Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ: ТЕОРИЯСЫ, ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ . . .
6: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Несиелік тәуекел түсінігі және оны басқару мен бағалау мәселелері . . .
6: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесі . . .
6: 13
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Проблемалық несиелерді басқарудың шетелдік тәжіриебесі . . .
6: 17
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . .
6: 22
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Банктің қызметі мен қаржылық нәтижелерін талдау . . .
6: 22
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Банктің несиелік қызметі және оны талдау . . .
6: 30
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау . . .
6: 37
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 БАНКТІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
6: 48
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Стресс-тестілеу әдісін қолданумен ықтималды банктік тәуекелдерді бағалау . . .
6: 48
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Проблемалық несиелерді азайту тұрғысында несиелік қабілеттілікті бағалау әдістемесін жетілдіру механизмі . . .
6: 57
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері . . .
6: 60
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 65
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 68
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А ҚОСЫМШАСЫ - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2010 жылғы бухгалтерлік балансы . . .
6: 70
КІРІСПЕ . . .: Ә ҚОСЫМШАСЫ - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2010 жылғы жылдық жиынтық есептемесі, Клиенттерге несиелер бөлімі . . .
6: 71
КІРІСПЕ . . .: Б ҚОСЫМШАСЫ - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2010 жылғы жылдық жиынтық есептемесі, Қаржылық тәуекелдерді басқару бөлімі . . .
6: 73

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың тәуекелдерінің басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда.

Проблемалық қарыздарды тиімді басқару банктердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі шетел тәжірибесінде банктер банкроттылығының көпшілігі активтерді басқарудың сапасыздығымен, және бірінші кезекте дебиторлық қарызды басқарумен бай ланысты.

Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.

Демек, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай да күмән тудырмайды.

Ендеше, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыру барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің проблемалық несиелерді басқару тұрғысындағы несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық жұмыстың мақсаты болып және басты міндеттерін анықтап отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің мақсаты екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларды жүзеге асыруы барысындағы несиелік тәуекелдерін, проблемалық несиелерін басқарудың теориялық және практикалық негіздерін зерттей отырып және банк қызметіне кешенді талдауі жүргізе отырып, проблемалық несиелерді басқару тұрғысындағы несиелік тәуекел-менеджмент қызметін оңтайландыру бағыттарын ұсыну.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • несиелік тәуекелдің және несиелік тәуекел-менеджментінің экономикалық мәнін ашу және типтерін қарастыру;
  • банктік несие тәуекел-менеджментінің құрылымы мен оның элементтерін анықтау;
  • ҚР-ғы ЕДБ-дің несиелік тәуекел-менеджментінің несиелік қоржынын сапасын басқару ықпалына баға беру;
  • проблемалық несиелерді айқындау және олармен банктердің жұмысына баға беру;
  • екінші деңгейдегі банктердің жиынтық несие тәуекелін болжау әдістерін ұсыну;
  • несиелік тәуекелді басқаруда экономикалық-математикалық әдістерді пайдалану жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәніне: ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекел- менеджментінің қызметін ұйымдастыруға байланысты қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы жатады.

Зерттеу обектісі болып «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының несиелік тәуекелді басқару тұрғысындағы қызметі табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік тәуекелді, проблемалық несиелерді басқару жүйесінде орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелік тәуекелді басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (О. И. Лаврушин, В. А. Кудрявцев, Е. В. Кудрявцева, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Искаков, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Л. П. Корнилова, И. Новиков және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады

1 ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ: ТЕОРИЯСЫ, ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

1. 1 Несиелік тәуекел түсінігі және оны басқару мен бағалау мәселелері

Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында - осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде - жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы - тәуекелдерді дұрыс басқара білу [1, 122б. ] .

Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:

  • экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;
  • қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;
  • жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;
  • несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;
  • жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;
  • аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;
  • тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.

Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:

  • несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы;
  • несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;
  • несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы;
  • несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;
  • қарыз алушыны үстіртін талдау;
  • кепілзатының асыра бағалануы;
  • клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;
  • бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;
  • құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;
  • қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;
  • несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң қадағаланбауы;
  • несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық тексеруге ұсынбау және т. с. с. [2, 88б. ] .

Несиелік қоржынның сапасын бағалау критерийлеріне несиелік тәуекел, табыстылық және өтімділік деңгейі жатады. Дүниежүзілік тәжірибеде несиелік тәуекелді екі топқа бөлуге болады:

  • қарыз алушының әлеуетті шығындарды бағалауға байланысты тәуекелі;
  • келісім-шартты клиент орындамаған жағдайда, ақшалай шығындардың көлемін бағалайтын несиелік өнімнің ішкі тәуекелі.

Сурет 1. Несиелік тәуекелді бөлу1

Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т. с. с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы [3, 76б. ] .

Зерттелген анықтамаларды нәтижелей келе, несие тәуекелділігі - бұл кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтарып ала алмау ықтималдығы, деуге әбден болады.

Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп) », бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Халықаралық банктік тәжірибеде тәуекелдерді басқару процесі қаржылық менеджменттің шешуші бағыты деп қарастырылады. Тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджмент) - бұл тәуекелдерді төмендету арқылы табыстардың көлемін арттыруға және шығындардың көлемін азайтуға бағытталған шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру бойынша шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәжірибеде тәуекелді басқару кешенді сипаттағы және тәуекелдердің салдарынан болатын қолайсыз нәтижелерді төмендетуге немесе болдырмауға бағытталған аналитикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәуекелдерді сапалы деңгейде басқару коммерциялық банктің ұзақ мерзімді перспективадағы табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін көтереді. Банк операцияларының басым бөлігі несиелік қызметпен байланысты. Сондықтан да, несие тәуекелділігін басқару банктің қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Зерттеу барысында қарастырылған анықтамалардың біреуі де несие тәуекелділігін себебі мен нәтижесі бар белгілі бір үрдіс ретінде сипаттамайды, сондықтан несие тәуекелділігін дұрыс жіктеу оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп есептеп, несие тәуекелділігінің жаңа жіктемесі енгізілді.

Тәуекелді басқару - бұл өзіне: тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері мен әсерін анықтауды, олардың алдын алу немесе олармен байланысты залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды біріктіретін үрдіс. Осылайша, несиелік үрдіс пен оны жүзеге асырумен байланысты несие тәуекелділігі, коммерциялық банктердің несиелеу жүйесі бағытталған әсер ету объектілері болып табылады. Қалыптасқан банктік тәжірибеде несие операцияларын жүзеге асыру және несие тәуекелділігін басқару бойынша бірнеше әдістер мен тәсілдемелер қолданылады (2-сурет) [4, 22б. ] .

Сурет 2. Несие операцияларын және несие тәуекелділігін басқару

бойынша қолданылатын тәсілдемелер (шаралар) 2

Бұл жерде, несиелеу жүйесі несиелік қатынастарды ұйымдастырудың басты буыны деп айтуға болады. Жалпы несие тәуекелділігін басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару және несиелік портфельдің тәуекелін басқару тұрғысынан деп есептейміз.

Банктің несие тәуекелділігі сыртқы ортамен қатар ішкі орта факторларына да тәуелді, сол себепті біреуіне ғана кеңірек көңіл бөліп (әдетте, сыртқы факторлар әсерінен болатын тәуекелдер қауіпті саналады), екіншісіне үстіртін қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі тәуекелділіктің шағын көрінген элементтері, ертеңгі күні басқарылмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, несие қабілеттілікті анықтау әдістері мен әдістемелерінің әр түрін зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субьектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс. Яғни, банктің несие тәуекелділігін басқару, бірінші кезекте жөнімен дайындалған нормативті құжаттарға тәуелді болса, екінші кезекте банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты болады.

Несиелік тәуекел деңгейіне қарай,, яғни қарыз алушының келісім-шартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізі қарызы мен пайызының сомасына қарай несиелер жіктеледі. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер мынадай сыныптарға бөлінеді:

  1. Стандартты;
  2. Күмәнді

- 1-санатты күмәнді-төлемдерді уақытылы және толық төлеген жағдайларда;

- 2-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктіріп немесе жартылай төлеген жағдайларда;

- 3-санатты күмәнді-төлемдерді уақытылы және толық төлеген жағдайларда ;

- 4-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде;

- 5-санатты күмәнді;

3) Үмітсіз.

Стандартты несие -қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие. Бұл санаттарға несиелер қайтарылмай қалу туралы ой тудырмайды.

1 және 2-санатты күмәнді несиелерге мынадай несиелер жатады: қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге берілген, бірақ белгілі дәрижеде қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар, мысалы дебиторлық қарыздардың, өтімді емес тауар қорларының, дайын өнімнің өсуі.

3-санатты күмәнді несиеге-негізі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдерді тоқтатпайтын төлемдерді жатқызамыз. 30-60 күнге дейін және кем дегенде бір рет шарт мерзімін ұзарту, өндіріс құлдырауының нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жағдайы шамалы немесе әлуеті төмендеуі, конъюктуралық нарықтың өзгерістеріне байланысты, қарыз алушыда сәйкес несиелік құжаттаманың болмауы.

4-санатты күмәнді несиелерге -60-90 күнгі дейін төлем кешіктірілуі, яғни қарыз алушының негізі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі. Кем дегенде бір жыл мерзімге сауықтыру шаралырын белгілеу, қарыз алушы зиян шеккен, бірақ оның қызметін тоқтатуға әсері жоқ форс-мажорлық жағдайлар, басқа банктерден несие және кепіл бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздардан туындайтын несиелер жатады.

Егер келесі негіздердің бірі болса, онда несие үмітсіз болып табылады:

  • негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемнің 90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;
  • қарыз алушыны банкрот деп жариялағанда;
  • кем дегенде бір жыл мерзімде сауықтыру шаруалары жарияланғанда;
  • форс-мажорлық, қарыз алушыға материалдық залал келтірген және өз қызметін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқа да жағдайлар [5, 58б. ] .

1. 2 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесі

Банктердің несие қоржындарына байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар тұлғаларына байланысты несиелеу нормативтерін қоса алғанда дұрыстығын айту қажет. Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық несиелеу және құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып, несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша пруденциалдық нормативтерді күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын ЕДБ-ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне алып келді [6, 128б. ] .

Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын көруімізге болады. Коммерциялық банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды [7, 96б. ] .

ҚР ЕДБ тәуекел-менеджментін дамыту және олардың жай-күйі туралы қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу, несие жүйесін басқарудың тәуекел менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз деңгейде дамығанын анықтады. Банктердің ішкі жүйесіндегі несие тәуекелдерін басқару жүйесін құру және қызметін жандандыру банктердің ішкі қызметіндегі маңызды және керекті элементке айналуы тиіс. Осы элементтің дұрыс қызметі арқылы ЕДБ халықаралық талаптарға жауап беретін сенімді және мықты банкке айнала алады. Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында)
Несие қоржыны
Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту
Несиелік тәуекелді басқару туралы
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау негізі
Банктің несиелік ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі
Екінші деңгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын бақару
Қазақстан Халық Банкі Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдау
Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz