Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдарының теориялық негіздері . . . 5

1. 1 Зейінді дамытудың зерттелу жайы . . . 5

1. 2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдары . . . 23

2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамытуға

бағытталған психологиялық - тәжірибелік эксперимент . . . 35

2. 1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау . . . 35

2. 2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау,

жүргізу, қорытындылау . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда еліміздегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беру саласына қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, іс-әрекетте ширақ, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті

көзделген [1] .

Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Ал бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Сондықтан оқушылардың зейінін дамыту мәселесі ең негізгі талаптардың бірі болып саналады.

Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытын айтамыз.

Зейін - ол сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі күйлеріне де бағытталуы мүмкін [2, 118] .

Психикалық әрекеттердің беталуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отыратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін санамызға түсіретіндігін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімнің әңгімесіне зейін қойып, құлақ салмаса, оларды жақсы ұғып, есінде қалдыра алмайды, оқушының үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады.

Зерттеу мақсаты - кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны - кіші мектеп жасындағы оқушылар (үшінші сынып оқушылары) .

Зерттеу пәні - кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдары.

Зерттеу болжамы - егер бастауыш мектепте зейінді дамытуға бағытталған арнайы кешен құрастырылып, жүргізілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуға болады.

Зерттеу міндеттері:

  • ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау;
  • блтақырыпқа қажетті әдіс-тәсілдерді анықтау;
  • анықтаушы экспериментке материалдар дайындау, жүргізу, талдау;
  • қалыптастырушы экспериментке материалдар дайындау, жүргізу, талдау, салыстыру.

Мәселенің зерттелу деңгейі:

1-кезең 2009 жылдың қазан-желтоқсан айлары тақырып таңдалып, теориялық материалдар жинақтау.

2-кезең 2010 жылдың қаңтар айында анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, нәтижесін өңдеу.

3-кезең 2010 жылдың ақпан - мамыр айлары, қалыптастырушы эксперимент жүргізіп, алдын-ала қорғауға дайындалып, жұмысты аяқтау.

Әдіснамалық және теориялық негіздері: философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, психологияның даму теориясы, зейін, зейін туралы психологиялық тұжырымдар (Л. С. Рубинштейннің, Ә. Алдамұратов, Т. Тәжібаевтың, және т. б. ) .

Зерттеу әдістері: психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерттеу, психологиялық - тәжірибелік эксперимент жүргізу.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамытуға бағытталған арнайы кешен құрастырып, мектеп тәжірибесінен өткізу.

Практикалық базасы: Ақтөбе қаласының № 36 орта мектебі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен негізгі мазмұны:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, жалпы қорытындыдан тұрады. Дипломдық жұмыстың соңында пайдаланылған деректер тізімі көрсетілген.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, нысаны, мақсаты, міндеттері, пәні, әдістері, ғылыми болжамы көрсетілген.

Бірінші тарауда кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдарының теориялық негіздері қарастырылған.

Екінші тарауда зерттеу пәніне бағытталған психологиялық - тәжірибелік эксперимент материалдары дайындалып жүргізілген, талдау жасалынған.

Соңында жалпы қорытынды шығарылып, зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар берілген.

1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдарының теориялық негіздері

  1. Зейінді дамытудың зерттелу жайы

Зейінді психологиялық феномен ретінде 19 ғасыр аяғымен 20 ғасыр басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В. В. Петухов, Л. М. Веккер, У. Джемс, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, Н. Ф. Добрнин, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев т. б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берген.

Дәстүр бойынша, зейін деп сол сәтте қандай да бір объектіге, бейнеге, оқиғаға адам санасының бағытталуы және шоғырлануы ретінде сипатталады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әректімізді тұрақтата білу [3, 98] .

Зейін дегеніміз - сананы белгілі бір объектіге шүйліктіріп, оның айрықша айқын бейнеленуін қамтамасыз ету. Сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады [4, 129] .

Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып, түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді [5, 114] .

Зейін деп белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.

Зейін дегеніміз - адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа не іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бір объектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады. Адам санасының айналадағы объектінің, болып жатқан құбылыстар мен үрдістердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталуы. Алатын зат, құбылыс не үрдіс, әдетте адамның кәсіби қызметте қатысты болуы мүмкін немесе адам белгілі бір тапсырмамен жүрсе, соған қатысы барға адамның зейінін аударуы [6, 34] .

Зейін өздігінен жеке дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірбесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді. Зейін кез - келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адамның іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі күйлеріне де бағытталуы мүмкін [7, 218] .

Зейін - бұл сананың, психиканың анықталған обектіге, құбылысқа, субъектіге сай жинақталған, сананың әрекеттің жеке бөлігіне шоғырлануы, бағытталуы.

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Мысал келтірейік: оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б. ) . Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды - көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Түйсік үшін кез - келген құбылыс реакциялық бағыт көрсетіп, организмде «құру керек» деген сезімді тудырады. Ерікті, еріксіз бағыттардың, таным қызметінің қандай да бір объектіге түйсігінің шоғырлануын зейін деп атаймыз. Олсыз түйсіктің болуы мүмкін емес.

Зейін бұл сананың қандай да бір объектіге, тұлғаға қатысты маңызды жағдайларға, сенсорлы деңгейге, интеллектуальды немесе белсенді қозғалыстарға бағытталуы.

Зейіннің пайда болуына керекті шарттар: объектіні бөліп алу, оған назарды шоғырландыру және басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау. Таным актысы бағытталып тұрған сыртқы дүние заттары, адамның психикалық әрекеті немесе ішкі дүниесі (ойлар, күйініш-сүйініштер, мінез-құлықты талдау т. б. ) зейіннің объектілері бола алады [8, 141] .

Атаусыз, затсыз зейін болмайды. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуын көбінесе мұғалімнің, оқушылардың зейінін қаншалықты оқуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады, оның үстіне балалар сабақта зейінін сала жұмыс істейді. Сыныпта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін қойып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.

Адам ойлау кезінде бір іс-әрекетпен шұғылданумен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.

Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Психиканың іс-әрекетті мақсат-бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой санасын істеп жатқан әрекетінен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-анасының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейіні істеп жатқан әрекетке шоғырланады, назарын қажетті затына аударады, басқа заттардың бәріне алаңдамайтын, өз керегімен шұғылдануды зейін дейміз.

Келтірілген мысал адамның бір мезетте әрқандай заттар туралы ойлап, әр түрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігіне өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді топтарына бағытталады [9, 129] .

Ой - сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объектіні күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен іс - әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болудың қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін анау не, мынау не, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні - сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой - санамыздың белгілі іс - әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.

Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой - сананы қажетсіз объектілердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс - әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген қалде сақталады. Осыдан, зейін іс - әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.

Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой - сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.

Зейін мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын түсіндіруде Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:

1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.

2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана ауқымы мен аумағының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У. Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.

3. Зейін - көңіл-күйдің нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж. Миль «ұнамды немесе жағымды сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға зейінді қатынас - екеуі де бір нәрсе» - деп тұжырымдайды.

4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі, яғни адам білген, таныған затына ғана ден қояды.

5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.

6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.

7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиологиялық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.

Н. Н. Ланге ұсынған зейін түрлерінің классификациясы, адамның түрлі реакцияларының классификациясымен сәйкес. Ланге зейінді рефлекторлы, инстинктивті және ерікті деп бөлді. Рефлекторлы зейін эмоциялық компоненті жоқ және дағдылы (автоматты) іске асады (мұндай автоматизмге мысал ретінде қараңғы бөлмеде көз қарашығының кеңу қызметі жатады) . Инстинктивті зейінде бейімделу реакциясы эмоциялық күй арқылы (мысалы, таңқалу реакциясы) көрінеді. Н. Н. Ланге бойынша, дара және өздігімен көрінетін - ерікті (ырықты) зейін. Ланге ерікті зейіннің рефлекторлы және инстинктивтіден айырмашылығын, алдын ала білімнің немесе өзекті бейнені еске түсірудің болусуын фантазия, белсенді қиял, аутогенді бату, транс сияқты үрдістер алып жүреді.

Классификациялаудың басқа варианты - зейінді сенсорлы және интеллектуалды деп ажыратумен байланысты. Біріншісінің объектісі ретінде тітіркендіргіштердің түрлі моральдық болады (мысалы, көру және есту сенсорлы зейіні), екіншісін ойлау және мимикалық үрдістері алып жүреді және еске түсірудің, идеяның, ойдың объектілері ретінде бөліп көрсетеді [10, 17] .

Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары П. Я. Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:

- зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет;

- өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады;

- белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;

- психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды.

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші деген екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі [11] .

Зейіннің физиологиялық негіздері жөнінде бірнеше теориялар бар, ол теориялар түрлі болғанымен бір-біріне ұқсас. Мысалы, Англия физиологы Шеррингтонның теориясы бойынша, адамда әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, я болмаса бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып, әлсіздері жеңіліп, күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологтарға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар - зейін.

Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсінеді.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін және ес процесі
Зейін туралы
Зейін туралы түсінік, оның түрлері
Зейін жөнінде түсінік
Зейін
Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Зейінді дамыту жолдары
Тұлға зейінін зерттеудің ғылыми-теорилық негіздері (1 тарау)
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz