Тұқы балығын қолдан өсіру


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . ……. ……. . … . . .
I. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
1. 1. Селекциялық жұмыстарды жетілдіру . . .
1. 2. Тұқы балығын табиғи жағдайда өсіру . . .
1. 3. Тұқы балығын қолдан өсіру . . .
II. ӨСІРІЛЕТІН ОБЬЕКТІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
III. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАР . . .
3. 1. Зерттеу мақсаты мен тапсырмасы . . . 3. 2. Зерттеуді жүргізу әдістемесі мен жағдайы… . . .
IV. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
4. 1. Балықтардың мінез-қылығына, сыртқы көрінісіне баға беру ……
4. 1. 1. Балықты өлшеу, салмақтау және жарып сою . . .
4. 1. 2. Балық құрамының химиялық анализі . . .
4. 1. 3. Бауыр және қан плазмасы . . .
V. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ . . .
6. 1. Гидротехникалық құрылыстар . . .
6. 2. Улы химикаттар және минералдық тыңайтқыштармен жұмыс жасау . . .
6. 3. Азық дайындағыштар және азық таратқыштар . . .
6. 4. Жүк көтергіштермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік . . .
6. 5. Төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің әсер етуі . . .
VI. ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ . . .
VII. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫС . . . VIII. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Балық - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалды. Балық өсіру - балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру - өзен, көл, су қоймалары мен теңіздегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп - өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші және өткінші балықтарға қатты тиді. Қазіргі кездегі басты міндет - бағалы балықтардың популяцияларын сақтау мен қалпына келтіру, өндірістік қордың өнімділік мүмкіндіктерін жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық проблемаларға әкеліп соқтыратын балық кәсібін шектеу шараларынан сақтану.
Қазіргі уақытта табиғи су ресурстарын кешенді пайдалану жұмыстарының әсерінен гидробионттардың өздігінен көбею жағдайы бұзылды, және аквакультурадағы тауарлық балық өсіруде биологиялық ресурс көздерін сақтап қалатын негізгі көзі болып, қолдан балық өсіру әдістері табылады. Сондықтан судағы биологиялық ресурстардың өнімін жоғарылатуға және популяциялық генефондтың және биоәртүрлілікті сақтап қалу үшін индустриальды аквакультура жұмыстарының қажеттілігі мол (И. А. Баранникова, 2007) . Индустриальды аквакультура жағдайынан түсетін өнімнің көлемі, әлемдік балық аулаудың 40% қамтып отыр. Бұл жетістікті екі негізге сүйене отырып айтуға болады: әлемдік өндірістегі анықталған көптеген жетістіктер және аквакультура өнімдерінің әр түрлі ғылыми-техникалық технологиялардың арқасында дамуынан (А. К. Богерук, 2007) . Еуропадағы жалпы аквакультура өнімі 2004 жылы 2 241 108 т құраған яғни әлемдік аквакультура өнімі көлеміне 3, 77% шамасында тең келген. Бірақ Еуропа елдері албырт, бахтақ, теңіз алабұғасы және т. б. аквакультура өнімдерін қолдан өсіруде көшбасшы болып саналады. Соның ішінде тұщы суларында көптеп өсірілетін (Батыс Еуропада) бахтақ және (Шығыс Еуропада) тұқы балығы басым түрге ие болып келеді (Л. Варади, 2007) .
Аквакультура қазіргі кезде әлемдегі дамыған индустрия болып табылады. Қазіргі тауарлық шаруашылықтағы балықтар 3 бағытта құрылып дамиды. 1. Индустриалды, 2. Пасбешті, 3. Тоғандық. Олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бар.
Индустриалды балық шаруашылығы аквакультураның жас бағыты болып табылады.
Индустриалды балық шаруашылығы арнайы садоктарда және бассейндерде жүргізілуі ойлап табылды. Бұған дәлел болып көп жыл жылы сулы энергетикалық обьектілерінің және салқын сулы шаруашылықта балықтарды өсіргендегі көрсеткіштері болып табылады.
Ең алғашқы рет 1951 жылы Жапонияда тұйық жүйелі қамтамасыздандыруға сулы бассейндерді қолданған. Ал, Еуропада тұйық циклды қондырғыны 1967 жылы бастап қолданған.
1966 жылы Ресейде балықтардың өсірудің жыл айналымдық жұмыс тәсілі, ал 1967 жылы өндірістік типті қондырғылар жүзеге асырылған.
1. Әдебиетке шолу
1. 1. Селекциялық жұмыстарды жетілдіру
В. Я. Катасонов, Б. И. Гомельскийдің мәлімдеуі бойынша, көп ғасырлық селекция нәтижесінде сазанның мәдениеттендірілген тұқымы шығарылды. Жабайы сазанға қарағанда өсуі шапшаң, жасанды азықтарды жақсы тұтынады, қабыршақ жамылғысы әлсіз болып келеді. Бұл балық тұқы деп аталады. Тұқының қабыршақтысы, аз қабыршақтысы /айна/ және жалаңаш /қабыршақсыз/ түрлері бар. Тұқының қысқа шыдамдылығын көтеру үшін жылдам өсетін тұқымен салқынға төзімді амур сазанын шағылыстыру жүргізілді.
Кесте 1 - Н. А. Амиргалиевтің [3] деректеріне сүйенсек, БҚО бойынша Жайық өзеніндегі сазан популяциясының жастық құрамы
Кесте 2 - БҚО бойынша Жайық өзеніндегі сазан балығының көбею жағдайы
Е. Киселевтің [20] деректеріне сүйенсек, алтайлық айна тұқы 1932 жылы белгілі болған галициялық тұқы тұқымы. Тұқымның жаңа түрін шығару үшін жасалынған материалдарды галициялық тұқылардың көмегі өте зор. Алтайлық айна тұқымы асылдандыруға бағытталған мақсатта 1963-1994 ж аралықта 31 жыл қарқынды дамыды. Алтайлық айна тұқының ең басты анықталған ерекшеліктері - тезірек өсімталдығы. Жұмысшы өсімталдығы 5-6 жылдық жасында 695 мың уылдырық 1гр уылдырықта 752-792 уылдырық. Уылдырықтарының диаметрі 1, 3-1, 4 мм.
Ф. Я. Комаровскийдің [22] мәліметтері бойынша, ангелиндік айна тұқы тұқымының асылдандыру жұмыстарының нәтижесі 1998 жылы жүзеге асты. Ангелиндік айна тұқы - бұл тұқы балығының тегі 8-ші ұрпақтан өтіп таңдап алыған ауруға қарсылығы жоғары. Ангелиндік айна тұқының ауруға қарсы жоғарғы көрсеткішіне қарай Краснодарск өлкесіндегі шаруашылықтарда алынды. Балықтың жамылғышы аз қабыршақты. Балық салмағы 608 гр, ұзындығы 27, 7 см. Жұмысшы өсімталдығы 600-650 мың уылдырық. 1гр дағы уылдырық саны 720 құрайды. Уылдырықтың диаметрі 1, 45мм. Зауыттан шыққан дернәсіл бір аналықта 285 мың.
И. В. Барановтың [8] жүргізген зерттеулері бойынша ангелиндік қабыршақты тұқы украиндық рамкалы тұқының аналығын ропшиндік қабышақты тұқының аталығымен будандастыру арқылы өзінің будан нәтижесін берген. Ангелиндік қабыршақты тұқымен асылдандыру жұмыстары 1968 жылы басталды. Қызылша ауруына қарсы тұрақта жоғарылауына сынама алу 1 ден 4-ші тектегілер өте жоғары болды. Тап осы қатардағы асылдандыруда ауруға қарсы төзімділіктің ауытқуы байқалды. Балық жамылғышы түгелдей қабыршақты. Дене салмағы 687гр, ұзындығы 29, 1см. Жұмысшы өсімталдығы 650-670 мың уылдырықты құраған. Ангелиндік тұқы 2000 ж асылдандыру жұмыстарының нәтижесі бойынша мемлекеттік қорғау тізіміне алынды.
Е. Киселевтің [20] деректеріне сүйенсек, парсттік тұқы асылдандыру, өсімталдықты көтеру мақсатында бағытталған тұқымен амурлық сазанның буданы. Парсттік тұқы уылдырық саны бойынша 2-2, 5 рет бақылау топтарында және нормативті талаптарға өтеді. Бұл тұқының өзінде ішінен 2 топқа бөлінеді: қабыршақты тұқы және қабыршақ жамылғысы аз тұқы.
Парсттік тұқы 1965 ж украиндық ромалы тұқыны қабыршақты парсттық тұқымен будандастыру кезінде асылдандыру 3-ші тегінеде нәтиже алды. Өсімталдығы 5-6 жылында 820-1200 уылдырықты құрайды. 1гр уылдырық саны 693. Уылдырық диаметрі 1, 5 мм.
В. А. Власовтың мәліметтеріне сүйенсек, ропшиндік тұқы бұл тұқым түрін 1947 жылы голландық айна тұқымы амурлық сазанмен будандастыру жолымен және соңғы бағытталған асылдандыру жұмыстарын будандастырудың 9-шы тегінен пайда болады. Балық жамылғышы толық қабыршақты. Денесі тік келген, басы үлкен, сүйектері жеңіл келген. Балық қыстың ұзағында жаздың жайлы жағдайларында денесінің өсуіне және көбеюіне бейімделген. Жас шабақтардың өсімталдығы жоғары. Қызылша ауруына, торсылдақтың қабынуына және паразитті ауруларға тұрақтылығы анықталды.
С. М. Дороховтың [14] зерттеулеріне сүйенсек, украиндық қабыршақты және украиндық рамалы тұқылар украинаның және оның өлкелеріндегі балық шаруашылығындағы барлық жерлерде сапалы өсірілетін өнімділігі жоғары алғашқы тұқым.
Рамкалы тұқым украинаның батыс облыстары үшін енгізілген рамкалы тұқы және тұқымы қабыршақты үйірдің жаңа асылдандырылуы.
1. 2. Табиғи жағдайда өсіру
Е. А. Гомыгиннің (2002) пайымдауынша тұқы балықтарының дернәсілдерін немесе шабақтарын арнайы бассейндерде (ерте кезеңінде) ВНИИПРХ, инкубационды - өсіру аппаратында 250мың. дана. /м³ тығыздықты сақтай отырып, өсіреді.
А. И. Исаев, Е. И. Карпованың [17] зерттеулері бойынша, тұқы балықтарының шабақтарына стартты құрама азық ретінде РК-СЗМ қолданылады. Бұл азықтың құрамында ақуыздық құнарлылығы өте жоғары азық түрлері кіреді, соның ішінде майсыздандырылған балық ұны, натрий казеинаты, өсімдік майы, бидай ұны, премикс поливитамині кіреді. Сондай ақ 20-100 мг. ға дейінгі тұқы дернәсілдерін, СТРАС-1 құрама азығымен азықтандыруға болады.
В. Я. Катасонов, Б. И. Гомельскийдің [19] пайымдауы бойынша тұқы балығының сүйіп жейтін азығы бентосты организмдер болғанына қарамастан, дәнді-дақыл және түрлі құрама азық түрлерін жақсы сіңіреді. Тұқы балығын өсірудегі оптимальды температура 23-25°С болып саналады, температура төмендеген жағдайда, олардың өсу қарқыны баяулап, дамуы тоқталады. Индустриалды бағытта тұқы балығын жылы сулы, қапастық жағдайында өсіреді. Еуроппа елдерінде бұл түр ТЖСҚЕҚ ның өсіру обьетісі болып саналады.
В. И. Жадинаның [15] жүргізген зерттеулері бойынша әлемде соңғы жылдары, түрлі тиімді тәсілдерді пайдалана отырып индустриалды аквакультураның дауы қарқын алды. Индустриалды аквакультураның дамуының бір бағыты, тұйық жүйелі су айналымында, балық және түрлі гидробионттарды болып табылып отыр.
И. Ф. Правдиннің [42] мәліметіне сүйенсек, аквариумдағы судың лайлану себебі - өлген балықтарды дер кезінде судан алып тастамау, сондай ақ жемді шамадан тыс беріп, толық желінбей қалып қоюы. Құрғақ жемнің артық мөлшерін сачекпен сүзіп алған дұрыс.
Л. П. Рыжковтың [46] пікірінше, өте ертеден бері балық өсірумен шұғылданып келе жатқан елдерге Египет және Қытайды жатқызуға болады. Ал Ресейде балық шаруашылығы тек 1860 жылдар шамасында ғана басталған. Ең алғашқы қолға үйретілген балық - тұқы. Тұқының грек тіліндегі аты - карп. Карп сөзін қазақшаға аударсақ “астық” деген сөз шығады. Балықтың бұлай аталуы да тегін болмауы тиіс.
И. В. Баранов, А. А. Салазикиннің [8] деректері бойынша, тұқының аналықтары 4 - 5 жыл, кейде 1 - 2 жылда, ал аталықтары ертерек жетіледі. Үнемі су температурасы жылы тропикалық аймақтарда тұқының аналығы мен аталығы 1 жасында жетіледі. Тұқы балығының абсолюттік уылдырықтағыштығы оның орташа салмағына байланысты немесе 6 - 8кг аналық 1 млн уылдырық береді. Салыстырмалы түрде тірі салмағы 1 кг жетсе, шамамен 180 мың уылдырық болады.
К. К. Врочинский, Л. Н. Мухопадтың [12] мәліметтеріне сүйенсек, тұқы балығы тез өсіп - жетіліп, тез өнім беріп, қолдан азықтандырып тоғандарда өсіруге тез бейімделетін балық. Тұқы балығының денесі басқа балықтар сияқты бас бөлігі, дене, құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлігі алдыңғы ауыз алдынан басталып желбезек қақпағынан аяталады. Дененің құйрық бөлігі аналь саңылауынан басталып, жүзбе құйрықтың соңынан аяқталады.
Ю. А. Привезенцев, В. А. Власовтың [44] пайымдауынша, тұқыны зауыттық өндіру балық шаруашылықтарында тиімді болып саналады. Зауыттық әдіс балықтын өсуіне жағдай туғызып, үнемі бақылау жүргізуге негізделеді. Бұл онын тоғандық әдіске қарағанда ерекшелігі болып табылады. Дернәсілдерді бассейндерде және көбінесе өлшемі 4, 5 × 0, 7 × 0, 5 болатын шыны пластиктен жасалған лотоктарда өсіреді. Кей жағдайда өлшемі 2, 4 × 1, 0 × 0, 3 болатын лоток пайдаланады.
С. М. Дорохов, Г. Д. Поляковтың [14] мәліметтеріне сүйенсек, тұқының арқа жүзбе қанаты басқа балықтармен салыстырғанда өте қалың және толықтай арқа бөлігін алып жатады. Арқа жүзбе қанатының тағы бір ерекшелігі ара тістес сәулелермен жабдықталған болып келеді. Осындай ара тісті сәулелермен алдыңғы кеуде жүзбе қанаттары да жабдықталған. Барлық төменгі жүзбе қанаттары сұрғылт - көкшіл түске, ал құйрығы қызғылт - бурыл түске, көздері сарғылт, алтын түске боялған. Қазіргі кезеңде бізге белгілі болып отырған тұқының жоғары салмақтық көрсеткіші 55 - кг болып отыр.
Н. Л. Чугуновтің [55] келтірген деректері бойынша, су температурасы онда тіршілік ететін тұқының түрі мен оның даму ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бұл талаптар балық шаруашылығы зауыттарын жоспарлауда басты міндеттердің бірі болып табылады. Қарастырылып отырған жобадағы технологиялық процесс сонда тіршілік ететін балық түрінің дамуының барлық кезеңіне сай өткізіледі (өндіргіштерді ұстау, уылдырықты инкубациялау, дәрнәсілді ұстау, жас шабақтарды өсіру) ол прцестердің барлығы белгілі бір температура жағдайында жүреді. Зауыттар мен шаруашылықтарда тұқытәрізділерді өсіру кезінде су температурасы 25 - 28 0 С құрауы қажет.
Е. К. Суворовтың [50] пайымдауы бойынша, тұқы өсіретін шаруашылықтарда балықтың қыстап шығуына көп мән беріледі. Көптеген балық түрлері салқын түскеннен кейін (су температурасы 8 - 6 о С төмендегенде) аз қозғалып, оларда зат алмасу баяулайды, кейбірі қыста мүлдем азықтануын тоқтатып, «қысқы ұйқыға» кетеді. Тұқының қалыпты қыстауы үшін судың қатпайтын бөлігі 0, 8 - 1 м кем болмауы керек. Судағы оттегінің қалыпты мөлшері 4 - 6 мг/л, сеголеткаларды қыста отырғызу тығыздығы 40 - 50 дана/м 2 аспағаны дұрыс. Қыстап жатырған балықтарға бақылау жүргізу үшін, мұзды ойып, олардың тоңып қалмауын қадағалап отыру керек. Балықтардың ойыққа неғұрлым жақын жүруі, олардың қыстау кезінде қолайсыз жағдай туғанын білдіреді. Сондықтан себебін біліп, мұқият тексеру жүргізу қажет. Мұз қатпайтын оңтүстік аудандарда балықтар азықтандырыла береді.
В. М. Сабодаштың [47] пікірінше, тұқының уылдырықтауы су температурасы 17 - 18 0 С кезінде, жаңадан өсіп шыққан уылдырығы жабысатын шөптесін жайылым тереңдігі 20 - 30 см болатын жерлерде өтеді. Уылдырықты жарып шыққанға дейінгі уылдырықтың дамуы су температурасы 17 0 С кезінде 4 тәулікке, ал 20 0 С кезінде 3 тәулікке дейін созылады. Жарып шыққаннан кейінгі алғашқы тәулікте еркін эмбриондар сол шөптесіндерге жабысып қалып қояды және саруыз қапшығымен қоректенеді. Екінші тәулікте олар саруыз қапшығының50 - 60 шығындап дернәсілінің деңгейіне жетіп жүзуді және планктонды ұсақ организмдермен қоректенуді бастайды.
М. Т. Тайровтың [51] көрсеткен мәліметтері бойынша, тұқы балығының ауыз бөлігі кішкене, жақтары тіспен жабдықталмаған. Ауыз түтікшесін, ауыз аппаратын керек жағдайда белгілі бір бағытқа қозғап, батпаққа бентосты организмдермен қоректене алады. Тыныс алу мүшесі желбезек аппараты. Желбезек аппараты 2000 - нан астам желбезек жапырақшаларынан тұрады. Желбезек жапырақшалары 4 желбезек доғаларына бөлініп орналасқан. Көру мүшесі-екі көзі. Көздері нашар көреді. Көру қашықтығы 2 - 2, 5 м. Есту мүшесі бас қорабының ішінде орналасқан, сырт көзге көрінбейді.
Л. П. Рыжковтың [46] мәліметтері бойынша, тұқы балығын азықтандырғанда азықтың физикалық емес, химиялық жағына көбірек көңіл бөлген жөн, себебі бұл балықтардың көру мүшесінен гөрі дәм, иіс сезу мүшелері жақсы дамыған. Азықтандыруда балықтың физиологиялық жағына көбірек мән берген дұрыс. Балықтардың азықтарды ажыратуы екіге бөлінеді: ұнатуы бойынша - сүйіп жейтін және мәжбүрлі; қажеттілігі бойынша жейтін. Тұқы балығының сүйіп жейтін азығы бентосты организмдер және олигохеттер болып табылады. Балық азығының құрамы - балық жасына, тіршілік ету жеріне, физиологиялық жағдайға, маусымға тікелей байланысты болып келеді.
С. А. Зерновтың [16] келтірген мәліметтеріне сүйенсек, тұқы балығынан ұрпақ алу үшін табиғи уылдырықтату қалай қолданылса, зауыттық тәсілдіде қолдануға болады. Өндіргіштерді уылдырықтауға дайындау, қыстатқыш тоғандардың жібуі кезеңінен кейін де басталады. Уылдырықты тек ауруға шалдықпаған, жарақаттанбаған балықтан алған жөн. Балықтарды іріктеу, сыртқы белгілеріне, салмақ өлшемдеріне қарай мүмкін емес. Тек уылдырықтату кезеңіне таман жынысын айқын анықтауға болады. Аналықтарының жыныстық саңылауы аталықтарына қарағанда үлкенірек болып қызарып тұрады, құрсақ жүзбе қанаты үлкейеді. Ал аталықтарында желбезек қақапақшаларында айқын бүршікшелер пайда болады.
Г. В. Никольскийдің [39] мәліметтерінде тұқы балықтарынан ұрпақ алу үшін табиғи уылдырық шашуды және зауыттық тәсілмен өсіруді қолданатыны көрсетілген.
Табиғи уылдырықтатудың өнімділігі, өндіргіштердің сапасына байланысты және уылдырықтауға дұрыс дайындауға тікелей байланысты. Уылдырықтату тоғандарын алдын ала дайындап, лас қоқыстардан тазартады, жұмсақ су өсімдіктерін өсіреді және әр м 2 50 г сөндірілген әкпен өңдейді.
Тоғандарды уылдырықтатуға 1 - 2 күн қалғанда сумен толтырады. Ал уылдырықтауға қолайлы температра 17 - 18 0 С. Тоғанды сумен толтыру барысында, басқа ұсақ және жыртқыш балықтардың түсіп кетпесі үшін су құярдың алдына сүзгі орнатылады.
Н. П. Наумов, Н. Н. Карташевтің [38] деректерінде көрсетілгендей аналық тұқыларды уылдырықтату тоғанына ауыстырмастан бұрын алдын ала тазарту бассейніне салып 5 % қайнатылған тұзбен өңдейді немесе бұл процессті сол өздері тұрған уылдырықтату алдында ұстағыш тоғанда жүргізуге болатыны жазылған. Ол үшін синтетикалық бояғыш қолданылады. Бұл процесстер балықтардың уылдырықтау тоғанына паразиттермен жұқпалы аурулар алып кіруіне жібермейді. Уылдырықтату тоғанына отырғызғанда 1 аталыққа 1 аналық келетіндей етіп отырғызады.
Уылдырықтау негізінен таңертеңгі уақыттарда өтеді. Уылдырықтар кезінде аталықтар мен аналықтар су ішінде бей берекет қозғалады. Аналықтың салған уылдырығын аталық өзінің шоғалымен толықтырады.
И. Е. Мороздың [35] көрсетуі бойынша тұқы және басқа балық түрлерінде пестицид көп мөлшерде жиналған кезде созылмалы токсикоз жара түрінде пайда болады. Созылмалы токсикоз салдары көбірек айқындалған формада тұқы балығының белгілі бір жасында туындайды. Тұқының жыныс жетілуі кезеңінде /4-6 жылдық жаста/ мөлшері тез төмендейді, ал ересек топтарда бұл қайта көтеріледі. Энергиялық шығын көбейген кезде іш қуысындағы майды пайдалану артып бауырда пестицид мөлшері тез көбейген. Сондықтан, бұл жастағы топта тұқының бауыры көп жағдайда пестицитердің әсерінен бұзылады. Жара аурулары хлорорганикалық пестицитердің созылмалы токсикозынан пайда болады.
Ауруға көбірек сезімтал және қозғалмалы болып май қорын максималды пайдаланатын балық түрлерімен жастық топтары. Мысалы, уылдырық шашу уақытында сазан мен қылыш балығының жиі өлімі байқалған, көксеркелерде жыныс жетілу кезінде денесінде жаралар түзілген.
В. К. Солдатовтың [49] жазуынша 1921-1931 жылдарда Каспий теңізінен сазан балығын аулау кезіндегі анализде көрсетілгендей 1921 жылы сазанды өндірістік аулау ұлғайып, 1926 жылы 152 мың ц. жеткен. Ал 1926 жылдан-1930 жылға дейін аулау 85 мың ц. дейін төмендеген.
1925 жылы Каспий бассейніндегі сазан үшін аулану мөлшері жоғары болды. Бұл көрсеткіш 360 мың ц. шамасына жетті. 1933 жылдағы ресми мәлімет бойынша Азоп - Қара теңізі аудандарында 77 мың ц. жетті. Ал Арал теңізіндегі көрсеткіш 100 мың ц. құрады.
В. Г. Саковская, З. П. Ворошилина, В. С. Сыров, Е. И. Хрусталевтардың [48] айтуынша тұқы балығы ірі үйірлі балық ұзындығы 1 м, салмағы 20 кг жетеді, әдетте ауға түсетіндері 1-4 кг. Еділ атырауында уылдырық шашуы мамыр айының ортасында, су температурасы 18-20 0 С болған кезде. Төлдегіштігі өте үлкен - 1, 5 млн. -ға дейін жетеді, әдетте 200-400 мың уылдырық.
А. И. Кушнаренко, Е. С. Лугаревтің [29] пайымдауы бойынша, ВНИИПРХ аппараттарында мерзімді азықтандыру 0, 5 сағатты құраса, басқа да балық өсіру сыйымдылықтарында 1 сағат шамасында жүргізіліп отырады. Автоматты жемтартқыштарды қолдану кезінде азықтандыру мерзімі 0, 2-0, 3 сағатты құрайды. Жас балықтарды азықтандыру жарық мезгілде жүргізіледі. Бір жолғы азық мөлшерін бірдей мөлшерде дернәсілдердің жиналу аймағына қарай судың жоғарғы бөлігіне шашады. РК-СЗМ, СТРАС-1 азықтары табиғи азық жетіспеушілігі байқалған кезде ғана қолдануға есептелген. Тұқы балығының 1 ден 50 г салмақтағы сеголеткаларын азықтандыру үшін АК-1КЭ құрамажемі қолданылады. Құрамажем келесі компоненттерден тұрады: балық ұны, ашытқы, соялы шрот, өсімдік майы, премикс, кальций фосфаты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz