Жеке тұлға интеракционистік теория
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 тарау Жеке тұлғаның психология ғылымындағы зерттелу тарихы мен
теориялық негіздері
1.1 Жеке тұлға туралы түсінік және оның ғылыми еңбектерде
сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері ... ... .
2 тарау Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуының әлеуметтік –
психологиялық жағдайы
2.1 Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуының әлеуметтік –
психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Жеткіншектің жеке тұлға ретінде қалыптасуында жанұяның алатын орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптауында әлеуметтік ортаның
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 тарау Тәжірибелік зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу жұмысымның өзектілігі:
Адам баласының жеке тұлға ретінде қалыптасуы бүгінгі таңда тұлға,
психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені,
қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны
қалыптастыруға жоғарланған талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында,
елдің саяси, мәдени, әлеуметтік – экономикалық жақтарын жаңарту кезінде,
жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының
дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да,
тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сүйене отырып зерттеу маған
қызықты болды.
Психологтар арасында тұлға байланысты бірыңғай көзқарастардың
болмағандарынан 300 – ден астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның
анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар да жоқ. Л.С.
Выготский алғаш рет психикалық қызметтері жоғары, мәдени және төменгі,
табиғи, - деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымның негізінде,
тұлғаның өзегі оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің
көпшілігіне негіз болып қаланды ( С.Л. Рубинштейн 1957, Л.И. Божович,
1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М.З. Неймарк, 1972 және т.б. ). Алайда,
әртүрлі авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын ( мотивтер мен
қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т.б. ) түрліше
қарастырады.
Кеңес психологиясында адамды тұлға деп, - қоғамның субъектісі
ретінде оның қарым – қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді
бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана
сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді
деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен
әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен
қатар, Б.Г. Ананьев тұлға құрылымының жан – жақты зерттелуін өз
еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін
психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері
кіретін мінез – құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады.
Адамның биологиялық түрінің көзқарасы бойынша ,
адамның онтегенезін
индивид ретінде, адамның дамуын тұлға ретінде қарастырады.
Ал Қазақстанда тұлға мәселесі Ж.И. Намазбаеваның жетекшілігімен
және оның шәкірттерінің, яғни Л.О. Сарсенбаева, Л.В.Пилипчук, С.Ж.
Омирбекова, Г.Т. Бекмуратова және т.б. ғылымы зерттеу еңбектерінде
белсенді түрде дамуда.
Ж.И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әртүрлі іс - әрекет (
ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық
компонттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін
кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы
толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект
және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С. Выготскийдің ой – пікірі
негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.[24]
Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени,
әлеуметтік – экономикалық жақтарын жаңарту кезінде, жас ұрпақтың болашақта
ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі
үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да, тұлғаның теориялық
зерттеулеріне, жалпы ұғымына сүйене отырып зерттеу маған қызықты болды.
Сондықтан бұл тақырыпты таңдап алдым.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Жеткіншектердің жеке тұлға
ретінде қалыптасуының әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерін
анықтау. Жеткіншек жастағы оқушылардың өзін жеке тұлға ретінде
қалыптастыруының әлеуметтік және психологиялық үрдістің негізгі
ерекшеліктерін зертеу.
Зерттеу міндеттері:
- жеке тұлға мәселесіне байланысты ғылыми еңбектерге талдау жасау;
- жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін
факторларды анықтау;
- жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық жағдайын теориялық және
әдіснамалық тұрғыдан қарастыру;
- жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуын зерттеу және олардың
өзін-өзі бағалауына байланысты әдістемелер жүргізу.
. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы
Егер жеткіншектік кезеңде олардың әлеуметтік ортасында алатын орны мен
тұлғалық сапаларына отбасында ата-ана, мектепте педагогикалық ұжым мен
психолог зейін салса, онда жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуының
әлеуметтік-психологиялық жағдайы жасерекшеліктеріне сай қалыптасар еді.
. Зерттеу пәні
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен әлеуметтік-
психологиялық жағдайы.
. Зерттеу объектісі жеткіншектер мен олардың әлеуметтік ортасы
. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық маңыздылығы:
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен әлеуметтік ортада алатын
орнына байланысты Л.С.Выготскийдің (мәдени- тарихи теориясы),
А.Г.Спиркиннің (сана және өзіндік сана тұжырымы), Ч.Кулидің, Г.Мидтің,
Д.Бемдердің (өзіндік сана және оны қалыптастыру туралы теориялары)
басшылыққа алынды.
. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
- жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік
орталары қарастырылды;
- зерттеу мақсатына байланысты әдістермен әдістемелерді практикалық іске
асыру жолдары жүйеге енгізілді.
. Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері: бақылау, әңгімелесу.
. Зерттеу жұмысының кезеңдері
Бірінші кезеңде – зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, тақырыптың
теориялық мәселелері тұжырымдалды.
Екінші кезеңде – зерттеу мәселесі бойынша қарастырылған ғылыми еңбектер
негізгі алынды, жеткіншектердің әлеуметтік ортадағы алатын орны мен ролі
толықтай сипатталды.
Үшінші кезең – эксперименттік зерттеулер жүргізілді, эксперименттік
зерттеулердің мазмұны анықталып, қалыптастырушы эксперимент жүргізілді,
зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді, талдау жасалды. Зерттеудің
қорытындысы жасалды.
Зерттеу базасы: Семей қаласы, Аманов атындағы №16 мектептің 8 а
сынып оқушылары
. Жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.

1.1. Жеке тұлға туралы түсінік және оның ғылыми еңбектерде сипатталуы
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілген Қазақстан
Республикамыздың қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары
білімді бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін
қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде оқушылар
белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай – ақ
алған үлгі - өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.[11]
Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым
– қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық
– тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны,
оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын
жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады,
яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын
қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының
бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі
аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған
тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және
әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның
дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Жеткіншектердің
тұлғасының дамуы, механизімді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы
факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің: Баланың психикасы
әлеуметтік табиғатқа ие... - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С.
Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы
әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Сонымен, тұлға - бұл, біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы
әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі
қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекет
пен қарым – қатынаста қалыптасып отырады.
Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп, - қоғамның субъектісі

қатар, Б.Г. Ананьев тұлға құрылымының Жан – жақты зерттелуін өз

А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл Адам өмірінің қоғамда
туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әртүрлі іс -
әрекеттің бірлесе бағынуы, онтогенездн тұлғаның қалыптасуына негізін
құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы, индивид басқа
индивидтермен біріккен іс - әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында
өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға
белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу
ынталығымен, өз іс - әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған
жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп –
қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен
бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін
мотивтер – қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен
бейнеленеді.
Қатынастар психологиясы В.Н. Мясищевтің тұлға концепциясы болып
табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен,
қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің
пікірі бойынша тұлға, тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары
шартталған қоғамдық – тарихи ретінде және оның психикалық іс - әрекеті мен
мінез – құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен
қатар, тұлғаның өзегін өз - өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас
жүйесі құрайды, - деп қарастырған. Тұлға бағдар теориясының аумағында да
зерттелінеді (Д.И.Узнадзе, 1966, А.С. Прангишвили, 1975 және т.б.) Авторлар
түрлі иллюзияларды (елестерді) эксперименталды тұрғыда зерттеп, олардың
пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиесілі
екендігін анықтайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын
анықтады. Д.И. Узнадзенің теориясына сәйкес ішкі бағдар Адам үшін
ерекшеленген теориялық қажеттіліктің әсерінен пайда болып, адамның алдына
оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етеді. Осы ғалымдардың
пікірі бойынша ішкі нұсқау адамды таңдамалы белсенді іс -
әрекетке
бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы
болып
табылады.
Божович балалар тұлғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның
қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын
жағдайларды анықтауы көзделеді.
И.П. Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың
тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде
оқушының оқу іс - әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар
зерттеу барысында тікелей оқу іс - әрекетінен шығатын әлеуметтік
мотивтердің және мотивтердің әртүрлі жас шамасындағы ара қатынастарының
ерекшеліктерін анықтады.
Л.И. Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы
оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға
бағытттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын
тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші
мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының
құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда пайда
болуы тұлғаның жоғары тұрақтылығын иерархиялық тұрғыда пайда болуы тұлғаның
жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және балалық шақ
аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып ересек
адамның қалуы анықталған. Өйткені, олардың қолдауы балалардың қоршаған
ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін уайымдауының берікті қажеттілік
жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата – аналардың қолдауына
талаптануының күшеюі баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін міне –
құлқына түрткі болуы да көрсетілген.
Жеке Адам түсінігі Жеке Адам ғылыми түсінігі көптеген әртүрлі
анықтама бар болуы – жеке Адам феноменінің қиындығы және алуан түрлілігі.
Әрбір анықтаманың қажетті және жеткіліктілігі. Ғылыми деференция
интеграциясы – жеке адам мінездемесінің әртүрлілігін алу, ол туралы ортақ
елес. Жеке адам, тұлға, даралық, адам бүтіндей сипаттайтын түсінік. Бұл
түсініктердің мазмұны және әртүрлілігі.
Жеке адамды тануда үш басты кезеңдері болады:
1. Әдеби – философиялық.
2. Клиникалық.
3. Эксперименталды.
Жеке адам психологиясын тануда эксперименталды жол қажеттіліктері.
А.Ф. Лазурский, Г. Айзенк, Г. Оллпорт, Р. Кеттелдердің жеке адам мәселесі
жөнінде аманаттары.
Қазіргі замандағы жеке адам теориясы 20 ғасырдың 30 жылдарында
тұлғаны зерттеудегі дифференциалдық бағыты қазіргі заман жеке адамның
психологиялық классификациясы, оның құрылуы , жеке адам теориясының үш
типі болады:
Психодинамикалық.
Социодинамикалық, интераукционистикалық эксперименттер және экспериментті
емес.
Құрылымды және динамикалық түр теория ерекшеліктері. [30]
Тұлға – бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе.
А.Н. Леонтьев өзінің Іс - әрекет. Сана. Тұлға атты еңбегінде тұлға
психологиясы аясындағы іс - әрекеттік көзқарастың бірқалыпты жүргізілуі,
бұл теорияның жәрдемсіз екенін жақсы көрсететінін айтты. Іс - әрекеттік
көзқарастың бастапқы бағыттарын нұсқай отырып, А.Н. Леонтьев мынаны атап
айтты: Бастапқыда, яғни іс - әрекет үрдісін қалыптастыратын негізгі
сәттерді анықтағанша, субъект зерттеу шеңберінен сырт қалатын сияқты .
Алайда субъект іс - әрекеттік көзқарас шеңберінен мәңгілік тысқары қалады.
Өздігінен пайда болатын қозғалыс бастауы ретінде субъектіге бұл теорияда
орын жоқ. Егер адамды талаптарды қанағаттандыратын амалдардың иерархиялық
жүйесі демей, өз өмірінің субъектісі ретіндегі тұлға деп түсінсек, онда
мұндай зерттеуде тұлғаның да болуы мүмкін емес. Іс - әрекеттік көзқарастың
негізгі сөздері – іс - әрекет, себеп, талап және т.б. өздігінен бұл
көзқарастың әдіснамалығын білдірмейді. Тұлғаның қалыптасуын Л.И. Божович
жеке адамның ерікке ие болуы ретінде, оны өз өмірінің субъектісіне айналуы
ретінде қарастырады: Бала тұлғасының қалыптасуының жолы – оның тікелей
ықпал етуші ортадан ақырындап бостандыққа шығуынан және оның осы ортаны да,
өзінің жеке тұлғасын да белсенді түрлендіре алатын адамға айналуынан
тұрады. Л.И. Божович тіркеген саналы сипаттағы амалда талаптардың бар
екендігінің ұстанымдық маңызы зор. Баланың мотивациялық қажеттіліктік
сферасындағы армандарының, өзін - өзі бағалауының, талаптану деңгейінің
орны мен қызметін эксперимент тұрғысында зерттеумен байланысты
мәселелерінің қарастырылуы тұлға психологиясындағы өте мәнді кезеңдердің
бірі болып саналады.[1]
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс –
қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты,
алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның
бейнесіне ( образын ) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.
Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны
мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтпрға
кіреді. Мысалы: отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына,
т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты
болады, оған белгілі бір талап – тілектер қойылып, ол оны орындайды.
Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда
осы адам ДОС, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда
әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Осындай қызметтердің маңызды , мәнді жақтары әлеуметтік рөл,
әлеуметтік статус ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы
адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым
– қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың
атқаратын қызметтері.
Басқаша айтатын бролсақ, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы
адамдардың белгелі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп
нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы
алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы.
Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны
әлеуметтендіру үрдісінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің
негізгі қажетті шарты.
Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандаққа байланысты
рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік
тәртіп стандарттарын игеріп, меңгереді, өзін - өзі бағалап, бақылауды іске
асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс – қатынастарға еніп, әр
түрлі рөлдегі іс – қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға
қойылатын талап – тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам
сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен
айтқанда, мендігін сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның
өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл
тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.
Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің мені
атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс - әрекетіне
адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір
әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің
мақсатын білу үшін екінші бір
құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.
Сонымен, Жан – жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез – құлқын
белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік
құралы ретінде қолданады. Сонда рөлдік мінез – құлықтың өзі – индивидтің іс
жүзіндегі мінез – құлығын айтамыз.
Жан – жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу
құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты
рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы
жүйе ретінде құрылады.
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың
30 жылдары пайда болған. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864 – 1929
жыл) , Мид Джордж Герберт (1863 – 1931 жыл), т.б. Ч. Кули Чарльздың
шағын кіші топтар теориясының негізін салушылардың бірі , оның
Зеркальное я, Человеческая природа и Социальный порядок (1902 ж) ,
Социальный процесс (1918 ж),Социологическая теория , Социальное
исследование (1930ж) деген еңбектері бар.Ч. Кулидің жалпы әлеуметтік
теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік үрдістерді
қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.
Ал, Дж. Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде
өткендегі болған әрекет, оқиға ұғымы жатыр. Бұл ұғым әрекеттеуші
субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Дж. Мид
пікірінше , әрекет етуші субьект кең мағынада физикалық субьект, тірі
форма, әлеуметтік мен ретінде қарастырылады. Обьектілер ұғымының
мазмұны,
Дж. Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен
сипатталатын тәжірибесі. Осыған орай обьектілер индивид пен олардың
арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі
ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік
тұжырымдамасын
Т. Парсонс өзінің әлеуметтік – функционалдық талдау теориясында көп
қолданды.
Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу үрдістерін көп
дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдар мен алуан түрлі
қарым – қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады.
Осылардың негізінде адам өзінің айнадағы мен деген имиджін жасайды. Ол
үш элементтен құрылады:
1. Адамдар мені қалай қабылдайды;
2. Адамдар менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
3. Мен адамдар тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қалай қабылдап, оған қалай
жакап беру керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің менін қалай алға дамытатынын
түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Ч. Кули сияқты Дж. Мид тұлға, яғни мен
деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі
қарым – қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез – құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек
қана өзінің мінез – құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам
жасайды. Өзін ойлауды үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады,
сол арқылы өзінің менін сезіне бастайды.
Дж. Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу үрдісі үш түрлі сатыдан
құралады.
Бірінші сатысы – имитация сатысы.
Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны
түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық
шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екінші сатысы – ойын сатысы.
Бұл уақытта кішкен бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау
арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, мұғалім, т.б. Ойын үрдісінде
балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас
балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке – шешелерінің
қылықтарын
қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете
бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын сатысы.
Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар
басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы; футбол ойнап жүрген
бала ойынның барлық ережелерін біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін,
ережелерін білу оларды адамдардың қоғамға өздерін қалай ұстау тәртіптерін
біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және
ережелер түрінше көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік міне – құлқы негізгі
екі ұғыммен түсіндіріледі:
Олар: әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл.
Мысалы; әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады.
Осыны статус дейді. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ, оның
жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе
интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі
(лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы; директор, профессор сияқты
әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез – құлқы мен пішінінен (киімі,
сөйлеу мәнері, т.б.) және әлеуметтік белгілер ең алдымен адамның алдына
қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс - әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б.
байқалады.
Қандайда бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал,
қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын,
мәнін құрайды.Сонымен , әлеуметтік жүйе дегеніміз, әлеуметтік жүйеде
белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс - әрекетінің жиынтығы. [7]
Жеке тұлға көбінесе адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы
ретінде анықталады. Бұл дегеніміз – жеке тұлға қатарына адамның генотиптік
және физиолгиялық ерекшеліктері жатпайды денгенді білдіреді. Жеке тұлғаның
көптеген анықтамаларда: тұлға жатпайды дегенді білдіреді. Жеке тұлғаның
көптеген анықтамаларда: тұлғаға, қоршаған ортаға қарым – қатынасында
көрінетін қасиеттерін басқа, танымал үрдістерде және индивидуалды стиль
әрекетіне сипаттайтын адамның психологиялық қасиеті жеке тұлға қатарына
жатпайтыны ерекше белгіленеді. Әдетте Жеке тұлға түсінігіне адамның
даралығын тұрақтайтын және дәлелдейтін қасиеттері кіреді.
Жеке тұлға – бұл әлеуметтік келісілген, қоршаған ортада табиғи
әрекеті және қарым – қатынасы анықталған, тұрақты болып табылатын, тұлғаның
ұнамды әрекеттерінен анықталған, өзіне және қоршаған ортаға мәнді белгілері
бар, психологиялық мінездеме жүйесінде алынған адам.
Ғылымда адам, жеке тұлға түсінігімен бірге индивид, даралық
түсінігі бірге қолданылады. Олардың жеке тұлға түсінігімен ерекшеліктері әр
түрлі.
Егер адам түсінігіне адамға тән адамгершілік қасиет жиынтығы
кірсе, олардың кіру және кірмеуіне байланысты емес, онда индивид түсінігі
оны психологиялық және биологиялық әрекеті қосымша қатысады. Индивид
түсінігіне адамның басқа адамдардан ерекшелендірілетін қасиеттері кіреді.
Даралық – бұл айтылғандардың ішіндегі мазмұны жағынан терең түсінік.
Ол өзіне тек индивидті және тұлғалық адамға тән қасиеттерінін тұрады,
мұндай сәйкестік адамды басқалардан ерекшелендіреді.
Жеке тұлға құрылымын қарастырсақ, оған көбіне темперамент, мінез,
иллюзия, қабілет, мотивация, әлеуметтік құрылу, ерік қасиеттері жатады.
Қабілет – тұлғаның даралық тұрақты қасиеті. Оның табысы әртүрлі
қызметте анықталады.
Темперамент – тұлғаның басқаларға әсер ететін реакциясы және
әлеуметтік жағдайлары.
Мінез – тұлғаның басқаларға қатыса анықтайтын әрекеті.
Ерік қасиеті – тұлғаның мақсатына жетуге әсер ететін бірнеше даралық
қасиет.
Иллиюзия және мотивация – бұл қызметке алаңдаушылық ниеттенуі.
Әлеуметтік құрылу – сендіру және адамның қарым – қатынасы.
Жеке тұлға психологиясы - біздің ғасырымыздың алғашқы
он
жылдығында эксперименталды ғылым бола бастады.Оның құрылуы А.Ф.
Лазурский, Г. Оллпорт, Р. Кеттел және т.б. ғалымдар атымен байланысты.
Тарихта зерттеулерге сәйкес үш кезеңді бөліп алып қарастыруға болады.
1. Әбеби – философиялық.
2. Клиникалық.
3. Өзіндік эксперименталды.
ХІХ ғасырдың бірінші он жылдығында философ және жазушылармен қатар
жеке тұлға психологиясы, мәселесімен психиатр – дәрігерлер де айналысуда.
Олар бірінші болып клиникалық жағдайда жүйелі түрде адамның даралығын
зерттеді, сонымен бірге олардың өмір жағдайын да қоса зерттеді.
Сонымен қатар диагностикалық және есі ауысқандарды емдеумен
байланысты профессионалды қортынды жасап қана қоймай, жеке тұлға табиғаты
туралы ортақ ғылыми қортындылар да жасалды. Бұл кезең клиникалық деген
атауға ие болды. ХХ ғасырдың басына дейін әдеби – философиялық және
клиникалық әрекет жеке тұлғаны зерттеудің жалғыз әдісі болған.
Бірінші он жылдықта бұған дейін адамның жағдайымен және танымдық
үрдістерді зерттеген профессионалды психологтар да жеке тұлғаны зерттей
бастады. Олар зерттеулерге математикалық – статистикалық қайта қарау
енгізіп эксперименнтті сипаттама берді. Мақсаты нақты гипотезаны тексеру
және сенімді фактіні алу.
Жеке тұлғаны зерттеудің басты кезеңі жеке тұлғаны бағалаудың сенімді
қайта қарау және тест әдісі.
Жеке тұлға психологиясының басты мәселелері әбеби – философиялық
кезеңін басты сұрағы өнегелі және тәртібі жеке тұлға туралы бірінші
анықтама кеңейтілген. Олар өзіне адамда бар және ол өзінікі деп санайтын:
оның психологиясы, мұрасы, әрекеті, мәдениеті және т.б. қосып
алды. Мұндай
жеке тұлға түсінігі әлі күнге дейін сақталған.
Жеке тұлға түсінігін кеңейтудің негізі бар. Шындығында, егер
жеке
Тұлға түсінігі жеке тұлғаны сипаттайтын түсінік деп алсақ, онда тұлға
істеген
әрекеті ғана қатысы бар көркемдік шығармашылықта философия және т.б.
әлеуметтік ғылымдарда жеке тұлға түсінігі ақталған.
Әдеби – философиялық кезеңмен салыстырғанда клиникалық кезеңдегі
жеке тұлға түсінігі ерекше феномен. Психиатрлар назары жеке тұлға
ерекшелігінде болды. Ауруларда кездесетін кейіннен бұл ерекшеліктер сау
адамдарда да кездесетіні белгіленген, ал ауруларда бұл жойылған. Бұл,
мысалы, экстроверсия және интроверсия, алаңдакшылықтарға қатысты.
Жеке тұлғаны зерттеу эксперименталды кезеңі басты танылған үрдістер
сәттілікке жеткен кезде басталды. Ол уақыт бойынша психологиялық ғылым
нарығымен сәйкес келді, оның сыотауларының бәрі сол уақыттың
психологиясының құрылмай қалуымен байланысты ондағы анатомиялық әрекет адам
психологиясының функция жиынтығы болып шықты.
Анатомиялық, функционалды психологиямен бірге сол уақытта
математикалық статистика эксперимент және аппарат кең түрде қолданылды.
Білімнің жаңа бағыты – жеке тұлға психологиясы . Бұл жағдайда ескі түрде
құрыла алмады. Біріншіден ауру адамнан сау адамға ауысу, екіншіден нақты
және сенімді әдістер, үшіншіден қажеттіліктерге жауап беретін ғылыми
эксперимент керек болды. Мысалы: Ойлау, қабылдау.
Жеке тұлғаны зерттеу Ресейде А.Ф. Лазурскиймен, ал шет елде Г.
Айзенк және Р. Кеттелмен басталды. А.Ф. Лазурский жеке тұлғаны зерттеудің
технологиясына жаңа әдісін өңдеді, сонымен қатар табиғи эксперимент үрдісін
жүргізді. Мұнда технологияға қатысты сау жеке адам туралы мәліметтер алуға
болды. Айзенк еңбегі зерттеудің математикалық қайта құру процесінің жаңа
әдісін өңдеді. Нәтижесінде өзара байланысқан фактілер алынды.
Г. Оллпорт жеке тұлға теориясын қарастырды, ол ерекшелеген теория
деп аталады. Ол Г. Айзенк зерттеулерін пайдалана отырып жеке тұлға
зерттеуіне эксперименталды сипаттама берді.
Жеке тұлға туралы анықтамалардың ішінде Г. Оллпорт кірген анықтама
сәтті болды:
Жеке тұлға - өмір бойында индивидуалды өзіндік психофизиологиялық
жүйе құратын, берілген адам ойлау және тәртібі анықталатын қасиет.
Біздің ғасырымыздың 30 жылдарында жеке тұлға психологиясында активті
дифференциация зерттеу бағыты басталды. Нәтижесінде біздің ғасырымыздың
екінші жарты жылындағы көптеген әртүрлі әдістер және жеке тұлға теориясы
қалыптасты. [2]
Қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің, сол
сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс - әрекеттерінің
себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге
болады. Жеке тұлғаның мінез – құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін
түсінуге болады.
Жеке тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті
болып саналады.Тұлғаға жалпы өзіне түсінік беретін болсақ – бұл адамның тек
табиғи – биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек
қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс – қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы
деп те атайды. Тұлға дегеніміз – индивидтің табиғаттан тыс Адами қасиеті,
яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір
сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керсінше де солай.
Индивид – жеке дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек
қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол
қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата –
анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол
жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы;
жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата – ананың,
басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар
еді. Мысалы; кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың
алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін
тарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған
жағдайлардың
барлығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп
жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа
ешбір қабілеттері болмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам қалпына
келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман
ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық
орта. Ол үшін адам туған күннен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі
міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың,
ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс – тәжірибелерін, сапа
қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру
ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек
құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын
меңгеру қабілетінде болды.Тек еңбек үрдісінде адамдар бір – бірімен
қатынас, байланыс жасауды, ойларын бір – біріне сөз арқылы жеткізуге
үйренеді.Бара – бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет
жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар
адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана)
өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана
алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық
қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық - әлеуметтік жағы шамадан тыс
үйкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп,
жоққа шығарылып отыр деген пікір тумасы тиіс. Анығында адамның өлшемі
(кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады.
Биологиялық, психологиялық, әлеуметтік .
Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр
бейнесі мен құрылымыны, және формаларын зерттейді, оның
атқаратын, орындайтын
қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда
жүріп
жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен үрдістер, сезім жүйесі
(құмарлық, жек көру, немесе сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не
наразылық, ойлау, т.б.) адамның еркі мен сипатын, бейнесін, темпераментін,
т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке – жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы
адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен
психология адамдарды жеке – дар зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете
алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше
адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан –
жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс -
әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады.
Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып
отырады.
Тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін
немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды
типтен қандай ерекшелігі, айырмашылығы барын әлеуметтану саласы
зерттейді.Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
1. Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар
жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
2. Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс - әрекеттің субъектісі
ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің
өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
1. Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары;
2. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта боады,
онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек.
Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан – жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті
болады.
Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады. [17]
Г. Оллпорт және Р. Кеттел жеке тұлға теориясын теория
ерекшелігі
деп атап кетті. Оны адамның бүкіл өмірін жәнеи оны жеке тұлға түсінігі
ретінде сипаттайтын, оның ішкі психологиялық қасиетін қарастыратын
психодинамикалық, эксперименталды, структура – динамикалық қатарына
жатқызуға болады.
Жеке тұлғаны бағалауға арналған тәсілі жаңа заман статистикалық
әдісі факторлы анализ. Бұл анализ жеке тұлға бағасы және көптеген
көрсеткіштерін анықтайды. Нәтижесінде жеке тұлғаның ерекше қасиеттері
алынады.
Берілгент әдіспен Р. Кеттел жеке тұлғаның 16 қасиетін анықтады.
Әрбіреуі даму дәрежесін сипаттайтын қосарланған атпен аталады. Р. Кеттел 16
факторлы жеке тұлға сұрақ қағазын құрды. Жеке тұлға теория зерттеушісі Р.
Мейл дәлелдемесіне қарағанда жеке тұлғаны психологиялық тұрғыдан толық
зерттейтін 33 осындай қасиеті бар екенін айтқан. Толығымен көптеген
зерттеулер 200 осындай қасиеттерін ашқан.
Р. Кеттел факторлы жеке тұлға сұрақ қағазына кірген 5 фактор – қасиет.
Кесте - 1
Фактор қасиет атауы. Терминдердің қысқаша сипатталуы.
Экстраверсия. Әңгімешіл – үндемейтін ашық – тұйық
Тәуекелге бейім – құнтты.
Сыйымдылық. Ұстамды – тітіркенгіш ,
Жол бергіш – қыңыр ,
Жәрдемдеуші – кері істеуші.
Шынайылық. Ұқыпты – ұқыпсыз ,
Жауапты – жауапсыз ,
Міндетшіл – міндетшіл емес.
Эмоционалды тұрақтылық. Тынышталған – алаңдаушылық ,
Байсалды – байсалды емес ,
Минорлы – моторлы.
Мәдениет. Интеллектуалды дамыған – дамымаған ,
Жұқа – дөрекі ,
өнерді сүйетін - өнерге бейқам қарайтын.
Кеттел сұрақ қағазында 100 сұрақ бар , олар зерттелушілерге
қойылады. Оған олар мақұлдап немесе мойындамай жауап береді. Содан кейін,
жауаптар кілтке сәйкес топтастырылады. Одан кейін, зерттеушінің тұлғалық
профилі белгіленеді.
Р. Мейли ойынша толығымен жеке тұлғаны сипаттайтын қасиет тпотарын
қарастырайық:
1. Өз - өзіне сенімді – сенімсіздік.
2. Инттелектуалдық (аналитикалық) – шектелген.
3. Ой – пісуі.
4.Ойланғыш,ұстамдылық,тұрақтылық әсерге әбігершілік,ұшырағыштық.
5. Ұстамдалылық – жүйкелілік.
6. Жұмсақ – разымсыздық.
7. Мейірбандық, ұстамдылық – эгоизм, өлшемділік.
8. Достасқыш, біркелкі, икемді – кекшіл.
9. Ақкөңіл, жұмсақтылық – қатыгездік, рақымсыздық.
10. Реализм – аутизм.
11. Еріктілік күші – еріксіздік.
12. Шынайылылық, тәртіптілік – тәртіпсіздік, шынайысыздық.
13. Ой тәртіптілігі, жүйелілік – жүйесіздік, шашыраңқылылық.
14. Сенімділік – сенімсіздік.
15. Есейген – инфактимизм.
16. Тактикалық – тактикалық емес.
17. Ашық ( контактілі ) – тұйық.
18. Қуанышты – көңілсіз.
19. Таңдандырған – көңілді қайту.
20. Араласқыш – араласқыш емес.
21. Активті – пассивті.
22. Өзбеттілік – комформдық.
23. Экспрессивті – ұстамды.
24. Қызығушылық әртүрлілігі – қызығушылық бір жақтылығы.
25. Сезімтал – суықтық.
26. Ұстамды – жеңілтектік.
27. Шыншыл - өтірікші.
28. Агрессивті – мейірбандық.
29. Сергектік – қуанышты.
30. Оптимизм – пессимизм.
31. Батылдық – қорқақ.
32. Кеңпейілді – таршылдық.
33. Тәуелсіздік – тәуелділік.
Ерекшелік теориясының көптеген жетіспеушіліктері бар.
Біріншіден факторлы анализ сапасын жеке тұлға ерекшеліктеріне
байланысты. Берілген мәліметтермен қолдана отырып зерттеушілер біркелкі
емес факторлар, тізімін алады, олардың жеке тұлға ерекшелігі жөнінде ойлары
әртүрлі болып шығады. Кейбіреулері жеке тұлға мінездемесінің толық
психологиялық сипаттамасы үшін тек 5 қасиет жетеді десе, басқалары, бұған
20
қасиеттің өзі аз деп санайды.
Екіншіден жеке тұлға ерекшелігі жөнінде алған білімімен адамның
тәртібін анықтау қиын. Адам тәртібі көптеген жағдайлары, ситуация
ерекшелігіне байланысты екені анықталады.
Жеке тұлға интеракционистік теория. Америка ғалымы У. Майнель
концепциясы – жеке тұлға факторы жағдаймен бірге адам тәртібін анықтауы,
топтарға бөлінеді:
1. Адам қабілеті – берілген жағдайда өзбетімен және жағдайға
тәуелсіз орындауға қабілетті.
2. Когнитивті стратегия – адам жағдайда бағалау және қабылдау
тәсілі.
3. Тосу – берілген жағдайда істелген нәтижелері, бағасы.
4. Бағалық – адам елестетуіндегі берілгендерге мән және мағына
берет.
5. Әрекет жоспары – субъективті регуляция тәсілі қандай – ақ бұл
жағдайда қалып қойғанда адам әдетте тексерілген жоспар
бойынша үйреншікті
тәсілмен әрекет еткенді қалайды.
З. Фрейдтің жеке адам психоаналитикалық теориясы батыста әйгілі, оны
психодинамикалық, эксперименталды емес, құрылыстық – динамикалық типке
жатқызуға болады. З. Фрейд адам санасын айсберг шыңымен салыстырады. Ол
адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқан құбылыстар оны жеке тұлға ретінде
сипаттайтын әрекет актуалды түрде түсінеді. Адам өзінің әрекетінің аз ғана
бөлігін дұрыс түсінуге, анықтауға қабілетті.
З. Фрейд жеке адам құрылымы үш бөліктен тұратынын қарастырды:
Ол, мен, және жоғарғы мен, ол - бұлар санасыз әрекет
түрлері. Ол қанағаттану принципімен сәйкес қызмет етеді. Мен шынайы
принциптен хабардар болу, ал жоғарғы мен - қоршаған ортада құрылған
адамгершілік және бағалылықтар нормасының идеалды елестетумен басқарылады.
Жағымсыз эмоционалды жағдайдан құтылуға ұмтыру адамның мен қасиет
көмегімен өзінде қорғау механизмін құрады. Солардың бірі:
1. Мойындамау: шындық адамға ұнамаған жағдайда, ол оған көзін
жауып қарайды. Мұндай кең таралған тәртіп формасы – қабылдамау, басқа
адамдардың оған айтылған сынауларын мойындамау.
2. Басу - мойындамаудан ерекшелігі көпшілік бөлігі сырттан келетін
мағлұматтан тұрады. Мұндай жағдайда өз - өзіне ұнамсыз
мойындаулар және сәйкесінше алаңдаушылық сана сферасына
ығыстырылады, ол реалды әрекетке әсер етпеуі.
3. Рационализация – бұл кез – келген әрекет және іс - әрекет
дәлелдемесі. Рационализмге көңіл бөлу іс - әрекет істелгеннен
кейін ақталуымен сипатталады.
4. Реакцияны қалыптастыру. Кейде адамдар өз – өздерінен өзінің
әрекетінің сылтауын жасырады.
5. Кескін. Барлық адамдарда тұлғаның ұнамсыз қасиеті бар, олар оны
мойындағысы келмейді, көп жағдайда мүлдем мойындамайды
механизм
кескіні өзінің әрекетін санасыз түрде адамның жағымсыз қасиетіне
бейнелейді.
6. Интеллектуализация.Бұл эмоционалды қауіп төндіретін жағдайлардан
кетіп қалу мүмкіндігі.
7. Орнын баса тұру. Ол жанамалай, бүтіндей қанағаттану мотив түрінде
бейнеленеді.
Жеке, дербес тұлға туғаннан емес, жүре пайда болар деген пікірмен
көптеген психологтар келісуде. Бірақ, олардың бұл пікірлері қандай ережеге
бағынатыны жөнінде әртүрлі келеді.
Психоаналитикалық теория дамуды адам биологиялық табиғатын қоршаған
ортаға бейімделуі ретінде түсінеді. Ерекшелік теориясы дамуды жеке тұлғаның
барлық ерекшеліктері өмір сүру барысында қалыптасады деп елестетеді.
Гуманисті және т.б. феноменологиялық теориялар оны мен қасиетінің
құрылуы ретінде сипаттайды.
Кейінгі он жылдықта жеке тұлға қарастыру тенденциясы әртүрлі теория
және әрекет арқылы кеңейтілуде. Осындай концепциялардың бірі болып американ
психологы Э.Эриксон өзінің даму туралы көзқарасында эпигенетикалық
принципті ұстанды. Мұнда адам жеке тұлғаны дамытуды міндетті түрде
туғаннан өлгенге дейінгі өтетін құбылыс. Э.Эриксонның жеке тұлғаны дамыту
теориясына әрбір адамда кездесетін 8 өмірлік психологиялық нарықтан тұрады.
Сену нарығы - сенімсіздік (адамның 1 жасында болады.)
Ұялу және күмәндану автономияға қарама – қайшылығы (2-3 жас кезеңі)
Кінәні сезіну сезіміне ынталылық тууы (3 – 6 жас мөлшері.)
Сапасы толық емес кешеніне еңбексүйгіштік қарама – қайшылығы (7-12 жас
кезеңі)
Жеке , дербестікті анықтауда индивидуалды және конформизмге қарама –
қайшылығы (12 – 18 жас мөлшері.)
Жыныстық және қарама – қатынастың жеке тұлғалық психологиялық байлануға
қарсы әсері (20 жас мөлшері)
Жаңа ұрпақ тәртібі жөніндегі өзіне – батуға қарсы әсері
(30 – 60 жас аралығында)
Өмір сүрген кезеңіне қанағаттануға үміт үзуге қарсы әсері (60 жастан
жоғары)
Адам жеке тұлға ретінде даму және қалыптасу кезінде жақсы қасиеттер
ғана емес жаман қасиеттер де алады. Жеке тұлғаның индивидуалды дамуы мүмкін
қасиеттері бір теорияға біріктіру. Осы қиындықты Э. Эриксон ескере отырып
өзінің концепциясында жеке тұлға дамуындағы шеткі екі сызық бейнеледі. Олар
таза күйде өмірде кездеспейді, бірақ жеке тұлға дамуындағы барлық мүмкін
мәндерін өзіне сындыра алады.
Бала дамуының бірінші тобында оның үлкендермен қарым – қатынасы,
біріншіден шешесімен ара – қатынасы анықталады.
Екінші топта – баланың жеке қасиеттерін яғни өз беттілігін, өзіне -
өзі сенушілігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz