Кедендік тексермелеу техникалық құралдары


Мазмұны
Кіріспе. . … . . . 3
1. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының теориялық-әдістемелік негізі . . . 6
1. 1. Кедендік бақылау техникалық құралдарының пайдалану негізі ретінде . . . …. 6
1. 2. Кедендік құралдардың жалпы сипаттамасы . . . 12
1. 3. Кедендік бақылау техникалық құралдарын қолдануды кажет ететін кеден органдарының негізгі жедел тапсырмалары . . . 17
2. Кеден органдарында бақылау барысында кейбір нақты техникалық құралдар түрлерінің пайдалану . . . 22
2. 1. Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдарын сипаттау . . . 22
2. 2. Кедендік тексермелеу техникалық құралдары… . . . 35
2. 3. Радиациялық бақылауды кедендік сараптамадан өткізу және пайдаланылатын техникалық құралдар . . . 45
3. Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік бақылауда техникалық құралдармен жабдықтандыру және олардың жаңа түрлерін енгізу мәселелері . . . 61
3. 1. Қазақстан кеден органдарының кедендік бақылау техникалық құралдарының даму беталысы мен жабдықтандырылуы . . . 61
3. 2. Қазақстан Республикасы кеден автоматтық бағдарлама жүйесі . . . 65
Қорытынды . . . 70
Қолданылған әдебиет тізімі . . . 73
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасының, қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне, қауіп төнбес үшін шекарасына, соның ішінде кеден шекарасына аса үлкен көңіл бөлінеді. Бұл кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен траспорттық құралдарына кедендік бақылау арқылы құқық бұзушылықтарды тоқтату және болдырмау үшін әр түрлі әрекеттер жасалуда. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 473-бабында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде техникалық құралдарды пайдалануда көрсетілген техникалық құралдар адамның өміріне, денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға жəне тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуі тиіс. Осындай техникалық құралдар жиынтығын «кедендік техника» деп атау қалыптасқан. Кедендік техника - кеден органдарының мамандандырылған құрылым бөлімшелерінің өздеріне жүктелген тапсырмаларды шешу үшін қолданатын техникалық құралдар жиынтығы. Қазақстан Республикасының Президентті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдау хатында ең бірінші ҚР кеден органдарына көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қисыны, елдердің ашық экономикамен және әлемдік қоғамдастықпен экономикалық интеграцияның факторы, кеден органдардың алдына келесі тапсырмалар қойылған:
-Ядролық заттарды және қос қабат тағайындалатын тауарларды көпшілікке таратпауға, экспорттық бақылауының тарауында халықаралық келісімдерді орындауға;
-Есірткі трафигімен күресуге;
-Кедендік ресімдеуді жеделдетуге.
Бүгінгі кезеңде осы көзқарастарды тарату үшін ағымдардың бірі Қазақстан Республикасының кеден органдарын кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен жабдықтап, бұл жабдықтардың сапасына, сипаттамасына сәйкес зейін қойып, халықаралық үлгіде айқын, жарамды және сапалы кедендік бақылау жүргізу қажет. 2006 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Америка Құрама Штатының Энергетика министрлігінің арасында Ядролық материалдарды заңсыз тасымалдаудың алдын алу аясында ынтымақтасу туралы келісімге қол қойған болатын. 4 тобының объектілері бойынша жұмыстарды орындау. Бағдарлама бойынша «Халықаралық Алматы әуежайы» 23 дана «Янтарь» радиациялық бақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша КБД «Жетісу» кеден бекетіне бөлінетін радиоактивті материалдарды анықтайтын 20 дана жабдық орнатылған, және бұл жабдықтар тиісті қызметтерін атқаруда. Бұл жабдық Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін радиоактивті материалдарды бақылауға арналған. Және де, «Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған нашақорлық және есірткі бизнесімен күресу» бағдарламасы аясында Алматы қаласы бойынша КБД-ға ҚР ҚМ КБК-дан екі дана «IONSCAN SENTINEL II» (бұдан-әрі Скан пассажир) жабдығы жолданған болатын. «IONSCAN SENTINEL II» анықтау жабдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы кедендік бақылаудың техникалық құралы болып саналады, бұл жабдықтың атқаратын міндеті адамдар арқылы әуе кемесіне кіргізілетін қауіпті заттарды анықтау болып есептеледі. «IONSCAN SENTINEL II» анықтау жабдығы «адамдарды басынан аяғын дейін көшіріп алу» арқылы адамдардың денесінде жарылғыш немесе есірткі заттарының бар екендігін тексерусіз анықтауды қамтамасыз ететін жабдық. Арнайы осындай тапсырманы орындауға арналған және әуе-жолаушыларын тексеруден өткізу үшін, «IONSCAN SENTINEL II» анықтау жабдығы адамдардың шашында, киімінде және аяқ киімдерінде қалған бөлшектерді ауа сору арқылы тексеруін іске асырады Бұл бақылауға «Жетісу» кеден бекеті аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғалардың бәрі жатады. Және де, «Жетісу» кеден бекетіне қосымша 3 дана «Rapiscan» жабдығын жеткізу туралы ҚР ҚМ КБК мен ADD «Инжиниринг» ЖШС-сы арасында 2011 жылы 13 маусымда №126. №129 келісім шарттарына қол қойылды. Бұл, «Rapiscan» жабдығында жұмыс атқаратын мамандар, техникалық қызмет көрсету және орнату және қосымша, адам денсаулығына келтірілетін рентгенді сәуленің әсері туралы арнайы сабақтардан өтулері қажет. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану нәтижесінде кедендік бақылаудың әрі қарай жүру процесі шекара арқылы түрлі объектілерді өткізу кезінде көрінеді. Бұл техника тасымалданатын объектілердің, құжаттардың дұрыстығын және дәлелділігін растайды, тауарлардың, транспорттық құралдардың сапасына сәйкестігі, ресімделінген құжаттарға сай болуын, тауарлардың сыртқы экономикалық тауар номенклатурасының топталуына сай болуын, сонымен қатар кеден бажы салықтарын, төлемдерін, кедендік статистикасы мен валюталық бақылауын нақтылы жүзеге асырады. Кедендік бақылауды жүргізу процесінде кедендік бақылаудың техникалық құралдары арқылы бақыланатын объектілер де жасырынды жерлердің және жасырындылары көрінеді. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мен және криминалистикалық құралдар кедендік құқық бұзушылықтарды ұдайы тауып алу, ұстап алу және ескертуге ықпал етеді. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын анық білу және ұдайы пайдалану үшін кедендік бақылау объектілерін топтау олардың бағытына, түрлеріне, мөлшеріне, салмағына, бақылау ерекшеліктеріне және т. б байланысты, себебі осы объектілердің мағлұматтары жедел - техникалық бақылаудың маңызын белгідейді. Кедендік органдарының жедел мақсаттарын ескере ала отырып, яғни кедендік бақылаудың объектілерінің түрлері және осы объектілерге жасалатын бақылаудың тәсілдері жөнінде кедендік бақылаудың техникалық құралдырының жиынтығын көз алдына салуға болады. Оларды сыныптарға, топтарға және әртүрлі жедел мақсаттарына орай бөлуге болады. Қазіргі кездегі кеден ісін ұйымдастыруда кеден органдарын кедендік бақылаудың техникалық құралдарын дамытуды, оның кеден саласында функциясын күшейтуді және инфрақұрылымды қалыптастырып дамытуды көздейді.
Тақырыптың өзектілігі. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тəртібі мен сыныптамасы, олардың тактикалық-техникалық сипаттамалары берілген. Кедендік шекара арқылы өтетін жүктердің, көлік құралдарының, заттардың, тұлғалардың жоғары өндірістегі жəне тиімді кедендік бақылауын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар тыйым салынған жəне контрабандалық жүктер, есірткілер ағымын барынша кеміту, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін жолаушылар мен коммерциялық жүктерді айқындау мен əшкерелеу болып табылады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының оперативті-техникалық мүмкіндіктерін, қазіргі заманғы əдіснамалары мен оларды қолдану тəсілдерін жақсы білу дағдысын меңгеру осының бəрі едəуір маңызды дəрежеде кедендік баждарды негізді есептеуден бастап контрабанда заттарын əшкерелеуге, есірткі таратушылармен күресу болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - бақылаудың түрлі формалары көмегімен жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің кедендік заңнамаға сәйкестігін айқындау; кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың бекітілген кедендік ережелер мен процедураларды сақтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуге байланысты:
- Кедендік техникалық құралдардың түсінігі, ұғымын анықтау;
- Кедендік бақылауда техникалық құралдардың пайдалану негізін, көрсету;
- Кедендік бақылаудың объектісіне, субъектісіне қарай жіктелуін қарастыру;
- Техникалық құралдардың, түрлерінің сыныптамаларын талдау;
- Техникалық құралдардың сипаттамаларын көрсету;
Диплом жұмысын дайындау барысында тақырыпқа байланысты отандық
және басқа ғалымдарының, мамандарының еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар әдістер, деректер және кестелер, радиациялық зерттеу жүргізу әдістемесі, суреттер мен мәліметтер журналдары қолданылды.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен түрады.
Кіріспеде тақырытың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері көрсетілген.
Бірінші тарауда Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының теориялық-әдістемелік негізі көрсетілген.
Екінші тарауда Кеден органдарында бақылау барысында кейбір нақты техникалық құралдар түрлерінің пайдалануы қарастырылды.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік бақылауда техникалық құралдармен жабдықтандыру және олардың жаңа түрлерін енгізу мәселелері зерттелген.
Қортындыда тұжырым мен ұсыныс енгізілген.
1. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының теориялық-әдістемелік негізі
- 1. 1. Кедендік бақылау техникалық құралдарының пайдалану негізі ретінде
Әлемдік экономикалық және сауда байланыстары жүйесіне Қазақстанның интеграция үрдісі мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатымен және қызметімен тікелей байланысты, қарым-қатынастың күрделі кешенін қамтитын қазіргі заманғы кеден ісінің қалыптасуын талап етеді. Мемлекеттік саясат аясында мемлекеттік кедендік қызметтің көпмақсатты сипаты бар, әр түрлі қызығушылықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі өзіне мыналарды қосады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдаудың шарттары мен тәртібін, кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді, кедендік режимдерді қолдануды, кедендік төлемдер мен салықтарды өндіруді, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықпен күресті жүргізуді, сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерді жүзеге асырушы тұлғалармен және мемлекет арасындағы биліу қатынастарына негізделген кедендік саясатты жүзеге асырудың басқа да тәсілдерін.
Мұндай анықтау сәтті (ойдағыдай), себебі кедендік қызмет мазмұнын жеткілікті толақ негізде бейнелейді және ҚР Кеден Кодексінің құрылымына сәйкес келеді.
Соңғының мазмұнынан шыға отырып, кеден ісі құрылымы келесідей сипатта болады: кедендік саясат; кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау; кеден органдары; кеден органдарының басқа мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынасы; тауарлардың шығу елі, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы, алдын ала шешімдер; тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдаумен байланысты кедендік операциялар және процедуралар, алдын ала операциялар; тауарлардың кедендік режимдері; арнайы кедендік процедуралар; кедендік төлемдер мен салықтар; кедендік ресімдеу; кеден органдарының интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықты қорғауы; кедендік статистика, ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар; кедендік әкімшілік; валюталық және экспорттық бақылау саласындағы кедендік бақылау; тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет меншігіне аудару; шағымдарды қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау; кеден органдарындағы қызметке өту тәртібі.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.
Қазақсьан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.
Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен дәл келуі мүмкін.
Тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ көлік құралдары, бұған халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары кірмейді.
Кеден органдарының тапсырмалары әрқашан да мемлекеттің экономикалық, реттеушілік және құқық қорғаушылық мақсаттарының жетістіктеріне бағытталған. Кеден ісі саласы Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы болып табылады.
Кедендік саясат - Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын, бірыңғай, мақсатты бағытталған кедендік төлемдер жүйесі және оларды Қазақстан Республикасының кедендік щекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолдану жолымен жүзеге асырылатын, сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласы.
Осы көзқарас негізінде кедендік саясатты екі негізгі түрге бөледі: протекционистік кедендік саясат және еркін сауда саясаты.
Кеден ісін ұйымдастырудың ең маңызды элементі болып кедендік бақылауды ұйымдастыру табылады.
Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша ҚР кеден органдарын жүзеге асыратын, орындалуын бақылау ҚР кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты - бақылаудың түрлі формалары көмегімен жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің кедендік заңнамаға сәйкестігін айқындау; кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың бекітілген кедендік ережелер мен процедураларды сақтау.
Кеден органдарының лауазымды адамдары:
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына;
- тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәліметтерге;
- кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кедендік қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты;
- тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына;
- кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және сақтауға қатысты кедендік бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар мен
көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және :
- еркін айналыс үшін шығарылғанға;
- жойылғанға;
- мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемелекеттік меншікке айналдырғанға;
- тауарларды, көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда болады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін де
СЭҚ-ке қатысушыларды тексеру қажет болған жағдайда кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды ұйымдастыру кедендік және кеден айналасындағы инфрақұрылымды құруды талап ететін күрделі және көпқырлы үрдіс болып табылады.
Бұдан басқа, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды ұйымдастыру өзіне келесі сұрақтарды шешуді қосады:
- кедендік шекараны кесіп өтудің нақты орындары мен уақыты туралы;
- кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру орындары мен уақыты туралы;
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық немесе импорттық операцияларды жүзеге асыру ниеттері жөнінде хабардар ету тәртібі туралы;
- жеткізудің уақыты, орны және әдісі, тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен ұсыну және олардың құжаттарын кеден органдарына беру туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға алу, оларды уақытша сақтау қоймасына (УСҚ) орналастыру тәртібі туралы және т. б.
Кедендік бақылаудың негізгі нысандары болып табылатындар:
- Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің
дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді . Берілген үрдіс оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканы мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.
- Ауызша пікір сұрау. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пікір сұрауға құқылы, аталған тұлғалардың мұндай пікір сұрау нәтижелері жазбаша нысанда ресімделмейді.
- Түсіндермелер алу. Берілген жағдайда кеден органдары лауазымды
адамдарының, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі сласындағы қажетті ақпараттарды алуы.
Түсіндіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
- Кедендік қадағалау. Бұл жерде кеден органдары лауазымды
адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы алдын ала қаралады.
- Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру. Бұл көлік құралы мен
оның
жүктелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жақтығын сырттай көзбен тексеру.
- Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау- кеден
органдары лауазымды адамдарыны тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар көлік құралдарына қатысты іс-әрекеті.
Кедендік тесеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру, сондай-ақ іріктеп тексерудің негізінде кедендік бақылау жүргізу мақсатында жасалады.
- Жеке тексеріп қарау. Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретінде
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының, оны алмастырушы адамның не Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункті уәкілетті лауазымды адамының жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.
- Кедендік бақылаудың нысаны ретіндегітауарлардың және көлік
құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру мынадай жағдайларда:
- тұлға кедендік ресімдеудің оңайлатылан рәсімдерін қолдану туралы мәлімдеген кезде;
- Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен есепке алынуға тиіс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
- кеден брокерлері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдер шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаға қатысты;
- кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезінде қолданылады.
- Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізушартты түрде
шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары Кеден Кодексіне сәйкес кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау кезінде тұлғалар беретін мәліметтер негізінде, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізеді.
- Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру. Қазақстан Республикасының
заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргізу мақсатында кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтік куәлігін және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар болатын, не болуы мүмкін, не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен ұй-жайларға (тексеріп қарау мен тінту жүргізу құқығынсыз) кіруге құқығы бар. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеруді кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендік аумағына Кеден Кодексінде көзделген тәртіпті бұза отырып әкелінген тауарлардың бар екендігі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеріп шығу үшін жүргізеді. Тексеруге жататын аталған объектілер кедендік бақылау аймақтары болып табылады. Оларға қойылатын негізгі талаптар кедендік бақылаусыз-ақ тауарларды алып қоюдың кез келген мүмкіндіктерінен тұрады.
Кедендік бақылау аймақтары тек кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін ғана құрылады. Кедендік бақылау аймақтарын басқа мақсаттары үшін құру мен пайдалануға жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 434-бабы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz