Жер құқығы қатынастарының субъектілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ЖЕР ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жер құқығы қатынастарының
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.3 Жер құқығы қатынастарының
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2. ЖЕР ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.1 Жер құқық қатынастарын мемлекеттік реттеудің мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Жер құқық қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдардың
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.3 Жер құқық қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдардың
стратегиялық
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 56
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ата- Бабамыз найзаның ұшы, білектің
күшімен жаудан қорғап, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған Жер – біздің
байлығымыз. Жерi байдың – елi бай болатынын білетін ата-бабаларымыз
ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша тектен текке күрескен жоқ. Келер
ұрпақ үшін, оның салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жер мәселесі
қашанда өзекті болған.
ҚР Жер Кодексінің 12-бабында жер – ҚР егемендігі белгіленетін шектегі
аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез
келген ебек процесінің аумақтық негізі деп көрсетілген. Жер мәселесі аса
маңызды геосаяси және экономикалық фактор болып табылатындықтан әр
мемлекеттің жер қатынастары саясаты өздерінің жер мүмкіндіктеріне сай
қалыптасады. Жерді тиімді, заңдылыққа сай пайдалануын қамтамасыз ету және
жер қатынастарын реттеуді өз құзырында ұстау – бұл ұлт мүддесінің негізгі
тірегі болып отырған мәселенің бірі. Ашық нарықтық экономика жағдайында
және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте
ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді
пайдалану басты шарт болып табылады.
Мемлекетiмiзде жер қатынастарының дұрыс дамуы елiмiздiң әлеуметтiк-
экономикалық, құқықтық дамуына зор ықпалын тигiзетiнiн айтпаса да
түсінікті. Сондықтан жер қатынастарының реттелуiн мемлекеттен ажыратып
алуға болмайды. Мемлекет жер қатынастарын тек құқықпен ғана реттеп отырады,
яғни, жер құқық саласы осы жер қатынастарын реттеуде мемлекеттiң негiзгi
құралы болып табылады. Ал жергілікті атқарушы органдардың шешімдері –
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ
аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық)
округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері
саналады.
Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында үш жылға (2012-2014 ж)
жоспарланған 90 млн. гектардың 31 млн. гектарды қамтитын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерге түгендеу жүргізілген. Жер түгендеудің мақсаты олардың
көлемдерінің есептік деректермен сәйкес келуін нақтылау ғана емес, олардың
жағдайын зерттеу, яғни пайдаланылмаған немесе мақсатқа сай емес
пайдаланылып келген жер учаскелерін анықтау. Сондай-ақ, суармалы аймақтар,
жайылымдардың жағдайын айқындап, тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды
әзірлеу болып табылады. Бұл ретте түгендеу жұмыстары 57 әкімшілік ауданды
және 5 облыстық маңыздағы қаланы қамтыған. Жер ресурстарын басқару
агенттігінің мәліметі бойынша 800 ауылдық (селолық) округ және 67,5 мың
шаруашылық субъектілері зерттеле отырып тиісті картографиялық және басқа да
қажетті материалдар дайындалған. Соған орай, түгендеу жүргізудің барысында
аграрлық сектордағы шаруашылық жүргізу субъектілердің санына қатысты
айырмашылықтар болды, яғни 3 млн. гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы пайдаланылмай келген 7 мың жер учаскесі анықталды. Мұндай
үлкен айырмашылықтың болуы жыл сайынғы есепті әзірлеуге кейбір жергілікті
атқарушы органдардың тиянақсыз жұмысын көрсетеді, яғни жерге деген енжар
көзқарас әлі де бар, бұл жер қадірін түсінбеуді білдіреді. Бұл мәселе
сектораралық қатынастардан да туындау мүмкін, өйткені жер ресурстарының
жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуші ауылшаруашылық бөлімі.
Ауылшаруашылық бөлімі – топырақтың агрохимиялық жағдайы жағынан және
ауылшаруашылық алқаптарына сапалы баға береді. Әзірленген жер балансын
жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Қазақстан Республикасы өз
алдында егемендi ел болғалы қоғамдық қатынастар, соның iшiнде жер
қатынастары қазақстан республикасының негiзгi заңының нормаларына сай дами
бастады, яғни тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси
және құқықтық қатынастарының жаңа өмiр талабына сай дамуы, өзiмiз үшiн және
болашақ ұрпақ үшiн жоғарыда аталған мемлекетiмiздiң негiзгi қатынастарын
қайта реттеп, экономикалық, құқықтық реформаларды қазiргi өмiр талабына сай
жүргiзудi талап еттi.
Қазiргi нарықтық қатынастарға байланысты, жердiң мемлекет меншiгiнен
жеке меншiкке өтуi және жеке меншiктегi жерлердiң азаматтық құқықтық
мәмiлелер арқылы сатылуы, жалға берiлуi сияқты жүргiзiлiп жатқан
қатынастардың барлығы да тек ақылы негiзде жүзеге асырылады. Жер
телiмдерiнiң толық кадастрлық құнына келсек оны Қазақстан үкіметі биылғы
2012 жылғы қыркүйектің 2-iндегi қаулысымен бекіткен болатын. Осы қаулыға
сәйкес Қазақстанда жер құны топырақтың түріне, жердің бедеріне және
суландыру жүйелерінің бар-жоқтығына қарай белгіленеді. Мысалы, Алматы
облысындағы ең құнды жерлер деп танылған тау бөктерлеріндегі суармалы
жердің бір гектарына 126,9 мың теңге, суармалы емес жерлерге - 25,6 мың
теңге, жайылымдық жерлерге - 8,1 мың теңге баға қойылды. ($1=148 теңге). Ал
Ақмола облысының оңтүстігіндегi қара топырақты аймақтар ең бағалы деп
танылып, сондағы суармалы жердің бір гектары 63,1 мың теңгеге, суармалы
емес жерлер - 34,4 мың теңгеге, жайылымдар - 8,1 мың теңгеге бағаланып
отыр.
Бұл дамыған нарықтық қоғамның талабынан туындаған заңды құбылыс болып
табылады және бұл өте орынды, себебi жердiң мемлекет меншiгiнен жеке
меншiкке өтуi азаматтардың өздерiнiң рухани-материалдық қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру болып табылады. жеке меншiктегi жер учаскесiн әр тұлға заңда
көрсетiлгендей иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыра
отырып, азаматтық мәмiлеге түсу арқылы сатып, өзiне сатып ала алады және
шарт бойынша жалға бере алады.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғаудың стратегиялық бағыттарын
зерттеу, жергілікті халыққа жер қатынастары туралы құқықтық түсіндіру
жұмыстарын айқындап, оны заманауи талапқа сай тартымды жарнамалау өте
өзекті мәселе деп қарастырамын. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және
табиғи жағдайын ұдайы жақсартып отыру нәтижесінде ішкі және сыртқы
қажеттіліктерді қанағаттандырып отыратын көлемді азық-түлік өндіруге
қабілетті болатыны және жерге деген
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты өркениет
заманындағы жерге қатысты дауды шектеу және сыбайлас жемқорлықтың жолын
кесу үшін жер қатынастарын реттеу қызметін жүзеге асыратын жергілікті
атқарушы органдардың құзыретін талдау және стратегиялық маңызын зерттеу.
Аталған мақсатқа жету мынадай міндеттерге көңіл бөлуді қажет
етеді:
• жер қатынастары аясында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органының, аудандық (қалалардағы
аудандардан басқа) атқарушы органның, облыстық маңызы бар қаланың
жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала, кент,
ауыл (село) ауылдық ( селолық) округтер әкімдерінің стратегиялық
бағыттарын талдау;
• жер құқық қатынастары объектілері мен субъектілерінің құқықтық
жағдайының ерекшелігін анықтау;
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Ғылыми зерттеудің
жалпы диалектикалық-танымдық әдістермен қатар арнайы ғылыми әдістер, оның
ішінде: логикалық, тарихи жүйелеу, құрылымдық, салыстырмалы және
тәжірибелік әдістемелер қолданылды.
1 ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және түрлері
Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін
арттырған жағдайда, табиғи объектілерді және ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт
бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы
глобалдық және ішкі мемлекеттік өзара келісілген шараларды қалыптастыру
қажет. Көптеген зерттеушілер осыған байланысты жердің ерекше маңыздылығын
атап өткен.
Б.Ж Абдраимов, жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру
қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік
нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі және жердің сандық,
сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді деп жазған болатын [1].
А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша – жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған
табиғи орта объектілермен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді.
Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз
өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар
өздерінің өсіп-өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды және
барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады [2].
Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі болып табылатын
негізгі табиғи объект.
Қазақстан Республикасының 12-бабы 7-тармағына сәйкес, жер – Қазақстан
Республикасының егемендігі белгіленген шектегі аумақтық кеңістік, табиғи
ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы, және кез-келген еңбек процессінің
аумақтық негізі.
Жер ерекше белгілерге ие.
Н.А. Сыроедовтың пікірі бойынша, жердің қайта қалыптаспаушылық, орны
толмастық және шектеушілік сияқты белгілермен сипатталады [3].
А.Х. Хаджиев, жердің айрықша белгілері ретінде келесі белгілерді
айтады:
- жердің құнарлы қабатының болуы;
- жердің өндірістік қабілеті мен тұтынушылық бағалығын қалпына келтіру
және сақтап қалу мүмкіндігі;
- кеңістіктік шектеулік;
- орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерінің тұрақтылығы.
Сонымен, жердің келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи және жасанды
экономикалық болуы мүмкін. Табиғи құнарлық – ұзақ мерзім бойынғы
құнарлану процессінің нәтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен
және өсімдіктер әлемі үшін қол жетімдікпен анықталады.
Табиғи құнарлық мелиорация және агротехника арқылы адамның топырақтың
химиялық, биологиялық және физикалық қасиетіне әсер етуі арқылы жасандыға
ауысады.
Екіншіден, жер – табиғи табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары
сияқты адам қолымен жасалмаған.
Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Жерді еш нәрсеге айырбастай
алмайтындығы өзге өндіріс құралдарынан айырмашылығын анықтайды.
Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді
өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға
болмайды.
Бесіншіден, жер беті шектеулі. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты
сандық жағынан ұлғайтуға болмайды.
Жаратылысынан, табиғи объект ретінде таныла отырып, жер бір уақытта
экономикалық мәнге ие. Ол өндіріс құралы, еңбек процессінің қажетті
алғышарты болып, негізгі маңызды заттай факторлардың бірі болып танылады.
Орман және ауыл шаруашылығында өндірістің басты құралы болады,
ауылшаруашылығы өнімін өндіреді және онда көп жылдық екпелер, орман
дақылдары өседі. Жер барлық адамдар үшін, жекелеген тұлғалардың өмірі үшін
қажетті және міндетті шарт бола отырып, шаруашылық және өзге қызмет үшін
аумақ, алғашқы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыру көзі бола
отырып, әрбір адамның тұрақты тұратын аумағында және шаруашылық қызметінде
жерді пайдалануға деген табиғи құқықты қарастырады.
Жерді шаруашылық айналымда қолдану қатынастары, ең алдымен, азаматтық
заңдармен реттеледі.
Жер мүлікті жылжымайтын және жылжитын мүлік ретінде бөлудің
алғышарты болып табылады. Бұл айырмашылық тарихи түрде қалыптасқан, жердің
маңыздылығын ескере отырып, жылжымайтын мүліктер бойынша жасалатын
мәмілелер де әрқашанда жылжитын мүлікпен жасалатын мәмілелерден
ерекшеленген. Аталған негіз тек қана тарихи емес. Жер өзінің
шектеуленгенімен, жылжитын мүлікке тән емес, жеке иелікке ұшырайды [4].
Жер оқшауланады немесе бір тұлғадан келесі тұлғаға жер туралы заңдар рұхсат
ететін айналымдағы әдістер арқылы өтеді. Нақты ереже өзге нормативтік
актілерде нақтыланған болатын, соған сәйкес, жер мемлекеттік және жеке
меншікте болады.
Жер учаскелерінің меншік иелері сатуға, мұрагерлік бойынша беруге,
сыйлауға, кепілге салуға, айырбастауға, және жер учаскесіне билік етумен
байланысты заңмен қарастырылған, өзге әрекеттерді жасауға құқысы бар.
Сол себептен, нарықтық экономика жағдайындағы жер учаскелері заңның
нұсқауы бойынша жылжымайтын мүлік қатарына жатқызылған.
Ескеретін жағдай, жер жылжымайтын мүліктің ерекше нысаны болып
танылады. Басқа пайдалану процессінде ескіретін, тозатын, өзінің пайдалы
қасиеттерін жоғалтатын, шаруашылық айналымнан шығатын мүліктерден
айырмашылығы, жер ұтымды пайдаланған және дұрыс қолданған жағдайда
өндірістік қабілеті азаймайды, қайта арта түседі. Сол себептен, жерді
жылжымайтын мүлік ретінде, өмір бойы қолдануға болады.
Жердің мүлік ретінде, келесі ерекшелігі бағасы немесе құны болып
табылады. (жер бағасының ақшалай көрінісі).
Жер - тек қана өндірістік-экономикалық емес, сонымен бірге,
әлеуметтік-саяси қатынастардың объектісі болып табылады. Қазақстан
Республикасының 13 қаңтар 1993 жылғы ҚР мемлекеттік шекарасы туралы
заңына сәйкес, жер, мемлекеттік билік шегі таралған мемлекеттің аумағы
ретінде танылады.
Аумақ - мемлекет билігі және егемендігі таралатын мемлекеттің
негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің шекарасының
нақты және анық түрде айқындалғанын қалайды, себебі, көршілес
мемлекеттермен болатын аумақтық даулар көптеген қиындықтарды, тіпті әскери
қақтығыстарды да туындатуы мүмкін. Мемлекеттер үшін өз аумағының құқықтық
бекітілуі тек қана халықаралық-құқықтық ғана емес, сонымен бірге, ішкі
мемлекеттік-құқықтық маңызға ие. Аталған жағдайдан мемлекеттік егемендік
шекарасы байланысты болып табылады, себебі, мемлекеттік аумақ - мемлекет өз
егемендігін жүзеге асыратын кеңістік, яғни, өз мүддесіне сәйкес, аумағына
билік етеді.
Қазақстан аумағының ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясында оның
егемендігімен тығыз байланысты. Конституцияның 2-бабы 2-тармағында
"Республика егемендігі оның барлық аумағына тарайтыны" бекітілген. Мемлекет
аумағы мемлекет егеменді билік ұйымы ретінде өмір сүріп, әрекет ететін
кеңістік шегін көрсетеді. Ол осы аумақтағы жоғарғы биліктің өзі, бірегей
және тәуелсіз. Республиканың кеңістігін қамтитын жер, оның қойнауы, өсімдік
пен жануарлар әлемі, басқа да табиғат байлықтары Қазақстанның көпшілік-
құқықтық меншігінде болады.
Біздің пікіріміз бойынша, шетелдік субъктілермен жер
қатынастарында жер тек қана құнарлы топырақ қабаты табиғи объект ретінде
ғана емес, аумақ ретінде танылады. Сол себептен, жерді шетелдік
субъектілерге беру барысындағы шектеулермен осымен түсіндіріледі.
Өзге де пікірлер бар:
Мысалы, А.А. Ивановтың айтуы бойынша, жер құқығында жер мемлекет
егемендігі таралған аумақ ретінде емес. Аумақ өндіріс процессі кезінде
ешқандай роль ойнамайды, тек жерге құқықтың объектісі ретінде ғана
қаралады. Ол тек экономикалық сипаты сыдырылып алынған абстракцияны ғана
білдіреді [5].
Осы айтылған пікірге, А.Х. Хаджиевта қосылады. Қазақстан
Республикасының заңдары жер қатынастарын реттеу барысында жерді өте тар
мағынада түсіндіреді. Аталған жағдай заңдардың келесі нормаларында көрініс
табады. Жер, біріншіден, мемлекет аумағы ретінде емес, меншік құқығы және
жер пайдалану құқығының объектісі болып табылатын шаруашылықтың табиғи
объектісі ретінде қарастырылады. Жер табиғи ресурс ретінде меншік құқығында
бола алады және объектіге экономикалық иемденуді білдіреді, мемлекеттік
аумақ белгілі аумақтық кеңістіктің саяси және халықаралық құқықтық
мәртебесін білдіреді. Екіншіден, жер мемлекеттік аумақ ретінде өзіне
мемлекеттік егемендік таралатын кеңістіктегі барлық табиғи компоненттерді
қосады. Өзгешелігі жер жер құқықтық реттеудің объектісі ретінде танылып,
қоршаған ортаның объектісі ретіндде танылады, бірақ өз құрамына өзге табиғи
объектілерді қамтымайды, мысалы, жер қойнауы. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес, жер, жер қойнауы, өсімдіктер және жануарлар әлемі,
өзге табиғи ресурстар құқықтық әсер етудің дербес объектісі ретінде
танылады.
Жер құқық қатынастарының құқықтық реттеудің пәні ретінде
өзгешелігі кеңес үкіметі кезінде де дербес жер құқығы саласын
қалыптастыруға негіз болған.
Қазіргі кезде жер құқық қатынастары айтарлықтай өзгеріске ұшыраған.
Жерге тек мемлекеттік меншік құқығын жоюына байланысты жер ресурстарын
азаматтық айналымға тартуына байланысты жер құқық қатынастары мүліктік
сипат алып отыр. Азаматтық құқық нормаларының қолданылуы кең етек алып
отыр.
Қазіргі кезде жер қатынастары дегеніміз – жер құқық нормаларымен
реттелетін жерді қорғау, пайдалану және бөліп берумен байланысты пайда
болатын ерікті қоғамдық қатынастар [6].
Бірақ, бұл анықтама толық емес, себебі бұл анықтамада жерге жеке меншік
құқығымен байланысты қатынастар орын алмаған. Бұл жағдайда ғалым А.Х.
Хаджиевтың ҚР-ң Жер кодексінің 12-бап 15-тармағын негізгі ала отырып,
берген анықтамасы дәлірек болар еді. Жер қатынастары дегеніміз – жерге
меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын
басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге
байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер қатынастарының табиғаты бойынша бірнеше пікірлер бар.
А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша, жер қатынастары экономикалық сипатағы
және жерге өндіріс құралы ретінде пайда болатын қатынастар. Автор оларды
меншік жер қатынастары деп атайды. Осыдан жасайтын нәтижеміз, жермен
байланысты мүліктік жер қатынастары деп нақты қорытынды жасайды. Сонымен
қатар, автор, жермен байланысты кешенді қатынастар бар екенін мойындайды.
Біздің көзқарасымыз, бойынша жер қатынастарын нақты жіктеу шегінде
өте орынды. Бірақ дегенмен, бұл топтарды бірі-біріне қарама-қарсы қойып,
жермен байланысты кешенді қатынастарды жер қатынастары емес деп тануға
болмайды. Аталған қатынастар жер құқығының пәнін құрайды. Бұл туралы өз
уақытында А.Е.Еренов, Н.Б. Мухитдинов, Л.В.Ильяшенко жазған болатын. Олар
бұл қатынастарды төрт нысанға бөліп қарастырған: а) жер меншік
қатынастары; б) жерді басқару саласындағы қатынастар; в) жер пайдалану
қатынастары; г) жерді қорғау қатынастары [7].
Қазіргі уақыттағы ғалымдар барлық жер қатынастарын мүліктік деп
танымайды. Б.Р. Алимжановтың пікірі бойынша, жер құқығындағы мүліктік
қатынастар жер қатынастарының бір ғана бөлігі болып табылады және жер
товарын оқшаулауға байланысты қатынастардың барлық эдементтерін қамтымайды.
Азаматтық құқықтың маңыздылығын ұлғайту немес дұрыс баға бермеу, тіпті жер
нарығындағы жер құқығының ролін ескермеу мүмкін емес себебі ол, құқықтық
реттеудің әлсіреуіне әкеліп соғады[8].
Сонымен бірге, жер қатынастарының мүліктік қатынастар емес екендігі
туралы да пікірлер орын алған.
Кеңес уақытында көптеген заңгерлердің айтуы бойынша, жер азаматтық
айналымнан алынып тасталғандықтан, ақшалай бағалануы жоқ болатын, жер
азаматтық құқықтық түсініктегі мүлік ретінде танылмады [9].
Бірқатар авторлар жермен байланысты туындайтын қатынастар тек жер
қатынастары деген пікір білдіреді.
ҚР Жер Кодексінің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер
заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану
құқығы туындуының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен
шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды
пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп
отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер
қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен
дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге
құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер
қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Ілгеріде көрсетілген мақсаттарға сәйкес, жер қатынастары заңи реттеу
шеңберіне тартылады немесе осындай реттеудің нәтижесінде құқықтық қатынас
болып қалыптасады.
Құқықтық қатынас – қатысушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын,
құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар; бұл дараландырылған
қатынас, яғни заңмен қамтамасыз етілген жүріс-тұрыстың мүмкін болатын
немесе міндетті көлемін анықтайтын, өзара құқықтар мен міндеттермен
байланысты жеке тұлғалардың (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен
азаматтар және т.б.,арасындағы қатынас.
Жүріс-тұрыс көлемі оның шегі мен шекарасын бекітуді білдіреді.
Мүмкіндік пен міндеттілік нақты іс-әрекетпен, нақты жүріс-тұрыспен жүзеге
асырылады. Құқықтық қатынас заңда көрсетілген заңды фактілер туындағанда
пайда болады – оқиғалар, іс - әрекет, шарт, құқық қолданудың заңды актілері
және т.б [10].
Жер құқық қатынастары – ол жер заңдарымен реттелген қоғамдық жер
қатынастары .
Жер құқық қатынастары мемлекет пен жер пайдаланушылар және жердің
меншік иелері, соңғы екеуінің арасында жерге билік ету, пайдалану және
қорғауға байланысты пайда болады. Жер құқық қатынастары пайда болу үшін:
жер құқығының субьектілерінің – жер құқық қатынастарының қатысушыларының
жүріс-тұрысын анықтайтын жер-құқықтық нормасының болуы қажет.
Жер құқық қатынастарының обьектілеріне: Қазақстан Республикасы
аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген
субьектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан
жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне
құқықтар (ҚР ЖК 12б. 14т.).
Жер құқық қатынастарының субьектілері болып, жерге құқықтың иесі
болатын және соған сәйкес құқықтар мен мен міндеттерге ие тұлғалар
танылады. ҚР ЖК 12-бап 16-тармағына сәйкес оларға жер құқығы қатынастарына
қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтар бар әрі осы құқық
қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңда тұлғалар, сондай-ақ
мемлекеттер жатады.
Жер құқық қатынастарының субьектілері құқықтарға ие, оның көлемі мен
мазмұны : құқықтық ережеге, субьектінің түріне; оның іс-әрекетінің
сипатына; құқық қатынастың обьектісінің ерекшеліктеріне және т.б.
байланысты.
Жер құқық қатынастары субьектілерінің шеңбері әлеуметтік-
экономикалық формацияның өзгеруіне байланысты айтарлықтай өзгерді.
Елдің нарықтық экономикаға көшуі және жерлерді нарықтық айналымға
тарту қазіргі күнгі жер қатынастарының мәні мен мазмұнын айтарлықтай
өзгертті, ол артынша жер құқық қатынастарының субьектілерінің шеңберінің
кеңеюіне әкелді. Жерді иеленудің көптүрлі заңды титулдарының пайда болуы
жер құқық қатынастары субьектілерінің санының өсуіне әкелді.
Осылайша, Қазақстан осы уақытқа дейін жерге меншік қатынастарының
жалғыз субьектісі болып табылатын. Осы уақытта, жерге жеке меншік нысанын
енгізілгеннен кейін, тиісиі құқықтық қатынастардың субьектілері болып
азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар танылады. Нарықтық
экономиканы құрғанға дейін Қазақстанда шетелдік жер пайдаланушылар мүлде
болмаған, ал қазіргі уақытта олардың жер пайдалануын реттейтін нормалар
заңдастырылған.
Жер құқық қатынастарының жіктелуі қосымша келесідей негіздер бойынша
жүзеге асырылады:
• Жер құқық қатынастарының мазмұнына байланысты:
1. жерді табиғи объект ретінде қорғаумен байланысты қатынастар;
2. жерді өндіріс құралы ретінде пайдаланумен байланысты
қатынастар;
3. жер ресурстарын мемлекеттік басқарумен байланысты қатынастар;
4. жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік қолданумен байланысты
қатынастар;
• Жер құқық қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің
мазмұнына байланысты:
1. жерге меншік құқығын жүзеге асырумен байланысты қатынастар;
2. жерге меншік құқығынан туындайтын өзге құқықтарды жүзеге асырумен
байланысты қатынастар;
• Жер құқық қатынастарының мерзіміне байланысты: тұрақты қатынастар;
тұрақты жер пайдалану құқығынан және жерге меншік құқығынан
туындайтын қатынастар т.б; уақытша қатынастар; жер учаскесін қысқа
(5жыл) немесе ұзақ (49жыл) мерзімді уақытша пайдаланудан туындайтын
қатынастар т.б.
• Жер құқық қатынастарының туындау негіздеріне байланысты:
1. бастапқы жер құқық қатынастары;
2. туынды жер құқық қатынастары;
• Жер құқық қатынастары нормаларының мазмұнына байланысты:
1. материалдық қатынастар;
2. процессуалдық қатынастар.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жер құқығы қатынастарының түсінігінің
мәні жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін жер құқығының пәнінен
туындайды. Бұл заңнаманық базамен жер құқығы қатынастарының пәні, әдістері,
түрлері және басқа да жер құқығы қатынастарының барлық кешені анықталады.
Жер құқығы қатынастарының түсінігі, құрылымы, объектілері,
субъектілері және басқа да мәселелері негізінен жер құқығының теориясына
жатады, ал ол, өз кезегінен, заң шығару мен құқық қолданудың тәжірибесіне
негізделеді.
Жер құқығы қатынастары ең алдымен жер, экологиялық және экономикалық
қоғамдық қатынастары болып табылады. Жерге қатысты туындайтын қатынастардың
барлығы жер туралы заңнаманың нормаларымен реттеле бермейді. Тек жер
құқығының (заңнаманың) нормаларымен көзделген және реттелген қатынастары
ғана жер қатынастары болып табылады. Сол себепті, оларды жер қатынастары
деп атайды, өйткені, жер – бұл, ең алдымен, табиғат объектісі. Жердің
табиғи сипаты Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында бекітілген:
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа
да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда
белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы
мүмкін. Ал жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен
қызметінің негізі ретінде сақтау және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жер туралы заңнаманың басты қағидалары болып табылады (ҚР
ЖК 4-бап).
Жер қатынастары экономикалық болып табылады, өйткені, жер мемлекет
меншігі болып саналады және де заңмен белгіленген негіздерде, жағдайларда
және шектерде жеке меншік болуы мүмкін (ҚР Конституциясының 6-бабы).
Жер құқығы қатынастарының жоғарыда аталған барлық экологиялық және
экономикалық ерекшеліктері жер туралы заңнаманың нормаларынан көрініс
тапқан, жер құқығы қатынастарынан орын алады және жер құқығы қатынастарының
құрылымын құрайды. Мысалы, жерге жеке меншіктің негіздері, жағдайлары және
шектері алғашқы рет Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22
желтоқсандағы Жертуралы Жарлығында, содан кейін Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 24 қаңтардағы Жер туралы заңында бекітілді. Ал 2003 жылғы 20
маусымдағы Жер Кодексінде жер учаскесіне жеке меншік құқықтың шектері одан
әрі кеңейтілді.
Жер құқығы қатынастары бір жақты (мысалы, жеке меншік құқығынан, жер
пайдалану құқығынан бас тарту) әрі көп жақты (мысалы, жер учаскесіне
қатынасты шарт-мәмілелер, жер учаскесіне ортақ меншік құқығы, ортақ үлестік
меншік, кондоминиум және т.б.) болуы мүмкін. Жер қатынастарының қатысушысы
жер туралы заңнаманың талаптарын, оларды жүзеге асыру жағдайларын құқықтық
ережелерге сәйкес орындауға өз қатынасын білдірді, осы арқылы оның саналы
ерікті сипаты, яғни, заң ережелеріне қатысты оң субъективті көзқарас
қалыптасады. Құқықтық нормалардың әрекет етуінің мұндай механизмі оларды
қолданудың, орындаудың және сақтаудың тиімділігін көрсетеді. Заңда
әрқашанда нақты бір жағдайларға қатысты әрекет етуге байланысты нормалар
болады. Азаматтар заңның талаптарын ұстанып оларға бағынуы тиіс. Даулы
мәселелер мемлекеттің сот органдарының көмегімен шешіледі.
Жер құқығы қатынастары өз мазмұны бойынша күрделі әрі бірыңғай емес.
Мұндай қатынастардың қатысушылары ретінде жер учаскесінің меншік иелері,
мемлекет басқару органдары, жер пайдаланушылар және басқа да тұлғалар болуы
мүмкін. Олдардың құқықтық жағдайлары мен жер құқығы қатынастарының
объектілері әртүрлі болады.
Жер құқығы қатынасы, бұл ең алдымен, жер құқығын реттеу механизмінің
әрекет етуі. Жер құқығы қатынастарына қатысушы кез келген тұлға белгілі бір
міндеттерді орындай отырып өз құқықтарын жүзеге асырады. Ол үшін тұлға
өзінің құқықтық жағдайын немесе құқықтық мәртебесін білуі, яғни, жер туралы
заңнаманың нормаларына өз орнын табуы тиіс (тұлға жер учаскесінің меншік
иесі, жер пайдаланушы, жалға алушы, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын
алушы, жер учаскесін жалға беруші, орталық немесе жергілікті атқарушы
органның өкілі және т.б. болуы мүмкін). Өз кезегінде, жер туралы заңнама
жер құқық қатынастарының барлық элементтеріне немесе нормаларға ие болуы
тиіс.
Басты заңшығарушы актілерінде құқық олқылықтары болмауы керек. Жер
туралы заңнама барлық жер қатынастарын көрсететін айна іспекті болуы тиіс.
Мемлекет жер құқығы қатынастарын құқықтық реттеуді ұйымдастырушы
ретінде Қазақстандағы жер қатынастарын қоғамның әрбір мүшесінің жер туралы
заңнамадағы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес дамытуына, жер туралы
заңнаманың барлық талаптарының сақталуына мүдделі. Сол себепті, жер құқығы
қатынастары жер туралы заңнаманың нормаларымен тығыз байланысты болады.
Сонымен қатар, реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастардың тек
құқықтық реттеудің нәтижесінде ғана емес, құқықтық нормаларды орындау,
сақтау және пайдалану (жүзеге асыру) барысында да туындайтынын ескерген
жөн. Құқықты реттеу – бұл заң шығарушылық қызмет, ал құқық нормаларын және
оның барлық нысандарын жүзеге асыру жер құқығы қатынастарына
қатысушылардың құқықтарына жатады.
Жер құқығы қатынастарын түрлерге бөлу жер туралы заңнаманың
табиғатынан туындайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, жер туралы заңнама жер
құқығы қатынастарының обьектілері мен субьектілерін, жер қорының жекелеген
санаттары бойынша нысаналы мақсатының түрлерін қарастырады. Сонымен қатар,
бұл заңнаманың мазмұнының материалдық және іс жүргізушілік нормаларды
ажыратуға болады.
Материалдық нормалар – бұл меншік, басқару, бақылау обьектілерін,
субьектілердің аталған мәселелер бойынша құқықтарын және т.б. реттейтін
жер туралы заңнаманың нормалары.
Іс жүргізушілік нормалар – бұл жер туралы заңнаманың материалдық
нормаларын қолдану тәртібі (мысалы, жеке меншік құқығын, жер пайдалану
құқығын, жер үлестерін, жер учаскелерін беру мен алуды рәсімдеу және т.б.).
Жер құқығының іс жүргізуші нормалары осы құқықтың материалдық
нормаларының негізінде жүзеге асырылады және оларды жүзеге асыру процесінің
жалғасы болап табылады. Сол себепті, жер құқығы қатынастарының екі түрі бір-
бірімен тығыз байланыста болады, олардың арасында заңды ажыратылу
болмайды.Жер іс жүргізушілік нормалары басқа құқық салаларының (қылмыстық
іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) нормаларынан осы
ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Жер құқығында жер қорын басқару мемлекеттік басқарудың дербес
функциясы болып табылады. Оның мақсаттары мен міндеттері әкімшілік құқықпен
қарастырылатын мемлекеттік басқаруға қарағанда өзгеше. Жер қорын
мемлекеттік басқару жер құқығы институттарының бірі болып табылады. Оның
мақсаттары мен міндеттері жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне
сәкес келеді, олардың бастысы – жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету
және оарды қорғау.
Жер процесінің құрылымы келесі процедуралардан тұрады:
1) құқыққолданушы жер құқығы процедуралары;
2) ұйымдастырушы жер құқығы процедуралары;
3) жер құқығының билікке ие емес субьектілерінің заң қызметін жүзеге
асыруына жағдай жасаушы жер құқығы процедуралары (жерге орналастыру
жұмыстарын орындау процедурасы).
Жер процесінің әрбір құрылымы заңды мәні бойынша жер процесінің
қарастырылып отырған институттарының дербес элементі болуы мүмкін.
Сонымен, жер процесі – бұл жер құқығының материалдық нормаларын
жүзеге асыру процедурасын анықтайтын институты.
Жалпы қорытынды: жер құқығы қатынастары – құқық нормаларымен
реттелетін жерді пайдалану мен қорғау кезінде туындайтын қоғамдық
қатынастар болып танылады.
Жер құқық қатынастары обьектілері мен субьектілері бойынша да
бөлінеді.
Жер қатынастарының барлық мәселелері жер және басқа да заңдарымен
реттеле бермейді. Кейбір жағдайларда жер қатынастары Қазақстан
Республикасының жер заңдарына көзделген тәртіпте жер құқығы қатынастарының
субьектілерімен реттеледі. Мысалы, ҚР Жер кодексі 67-бабының 3-тармағына
сәйкес, бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут)
мүдделі тұлғаның иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде
орнықтырылады. Сол себепті, құқықтық реттеу әдістеріне императивтік әдіспен
қатар диспозитивтік әдіс те қолданылады. Диспозитивтік әдіс субьектілерге
заңмен белгіленген шекте нақты бір обьектіге қатысты өз қарым-қатынастарын
дербес түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жер туралы заңнаманың мұндай
ережелерінің негізінде жер құқығы қатынастарының олардың субъектілерімен де
реттелетіні жөніндегі қорытындыға келуге болады.
Жер құқығы қатынастарын олардың объектілері, субъектілері және
мазмұны бойынша бөлудің теориялық тұрғыдан танымдық және қолданбалы мәні
бар. Жер және жер учаскелері барлық жер құқығы қатынастарының, әсіресе,
меншік, жер пайдалану құқығының, жалға берудің, сервитуттың объектісі бола
тұра, аса маңызды рөлге ие. Себебі, жердің нысаналы мақсаты, санаттары және
түрлеріне қарай жер құқығы қатынастарының субъектілері анықталады.
Жер құқығы нормаларын жүзеге асыру механизміндегі басты мәселе – бұл
жер құқығы қатынастарының мазмұны, жер құқығы қатынастары субъектілерінің
өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы. Осы мәселені шешкенде ғана
құқық нормаларының тиімділігіне қол жеткізуге, жер туралы заңнаманың
мақсаттары мен міндеттеріне жетуге болады.
Қазақсатан Республикасының Жер кодексі жер қатынастары объектісінің
анықтамасын қарастырады, оған сәйкес жер қатынастарының объектісі дегеніміз
Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не
орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің
құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер
учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар (ҚР ЖК 12-бабының 14 тармағы).
Бұл анықтамада жер қатынастары жер құқығы қатынастары ретінде
қарастырылған, себебі, оларда жер мен жер учаскелерінің құқықтық жағдайы
және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуі, жер пайдалану
құқығы және жер үлестері көрініс табады. Жоғарыда біз атап өткеніміздей,
жер барлық жер құқығы қатынастарының объектісі болып табылады. Алайда, жер
құқығы қатынастарының объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес, жердің
бекітілген құқықтық режимі табылады. Сол себепті де, жер құқығы
қатынастарының объектісі болып Қазақсатн Республикасындағы барлық жерлерге
бекітілген құқықтық режим табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасының шегіндегі барлық жерлер меншіктің, жер пайдаланудың, басқарудың
және қорғаудың түрлеріне қарамастан жер қорын құрайды. Қазақстан
Республикасындағы барлық жерлерді біртұтас жер қоры ретінде танудың заңды
негізі болып Қазақстан Республикасы Конституциясындағы ереже табылады, оған
сәйкес Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз
аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді (ҚР
Конституциясының 2-бабы). Аумақ – бұл белгілі бір шекараға ие жер
кеңістігі. Құқықтық режимі бойынша біртұтас жер қоры негізгі шаруашылық
мақсаттарына сәйкес бөлінеді. Соған қарамастан, біртұтас жер қорының заңды
мәртебесі өзгеріссіз қалады. Сол себепті, бүкіл аумақ, біртұтас жер
қоры, Қазақстан Республикасының жерлері түсініктері Қазақстан
Республикасындағы барлық жерлердің біртұтас мәртебесін білдіреді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 1-бабында көзделген жер қоры
арнайы мақсатқа – санаттарға бөлінуге ие.
Жер қоры мен оның жекелеген санаттарының барлық жер қоры
қатынастарының объектілері ретіндегі құқықтық режимі (заңды мәртебесі)
неден көрініс табады? Бұл сұраққа жауапты Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен Жер кодексінен табуға болады.
1. Жер қоры – Қазақстан Республикасындағы жер құқығы қатынастарының
аса маңызды объектісі. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан
Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының егемендігі бүкіл
аумағына таралатын барлық жерлерді құқықтық реттеудің қайнар көздерінің
басты құқықтық базасы болып табылады.
Аумақ та жер, бірақ оның шектері болады. Жер туралы заңның
нормаларына сәйкес аумақ жер құқығы қатынастарының объектісі болып табылады
(мысалы, аймақтарға бөлудің объектісі ретінде). Жер кодексінің 8-бабына
сәйкес, жерлерді аймақтарға бөлу дегеніміз – жер аумағын оның нысаналы
мақсатымен пайдалану режимін белгілей отырып айқындау.
Жерлерді аймақтарға бөлудің мақсаттары болып мыналар табылады:
жерлерді аймақтарға бөлу арқылы жер ресурстарын басқару саласындағы
біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу; әртүрлі аймақтарға енген жерлерді
пайдалану режимі мен тәртібін аймақтардың шекаралары мен көлемін орнықтыру;
жерлерді пайдалану мен аймақтық және жергілікті бағдарламаларын жасау.
Аумақтарды қолданудың нысаналы режимі туралы көрсеткіштерден тұратын
жерді аймақтарға бөлудің мәліметтері мына жағдайларда қолданылады: жер
ресурстарын басқаруды ұйымдастыруда, жер дауларын шешуде, жер учаскелерін
жеке меншікке және жер пайдалануға беруде, жерлерді мемлекеттік
қажеттіліктер үшін алып қоюда, жер учаскелерінің зерттеу жұмыстары үшін
пайдалануға рұқсат беруде, жерді қорғау мен пайдалануға бақылау жасауда
және жер құқығы қатынастарын реттеумен байланысты басқа да мақсаттарда.
Жердің аумағын оны пайдаланудың нысаналы режимін орнықтыра отырып
анықтау жерді, жер қойнауын, орман және су ресурстарын, өсімдіктер және
жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғауға, сонымен қатар, сәулет-қала
құрлысы қызметіне қатысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы
заңнамасының қағидаларына негізделеді.
Ауыл шаруашылығы жерлерін аймақтарға бөлу мынадай қағидаларға
сүйенеді:
1) Ауыл шаруашылығы мақсатандағы жерлердің басымдығы;
2) Ауыл шаруашылығы алқаптарының ерекше қорғалуы;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы пайдаланылуы;
4) Ауыл шаруашылық алқаптарын ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен
байланысты емес мақсаттарда пайдалануға алғанда ауыл шаруашылығы
өндірісінің шығындарын өтеу.
Елді мекен жерлерін, өнеркәсіп, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан
өзге мақсатқа арналған жерлерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жерін, орман қоры, су қоры жерлерін және босалқы жерлерді аймақтарға
бөлудің басқа да қағидалары бар.
Орталық атқарушы орган (Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік)
өзге де мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, жерлерді
аймақтарға бөлуді респуликалық деңгейде жүзеге асыруды ұйымдастырады және
аумақтарды аймақтарға бөлудің республикалық схемаларын жасау мен бекітуді
қамтамасыз етеді.
Аумақты пайдаланудың жерлерді аймақтарға бөлу кезінде анықталған
нысаналы режимі ҚР Жер кодексі 8-бабының 2-тармағында көзделген тәртіп
бойынша бекітіледі және жер құқығы қатынастарынң субъектілері үшін міндетті
болып табылады.
Жерді аймақтарға бөлу жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша
жүргізіледі және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер қоры жерге меншік құқығының, жекелеген жер учаскелеріне жер
пайдалану құқығының, сервитуттың, жерді басқару мен қорғаудың объектісі
болып табылады. Сол себепті, оның жер құқығы қатынастарының объектісі
ретіндегі мәнін қысқаша атап өтеміз.
2. Жерге меншік. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына
сәйкес, жер Республикада мемлекет меншігінде болады; жер, сондай-ақ заңда
белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.
Жер қорының құрамына барлық жер санаттары, сонын ішінде, ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді мекен жерлері, орман қоры жерлері
және босалқы жерлер кіреді. Олардың құрамынан жер учаскелері жеке меншікке
заңда көзделген тәртіп бойынша беріледі. Азаматтар мен мемлекеттік емес
заңды тұлғаларға берілетін жерлерге жеке меншік құқығы жерге мемлекеттік
меншік құқығынан туындайды деп санауға болады. Бұған дәлел ретінде
мемлекеттің жер қорын басқару кезінде барлық жерлерді қорғау мен ұтымды
пайдалануды, бақылауды және нысаналы мақсатында пайдалануды тексеруін
атауға болады. Жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемін анықтау да
мемлекеттің функциясына жатады. Бұл функция да барлық жерлерді тиімді және
ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жер пайдалану құқығы. Бұл институт жер құқығы жүйесіндегі аса
маңызды институттардың бірі. Жер пайдалану құқығы – бұл тұлғаның
мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және (немесе) ақысыз негізде
шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде
(уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 17-
тармағы).
Жер пайдалану құқығының түсінігі аталған анықтамамен шектелмейді. Жер
пайдалану құқығы жер учаскесі меншік иесінің және тұрақты немесе уақытша
жер пайдаланушының құқықтарының бірі болып табылады. Мысалы, Қазақстан
Республикасы Жер кодексінің 21-бабына сәйкес, меншік иесінің өзіне тиесілі
жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.
Жалпы алғанда, жер пайдалану құқығы – бұл субьектінің жер учаскесін заңда
көзделген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану құқығы және міндеті.
Жеке меншік құқығын жүзеге асырудың нысандары Қазақстан Республикасы
Жер кодексінің 25-бабында қарастырылған. Меншік иесі өзінің жер учаскесіне
қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Респуликасының заң
актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы.
Жер пайдалану құқығы үздіксіз сипатқа ие, себебі ол бір иеден
екіншісіне, жер иесіне, басқа меншік иесіне, жалға алушыға және басқа да
жер пайдаланушыларға жер учаскесіне қатысты мәмілеге сәйкес өтеді. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 25-бабының 2-тармағында
айтылған, яғни, жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған
кездегі барлық ауыртпалықтармен беріледі. Жер учаскесіне меншік құқығының
немесе жер пайдалану құқығының өз субъектілерінің еркі бойынша тоқталу
негіздерінің бірі болып табылады.
5.Сервитут. Сервитут жер құқығының және Қазақстан Республикасында
1995 жылдан бері әрекет етуші жер туралы заңнаманың жаңа институты болып
табылады. Сол себепті, ол Жер кодексінде дербес тарау ретінде қарастырылған
(ҚР ЖК 7-тарауы).
Сервитут жер құқығы қатынастарының дербес объектісі болып табылады.
Сервитут бөтеннің учаскесін пайдаланудың айырықша түрі болғандықтан жер
құқығы қатынастарының басқа объектілерінен өзгеше болып келеді.
Сервитуттың субъектісі иелену мен пайдалану құқықтарына және жеке меншік
субъектісінің құқықтарына ие болмайды. Жер құқығы қатынастары
объектілерінің ішінде ол өзінің түрлерімен, құқықтық режимі және жер
пайдалану құқығының түрлі субъектілерімен нысаналы пайдаланумен
ерекшеленеді.
6. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды
өтеу.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 139-бабының 1-тармағына сәйкес,
жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді
ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы
айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың
құнарлығын қалпына келтіру мен арыттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық,
экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Бұл ережеден көргендей, жерлерді қорғау дегеніміз - жерлердің барлық
санаттарын, соның ішінде, жеке меншікке және жер пайдалану құқығына
берілген жер учаскелерін, мемлекеттік және жеке меншіктегі жер учаскелері
меншік иелері мен жер пайдаланушылардың меншік құқықтарын, шартты үлестерге
құқықтарын және сервитут құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді іс-
шаралар. Осы мәселелердің барлығы жер туралы заңдардың арнайы нормаларымен
реттеледі. Барлық нормалар бір-бірімен өзара байланыста болып келеді, яғни,
жерлерді қорғау, меншік құқығын қорғау және жер пайдалану құқығын қорғау да
осы құқықтардың мазмұнына енеді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бабының 16-тармағына сәйкес,
жер құқығы қатынастарының субьектілері – жер құқығы қатынастарына
қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық
қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ
мемлекеттер.
Жер құқығы қатынастарындағы құқықсубьектіліктің негізгі белгілері
болып мыналар табылады:
1) субьектінің жер құқығы қатынасына қатысуы;
2)осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттерді иеленуі.
Құқықсубьектіліктің мұндай белгілерінен мынадай қорытынды шығады:
жер құқығы қтынастарының субьектісі болып кез келген тұлға емес, тек жер
заңдарына сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие немесе жер құқығы
қатынастарына қатысуымен байланысты құқықтарға ие тұлғалар ғана табылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жер құқығы қатынастары институты – бұл күрделі
институт, ал оның субьектілері құқықтары мен міндеттері бірдей емес.
Олардың бұл құқықтық қатынастардағы құқықтары жер мен жер учаскелерінің
құқықтық режиміне сәйкес ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 12-тармағына
сәйкес, жер учаскелерін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына
сәйкес мұрагерлік тәртібімен алған кәмелетке толмаған адамдарға жер
учаскелеріне құқықты рәсімдеу жағдайын қоспағанда, жер учаскелеріне құқық
кәмелетке толған адамдарға табылады. Кәмелетке толмағандардың заңды
өкілдері бұл жер учаскелерін мұрагерлер кәмелетке толғанға дейін жалға
беруге құқылы.
Заң әдебиетінде құқықтық қатынастардың, соның ішінде, жер құқығы
қатынастарының мазмұны олардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысы
тұрғысынан қарастырылады. Бұл дұрыс көзқарас. Алайда, құқықтық қатынас
субьектілерінің өзара байланысқан бұл құқықтар мен міндеттері құқық
қатынастарының обьектілеріне қатысты субьектілердің өкілеттіктерінің
мазмұны болып табылады. Сондықтан да, жер құқығы қатынастары
субьектілерінің өкілеттерінің мазмұнын қарастыру қажет. Ол мынадай
өкілеттіктерден тұрады: иелік ету, пайдалану және билік ету, яғни,
обьектіге иелік етуге байланысты құқықтар мен міндеттер, обьектіні
пайдалануға қатысты құқықтар мен міндеттер және обьектіге билік етуге
қатысты құқықтар мен міндеттер. Бұл құқықтар өзара байланыста болғанымен,
өзінің мазмұны бойынша әртүрлі сипатта болып келеді. Мысалы, жер учаскесін
сыйға тарту жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының құқығы
болып табылады. Ал жерлерді ұтымды және нысаналы пайдалану – жер учаскесі
субьектісінің аталған жер учаскесін пайдалануға қатысты құқықтары мен
міндеттері болып табылады. Бұл меншік иесінің – құқық субьектісінің жер
учаскесіне қатысты иелік ету мен билік ету құқықтарына кедергі жасамайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz