Денсаулық сақтау саласын жетілдіру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Денсаулық сақтау саласын дамытудың елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Денсаулық сақтау саласы дамуының адам потенциалын қалыптастырудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Денсаулық сақтау саласын басқарудағы негізгі экономикалық
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...12
3. Денсаулық сақтау саласын басқарудың объективті қажеттілігі ... ..18
1. Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметін
талдау (Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік
мекемесінің мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1. Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау саласының даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..23
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органның ұйымдық құрылымы
(Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік
мекемесінің мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3. Денсаулық сақтау саласын басқарудағы жергілікті мемлекеттік органның
қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2. Денсаулық сақтау саласын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 0

3.1 Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау саласын басқарудағы
мәселелер мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.2 Денсаулық сақтау саласындағы мемлекет саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..55

Кіріспе
Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес,
сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып
отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi, өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-
экономикалық, мәдени және индустриялық даму деңгейін айқындайды.
Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен
сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк
бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының
орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi
басымдықтардың бiрi болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев 2009 жылғы Дағдарыстан жаңару мен дамуға
атты Қазақстан халқына Жолдауында: Елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi
мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын
жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесiн дамыту болуы
керек, - деп атап көрсеттi[1].
Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол
көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық
ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың
кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық
көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы
технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн
енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды
жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн
стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
2010 жылғы Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері атты Жолдауда Президент таяу онжылдыққа тағы да нақты
мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы Саламатты өмiр салты мен
адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар
денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы
мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс екендiгiн атап
көрсеттi[2].
Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлануының,
мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын
әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық
құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған
және, негiзiнен, жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық
ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi
оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының
нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi, сондай-ақ
олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана
отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге
ниеттенедi.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат
денсаулығының тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына
байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау
жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе
түсуге тиiс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс
берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi
сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.
Дипломдық жұмысты жазудағы мақсат - денсаулық сақтау саласын дамытудың
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы роліне тоқтала отырып, Ақтөбе
облысы бойынша даму ерекшеліктерін қарастыру және басқарудағы мәселелерді
шешу жолдарын ұсыну.
Осы мақсатқа сәйкес, жұмысты жазуға келесідей міндеттер қойылды:
✓ денсаулық сақтау саласының дамуының адам потенциалын
қалыптастырудағы ролін қарастыру;
✓ денсаулық сақтау саласын басқарудағы негізгі экономикалық
көрсеткіштерге тоқталу;
✓ денсаулық сақтау саласын басқарудың объективті қажеттілігін талдау;
✓ Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау саласының даму ерекшеліктерін
қарастыру;
✓ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органның ұйымдық құрылымына
тоқталу;
✓ денсаулық сақтау саласын басқарудағы жергілікті мемлекеттік органның
қызметін талдау;
✓ Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау саласын басқарудағы
мәселелерін қарастыра отырып, оларды шешу жолдарын ұсыну;
✓ денсаулық сақтау саласындағы мемлекет саясатының негізгі бағыттарын
қарастыру.
1 Денсаулық сақтау саласын дамытудың елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы ролі
1. Денсаулық сақтау саласы дамуының адам потенциалын қалыптастырудағы
ролі
Кез-келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты
екендігі - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Денсаулық дегеніміз - адам
жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан
қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана
атқара алады. Шопенгауердің Дені сау кедей - ауру корольден бақытты,-
деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір Бүкіләлемдік
денсаулық сақтау күні деп белгіленген. Қазақстан Республикасында да
адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге
көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені
мәлім [3].
Халықтың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық
мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел
дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі
мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа аттанған еліміз үшін өзекті міндеттердің
бірі.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып
табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Үкіметі денсаулық сақтау
ісіне, халықтың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап
отырады.
Елімізде халықтың әл-ауқатын, жағдайын жақсартуға арналған озық
бағдарламалар қабылданып, қолданысқа енгізілуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұзақ
мерзімді Қазақстан – 2030 Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі
мен әл-ауқатының артуы стратегиясында мемлекетіміздің мұратына жету
жолдары айтылған. Ол мұраттар мен мақсаттар сонымен бірге Елбасының
дәстүрлі Жолдауында айқындала түседі. Мемлекет басшысы Қазақстан - 2030
стратегиясында 4-басымдық ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әл-ауқатын атап көрсеткені мәлім. Онда Елбасы: ...Мемлекеттің
салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына
ықпал ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр деген
болатын[3].
Осыған орай Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен 2011-2015 жылдарға
арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, игі іс-
шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда медицина ұйымдарының барлық іс-
шаралары осы бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламада ұлт
денсаулығын нығайту мақсатына жетуге бағытталған міндеттер қойылған.
Мемлекеттік бағдарлама денсаулық сақтау саласын жаңа сапалық деңгейге
көтеретіні анық.
100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы да өз жемісін беріп отыр.
Барлық облыс орталықтарында кардиологиялық және кардиохирургия қызметтері
жолға қойылды. Астана, Алматы қалаларында жаңа ғылыми медициналық
орталықтар ашылып, көпшілік игілігіне айналуда.
Сонымен қатар, еліміздің жер-жерінде, әр аймағында Салауатты өмір
салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен 1997 жылы құрылған. Оның міндеті - дене белсенділігі, дұрыс
тамақтану, темекі шегудің, алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдаланудың алдын
алу, есірткі, туберкулез, инфекциялық аурулар, АҚТҚЖҚТБ, репродуктивті
денсаулық және т.б. бағыттар бойынша Қазақстанда салауатты өмір салтын
қалыптастыру ұлттық саясатын іске асыру болып табылады. Бұл бағытта
атқарылып отырған іс айтулы. Байыпты саясат жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, темекі мен алкогольді жарнамалауға тыйым салынды.
Сөйтіп, бірте-бірте қоғамдық орындарда шылым шегу де ығыстырылды. Ол өзгеге
үлгі болуы үшін мемлекеттік мекеме-ұйымдардан басталғанын да білеміз.
Бүгінде мекемелерде шылым шегуге рұқсат жоқ, айыппұл төленеді.
ТМД елдері арасында бірінші болып Қазақстанда 2009 жылдың басынан
бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп, өмірге батыл
енгізіліп жатыр. Барлық мемлекеттік және жекеменшік емдеу-профилактикалық
мекемелер мемлекеттік аккредитациядан өткізіліп, медициналық көмектің түр-
түріне лицензия алынып, сол сұрыптаудың нәтижесінде емдеу сапасының едәуір
арта түскені белгілі [4; 2-3].
Әрбір адам сұлу, сымбатты болып, бақытты өмір сүруді армандайды. Ал ол
үшін ең алдымен денсаулық керек. Бүгінгі кезде дені сау болмақ түгіл, оны
сақтап қалудың өзі қиын. Қабылдайтын тағам, ішетін су, кездейсоқ жаңбыр
кейде уландыру қаупін туғызып жатады. Қазіргі күйбелең өмірде күйгелектік,
ұйқының қанбауы, бірнеше жылдар бойғы жалпы шаршағыштық басым. Бұның бәрі
жалпы денсаулықты әлсіретіп, түрлі аурулардың дамуына душар етеді.
Дегенмен, әрбір адам өзіне көңіл бөліп, көмек бере бастаса - организмі
оған қуанғандай, тез арада қалпына келе бастайды. Бұл көмектің негізін
салауатты өмір салты құрайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, халықтың
денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-
климаттық жағдайларға, 18-22% тұқым қуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау
мекемелерінің жағдайына байланысты. Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының
нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына
байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет - адамдардың
салауатты өмір салттарын қалыптастыру. Салауатты өмір сүрудің негізгі
қағидасы - еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту,
тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиялық
бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық
шараларын сақтауымызға бағытталған, денсаулықты нығайту үшін жастарды
салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек
деген[3].
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын реттейтін орган - денсаулық
сақтау Департаменті болып табылады. Ол жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік
ұйымдардың қызметтерін реттеп, үйлестіріп отырады.
Алайда, халық денсаулығын тек мемлекет, үкімет мойнына жүктеп қою –
үлкен қателік. Денсаулық адамның жеке бас байлығы болғандықтан, әркімнің
бұл іске аса жауапкершілікпен қарағаны жөн. Сол байлығын кез-келген адам
алдымен өзі қорғауы керек, салауатты өмір салтын түбегейлі ұстанып, дер
кезінде дәрігерге көрініп, ауық-ауық кеңес алып, денсаулық жағдайын бақылап
отыруы ләзім.
Экономикалық ілгерілеу азаматтардың игілігіне өздігінен кепілдік бере
алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің
және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-
жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамды құруға қарай
азаматтардың өмірінің аяғына дейін сау болуы және олар қоршаған табиғи
ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды
болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі
қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік
тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз: таза су мен кенеулі
асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын
және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті
факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді.
Денсаулық – тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға
жетпес байлығы. Қазіргі заманғы қоғамда денсаулық сақтау өте маңызды рөл
атқарады. Көп жағдайда, денсаулық сақтау халық өмірінің сапасын қамтамасыз
етеді.
Жеке адамның бақыты үшін екі нәрсе керек: бірінші – денсаулық, екінші
– білім. Осы екеуі ұштасса, адам алдында алынбайтын қамал, жетпейтін арман,
игерілмейтін мақсат жоқ.
Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс
сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз
жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болу) - қоғамдағы келеңсіз
жағдайлардың таралуының басты факторы.
Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені
үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін
биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Дүние жүзілік
денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша, егер барлық жер тұрғындары
салауатты өмір салтын ұстанатын болса, онда бұл жетістікті медицина
ғылымындағы түбегейлі жаңалықтармен теңдестіруге болар еді деп санайды.
Сондықтан ел Президентінің Қазақстан – 2030стратегиясындағы ұзақ
мерзімді басымдықтың бірі – Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән
әл ауқаты тармағында, ...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау
болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басып көрсетеді[3].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты аурудың және физикалық
кемшіліктердің болмауы ғана емес, ол физикалық, рухани және әлеуметтік
тұрғыдан сау болу деп түсіндіреді.
Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам болып
табылады. Әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгертулер, ізгілік
құндылықтарын бекіту, дамыған экономиканы және тұрақты демократиялық жүйені
орнатуда мағына жоқ, егер де олар адамдарға толымды өмір сүруге жағдай
бермесе.
Басқа жағынан қарағанда, дені сау ұлт мықты мемлекеттің нағыз белгісі
болып саналады. Дені сау, ұрпағы таза, рухы биік, санасы терең адам ғана
саналы өмір сүріп, өз ортасына, еліне пайда келтіріп, қоғамды алға жетелей
алады. Халықтың физикалық және рухани имандылық саулығы елдің зияткерлік
әлеуетін, экономикалық мүмкіндігін және қорғаныс қабілетін белгілейді.
Әр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады, сондықтан дені сау,
тәрбиелі және білімді азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, оның
қоғамдық институттарының күшін, оның билік құрылымының мүмкіндіктерін
көрсетеді. Әрбір адам өмірге дені сау ұрпақ әкелуге жауапты. Тек дені сау,
білімді ұрпақ қана мемлекеттің сенімді болашағы.
Денсаулық сақтау – бұл әрбір жеке адамның физикалық және психикалық
денсаулығын нығайтуғажәне сақтауға, белсенді ұзақ өмір сүруін қолдауға,
денсаулығын жоғалтқан жағдайда медициналық көмек көрсетуге бағытталған
саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық және
санитарлы-гигиеналық салалардың жиынтығы.
Халыққа медициналық қызмет көрсетумен және санитарлы-эпидемиологиялық
қамтамасыз етумен айналысатын денсаулық сақтау мекемелері медициналық
қызмет көрсету талаптарына сәйкес екі түрге бөлінеді: стационарлы және
амбулаторлы. Бұндай мекемелердің басты типтері: емдеу-профилактикалық,
аптекалық, санитарлы-профилактикалық.
Медициналық мекемелердің нақты әртүрлілігі өте көп: емханалар,
поликлиникалар, роддомдар, жедел медициналық жәрдем станциялары,
кәсіпорындардағы медико-санитарлық бөлімдер.
Денсаулық сақтау, көптеген басқа да әлеуметтік салалар секілді,
стратегиялық сала болып табылады. Оның дамуының төмен деңгейі халықтың
құлдырауына (деградация) және әлеуметтік ретсіздікке әкелуі мүмкін. Дәл
осындай стратегиялық мәні салаға мемлекет тарапынан болатын қарым-
қатынастың басым болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығын және
бостандығын  ең жоғары  құндылығы деп, ал оның құқығын және бостандығын
құрметтеу, қорғау және сақтау – мемлекеттің міндеті деп жариялады. Әр
азаматтың негізгі құқықтарының бірі - тәрбие және білім алу, денсаулығын
қорғау және медициналық көмек алу болып табылады. Мемлекет адамның
физикалық және рухани-имандылық денсаулығын, оның экологиялық және
санитарлы-эпидемиологиялық ырыс-берекесін, дене шынықтыру және спортты
дамытуын,  лайықты өмір салтын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтауға және
заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға
конституциялық құқығы бар екендігі нақты айқындалған. Олар тиісті
әлеуметтік институттар арқылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады [5].
Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
(ТМККК) – Үкімет белгілейтін медициналық қызметтердің тізбесіне сәйкес
Қазақстан азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық көмектің
бірыңғай көлемі.
Ұлттың денсаулығы қолайлы медициналық қызметтердің, дене шынықтыру
мен әуесқойлық спорттың кең таралуының, салауатты өмір салты және дұрыс
тамақтанудың, зиянды әдеттерді жою, экологиялық таза және күтілген
орталығын жасау, елдің әр түкпірінде қауіпсіз және жасампаз өмір сүру
мүмкіндігінің  көмегімен қалыптасады және қолдау алады.
Негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының физикалық және
рухани-имандылық денсаулығының күйін жақсарту, өмір сүрудің сапасын көтеру,
дене шынықтыру – спорттық қозғалысын дамыту, қоршаған ортаны жайластыру
және қорғау, салауатты өмір салтын жұртқа таныту және тарату,
жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу, әлеуметтік-пайдалы және
жасампаз қызметке шын жүрекпен талпыну болып табылады.
Адам денсаулығы – ғылым әлі түпкілікті біліп болмаған табиғаттың
күрделі жаратылысы. Ал белгісіз дүниенің тамырын ақырын басып, ретімен
абайлап қарау керек. Ал, қазақстандықтардың әрқайсысының денсаулығына
жауапкершілік Конституция бойынша да, Заң бойынша да мемлекеттің
қолдауындағы медицинаның мойнында. Өйткені ол денсаулық сақтау
бағдарламасының әкімшісі. Ал жауапкершілік болған кезде, әрине,
басшылардан, министрліктерден, емдеу орындарынан сұрау болады.
Елбасының әр жылғы Жолдауының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігін әрі
қарай нығайту. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылғы Қазақстан-2050
стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында
медицинаның алдына қойған бір міндет – ауылдағы медициналық қызмет сапасын
арттыруға, спорт пен дене шынықтыруды дамытуға байланысты болды. Нақты
тапсырмалар берілді [6].
Салауатты өмір салтын ұстануға барша халықты бағыттаудың маңыздылығы
зор. Себебі, дені сау саналы адам ғана қоғамға пайда келтіреді, ел
экономикасын арттыруға үлес қоса алады. Әр қоғамның әлеуметтік жағдайы,
экономикалық дамуы оның тұрғындарының денсаулығымен, өмір ұзақтылығымен
бағаланады. Әлем ғылымы мен білімі және жаңа технология жетістіктері
бойынша онкологиялық, кардиологиялық дерттерді емдеу мүмкіндігіне қол
жеткізе бастады. Бұл дерттер әлем елдерінің бәрінде де бар. Соған орай
ғалымдар да осы дерттің алдын алу, адамды сауықтыру жолында үлкен істер
атқарып жатыр. Сондай ауруларға қарсы күресте Қазақстан да атсалысып,
дамыған елдерден қалыспай, жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Мемлекеттің
байлығы – адам, адамның байлығы – денсаулық. Мемлекеттің басты мақсаты –
азаматтардың өмірін ұзарту және мемлекетке деген сенімін нығайту. Әр азамат
өзінің қолынан келгенінше ел тәуелсіздігін нығайтуға қызмет жасауы керек.
20 жыл адам өмірімен алсақ, біраз жыл сияқты көрінгенімен, ел дамуында
өте қысқа кезең. Қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде Қазақстанның қанша
ілгері басқаны көрініп тұр. Қазақстан медицинасы тоқырап тұрып қалды деп
ешкім де айта алмайды. Өйткені бүгінгі таңда барлық жерде ауылдан бастап,
үлкен ғылыми медицина институттары заманауи технологиялармен жабдықталып
жатыр. Жыл сайын қаражат бөлінуде. Қазақстандық жас мамандар, ғалымдар
шетелдегі алдыңғы қатарлы білім ордаларында тәжірибеден өтіп,
әріптестерімен байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс істеуде. Сондай-ақ
ынтымақтастық мақсатта елдердің арасын жақындатуда парламентаралық
байланыстың да рөлі бар. Шетелдің білікті дәрігерлері Қазақстанға келіп,
кардиологиялық дертке ота жасап, қаншама адамдарды ажалдан арашалап қалды?!
Әрі қазақстандық мамандарға тәжірибесін үйретті. Бүгінгі таңда, мәселен, 8
мыңнан астам адамның жүрегіне ота жасалды. Қазір тек қана Астанада ғана
емес, жүрекке ота жасау облыс орталықтарындағы кардиологиялық ауруханаларда
да жүзеге асуда.
Халық денсаулығы - баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы.
Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның гүлденуіне,
экономикасын жақсартуға үлес қосады. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында:
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты
жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті
тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі. Халық денсаулығы – ол
Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас
құрамдас бөлігі деген болатын [2].
Ой таразысына салсақ, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елімізде
көптеген оң өзгерістерге жол ашылды. Соның ішінде денсаулық сақтау
саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Яғни, халық денсаулығын
сақтау ісінде медицина қызметкерлері мемлекетте жүргізіліп жатқан жаңа
реформаларға сәйкес біраз игілікті істердің ұйытқысы болып келеді. Мәселен,
Қазақстанда жаңадан ғылыми медициналық орталықтар, ауруханалар мен
емханалар көптеп салынып, халық денсаулығына қалтқысыз қызмет көрсете
бастады. Оған дәлел, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған
Жолдауларында халық денсаулығына ерекше маңыз беруі тектен-тек емес. Осы
мақсатта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 мектеп пен 100 аурухана
салу жөніндегі бағдарламасының қабылдануы, халық денсаулығына жасап
отырған зор қамқорлығы.
Елбасының өзінің жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің басты байлығы -
азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелеріне, оларды еліміздің бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастыратын мемлекеттік басымдықтар деңгейіне көтере
отырып, денсаулық саласына аса зор көңіл бөледі. Денсаулық сақтау саласына
әдеттегідей ерекше назар аударылады.
Қоғам болашағы - әр адамның денсаулығына байланысты. Сондықтан да,
бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор
мәселенің бірі - ұлттың денсаулығы.Дені сау адам - қоғамның маңызды
құндылығы. Сондықтан, әрбір адам ұзақ және бақытты өмір сүру үшін,
денсаулықтың қадірін біліп, оны сақтай білу қажет.
Ұлт денсаулығы – Қазақстанның табысты болашағының негізі!
1.2 Денсаулық сақтау саласын басқарудағы негізгі экономикалық көрсеткіштер
Халықтың денсаулығының жай-күйiн көрсететiн көрсеткiш деңгейiне
мынадай сыртқы және iшкi факторлар ықпал етедi.
Сыртқы факторлар:
✓ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша адам
денсаулығының 50%-ы оның өмiр сүру жағдайына байланысты (әлеуметтiк-
экономикалық факторлар, бiлiм деңгейi, зиянды әдеттерге бейiмдiлiк,
саламатты өмiр салтын ұстану және басқалар); 20%-ға дейiн денсаулық
деңгейi қоршаған орта жағдайына байланысты.
✓ қазiргi кезде халықтың 81,8%-ы ғана қауiпсiз ауыз сумен қамтамасыз
етiлген, бұл өз кезегiнде инфекциялық сырқаттанушылықтың жоғары деңгейiн
көрсетедi.
✓ Қазақстанда жетi жетекшi тәуекел факторына созылмалы аурулардың жалпы
ауыртпалығының 60%-ы келедi: темекi шегу (13,4%), қауiптi мөлшерде
алкогольдi тұтыну (12,8%), жоғары қан қысымы (12,3%),
гиперхолестеринемия (9,6%), дене салмағының артық болуы (7,4%), жемiс-
жидек пен көкөнiстердi жеткiлiксiз тұтыну (5,5%), дене белсендiлiгiнiң
төмен болуы (3,5%).
✓ қазiргi таңда халық денсаулығының төмен деңгейде болу себептерiнiң
бiрi – саламатты өмiр сүру және аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану
мәселелерiндегi халықтың хабардар болуының және уәждемесiнiң
жеткiлiксiздiгi.
Бұдан басқа, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйiне мынадай
сыртқы факторлар әсер етуi мүмкiн:
✓ Қазақстанмен тiке көлiк қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде
аса қауiптi инфекциялардың таралуы бойынша шиеленiскен эпидемиологиялық
ахуал;
✓ Қазақстанның Кеден одағына кiруi.
Iшкi факторлар:
✓ профилактикалық тексерiп-қарау мен ерте диагностикалау тиiмдiлiгiнiң
жеткiлiксiздiгi;
✓ ауруларды диагностикалаудың дәлелдi медицинаға негiзделген емдеу мен
оңалтудың жаңа әдiстерi мен хаттамаларының жеткiлiксiз енгiзiлуi;
✓ мамандар бiлiктiлiгiнiң төмен болуы;
✓ бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен стационардың арасында
сабақтастықтың болмауы.
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйiне және қызмет жұмысының
тиiмдiлiгiне мынадай iшкi факторлар әсер етедi:
✓ қызметтiң қоғамдық денсаулық сақтаудағы, оның iшiнде инфекциялық емес
аурулармен сырқаттанушылықтың профилактикасы және оны төмендету бойынша
рөлiнiң жеткiлiксiздiгi;
✓ қызмет органдары мен ұйымдарының жетiлдiрiлмеген нормативтiк құқықтық
базасы, оны халықаралық стандарттармен үйлестiрудiң төмен деңгейi;
✓ қызмет ұйымдары жүргiзетiн зертханалық зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен
жеделдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi;
✓ зертханалық зерттеулер өткiзетiн санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
ұйымдарының қызметiне жұмыстың қазiргi заманғы инновациялық тәсiлдерiн
енгiзудiң төмен деңгейi;
✓ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту
бөлiгiнде болжау, бағалау және тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзудiң
жеткiлiксiз деңгейi;
✓ медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, бiрiншi кезекте
диагностикумдарды, тест жүйелердi және басқаларды шығару бойынша
өндiрiстiк базаны дамытудың төмен деңгейi.
Mемлекет тарапынан халықтың денсаулығын жақсарту үшін көп жағдай
жасалып жатыр.Мысалы, заман талабына сай жабдықталған көптеген медицина
мекемелері бой көтерді. Нақтырақ айтқанда, 2012 жылы 400-ден астам
денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 7 қан орталығы салынды. 4000-нан астам
медициналық ұйым жөндеуден өтті. Өткен жылдың өзінде тек республикалық
бюджеттен 75 миллиардтан астам теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынған.
Қазақстанда ең көп қаржы бөлінетін саланың бірі денсаулық сақтау
саласы екен. Жыл жылжыған сайын бұл салаға көптеп көңіл бөлініп, қаржы
көлемі де артып келеді. Мысалы, 2011жылы денсаулық сақтау саласына 626
миллиард теңге бөлінген болса, 2012 жылы бұл сома 739 миллиард теңгеге,
яғни 16%-ға артқан, ал 90-жылдармен салыстырғанда бұл он бес есе артық.Оның
ішінде, 376 миллиард теңге республикалық бюджеттен, ал 359 миллиард теңге
жергілікті бюджеттен бөлінген.
Денсаулық сақтаудың негiзгi көрсеткiштерiнiң серпiнi денсаулық сақтау
саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенiнiң дәлелi.
Мәселен, 2005-2010 жылдар аралығындағы кезеңде тегiн медициналық көмектiң
кепiлдiк берiлген көлемiн қаржыландыру көлемi 90,5 миллиард теңгеден 273,1
миллиард теңгеге дейiн көбейген. 2010 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және
Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейiн кезең-
кезеңмен жеткiзуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы
трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлiнген болатын.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы
шығыстар көлемi де айтарлықтай өскен: 2005 жылы 8 740 теңге болса, 2010
жылы 30 373 теңгеге дейiн өскен.
Елдің тәуелсіздік жылдарындағы үдерісінің интегралды көрсеткішінің
бірі - ол халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ. 1994 жылы ЖІӨ халықтың жан
басына шаққанда жеті жүзден астам долларды құрады. 2011 жылғы 1 қаңтарда ол
12 есеге өсті және 9 мың АҚШ долларына артты. Әлемдік тәжірибе
тәуелсіздігінің 20 жылында бірде-бір ел мұндай нәтижеге жетпегенін көрсетіп
отыр.
2011 жылмен салыстырғанда, халықтың өмір жасының күтілетін ұзақтығы
0,6 жасқа (69,01) ұлғайып, 2012 жылы 69,06 жасты құрады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту
үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Бүгінде алғаш рет елімізде ең
күрделі медициналық бағыттар бойынша операциялар жасалуда. Мысалы, жетекші
шетелдік клиникалармен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық
құрылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі көрсеткендей, бала туу 25 пайызға
ұлғайғанын, өлімнің азаюы 11 пайыз құрағанын, халықтың табиғи өсімі 1,7 есе
ұлғайғанын атап өтуге болады.
2013 жылы бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ендіру аяқталады.
Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің сапасын арттырып,
алдын алу жұмыстарын нақты қолға алуымыз керек. Сондықтан Қазақстанда
халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылайтын ұлттық
бағдарлама кешенін ендіру қажет. Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекке
қол жетімділікті кеңейту қажеттігіне ерекше назар аудару қажет, - деп атап
өтті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2011 жылғы Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына
жолдауында [7].
2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба -2 Денсаулық арнаулы емдеу-
диагностикалық поезд өз жұмысын бастады. Мобильдік медициналық кешен -
автоклиниканың санын 50 данаға дейін жеткізу қажет. Мемлекет басшысы
Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кем дегенде
16 тікұшақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ трассаларда медициналық-құтқару
пункттерін құру мәселесін жедел пысықтау туралы тапсырма берді.
Төтенше медициналық көмек қызметі көппрофильді мобильдік және
аэромобильдік госпитальмен жарақтандырылуы қажет.
2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік
пункттер мен емханалар салынатын болады.
Осы міндеттерді орындаудың нәтижесінде 2015 жылға қарай күтілетін
қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа, ал 2020 жылға қарай 72
жасқа және одан ұзақ жасқа дейін ұлғаятын болады, - деді Президент [7].
Қазақстанда денсаулық сақтауға кететін жалпы шығын туралы Денсаулық
сақтаудың ұлттық шотының (ДСҰШ) негізінде жиналған мәліметпен халықты
ақпараттандыру қажет.
Денсаулық сақтаудың ұлттық шоты – бұл елдегі денсаулық сақтау саласына
қатысты қаржы ағынына жан-жақты мониторинг жасау жүйесі. Ол шешімдерді
қабылдау кезінде маңызды рөлге ие. ДСҰШ көмегімен бюджет есебінен денсаулық
сақтау саласына жұмсалатын шығын туралы мәліметтер ғана емес, сондай-ақ,
азаматтардың өздерінің, сақтандыру компанияларының, жұмыс берушілердің және
халықаралық ұйымдардың шығындары туралы мәліметтер жинақталады. Қазақстанда
соңғы 10 жылда денсаулық сақтау саласына кеткен шығын көлемі он есеге
артты. 2012 жылы осы салаға жұмсалған жалпы шығын Республикалық денсаулық
сақтаудың орталығының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес ЖІӨ-нің 4,04%-ын
құрады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша
Қазақстанда денсаулық сақтауға кететін барлық шығынның 41%-ға дерлігі жеке
сектор үлесіне тиесілі. Оның біршама бөлігі, дәлірек айтқанда 99%-ы
халықтың қалтасынан шығарылатын болса, тек 1%-ы ғана сақтандыру
компаниялары есебінен төленеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымынакіретін бір мемлекетте, мәселен, Германияда денсаулық сақтауға
жұмсалатын барлық шығынның 23%-ын жеке сектор өз қалтасынан төлейді және де
оның жартысынан көбі сақтандыру компаниялары есебінен өтеледі.
Жалпы дəрігерлер санынажыл соңына емдеу, санитарлық ұйымдарда,
əлеуметтік қорғау мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, кадрлар
дайындаумен айналысатын мекемелерде, денсаулық сақтау органдарының
аппараттарында жəне басқаларда жұмыс істейтін жоғары медициналық білімі бар
барлық дəрігерлер кіреді. Ал жалпы орта медициналық қызметкерлер санынаорта
медициналық білімі бар (емдеу, санитарлық ұйымдарда, əлеуметтік қорғау
мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, балалар үйінде
жұмыс істейтін тіс дəрігерлері – дантистерді қоса) барлық адамдар кіреді.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарының маңызды
ерекшелігі – дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары, алайда
әлемдегі көрсеткіштермен салыстырғанда орта арнаулы білімі бар мамандармен
қамту көрсеткіші төмен. Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда
дәрігерлермен қамтудың орташа көрсеткіші 3 есе артық.
Медициналық көмектi 62,2 мыңдәрiгер және 159,9 мыңорта медицина
қызметкерi көрсетедi. Халықты барлық мамандықтағы дәрiгер кадрлармен
қамтамасыз етудiң артуына қарамастан, практикалық бейiндi дәрiгерлермен
қамтамасыз ету бiрнеше жыл бойы бiр деңгейде қалып отыр (10 000 адамға
шаққанда 2008 жылғы 37,4-тен, 2011 жылы 37,6-ға дейiн). Халықтың орта
медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлуi ұқсас. 2011 жылы аталған
көрсеткiш 10 мың адамға шаққанда 96,5-тi құрады. Дәрігерлердің жалпы
санының 18%-ы және орта арнаулы білімі бар мамандардың 33%-ы ауылдық
жерлерде еңбек етеді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлерге сұраныс
4,1 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде сұраныс 1,9 мың адамды құрайды.
Қазақстанға тән ерекшелік медицина кадрлары ел аумағында біркелкі
бөлінбеген: елді-мекендерде 10 мың адамға 20-дан 45,7-ға дейін маман
бөлінген. Ауылдық жерлерді дәрігерлермен қамту әлі де төмен деңгейде, 10
мың адамға шамамен 11,0–18,9 маман. Шалғайдағы ауылдық елді-мекендерде
білікті мамандардың жеткіліксіздігі салдарынан халықтың ауқымды бөлігінің
медициналық көмекке қолы жетпейді. Соңғы жылдары жасы елуден асқан
дәрігерлер санының артуы алдағы онжылдықта кадр тапшылығы қаупі туындауы
мүмкіндігін көрсетеді. Нарықты жұмыс күшімен толықтырудың маңызды
сипаты дәрігерлердің жалпы құрамында жас кадрлар санын арттыру. Соңғы
жылдары салаға жас мамандардың көптеп келу тенденциясы байқалғанмен,
дәрігер кадрлардың жалпы санының ішінде олардың үлес салмағы 4%-дан артық
емес. Кәсіпке қызығушылықтың төмендігі және мотивациялық механизмдердің
болмауы салдарынан ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 87%-дан
артпайды.
Ауыл халқына медициналық жәрдемнің қолжетімділігін 49 жылжымалы
медициналық кешен жүзеге асырады, оны пайдалану арқылы жыл басынан бері 500
мыңнан астам адам тексерілуден өтті. Телемедицинаны енгізу жалғасуда,
қазіргі кезде 186 телемедициналық орталық жұмыс істейді, 12 мыңнан астам
телеконсультация берілді.
Ал дәрiгерлер даярлауды қазiргi кезде 6 медицина университетi, 1
мемлекеттiк емес ЖОО, көп бейiндi университеттердiң 3 медициналық
факультетi iске асырады. Бiлiктiлiктi арттыру Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер
бiлiмiн жетiлдiру институты, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi,
медицина университеттерi, 16 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми
орталықтардың базасында жүргiзiледi.
Соңғы он жыл iшiнде барлық мемлекеттiк медициналық жоғары оқу орындары
қазiргi заманға сай оқу-клиникалық және зертханалық жабдықтар сатып алды,
медициналық жоғары оқу орындарының 85% үлкен дербестiк алып, шаруашылық
жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын статусына ауысты. Инновациялық
бiлiм беру технологияларын енгiзу кезең-кезеңмен жүргiзiлуде. Қазiргi
уақытта 400-ден астам оқытушы шетелде, және 500-ден астамы алдыңғы қатарлы
шетел мамандарын тарта отырып Қазақстанда қайта даярлаудан өттi.
Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 1636,8 мың адамға
артты және 2012 жылдың басында 16 856,1 мың адамды құрады.Осындай
демографиялық жағдайдағы оң iлгерiлеушiлiкке қарамастан, ана мен бала
денсаулығының төмен деңгейi сақталуда. Ұрпақты болу өзектi проблема күйiнде
қалып отыр, некеге тұрғандардың 16%-ға жуығы ұрпақсыз болып табылады.
Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексi рейтингiнде Қазақстан
туберкулез бойынша 94-орынды алып отыр (2011 жыл бойынша көрсеткiш 130,0)
және туберкулездiң бизнеске әсерi бойынша 111-позицияда тұр. ТМД елдерiмен
салыстырғанда Қазақстан туберкулез бойынша Молдова (135,79) мен Қырғыз
Республикасынан (109,6) кейiн үшiншi орынға ие болып отыр.
Жыл сайын қауiпсiз ауыз сумен қамтамасыз етiлген халықтың үлес салмағы
артып келедi, ол 2011жылдың қорытындысы бойынша 81,8%-ды құрады,
эпидемиялық маңызды объектiлердiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
жақсаруда.
Халыққа амбулаториялық-емханалық көмеккөрсететін дəрігерлік
мекемелерсанына амбулаториялық қабылдау (емханалар, амбулаториялар,
диспансерлер,аурухана мекемелеріндегі емханалық бөлімдер, дəрігерлік
денсаулық пункттері жəне басқалары) жүргізетін барлық медициналық мекемелер
кіреді.
2012 жылы аудандар әкімшіліктерімен бірлесе отырып, денсаулық сақтау
Министрлігі республикалық және жергілікті бюджет есебінен 100 мектеп, 100
аурухана құрылысы бағдарламасы шеңберінде  13, Денсаулық сақтаудың 350
нысанының құрылысы бағдарламасы шеңберінде 4 денсаулық сақтау объектісінің
құрылысы аяқталды.
2012 жылы осы жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға
арналған онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру
басталды.
2011 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарының
желiсiнде жекеменшiк құрылымдармен есептегенде,1009 емдеу және 3538
амбулаториялық-емдеу ұйымдары жұмыс iстейдi. 2010 жылмен салыстырғанда
амбулаториялық-емдеу ұйымдарының саны 206-ға артты және емдеу ұйымдарының
саны 11-ге көбейді. Қазіргі таңда, Қазақстандағы медициналық мекемелердің
80-ы мемлекеттің үлесінде, 20-ы жекеменшік секторларға тиесілі.
2011 жылы денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емхана ұйымдары 106,9
млн. пациенттi қабылдаған (2007 жылы – 99,3 млн. пациент), бiр тұрғынға
шаққанда қаралу саны бұрынғы деңгейде қалып отыр – 6,7.
Қазақстан Республикасында 2012 жылғы әртараптандырылған үстеме
ақыларды қоса есептегенде, дәрігерлердің орташа еңбекақы көлемі - 116 мың
теңгені, ал орта медициналық және фармацевтикалық жұмысшылардың жалақысы –
75,4 мың теңгені құрады.
1.3 Денсаулық сақтау саласын басқарудың объективті қажеттілігі
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы жағдайды
талдай отырып, жалпы саланың әлсіз жақтары ретiнде төмендегілерді атауға
болады:
• денсаулық сақтау ұйымдарының, әсiресе ауылдық аумақтарда
қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;
• мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және азаматтың денсаулық сақтау
үшiн ортақ жауапкершiлiгiнiң жоқтығы;
• азаматтардың дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге құқықтарын iске
асырудың нақты тетiктерiнiң болмауы;
• өңiрлерде және республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын
медициналық қызметтердiң сапасындағы үлкен айырмашылық;
• медицина кадрларын даярлау сапасының жеткiлiксiздiгi;
• денсаулық сақтау менеджерлерiн даярлау институты нашар дамыған;
• кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология,
басқа да бiрқатар мамандықтар, сондай-ақ менеджмент саласында
арнаулы бiлiктiлiктiң жекелеген бағыттары бойынша кадрлар
тапшылығы;
• денсаулық сақтау жүйесiнiң, әсiресе ауылдық өңiрлерде бiлiктi
кадрлармен нашар қамтамасыз етiлуi;
• пациенттiң және медицина қызметкерiнiң құқықтарын қорғау жүйесi
нашар дамыған;
• ауылдық жерлердегi шалғай орналасқан елдi мекендердегi, әсiресе
халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарының медициналық
қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң төмендiгi;
• денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi
мамандардың болмауы.
Кадрлық ресурстарды басқару жүйесі, білікті басқарушы әлеуеттің
жеткіліксіздігі, кадр қызметі жұмысының ескірген принциптері, денсаулық
сақтау саласындағы менеджмент пен экономика саласының мамандарының,
әлеуметтік қызметкерлердің тапшылығы тиімді әлеуетті құру жолына үлкен
кедергі.
Кадрлардың жеткіліксіздігіне, географиялық және аумақтық тұрғыдан
біркелкі бөлінбеуіне, кадрлық дисбалансқа байланысты проблемалармен қатар
медициналық қызметтің сапасынан байқалатын қолда бар кадрлардың
біліктілігінің төмендігі жағдайды күрделендіре түседі.
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп
болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың
үштен бірі сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау
да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқарудың
қажеттілігін дәлелдейді. Саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн
қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды,
денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен
оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ
қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде
орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажет.
Денсаулық сақтауды басқарудың қазiргi жүйесi негiзiнен әкiмшiлiк
әдiспен басқаруды көздейдi, соның салдарынан, лицензиялауды, тiркеудi,
мемлекеттiк сатып алуды және басқаларын қоса алғанда, саланы басқарудың
тиiмсiздiгiн тұтастай айқындап беретiн барлық негiзгі функциялар iс жүзiнде
Денсаулық сақтау министрлiгi деңгейiнде орталықтандырылған.
Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер
арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігiн қалпына
келтiрудi, Фармация комитетiн, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп
пен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын
жүзеге асыратын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары
мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және зертханалық зерттеулер
жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдар қызметiне бөле отырып, Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құруды атап өту керек.
Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк
денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық ұйымдар заңды
тұлғалар болып табылады және өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге
асырады.
Медициналық қызметтерді тиімді басқару аурулардың клиникалық
сипаттамасын талдау, дәрігердің қатысуы шараларын анықтау және әзірлеу,
қызметтерді ұсыну және пайдалану қағидаттарын бағалау қабілеттігіне
тәуелді. Бұл өзжағынан эпидемиология, денсаулық сақтау экономикасы,
денсаулық сақтау жүйесі, менеджмент және саясатты белгілеу мәселелерін
түсінуді, осы салалардың денсаулық сақтау менеджментінің әртүрлі
аспектілерінде қалай қолданылатынын түсінуді талап етеді.  Денсаулық
сақтауды басқарудың халықаралық тәжірибесіне негізделген тақырыптық
зерттеулердің толық сын талдауы тиісті ғылыми дағдыларды тиімді пайдалану
керек екенін түсінуге  көмектеседі.
Бүгінгі таңда емдеу мекемесі басшысының менеджмент деңгейі жоғары
болуы тиіс. Қолданысқа озық технологияларды енгізіп, қызметкерлерді тиісті
еңбекақы ұсыну арқылы ынталандыруы талап етіледі.
Басқару - бұл өнер және өзінің заңдылығынабағынатын ілім. Бұл заңдылық
барлық жерде өзінің әсерін тигізеді. Ол әлеуметтік, психологиялық, нарықтық
және т.б. заңдылықтар. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін
басқарудың тиімділігін жоғарылататын тиісті заңдылықтар да бар. Медицинада
денсаулық сақтау жүйесін басқаруды ерекше қарастыру қажет, себебі бұл
салада 2 - түсінік бар: салауаттылықты және денсаулық сақтау жүйесін
басқару. Ал менеджерлік басқару ілімі екеуіне де тиісті.
Алдымен, денсаулық сақтау мекемелерін бір жүйе ретінде қарастырайық.
Денсаулық сақтау жүйелері - әр-түрлі қызмет атқаратын мекемелер, мысалы:
емдеу-профилактикалық мекемелер: диспансерлер, санаториялар;мемлекеттік
санаториялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары: соттық медициналық
сараптау мекемелері, жоғарғы және орта білім беру мекемелері, мамандықты
жоғарылату факультеттері, ғылыми-зерттеу мекемелері.
Жоғарғы медициналық оқу орындарында медицинаның маңыздылығына ғана
көңіл бөледі. Онда денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырушы мамандарды,
басқарушы мамандарды дайындамайды. Қазақстанда мамандандырылған басқарушы,
ұйымдастырушы қызметкерлер жетіспейді.
ҚР-дағы медицина мен денсаулық сақтау жүйесін басқару - ең негізгі
мәселе екенінескерсек, онда онымен мұқият айналысу керек. Сондықтан да,
денсаулықсақтау жүйесінің өзіндік ерекшелігін оқи отырып, денсаулық
сақтау жүйесіндехалықаралық басқару тәжірибелерінің ең негізгісін ендіре
білу қажет.
Басқару немесе менеджмент - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға
мүмкіншілік туғызатын және кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін
жоғарылатуға бағытталған басқару формалары мен әдістемелік құралдардың
жиынтығы.
Денсаулық сақтау жүйесінде - әрбір медициналық мекеме өзінің емдеу-
профилактикалық қызметін атқарады, яғни медициналық тауарларды шығару
немесе медициналық көмек көрсету. Сонымен бірге өндірістік процессті
басқаруда басты рол - тауар шығарылымына байланысты емес. Себебі емдеу-
профилактикалық мекемені басқару - бұл жаңа медициналық технологиялар мен
медициналық көмектің сапасын басқаруды талап етеді. Емдік-диагностикалық
процесті бір деңгейде басқару - өзіне емдеуші дәрігер мен онда қызмет
көрсететін барлық мамандарды, олардың қызмет ету координациясын, келісіліп
қабылдаған шешімдерін, науқастардың салауаттылық көрсеткіштерінің жоғарғы
деңгейге жетуіне бағыттталған шаралардың шешімін, емдеу, диагностика,
реабилитация, профилактиканы жүзеге асыруға бағытталып жасалған жоспарларды
бір тәртіпке келтіруді қамтиды.
Денсаулық сақтау жүйесі - адамдарды және техникалық компоненттерді
қамтиды. Сондықтан да, денсаулық сақтау жүйесінің объектілерінің
спецификациясына байланысты оны басқару өте қиынға түседі. Денсаулық
сақтау жүйесін басқарудың өзіндік ерекшеліктеріне келесілер жатқызылады:
✓ адам салауаттылығына байланысты дұрыс шешім қабылдау;
✓ қабылдаған шешімнің ерекше жауапкершілігі (адамдар денсаулығы);
✓ қабылданған шешімді түзете алмау.
Осыған байланысты басқарудың өзіндік ерекшеліктерін білу керек.
Медициналық қызмет сапасын арттыру мен жоғары технологиялы денсаулық
сақтау жүйесін дамыту ел дамуының жаңа сатысындағы мемлекет саясатының
негізгі бағыттарының бірі болып қалыптасуы қажет. Бұл ойлар Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан
халқына Жолдауында көрсетілген. 
Әдетте, медициналық қызмет сапасы кешенді түсінікті білдіреді және ол
көптеген себептерді қамтиды, олардың ішінде медициналық ұйымдардың
материалдық-техникалық жабдықталу жағдайы, клиника мамандарының кәсіби
деңгейі мен оны арттыруға деген уәждеудің болуы, медициналық көмекті
ұйымдастыру және көрсету үдерістерін басқарудың заманауи технологияларының
енгізілуі, сондай-ақ, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістері
секілді себептер де бар. Медициналық қызмет сапасын басқаруды жетілдіру
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласын дамыту
бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.
Кез-келген бағдарламаны іске асыру сапасы тікелей басқаруға тәуелді
екендігі белгілі. Осы басқару арқылы ғана, салаға заманауи әкімшілік
әдістерді, оның ішінде, еңбекке ақы төлеудің жаңа принциптері енгізіледі.
Осы принцип дәрігерді жұмысының түпкі нәтижесіне, яғни, науқастың
қанағаттанушылығына және емдеудің сапасына бағдарлайды.
Бүгінде медицина қызметкерлерінің алдында қолжетімді және тиімді
денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған жаңа міндеттер тұр.
Олар да өз тарапынан осы міндеттерді іске асыруға бар күшін салуда. Мысалы,
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығында басқару бойынша
заманауи білім беру мен оқытуды дамыту және қолдау арқылы денсаулық сақтау
саласының әлеуетін арттыру мақсатында құрылған Менеджмент орталығы жұмыс
істейді. Бұл – заманауи менеджмент саласындағы ақпарат қозғалысын
үйлестіретін орган, ол білім беру және консультациялық-үйлестіру қызметі
саласындағы көшбасшы бола отырып, халықаралық және отандық тәжірибені
зерделеп, оны денсаулық сақтау саласына трансферттеумен айналысады. Осы
орталық жүзеге асырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына талдау жасау
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Салауатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының паспорты
ҚР денсаулық сақтау жүйесі жағдайы, жетілдіру проблемалары
Денсаулық саласын талдау
Пәндер