Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Жеткіншек жастағы балалардың қылмыстық әрекетке баруының психологиялық себептерінің теориялық . . . 9

1. 1 Отандық және шетелдік ғалымдардың жеткіншек жастағылардың қылмыстық әрекетке баруының психологиялық себептері туралы еңбектеріне шолу . . . 9

1. 2 Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері . . . 16

1. 3 Қылмыс жасауға негізгі түрткі болатын факторларды анықтау . . .

2 Жеткіншек жастағы балалардың қылмыстық әрекетке баруының психологиялық себептерін зерттеу және нәтижелерін . . . 29

2. 1 Зерттеуді ұйымдастыру . . . 29

2. 2 Зерттеу нәтижелерін талдау . . . 43

Қорытынды . . . 58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі : Қоғамымыздағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мызғымас дәстүріміз еліміздің ертеңгі болашағы жеткіншектеріміздің тұлғалық құрылымын, мінез-құлқын сапалы қалыптастыру. Бұл күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Дегенмен қоғамымызда болып жатқан сан алуан өзгерістер жеткіншектердің шалыс басып, өмірлік өкінішке жетелейтін жайттарға жолығып жатқандары да баршылық. Жеткіншек бұл алаңсыз балалақ шақтың аяқталуымен күрделі жауапкершілік жүктейтін ересектік шақтың аралық кезеңі, оны психологияда «өтпелі кезең», «қиын», кезең деген ұғымдар аясына сыйғызады. Шын мәнінде мінез-құлықта өзгерстер көп болатын, албырттыққа бой алдыратын, асығыс шешімнің жетегіне еретін ауыр кезең. Сандықтан да отбасында жеткіншек пен ата-ананың өзара түсініпеушілігі жиі кездеседі. Осы кезде қоршаған ортаның ықпалына ерекше мән беретін жеткіншек қылмыстық жағдайларға да жиі барып жатады. Жеткіншектер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселксі күрделі мәселе. Жеткіншектік кезең балалық шақтан ересекке өткір өтетін қиын қақтығыстық сипаттайтын адам онтогенезінің күрделі кезеңі

Жеткіншектердің әлеуметтенуі отбсынан бастау алады. Отбасындағы психологиялық жағдай баланың болмысына әсер етпей қоймайды. Жеткіншектердің отбасындағы кейбір жағдайлармен келіспеуі, олардың өздеріне жасаған ересектердің қарым-қатынасы кейде наразылығында тудырып жатады. Кейбіреулері сәтсіз отбасының бейкүнә баласы болып балалық шақтың өзінде психологиялық жарақат алса, енді біреулері толық емес отбасында тәрбиеленіп өмірдің ащы дәмін ерте татып торығып жатса, енді біреулері ата- ана алақанының жылуын сезінбей жетімдер үйінде тәрбиеленіп сол сияқты сансыз себептердің ықпатымен қылмыс жасауға барып тағдыр тәлкегіне түсуде

Жеткіншек жастағыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық - педагогикалық өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұныны жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Сондықтан балалардың ішінде ерекше категория болып табылатыны «жеткіншек жастағыларға» адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс - тәсілдерін жетілдіру аса қажет [1] .

Жеткіншек тұлғасы өздінінен қалыптаспайды, олар қоршаған ортаның ықпалымен қалыптасады. Әсіресе жеткіншектерге өзге адамдармен өзара қарым-қатынаста кіші топтар ерекше әсер етеді. Ең алдымен жектіншектердің тұлғасының қалыптасуында мкаңызды рольді отбасы алады. Әр түрлі авторлар сәтсіз отбасылардың әр алуан типтерін бөліп қарастырады, және олардың жектіншектердің мінез-құлықтарының ауыту жағдайларына әсерін талдап көрсетеді. Өзін-өзі бағалауды адамның өмірінің басқа психикалық көріністерінен бөліп алуға болмайды. Ол ойлаумен де, еспен де, адам өмірінің эмоционалдық өмірімен де байланысты. өзін-өзі бағалау даму деңгейлері мен алға басу қарқынын анықтайды.

Адамның өзін-өзі бағалауы туралы айтқанда, оның нәтижесі байқалады: жоғары немесе төмен, адекватты немесе адекватты емес, т. б. Бірақ адамның бұл бағалауға келуін, оның қандай құралдарды қолданғанын, ол өзін тануда қандай ақпаратқа сүйенгенін білу керек. Әртүрлі факторлерге байланысты бірнеше жолмен өзін бағалауға болады. Кей адам өзінің өткен тәжірибесін талдайды, қорытынды шығарады, өз қатесін қайталамауға тырысады. Ал, кейбіреуі мұндай әрекеттер жасамайды. Кейбіреулерге өзін-өзі бағалаудың негізі өз тілегі болып табылады. Мұндай адамдар ешқашанда сын-пікірлермен келіспейді. өзін-өзі бағалаудың маңызды негізі - қоғамдық-әлеуметтік нормалар. Бұл кезде өзін-өзі бағалау схема бойынша құрылады: “мен бұл нормаға сәйкес келемін, демек мен жақсымын; сәйкес келмесе - жаманмын”.

2007 жылғы ҚР «Білім беру туралы» Заңының 3 тарауы 11 бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және күш - қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой - өрісін байыту қарастырылған. 5 тарауы 27 бабында оқу және тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлерінің адамгершілік қадір қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылатындығы айтылған [2] .

Қазіргі таңда еліміздегі оқу - тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде, балалармен тәрбие жұмысын дамыту мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеті мол, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. біздің қоғамымызда әлеуметтік мәселелердің бірі бұл кейінгі кездері жастар арасындағы қылмыстық жағдайлардың жиі кездесуіне ықпал етуде [3] .

Бұл қылмыс жасаушылырдың тұлғаға қарсы әр түрлі жарақаттардың жиі кездесуі алаңдатуда. Әсіресе жастар арасындағы жанжалды жағдайлар, топтық төбелес, қатігездіктің мейірімсіздіңктің негізін сипататтап отыр.

Қазіргі таңдағы ересек адамдардың ауыр қылмыс жасауы салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ бұл адамдардың жиі қақтығыстарға түсуімен агрессиялық мінез құлқынан туындайтындығы іс-жүзінде дәлелденген.

Біз әлеуметтік қоғмдық көп өзгерістердің тұрғындардың мүліктік иеліктерімени өзге де иеліктерінің түрлі формаларының куәсі болып табыламыз.

Негізінен әлеуметтік қарама-қайшылықтардан тұлғааралық және топтар аралық қақтығыстар туындайды.

Психологтардың тұлғаның сан алуан өзгерістерімен кәмелеттік жасқа толмағандардың тұлғалық ерекшеліктерімен олардың біріктілігі туралы пікірлері сан алуан болып табылады. Осыған түрлі бағыттағы жас жеткіншектердің агрессивтілік атқарылған жұмыстар мен айтылған пікірлер, жасалған жұмыстар олардың спаплары куә болып отыр. Біздің елімізде агресситілікті мінез-құлықты түзеті және олардың алдын алу, сауықтыру шаралары төңірегіеде аз жұмыс атқарылмаған, демек обұл мәселені шешуге арналған арнайы тәжжірибелер қалыптасқан

ҚР білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қоғамның даму деңгейінің жоғарылауы білім беру сапасын арттыруға тікелей қатысты. Тұлға бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру, рухани жаңару қажеттігі арта түсуде[4] .

Қазақстан 2030 стратегиясында мақсат етіп алып отырған Қазақстанның дамыған 50 елдер қатарына кіріп, бәсекеге қабілетті ел болуы үшін келешекте рухани - адамгершілігі қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу оны қалыптастыру қоғамдағы көпшіліктің үлкен парызы. Осындай жайттардың алдын алуда психолог мамандардың атқаратын ролі орасан зор. Жеткіншектің қалыпты көзқарасымен тұрақты мінез-құлқын қалыптаструдың негізінде атқарылар іс әлі де болса назар аударуды талап ететін тың мәселелер. Осындай күрделі мәселенің тиімді жолдарын қарастыруды жөн санадық. Сондай ақ зерттеу жұмысымызда жеткіншек жастағылардың қылмысқа баруы ның психологиялық себептерін зерттеу жұмысын қарастыруды жөн санадық.

Зерттеу мақсаты : Жеткіншек жастағылардың қылмысқа баруының психологиялық себептерін анықтау.

Зерттеу міндеті:

-Жеткіншек жастағылардың қылмысқа баруының рсихологиялық себептері туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу.

-Қылмысқа баруға түрткі болатын психологиялық себептерді анықтау.

-Жалпы деректерге сүйене отырып жеткіншек жастағылардың қылмысқа баруына әсер ететін фпкторларды анықтау.

Психологиялық зерттеу әдістері арқылы жеткіншектердің мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау және осыған байланысты талдау жасау.

Ғылыми-әдіснамалық негізі: «Заңды бұзушыларды тәрбиелеудің психологиялық негізі» А. Г. Ковалев, «Бұзақылық мәселелері туралы» С. Т. Шацкий, Техникалық мамандық беретін училищелерде педагогикалық тәрбиесі бетімен кеткен балалармен жүргізілетін жұмыс проблемалары » Г. К. Ахметжанова, «Мектептің «жеткіншектік жастағы» оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі» Ә. Жұмабаев, «Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу - басты мақсат» Т. Сламбекова, З. Сыдықова, «Трудные дети» Л. С. Славина, «Психология трудных школьников» Г. Степанов, «Методика духовно - нравственного воспитания студентов в процессе обучения» Р. Ж. Шалтаева.

Зерттеу пәні: жеткіншек жастағылардың қылмысқа баруының психологиялық себептері.

Зерттеу обьектісі : жеткіншек жастағы балалар (13-15 жастағы жеткіншектер) .

Зерттудің ғылыми болжамы: Жеткіншек жастағы балалармен отбасында және мектептерде жүйелі қарым-қатынас орнатылып баланың мақсат -мүдделерімен санасып, олардың даралық ерекшеліктеріне назар аударылса, онда жеткіншек жастағылардың қылмысқа баруының алдын алуға мүмкіндік мол болар еді.

Практикалық құндылығы: Жұмыс барысында зерттеулерден алынған нәтижелер жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балалармен айналысытын психолог мамандар үшін және ата-аналар үшін тиімді матерал болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

1. Жеткіншек жастағылардың қылмыстық әрекетке баруының психологиялық себептерінің теориялық негіздері

  1. Отандық және шетелдік ғалымдардың жеткіншек жастағылардың қылмыстық әрекетке баруының психологиялық себептері туралы еңбектеріне шолу.

Жеткіншек жастағылардың заң бұзуға, қылмыстық жолмен итермелейтін фактор, есірткі қабылдау кезінде, құрдастарының ортасында бұзылады. Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П. П. Бельский (1917ж., 1924ж. ) болды, ол өз мінез - құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П. П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л. И. Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З. Фрейд пен К. Левиннен, сонымен қатар Ч. Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды [6] .

Н. Кречмер мен Конорода осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді щизоитқа жатқызады. А. С. Макаренконың жеткіншек жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогиканың алтын қорына енді.

П. О. Эфрусси мінез - құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшіліктер: қозушылық, көңіл - күйдің аумалы - төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге ол психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырады. Оның зерттеуінің құндылығы мынада, ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың өзін - өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп септігін тигізеді.

Жеткіншек жастағы балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кегенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П. П. Блонский (1936ж) болды. Оның зертеуінің негізгі мақсаты - жеткіншек жастағы балалардың өмірін анықтау. П. П. Блонский қиын балалардың мінез - құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді.

Жеткіншек жастағы балаларға былайша мінездеме береді: «Обьективті көзқараспен қарағанда жеткіншек жастағы балалар - мынандай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда жеткіншек жастағы балалармен - мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін балалар. «Істі бүлдіруші» балаларға толыққанды мінездеме бере отырып, П. П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

Жеткіншектердің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдық қарастырады. Баланың әлемінің ересекке ауысуында жеткіншек екі жақтық кезең болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің асоциалды мінез - құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс істеді. (Мысалы, В. Г. Баженов, Р. А. Дебагян, А. Жұмабаев, К. А. Жукенова, А. М. Қарабаева, Л. К. Керимов, В. П. Кривошеев, Л. В. Лысенка, В. А. Парфенов, В. А. Трифонов, В. П. Шевченко, Э. И. Шнибеков, Г. А. Уманов) . Бұл зерттеушілер жеткіншек жастағы балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік - педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциалды мінез - құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

В. В. Трифонов зерттеулерінде Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Біраз зерттеулер (М. А. Алемаскин, Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, В. Н. Кудрявцев, Г. М. Минковский, И. Ф. Мягков және т. б. ) «жеткіншек жастағы балалардың» басым көпшілігі - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез - құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы - құрдастарымен дұрыс қарым - қатынас жасауына кедергі келтіреді.

«Жеткіншек жастағы балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін», - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін - өзі сендіреді.

Ұзақ мерзімді дау - жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке - жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз) . Балаларда ішкі дау - жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.

Л. С. Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы» да нәтижеге жетуге болады. Л. С. Выготский жеке адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі - аффектілі - қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.

Мінез - құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л. С. Славина болды. Мұндай мінезге ол аффектілі (жан - күйзелісі, қайғыру) психологиялық ерекшелігін алды және бұл саладағы балаларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебі мінез - құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы салдарынан, өте күшті эмоционалды қайғыру және жан күйзелісінен болады. Л. В. Славина екінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебі мінез - құлық ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайда меңгермеуді жатқызады.

Жоғарғы сынып оқушыларының мінез - құлқындағы қиындық мәселесімен И. П. Воронаева, И. В. Козубская, В. Г. Сенько, Е. А. Сорофян, И. П. Трушина, т. б. айналысты. Олар мінез - құлқында қиындығы бар жеке балалардың кейбір ерекшеліктерін анықтап көрсетті. Қазіргі уақытта мінез - құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттелініп жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік - психологиялық және педагогикалық (М. А. Алемаскин, А. С. Белкин, Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, Г. П. Медведев, М. Ф. Мягков, Д. И. Фельдштейн және т. б. ) ; клиникалық (Г. А. Власова, В. Я. Гиндикин, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, М. З. Певзнер, Г. Е. Сухарев және т. б. ) ; криминологиялық (М. М. Бабаев, К. Е. Легошев, В. Н. Кудрявцев, Г. М. Миньковский және т. б. ) аспектіде қарастырылуда.

Олай болса мінез - құлықтағы қиындық бұл шексіз (интегративті) ұғым, педагогтік және тәрбиелік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік.

Жоғарғы сынып оқушыларының типтік қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері үшін, орта мектеп жасына өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде бала позициясының ішкі қабылдауы жүреді, бұған біртұтас жүйелі факторлар себепші болады.

Белгілі психологтар (Б. Г. Ананьев, В. В. Давыдов, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. И. Намазбаев, М. М. Мұқанов, В. К. Шабельников) зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез - құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттілігі айқындалған. Бастауыш сынып оқушыларының жеке - басының қалыптасуында, әсіресе оның психикалық дамуында негізгі шешуші рөлді оқу - әрекеті атқара бастайды, бұл жолда баланың ғылыми білімдері қарқынды меңгеруі жүреді, танымдық және ақыл - ой күштері дамиды. Белгілі психолог Д. Б. Эльконин оқу - әрекеті арқылы баланың үлкендермен қарым - қатынастарының барлық жүйесі мен жеке қарым - қатынасы білінеді, деп көрсетті. Қазіргі заманда жеткіншектік іс-әрекет үлкендермен ұйымдасады. Жеткіншектік кезең балаларға тән мінез-құлық өзгереді. Жалпы жеткіншектерде кездесетін қылмыстық себептерді үш топқа бөлуге болады

1 Әлеуметтік фактор: қоғам және мәдениет болады.

2 Психологиялық фактор: мінез-құлыққа байланысты.

3. Биологиялық-физиологиялық әсері.

Көптеген авторлардың (А. П. Крачковский, А. Е. Личко, В. Г. Степанов, В. В. Трифонов) пікірлері бойынша, көп жағдайларда мінез - құлықтағы қиындық 6-8 сынып оқушыларында, яғни жасөспірімдік кезеңге өткенде, әсіресе ұл балаларды байқала бастайды деп айтылған. Бірақ та кейінгі жылдарда мінез - құлқы қиын балалар бастауыш сынып оқушыларында да көптеп кездесетіні көрініп жүр.

Мінез - құлқы қиын жеткіншек жастағы балалар үшін рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігі, адамгершілікке жат мінез - құлықтың тәсілдері тән, мұндай балалардың басым көпшілігі сабақты нашар оқиды, олардың танымдық қабілеттерінің дамуы қалыс қалған.

Оқушының ішкі позициясының балада қалыптасуы көбінесе оның оқу - әрекетінің белгілі мөлшерде нәтижеге жетуіне байланысты болады. Үлкен мөлшерде білімді жүйелі түрде меңгерудің қажеттілігі психикалық процестердің дамуын, баладағы еркін мінез - құлық актісінің қалыптасуын күшейте түседі. Бірақ та бұл үлкендер тарапынан аталған процестерге басшылық жасауын тоқтатып тастамайды. Мұғалімдер, ата - аналар, тәрбиешілер дәл осы кезеңде баланың психикасында қандай өзгерістер болып жатқанынан хабардар болып отыруы керек. Психикалық процестердің жұмыс істеуінің біршама жоғары түрде қалыптасуы балада ерікті мінез - құлық түрінің дамуының негізін құрайды, баланың мінез - құлық актісінде мотивациялық деңгейінің дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет, талаптары артады. Мотивациялық өрістегі өзгеріс баланың жеке - даралығын маңызды түрде қайта құрады.

Өзімен бірге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастарының құрылуы, құрбыларының арасында өз орнын анықтау, әр түрлі жағдайдағы мінез - құлық ережелдерін меңгеру, оларды өзіне талап етіп қоюының қажеттігі, бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлық факторлары, эмоционалды және адамгершілік жүгін арттырады. Бұл уақытта үлкендер баланың жанында болуы тиіс, өйткені дәл осы сәтте оларды қолдау қажетті туып қалуы мүмкін болады.

Баланың психикалық дамуында өміріндегі өтіп жатқан өзгерістер, мектеп жасына дейінгі балаларда бұрыннан бар «психологиялық білім байлығына» біртіндеп қосылмайды, олар баланың мектепке келуінің бірінші күннен бастап легімен құйылып жатады және бұл оларда айқын түрде көрінетін стресстік күйін туғызары анық.

Әр жас ерекшілік кезеңінің дамуын Л. С. Выготский дамудың «бүтін дәуіріне» ұқсастырады, ал әр «дәуір» басталуын жеке - бастың және әрекеттің жаңа түрінің құрылуын бейнелейтін психикалық жаңадан пайда болған түрлердің тууымен байланыстырды.

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік - экономикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы т. б. балалардың денсаулығына, мінез - құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

1. 2 Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері

Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез - құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Бірақ соңғы жылдары мінез - құлқы қиын оқушылардың арасында «жасару» тенденциясы байқалады, олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жеткіншек шак және онын ерекшеліктері
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Даму психологиясы
Баланың жастық кезеңдегі зерттеудегі ойлар
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Жасөспірімдік кезең онтогенез кезеңі
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz