Кәсіби бағдарлаудың сипаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе1 Кәсіби бағдарлауының психологиялық негізі1. 1Кәсіби бағдарлаудың сипаты1. 2Оқушылардың қазіргі кезеңдегі кәсіби бағдарлауы1. 3.Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытының ерекшеліктері2 Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытының ерекшеліктерін зерттеу2. 1Эксперименты ұйымдастыру2. 2Зерттеу барысында шыққан жалпы нәтижелер2. 3. Кәсіби бағдарлауға жалпы ұсыныстарҚортындыПайдаланған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

1 Кәсіби бағдарлауының психологиялық негізі

1. 1 Кәсіби бағдарлаудың сипаты

1. 2 Оқушылардың қазіргі кезеңдегі кәсіби бағдарлауы

1. 3. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытының ерекшеліктері

2 Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытының ерекшеліктерін зерттеу

2. 1 Эксперименты ұйымдастыру

2. 2 Зерттеу барысында шыққан жалпы нәтижелер

2. 3 . Кәсіби бағдарлауға жалпы ұсыныстар

Қортынды

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
911112428424243545658:

9

11

11

24

28

42

42

43

54

56

58

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме берілген:

МБСТ 2. 105-95 ЕСКД. Текстікқұжаттарға жалпы талап;

МБСТ 7. 1-84Құжаттың библиографиялық сипатталуы;

Ұсыныстар. Ұ50-77-88 «Диаграмманың орындалу ережесі» және МБСТ 2. 319-81;

МБСТ 7. 32-91 «Аннотация»;

МБСТ 2. 106-96 «Тексттік құжаттар»;

ҚРМЖМБС 3. 08. 003. -2009.

ҚЫСҚАРТУЛАР

ЭС - экспериметтік сынып;

БС - бақылау сынып;

АНЫҚТАМАЛАР

Кәсіби бағдарлау - мамандықты таңдау немесе ауыстыру кезіндегі квалификациялық көмек көрсетуге бағытталған өлшем жүйесі; оқытудағы маңызды психофизиологиялық сапалардың жүзеге асуы бойынша мінездеме; мамандықтар және оқу орындар туралы информациялар, жеке кеңес беру, тестілеу және т. б. енгізіледі.

Профессиограмма - нақты бір мамандықтың жүйелілік, ұзақтық және әрбір жұмыс операциясының жиілігі нұсқауымен, өндіріс ортасының жағдайымен, еңбек процессінің қиындығы және қызулығы туралы толық гигиеналық сипаттама береді; еңбек өзгешелілігі мен жағдайының, адамның физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктерін сәйкестігін, және оған өндіріс факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс орындардың оптимизациясын, жұмыс қабілеттілігін жоғарлату, өндірістік травматизімнің және кәсібилік аурулардың прафилактикасы бағытында шаралар комплексін ұйымдастыру.

Кіріспе

Жоғары сынып оқушыларының кезі - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін іс-тәжірибелік әрекетте жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең. Кәсіптік ниеттердің дамуындағы мұндай ілгерілеулер жоғары сынып оқушыларының бәрінде бірдей болмайды, кейбіреулерінің барлық ойы қазіргімен болып, болашақ мамандық туралы аз ойлайды. Белгілі бір мамандыққа деген ынтаның пайда болуына көп жайлар: оқу, адамдар, кітап, кино, теледидар, экскурсия себепші болуы мүмкін. Жоғары сынып оқушылары көп нәрсеге ден қояды, көбіне бірнеше бағытты бағдар етіп ұстайды, бірнеше үйірмеге барып жүреді. Жоғары сынып оқушылары өздеріне ұнаған кәсіптерді романтикаға бөлейді, көптеген қияншылықтарды аңғармайды, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Кәсіптік мүдделер мен ниеттердің қалыптасуы үшін үйірмелердегі тыңғылықты ұйымдастырылған сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтар жоғары сынып оқушылары өзінің бейімділіктерін, мүмкіндіктерін, кемшіліктерін ұғынып, бағалауға көмектеседі. Өзін іс-әрекетте сынау - арманын жүзеге асыру үшін де, түңілуге жол бермеу үшін де жақсы әдіс. Алайда жоғары сынып оқушыларының көпшілігі 10 және 11 сыныптарда оқитын уақыт - болашақ туралы көп ойланатын кезең. Біреулері армандарын іс-әрекетке айналдыруға тырысады, енді біреулері болашақтың әр түрлі варианттарына өздерін шамалап көреді, үшіншілері өз мүмкіндіктерінің мамандықтың талаптарына сай келу мәселесін шешеді, төртіншілері мамандықтың мазмұны ол туралы түсінікке сай келетін-келмейтінін анықтайды. Қателесем бе деп қорқу пайда болады. Балалар өздеріне ұнаған мамандық пен оны алуға болатын оқу орнының ерекшеліктері туралы хабарлар жинайды, жақын жолдастарымен бірге әр түрлі мәселелерді талқылайды, сыныптастарының жоспарларын білгісі келеді. Біреулері байыпты түрде, өз мүмкіндіктерін дәлме-дәл бағалайды, екіншілері өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды және ондай оқушылар аз емес . Кейбір есейген жеткіншектерде әжептеуір шүбәланулар мен толқулар пайда болып, бұрынғы армандарын “балалық” арман деп атап ( орындалмайтындығы себепті ) бас тартады. Маңызды және заманға сай мамандықтар, қызғылықты әрі шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі, кәсіптердің қоғамға пайдалылығы, болашық қызметтің романтикалық сипаты қызықтырады.

Мамандықты дұрыс таңдаудағы маңызды рөлді адамның мінез-құлығы ойнайды. Жеке тұлғалық ерекшеліктер адамның өзіне, басқа адамдарға және еңбекке қатынасында көрінеді.

Қазақстанда әрбір адам дербес және саналы өмірлік және кәсіби жауапты таңдау жасайды. Бірақ та, бұл туралы кәсіби өзін-өзі бағыттауға жеткенде ғана ойланады. Шынайы кәсіби таңдау, жасөспірімдік кезде көптеген проблемалармен және сұрақтармен соқтығысады. Қайда барамын? Қандай мамандық маған келіседі? Қалай анықталамын? Барлық осы сұрақтар жоғары сынып оқушыларында және олардың ата-аналарында туады.

Елбасы өзінің өсіп келе жатқан ұрпаққа деген жолдауында әрбір оқушы орта білім беру мектебін бітіргенен кейін саналы таңдау жасап, жоғары білім алу керектігі туралы сөз қозғады. Жоғары сынып оқушысының дұрыс жасалынған таңдауы - табысқа жетудің бастапқы жолы, оның болашақта психологиялық және материалдық сәттілігінің қайнар көзі.

Өзіне деген қатынас жоғарланған, төмендетілген немесе теңбе-тең өзін-өзі бағалау болып көрінуі мүмкін. Бұл қарапайымдылық немесе менмендік, -өзіне сенімділік немесе жасқаншақтықтың көрінуі. Басқа адамдарға деген қатынас қарым-қатынас, қарапайымдылық, ескертушілік, тілектестік және т. б. қасиеттердің бар болуымен немесе болмауымен сипатталады. Еңбекке деген қатынас жауапкершілікпен немесе жауапкерсіздікпен, еңбек сүйгіштікпен немесе жалқаулықпен, адалдықпен немесе ұқыпсыздықпен анықталады.

Ерік қасиеттерінің кәсіби іс-әрекетте маңызы зор. Дәл осылар адамның қиындықтарды жеңуге біліктігін, саналы өз іс-әрекеттерін нақты мақсаттардың жетістігіне бағыттауын анықтайды. Жағымды еріктік қасиеттерге мақсаттылық, тұрақтылық, шешімділік, батылдылық, шыдамдылық, және жағымсызға шешімсіздік, қорқақтық қасиеттерді жатқызуға болады. Мамандықты үйлесімді таңдау өзіне келесі шарттарды кіргізеді: мотивтерді, қызығушылықтарды, бейімделіктерді анықтау; денсаулық, физикалық дамудың қалпы және қабілеттіктер бағасы; нарықтық еңбек талаптарын анықтау; темперамент, мінез-құлық қасиеттері, білім деңгейін анықтау.

Кәсіби өзін-өзі бағыттаудың қорытынды кезеңі психофизиологиялық, интелектуалдық, білім беру ресурстарының негізнде саналы мамандық таңдау болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытының ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттер:

-Кәсіби бағдарлауының психологиялық негізін ашу.

-Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытының ерекшеліктерін зерттеу.

-Кәсіби бағдарлауға жалпы ұсыныстар жасау

Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттауының психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттауының мазмұны.

Болжам: Егер біз жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін өзі бағыттауының психологиялық ерекшеліктеріне алдын-ала түзету жұмыстарын жүргізетін болсақ, онда біз олардың мамандық таңдауына дұрыс әсер ете аламыз.

1 Кәсіби бағдарлауының психологиялық негізі

  1. Кәсіби бағдарлаудың сипаты

Кәсіби бағдарлаудың психо-педагогикалық деңгейде оқушы, әрдайым, оқушы тұлғасын зерттейтін, оның кәсіби өзін-өзі бағыттауын түзететін, өзін-өзі жүзеге асыруда және мамандық таңдауда көмек көрсететін, оқушылардың сынып жетекшісімен, қоғамдық-кәсіби бағдарлаушымен, мектеп психологымен тікелей қатынаста болуы қажет. Мамандықты таңдау жағдайлық бағыттаудың негізіде жүзеге аса алмайды, ол міндетті түрде тұлғаның терең мотивтеріне қатысты болады.

Кәсіби бағдарлау мен кәсіби өзін - өзі бағыттау еңбек туралы тұтас, анық көріністерді құруға мүмкіндік береді, еңбекте және жалпы, дұрыс және тез бағдарлана алуды және де өзінің кәсіби жарамдылығын нақты кәсіби әрекетте анықтауды үйретеді [1. 18-36 бет] .

Жоғары сынып оқушыларының кезі бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің роліне сапалық тұғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарға әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. Жоғары сынып оқушылары 16 жаста паспорт алады, 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жоғары сынып оқушылары қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т. б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілеріәлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардан тиянақсыздығы жастардың психологиясына өзінше ұғынылады. Жоғары сынып оқушыларының кезінің аса маңызді міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық - саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас аданың іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15 - 17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік - техникалық училищелердің немесе арнаулы рота оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс. Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері . Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15 - 16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интелектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюуы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересктің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларға ертерек басылып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқада көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушының мамандық таңдауға даярланут қажеттігін ескеріп, жоғары кластарға оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер) Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың бағыты мен сипатына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет. Жоғары сынып оқушыларының кезі - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығын (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық - бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте - мөте ден қояды да, өзінің мінез құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді. Кәсіби бағдарлау - мамандықты таңдау немесе ауыстыру кезіндегі квалификациялық көмек көрсетуге бағытталған өлшем жүйесі; оқытудағы маңызды психофизиологиялық сапалардың жүзеге асуы бойынша мінездеме; мамандықтар және оқу орындар туралы информациялар, жеке кеңес беру, тестілеу және т. б. енгізіледі. Еңбектің зерттелуі мен баяндалуы, жеке ғылымдар мен іс жүзінде қолданылатын пәндердің әдістерімен, мінездемелерді және арнаулы құжаттарды өңдеу үшін жүзеге асады және кәсіби іріктеу үшін көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Бұндай пәндерге физиология, гигиена және еңбек психологиясы, әлеуметтану және еңбек экономикасы кіреді. Еңбек құралын және еңбек жағдайын жүзеге асыру мақсатындағы өндірістік іс - әрекеттегі адамды зерттейтін ғылым саласы; іс жүзінде қолданылатын бөлімдер: инженерлік психология, физиология және еңбек гигиенасы, антропология және т. б. кіреді [3. 15-26 бет] .

Еңбек туралы жалпы және жүйелік білім, оның процессіне әсер ететін келесі факторларды бөліп көрсетеді:

  • еңбек мазмұны және сипаттамасымен ескертілген функцияналдық факторлар;
  • мамандарды даярлау сапасымен, оның квалификациясымен және деңгейімен анықталатын кәсіби факторлар;
  • кадрларды рационалды іріктеу негізіндегі, демографиялық факторлар;
  • ұжымдағы әлеуметтік - психологиялық климаттың жақсаруымен байланысты, әлеуметтік - психологиялық факторлар;
  • еңбекті қорғаудың және жағдайдың жақсаруымен байланысты, басқарушылық және әлеуметтік - гигиеналық факторлар;

Кәсіби бағдарлау білімнің дербес аймағы болып табылады және де педагогиканың, психологияның, әлеуметтанудың, экономиканың, философияның, медицинаның құқықтың негізінде қалыптасқан. Кәсіби бағдарлаудық басқаруындағы жүйелік келісті жүзеге асыру, оның пәнаралық аспектілерін есепке алуына мүмкіндік береді, және жүйелілік, ұйымдастырылған және реттелген проблемелардың шешілуі мен ыдырауына мүмкіндік ашады. Кәсіби бағдарлауды тұтас ретінде, жүйе ретінде қарастыру кажет.

Кәсіби бағдарлаудың табысты өткізілуі үшін, оның информациялық қамтамассыз етілуі қажет. Бұл нормативті құжаттар, бұйрықтар, әр түрлі нұсқаулар, оқушыларды кәсіби ниетін жүзеге асыру туралы мәліметтер болуы мүмкін

Кәсіби бағдарлауда даму процессінде және тұлғаның жалпы дамуында жеке дара - әрекеттік келіс маңызды болып табылады.

Жеке дара - әрекеттік келіс принципі, мамандықты таңдауды әр түрі іс-әрекеттер процессінде тұлғаның дамуын қарастыруды талап етеді. Олар: танымдық, қоғамға пайдалы, өндірістік, қарым-қатынастық.

Оқушылардың кәсіби қызығушылықтары оқу іс-әрекетінде қалыптасады және «күшті сынауда», яғни өндірістік еңбекте бекітіледі, икемділіктердің қайталануы, кейін олар мотивтердің әсерінен нақты іс-әрекет таңдаудағы кәсіби ниетке айналады. Осы кезде жасөспірім өзін болашақ профессионал ретінде көреді, өндірістің қандай да болмасын ортасында жұмыс жасайтыш реалды адамдарға қатысты, нақты эталондарға сүйенуге талап туады, мамандық таңдауға пісіп жетіледі.

Кәсіб - әдейі дайындықты талап ететін және өмір сүрудің қайнар көзі болып табылатын еңбек әрекетінің тегі; тектес мамандықтардың тобы (латын сөзі profitter «өз ісім деп жариялаймын» дегенді білдіреді. Мысалы, мынандай мамандықтар бар: дәрігер, мұғалім, токарь және т. б. Бірақта жалпы токарь, мұғалім, дәрігер деген мамандықтар жоқ, ал токарь - карусель, токарь - қашап кеңіткіш, айналып тұратын құндақ - токарьі, универсал - токарь дегендер бар. Жалпы мұғалім деген жоқ, ал орыс тілі мұғалімі, математика мұғалімі, физика мұғалімі, технология мұғалімі және т. б. мұғалімдер бар. Осылайда дәрігер мамандығымен: терапевт, стамотолог, хирург, окулист, неврапатолог және т. б.

Мамандық - қандай да болмасын мамандықтың шеңберіндегі қызмет түрі: инженер - конструктор, инженер - құрылысшы, инженер - технолог, дәрігер - терапевт, дәрігер -кардиолог, дәрігер - хирург, биология мұғалімі, физика мұғалімі, тарих мұғалімі және т. б.

Осы мамандықтағы адамдар іс - әрекетінің негізгі мазмұнын анықтау, бұл мамандықтағы адамға қандай білім және білік керек екенін, не үшін керегін анықтау өте маңызды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі кәсіби бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады ( өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейіндік оқыту сатылары
Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашалық қабілетін қалыптастыру
Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы
Кәсіптік бағдарлау жұмысы
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz