тау орналасты. Әрине, Тэд пен Герберттің, тәжірибелі ұстаның балалары болғасын, ең әдемі, ең жылдам шаналары болды. Солардың бірін Тэддиге 4 жасқа толған туған күнінде әкесі сыйға тарту етті. Оның сыртында қызыл бояумен жазылған «TADDY» деген жазуы болды[1; 4] .

Бес жасынан бастап, 1879 жылдың қыркүйегінен бастап, Герберт жергілікті бастауыш мектепке барды. Оның алуашқы ұстаздары Элизабет Чандлер мен Молли Браун болды. Екеуі де біраз уақыт өткен соң Герберт туралы жылы-жылы сөздер айтты.

1880 жылдың 13 желтоқсанында отыз төрт жасында, сол кездері кең таралған аурулардың бірінен, Джесс Гувер қайтыс болды. Ол жерленген жерде «34 жыл, 3 ай және 11 күн өмір сүрген» деп жазылған[1; б5] . Күйеуінің өлімінен кейін, Хулда балаларын бір өзі бағуға мәжбүр болды. Бұл үшін ол көп күш-жігерін жұмсады. Герберттің өзі «Мемуарларында» аналары отбасын аман алып қалу үшін аяңбай еңбек еткендігін айтады. Тігінші болды, үйінің бір бөлігін жалға берді және өзі өсірген жеміс-жидектерді сатумен айналысты. Әкелерінің өмірі, сол кездері өте қомақты қаржы саналған, 2000 болатын. Хулда бұл сомманы жұмсамауға тырысты. Бұл өте дұрыс шешім болды. Себебі, балалардың болашақта білім алуына осы ақшалардың көмегі зор болды. Жергілікті жексенбілік мектепте мұғалім болумен қатар, Хулда 1881 жылы өз қоғамының діни қызметкері лауазымына ие болды. Соған байланысты ол көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін Вест Бранчтан шалғай аймақтарға баруға мәжбүр болды. Бұндай кездерде балалар туысқандарының үйлерінде қалдырылатын[2; б397] .

Балалары аналарына барынша жәрдемдесті: отын шауып, ыдыс-аяқ жуып, үй жинастыру секілді кішігірім шаруалар солардың мойнында болды. Мектепте оқумен қатар, қалашықта табылған жұмыстың барлығын жасауға тырысты. Вест-Бранч аймағы аңшылық пен балықшылыққа өте қолайлы еді. Осы кездері кішкентай Герберт балық аулаумен қатты әуестенді. Тіпті, болашақта бұл кәсіп туралы кітаптар жазып, «балықшы-президент» атанып кетеді.

Квакерлердің отбасында Інжілден басқа кітаптар оқуларына тиым салынатын. Бірақ Тэд пен Герберт сол кездердің «бестселлерлері» болған Д. Дефоның «Робинзон Крузо» және Дж. Ф. Купердің «Магикандардың соңғы тұяғы» романдарын сүйсіне оқыған.

Туысқандары жалғыз басты ананың ауыр жағдайын, кішкене болса да, жеңілдету үшін жаз мезгілінде балаларды өздері бағатын болған. Сондай туысқандардың біріХулдадан 233 долларға Джесстің ұстаханасын сатып алып, өзінің фермасында Гуверлердің ірі қарасы мен жылқыларын сатуға жәрдем жасаған[3] .

Хулда өзінің кезекті діни мақсаттағы сапарларының бірінде, 1884 жылдың 15 ақпанында көршілес Спрингдейл қалашығынан қайтып келе жатқан кезінде қатты суық тигізіп алады. Бронхит көп кешікпей пневмонияға айналды. Ал 1884 жылдың 24 ақпанында, 35 жасында, Хулда Минторн қайтыс болды. Бұл кезде Теодор 13, Герберт 9, ал Мэй 7 жаста ғана болатын[1; б6] .

Үш бала бір мезетте жетім болып қалды. Гуверлер мен Минторндардан құралған "отбасылық кеңес" кезінде үшеуін бірдей асырап алуға ешкімнің де батылы бармады. Сол себепті, 2 ай әжелерінің үйінде тұрғаннан кейін, балаларды өзара бөліп алу келісілді. Ең кішісі, Мэй, әжесі Мэри Минторнның қолында қалатын болды. Теодор алғашында ағасы Мерлиннің, кейін басқа ағасы Дэвид Гувердің үйінде 16 жасқа толғанша тұрды.

Гербертті, Вест Бранчке жақын жерде жеке фермасы бар, ағасы Аллан Гувер өз отбасына алды. Бұл фермада барлығы да таң атқаннан, күн батқанға дейін еңбек етті. Қажетті заттардың барлығын өздері даярлаған. Бірнеше айдан соң Герберт жаңа отбасына үйреніп кетеді. Бауыры Уолтермен мықты дос болады. Екеуі күнде 3, 5 шақырым жердегі мектепке бірге барды. Аллан Гувер баласы мен жиеніне фермадағы жұмыстары үшін кішігірім ақы төлеп тұрды. Тапқан табысын Герберт, көбінесе, балық аулайтын құралдарға жұмсайтын.

Бұл жанұяда болашақ президент бір жарым жылдай тұрды. Өз отбасына жылы қабылдаған ағасына шексіз алғысын білдіру үшін ол, кейінірек, екінші баласына Аллан есімін береді[1; б6] .

Орегон штатының Ньюбер қонысында тұрып жатқан, Гербертті кішкентай кезіндеөлімнен құтқарып қалған, Генри Джон Миторннің отбасында қайғылы оқиға болды. Оның алты жасқа толған Бенджамин Брюс есімді баласы қайтыс болды. Баласынан басқа, жұбайы Лаура мен үш қызы болатын. Жалғыз ұлының орнын толтыру мақсатында болса керек, Минторндар Аллан Гуверге жолдаған хатында Гербертті өздерінің отбасына жіберуді өтінген. Сөйтіп 11 жастағы Герберт Гувер жаңа жанұяға ауысады. Ал алты жылдан соң осы жердегі, жаңадан ашылған, Стэнфорд университетіне оқуға түседі[4] .

Негізгі кәсібі ормандарды құлату болған бұл отбасында Герберт аптасына 6 күн бұтақтар шабумен айналысты. 1888 жылы Джон Минторн жаңа кәсіппен шұғылдана бастайды. Соған байланысты өзінің үйлерді алып-сатумен айналысатын жаңа фирмасының кеңсесіне Гербертті отырғызады. Жұмысынан кейін, кешкі уақытта мектепте оқып жрді. Бірте-бірте математика мен латын тілінің бастамаларын және жазу машинкасын қолдануды игерді. Кітаптар оқып жүрген кезінде «Дэвид Копперфилдпен» танысады. Кітаптың басты кейіпкерінің балалық шағы өзінің балалық шағына өте ұқсас болғандықтан, бұл Герберттің сүйікті шығармасына айналды. Сондықтан да кейінгі кездерде өмір бойы «Копперфилдті» өзімен бірге алып жүретін болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
ФРАНКЛИН РУЗВЕЛЬТ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу
И.в.сталин, ф.рузвельт, у.черчиль – саяси тарихи тұлғалар
1930 ж. Америка құрама штаттарындағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ 1918-1990 жж
АҚШ-тың ішкі жағдайы және “жаңа бағыт”
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
АҚШ еліндегі экономикалық дағдарыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz