Бригадалық кесімді еңбекақы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Еңбектің және еңбек ақының мәні мен шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы . . . 6

1. 1. Шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы . . . 6

1. 2. Есеп саясаты . . . 9

1. 3. Еңбек және оны бағалаудың мәні . . . 11

ІІ-тарау. Еңбек ақы есебі . . . 15

2. 1. Еңбек ақының түрлері, формалары және жүйелері . . . 15

2. 2. Еңбек ақыны есептеу . . . 26

2. 3. Орташа еңбек ақыны есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу және аурухана беттері бойынша есептеу . . . 38

2. 4. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар . . . 43

ІІІ-тарау. Еңбек ақы және еңбекақы аудиті . . . 48

3. 1. Еңбек ақы және еңбекақы аудитінің мақсаты, міндеті және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі . . . 48

3. 2. Еңбек ақы аудиті . . . 49

3. 3. Еңбек ақыны талдау . . . 53

Қорытынды . . . 61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 63

Қосымшалар

Кіріспе

Ел басымыздың Қазақстан халқына 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында: Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық.

Осыдан он жыл бұрын жасаған таңдауымызда біз жаңылысқан жоқпыз. Ол дұрыс таңдау болғанын уақыт бізге дәлелдеді.

Дәл осы уақыттан бастап, Қазақстан нарық экономикасының теоремасы мен демократиялық даму ақиқаттарының тар жол, тайғақ кешуінен тайсалмай өтіп, алған бағытынан таймай алға басты.

Біз мүлде жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқылық мемлекеттің іргетасын нық қалап, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайтып, өмірдің сапасы мен ұстындарын да өзгерте білдік.

Біз ішкі тұрақтылыққа, дамудың әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол жеткізіп, өңірдегі ең еңселі экономиканы сомдадық. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың өңірдегі геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мүлтіксіз атқаратын толық құқылы әрі жауапты мүшесінің тұғырына көтерілді.

Біз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қойдық. Бұл өткен 10 жылдағы жұмысымыздың басты қорытындысы.

Ендігі жерде алдағы он жылдықта атқаруға тиіс жұмысымызды айқындау үшін келдім.

Мен бүгін Үкіметке экономиканың өсуі мен біздің қаржылық мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыра беруді тапсырамын.

Біріншіден, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттырылсын.

Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы ұлғайтылсын. Олар мынадай болады:

тұңғыш бала туғанда - 5800 теңге дерлік, немесе 177%-ға өседі; екінші бала туғанда - 6400 теңгеге жуық, немесе 167%-ға өседі; үшінші бала туғанда - 6900 теңгеден астам, немесе 159%-ға өседі; төртінші және одан көп бала туғанда - 7500 теңгеден астам, немесе 153%-ға өседі.

Іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін.

Мұның өзі 1 миллион 675 мың іргелік зейнетақы алушыларды қамтиды, әрі оның мөлшері 2008 жылы шамамен бір мың теңгеге немесе 35%-дан аса артады. Ең төменгі зейнетақылық төлемдер (іргелік қосу ең төменгі ынтымақшыл зейнетақы) 2008 жылы шамамен 1 500 теңгеге немесе 15%-ға көбейеді. Ынтымақшыл зейнетақының орташа мөлшері 13 600 теңгеге немесе 25%-ға дерлік артады. Ынтымақшыл зейнетақының ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 мың теңгеге дейін, немесе 76%-ға өседі.

Бюджет саласындағы жалақы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 30% арттырылғаны сіздерге белгілі. Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыра беру қажет.

Тиімді есеп жүйесін, оның ішінде оның маңызды құрамдас бөлігі-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді талдау, жүйелеу, тіркеу және бақылау құралы - бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырмайынша кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есепті жүргізу -әрбір кәсіпорын жұмысының қажетті шарты.

Қазіргі кезде отандық және шетелдік тәжірибенің оңды жақтарын кеңірек пайдалануға бағытталған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшуге байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіне қойылатын талаптар өте жоғары. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырмайынша экономикалық тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реттейтін 2007 жылы 28 ақпанда «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы және 2006 жылы 16 мамырда «Аудиторлық қызмет туралы» заңы (өзгертулер мен толықтырулар) қабылданған.

Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық зандылықтарымен анықтау және ол зандылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауға оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай - ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап көрсетуге болады.

Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбек ақы -бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынушылардың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Қызметкерлер мен есеп айрысу есебі мен ішкі аудиттің мақсаты - шаруашылық етуші субъектінің еңбек ақы есебін жүргізу тәртібін, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, сондай-ақ еңбек ақы бойынша жүргізілген есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру.

«Еңбекақы есебі және аудиті» тақырыбы бойынша диплом жұмысы нарықтық экономика жағдайында дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында маңызды орын алып отыр.

Жалпы бұл «Еңбекақы есебі және аудиті» атты диплом жұмысында қызметкерлермен еңбекақы бойынша есебі мен аудитіне қатысты сұрақтар қарастырылған. Бітіру жұмысының мақсаты - еңбектің және еңбек ақы есебін ұйымдастыру оған бақылау жасау, аудиторлық тексеру, талдауды ұйымдастыра отырып зерттеу мен зерделеулер жүргізу.

Диплом жұмысын орындау барысында «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Оңтүстік» аймақтық филиалының материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады және осы зерттеліп отырған кәсіпорынның құжаттары тіркелді.

Еңбекақы есебі мен аудиті бойынша төмендегі тарауларда толық ашылып көрсетіледі:

- есеп саясаты

- еңбек және оны бағалаудың мәні

- еңбек ақының түрлері, формалары және жүйелері

- еңбек ақыны есептеу

- орташа еңбек ақыны есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу және аурухана беттері бойынша есептеу

- еңбек ақы және еңбекақы аудитінің мақсаты, міндеті және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі

- еңбек ақы аудиті

- еңбек ақыны талдау

І. Еңбектің және еңбек ақының мәні мен шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы

1. 1. Шаруашылықтың техника - экономикалық сипаттамасы

«Қазақстан темір жолы » республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Оңтүстік» аймақтық филиалының қабылдаған Жарғысы бойынша:

  1. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997жылғы 31 қаңтардағы №129 қаулысы бойынша Алматы темір жолы басқармасы, Тың темір жолы басқармасы және Батыс Қазақстан темір жолы басқармасы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының қосылуы арқылы құрылды.
  2. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының негізгі міндеті Қазақстан Республикасында жүктер мен жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау болып табылады.
  3. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасы мен өз Жарғысы негізінде жүзеге асырылады. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
  4. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның мүлкін негізгі және айналымдық құралдар, сондай-ақ дербес шегерімде көрсетілетін материал-дық құндылықтар құрайды.
  5. «Қазақстан темір жолы» РМК - ның филиалдары заңды тұлға болып табылмайды.
  6. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның филиалдарының банкілерде ағымдық және басқа да шоттары болуы мүмкін.
  7. «Қазақстан темір жолы» РМК-да еншілес мемлекеттік кәсіпорындар инвестициялық қызмет және кәсіпкерлік табыс немесе пайыз алу мақсатында емес, негізгі кәсіпорынды бөлу, мамандандырыл-ғанөндірістерді құру, тиімділікті арттыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» РМК-ның мүлкі есебінен құрылады.
  8. Осы Есептік саясат «Есеп саясаты және оны ашу » 1-Бухгалтерлік есеп стандарттының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Кәсіпорынның тұрпаты - филиал.

АФ «Оңтүстік» Реквизиттері:

Алматы қаласы Тобаякова ½ көшесі

РНН 6203770

Есеп айырысу шоты № 000421736

БИК 190551601

КБЕ 16

ҚР АҚ «Халық банктің» обл. филиалы- Алматы қаласы

Куәліктің сериясы 62305 № 0010496

«Қазақстан темір жолы» РМК-ның біріктірілген қаржылық есеп-қисабы кәсіпорынның есеп-қисабын бірыңғай қаржылық есеп-қисап ретінде көрсету мақсатында жасалады. «Қазақстан темір жолы» РМК кәсіпорындарының біріктірілген есеп-қисапқа енгізілетін қаржылық есеп-қисаптары осыған ұқсас операциялары мен қаржы-шаруашылық қызмет үшін бірыңғай есепті саясатты пайдалану арқылы әзірленеді, әрі сол күнге қалдырылады.

«Қазақстан темір жолы» РМК кәсіпорындарының қаржылық есеп-қисаптары біріктірілген есеп-қисап жасау үшін әр бабы және әр жолы бойынша активтер, міндеттемелер, меншікті капиталы, кірістері мен шығындары туралы мәліметтерді жинақтау арқылы біріктіріледі.

АҚ «Оңтүстіктің» Жолаушыларды тасымалдау вагондарының шаруашылықтың құрамына:

  • ағымдағы жөндеулерді жүргізу цехы;
  • жолсерік қоры (резерв) ;
  • жолаушылар вагондарды жабдықтау цехы (экипировка) ;
  • Ақсенгер ст. тұрақ базасы;
  • Защита участкісі.

Кәсіпорын 168231 шаршы м жер ауданын алады, 26 ғимаратты мен 35 көлік бірлігі бар. Жолаушылар вагондарының паркі 767 вагондардан тұрады. Депо күнделікті 9-дан 12 составтарды құрап, рейстерге жібереді . Жалпы 15 поезд жүреді оның 1-еуі халықаралық бағытта, 3 поезд- Рессейге және 11-еуі Қазақстан территориясы бойынша.

Филиалдың негізгі мақсаты - сапар алдында вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсетумен қатар сапарды қауіпсіздендіру мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Ағымды жөндеулерді 10 цех Жүргізеді, оның 4-уі негізгі және 6 қосалқы болып табылады. Цехтарда вагондарды рейстерге дайындау мен бірге вагондардың қыстық және жаздық мезгілдеріне даярлауы жүргізіледі, сонымен қатар вагондар мен вагон-ресторандар, жүктасымалдау, почталық вагондарының ревизиялық тексерулері жүргізіліп отырады.

Экипировка цехына Алматы-1, Алматы-2 кір жуғыш комбинаттар мен көмір мен сумен жабдықтайтын базалар жатады. Цех жолаушыларға тарататын төсек орынды жуу мен бүктеп салу қызметін атқарады.

Жалпы филиал 103 цехтан тұрады. Сонымен қатар 34 қоймасы бар.

РМК «Қазақстан Темір Жолының» «Оңтүстік» Аймақтық филиалының кірістер мен шығыстар туралы есебінде табыстар мен шығындардың талдауы беріледі.

Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін төмендегі 1-ші кестеден көруге болады.

Кесте-1

:
:
:
:
:
:
: Көрсеткіштер
: өлшем
: 2005
: 2006
: Ауытқу
: өсу қарқыны (%)
: бірлігі
: жыл
: жыл
: (+, -)
: Сатудан алынатын табыс
: теңге
: 435992
: 289808
: -146184
: -66, 47
: Өндірілген өнімнің (істелінген жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құны
: теңге
: 2958152
: 3416262
: +458110
: +15, 4
: Жалпы табыс
: теңге
: -2522160
: -3126454
: -604294
: -23, 9
: Кезең шығындары
: теңге
: 127311
: 293476
: +166165
: +130, 5
: Салық салынғанға дейінгі табыс
: теңге
: -2726610
: -3390383
: -663773
: -24, 3
:

Жалпы

рентабелділік

: Пайыз
: 0, 1
: 0, 07
: -0, 03
: -30
: Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
: Адам
: 1, 398
: 1, 503
: +105
: +7, 5
: Еңбекақы қоры
: теңге
: 756522
: 937769
: +181247
: +23, 95
: Еңбек өнімділігі
: теңге
: 311868, 38
: 192819, 7
: -119048, 6
: -38, 1
: Негізгі қорлардың жылдық орташа құны
: теңге
: 4020932
: 3828840
: -192092
: -4, 7
: Қор қайтарымдылығы
: Теңге
: 0, 62
: 0, 81
: +0, 19
: 30, 6

РМК «Қазақстан Темір Жол» «Оңтүстік» Аймақтық филиалының 2006жылдың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері. 1-ші жарты жылдық кезеңі бойынша.

«Оңтүстік» Аймақтық филиалы өзінің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есебін есептеу принципі бойынша жүргізіледі (косымша 1, 1’, 2, 2’) . Ақша қаражатының есебі тікелй әдісімен жүргізіледі. Есепті кезкң бойынша 6383788 мың тг. түсіп 6364465 тг. шығысталды. 01. 01. 2007жылы сальдо 81384 мың теңгені құрды.

Есепті кезең бойынша дебиторлық қарыздар 301 (1200) шоты бойынша 2303 мың тенгені құрды. ӨК Аждар-1202 мың тенге, ЖШС ДОК и Сервис-936 мың тенге, Локомотив Сервис- 164 мың теңге.

Төленген аванстар 351(2910) шоты-46 мың теңге.

Басқа да дебиторлық қарыздар 27102 мың теңге. Мүліктік салық бойынша 3 мың теңге. Мүліктік салық-1 мың теңге, көлік салығы бойынша 2 мың теңге, станциялар бойынша айыппұлдар (начеты) 5863 теңге. ТМҚ-дың жетіспешілігі 12294 мың теңгені құрды.

Есепті кезең бойынша кредиторлық қарыздар 671 (3370) шоты-19275 мың теңгені құрды. Салық бойынша 15138 мың теңге, ағымдағы төлемдер ЖТС 4513 мың теңге, әлеуметтік салық 9229 мың теңге, қоршаған ауланы қорғау- 166 мың теңге, мүлік салығы бойынша 1 мың теңге, , көлік салығы бойынша 2 мың теңге артық төленді. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептеулер 38808 мың теңге. Есептелінген еңбекақыны төлеумен байланысты шығындар-63327 мың теңге. Басқа да кредиторлар- 6907 мың теңге зейнетақы, Алименттер- 778 мың теңге, кәсіподақ(профвзносы) салымдар-670 мың теңге, эконом. санкциялар-324 мың теңге, балалар жолдулары- 44 мың теңге.

РМК «Қазақстан Темір Жолының» құрылымдық бөлімшесі болғандықтан аяқталмаған балансты өткізеді.

1. 2. Есеп саясаты

Есеп саясаты - бұл ҚР-ның Заңнамалық талабына сай қаржылық есептілікті құру және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін ұйымның қабылдаған тәжірибелері және ережелері, шарттары, негіздері мен қағидалары.

«Қазақстан темір жолы » республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Оңтүстік» аймақтық филиалы есеп саясатының басты міндеті - оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді, пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.

«Қазақстан темір жолы » республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Оңтүстік» аймақтық филиалы есеп саясаты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ұйымдастырушылық - техникалық бөлім» деп аталады. Онда қоғам туралы жалпы мәлімет, оның сүйенетін нормативтік - құқықтық базасы, есептік - операциялық жұмысты ұйымдастыруы, бухгалтерлік есептің есеп формасы және ақпаратты өңдеу технологиясы, құжаттарды сақтау мен жоюы келтірілген. Екінші бөлім «Әдістемелік бөлім» деп аталады. Онда қоғамның бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері аталып көрсетіледі. Кіретін бөлімдері:

  • меншікті капиталдың есебі
  • негізгі құралдар есебі (негізгі құралдарды кіріске алу, негізгі құралдарды қайта бағалау, негізгі құралдарды есептен шығару, негізгі құралдар амортизациясы, негізгі құралдарды жөндеу)
  • материалды емес активтер есебі
  • тауарлы - материалдық құндылықтар есебі
  • қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі
  • ақша - қаражаттар есебі (кассадағы ақшаның есебі, шетелдік валютадағы ақша - қаражаттарының есебі) ;
  • еңбекақы мен жұмыс уақытының есебі (іс-сапар шығындарының есебі, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі іс-сапарлар) ;
  • дебиторлық берешек есебі
  • міндеттемелер есебі
  • табыстар есебі
  • шығындар есебі
  • қаржылық инвестициялар есебі
  • баланстан тыс шоттар есебі
  • активтерді түгендеу
  • қаржылық есептілік
  • салық салу
  • корпоративтік табыс салығының есебі
  • қосылған құн салығының есебі

Біріктірілген қаржылық есеп-қисапта «Қазақстан темір жолы» РМК туралы бірыңғай ұйым сияқты ақпарат болуы үшін мыналар:

  1. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның әрбір еншілес мемлекеттік кәсіпорны үшін жарғылық капиталға салым салу және еншілес кәсіпорынның жарғылық капиталының сомасы;
  2. «Қазақстан темір жолы» РМК кәсіпорындары арасындағы өзара есеп айырысу шоттары жөніндегі сальдо;
  3. «Қазақстан темір жолы» РМК кәсіпорындары арасында жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер мен шығындар жөніндегі операциялар алып тасталынады.

Еңбекақы төлеу шығындары өзіндік құн құрамында және кезеңнің шығындарында ескерілетін кәсіптер мен лауазымдар тізбесі:

Өндірістік персонал(еңбекақы төлеу шығындары «Негізгі өндіріс» шоты бойынша ескеріледі) :

  1. пойыздар қозғалысына қатысы бар қызметкерлер (пайдалану қызметі) :

а) локомотивтер(электровоздар, тепловоздар) мен моторвагондық жылжымалы құрамға(электр поездары, дизель поездары) қызмет көрсететін локомотив бригадалары;

б) негізгі технологиялық жабдықты, жылыжымалы құрамды; сигнализация, орталықтандыру, блокировка және байлансты; механикаландырылған сұрыптау дөңестерін; электр жабдықтарының, машиналардың, механизмдердің түйіспе желілерін; бақылау-өлшем, автоматика, электрондық-есептеу техникасы аспаптарын; жөндеу және реттеу жөніндегі жұмысшылар;

в) вагондарды тасымалдауға дайындаумен, жолдың, жасанды ғимараттардың, басқа да техникалық құралдардың ағымдық ұсталуымен айналысатын жұмысшылар;

г) қуатты және аса күрделі өздігінен жүретін жол машиналары мен механизімдерін басқарумен айналысатын машинистер;

  1. құрылымдық қосалқы бөлімшелер мен цехтардың қызметкерлері (пайдалану және басқа да шаруашылық қызметтері ) :

а) металл мен басқа да материалдарды өңдеу жөніндегі станоктық жұмыстардағы, металл өңдеу станоктарында, металл мен басқа да материалдарды суық штампылау, саймандар мен технологиялық жабдықты жасау және жөндеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар;

б) тиеу- түсіру жұмыстарын орындайтын жұмысшылар;

в) телеграфистер, халықаралық телефон байланысының телефонистері;

г) жабдықтарды, электрондық-есептеу техникасын, бақылау-өлшем аспаптарын және автоматиканы жөндеу жөніндегі қызметкерлер;

д) өндірістік цехтар мен бөлімшелердегі негізгі технологиялық, электр және энергетикалық, эксперименталдық және ғылыми жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді, автомобильдерді және басқа да техникалық құралдарды жөндеумен және реттеумен тікелей айналысатын жұмысшылар;

е) құю, ұстахана, бу күші шаруашылықтарын, электролиттік, компрессорлық, вентиляциялық-ылғандандыру және оттегілік қондырғыларды, тазарту құрылыстарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар;

з) жүк автомобильдері мен автобустардың жүргізушілері;

  1. құрылыс-монтаж және қосалқы-көмекші жұмысшылар:

а) жөндеу-құрылым жұмыстарындағы, құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі, су құбыры мен канализация жүйелерін, құрылыс машиналарын, механизмдерін жөндеудегі және қызмет көрсетудегі қызметкерлер;

б) қуатты және аса күрделі өздігінен жүретін жол машиналары мен механизмдерін басқарумен, оларды жөндеумен әрі қызмет көрсетумен айналысатын машинистер.

Есеп саясаты бухгалтерлік есептің негізгі принциптеріне сүйеніп жасалған:

  • есептеу
  • қызметтің үздіксіздігі
  • айқындылығы
  • мәнділігі
  • анықтылығы

Бухгалтерлік есеп 1-С Бухгалтерия бағдарламасын жеке компьютерлерде пайдалану арқылы автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.

1. 3. Еңбек және оны бағалаудың мәні

«Қазақстан темір жолы » республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Оңтүстік» аймақтық филиалының жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі. Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар - деп екі топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орыңдарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:

  1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
  2. Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінің балансындағыөндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.

Басшылар қатарына - директор, президент, меңгеруші, және тағы басқалар жатады. Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызмешегі адамдар және тағы басқалары жатады.

Басқа да қызметкерлер қатарына- құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, механиктер және тағы басқалары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарифтік кесте - жұмыскерлер біліктілгі және орындалатын жұмыстың күрделілігінің белгілері бойынша дифференциациялануды қарастыратын тарифтік коэффициенттер және тарифтік разрядттар жиынтығы
Жалақының есебі: түрлері, нысандары мен жүйелері
Мемлекет және еңбекақы төлеу
Еңбек ақы және мерзімді еңбек ақы
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері жайлы
Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
Кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату мақсаты мен еңбекақыны өсіру шаралары
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері туралы ақпарат
Еңбекақы мен тариф жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz